Жаңа туған нәрестелердегі сепсис



І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Сепсистің этимологиясы
2. Сепсистің патогенезі
3. Классификациясы мен сепсис клиникасы
4. Емдеу шараларының және алдын алудың негізгі принциптері
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
Қазіргі таңда жаңа туған нәрестелердің өлімінде сепсис үшінші-төртінші орынды иеленіп отыр. Қазір ем жүргізу немесе көптеген технологиялар дамыса да, соңғы он жылдықта сепсистен қайтыс болу ХХ ғ. 80 жылдарымен салыстырғанда үш есе өсіп отыр(3-4%-дан 10%-ға дейін; 1995-1999 жыдары 578 нәресете өлімінің 57-нде диагнозы сепсис). Сонымен қатар, шала туылған нәрестелер сепсистен көп қайтыс болады (туылғанда салмағы өте аз нәрестелерде 12-16% шамасын құраса, ал салмағы экстремалды түрде өте аз нәрестелерде 25-50%).
Алайда, сепсистің жиілігі объективті емес, әр тұрғылықты мекенде жеке медико-әлеуметтік айырмашылықтарына негізделеді. Құжаттық негіздемелер бойынша, жаңа туған нәретелердің сепсистен қайтыс болуы 30-40%-ды құрайды.
Сондықтан, қазіргі кезде сепсистің профилактикасы, уақытылы диагностикасы мен рационалды емі негізгі өзекті мәселелердің бірі. Қазіргі таңда жаңа туған нәрестелердегі сепсисті диагноздау және емдеу қиындыққа әкеліп отыр, оның себебі патогенезі мен этиологиясының өзгеруімен анықталады.
1. Антонов А.Г., Байбарина Е.Н., Соколовская Ю.В. Объединенные диагностические критерии сепсиса у новорожденных // Вопросы гинекологии, акушерства и перинатологии. 2005. Т. 4. № 5-6. С. 113-115.
2. под ред. АА. Баранова/ Руководство по педиатрии (том Неонатология). М.: 2007. -600 с.
3. Дадамбаев Е. Т. Нәресте туралы ілім. Алматы, 1995 ж.
4. Национальное руководство. Неонатология. М.: ГЭОТАР-Медиа. 2007 - 848 с.
5. Логинова И.А. Неонатальный сепсис учеб.-метод. пособие, Минск: БГМУ, 2010. 27 с.
6. Самсыгина ГА. Дискуссионные вопросы классификации, диагностики и лечения сепсиса в педиатрии // Педиатрия. 2003. № 5. С. 35-45.
7. Самсыгина Г.А., Яцык Г.В., Сепсис новорожденных. В кн. «Руководство по педиатрии. Неонатология». М.: Династия -c. 337-352.
8. Под ред. Шабалова Н.П. Педиатрия СпецЛит, 2005. 895 с. (316-335 с.)
9. Шабалов И.П., Иванов Д.О. Педиатрия. 2003. № 5. С. 45-56.
10. С 28. Сепсис у новорожденных детей. Мет.рекомендации – Астана, 20005. – 28с.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ЖАҢА ТУҒАН НӘРЕСТЕЛЕРДЕГІ СЕПСИС

Жоспар:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

1. Сепсистің этимологиясы

2. Сепсистің патогенезі

3. Классификациясы мен сепсис клиникасы

4. Емдеу шараларының және алдын алудың негізгі принциптері

ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Қазіргі таңда жаңа туған нәрестелердің өлімінде сепсис үшінші-төртінші
орынды иеленіп отыр. Қазір ем жүргізу немесе көптеген технологиялар дамыса
да, соңғы он жылдықта сепсистен қайтыс болу ХХ ғ. 80 жылдарымен
салыстырғанда үш есе өсіп отыр(3-4%-дан 10%-ға дейін; 1995-1999 жыдары 578
нәресете өлімінің 57-нде диагнозы сепсис). Сонымен қатар, шала туылған
нәрестелер сепсистен көп қайтыс болады (туылғанда салмағы өте аз
нәрестелерде 12-16% шамасын құраса, ал салмағы экстремалды түрде өте аз
нәрестелерде 25-50%).

Алайда, сепсистің жиілігі объективті емес, әр тұрғылықты мекенде жеке
медико-әлеуметтік айырмашылықтарына негізделеді. Құжаттық негіздемелер
бойынша, жаңа туған нәретелердің сепсистен қайтыс болуы 30-40%-ды құрайды.

Сондықтан, қазіргі кезде сепсистің профилактикасы, уақытылы
диагностикасы мен рационалды емі негізгі өзекті мәселелердің бірі. Қазіргі
таңда жаңа туған нәрестелердегі сепсисті диагноздау және емдеу қиындыққа
әкеліп отыр, оның себебі патогенезі мен этиологиясының өзгеруімен
анықталады.

Сонымен қатар, ұзақ уақытқа дейін бұл патологияның дұрыс критерийлері
болмағандықтан, сепсистің диагнозы клиницисттер арасында көптеген
келіспеушіліктер тудырды.

Зертеушілердің көзқарастарын талдай келе, жаңа нәрестелердегі
сепсистің тағы да бір өзектілігі оның гетерогенділігі, яғни ауру ағымы
нәрестелерде әртүрлі өтеді. Кейбіреулерінде жедел түрде өтіп, қысқа уақыт
ішінде өліммен аяқталады, сонымен қатар созылмалы түрері бірнеше аптаға да
созылу мүмкін. Кейбір көріністері мүлде ұқсамауынан, алдын-ала нақты
диагноз қоюы қиын болады. Қиын проблемаларының бірі нәрестелердің
идивидуалды реактивтілігімен түсіндіріледі.

Негізгі бөлім

Сепсистің этимологиясы

Алдымен сепсис терминінің анықтамасына тоқталып кетейік. Сепсис
дегеніміз- қанда және организмнің басқа биологиялық сұйықтығында
микрорганизмдердің көбеюімен сипатталатын инфекциялық үрдістің ауыр жалпы
аталған түрі. Сепсис түсінігі кең болып келеді. Соның ішінде, неонатальды
сепсис ұғымы – жаңа туған нәрестелердегі сепсис.

Жаңа туған нәрестелердегі сепсисті (кейін ЖТНС) екіге бөліп
қарастырады, ерте және кеш басталған, олардың эпидемиологиясы мүлдем
басқаша. Флеминг және оны қолдаушылар ерте басталған сепсисті, өмірінің 4-5
күндері басталады дейді. Негзгі инфекция көзі ананың босану жолы, ал
этиологиялық агент рөлін – B және D тобындағы стрептококктар,
коагулазатеріс стафилококктар, грамтеріс ішек бактериялар. Ерте басталған
сепсис түрінде инфекция ошағы болмайды. Кейбір кездерде, септикалық шокпен
ере жүреді. 4-6 күндерден кейін басталғанын кеш басталған жаңа туған
нәрестелердегі сепсис деп қарастырамыз. Әдетте, негізінен постнатальды
кезеңі, ал қоздырғыштары болып коагулазатеріс S стафилококктар, S.aureus,
E.coli, Klebsiella pneumonia. Сирек түрде псевдомонадтар, А топтағы β-
гемолитикалық стрептококктар және өте сирак түрде грамоң листериялар.
Біртектес метастатикалық ошағы болып іріңді менингит
есептеледі.Ауруханаішілік жағдайда пайда болған кеш басталатын сепсисте
негізгі қоздырғыштары: клебсиеллалар, серациялар, акинебактериялар, ал жаңа
туған нәрестелердің 5-10%-да анаэробтар. Соңғы уақытта қоздырғыштар
қатарына саңырауқұлақтарда кіруде, әсіресе Candida albicans. (Шабалов
И.П., Иванов Д.О. Педиатрия. 2003. № 5. С. 45-56. )

Жаңа туған нәрестелердегі сепсис дамуына ықпал ететін негізі
фактораларды жалпылай атауға да, және кейбір авторлар бойынша үш топқа да
жіктеп қарастырсақ болады (Логинова И.А. Неонатальный сепсис учеб.-метод.
пособие, Минск: БГМУ, 2010. 27 с):

1) Табиғи тосқауылдардың инфекцияға қарсы қасиеттерін түсіретін
факторлар. ЖӨВ, ұзақ уақыттығы кіндік және орталық веналардың
катетеризациясы, трхея интубациясы, терінің және шырышты қабаттардың
дефекттері, энтеральды тамақтанудан ұзақ (3 күннен астам) бас тарту..

2) Жаңа туған нәрестелердің иммунологиялық реактивтілігін қанайтын
факторлар. Анамнезінде көптеген түсіктер, анадағы 4 аптаға созылған
гестоз, аяғы ауыр кезінде антибактериялдық терапияның ұзақ курсы,
имунножетіспеушілік жағдайы (ИЖЖ), 12 сағаттай сусыз аралық, асфиксия,
босанулық жарақат, алдыңғы балаларының жүйелік бактериялдық
инфекциядан қайтыс болуы, яғни ИЖЖ тұқымқуалаушылық түріне күдіктену.

3) Баланың жалпы бактерия жұғу қаупін көтеретін факторлар. Анада
бактериялық вагиноздың клиникалық табылуы, босану жолдарында B
топтағы стрептококктардың немесе олардың антигендерінің табылуы,
анадағы созылмалы инфекциялық ошақтары, анадағы босанудан бұрын және
босану кезіндегі бактериялық инфекциялық процесстердің болуы және т.б.

Жоғарыдағы кейбір факторларды бөлек бір топқа жіктеуге де болады, мысалы
ятрогендік себептер: 3 күннен асқан ЖӨВ (трахеяның интубациясы), 3 реттен
көп перифериялық веналардың катетеризациясы, венаішілік инфузияның
ұзақтылығы (10 күннен астам), хирургиялық операциялар.

Сепсистің патогенезі

Сепсистің пайда болуы мен ағымына ерекшелік қасиеті тосқауылдардың
жағдайы, ол бейспецификалық иммунологиялық реактивтілік болып табылады.
Инфекциялардың кіру қақпалары:

1) Терідегі және ауыз, мұрын, қыздардың жыныс мүшелерінің шырышты
қабаттардағы жарақаттанған кез-келген аймақ

2) АІЖ-ның, конъюктиваның, тыныс жолдарының зақымданбаған шырышты
қабаттары

3) Кіндік жарасы және кіндік сымы. Инфекция кіру ошағы іріңдік қабынудың
кейіпін ұстайды: іріңді омфалит, кінді ортасында ұзақ түспеген қанды
қыртыс, пиодермия, іріңді конъюнктивит, остеомиелит және т.б.

4) Криптогендік сепсис (кіру қақпақтары белгісіз)

Бактериемия – бактерияның қанда болуы. Егер бактеремия 1 мл 100000
колониясы болса, септикалық деп саналады. Септицемия – микробтардың және
олардың токсиндерінің қан айналым жүйесінде кездесуі, инфекциялық ошағының
жоқ болуымен сиппаталады. Морфологиялық және гистологиялық түрде
септицемияда паренхиматоздық мүшелерде микробизм және миеолоз болады.
Сепсиспен ауырытын нәрестеде қан тек қана бактериялардың тасымалдануы
орталығы емес, сонымен қатар олардың көбею орталығы. Септицемия
бактериемиядан осымен ерекшеленеді.

Септикалық процесстің негізгі түйіні организмнің қоздырғыштарды жоя
алмауы, ол негізінене иммуножетіспеушілік жағдайымен байланысты. ИЖЖ
инфекциялық процесстен бұрында не қоздырғыштардың әрекетінен және олардың
токсиндерінен немесе өткізілген терапиялардың нәтижесінде пайда болуы
мүмкін. Грамтеріс бактериялардың эндотоксині бейспецификалық түрде
мононуклеарлы фагоциттерді белсендіреді, сол уақытта В-лимфоциттердің,
тромбоциттердің, эндотелиоциттердің поликлональдық активациясын шақырады.
Содан соң, жүйелік қабыну жауабы(септикалық процесстің негізгі сілтемесі)
пайда болады. ЖҚЖС екі стадисын жіктейді. Бірінші стадиясында бактериялық
флораның эндотоксиндерінің әсерінен біріншілік медиаторлардың (қабынуға
қарсы цитокиндер), екіншілік медиаторлардың (интерлейкин 6,8,15), ісік
некроздарының факторы, лейкотриендер, γ-интерферон, бос радикалдардың,
катехоламиндердің гиперпродукциясы болады. Ол қан тамырларда және тіндерде
глюкозаның анаэробты тотығуына әкеледі. Өз кезегінде осыдан, клетка ішілік
лактат-ацидоз, перифериялық қан-тамырлардың қарсыласуы. Микроқанайналым
бұзылысынан, капиллярлардың өткізгіштігі артып(микроайналым жетіспеушілігі)
және қанның реологиялық қасиеттерінің бұзылысы(тромбоциттердің
агрегациясының активациясы, тамырішілік қан ұюы). Осыдан соң ,
капиллярлардағы сұйықтық шығады, яғни ол тіндерге өтеді. Нәтижесінде
гиповолемия, тіндердің гиперперфузиясы, глюкозаның тіндерден шығарылуының
бұзылысы, гипергликемия. Екінші стадияда, перифериялық гемодинамиканың
прогрессиялы нашарлауынан, көпағзалық жетіспеушілік(төменде айтылады)
дамиды.

Жаңа туған нәрестелердің гуморальды иммунитеті қаналмаған, Т-жүйесі
қаналған, ол септикалық процесс көбейгенде ұлғаяды. Әсіресе фагоциттердің
қозғалысы және қорыту функциясы төмендеген. Грамтеріс бактериялардың
эндотоксині тромбоциттен тромбопластикалық субстанциялардың шығуына жағдай
туғызады, комплементті белсендіріп және иммунды жиынтық пен ферментативті
емес тотығып кеткен липид тотығыны есебінен ткань зақымданады,
метаболикалық лактаз-ацидоз, тканьда АТФ тапшылығын тудырады. Бұл
микроциркуляторлы ағынның зақымдануына, ТҚҰ-синдромының дамуына жағдай
жасайды. Жаңа туған нәрестенің бактерия эндотоксиніне, қан гипопротеинінен,
сезімталдығы жоғары. Тұқым қуалайтын бейімділік те болуы мүмкін, өйткені
А(ІІ) қан тобындағы, Н, А антигені анықталған жаңа туған нәрестелер жиі
ауырады. Сепсистің бастапқы кезінде гипаталомо-гипофизарлы бүйрек үсті
жүйесі және басқа организм жүйелерінің белсенділігі артады. Бірақ ұлғайған
токсико-инфекциялық процесс фонында, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нәрестелердің сепсисі
Неонатология – жаңа туылған нәрестелерді күту туралы ғылым
Неонатальді сарғыштану
Конъюгацияланған сарғаю
Механикалық сары ауруды емдеу
Бұзаудағы вирустық пневмонияның өтуі
Патофизиология-2 пәнінен дәріс жинағы
Нәрестелердің гемолитикалық ауруының клиникасы
Шала туылған нәрестелердегі ретинопатия ауруы
Бүйрек аурулары
Пәндер