Алаш қозғалысы және оның қазақ халқының ұлт-азаттық күресіндегі рөлі



Кіріспе
Негізгі бөлім
1) Ұлттық.демократиялық қозғалыстың өрлеуі
2) Алаш партиясының құрылуы
3) Алаш қозғалысы
4) Алаштың жолы
Қорытынды
Еліміз тәуелсіздік алып, жариялылық самалы ескелі бері төл тарихымызда да жабық тақырыптарға жол ашылып, бұрынғы тоталитарлық жүйенің кейде айлашарғысымен, кейде күштеп таңуымен мызғымастай орнығып келген қасаң тарихи әдіснаманың көбесі сөгілді. Қиғаш пікір, оғаш ойлардың бұрыстығы дәлелденіп, бір саусағын ішіне бүккен зымиян саясаттың бет пердесі сыпырылды. Тарихшыларымыз бір ауыз сөз айтуға батылы бармайтын бүкіл бір кезең, дәуір тарихы қайта қаралып, бірте-бірте ақтаңдақтардың да орны толтырылуда. Соның ішінде әлі де болса шынайы баға беріліп, тың деректердің негізінде қайта обьективті зерттеуді талап етіп отырған нәрсе Алашорда үкіметі мен Алаш партиясының қызметі және ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ зиялыларының қызметі мен қайғылы тағдырлы. Бұл тақырыпты көптеген ғалымдарымыз зерттеп, өздерінің үлкенді-кішілі еңбектерін жазуда. Алаш партиясы құрылғаннан бастап, яғни 20-30 жылдарда көптеген пікірталастар болған, ол туралы көптеген ғалымдар, тарихшылар зерттеу жүргізген.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы ғылым және білім министірлігі
Қарғанды мемлекеттік техникалық университеті

Реферат

Тақырыбы: Алаш қозғалысы және оның қазақ халқының
ұлт-азаттық күресіндегі рөлі

Орындаған: Оңалбай Г. Қ.
Жетекші:Темиржанова Ш. М.
Тобы: МВ 16-2

2017 ж
Тақырыбы: Алаш қозғалысы және оның қазақ халқының ұлт-азаттық күресіндегі рөлі
Жоспары: Кіріспе
Негізгі бөлім
1) Ұлттық-демократиялық қозғалыстың өрлеуі
2) Алаш партиясының құрылуы
3) Алаш қозғалысы
4) Алаштың жолы
Қорытынды

Кіріспе

Еліміз тәуелсіздік алып, жариялылық самалы ескелі бері төл тарихымызда да жабық тақырыптарға жол ашылып, бұрынғы тоталитарлық жүйенің кейде айлашарғысымен, кейде күштеп таңуымен мызғымастай орнығып келген қасаң тарихи әдіснаманың көбесі сөгілді. Қиғаш пікір, оғаш ойлардың бұрыстығы дәлелденіп, бір саусағын ішіне бүккен зымиян саясаттың бет пердесі сыпырылды. Тарихшыларымыз бір ауыз сөз айтуға батылы бармайтын бүкіл бір кезең, дәуір тарихы қайта қаралып, бірте-бірте ақтаңдақтардың да орны толтырылуда. Соның ішінде әлі де болса шынайы баға беріліп, тың деректердің негізінде қайта обьективті зерттеуді талап етіп отырған нәрсе Алашорда үкіметі мен Алаш партиясының қызметі және ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ зиялыларының қызметі мен қайғылы тағдырлы. Бұл тақырыпты көптеген ғалымдарымыз зерттеп, өздерінің үлкенді-кішілі еңбектерін жазуда. Алаш партиясы құрылғаннан бастап, яғни 20-30 жылдарда көптеген пікірталастар болған, ол туралы көптеген ғалымдар, тарихшылар зерттеу жүргізген. Мәселен, А.Бочагов кезінде Алашты - ұсақ ұлттық буржуазиялық партия десе, С Брайнин мен Ш.Шафиро - Бүкіл байлардың саяси ұйымы деді, ал Құрамысов - Жартылай феодалдық байлардың партиясы деп өз ой-пікірлерін білдірген. М.Қ. Қозыбаев Алаш партиясының бағдарламасының жобасын және бүкілқазақстандық екінші сьездің құжаттарын талдай келіп, жарты ғасырдан астам уақыт бойы осы партияны ұлтшыл саяси ұйым деп айыптаудың негізсіз екенін айтты. Пікір алысуға қатынасушылардың біразы: М.Қ. Қозыбаев, М.Қойгелдиев, Қ.Нұрпейісов, Ә.Тәкенов 1917 жылғы революцияға дейінгі қазақ интелегенциясының тарихы мен Алаш партиясының тарихын шатастыруға болмайтындығын көрсетті. Алаштың ақиқатын кім айтады деген жалпы тақырыпта зертеушілер А.Григорьевтің, К.Нұрпейісовтың, Т.Кәкімевтің мақалаларында жазылады. Зерттеушілер мұнда Алаштың партия ретінде қалыптасуы, оның әлеуметтік тірегі қазақ қауымының қандай топтарынан тұратындығына басты назар аударады.Григорьев мақалада Алаштың қалыптасуы 1917 жылы аяқталған және кадеттер жолын қуған буржуазиялық-ұлтшыл партия деп анықтап, ал партия жетекшілерінің басты тірегі қазақ байлары болды деген өзінің пікірін қайталаған.

Ұлттық-демократиялық қозғалыстың өрлеуі

Бірінші орыс революциясы жеңіліс тапқаннан кейін Қазақстанда да реакция кезеңі басталды. Ол Қазақстанға қоныс аударған шаруалар тасқынының санының арта түсуінен, қаражүздіктер ұйымдарының озбырлық іс-әрекеттерінен айқын көрінді. Қазақтың дәстүрлі мал шаруашылығы күйзеліске ұшырады. Міне, осы жағдайда қазақ зиялылары ұлттың сана-сезімін жаңғыртуға бағытталган қызметін күшейте түсті.[1]
1907 жылы қазақтар сайлау құқығынан айырылды. Қазақстанда шерулер, митингілер және жиналыстар өткізуге тыйым салынды. Өлкедегі социал-демократиялық және кәсіподақ ұйымдары талқандалды. Саяси сенімсіз жандарға полициялық аңду қойылды. Кәсіпорындарда жұмысшылар мен бой көрсетулердің белсенділері қара сенімсіз тізімге енгізілді, алдын ала ескерту жасалмай жұмыстан қуылып жатты. Кәсіпорындардағы жұмыс нормалары, жұмыс күнінің ұзақтағы ұлғайтылды. Азық-түлік бағасы қымбаттады, айыппұл салу кең өріс алды. Қазақтар мен орыс шаруаларының бірлесе қимыл көрсетуінің жолын кесуге әскер күші қолданылды.
1907 жылы Оқу-ағарту министрі бекіткен ережеде қазақ тілінін мәртебесі төмендетілді. Қазақ балалары өздерінің ана тілін бастауыш мектептерде екі-ақ жыл, оның өзінде де қосымша пән ретінде оқытылатын болды. Өзге пәндердің бәрі де орыс тілінде жүрді. 1909 жылы Дала облыстарының әскери губернаторлары орыс тілін білмейтін адамдардың болыс, ауыл старшыны болып сайлануына тыйым салынатыны туралы жарлық шығарды.
Өкімет билігінің тікелей қолдауымен елде Орыс халқы одағы, Михаил Архангель одағы және басқа қаражүздік ұйымдар құрылды. Олар елде ойран салды, ұлт араздығын тұтандырды, жергілікті өкімет орындарының бұратаналарды қудалауы күшейді.
Патша үкіметінің мұндай іс-әрекеттері Ресей халықтарының, соның ішінде қазақ халқының да наразылығы мен ашу-ызасын тудырды. Мәселен, 1909 жылғы сәуірде Қостанайға Пермь қаласынан патша өкіметінің қоныс аудару саясатына карсы шыққан қазақтардың наразылығын басу үшін қазақ жүздігі жіберілді.[1]
Ұлттық-отаршылдық езгінің күшеюі, өлкеге капиталистік қатынастардың енуі, патша өкіметінің қоныстандыру саясаты қазақ халқының ұлттық сана-сезімін өсірді. Қазақ халқының отарлық езгіге қарсы белсенді әрекеттері күшейе түсті.
Қазақ зиялылары қазақ халқының империя құрамында өзгелермен тең құқықты болуына қол жеткізу жолында күресті. Олар қазақ мемлекеттілігін қалпына келтірудің әдіс-амалдарын қарастырды, өз халқының отаршылдық езгіден азаттық алу жолындағы күресіне көмектесуге ұмтылды. XX ғасырдың басындағы қазақ зиялылары Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Тынышбаев, М. Шоқай, X. Досмұхамедов, Ж. Досмұхамедов, Ә. Ермеков, Ж. Ақбаев, О. Әлжанов, т.б. танымал тұлғалар ұлтты басқа халықтармен терезесі тең даму жолына бастай білді. Ұлт зиялылары қазақ қоғамының оянуына жәрдемдесіп, халықтың құкықтық, эстетикалық санасы мен өнегелі ой-өрісіне зор ықпал етті. Олар өз үлгі өнегесімен қазақтың болашақ қоғам қайраткерлері М. Жұмабаев, С. Сәдуақасов, Қ. Кемеңгеров, Ж. Аймауытов, М. Әуезов, А. Сейітов, X. Болғанбаев сияқты көптеген жас ұрпақты тәрбиелеп өсірді.
Қазақ зиялылары өздерінің мақалалары мен шығармаларын Қырым татарларының Тәржіман, Еділ бойы татарларының Ихтисад, Шора, Уақыт және Жұлдыз сияқты басылымдарында жариялады. Онда патша үкіметі әкімшілігінің қазақтардың ежелгі заманнан бергі ата қонысын тартып алып, оларды жаппай қуып шығу саясатын сынады. Мақала авторлары сонымен қатар қазақ халқына христиан дінін күштеп таңып, оларды шоқындыруға, қазақтардың ана тілін қолданыстан ығыстырып шығаруға тырысқан келеңсіз әрекеттерге қарсы күресті.[1]
Қазақ халқының ұлттық-демократиялық қозғалысының жұрт кеңінен таныған көшбасшысы Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов болды. Ол 1870 жылы Семей облысындағы Қарқаралы уезінің Тоқырауын болысына қарасты №7 ауылда дүниеге келді. Әлихан білімді, бостандық пен әділдікті жоғары бағалаған ортада өсті. Оның дүниеге көзқарасын қалыптастырып, дамыта түсуінде қазақтың халық ауыз әдебиетінің орасан зор ықпалы болды. Ал саяси көзқарасын қалыптастыруына Ұлы француз революциясының биік мақсат-мұраттары зор ықпал етті. 1890 жылы ол Омбы техникалық училищесін, 1894 жылы Санкт-Петербург Императорлық Орман шаруашылығы институтының экономикалық факультетін бітірді. Оқуды аяқтаған сон ол Омбы орман шаруашылығы училищесінде, Омбы қоныс аударушылар басқармасында біраз уақыт педагогтық, ғылыми және әкімшілік қызметтер атқарды.
XIX ғасырдың соны мен XX ғасырдың бас кезінде Ә. Бөкейханов әуелі Тобыл губерниясын зерттейтін, кейін Ф. Щербинаның статистикалық экспедициясының жұмысына белсене қатысты. Осы кезеңде ол қазақ елінің экономикалық жай-күйін, шаруашылығын, этнографиясын, тұрмыс-салтын, материалдық және рухани мәдениетін зерттеді. 1903 жылы Петербургте Ресей. Өлкеміздің толық географиялық сипаттамасы деген ортақ атпен осы басылымның он сегізінші томы жарық көрді. Оның авторларының бірі Алаш қозғалысы көшбасшысы Ә. Бөкейханов еді.
1905 жылы Әлихан Бөкейханов Ресейдің земство және қала кайраткерлерінің Мәскеуде өткен съезіне делегат болып қатысты. Сол съездің биік мінберінен сөз сөйлеген ол өз халқының мүддесін, соның ішінде қазақ тілінің мәртебесін қорғап, былай деп мәлімдеді: Мен Оралдан Алтайға, Сібір темір жолы желісінен Омбыға дейін... созылып жатқан орасан зор аумақта тұратын қырғыз деген халықтың өкілімін... Бізде... қырғыз тілінде оқытатын мектептерге қысым жасалады... шаруалар бастықтары (олардың басым көпшілігі бұрынғы ротмистрлер) әкімшілік және құқықтық істі қарау кезінде қырғыз тілін қолдануға мүлде жол бермейді. Қырғыздар ана тілінің еркін қолданыста болуына өте мұқтаж... Ә. Бөкейханов халықтың біртуар перзенті, қазақ ұлт-азаттық қозғалысының шын мәніндегі көсеміне айналды. Омбы жандарм басқармасы бастығының мойындағанындай, ол барлық митингілер мен петициялардың және үкіметке қарсы үгіттердің ұйытқысы, даладағы... қазақтардың барлық мәдени-саяси қозғалысының көшбасшысы және жетекшісі болды.
1905 жылы Ә. Бөкейханов Ресей конституциялық демократтар (кадет) партиясына мүшелікке қабылданды. Осы жылы Қарқаралыда орыс отаршылдығына қарсы өткен қозғалысқа басшылық жасап, петиция ұйымдастырды. Ресейдің I Мемлекеттік Думасына Семей облысынан депутат болып сайланады. 1905 -- 1907 жылдары кадеттердің Степной пионер, Степной край, Иртыш, Омич, Голос атты газеттеріне белсенді түрде мақалалар жазып тұрды.
1913 жылы Ә. Бөкейханов ұлт-азаттық қозғалыс жетекшілері А. Байтұрсынов және М. Дулатовтармен бірге тұңғыш жалпыұлттық баспасөз ұйымы -- Қазақ газетін ұйымдастырды. Газет беттерінде халыққа білім беру, ұлттық сана-сезімді ояту хақында көптеген құнды дүниелер жарық көрді. Ә. Бөкейханов ғылыми жұмыспен де белсене айналысты. Мәселен, ол Орыс географиялық қоғамы Батыс Сібір бөлімінің жұмысына қатысты. Ол екі тілге бірдей жетік еді, қазақша да, орысша да еркін жазды. Оның қаламынан көптеген тарихи және этнографиялық туындылар, атап айтқанда, Қырғыздар (қазақтар - авт.), Сұлтан Кенесары Қасымовтың тарихына қатысты материалдар, Қарқаралы уезіндегі қырғыздардың рулық құрылымы, Абай қазасына арналған Абай (Ибраһим) Құнанбаев атты қазанамалық мақаласы, тағы басқа зерттеулері жарық көрді.
Әлихан Бөкейханов 1917 жылдың 21 -- 26 маусымында Орынборда I Бүкілқазақ съезін өткізіп, Алаш партиясы атқару комитетінің төрағалығына сайланады. Сол жылы Орынборда өткен Алаш партиясының II Бүкілқазақ съезінде Алашорда үкіметі құрылып, Ә. Бөкейханов оның төрағасы болып сайланды. Кеңес өкіметі кезінде ол бірыңғай ғылыми, әдеби, аудармашылық қызметпен айналысады. Жазықсыз қуғынға ұшырап, 1937 жылы ату жазасына кесіледі. 1989 жылы ақталды.
Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, публицист Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов бүкіл саналы ғұмырын өз халқын отаршылдық езгіден азат етуге, тәуелсіз мемлекет құруға, ел-жұртына білім беріп, оны гүлдендіруге арнады
Алаш партиясының құрылуы.
Рухани жұбанышымызға орай, ағылшын экономикасы, француз утопиясы, неміс философиясы, славян идеясы іспетті ұлттың саналық рухани болмысын анықтайтын Алаш идеясы қазақ топырағында да аса күрделі жағдайда қалыптасты. Ұлттық азаттығың, рухани тәуелсіздігің, жерің-Отаның, тілің- құдіретің, тарихың-тағдырың, саяси бас бостандығың мен экономикалық дербестігің - Алаштың Азаттығында дейтін Ортақ ұлттық мүддені ұран еткен, оны жүзеге асырған Ұжданды Ұлдар туды.
XX ғасырдың бас кезінен өрістей бастаған қазақ қауымына тән қоғамдық қозғалыс өз алдына буржуазиялық-демократиялық мәні бар жалпыұлттық мақсат-міндеттерді: ұлттық тең құқылық, халықтың мәдениетін көтеру, оқу-ағарту ісін жетілдіру, әйел теңдігін қамтамасыз ету, көшпелілерді отырықшыландыру сияқты міндеттерді қойды. Басқа сөзбен айтқанда бұл істің басы-қасында болған жаңадан қалыптаса бастаған қазақтың ат төбеліндей аз ғана тұңғыш интеллигенттері жалпы ұлттық сұраныстарға жауап беруге және оларды шешуге тырысты.
Бірінші орыс революциясы дүмпуі Ресей империясының шет аймақтарында да ұлт-азаттық қозғалыстың өрши түсуіне әсер етті. Осы жылдары қазақ зиялылары жалпы ұлттық мүдде арнасында іс-әрекеттерге көшіп, ұлттық бірлікті орнықтыруға, әрі тәуелсіздік жолында ұлттық, мұсылмандық, түркілік бірлік идеясы негізінде діндес, бауырлас, тағдырлас елдер өкілдерімен бірлесе кіріскенді.
Олардың саяси көзқарастарының қалыптасып, қоғамдық-саяси қызметке араласуына бірінші орыс революциясы белгілі дәрежеде ықпал жасады. Мәселен, 1903-1909 жылдары Петербургтегі әскери-медициналық академияда оқыған, кейін Алаш козғалысының белгіліжетекшілерінің-бірі болған Халел Досмұхамедовтың саяси көзқарасының қалыптасуы мен саясат саласында белсене көріне бастауы оның осы Петербургте өмір сүрген кезеңіне дәл келді. Бұған Халел Досмұхамедовтың 1931 жылғы қыркүйектің 14-інде ОГПУ-дің тергеушісіне өз қолымен жазып берген мәлімдемесі дәлел бола алады. "Мен, -- деп жазды өз мәлімдемесінде Халел Досмұхамедов, -- Петербургке бірінші орыс революциясының қарсаңында келдім. Бұл кезде демократиялық күштер, оның ішінде студенттер қауымы да, жиі-жиі наразылық білдіріп жататын. Қым-қиғаш студенттік өмірге араласумен қатар саяси білімімді жетілдіруге кірістім. Әртүрлі саяси партиялардың бағдарламаларымен таныстым... Мені және басқа қазақ студенттерін ешбір саяси партия бағдарламасы қанағаттандырмады. Социал-демократтар тек қана жұмысшылар туралы айтса, социал-революционерлер шаруалар жөнінде сөйлеп жататын Кадеттер орыс халқының ұлылығы жөнінде сайрап, басқа халықтар туралы жұмған аузын ашпайтын, ал оңшылдар болса орыс емес халықтарды жамандап, оларды қудалаумен болатын. Сол кезде жолдастарыммен бірге митингіге кездейсоқ тап болғанымызда сонда сөйлеген Милюковтың айтқан сөздерін осы күнге дейін ұмытқан жоқпын. Ол "патша үкіметі орыс емес халықтарды аса дөрекілікпен және үятсыздықпен қанап отыр" деп еді ...
1905-1906 жылдары мен кейбір қазақ студенттерімен бірге Орал қаласында үгіт жұмыстарын жүргізіп, халықка елде болып жатқан оқиғаларды түсіндірдім. "Фикр" және "Уральский листок" газеттерінде мақалалар жарияладым. 1906 жылы қырдағы ауылдарды аралап жүргенімде полицляның көзіне іліктім де саяси жұмыс жүргізуіме тиым салынды[12].[№20].
Бұл құжат қазақ интеллигенциясының алғашқы легінің Халел Досмұхамедов, Әлихан Бөкейханов, Мұметжан Тынышбаев, Жақып Ақбаев, Жаһанша Досмұамедов сияқты белгілі өкілдерінің көпшілігі ғасыр басындағы Россияда орын алған саяси хал-ахуалға сергектікпен әрі сын көзімен қарағандығын, ал содан кейін барып қандай саяси ұйымнан үлгі алу мәселесін шешкендігін көрсетеді.
Солардың алғашқы көрінісінің бірі 1905 жылдың соңында Орал қаласында өткен Ә.Бөкейханов, Жаһанша Сейдалин, М.Дулатов, Б.Қаратаев, Б.Сыртанов сияқты қазақ зиялылары өкілдерінің "бес облыстық делегаттар съезі" аталған бас қосуда жасаған "қазақ конституциялық- демократиялық" партиясын құру жөніндегі әрекеті болды. Бұл әрекет сол кезде Петербургте оқуда болған Халел Досмұхамедов тарапынан да қолдау тапты.
Демек, бірінші орыс революциясы жылдарында Ә.Бөкейхановтың төңірегіне топтасқан қазақ зиялылары өздерініңсаясатқа араласқан алғашқы қадамдарында сол кездепатша үкіметіне оппозицияда болған кадеттер пар-тиясын өздеріне белгілі дәрежеде үлгі тұтты.
Бұл пікірімізді Әлихан Бөкейхановтың 1910 жылғы жарияланған "Қырғыздар" (қазақтар -- авт.) атты әйгілі мақаласындағы ой -- тұжырымдары растай түседі[13].[№21,14б]. Бұл мақала 1910 жылы Петербург қаласында А.И.Костелянскийдің редакциясымен жарық көрген "Формы национального движения в современных государствах" деген кітапқа енген болатын. "Қырғыз (қазақ -- авт.) халқының арасында, -- деп жазды Ә.Бөкейханов осы еңбегінде, -- саяси партиялар әлі пайда бола қойған жоқ ... орыстандыру саясатының ауыртпалығын көтерген басқа шет аймақтардың халықтарындай, қырғыз халқы да үкіметке қарсы пікірде және орыстың оппозициялық партияларына көңіл қояды. Жақын болашақта қырғыздар арасында қалыптасып келе жатқан екі саяси бағытка сай екі саяси партия құрылуы мүмкін. Оның бірін ұлттық-діни бағыттағы деп атауға болар, ал оның мақсаты қырғыздарды басқа мұсылмандармен біріктіру болмақ. Екіншісі қырғыз келешегі кең мағынадағы батыс мәдениетін енгізуге байланысты деп есептейтін бағыт. Бірінші бағыт мұсылман -- татар партияларын үлгі тұтар, екіншісі -- оппозициядағы орыс партияларын, атап айтқанда, халық бостандығы партия-сын үлгі етпек". Осы үзіндіден анық көрініп тұрғанындай, XX ғасырдың алғашқы он жылдығында Ә.Бөкейханов пен оның пікірлестері қазақтың ұлттық саяси партиясын әуел баста патша үкіметіне оппозицияда болған либералдық орыс буржуазиясының өздерін халық бостандығы партиясы деп анықтаған конституциялық демократтардың (кадеттердің) үлгісінде құруға бейім тұрғандығын аңғару қиын емес.
Европа мәдениетінжәне оның озық ойлы саяси-құқықтық ой-пікірлерін Ресей университеттерінде білім алу арқылы меңгерген қазақ зиялылары Ресейдің оппозициялық партиялардың ықпалы арқылы парламенттік, өкілетті демократиялық тетіктермен танысып, қоғамды реформаторлық, эвлюциялық даму жолымен жетілдіруді қабылдағандарға бір табан болса да жақын болды[14].[№17,29б]. 1905 жылдың күзінде Ақмола облысының орталығы Омбы қаласындағы митингтен кейін Ж.Ақбаев Павлодар -- Қарқаралы бағыты бойынша үгіт жүргізу сапарына шықты. Осы сапар барысында ол 1905 жылы қарашаның 7-сінде Павлодарда болған қалалық митингіде бостандық идеясын уағыздаған және жергілікті әкімшілікті қайта сайлауды талап еткен сөз сөйледі, осы мазмұнды сөздерді ол қарашаның 11-інде Баянауылда, 14-інде Қарқаралыда көп адам қатынасқан жиналыстарда да айтты. Қаркаралыдағы митинг 14,5 мың адам қол қойған Россия министрлер кеңесінің төрағасы С.Ю.Виттенің атына жолданған петиция (арыз-тілек, арыз-талапты) Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Жақып Ақбаев сияқты ұлттык-либералдық қазақ зиялылары дайындағаны айдан анық. Петицияда патшаның 1905 жылы қазанның 17-сінде жарияланған Манифесінде халыққа бсргсн уәдслсрдің орындалуы, ал қазақ өлкесі жағдайында жер мәселссінің әділ шешілуі, халықтың өшпснділігін тудырған патшаның жергілікті озбыр чиновниктерінің аластатылуы қазақ тілінде ұлттық басылым-дар шығару, т.с.с. талап етілді. Осы петиция туралы және оны дайындап, көптеген адамдарға қолдатудағы Ахмет Байтұрсыновтың ерекше еңбегін жоғары бағалаған Мұхтар Әуезов 1923 жылы жазган "Ахаңнын елу жылдық тойы" деген мақаласында былай деп баса керсетті: "1905 жылы Қарқаралыда Ақаңмен басқа біраз оқығандар бас қосып, кіндік хүкіметке қазақ халқының атынан петиция (арыз-тілск) жіберген. Ол петициядағы аталған үлкен сөздер: бірінші -- жер мәсслесі. Қазақтың жерін алуды тоқтатып, переселендерді жібермеуді сұраған. Екінші -- қазақ жұртына земство беруді сұраған. Үшінші -- отаршылардан орыс қылмық саясатынан құтылу үшін, ол күннің құралыбарлық- мұсылман жұртының қосылуында қазақ жұртын муфтиге қаратуды сұраған. Петициядағы тілек қылған ірі мәселелер осы. Ол күндегі ой ойлаған қазақ баласының дертті мәселелері осылар болғандықтан, Ақандар бастаған іске қыр қазағының ішінде тілеулес кісілер көп шыққан, көпшіліктің оянуына себепші болған'".
Б.Нәсенов пен А.Исиннің 1905 жылғы Қарқаралы петициясына және патшаға жіберілген телеграммаға қол қойған қайраткерлер мақаласы Орталық мемлекеттік мұрағатынан алынған және тың деректер береді15.[№22,26-29б] Құжаттар топтамасы Дело об агитации среди киргиз Каркаралинского и Павлодарского уездов о посылке в Петербург депутатции для представления от киргизского народа петиции царю деп аталады. Петицияға қол қойған қайраткелер: Павлодар уезі Атағазы болысының қазағы Омархан молда Мүсәпіров, Семей уезі Сейтен болысынан Темірғали Нұрекенов және Қарқаралы уезі едірей болысынан Апық Жолшарин.1905 жылдың 21 шілдесінде Қарқаралы уезінің бастығы халық өкілдігіне (Мемлекеттік Дума) уезд қазақтарынан Ә.Бөкейханов пен Ж.Ақбаев сенім өкілдері ретінде белгіленгендігі туралы хабарлайды.
1905-1907 жылдар Қазақстанның саяси өмірі мен ұлттық интеллигенциянын тарихында І жәнс II мемлекеттік Думаға сайлауға дайындық пен оны өткізуге байланысты оқиғалар ерскшеленді. Бұл науқандарға ұлттық интеллигенцияның белгілі өкілдері белсенді түрде араласты.Бұл тақырып көптеген ғалымдарымыз зерттеп, өздерінің үлкенді-кіші еңбектер жазды.Солардың ішінде Ғ.Ахмедовтың таңдамалы шығармасы осы тақырып бойынша жазылған деректер болып отыр[16].[№23,204-211б.]
І Мемлекеттік Думаға Семей облысынан депутаттыққа түскен Ә.Бекейханов кептеген кедергілерді және отырып, депутат болып сайланды.
Алайда Ә.Бекейханов небәрі бірнеше ай ғана I Мемлекеттік Думаның депутаты болды, тіпті ол оның бірде-бір мәжілісіне қатынасып та үлгерген жоқ. Өйткені ол I Дума өз жұмысын бастаған кезде Омбы генерал-губернаторының негізсіз жарлығымен үш айлық мерзімге Павлодар абақтысына отырғызылған болатын.
Өз жұмысын 1906 жылы сәуірдің 27-сінде бастаған I Мемлекеттік Думаны Николай II патшаның тікелей нұсқауымен елдің ішкі істер министрі П.Столыпин шілденің 9-нда күштеп таратып жіберді. Ә.Бөкейханов Петербургке Дума таратылғаннан соң жеткен еді. Патшаның осы әділетсіз жарлығымен келіспеген мемлекеттік Думаның либералдық, және социалистік ағымды жақтайтын депутаттарымен бірге Ә.Бөкейханов Финляндияның Выборг қаласына келіп, онда "Выборг манифесі" аталған наразылык, үндуіне қол қояды. Онда патша жарлығына наразылық ретінде халық жеңіл түрдегі қарсылық жасауға: салық төлемеуге, әскер қатарынаадам бермеуге, т.с.с. шақырылды. Полиция осы үндеуге қол қоюшыларды, олардың қатарында Әлихан Бөкейхановты да тұтқындады.
Екінші Мемлекеттік Дума депутаттары қатарында Ақмола облысынан Ш.Қосшығұлов, Орал облысынан Б.Қаратаев, Торғай облысынан А.Бірімжанов, Жетісу облысынан -- М.Тынышбаев, Семей облысынан -- Норакенов те болды.
II Мемлекеттік Думаның аз-ақ уақыт (1907 жылгы акпанның 20-сынан маусымның 2-сіне дейін) жұмыс істегеніне қарамастан, оның қазақ депутаттары Россия парламентін өлкедегі жағдайдың шындығын жеткізуде мүмкін болғанның бәрін істеді. Осыған орай Бақытжан Каратаевтың II Мемлекеттік Думаның 1907 жылы мамырдың 16-сында өткен мәжілісінде сөйлегсн сөзін ерекше атау керек. Өзіне берілген 10 минут ішінде столыпиндік аграрлық реформаны, оның негізгі бағыттарының бірі -- Орталық Россиядан Қазақстанның далалық облыстарына орыс шаруаларын жаппай көшіру ісін әшкерелеп, мұны Қазақстан мен Орта Азияны отарлауды күшейтетін және жергілікті халықтарды тонауды шырқау шегіне жеткізетін мемлекеттік саясат ретінде айыптады.
Б.Қаратаев өз сөзінде қазақ депутаттарының орыс шаруаларының "... жерге мұқтаждықтарын жақсы түсініп, сезетіндерін" айта келіп, Қазақстанда қоныстанушыларға "ығысып бере қоятын" "басы артық" жердің өте аз екендігін ескертті. Сонымен қатар ол "қоныстандыру қазіргі кездс қырғыз-қайсақ халқын көшіріп жіберумен қат-қабат жүргізіліп жатқанын ... қырғыздарды жерінен емес, олардың тұрғын үйінен көшіріп жатыр" деп мәлімдеді. Б.Қаратаев патша үкіметінің осы саясатының нәтижесінде қазақтар өз ата қонысынан жаппай айырылып, өз жерінде босқындарғаайналып отырғандығын ашық қанады. Сондықтан да деді ол Мемлекеттік Думадағы қазақ өкілдері үкіметке оппозициядағы фракциялдрдьң бәріне іш тартып отырды[17].[№6, сайт.] 1-кесте.

І Мемлекеттік Думаға сайланған депутатар тізімі.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алаш қозғалысы және оның Қазақ халқының ұлт-азаттық күресіндегі рөлі жайлы
ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫ ЖӘНЕ ҰЛТ ТІЛІ
Ахмет Байтұрсынов шығармашылығындағы тіл философиясының мәселелері
ҚАЗАҚ ИНТЕЛЛИГЕНЦИЯСЫ ЖӘНЕ САЯСИ КҮРЕС
Тіл білімінің әдіснамалық мәселелері
ХХ ғасыр Қазақстандағы саяси – құқықтық ойлар
Қазақ мемелекетіндегі алғашқы ұйымдармен саяси партиялар
Алаш тағылымы - тәуелсіздік негізі
Алаш зиялыларының ақырғы сөзі
Алаш зиялыларының оқу-тәрбие үрдісіне қосқан тәрбиелік үлесі
Пәндер