Өндіріс және айналым шығындардағы ұғым



1 Өндірістің тұрақты және айнымалы шығындары
2 Шығындарды есепке алу тәсілдері
3 Өндірілген өнім көлемінің өзгеруі
Өндіріс шығындарын топқа және типке бөліп қарастыруға болады. Әлеуметтік-экономикалық бағыттан қарағанда, шығындар қоғамдық және кәсіпорындық болып бөлінеді. Қоғамдық шығындарға дайын өнімнің құнына көшкен жанды еңбек және заттүрін алған еңбек шығындары жатады. Өндіріс шығындарына кәсіпорынның өндірісте тұтынылған құрал – жабдықтары мен жалақы шығындары жатады, және өндіріс шығындары өз алдына айқын және айқын емес болып бөлінеді.
Айқын шығындар (expliсit costs) деп өндіріс факторлары мен жабдықтаушыларға айқын ақша формасындағы төлем түрін алатын балама шығындар аталады. Мысалға жалақы төлеуді, көлік шығындарын, коммуналдық төлемдерді жатқызуға болады.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Өндіріс және айналым шығындардағы ұғым

Өндіріс шығындарын топқа және типке бөліп қарастыруға болады. Әлеуметтік-экономикалық бағыттан қарағанда, шығындар қоғамдық және кәсіпорындық болып бөлінеді. Қоғамдық шығындарға дайын өнімнің құнына көшкен жанды еңбек және заттүрін алған еңбек шығындары жатады. Өндіріс шығындарына кәсіпорынның өндірісте тұтынылған құрал - жабдықтары мен жалақы шығындары жатады, және өндіріс шығындары өз алдына айқын және айқын емес болып бөлінеді.
Айқын шығындар (expliсit costs) деп өндіріс факторлары мен жабдықтаушыларға айқын ақша формасындағы төлем түрін алатын балама шығындар аталады. Мысалға жалақы төлеуді, көлік шығындарын, коммуналдық төлемдерді жатқызуға болады.
Айқын емес шығындар(implicit costs) деп өндірісте пайдаланылған фирманың өз иелігіндегі (сырттан сатып алынбаған) ресурстардың құнын (шығының) атайды және өзіне қарасты ресурстарды тиімді пайдаланған жағдайда пайда ала алатын немесе айырылып қалған мүмкіндіктерінің (алынбай қалған пайдасының) ақшалай төлемі. Мысалға ғимараттарды жалға бермегендіктен түспеген пайда. Бухгалтерлік статистикада айқын емес шығындар көрсетілмейді. Айырылып қалған мүмкіндіктерді есепке алу - нарықтық экономиканың маңызды ерекшелігі.
Айқын (бухгалтерлік) шығындар плюс айқын емес шығындар - бұл экономикалық шығындар.
Экономикалық шығындар бухгалтерлік шығындарды ғана емес, сонымен бірге өз ресурстарын аса қолайлы кәсіпкерлік салаға жұмсап, одан алуға болатын табысты да қамтиды.
Барлық экономикалық шығындар екі үлкен топқа бөлінеді: тұрақты және айнымалы.
Тұрақты шығындар (fixed costs FC) - осы мерзімде өндіріс пен өткізудің көлемі мен құрамына байланысты емес шығындар. Әдетте тұрақтыға жататын шығындар: облигациялық заем міндеттемелеріне сәйкес төлемдер, үй-жайды жалға беру, әкімшілік шығындар, жылжымайтын мүліктерге салынатын салықтар, т.б.
Тұрақты шығындарды бастапқы (старттық) және қалдық (қалған) шығындар деп бөлінеді. Қалдық шығындарға өндіріс пен өткізу белгілі бір уақытқа толық тоқтатылғанына қарамастан жұмсалатын кәсіпорынның тұрақты шығындарының бір бөлшегі жатады. Старттық шығындарға өндіріс пен өткізудің қайта басталуымен байланысты жұмсалатын, тұрақты шығындардың бір бөлшегі жатады.
Айнымалы шығындарға өндіріс көлеміне тікелей байланысты. Бұған жұмыскерлердің еңбекақысы, шикізатқа, қуатқа, көлік шығындарына жұмсалған шағындар және т.б. жатады. Өнім тіпті өндірілмесе де тұрақты шығындардың өтелуі тиіс, ал айнымалы шығындарды кәсіпкер өндіріс мөлшерін өзгерте отырып басқара алады.
Өндірістің тұрақты және айнымалы шығындардың қосындысы өн- дірістік шығындардың жиынтығын құрайды.
Өнім шығарудың әртүрлі шығын түрлеріне анықтама береміз. Кәсіпорынның жалпы шығындары деп (total costs) ТС - оның тұрақты және айнымалы шығындарының сомасы түсініледі.
Өнімнің жаңа бірлігімен бірге, жалпы шығындар айнымалы шығындардың сомасындай шамаға өсіп отырады.
Өндіріс көлемі өзгергенде жиынтық шығындардың шамасын белгілетін шығындардың түрлері көп болады, мысалы, шикізатқа , негізгі және көмекші материалдарға шығындар, көлік шығындары, қуатқа, табыстың жекелеген түрлеріне шығындар, т.с.с.
Өзгермелі шығыстардың жауап ретіндегі коэффиценті өндіріс көлемін өсіру немесе төмендету шешімдерін белгілейтін болғандықтан, осындай шығыстарды Батыстың есеп жүйесінде шешуші шығыстар деп атайды. Шығыстардың басқа түрлері өндіріс көлеміне тәуелді болмайды, мысалы, кәсіпорнының әкімшілігінің және қорғаушыларының жалақысы, арендаға алынған негізгі құралдар үшін төлемдер және т.б. өйткені бұлар өндірісті қандай көлемде жүргізу туралы шешімдерге әсер етпейді, олар кәсіпорынның тек қызмет ету шарты болып табылады. Бұларды шешім қабылдауды белгілемейтін шығыстар деп атайды.
Әдетте уақыт мерзімі қысқа және ұзақ мерзім болып бөлінеді. Ұзақ мерзімде шығындардың барлығы өзгермелі болады. Мысалы, егер жұмыстан босату мерзімі жұмыскерлер үшін бір апта болса, онда жалақыға жұмсалатын шығындар жұмыскерлер үшін бір апта бойы тұрақты болады. Қызметкерлер үшін бұл мерзім 6 жұма, 3 ай және одан артық. Егер уақыт мерзімін бір жыл деп алсақ, онда еңбек үшін төлем шығындарының барлығы өзгермелі болады.
Тұрақты шығындар шарттық қарым-қатынастар (мысалы, лизинг шарты, жолдау шарты, арендалық шарт және т.б.) нәтижесінде пайда бола алады. Шығындарды мән жағынан тұрақты және өзгермелі деп бөлуден пайда жоқ. Шығындардың Батыстағы классификациясында олардың тәртібінің (тұрақты немесе өзгермелі) сипаты шешім қабылданған ситуациядан тәуелді деп тұжырымдалды.
Бірақ барлық өзгермелі шығындар өндіріс көлемі туралы шешімдерге әсер етеді, ал барлық тұрақты шығындар әсер етпейді деген дұрыс емес. Бір түрге жататын шығындардың өздері әр түрлі болып көрінеді. Шешімдер қабылдаудың белгігі ситуациясында өзгермелі көп, ал басқа ситуацияда тұрақты шығындар көп болуы мүмкін. Осы шығындар тұрақтыға немесе өзгермеліге жата ма деген сұрақтың жауабы екі фактордан тәуелді болады: кезең мерзімінің ұзақтылығынан (шешім қабылдауға қажет) және өндірістік факторлардың бөлінісінен.
Кәсіпкер үшін өнімнің бірлігін шығару үшін жұмсалған шығындар, яғни орташа шығындар туралы информация, өте маңызды. Орташа шығындар АТС-бұл шығарылған өнімнің бірлігіне жұмсалатын жалпы шығындар:
ATC=TCQ
Осыған сәйкес орташа тұрақты және орташа өзгермелі шығындар есептеледі.
Ұзақ мерзімде кәсіпорнының масштабының және оның өндіріс көлемінің орташа шығындар динамикасына ықпалы оң шамада немесе теріс шамада болуы мүмкін. Әдетте, ұзақ мерзім кезеңінде шығындар, кәсіпорнының кеңеюіне сәйкес, алғашында төмендеп минимумға жетеді, осыдан кейін қайтадан өседі. Бұл жағдай қайтарымның кему заңымен емес, өндіріс масштабының өсуінің оң немесе теріс эффектісімен (ауқым нәтижесімен) дәлелденеді.
Ауқымның оң нәтижесі (масштабтан үнемдеу немесе өскелең қайтарым) шығарылым өсуіне сәйкес фирманың ұзақ мерзімдік орташа шығындары кемігенде орын алады.
Ауқымның теріс нәтижесін шығарылатын өнімнің көлемінің өсуіне байланысты ұзақ мерзімдік орташа шығындар өскен жағдайда өндірісті ұйымдастыру мәселелері құрады. Бұның басты себебі - фирманың әр түрлі буындарының қызметін реттеуге бақылау жүргізудің бәсеңдеп кетуі. Басқарушы аппарат өсіп кетеді, жоғары дәрежелі басқарушылар өндірістік проценттен алшақтанады. Бұл басқарудың жеделдігінің айқындығын төмендетеді, өндірістің тікелей және үстеме шығыстарын өсіреді.
Дағдарыс кезеңінде, бәсекелік сайыста ірі фирмалардың өміршеңдігін мүмкіндігі жоғары болады. Ауқымның теріс нәтижесінен аулақ болу үшін бұлардың қолданатын мүмкіндіктері мол болады.
Егер ұзақ мерзімдік орташа шығындар шығарылым көлемінен тәуелді болмаса, онда ауқым нәтижесінің қайтарымы тұрақты болады.
Кәсіпорынының тиімділігінің барынша төмен көлемі, фирмаға өзінің ұзақ мерзімдік орташа шығындарын барынша төмендетуге мүмкіндік беретін, өндірістің ең аз көлемі.
Өндіріс көлемі туралы сұрақ қаралғанда тек орташа шығындар мен ғана емес, шекті шығындармен де есептесу қажет.
Шекті шығындар МС - бұл өнімнің қосымша бірлігін өндіру үшін қажет қосымша шығындар.
Егер өнімнің қосымша бірлігі оның сату бағасынан арзн түссе, онда шекті шығыңдар өнімнің бағасымен теңдескенше, фирма өндірісті кеңейте береді. Қысқа мерзімде шекті шығындардың қисық сызығы - U тәрізді форма алады, Бұл қысқармалы табыстылық заңымен байланысты-еселеп өсіп отыратын қосымша күш шектелген немесе тіркелген өндіріс факторларына қолданылады.
Бастапқыда шекті шығындар азаюы мүмкін, бұл өндіріс масштабының өсуі табыстылықты өсіретін масштабтың эффектісімен байланысты.
MC, AC және AVC қисық сызықтардың тәртібі шекті - орташа деп аталатын ережеге бағынады. Осыған сәйкес, шекті шығындар орташа шығындардың барынша төмен мағынасына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өнімнің өзіндік құны.Пайда. Рентабельділікті арттыру әдістері
Классикалық экономикалық теорияның негіздері, қосымша құн және пайда теориясы
К. Маркс пен Ф. Энгельстің идеялары
Мароэкономика
«Қазақстан көлік жүйесіндегі темір жол көлігі»
Өндіріс циклінің аудиті
Кәсіпорындағы қаржылық менеджментті жетілдіру жолдары
Қызметкерлердің есеп берілетін сома бойынша дебиторлық берешегінің есебі
Макроэкономикалық тепе-теңдік түсінігі және оның маңызы
Қаржылық жоспарлау туралы ақпарат
Пәндер