Гипоталамус - гипофиз-бүйрек үсті бездер жүйесі туралы ақпарат
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
А. Эндокриндік жүйе. Гормондардың әсері.
Б. Гипоталамус.гипофиздік жүйе. Гипоталамустың нейрогормондары.
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Адам денесіндегі көптеген жасушалар (жалпы саны 100 триллионнан астам) арнаулы тіндер, мүшелер және жүйелердің дағдылы қызметі, олардың өзара және сыртқы ортамен өте күрделі қарым-қатынасы жүйке және гуморальды жолмен реттелуі арқылы іске асады.
Денедегі барлық құрылымдар арасында үздіксіз, уақыт және кеңістік тәртібімен түрлі жолдар мен тетіктер арқылы үнемі кең көлемде мәлімет алмасу жүріп отырады. Бұл мәліметтер гуморалдық жол¬мен (қан, лимфа, тінаралық сұйықтық) жүреді. Оларға кодталған электрлік жүйке серпіністері немесе қарапайым және күрделі химиялық заттар, көбінесе мәліметтік макромолекулалар арқылы келеді.
Қызметтердің гуморалды реттелуінде маңызды рольді ішкі сөлініс бездері, яғни эндокриндік бездер атқарады. Олар организмнің ішкі ортасына арнаулы биологиялық белсенді заттарды бөліп шығарады. Ішкі сөлініс бездері жасап шығарған заттар гормон деген атауға ие болды.

1. Сәтбаева Х.Қ. Өтепбергенов А.А. «Адам физиологиясы», Алматы, 2005
2. Судаков Нормальная физиология человека.
3. Әбилаев С.А., Қуандықов Е.О. Медициналық биология және генетика.
4. Рақышев А. Адам анатомиясы Алматы 2004
5. Х.Сәтпаева “Адам физиологиясы”
6. Ж.Темірбеков “Медициналық валеология”, Астана, 2009ж.

ГИПОТАЛАМУС - ГИПОФИЗ-БҮЙРЕК ҮСТІ БЕЗДЕР ЖҮЙЕСІ
Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
А. Эндокриндік жүйе. Гормондардың әсері.
Б. Гипоталамус-гипофиздік жүйе. Гипоталамустың нейрогормондары.
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Адам денесіндегі көптеген жасушалар (жалпы саны 100 триллионнан астам)
арнаулы тіндер, мүшелер және жүйелердің дағдылы қызметі, олардың өзара және
сыртқы ортамен өте күрделі қарым-қатынасы жүйке және гуморальды жолмен
реттелуі арқылы іске асады.
Денедегі барлық құрылымдар арасында үздіксіз, уақыт және кеңістік
тәртібімен түрлі жолдар мен тетіктер арқылы үнемі кең көлемде мәлімет
алмасу жүріп отырады. Бұл мәліметтер гуморалдық жолмен (қан, лимфа,
тінаралық сұйықтық) жүреді. Оларға кодталған электрлік жүйке серпіністері
немесе қарапайым және күрделі химиялық заттар, көбінесе мәліметтік
макромолекулалар арқылы келеді.
Қызметтердің гуморалды реттелуінде маңызды рольді ішкі сөлініс бездері,
яғни эндокриндік бездер атқарады. Олар организмнің ішкі ортасына арнаулы
биологиялық белсенді заттарды бөліп шығарады. Ішкі сөлініс бездері жасап
шығарған заттар гормон деген атауға ие болды.
Негізгі бөлім
Эндокриндік жүйе. Гормондардың әсері.
Эндокриндік бездердің (гректің endon — ішкі, сгіпео — бөлемін немесе
шығарамын) сөлін шығаратын өзегі жоқ, без жасушалары қан және лимфа
капиллярларымен өте жиі торланған, сондықтан без өнімдері тікелей осы
тамырларға өтеді. Экзокринді бездердің өзегі бар, әрі ол өзек белгілі бір
ағзаға ашылып, өз өнімдерін сол мүшеге шығарады. Ішкі сөлініс бездеріне
гипофиз, эпифиз, қалқанша, қалқансерік бездері, айырша без, бүйрекүсті,
ұйқы және жыныс бездері жатады . Соңғы екеуі аралас сөлініс бездер. Ішкі
сөлініс бездеріне плацентаны (бала жолдасы) да жатқызады. Екіқабат (жүкті)
әйел организмінде бала жолдасы бірқатар гормондар бөліп шығарады —
эстроген, прогестерон және гонадотропин. Ішкі сөлініс бездерімен
гипоталамус құрылымымен және қызметімен тығыз байланыста болады. Оның
ядроларының (кейбір жүйке жасушаларының) нейросөлініссы бар, яғни
гипофиздің артқы бөлігіне түсетін немесе гипофиздің алдыңғы бөлігінің қан
тамырларына тікелей келетін және аденогипофиздің жасушалар қызметіне әсер
ететін биологиялық белсенді заттар бөліп шығаратыны анықталған. Бұлардан
баска ішкі сөлініс бездеріне бірқатар ағзалар жатады — бүйрек, ішек-
қарынның кілегейлі қабығы (энтеринді жүйе), бауыр, себебі олар қанға
организм мүшелерінің қызметіне ерекше әсері бар бірқатар заттар бөліп
шығарады. Атап айтқанда, ренин, гастрин, секретин, панкрео-зимин,
энтерогастрин, энтерогастрон, эритропоэтин т. б
Гормон арқылы зат алмасу, өсу, даму үрдістері реттеледі. Гормон көбеюге де
әсерін тигізеді. Гормон деген терминді (грекше hormon-қоздырамын,
қозғалтамын) 1904 жылы Бейлисс пен Старлинг енгізген. Бұрын гормондар
ағзалар қызметін күшейтеді деп қана есептелген. Бірақ кейінгі зерттеулерге
қарағанда, олай болмай шықты. Ағзалар қызметін бәсеңдетіп, тежейтін де
гормондар бар екені мәлім. Мысалы, адреналин асқорыту аппаратының секторлық
қозғалыс қызметін тежеп бәсеңдетеді. Сөйтсе де гормон деген атау ішкі
сөлініс бездерінің атауы болып қалды.
Гормондар қан мен лимфа тамырларына еніп барлық тіндер мен ағзаларға және
бүкіл денеге әсер ете алады:
1) метаболизмдік — зат алмасу үрдістерінің әртүрлі жағдайларына, жиілігіне
әсері;
2) морфогенетикалық — конформациялық құрылымдық үрдістерде ажырату
(диференциялық, тіндердің өсуіне, өзгеріске (метаморфозға) әсері;
3) кинетикалық — қызмет орындаушы ағзалардың белсенділігіне және оларды
қызметке қосуға немесе тежеуші факторларға әсері;
4) түзетілуші (коррекциялық) — тіндер мен ағзалар қызметінің қарқынын
өзгертуге әсері (жоғарылату, төмендету, жылдамдату, тездету, бәсеңдету
қозғалыстары).
Адам және жоғары сатыдағы жануарлардың гормондарын, химиялық құрылым
ұқсастығын, физика-химиялық, биологиялық қасиеттерінің ортақтығын негізге
ала отырып, 3 класқа бөледі.
1. Белоктық — пептидті қосылымдар (инсулин, глюкагон, сома-тотропин т.
б.);
2. Стероидтар (бүйрек-үсті безі қабығының және жыныс бездері гормондары);
3. Амин қышқылының туындылары (тироксин, катехоламиндер -адреналин,
норадреналин). Гормондардың биотүзілуі арнайы эндокриндік құрылымдардың
генетикалық аппаратында жоспарланған, сондықтан ішкі сөлініс бездерінің
әрқайсысы тек белгілі бір гормондарды жасап шығарады. Организм ішкі
сұйықтық ортасына өткен гормондардың белгілі бір мөлшері бос қалпында, ал
шамалысы қан плазмасы белоктарымен қосылған күйде болады. Мысалы,
транскортизон, альбумин және α-глобулинмен бірігеді, бұдан белсенділігі
темен байланысқан гормон түрі пайда болады.
Гормондардың құрылымы салыстырмалы күрделі келеді және жеке бөліктері
әртүрлі қызмет атқарады. Актондар — гормонның жасушаға арнайы әсерін
қамтамасыз ететін бөлігі; гаптомерлар — гормонный әсер ету жерін, нысана
жасушаларын іздейтін бөлік. Гормон құрылымының үшінші бөлігі белсенділік
дәрежесін және оның басқа қасиеттерін реттейді. Ағзалар мен тіндер,
негізінен бауыр мен бүйрек жасушалары гормондарының сіңіру, күйзелту және
шығару жылдамдығын реттейді.
Гормондардың алмасу жылдамдығын олардың жартылай ыдырауына кететін уақытпен
(Т12) болжайды, яғни қанға енгізілген радиоактивті гормондар мөлшерінің
екі есе азаятын уақыты. Дені сау адамда әртүрлі гормондардың жартылай
ыдырау уақыты түрліше болады (катехоламиндер — 0,5-2,5 мин., инсулин — 8-12
мин., альдостерондар — 30-50 мин., кортизондар — 70-90 мин., тироксин 4
тәулікте ыдырайды).
Гормондар құрамы мен әсері жағынан бірдей емес, бірақ оларға ортақ бірқатар
физиологиялық қасиеттері бар.
1. Гормондар қашықтан (алыстан) әсер етеді, яғни олар өзінің жасалған
жерінен қашық орналасқан ағзаларға әсер ете алады. Басқа биологиялық
белсенді заттар (гистамин ацетилхолин т.б.) өзі жасалған жергілікті жерде
ғана әсер етеді.
2. Гормондар организм қызметін гуморалдық реттеуде аралық рөл атқарады. Бұл
реттелуде басты бағыттаушы әсерді орталық жүйке жүйесі атқарады, ал ішкі
сөлініс бездері көбінесе оның әсерін күшейте не әлсірете отырып,
эфференттік (шеткі) вегетативті және денелік жүйкелермен қатар қызмет
жасайды.
3. Гормондардың арнайы әсері бар. Соған байланысты белгілі бір гормонның
жетіспеушілігін, екінші гормонмен немесе басқа биологиялық белсенді затпен
алмастыруға болмайды. Көптеген гормондар жоғары молекулалы қосылыстар,
кейбіреулерінің табиғаты белоктық болып келеді, бірақ оған қарамастан
олардың антигендік қасиеті жоқ, яғни оларды парэнтеральды енгізгенде арнайы
антитәндер жасалмайды. Көбінесе қарсы гормондар табиғаты белок пептид
гормондарынан жасалады.
4. Барлық гормондардың биологиялық белсенділігі жоғары болады. Мысалы,
тироксин 1:100 млн, адреналин 1:10 млн сұйытылғанда да әсер етеді, ал бір
грамм инсулин 125000 қоянның қанындағы қант деңгейін төмен түсіре алады.
Тирокальцитониннің 5 нанограмы қандағы Са деңгейін едәуір төмен түсіреді (1
нанограмм — 10-9 гжоғары).
5. Гормондар өте тез, бірақ қысқа мерзімде әсер етеді. Олардың өте тез
әсер етуі және мембрана арқылы өтуі олардың молекулалық салмағына
байланысты. Ал әсердің қысқа мерзімді болуы олардың тіндік ферменттердің
ықпалымен ыдырауына және денеден бүйрек арқылы жеңіл шығарылуына
байланысты. Қанда гормондардың қажетті мөлшері сақталуы үшін, бездер оларды
үнемі үздіксіз жасап шығарып түруы керек.
6. Барлық гормондар тек ағзалардың қызметтеріне ғана емес, олардың
құрылымдарына да әсер етеді, яғни оларда құрылымдық өзгерістер туғызуы
мүмкін, кейде ағзалар тінінің өсуін күшейтіп, кейде тежейді. Гормондар зат
алмасу қарқынына әрі РНҚ және басқа нуклеин қышқылдарының жасалуына әсер
етеді. Эндокринді бездердің патологиясы кезінде адамның бет әлпеті соншалық
өзгеруі мүмкін, бұл өзгерістер негізінде тез диагноз қоюға болады —
акромегалия, гигантизм т. б.
7. Гормондар ферменттер қатарына жатпайды, яғни олар жасуша жоқ ортада
жүретін химиялық үрдістерге арнайы әсер етпейді. Бірақ әртүрлі ферменттер
арқылы химиялық әсерленістердің жылдамдығына әсер ете алады.
Гормондардың әсер ету тетіктері өте күрделі және биохимиялық тұрғыдан жан-
жақты қарастырылған. Белгілі бір гормонның қажеттілігі артса, гормон —
белок кешені ыдырап, гормонның бос түрі пайда болады. Байланысқан гормондар
кор болып табылады, керек уақытта тез әрі жеңіл пайдаланылады. Белок
тасушымен байланысқан гормон ферменттердің әсерінен ыдырап, бүйрек арқылы
несеппен шығарылмай денеде сақталады.
Гормондар қан ағысына ілесіп барлық тіндер мен ағзаларға жеткенімен белгілі
бір гормонды қабылдауға дағдыланған, әрі мембрана құрылымында орналасқан
арнайы гормондар рецепторлары бар, олар тек белгілі бір тін мен ағзаға ғана
әсер етеді. Оларды нысана тіндер деп атайды. Жасушалық қабылдағыш арнайы
белок болып келеді, оның молекуласының белгілі бір бөлігі гормонның арнайы
фрагментіне сәйкес келеді. Бұл сигналды қабылдауды, яғни гормон мен
жасушаның өзара қарым-қатынасын қамтамасыз етеді. Егер берілген гормонды
қабылдағыш болмаса, жасуша онымен қарым-қатынасқа түспейді, яғни оны
танымайды.
Белоктық және пептидті гормондардың қабылдағыштары жасушаның цитоплазмалық
мембранасында орналасқан. Бұл топтағы гормон-дар өз рецепторларымен қарым-
қатынасқа түскенде аденилатциклаза ферментінің активтенуі жүреді. Оның
әсерінен жасушада циклдік 3151-аденозинмонофосфат (ЦАМФ) пайда болады. Ал
олар протеинокиназаларды — белоктың синтезделуіне қажетті ферменттерді —
белсендендіреді, бұл гормондардың кейбіреулері циклдік 3151-гуанозинмоно-
фосфат (ЦГМФ) арқылы әсер етеді.
Стероидті гормондардың қабылдағыштары жасуша іші құрылымына орналасқан және
гормон-қабылдағыш кешені генетикалық аппаратқа әсер етеді, заттардың
жасалуына ықпалын тигізеді. Кейбір гормондардың әсер етуі мембрана
өткізгіштігі өзгеруіне байланысты. Қазіргі кезде гормондардың әсер етуінің
бірнеше жолдары белгілі.
1. Гормондардың тіндер мен ағзаларға тікелей әсері болады. Мұндай әсердің
себебі, гормондар мембрана арқылы жасушаға жеңіл өтеді, оған қоса
мембраналарымен байланысқа түседі. Гормондардың тікелей әсерінің тетігі,
жасушалық және субжасушалық деңгейлерде әлі толық зерттелмеген. Бар
зерттеулерге қарағанда олардың түрлі әсер ету жолдары бар, олардың ішінде
тікелей әсер ету тетіктерінің мынадай түрлері белгілі: а) Ферменттік
жүйелерді, оның ішінде цитоплазма ферментін белсендендіру немесе бәсеңдету
жолы. Бұл әсер жөнінде мәліметтер өте аз. Бұны адреналин мен гликогеннің
фосфорилазды жүйеге адеіюзинмопофосфат арқылы циклды әсері дәлелдейді. б)
Ядродағы генетикалық үрдістерді күшейту, мысалы, итбалықтың тез
өзгерістеріне әсер ететін тироксин РНҚ алмасуын және арнайы белоктарды
жасауды күшейтеді.
2. Гормондар ағзалардың қызметіне тікелей ғана әсер етіп қоймай, олардың
қан тамырлары меп тіндердің әртүрлі хеморецепторларын тітіркендіре отырып,
рефлекстік жолмен де әсер етеді. Гуморалдық жағынан жекешеленген, бірақ
денемен жүйке арқылы байланысқан, кез келген ағза тамыры арқылы адреналинді
өткізгенде әдетте кан қысымының, дем алудың, лимфа ағысының т. б.
өзгерістері байқалады.
3. Гормондардың әсер стуінің үшінші тетіктері — орталық жүйке жүйесі
арқылы орындалуы. Гормондар бір жүйке орталығын құрайтын нейрондардың
кернеуін жоғарылату не төмендету арқылы олардың қозғыштығын өзгертеді.
Гейманстың тәжірибелерінде иттің миын қоректендіретін қан тамырына тікелей
адреналин енгізгеп, иттің басы денесімен тек қана кезеген жүйке арқылы
байланысқан жағдайда адреналин кезеген жүйке орталығының тонусын
жоғарылатып, жүрек қызметін бәсеңдетеді. Ал адреналин жүрекке тікелей әсер
еткенде оның қызметін күшейтеді.
4. Кейбір жағдайларда гормопдардың, шартты рефлекстік әсерін байқауға
болады.
Гипоталамус-гипофиздік жүйе. Гипоталамустың нейрогормондары
Эндокринология ішкі сөлініс бездердің физиологиясы мен патологиясы ғылым
ретінде XIX ғасырдың екінші жартысында қалыптасқан. Бұл бағыттағы ғылыми
зерттеулердің негізін А. Бертольд салды. Ол еркек жануарлардың жыныс
бездерін сылып алып тастағанда негізгі және қосымша жыныс белгілерінің
өзгеріп, ал бұл безді қайтадан денесіне орнатқанда, оның жағдайы
айтарлықтай жақсаратынын анықтады.
Кейін, әсіресе осы ғасырдың 50-90 жылдары эндокриндік жүйенің физологиясы
мен патологиясы бойынша көптеген тәжірибелік және клиникалық мағлұматтар
жиналды. Оған қоса гормондардың химиялық табиғаты анықталып, әсер ету
тетіктері ашылды.
Кейбір зерттеушілер бұл бездердің организм қызметін реттеудегі орнын шектен
тыс көтерген, тіпті оларды жеке автономды реттеуші жүйеге жатқызған.
Эндокриндік бездер жүйесін орталық жүйке жүйесінен жоғары құрылым ретінде,
ағзалар мен олардың жүйелерінің, соның ішінде орталық жүйке жүйесінің де
негізгі реттеушісі ретінде қарастырған.
Шын мәнісінде олай болмай шықты. Негізгі ғылыми мәліметтерге қарағанда,
ішкі сөлініс бездерімен олардың әртүрлі гормондарының әсері организмнің
қызметін жүйелік гуморальдық реттеу жүйесінің бір ғана бөлімі болып шықты.
Бұл реттеу жолының негізгісі — жүйке жүйесі. Өйткені ол көп тарапты, арнайы
маманданған және әр бөлімінің өз орны, маңызы бар жүйеге жатады. Оның
рефлекстік доғасының барлық бөлімдерінің жоғары дәрежедегі қозғыштығы,
жүйке серпіністерінің жылдамдығы мен анық бағытталуы т. б. морфоәрекеттік
ерекшеліктері бұған дәлел.
Көмірсу алмасуының салыстырмалы ұзақ әрекеттік ауытқуын қамтамасыз ететін
реттеуші механизмге гормондардың қатысуы, спорт жанкүйерлері мен емтихан
тапсырушы студенттердің эмоциялық күйзелісі кезінде жақсы көрінеді. Түрлі
эмоция кезінде қобалжығанда, қорыққанда, қуанғанда т. б. жағдайларда ылғи
да гипергликемия қандағы қанттың көбеюі байқалады, ал кейде тіпті
глюкозурия — несепте қант пайда болады. Түрлі эмоция кезінде көмірсу
алмасуының аталған өзгерістерінің пайда болуы норадреналин мен адреналиннің
әсерінен бауырда гликогенолиздің күшеюіне байланысты. Сондықтан да
бүйрекүсті безінің милы қабатында түзілетін гормонды эмоция гормоны деп
те атайды.
Сонымен, бұл мысалда көмірсу алмасуына жүйкелік, реттеуден кейін гормондық
реттеу қатысады.
Оған қоса, көптеген эндокриндік дерттердің (патологиялардың) тиреотоксикоз,
қантты диабет, жыныс бездерінің ішкі сөлініс қызметінің бұзылуы, орталық
жүйке жүйесінің психикалық немесе физикалық жарақатынан кейін басталатыны
мәлім.
Көпшілік гормондардың түзілуі мен қанға шығуы орталық жүйке жүйесінің
бақылауында болады. Барлық ішкі сөлініс бездер вегетативтік жүйке жүйесінің
тамырларымен жабдықталған. Ал бүйрекүсті безінің милы қабатынан, қалқанша,
қалқансерік, ұйқы бездерінің және гипофиздің артқы бөлімінің қызметіне
секрециялық жүйке әсері толық дәлелденген.
Бүйрекүсті бездерінің милы заттарының симпатикалық инжүйкеациясы анықталды.
Бұл жүйкені қоздырғанда адреналин мен норадреналиннің шығарылуы күшейеді,
жүйкені кесіп тастаса сөлініс тоқтайды. Қалқанша безі тек симпатикалық және
парасимпатикалық жүйкелерді ғана емес, мойын жүйке талшықтарын да алады.
У.Кеннон (1914) мысықтың оң диафрагма жүйкесін симпатикалық жүйкенің шеткі
мойын жақ ұшына (калқанша безін жүйкелендіретін) жалғастырғанда 6 айдан
кейін гипертиреоз пайда болғанын анықтаған. Себебі қалқанша безімен
жалғасқан диафрагмалық жүйкенің талшығы арқылы тыныс орталығынан үнемі дем
алған сайын ырғақты қозулар безді тітіркендіреді. Кезеген және симпатикалық
жүйкелердің талшықтары ұйқы безіндегі инсулиннің сөлінісін реттейді.
Кезеген жүйке оны (стимуляциялайды) күшейтсе, симпатикалық жүйке керісінше
тежейді.
Осы күнге дейін бүйрекүсті безінің қыртыс қабаты қызметіне әсер ететін
секрециялық жүйкелердің бар-жоғы дәлелденген жоқ, бірақ жүйке жүйесінің
гипоталамус-гипофизарлық жүйе арқылы әсер ететіні айқын. Сонымен бірге бұл
жүйенің жыныс және қалқанша бездерінің қызметіне әсері дәлелденіп отыр.
Қазіргі кезде эндокриндік бездердің секрециялық қызметіне орталық жүйке
жүйесінің барлық бөлімдерінің әсері (ми сыңарларының қыртыстары,
гипоталамус, лимбия жүйесі т.б. бөлімдері) әр дәрежеде зерттеліп анықталып
отыр. Олардың ішінде гипоталамус ерекше орын алады.
Гипофизбен гипоталамустың арасындағы жүйкелік-гуморальдық байланыс екеуінің
атқаратын қызметтерінің бір екенін дәлелдейді. Гипоталамустың
супраоптикалық және паравентрикулярлық нейрондар аксондары гипофиз
аяқшалары арқылы оның артқы бөліміне өтеді. Гипоталамустың аталған ядролары
нейросекрециялық қызмет атқарады, яғни олар түрлі нейросекрециялық гормон
тәріздес заттар түзеді. Олардың жүйке талшықтары арқылы бөлінетіндігі
нейрогистологиялық, физиологиялық және биохимиялық әдістермен дәлелденген.
Нейрогипофиздің гормондары белок — нейрофизинмен қосылыста болып, қанға
өткенде бұл байланыстан босайды.
Гипоталамустың түзетін заттары гормон емес, прогормон болып саналады.
Гипофиздің артқы бөлімінде олар әбден ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz