Легизм мектебі



І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім 1. Легизм мектебінің түсінігі және пайда болуы
2. Легизм мектебінің негізгі идеясы
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиет
Осыдан бес мың жыл бұрын қалыптасқан қытай өркениеті өзінің қол жеткізген табыстарымен ерекшеленеді. Атап айтқанда, бұл халықтың, адамзаттың рухани мәдениетіне, саясатқа, құқыққа да қосқан үлесі зор. Саясат, құқық, дін аяларында еңбек еткен ұлы қытайлықтардың еісмдері қазіргі күнге дейін сақталып келе жатыр.
Әсіресе, ежелгі Қытай жер шарында алғаш қалыптасқан саяси құқықтық ошақтарының біріне жатады. Осы елде б.з.д VI-IV ғасырлар аралығында ең белгілі мектептер пайда болып, даму өрісін кеңейтеді.
Сол мектептердің біріне ежелгі Қытайдағы легизм мектебін жатқызамыз. Ежелгі Қытайдағы легизм идеялары б.з.д. 4 ғасырларда жарық көрген. Легизм ілімінің және заңшылдар мектебінің негізін қалаған ол Шан облысының билеушісі болды. Шан Ян заңдар мен қатал жазаға сүйенген басқару жүйесін қолдады.
1. Мухамедов М., Сатершинов Б., Сырымбетұлы Б. - "Саяси - құқықтық ілімдер тарихы". Алматы 2005 ж.
2. Алтай Ж., Қасқабек А., Мухамбетәли Қ. - "Философия тарихы". Алматы 2006ж.
3. Легизм [Электрондық ресурс]: онлайн энциклопедия. URL: https://kk.wikipedia.org/
4. Иманқұл Н., Бөрібаев Т.- "Іліми философия". Астана 2009 ж.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ЛЕГИЗМ МЕКТЕБІ
Мазмұны:

І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім 1. Легизм мектебінің түсінігі және пайда болуы
2. Легизм мектебінің негізгі идеясы
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиет

Кіріспе
Осыдан бес мың жыл бұрын қалыптасқан қытай өркениеті өзінің қол жеткізген табыстарымен ерекшеленеді. Атап айтқанда, бұл халықтың, адамзаттың рухани мәдениетіне, саясатқа, құқыққа да қосқан үлесі зор. Саясат, құқық, дін аяларында еңбек еткен ұлы қытайлықтардың еісмдері қазіргі күнге дейін сақталып келе жатыр.
Әсіресе, ежелгі Қытай жер шарында алғаш қалыптасқан саяси құқықтық ошақтарының біріне жатады. Осы елде б.з.д VI-IV ғасырлар аралығында ең белгілі мектептер пайда болып, даму өрісін кеңейтеді.
Сол мектептердің біріне ежелгі Қытайдағы легизм мектебін жатқызамыз. Ежелгі Қытайдағы легизм идеялары б.з.д. 4 ғасырларда жарық көрген. Легизм ілімінің және заңшылдар мектебінің негізін қалаған ол Шан облысының билеушісі болды. Шан Ян заңдар мен қатал жазаға сүйенген басқару жүйесін қолдады. Сол кездегі үлкен ықпалға ие болған конфуцизмді сынаған Шан Ян заң нормалары ғана елде тәртіп орната алады деп есептеді. Ел басқарудың негізгі әдісі ретінде қатал заңдарды жақтаған ол мемлекет пен адам арасындағы қатынастарды оңай реттеуге болатындығын айтты. Бұл "кімді кім жеңетіндігі" туралы принципке негізделген таптар күресінің қатынастарын көрсетті. Оның айтуынша, "халық, өз өкіметінен күштірек болса, мемлекет әлсіз, ал өкімет өз халқынан күштірек болса, армия күшті, әрі қуатты болады".
Шан Янның басқару туралы концепциясы адамдарға дұшпандық қөзқараста болу оларды жазалау және күштеу шаралары арқылы қалаған тәртіпке көндіруге болады деген тұжырмға сәйкес келеді.
Легизм мектебінің түсінігі және пайда болуы
Легистер (заңгерлер). Ерте легизмнің ірі өкілі Шань-Ян (б.з.д. 390- 338 жылдар шамасында) ұсынған реформалардың жобалары мен жарлықтары "Шань цзюнь шу" трактатына ( "Шань облысының әміршісінің кітабы") енген. Трактаттың бірқатар тараулары Шан Ян есімімен белгілі Гунсунь Янның өзімен жазылған. Бұл Қытайдың белгілі теоретигі және заңшылдар мектебінің негізін салушылардың бірі Циндік билеушілердің бірі - Сяо-Гун (б.з.д. 361-338) тұсында Шан облысының билеушісі болды.
Шан Ян заңға және қатаң жазаға негізделген басқаруды қолдады. Ол сол уақытта кең таралған Конфуций ұстанымын және басқару саласындағы идеяларды ( заңмен дәстүрлік этикеті, ескі дәстүр мен ритуалды ұстанушылық) сынға алды, Шан Ли айтуынша, осындай көзқарастарды ұстанған адамдар лауазымды қызметті және заңды иелене алады, бірақ олар ескі заң шеңберінен шыққан мәселелерді талдауға мүмкіндігі жоқ.
Легизм ілімі оның алдындағы тұжырымдамаларынан едәуір өзгеше болды. Легистер саясатты дәстүрлі моральдық баяндаудан бас тартып, билікті атқару техникасы туралы ілімді жасады. Шань Ян осы қайта бағдарлануды жүзеге асыра отырып, патриархалдық тәртіпті жоюға қол жеткізген мемлекеттік міндеттерді атқарған ақсүйектер мен ауқатты қауымшылдардың ұмтылыстарын басшылыққа алды. Саяси теориядан олар басқаларға қарағанда ізгілікті ақыл- өсиеттерді аз күтті. Оларға керегі жалпы мемлекеттік түрлендірулердің салыстыра тексерілген бағдарламасы болатын.
Легизмнің ерекшеліктерін қоғамдық құбылыстарға тарихи көзқарастардың элементтері құрады. Жаңа аристократияның жеке меншіктік мүдделері қауымдық өмірдің архаистік ұстанымдарына қайшы келгендіктен, оның идеологтарына дәстүрдің беделіне емес, әлеуметтік шарттардың бұрынғымен салыстырғандағы өзгерістеріне шағынуына тура келді. Ежелгі тәртіптерді қалпына келтіруге шақырған достарға, конфуцийшілдерге және моистерге қарсы легистер ескіге қайта оралудың мүмкін еместігін дәлелдеп бақты.
Легистер қаумдық өзін-өзі басқаруды шектеу, отбасылық-рулық қауымдар мен патронимияларды жергілікті әкімшілікке бағындыру қажет деп есептеді. Шань Ян қауымдық өзін-өзі басқаруды теріске шығармастан, азаматтарды мемлекеттік биліктің тікелей бақылауына қоюды көздейтін реформалардың жобаларын (елді аудандарға бөлу, жергілікті жерлердегі шенеуніктер қызметтер және т.б.) ұсынды. Бұл жобаларды жүзеге асыру Қытайда азаматтардың аймақтық бөлінуінің бастауы болды.
Барлық мемлекет үшін біртұтас заңдар белгілеу ұсынылды. Басқа да ерте легистер сияқты Шань Ян әдет-ғұрып құқығын заңнамамен толық алмастыруды ойлаған жоқ. Заңды ол қуғын-сүргін саясаты (қылмыстық заң) және үкіметтің әкімшілік өкімі деп түсінді.
Билік пен халық арасындағы қарым-қатынастарды Шань Ян жауласушы тараптардың бір-біріне қарсы тұруы деп қарады. Үлгілі мемлекетте әміршінің билігі күшке арқа сүйеді және ешқандай заңға бағындырылмаған. Шань Янға азаматтардың құқығы, олардың заңды кепілдері туралы және т.б ұғымдар белгісіз. Заң, оның ойынша, қызметінің жоғары мақсатын Шань Ян басқыншылық соғыстар жолымен Қытайды біріктіруге қабілетті күшті билік құру деп есептеді.
Легистік тұжырымдамаларды іс жүзінде қолдану қатыгездіктің күшеюімен, бодандардың санасына әмірші алдында жаппай үрейді сіңірумен және жаппай сезіктенумен қатар жүрді. Жалпы бұқараның легистік тәртіпке наразылықтарын ескере отырып, Шань Янның ізбасарлары неғұрлым жексұрын жағдайлардан бас тартып, легизмді моральдық мазмұнмен толықтырып, оны даосизммен немесе конфуцийшілдікпен жақындастырды.
Б.з.д. ІІ - І ғасырларда легизм идеясымен толықтырылған конфуцийшілдік Қытайдың мемлекеттік діні ретінде бекіді. Моистер мектебі біртіндеп келмеске кетеді. Даосизм буддизммен және жергілікті нанымдармен астарласып магия белгілеріне ие бола бастайды және уақыт Конфуцийшілдік 1911 - 1913 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі Қытай легизмінің саяси құқықтық ілімі
Буддизмнің негізгі бағыттары
Ежелгі Қытай саяси құқықтық ілімдері
Көне Қытай философиясының негізгі мектептері
Қытай философиясының тарихы
Ежелгі Қытайдың әлеуметтік философиялық мектептері
Қытай философиясы б.д.д. 6-3 ғ.ғ
Ежелгі Қытай мемлекеті мен құқығының тарихы
Философияның негізгі сұрақтары мен негізгі бағыттары. Негізгі философиялық доктриналар
Ежелгі Қытай философиясы жайлы
Пәндер