И.Г. Фихте философиясы


ФИХТЕ ФИЛОСОФИЯСЫ
Мазмұны:
І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім
1. И. Г. Фихте философиясының ерекшеліктері
2. Фихте философиясының негізгі мәселелері
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Кіріспе
Неміс философиясы - дүниежүзілік философиялық ойдың дамуына зор әсер етті. Рухани өмірге терең талдау жасау, тиянақты философиялық жүйе құруға бейімділік - неміс ойшылдарының көбіне тән ерекшелік.
Ендеше, ойлау туралы және ойлау мен заттар туралы ойлаудың арасындағы байланыс қандай деген сұраққа неміс философиясының келесі бір өкілі И. Г. Фихте шешпекші болды. Фихте философиясына талдау жасамастан бұрын, оның Канттың философиясынан қалай жол тауып шыққанын айта кеткеніміз жөн. Бұл жерде Канттың атақты трансцендентальды апперцепциясы үлкен рөл атқарды. Мәселе мынада еді. Сонау жаңа заман дәуірінде Декарт өзінің философиясына негіздей отырып, "Егер мен күмандансам, онда мен ойлағаным, егер мен ойласам, онда менін өмір сүргенім" деген принципке сүйенген еді. Осы принцитің екінші жартысы, яғни ойлау мен өмір сүрудің тепе теңдігі Канттың трансцендентальды апперцепциясының пайда болуына әкелді. Осыған сүйене отырып, Фихте өзіндік сананың маңызын жоғары бағалады, оның ешбір объективті дүниенің заңдарына бағынбайтыны, одан тәуелсіз өмір сүре отырып, ойлаудың ең жоғарғы формасы абсолютті "менге" жететінін негіздеді.
И. Г. Фихте философиясының ерекшеліктері
Иоган Готлиб Фихте (1762-1814 жж. ) - И. Канттан кейінгі неміс классикалық философиясының өкілі. Иена және Лейпциг университеттерінде оқып, білім алған. Бір жағынан алғанда, И. Фихтенің өмір сүрген уақыты Напелеонның Еуропа елдерін жаулап алып, империя құруымен байланысты болса, екінші жағынан, Германияның өзіндегі феодалдық қатынастардың іріп-шіріп, буржуазиялық-демократиялық қоғамға қарай бетбұрысымен байланысты болды.
Сондықтан И. Фихтенің бүкіл жан-дүниесін баурап алған идея - ол неміс халқын азат ету, оған бостандық әперу, екінші жағынан жеке тұлғаның еріктігі үшін күресу, феодалдық адам тәуелділігіне қарсы шығу. Бұл идеяларды философиялық жолмен негіздеу үшін И. Фихте субьективтік идеалистік философия жолына түсіп, өзінің тамаша ойларын дүниеге әкеледі. И. Фихтенің философиясын терең түсіне алмаған замандастары ол жөнінде неше түрлі аңыздар қалдырған. Солардың бірі: Фихте өзінің зайыбымен театрға келгенде, әйелдер бір-біріне сыбырлап: «Фихте мырза, бізді айтпағанның өзінде, өз әйелін басындағы қиялы ғана деп есептей ме екен», - деп күлген екен.
Неміс халқын азат ету жолында Фихте соғысқа өз еркімен кетіп, сүзек ауруынан 1814 ж. қайтыс болады.
Негізгі еңбектері: «Ғалымның міндеті», «Ғылым жөніндегі ілім» , «Неміс ұлтына арналған сөздер» т. с. с.
Адамның еріктілігін, оның моральдық іс-әрекетін негіздеу жолында Фихте тұлғаның рухани белсенділігін көрсетеді, ал оның өзі бүкіл Дүңиенің негізін құрайтын рухани үлкен күштің жалғасы ретінде түсіндіріледі. Фихтенің ойынша, дүниенің бастауы «Үлкен Менге» барып тіреледі. Ол - ешқандай шектелмеген, таза, қайсыбір сезімдіктен жоғары белсенділік, еріктік, іс-әрекеттік, өзін-өзі толығынан танып-білуге ұмтылған, өзінің себебі өзіндегі рух. Сондықтан ол Дүниені өз ішінен жарата алады.
Фихтенің ойынша, Дүниенің өмір сүруінің үш негізі мынандай:
1. Алғашында орасан зор тебіреніс арқылы «Үлкен Мен» өз-өзін анықтап «Мен - Менмін» деген дәрежеге келеді.
2. Келесі сатыда «Мен» өзінен «Мен еместі» тудырып, өзін қарсы қояды. «Мен емес» өз ішінде «кіші Мен» (оның санасы бар) мен бірге табиғатты (оның санасы жоқ) қамтиды. Сонымен «кіші Мен» - ол тарихта өмір сүріп жатқан тұлғалар - тірі адамдар.
3. Соңғы сатыда шексіз «Үлкен Мен» мен өзі тудырған «Мен еместің» арасында, бір жағынан, шексіздікке бағытталған, екінші жағынан, шектелген диалектикалық байланыстар пайда болады.
Сонымен қатар «Мен еместің» өз ішінде адам (кіші Мен) мен Табиғаттың арасында «кіші Меннің» белсенділігі, оның қоршаған ортаны, қол астындағы болмысты өзгерту, «Үлкен Менге» қарай ұмтылу, соған қосылу іңкәрінің негізінде күрделі байланыстар пайда болады. Фихтенің ойынша, «Мен еместің» ішіндегі құрамдас бөлік - табиғат - өз-өзіне жеткілікті, дербес емес, ол тек қана объект, зат, кедергі . Оны субъект - «кіші Мен» әр қашанда іс-әрекет арқылы бұзып, игеріп, өзін-өзі толықтырып, «Үлкен Менге» жақындай түседі. Алайда «кіші Мен» мен «Үлкен Мен» бір-біріне толық ұласып кетпейді: ондай жағдай болғанда ешқандай іс-әрекет қажет болмай қалар еді. Сондықтан бүкіл адамзат тарихы - «Үлкен Менге» - Дүниежүзілік рухқа өне бойы шексіз жақындау. Сонымен «Үлкен Мен» Дүниедегі барлық субъектілер мен объектілерді жаратады. Оның барлық тірі адамдардың санасына қарым-қатынасы бар, бірақ ол өзі шексіз болғаннан кейін, нақтылы тұлға бола алмайды.
Ал енді адамның тұлғалық өзіндік санасына келер болсақ, ол тек қана өзінің «мен еместен», яғни табиғаттан айырмашылығын түсіне келе ғана пайда болады. Олай болса, субъектісіз объект жоқ объектсіз субъект жоқ. Олардың өзара байланысында, әрине, субъект шешуші рөл атқарады, оның рухани күштері, шығармашылық іс-әрекеттері айнала қоршаған ортаны өзгертуге бағышталған. Өзінің ішкі мүмкіндіктерін сыртқа шығарып қана тұлға өз-өзін орнықтыра алады, яғни еріктікке жетеді.
Материалдық дүниені - Табиғатты игеру тарихы, Фихтенің ойынша, адамзат мәдениетінің қалыптасып дамуымен тең. Осы процесте адам тек қана табиғатты игеріп қана қоймай, сонымен қатар өзінің табиғи негіздерін де жетілдіру керек, сонда ғана ол бақытқа жетеді. Осы арада біз Фихтенің тарих философиясына жақындап қалдық.
Фихте философиясының негізгі мәселелері
Фихте философиясында негізінен тарих, дін, мемлекет пен құқық мәселелерін қарастырады.
Тарих философиясы . Тарих мәселелерін Фихте идеалистік мақсатқа лайықтылық жолмен шешеді. Абсолюттік «Мен» (Үлкен Мен) - тарихи дамудың қайнар көзі, анықтамасы және мақсат мұраты. Тарих дегеніміз - ол дүниежүзілік зерденің қалыптасып, күрделеніп шексіз алға ұмтылуы. Әрине, ол жеке адамдардың іс-әрекеттері мен шығармашлығың шабыты арқылы жүзеге асады. Фихтенің ойынша, тарих алға қарай жылжыған сайын, адамның еріктігінің де өрісі кеңейе береді. Адамдар өзінің алдына қойған мақсат-мұраттарын іске асыру жолында табиғатпен (Мен емес) күрделі қарым-қатынасқа түсіп, оның қойған қиын кедер-гілерін жеңіп, белестерінен өтеді. Олай болса, еріктік өрісінің Кеңеюі білімнің өсуімен тығыз байланысты. «Еріктіктің болмысы өзінің ішкі бітімі мен мәні тұрғысынан алып қарағанда білімге тең», деген пікірді Фихте басым айтады. Қоғам өміріндегі адамның өз дарындарын шексіз жетілдіруге қарай ұмтылысы - тарихтың өзегін құрайды. Ал осы ұмтылысқа жасалатын сыртқы құрал - ол мемлекет пен құқық.
Мемлекет пен құқық мәселелері . Фихтенің ойынша, адам әрқашанда әлеуметтік пенде ретінде ғана өмір сүре алады. Олай болса, адамдардың қарым-қатынасын ретке келтіріп отыратын заңдар әрқашанда қоғамға қажет. Осы себепті, Фихте адамзат тарихындағы табиғи, иә болмаса мемлекетке дейінгі сатыны толығынан теріске шығарады. Мемлекет әрқашанда дүниежүзілік тарихта болған.
Бірақ, соған қарамастан, мемлекет адамдардан жоғары тұрған мақсат-мұрат емес, ол - тек қана қоғамды ұйымдастырудың, адам-дардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, ғылым мен білімді, өндірісті ұйымдастыратын құрал ғана. Олай болса, халықтың мемлекетті әрқашанда бақылап отыруға деген құқы бар. Мемлекет саласында істеп жатқан шен иелерінің алауыздығы мен жемқорлығын сынай келіп, Фихте: «Мемлекет - қажетті залымдық, бірақ адамдар мыңдаған жылдардан кейін адамгершілік тұрғысынан кемеліне келген кезде, мемлекет қажет болмай қалады», - деген пікірге келеді.
Сонда ғана, моральдық жетілудің негізінде нағыз адамның табиғи ахуалы» дүниеге келіп, мемлекет, құқық, шіркеу деген құбылыстар келмеске кетеді, - деп қорытады ұлы ойшыл.
Шамасы, Фихтенің бұл ойлары К. Маркс пен Ф. Энгельстің көзқарастарына зор әсерін тигізген болуы керек, өйткені олар адамзат тарихындағы болашақ коммунистік қоғамда да дін, құқық, мемлекет деген нәрселер «жаңа адамға» қажет болмай қалады деп болжаған болатын.
Фихтенің екінші - жоғарыдан ұйымдасқан «жоспарлы эконо-миканы» жасау, адамдардың білім алуға және еңбекке деген құқын қамтамасыз ету, сыртқы басқа елдермен сауда-саттықты жасауды толығынан мемлекетке беру идеялары да күмән туғызбаса керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz