А. С. Макаренко шығармалары негізінде оқушыларды тәрбиелеудің теориялық негіздері



Жоспар

1 А.С. Макаренко шығармалары негізінде оқушыларды тәрбиелеудің теориялық негіздері
1.1 Тәрбиенің теориялық.әдіснамалық негізі.
1.2 А.С. Макаренконың тәрбие және ұжым туралы еңбектеріне педагогикалық талдау.
1.3 А.С. Макаренконың еңбек және отбасы тәрбиесі еңбектеріне педагогикалық талдау.
Бірінші бөлімге қорытынды

2 А.С. Макаренко шығармалары негізінде оқушыларды тәрбиелеудің бағдарламасын жасау
2.1 А.С. Макаренконың педагогикалық мұрасын пайдаланудың маңызы.
2.2 Зерттеу жұмысының мазмұны.
2.3 Өткізілген зерттеу жұмыстарының қорытындысы.

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі. Тәуелсіз мамлекетіміздің құрылуы – қазақ халқының талай ғасырларға созылған ұлт-азаттық күресінің заңды нәтижесі. Қазіргі кезде халқымыздың даму тарихында мүлдем жаңа мазмұндағы саяси кезең басталды.
Тәуелсіздікк жеткізген жол даңғыл болған жоқ, ол ұлы белестерден, қиын-қыстау асулардан тұрды. Болашақ ұлттық мемлекеттің іргетасы осы тарихи кезеңдерде қаланған болатын, сондықтан да азаттық жолындағы қасиеттері де қасіретті күресте еңбегі ерен азаматтарымыздың артына қалдырған мол мұрасымен тарихын зерттеу қазіргі таңда зор маңызға ие болып отыр. «Біз бүгінгі бейбіт тірлігіміз үшін, Қазақстан деп аталатын Республиканың жер бетінде барлығы үшін, тарихтың әр тұсында осы елді, осы жерді қорғаған қайсар жандардың аруағының алдында қашан да қарыздармыз», - деп Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев айтқандай, біздің алдымызда «бабаларының игі дәстүрін сақтайтын», «күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің азаматтары» болатын ұрпақ тәрбиелеу міндеттері жатыр.
Ата-бабамыздың тәрбиеге өте үлкен жауапкершілікпен қарағаны баршамызға аян. Өткен тарихымызға көз жүгіртіп қарасақ, қазақ халқындағы небір шешен, ақын, жыршы, зергер, сәулетші, қара қылды қақ жарған билер мен қазылардың атадан балаға мирас болған тәлімін көреміз. Кез келген халықтың тәрбие беру ісінде өзіне тән ерекшеліктері болатыны секілді, қазақ халқында да, сан ғасырлар бойы жас ұрпақты имандылық пен ізгілікке, адалдық пен әділеттілікке, қарапайымдылық пен мейірбандылыққа, ерлік пен батырлыққа тәрбиелеген ғұлама ғалымдары, шешендері мен билері, батырлары мен ақын-жыраулары болғаны баршаға мәлім.
Оқушыларға тәрбие беруде Ресейдің классик-педагогтары К.Д. Ушинский, А.С. Макаренко, В.А. Сухомлинский үлкен үлес қосты. Олар өз еңбектерінде тәрбиенің маңызды идеяларын қарастырып, бағыттарын көрсетті.
А.С. Макаренк тамаша психолог ретінде бала психологиясын, оның Жан дүниесін жақсы түсіне білді. Ол педагогикалық психологияның, оның ішінде тәрбие психологиясы мен ұстаз психологиясының мәселелерін Жан-жақты талдады. Әсіресе, оның ерекше мән берген мәселелері балалардың борыш және намыс, ерік-қайрат, мінез-құлық және саналы тәртіпті тәрбиелеу мәселелері.

Зерттеу барысында ғылыми әдебиеттерді, оқу-әдістемелік құралдарды жан-жақты талдау, А.С. Макаренко шығармалары негізінде оқушылардың тәрбиесінде А.С. Макаренконың педагогикалық мұрасын пайдалану мәселесінің жете зерттелмегендігін көрсетті.

Демек, А.С. Макаренко шығармалары негізінде тәрбие ісінде педагогикалық мұрасын пайдалану қажеттілігі мен оның теориялық тұрғыдан жүйелі зерттелмеуі арасында; А.С. Макаренко шығармалары негізінде тәрбие ісінде педагогикалық мұрасын пайдалану мүмкіндіктері мен оларды мектепте жеткіліксіз падалану арасында; оларды мектеп практикасында кең көлемде пайдалану қажеттігі мен арнайы жасалған ғылыми-әдістемелік нұсқаулардың жоқтығы арасында қарама-қайшылық анық байқалады. Осы міндеттердің тиімді жолдарын іздестіру біздің зерттеу проблемамызды айқындауға және тақырыпты «Оқушылардың тәрбиесінде А.С. Макаренконың педагогикалық мұрасын пайдалану» деп таңдауымызға негіз болды.

Зерттеудің нысаны – оқушылардың тәрбиесі.
Зерттеудің пәні – Оқушылардың тәрбиесінде А.С. Макаренконың педагогикалық мұрасын пайдалану үдерісі.
Зерттеудің мақсаты – Оқушылардың тәрбиесінде А.С. Макаренконың педагогикалық мұрасын пайдалану теориялық тұрғыда негіздеу және оның мазмұны мен әдістемесін жасау.
Зерттеудің ғылыми болжамы – егер, оқушыларға тәрбие берудің теориялық негіздері айқындалса, А.С. Макаренко шығармаларындағы идеялары және олардың тәрбие берудегі мүмкіндіктері анықталса және оны жүзеге асырудың әдлістемесі жасалып, оқу-тәрбие үдерісіне жүйелі, бірізділікпен ендірілсе, онда тәрбие беруге мүмкіндіктер туындайды, өйткені, бұның бәрі, біріншіден, оқушылардың тәрбиелік мазмұндағы шығармаларға аялы көзқарасы мен қызығушылығын арттырады, екіншіден, сана-сезімін, адами қасиеттерін қалыптастырады.
Зерттеудің міндеттері:
1. Оқушылардың тәрбиесінде А.С. Макаренконың педагогикалық мұрасын пайдалану теориялық негіздерін айқындау;
2. Оқушылардың тәрбиесінде А.С. Макаренконың педагогикалық мұрасын пайдалану мүмкіндіктерін анықтау;
3. Оқушылардың тәрбиесінде А.С. Макаренконың педагогикалық мұрасын пайдалану бағдарламасын жасау және оны тәжірибелік-эксперимент жүзінде практикаға ендіру.
Зерттеудің әдістері: зерттеу проблемасы бойынша ғылыми әдебиеттерге (тарихи, философиялық, филологиялық, әлеуметтану, психологиялық, педагогикалық), оқу-тәрбие үдерісі құжаттарына талдау жасау, бақылау, әңгімелесу, сауалнамалар жүргізу, озық тәжірибелерді зерделеу, эксперимент жүргізу, алынған нәтижелерді өңдеу.
Зерттеудің негізгі базасы:
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.
Кіріспе бөлімінде зерттеудің көкейкестілігі, мақсаты, нысны, пәні, міндеттері, болжамы, әдіснамалық негіздері, әдістері мен негізгі кезеңдері беріледі, ғылыми жаңалығы, практикалық мәне мазмұндалады.
«А.С. Макаренко шығармалары негізінде оқушыларды тәрбиелеудің теориялық негіздері» атты бірінші бөлімінде оқушыларға тәрбие берудің теориялық негіздері айқындалып, А.С. Макаренко шығармашылығындағы педагогикалық идеялары және оның оқушылардың тәрбиелеудегі мүмкіндіктері анықталды.
«А.С. Макаренко шығармалары негізінде оқушыларды тәрбиелеудің әдістемесі» атты екінші бөлімінде А.С. Макаренко шығармалары негізінде оқушыларды тәрбиелеудің мазмұны, формалары мен әдістері, әдістемесі беріледі; эксперимент жұмысын анықтау, қалыптастыру, бақылау кезеңдеріндегі білім деңгейлерінің кесіндісі, нәтижесі мазмұндалады.
Қорытынды бөлімде зерттеудің негізгі нәтижелері, тұжырымдар мен ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беріледі.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1.Ж.Қоянбаев,Р.Қоянбаев. Педагогика.-Алматы, 1998, 2000.
2. Е.Сағындықұлы. Педагогика. - Алматы,1999.
3. С.Қалиев, Ш.Майғаранова, Г.Нысанбаева, А.Бейсенбаева. Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытудық педагогикалық негіздері. - Алматы, 2001.
4. А.С.Макаренко. Тәрбие мақсаты. – М 1958.
5. Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың тәрбие тұжырымдамасы. – А,1995.
6. Азаров Ю.П. Искусство воспитывать. М, 1985г.
7. Амонашвили Ш.А. Размышления о гуманной педагогике. М, 2001г.
8. Беспалько Б.П. Слагаемые педагогической технологии. М,1989г.
9. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі. А., 1995.
10. Журавлев Я.И. Педагогика в системе наук о человеке. М., 1990.
11. Ильина Т.А. Педагогика. М, 1984г.
12. Қазақстан Республикасының "Білім туралы" заңы. А, 1999ж.
13. Караковский В.А., Новиков Л.И., Селиванова Н.А. Воспитание? Воспитание Воспитание! М., 1996 г.
14. Қоянбаев .Ж.Б. Педагогика - оқу құралы. Алматы. Рауан , 1992 ж.
15. Лихачев Б.Т. Педагогика. М, 1996г.
16. Макаренко А.С. Избранные педагогические сочинения в 2 томах. М., 1977.
17. Педагогика. Дәріс курсы. А, 2003ж.
18. Петровский А.В. Личность. Деятельность. Коллектив. М., 1982.
19. Петровский А.В. Личность. Деятельность. Коллектив. М., 1982.
20. Подласый И.П. Педагогика. 1,2 книги. М, 1996г.
21. Подласый И.П. Педагогика. Книга 1.Учебник для студ. пед. вузов; М., Владос, 1999 г.
22. Сластенин Б.А. Педагогика. М, 2002г.
23. Харламов И.П. Педагогика. М, 1990г.
24. Аверичев Ю.П. Организация трудового обучения и воспитания школьников. –М:Педагогика, 1976.– 68 с.
25. Аксенов Д.Е. О трудовом воспитании. – М.: Просвещение, 1982. – 336 с
26. Бескина Р.М., Виноградова М.Д. Идеи А.С.Макаренко сегодня. – М.:Знание,1988. – 79с.
27. Бондаревская Е.В. Нравственное воспитание учащихся в условиях реализации школьной реформы. – Ростов-н/Дону, 1986. – 110 с.
28. Бястинов Г.П. Создаем национальную школу нового типа. // Народное образование Якутии – 1983 – “2– с76 – 77
29. Введенский Б.А.Большая советская энциклопедия. –М.:Гос.науч.издание “БСЭ”., 1954. – Т.26. – 89-91 с.– 652 с
30. Варнакова Е.Д. Творческое использование педагогического наследия А.С.Макаренко в воспитании будущих молодых рабочих. – М.:Высшая школа.,1991. – 445с.
31. Варнакова Е.Д., Зарецкая И.И. Летние практические работы как средство трудового воспитания школьников.//НИИ общей педагогики. АПН СССР.Сб.науч.т. – М.,1978-82 с.
32. Воробьев А.И.теория и практика производительного труда учащихся в условиях реформы общеобразовательной школы. – Ташкент. “ФАН”., 1986. – 110 с.
33. Воронов В.В. Педагогика школы в двух словах. Конспект – пособие для студентов педагогов и учителей. –М.: Педагогическое общество России. – 1999.-192 с.
34. Гордин А.Ю. Педагогическое наследие А.С.Макаренко и современная школа. Кишинев: Штиинца, 1987. – 28 с.
35. Гордин Л.Ю. А.С.Макаренко 1888-1923. –М: Учебно-педагогическое.1963. – 213с.
36. Гермогенова М.Д. Формирование коллектива в лагере труда и отдыха школьников. – Якутск: книжное изд., 1963. 213 с.
37. Грищенко А., Петухов В.Летняя трудовая четверть. –М: Молодая гвардия, 1981. – 205с.
38. Гущин Л.Н., Хилтунен В.Р. Учитель по имени Труд. –М: Политиздат, 1986. – 223 с.
39. Ефимова К.А. Воспитательное пространство: концепция и проблемы моделирования.// Народное образование Якутии. – 1999. – №1. – с.144-147.
40. Золотухин Д.С. Трудовое воспитание сельских школьников: Книга для учителя.– М.: Просвещение,1990.– 159с.
41. Иванович К.А. Андрианов П.Н., Каракашев Г.И. Организация и содержание работы межшкольных учебно-производственных комбинатов// Сб.науч.т. – М: академия пед.наук, 1983. – 102 с.
42. Каиров И.А. Петров Ф.Н.Педагогическая энциклопедия. – М.: Советская энциклопедия, 1968. – Т.3,4. – 879,911с.
43. Коротов В.М. Развитие идей А.С.Макаренко в теории воспитание // Советская педагогика. – 1988. – № 3. – с.21-25.
44. Кондратьев П.П. Функциональная сущность учебного труда школьника в содержании трудового образования. Министерство образования РС(Я), ИПКРО –Якутск: Саха полиграфиздат, 1996. – 96с.
45. Константинов Н.А. и др. История педагогики. Учебник для студентов пед. институтов/ – М: Просвещение, 1982. – 447 с.
46. Крупская Н.К. Сочинение: т.4.с.581.т.5. – 256с.
47. Козлов И.Ф. Педагогический опыт А.С.Макаренко: Книга для учителя / сост. и автор вступ.ст..М.Коротов. – М: Просвещение, 1987. – 159с.
48. Легков Л. Диалектика воспитания // Семья и школа. – 1988. – №12. – с.17-19.
49. Макаренко А.С. Собрание сочинений в 4-х томах. – М: Правда, 1987. – 573с.
50. Макаренко А.С.Педагогические сочинения в 8 томах /Сост.М.Д.Виноградова,
51. А.А.Фролов. – М: Педагогика, 1984. – 400 с.
52. Макаренко А.С. О воспитании /Сост.и автор вступ.ст. В.С.Хелемендик. – М:Политиздат, 1990. – 415с.
53. Михайлова Е.И. О создании необходимых условий для развития сельской школы // Народное образование Якутии. – 1999, – №1. – с.11-18.
54. Неверов В.В.Союз труда и красоты. – М.: Просвещение,1979. – 152 с.
Нежинский Н.П. А.С.Макаренко и современная школа.– Киев: Радянська школа, 1970. – 311 с.
55. Неустроев Н.Д. Семья как источник народного воспитания// Народное образование Якутии. – 1999. – №4. – с. 111 – 114
56. Павлова М.П.Педагогическая система А.С.Макаренко и современность. – М.:Высшая школа, 1980. – 287с.
57. Сухомлинский В.А.Рождение гражданина. Пер.с украинского.М.:Молодая гвардия, 1971. – 336с.
58. Селезнева В.И. Педагогическое наследие А.С.Макаренко и современная школа. – Воронеж.: изд.Воронежского университета, 1981. – 238с.
59. Сидельковский А.П., Кулешова Л.Н., Гуренская Е.С. Актуальные вопросы теории и практика сознательного отношения школьников к труду.// Межвузовский сб.науч.ст.– Ставропольский гос.пед.инст., – Ставрополь, 1983. – 153с.
60. Фрадкин Ф.А. В поисках новых педагогических путей.М:Знание, 1988. – 129 с.
61. Чернышенко И.Д. Трудовое воспитание школьников. – М.: Просвещение, 1981. – 191 с.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
1 А.С. Макаренко шығармалары негізінде оқушыларды тәрбиелеудің теориялық
негіздері
1.1 Тәрбиенің теориялық-әдіснамалық негізі.
1.2 А.С. Макаренконың тәрбие және ұжым туралы еңбектеріне педагогикалық
талдау.
1.3 А.С. Макаренконың еңбек және отбасы тәрбиесі еңбектеріне педагогикалық
талдау.
Бірінші бөлімге қорытынды
2 А.С. Макаренко шығармалары негізінде оқушыларды тәрбиелеудің
бағдарламасын жасау
2.1 А.С. Макаренконың педагогикалық мұрасын пайдаланудың маңызы.
2.2 Зерттеу жұмысының мазмұны.
2.3 Өткізілген зерттеу жұмыстарының қорытындысы.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі. Тәуелсіз мамлекетіміздің құрылуы – қазақ
халқының талай ғасырларға созылған ұлт-азаттық күресінің заңды нәтижесі.
Қазіргі кезде халқымыздың даму тарихында мүлдем жаңа мазмұндағы саяси кезең
басталды.
Тәуелсіздікк жеткізген жол даңғыл болған жоқ, ол ұлы белестерден,
қиын-қыстау асулардан тұрды. Болашақ ұлттық мемлекеттің іргетасы осы тарихи
кезеңдерде қаланған болатын, сондықтан да азаттық жолындағы қасиеттері де
қасіретті күресте еңбегі ерен азаматтарымыздың артына қалдырған мол
мұрасымен тарихын зерттеу қазіргі таңда зор маңызға ие болып отыр. Біз
бүгінгі бейбіт тірлігіміз үшін, Қазақстан деп аталатын Республиканың жер
бетінде барлығы үшін, тарихтың әр тұсында осы елді, осы жерді қорғаған
қайсар жандардың аруағының алдында қашан да қарыздармыз, - деп Қазақстан
Республикасының Президенті Н. Назарбаев айтқандай, біздің алдымызда
бабаларының игі дәстүрін сақтайтын, күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз
елінің азаматтары болатын ұрпақ тәрбиелеу міндеттері жатыр.
Ата-бабамыздың тәрбиеге өте үлкен жауапкершілікпен қарағаны
баршамызға аян. Өткен тарихымызға көз жүгіртіп қарасақ, қазақ халқындағы
небір шешен, ақын, жыршы, зергер, сәулетші, қара қылды қақ жарған билер мен
қазылардың атадан балаға мирас болған тәлімін көреміз. Кез келген халықтың
тәрбие беру ісінде өзіне тән ерекшеліктері болатыны секілді, қазақ халқында
да, сан ғасырлар бойы жас ұрпақты имандылық пен ізгілікке, адалдық пен
әділеттілікке, қарапайымдылық пен мейірбандылыққа, ерлік пен батырлыққа
тәрбиелеген ғұлама ғалымдары, шешендері мен билері, батырлары мен ақын-
жыраулары болғаны баршаға мәлім.
Оқушыларға тәрбие беруде Ресейдің классик-педагогтары К.Д. Ушинский,
А.С. Макаренко, В.А. Сухомлинский үлкен үлес қосты. Олар өз еңбектерінде
тәрбиенің маңызды идеяларын қарастырып, бағыттарын көрсетті.
А.С. Макаренк тамаша психолог ретінде бала психологиясын, оның Жан
дүниесін жақсы түсіне білді. Ол педагогикалық психологияның, оның ішінде
тәрбие психологиясы мен ұстаз психологиясының мәселелерін Жан-жақты
талдады. Әсіресе, оның ерекше мән берген мәселелері балалардың борыш және
намыс, ерік-қайрат, мінез-құлық және саналы тәртіпті тәрбиелеу мәселелері.

Зерттеу барысында ғылыми әдебиеттерді, оқу-әдістемелік құралдарды
жан-жақты талдау, А.С. Макаренко шығармалары негізінде оқушылардың
тәрбиесінде А.С. Макаренконың педагогикалық мұрасын пайдалану мәселесінің
жете зерттелмегендігін көрсетті.

Демек, А.С. Макаренко шығармалары негізінде тәрбие ісінде
педагогикалық мұрасын пайдалану қажеттілігі мен оның теориялық тұрғыдан
жүйелі зерттелмеуі арасында; А.С. Макаренко шығармалары негізінде тәрбие
ісінде педагогикалық мұрасын пайдалану мүмкіндіктері мен оларды мектепте
жеткіліксіз падалану арасында; оларды мектеп практикасында кең көлемде
пайдалану қажеттігі мен арнайы жасалған ғылыми-әдістемелік нұсқаулардың
жоқтығы арасында қарама-қайшылық анық байқалады. Осы міндеттердің тиімді
жолдарын іздестіру біздің зерттеу проблемамызды айқындауға және тақырыпты
Оқушылардың тәрбиесінде А.С. Макаренконың педагогикалық мұрасын пайдалану
деп таңдауымызға негіз болды.

Зерттеудің нысаны – оқушылардың тәрбиесі.
Зерттеудің пәні – Оқушылардың тәрбиесінде А.С. Макаренконың
педагогикалық мұрасын пайдалану үдерісі.
Зерттеудің мақсаты – Оқушылардың тәрбиесінде А.С. Макаренконың
педагогикалық мұрасын пайдалану теориялық тұрғыда негіздеу және оның
мазмұны мен әдістемесін жасау.
Зерттеудің ғылыми болжамы – егер, оқушыларға тәрбие берудің
теориялық негіздері айқындалса, А.С. Макаренко шығармаларындағы идеялары
және олардың тәрбие берудегі мүмкіндіктері анықталса және оны жүзеге
асырудың әдлістемесі жасалып, оқу-тәрбие үдерісіне жүйелі, бірізділікпен
ендірілсе, онда тәрбие беруге мүмкіндіктер туындайды, өйткені, бұның бәрі,
біріншіден, оқушылардың тәрбиелік мазмұндағы шығармаларға аялы көзқарасы
мен қызығушылығын арттырады, екіншіден, сана-сезімін, адами қасиеттерін
қалыптастырады.
Зерттеудің міндеттері:
1. Оқушылардың тәрбиесінде А.С. Макаренконың педагогикалық мұрасын
пайдалану теориялық негіздерін айқындау;
2. Оқушылардың тәрбиесінде А.С. Макаренконың педагогикалық мұрасын
пайдалану мүмкіндіктерін анықтау;
3. Оқушылардың тәрбиесінде А.С. Макаренконың педагогикалық мұрасын
пайдалану бағдарламасын жасау және оны тәжірибелік-эксперимент
жүзінде практикаға ендіру.
Зерттеудің әдістері: зерттеу проблемасы бойынша ғылыми әдебиеттерге
(тарихи, философиялық, филологиялық, әлеуметтану, психологиялық,
педагогикалық), оқу-тәрбие үдерісі құжаттарына талдау жасау, бақылау,
әңгімелесу, сауалнамалар жүргізу, озық тәжірибелерді зерделеу,
эксперимент жүргізу, алынған нәтижелерді өңдеу.
Зерттеудің негізгі базасы:
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.
Кіріспе бөлімінде зерттеудің көкейкестілігі, мақсаты, нысны, пәні,
міндеттері, болжамы, әдіснамалық негіздері, әдістері мен негізгі кезеңдері
беріледі, ғылыми жаңалығы, практикалық мәне мазмұндалады.
А.С. Макаренко шығармалары негізінде оқушыларды тәрбиелеудің
теориялық негіздері атты бірінші бөлімінде оқушыларға тәрбие берудің
теориялық негіздері айқындалып, А.С. Макаренко шығармашылығындағы
педагогикалық идеялары және оның оқушылардың тәрбиелеудегі мүмкіндіктері
анықталды.
А.С. Макаренко шығармалары негізінде оқушыларды тәрбиелеудің
әдістемесі атты екінші бөлімінде А.С. Макаренко шығармалары негізінде
оқушыларды тәрбиелеудің мазмұны, формалары мен әдістері, әдістемесі
беріледі; эксперимент жұмысын анықтау, қалыптастыру, бақылау кезеңдеріндегі
білім деңгейлерінің кесіндісі, нәтижесі мазмұндалады.
Қорытынды бөлімде зерттеудің негізгі нәтижелері, тұжырымдар мен
ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беріледі.

1 А.С. Макаренко шығармалары негізінде оқушыларды тәрбиелеудің теориялық
негіздері

1.1 Тәрбиенің теориялық-әдіснамалық негізі.
Ғаламдық жаһандану жағдайындағы жаңа қоғамда орын алған iрi
экономикалық өзгерiстер мен технологиялық жетiстiктер – қоғам дамуының
қозғаушы күшi болып табылатын бiлiм жүйесiне орасан ықпалын тигiзiп отыр.
Әлемдiк қауымдастықтың бiртұтас бiлiм кеңiстiгiн қалыптастыруға бағытталған
ортақ мүддеге барынша әрекеттенуi – жалпыадамзаттық және ұлттық
құндылықтарды бойына сiңiрген саналы да парасатты тұлғаны тәрбиелеу
қажеттiгiн алға тартып отыр.
Егемендi елiмiзде соңғы жылдар тiзбегiнде жүргiзiлiп келе жатқан
бiлiм реформасына қатысты түбегейлі бетбұрыстар, атап айтқанда әлемде
дамыған мемлекеттердегі білім саясатының негізгі көрсеткіші болып саналатын
12 жылдық білім беру жүйесіне ену қарқыны – қоғамдық ортадағы адамдардың
ерекше пiкiрлерi мен көзқарастарын қалыптастыруға негiз болды. Көптеген
өнеркәсiп орындарының жаңа технологиялық қондырғылармен қайта жабдықталуы -
бiлiм сапасының жаңа деңгейге көтерiлуiне өзгеше талап қойды. Аса қарқынды
белең ала бастаған аталмыш құбылыстарға мемлекет тарапынан терең
талдаунамалар жасалып, ортақ проблеманы бұқара халықпен бiрлесе отырып
атқару мәселелерi жолға қойылуда.
Ел Президентiнiң сөйлеген сөзінде: “..Барлық дүние мектептен
басталады. Сондықтан әлемдік стандартқа сай жалпы орта білім беретін жүйеге
көшіп, педагогтардың кәсіби деңгейі мен жаңа оқулықтар мен біліми
технологиялардың сапасын арттыруымыз қажет..”,- деп, атай келе “Қазақстан
– 2030” бағдарламасында: “...бiздiң жас мемлекетiмiз өсiп-жетiлiп
кемелденедi. Бiздiң балаларымыз бен немерелерiмiз онымен бiрге ер жетедi.
Олар өз заманының жауапты да жiгерлi, бiлiм өресi биiк, денсаулығы мықты
өкiлдерi болмақ. Олар бабаларының игi дәстүрлерiн сақтай отырып, қазiргi
заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс iстеуге даяр болады...”,-
делінген.
Замана жетiстiктерi негiзiнде жас ұрпаққа сапалы бiлiм берудi мақсат
еткен көпшiлiк қауым, халық педагогикасының асыл мұралары негiзiнде саналы
тәрбие берудi әрқашан жадынан тыс қалдырған емес. Соңғы жылдары өткiзiлiп
жатқан ғылыми-практикалық конференциялар мен зерттеуші ғалымдардың
нәтижелерiнде этнопедагогика мұралары назарға iлiніп, оны ұрпақ тәрбиесінде
пайдаланудың қажеттілігі ұсынылуда.
Осы уақытқа дейiнгі тәрбие мәселесімен байланысты зерттелген
еңбектерді төмендегiдей сараптама бойынша жіктедік:
- тәрбие теориясына қатысты еңбектер (Қоянбаев Ж.Б., Болдырев Н.И.,
Бержанов Қ., Мусин Ж., Мұхамбаева А.Х., Подласый И.П., Сейталиев К);
- қазақ этнопедагогикасындағы ұлттық тәрбие мәселелерi (Жарықбаев
Қ.Б., Қалиев С.Қ., Әбiлова З.Ә., Сарыбеков Н.Қ., Ұзақбаева С.А., Наурызбай
Ж.Ж., Қожахметова К.Ж., Жұматаева Е.Ө., Дүйсембiнова Р.Қ., Қабдыразақұлы
Қ., Мұхамбетова С.К., Сәдуақасов Ә., Қоңыратбаева Т.Ә);
- ұлттық тәрбиенiң моделі мен терминологиясы жөнiнде (Бөлеев Қ.,
Беркімбаева Ш.К., Оразбекова К.А);
- оқушылар ұжымындағы тәрбие мәселелерi (Коротов В.М, Сабитова Г.В,
Ходоровская З.А);
- ұйымдық тәрбиенiң теориялық аспектiлерi (Көпжасарова М.Д.,
Байназаров Р., Галузинский В.М., Падалко Т.В);
- оқушыларға сыныптан тыс тәрбие берудiң әдiстемелерi (Құнантаева
К.Қ., Омаров Е.О., Садықова М.К);
- оқушылардың қоғамдық бiрлестiктерiндегi тәрбие жұмыстары
(Иржанова Р.Д., Лебединский В.В., Абаева Н.Б., Мұқанова Б.Ы., Қасенов Е.Р);
- балалар ұйымдарының дамуы мен қалыптасуының тарихи-педагогикалық
аспектілері (Алиева Л.В., Волохов А.В., Литвак Р.А., Искандирова Т.Н);
- халық педагогикасы материалдары негiзiнде оқушыларға ұлттық тәлiм-
тәрбие беру (Төлеубекова Р.К., Қаплиева А.Қ., Садықова М.К., Сайдахметов
Б.С., Байсарина С.С);
- жаһандану жағдайындағы балалар қозғалысының даму тенденциясы және
социокинетикалық ғылыми бағыт алғышарттары (Вульфов Б.З., Фришман И.И);
Еліміздің егемендік алуына байланысты соңғы жылдардағы
педагогикалық зерттеу еңбектерінде ұлттық мәдениетке баса көңіл бөлу
назарға алынды. Әсіресе, мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие берудiң
педагогикалық маңызы жөнiндегi мәселелерге көптеген ғалымдар өз еңбектерiн
арнаған. Онда ұлттық тәлiм-тәрбиенiң генезизi ғылыми-методологиялық тұрғыда
сарапталынып, өз ретiнде мектептегi оқу-тәрбие жұмыстарына ендiру
қажеттiлiктерi ұсынылған. Аталған ғалымдардың еңбектерiн негізге ала отырып
зерттеулер жүргiзген Төлеубекова Р.К., Иманбаева С.Т., Әбдiғаппарова У.М.,
Әбдiлдина С.Қ., Өтемұратова Б.С., Аманжолова А.А., Хасанова Ж.С.,
Жетпiсбаева К.Б., Сырымбетова Л.С., Қаплиева А.Қ., Қисымова А.Қ., Егенисова
А.Қ., Арзымбетова Ш.Ж., Садықова М.К., Сайдахметов Б.С., Байсарина С.С.,
Сыдықов М.Е және басқа ғалымдардың еңбектерiнде ұлттық тәрбие мәселелерi
жеке сала бойынша (экологиялық, эстетикалық, адамгершiлiк, патриоттық,
экономикалық т.б) зерделенгенімен, оны оқушылар ұйымы арқылы ұйымдастырудың
жүйелi әдiстемелерi толығынан айқындалмағанын аңғардық.
Бертін келе мектептегі тәрбие жұмысының өзекті саласы оқушылар
ұжымы арасындағы тәрбие жұмыстарының “бірыңғай жалпыға ортақ тәрбие
жүйесінің” дағдарысқа ұшырау себептері мен жаңа ғасыр жағдайындағы
социокинетика ғылымының оқушылар ұйымының жұмыс мазмұнына түп қазық
болатын идея, яғни жалпыадамзаттық құндылықтар мен ұлттық мәдениетке
сүйенген халықтық-демократиялық принципке негізделген жаңа моделінің
қажеттілігін туындатты.
Тәрбие - қоғамның негізгі қызметтерінің бірі, жеке адамды мақсатты,
жүйелі қалыптастыру процесі, аға ұрпақтың тәжірибесін кейінгі буынға
меңгертіп, олардың сана-сезімін, жағымды мінез-құлқын дамытушы. Ересек буын
қоғамды тарихи өмірде жинақталған тәжірибені, білімді жас буынға тәрбие
процесі арқылы береді.
Тәрбие материалдық игіліктерді өндіруге қабілетті, іскер адамдарды
дайындауға бағытталуы қажет. Басты өндіруші күш - жеке тұлға. Адам жүйелі
түрде күрделі қатынастарға араласып, қоғамдағы қалыптасқан идеяны, саяси
және моральдық көзқарастарды, сенімдерді қоғамдағы адамдардық өмір сүру
тәртібін меңгереді.
Педагогика баланы оқыту, тәрбиелеу тәжірибелерін қорытып, тәрбие және даму
үшін қажетті жағдайларды анықтайды.
Тәрбие үрдісі.
Тәрбие үрдісі – бұл сыртқы мақсат, бағдарлы ықпал мен тұлғаның өзін-
өзі тәрбиелеуін кірістіре жүргізілетін тұлға қалыптастыру, дамыту үрдісі.
Тәрбие үрдісі – көпфакторлы үрдіс. Ондағы көптеген объективті,
субъективті факторлардың әрекеттері бұл үрдістің өте күрделі екенін
байқатады. Субъективті факторлар тұлғаның ішкі қажеттіліктерін білдіріп,
тұлға қалыптасып, өмір сүретін объективті жағдайларды білдіре отырып,
тәрбие міндеттерін табыстиы шешуіне көмектеседі.
Тәрбие үрдісі ұзақ болып келеді. Ол өмір бойы созылады. К. Гельвеций
былай деген: Мен оқуды әлі жалғастырудамын, менің тәрбием әлі біткен жоқ.
Ол қашан бітеді? Менің оған тек өлген соң мүмкіндігім болмайды. Менің бұл
ғұмырым ұзақ тәрбиеден тұрады.
Тәрбие үрдісі – үзіліссіз болады. Мектептік тәрбие үрдісі - бұл
тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің өзара жүйелі, үздіксіз әрекеттену үрдісі.
Тәрбие үрдісі – комплекстік үрдіс, тәрбиелік жұмыстардың мақсаты,
мазмұны, формалары мен әдістерінің бірлігін білдіреді. Жеке тұлғаны
қалыптастыру кезінде бір қасиеттер екінші қасиеттердің дамуына ыңғайлы әсер
етіп отырады.
Тәрбие үрдісі екіжақты сипатта болады. Олар тәрбиешіден
тәрбиеленушіге (тікелей байланыс) және тәрбиеленушіден тәрбиешіге қарай
(кері байланыс).
Тәрбие үрдісінің бағыттарының негізіне мына идеялар жатады:
1. Тәрбие мақсаттарының шынайы болуы.
2. Үлкендер мен балалардың біріккен іс-әрекеті.
3. Өзін-өзі тану.
4. Тәрбиенің тұлғалық бағыты.
5. Өз еркіндігі.
6. Ұжымдық бағыты.
Тәрбие принциптері
Тәрбие үрдісінің принциптері – бұл тәрбие үрдісінің мазмұнына,
әдістеріне, ұйымдастыру жолдарына қойылатын негізгі талаптарды айғақтайтын
жалпы бастау ережелері. Тәрбиеші оларды таңдамайды, басшылыққа алады,
солардың талабы тұрғысынан күрделі, жалпы немесе дербес, нақты мәселелердің
шешімін іздейді. Педагогикалық үрдістің жалпы принциптерінен нақты тәрбие
принциптерінің өзгешелігі – тәрбие міндеттерін шешудегі педагогтар ұсынатын
ортақ ережелер екендігінде жатыр. Мектеп өмірінде әр түрлі тәрбие
принциптері қолданылады.
Тұлғалық бағыт принципі. Тәрбие үрдісінде тұлғалық бағыт принципі
тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктері мен даралығын, әсіресе жалпы және жеке
адами қасиет-сапалары мен мүмкіндіктерін ескеру негізінде іске асырылады.
Адами қасиет-сапалар мәні: тұлғаның өмірлік бағыт-бағдары, тіршілік
жоспары, құндылықты бағамдары, қалыптасқан жандүниелік ұстамдары, іс-
әрекеті мен мінезіндегі басымды сеп-түрткілер.
Тәрбиенің идеялылығы мен мақсатылылығы. Тәрбиенің алдына қоғам
болашағына берік сенімі бар азаматтарды қалыптастыру міндеті қойылады. Кез-
келген тәрбие жұмысының құндылығы оқушылар ұжымының идеялық өмірін
байытумен, оқушылар санасын ғылыми білімінің дұрыстығына берік сендірумен,
қоғамдық-саяси белсенділігін, жоғары моральдық және азаматтық сапаларын
қалыптастырудағы ықпалымен бағаланады.
Тәрбиенің жеке тұлғалық және қоғамдық бағыттарының бірлігі принципі.
Озат ойлы педагогтар тәрбиені өсиет пен өнеге, сендіру және зорлау
жәрдемімен адамдарды нәзік шақтан іс-әрекетке қосып, игерілген ережелерді
тұрмыста қолдануға үйретуші қоғамдық құрылым ретінде таныған. Бұл принцип
бойынша педагогтың барша қызметі өсіп келе жатқан әулет тәрбиесін
мемлекеттің тәрбиелік стратегиясына сәйкес орындауға және әлеуметтік
үйлесімге келген тұлғаны қалыптастыруға бағытталуы тиіс.
Тәрбиенің бірмәнділігі. Тәрбие принциптері жалпыға бірдей ортақ
ережелер ретінде бірмәнді болып келеді, олардың арасында біреуін бірінші
кезекте орындау керекті немесе ертеңге қалдыра салуға болатын сияқты
негізгі немесе қосалқы принциптері болмайды.
Тәрбиенің өмірмен, еңбекпен, қоғам құрылысының практикасымен байланыс
принципі. Бұл принциптің мәні қоғамның экономикалық, әлеуметтік және рухани
қатынастарын, өмір шындығының моралі және әсемділікке көзқарасын тәрбие
ісінде қолдану болып табылады. Осы принципті жүзеге асыру оқушыларды
өмірге, еңбекке, мамандықты саналы таңдауға толық дайындаудың шынайы
алғышартын жасайды.
Өнеге-үлгіге арқа сүйеу принципінің талаптарының бәрі қарапайым болып
келеді. Олар мыналар: педагогтар адамдағы жақсы қасиеттерді анықтауға
міндетті, соларға сүйене отырып, әлі толық қалыптаспаған немесе кері
бағыттағы қасиеттерді үнемі дамытып, оларды қажетті деңгей мен Жан-жақты
үйлесімге жеткізуі қажет.
Ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу. Бұл тәрбие жұмысының жетекші
принциптерінің бірі. Педагогика ғылымы балалар мен жас өспірімдердің топтық
және ұжымдық өмірін, олардың тұлғасының рухани байлығының, әлеуметтік
белсенділік пен жауапкершілік сезімі қалыптасуының міндетті шарты деп
қарайды. А.С. Макаренко ұжымды адамның біртұтас түрлі сапалары жаттығып,
қалыптасатын гимнастика залы, сондықтан тәрбие жүйесі ұжым болып
ұйымдастырылған педагогикалық іс-әрекет процесін басқаларынан жоғары қояды
– деп көрсетті.
Тәрбие гуманизациясы принципі. Бұл принциптің талаптары:
- тәрбиеленуші тұлғасынақарау;
- оның құқықтары мен тәуелсіздігін сыйлау;
- тәрбиеленушіге саналы ойластырылған талаптар қою;
- қойылған талапты орындаудан бас тартқан кезде де оның ұстанымын
құрметтеу;
- адамның өзімен-өзі болу құқығын қолдау;
- тәрбиеленушінің санасына тәрбиенің нақты мақсатын жеткізу;
- қажетті сапалардың қиналыссыз, зорлықсыз қалыптасуы;
- тұлғаның қадір-қасиетін төмендететін дене және басқа да жазалаудан бас
тарту;
- тұлғаның нанымдарына қандай да бір себептермен қайшы келетін қасиеттерді
қалыптастырудан аулақ болу құқығын мойындау.
Тәрбиенің оқушылардың жас және дербес ерекшеліктеріне сәйкестігі.
Бұл принципті жүзеге асырпу оқушылар іс-әрекетінің мазмұны мен
мүмкіндіктеріне сәйкес болуын талап етеді. Әрбір бала-өзінше ерекше бір
бітім. Сондықтан олардың әрқайсысына тәрбие беру оқушы бойындағы қажеттілік
пен қызығушылыққа сүйеніп, оны қанағаттандыратын және оқушының тәртібі мен
іс-әрекетінің негізі болатын жаңа қажеттіліктер мен қызығушылықтарды
туғызатын түрлер мен тәсілдерді таба білгенде ғана мүмкін болады.
Міндет – бұл мақсатқа жету жолдарындағы бір саты, орындалуы қажет
нәтиженің бір бөлігі, осы бөлік өзінің іс-әрекеттік бітімін таппаса, жалпы
нәтиже де жоқ.
Дүниетаным - тәрбиенің маңызды міндеттерінің бірі. Дүниетаным -
адамның табиғат пен әлеуметтік орта, қарым-қатынас, іс-әрекетінің бағыты
туралы көзқарастары. Дүниеге көзқарас ғылым негізінде дүниенің даму
заңдылықтарын танып білу.
Ақыл-ой тәрбиесі - оқушылардың ойлау қабілетін, дүниеге ғылыми көзқарасын
қалыптастыру, ғылыми білім жүйесін меңгерту. Ақыл-ой тәрбиесінің басты
міндеттері: оқушыларды табиғат және қоғам жайындағы ғылыми білімдермен
қаруландыру; ойлау қабілеттерін жетілдіру арқылы (абстракттілі, ой
операциялары талдау, синтез, салыстыру, жинақтау, саралау, т.б.) таным іс-
әрекетін (іскерлік, дағды, бақылау, жазып алу, өзін-өзі бақылау, т.б.)
дамытып, ғылыми көзқарасын қалыптастыру.
Адамгершілік тәрбиесінің міндеттері: гуманизм, адалдық, батылдық,
төзімділікті қалыптастыру; адамға сүйіспеншілік, құрмет, қайырымдылық
сезімін дамыту; оқушыларды өз міндетіне, өзгенің мүддесіне байыпты қарауға
үйрету; өз Отанын сүюге, ұлттар достығын құрметтеуге тәрбиелеу;
Еңбек тәрбиесінің негізгі міндеттері:
а) оқушыларды іскерлікке, еңбек дағдысына үйрету;
ө) оқушыларды халық шаруашылығының басты салаларымен, еңбек түрлерімен
таныстырып, мамандық таңдауға тәрбиелеу;
б) озық еңбек дәстүріне тәрбиелеу.
Эстетикалық тәрбие міндеттері:
• бейнелеу өнері (кескіндеме, графика, мүсін) көркемөнер шығармашылығы
(көркем өдебиет, музыка, театр, кино) арқылы баланың сезімдері мен
талғамдарын дамытып, сұлулық туралы ұғымдарын қалыптастыру
• эстетикалық құралдарды пайдалануға дағдыландыру.
• әсемдікке үлесін қосуға тәрбиелеу.
Дене тәрбиесі міндеттері: оқушылар ағзасын дамыту; жастарды еңбекке, Отанды
қорғауға даярлау, төзімділікке, батылдыққа, ептілікке, іскерлікке,
тәрбиелеу.
Тәрбиенің әдістері.
Тәрбие әдісі (гректің методос - жол деген сөз) – бұл мектеп
тәжірибесінде тәрбиеге қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін пайдаланылатын
жол, тәсілдер – тәрбиелеу саласына, еркіне, сезіміне, іс-әрекетіне әсер ету
шаралары.
Тәрбие тәсілі – жалпы әдістің бөлігі, жеке дара әрекет, нақты іс.
Тәсілдер – бұл тәрбиешінің қойылған мақсатқа тез жету үшін тәрбиеленушімен
бірге салатын соқпақ жолы.
Тәрбие құрал-жабдығы – бұл қолданымдағы тәсіл емес, бірақ әлі
әдістікке жете қоймаған шара.
Герцен атындағы Санкт-Петербург мемлекеттік педагогикалық
институтының ғалымдары (Т.Е. Конникова, Г.И. Щукина) жасаған тәрбие
әдістерін жіктеу 3 топқа бөлінеді.
Бірінші топ – тәрбиеленушілердің іс-әрекеттеріндегі, қарым-
қатынасындағы. Мінез-құлқындағы жағымды тәжірибені қалыптасытыру әдістері:
талап, қоғамдық пікір, үйрету, жаттықтыру, арнайы тәрбиелік ситуация.
Екінші топ. Жеке адамның санасын қалыптастыру әдістері (ұғым,
байымдау – пікірін айту, баға беру, сендіру). Бұл топтың әдістері: саяси,
жтикалық әңгіме, әңгімелесу, пікірталас, лекциялар, өнеге.
Үшінші топ – мақтау және жазалау әдістері. Мақтаудың түрлері:
қолдау, қуаттау, алғыс айту, мадақтау. Мақтау әдісі мына жағдайда нәтиже
береді:
- балалардың мақтау алуға іштей сенімді талпыныстары болуы;
- мақтау арқылы тәрбиеленушіні ұжымның қалған мүшелеріне қарсы қоймау;
- мақтаудың қылық-ісіне сай болуы;
- мақтау арқылы оқушыға жекелей шешім табуды үйрету;
- мақтаудың шындыққа негізделуі.
Жазалау – бұл балаға қоғамдық талап қою, оның мінез-құлқында
байқалатын теріс қылықтарды тежеу тәсілдері. Жазалауда жабырқанқылық
болмайды, ол болған қателікке қайғыру-дейді А.С. Макаренко.
Төртінші топ. Бақылау, өзін-өзі бақылау және тәрбиеде өзіне-өзі
баға беру әдістері: педагогикалық бақылау, әңгіме, сұрау (анкета, ауызша),
қоғамдық пайдалы іс-әрекеттерінің нәтижелерін талдау, балалар ұйымдарының
тапсырмаларын орындау.
Оқу мен тәрбие егіз, оларды бір – бірінен бөліп қарауға болмайды.
Ұлы данамыз Әл – Фараби Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі
керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы десе, ал В. Белинский
Бала тәрбиесіне ерекше мән берілуі керек, тәрбиенің арқасында болашақ
адамзат тағдырының негізгі мәселесі шешіледі деп білгірлікпен дөп басып
айтқан.
Бала тәрбиесі - өте күрделі процесс. Оның күрделігі бесіктен бастау
алып, үнемі уақытпен, бала көңіл – күйімен, жеке қабілетімен,
икемділігімен, тізгінді үнемі қадағалау қажеттігімен ұғындырылады. Ойлап
қарасақ, тәрбие баланың бал дәуренінен бастап азамат болғанға дейін тәні
мен жанына төрт – бес арнамен құйылады:

Тәртіптің ең тамаша мектебі – отбасы, Ұяда не көрсең, ұшқанда
соны ілерсің дейді халқымыз. Иә, ұрпақтың тәрбиесі-қоғамның болашағы және
оған аса зор жауапкершілікпен қарау - әрбір саналы азаматтың борышы. Ел
боламын десең, бесігіңді түзе,- деп М.Әуезов көрегендікпен дәл айтты емес
пе? Бала тәрбиесінің дұрыс жолға түсуі оны қоршаған ортаға, әсіресе отбасы
мен ұстаздар қауымының парасаттылығына байланысты. Мемлекетімізде қазіргі
таңда сапалы білім берумен қатар, болашақ жастарды рухани – адамгершілікке
тәрбиелеудің де зор қажеттігі туындап отыр. Әлеуметтік жағдайлардың
өзгеріске ұшырауы білім беру мекемелеріндегі тәрбие жұмыстарын тоқырауға
әкелді. Қазіргі кезеңде тәрбиеге және тәрбие жұмыстарына деген жаңаша
көзқарас қалыптасуда, олардың ізгілік мәні тереңірек ашылуда. Тәрбие даму
ретінде қарастырылады, яғни ол педагогикалық қарым-қатынаста адамдық
сапаларды сақтау және қалпына келтіру.
Тәрбие жұмысы - педагогтардың нақты міндеті, яғни шәкірт тұлғасын
сомдау мәселесін саналы түрде шешуге бағытталған үйлесімді іс-әрекеті.
Тәрбие және тәрбие жұмыстары әр баланы қайталанбас тұлға ретінде
қарап, оның өзгеше қасиеттерін дамытуы қажет. Әрбір бала - тұлға, өзінше
бір әлем, ал әр педагогтың міндеті әр тұлғаны көре білу, жүректеріне жол
табу. В.А.Сухомлинский: Әлемде адам тұлғасынан күрделі, одан бай ешнәрсе
жоқ, - деп жазған. Бүгінгі күнде барлық ұстаздардың алдындағы мақсат -
өмірдің барлық саласында белсенді, шығармашылық іс-әрекетке қабілетті,
еркін тұлға тәрбиелеу болып табылады. А.С.Макаренко тәрбиенің мемлекеттік
міндеті негізінде педагогикалық міндет қойып, педагогтардың жұмысын
бақылауға алуға болатындығын атап көрсетті. Ол "Тәрбиенің негізгі мақсаты
баланы жан-жақты дамыту" - деген ұсынысты қолдады,
Халықтың болашағы - ұрпағы, ұрпақтың тәрбиесі – ұстазда. Ұстаздың
мұраты - жетілген, толыққанды азамат тәрбиелеу. Ал толыққанды азамат
қалыптасу үшін – ақыл-ой тәрбиесі, имандылық, еңбек, эстетикалық, тілдік
қатынас, дене тәрбиесі, сонымен қатар экологиялық, экономикалық, жыныстық,
патриоттық тәрбие берілуі тиіс. Тәрбиенің қалыптасуы – ұстаз, бала, ата-ана
еңбегімен байланысты екендігі айқын. Демек, бұлар береке–бірлікпен жұмыс
істеп, бұзылмайтын, айнымайтын темір тәртіпке бас игенде ғана іс оң нәтиже
таппақ. Бұл ұлдың еркіндігіне, қыздың шіркіндігіне қойылытын жоғары талап.
Сондықтан да осы үш негіз бірлесе отырып жұмыс жасаса өкінбейтініміз анық.
Тәрбие мәселесін тек мектеп пен ұстаздар қауымының мойнына арта
салумен іс бітпейді. Оның нәтижелі болуы ата-аналар мен қоғамдық ортаның
тәрбие ісінен шет қалмай белсене араласуына, адам тәрбиелеудегі
жауапкершілікті бірлесе қөтеріп, жұмыла істеуге тікелей байланысты. Ол
жөнінде Қазақстан Республикасының Білім туралы заң жобасында Ата-аналар
балалардың өмірі мен оқуы үшін олардың денсаулықтарын, рухани әрі дене
қуатының қауіпсіз дамуын, адамгершілігі жағынан дұрыс қамтамасыз етуге
міндетті делінген.
Тәрбие үрдісінде ұстаздың білім өресі мен әдіскерлік шеберлігі,
жеке басының үлгісі, шешуші роль атқаратынын ұмытуға болмайды. Шәкірттер өз
ұстаздарының жүріс-тұрысына, мінез–құлқына, іс-әрекетіне, дүниетану
көзқарасына еліктемей тұра алмайды. Орыстың ұлы педагогы К.Ушинский:
Тәрбиенің қайнар көзі тек адамның жеке басының өнегесіне негізделген.
Ешқандай жарғы да, бағдарлама да, ешқандай орынның жасанды әрекеті де оның
орнын баса алмайды деп текке айтпаған.
Оқушы жастардың жүрегін тебірентіп, ой-сезіміне әсер ету үшін
біріншіден, тәрбиеші ұстаздың саяси сауатты, жан–жақты энциклопедиялық мол
білімі болуы шарт, екіншіден, тәлімгер ұстаз өз бойындағы білімді оқушы
жүрегіне еркін ұялата аларлықтай әдіскерлік шеберлігі қажет, үшіншіден,
мұғалім оқу–тәрбие үрдісін жүргізу кезінде оқушының психологиялық ой-
өрісінің өсу, даму дәрежесін бақылай, тамыршыдай тап басып білетіндей
сезімтал психолог болуы керек. Яғни А.Н.Толстойша айтқанда Мұғалім өн
бойына өз ісіне, шәкіртіне деген сүйіспеншілікті жинақтаса ғана ол нағыз
ұстаз.
Егеменді ел болып, етек-жеңімізді енді ғана жинап болған қазіргі
шақта халқымыздың тәлім–тәрбиесін игерген, рухани бай, ел болашағын
ойлайтын, парасатты да саналы азамат тәрбиелеу-біздің, ұстаздардың басты
міндеті. Білім мен тәрбиені сабақ барысында ұштастырып, бірлікте оқыту -
әрбір ұстаздың басты шарты болса, сынып жетекшілері тек сабақта ғана емес,
сабақтан тыс уақытта да іздене жүріп, оқушылардың бойына тәрбиенің, соның
ішінде ұлттық тәрбиенің, ең ізгісін, ең асылын сіңіре білуі керек.
Қазіргі таңда тәрбиенің теориясымен практикасының өзекті
мәселелерінің бірі білім – тәрбие жүйесінің мақсатын белгілей білу.
Мәселен, мен оқушыларымның бойынан қандай қасиеттерді көргім келеді
немесе болашақта қандай азамат болып өссе екен деп ойлаймын, осындай
сауалдарға жауап іздеу барысында оқушыларға тәлім – тәрбие берудегі басты
– басты мақсаттарды анықтап алуға болады. Жаңа заман адамдарын тәрбиелеуде
ұстаз қауымына өмірдің өзі осыны талап етіп отыр. Ал ұстаздардың осы талап
тұрғысынан табылуы, олардың адам тәрбиесіне өнер деп қарап, үнемі
шығармашылықпен іздене жүргізуіне, мектеп басшыларының күнделікті бақылау
басшылығына, әр ұстаздың бойындағы жақсы қасиетті, өнегелі істі танып көре
білуіне, оны үлгі-өнеге етуіне байланысты демекпін.
Егеменді еліміздің ертеңі өткен тарихымызбен тығыз сабақтасып
келеді. Жаста берген тәрбие – жас шыбықты игендей, - деп Ы. Алтынсарин
айтқандай халқымыздың сан ғасырлық тарихынан өзек тартатын рухани мұрасын
ұрпақ бойына сіңіргенде ғана еліміздің жұлдызы жанып, әлемдік мәдениетке
ұмтылары айқын.
Ел басшысынан бастап даладағы еңбекшіге дейін мектеп босағасынан
өтіп, тәрбие алып шығатыны белгілі.
Тәрбие жолы - қиын жол. Өмірді өрнектейтін адам –ұстаз шәкірт
алдындағы парызын ешуақытта ұмытпайды. Мүлт етсе үлкен қателік жіберіп
алатынын біледі. Ал тәрбиеде кеткен қателікті түзеу оңай іс емес.
Мектептегі әр ұстаз ізденуді, білім беруді, баулуды, тәрбиелеуді,
шығармашылықпен еңбек етуді абыройлы міндет, айбынды мақсаты деп біледі .
Жас ұрпақты білімді, жан- жақты етіп өсіруге әрбір ата-ана, мектеп және
бүкіл жұртшылық болып қатысу керек. Сондықтан да ұстаздар қауымы, сапалы
білім бере отырып, еліміздің болашақ жастарын ұлағаттылыққа тәрбиелейік!

1.2 А.С. Макаренконың тәрбие және ұжым туралы еңбектеріне педагогикалық
талдау.

А.С.Макаренко педагогикалық қызметте табысқа жетудің бірінші
қолайлы шарты болып табылатын тәрбиенің мақсатын анық та және айқын
елестете білу деп түсінді, онсыз ешқандай да тәрбие жұмысы мүмкін емес.
Оның айтуынша, қабілетсіз немесе “бұзылған” бала “сәтсіз педагогтардың”
ойлап тапқандары, барлық “бұзылғандық, тәртіпсіздік және балалардың
қылмескерлігі туа біткен және түзетуге болмайтын сапалар емес”.
Макаренко бүгінгі “бұзылған бала ертең қабілеті жануы мүмкін, отанының
нағыз азаматы, Социалистік Еңбек ері болып шығады”,-деп есептеды.
Макаренконың айтуынша, педагог оптимист болуға тиіс, алдағы бақытты балалық
шақты көре білуі керек, адамға оптимизммен қарау керек.
А.С.Макаренко буржуазиялық және ұсақ буржуазиялық педагогиканы қатты сынға
алды. Буржуазиялық және ұсақ буржуазиялық педагогика құрғақ жаттауға және
баланың жеке басын басып-жанщуға, соқыр бағынуға негізделген авторитарлық
педагогикадан “еркін тәрбие” анархистік теориясына негізделді.
Макаренко жұмыс бастаған жылдары Горький атындағы колонияда көптеген
педагогтар “еркін тәрбие” теориясының рухында тәрбиеленген болатын-ды. Ұсақ
буржуазиялық “еркін тәрбие” теориясын жақтау балаларда эгоизмді,
тәртіпсіздікті және басқа жағымсыз қылықтарды тәрбиелейді.
Адамды неғұрлым құрметтеген сайын, соғұрлым талап қоя білу керек. Макаренко
адамның шығармашылық күштеріне, оның үлкен мүмкіншіліктеріне терең сене
білді. Макаренконың гуманизмі оптимизммен тығыз ұштасады, әрбір
тәрбиеленушінің жағымды жақтарын көре білді.
Макаренко педагогикалық теория тәрбиенің практикалық тәжірибесін жинақтауға
құрылуын талап етті. Горький атындағы колония мен Дзержинский атындағы
коммуна мектептерінде бағдарламалық материалды орналастырудың кешенді
жүйесі қолданылмады. Макаренко оқу пәндерін біржүйелі оқытудың жақтаушысы
болды, ол оқыту үрдісін кез-келген бұрмалаушылыққа “Дальтон-жоспарға”,
“жобалау әдісіне” қарсы болды.
Ол еңбек тәрбиесі үрдісіндегі бұрмалаушылыққа қарсы болды.
Еңбекке тәрбиелеуге ерекше мән бере отырып, Макаренко оқушылардың бұлшық ет
энергиясының тәрбие жұмысымен байланыссыз өнімсіз шығынына қарсы болды.
Макаренко кейбір педагогтардың сол кездегі америка прагматистік
педагогикасымен алынған “Еңбек – бүкіл мектеп жұмысының орталығы” деп
аталатын дұрыс емес ұранға қарсы болды. Бұл ұран бойынша, мектеп өмірінде
еңбек дағдыларына ерекше мән берілді, біржүйелі жалпы білім алуға зиян
келтірді.
А.С. Макаренко кезінде Егер біреу-міреу педагогикалқы тәжірибенің
мәнін қысқаша ғана формуламен қалай анықтар едіңіз деп сұрай қалса, мен
оған адамға мүмкіндігінше үлкен талап қою және құрмет көрсету деп жауап
берер едім, - деген екен.Мұғалім бұл принципті ескере отырып, оқушының
күшіне, қуатына, жігеріне ерік беретін, әрекеттеріне және қылықтарына ықпал
ететін, өзінің құлқын сезінуін және өз тәртібіне деген жауапкершілікті
түсіндіретін өзіндік стилі мен тоны (сарыны) бар қатынастарды таңдайды.
Егер талап ету ізденумен, қате түсінікпен байланыссыз болса, онда ол адамға
деген құрметтің жоғары болғаны. А.С. Макаренконың айтуына қарағанда,
белгілі бір шамада қателесу бола тұрса да, адамға үміт болжамы тұрмысынан
қарау керек. Оқушының бойындағы рухани нәрсені біліп, оған сүйеніп, оның
сеніміне иек артумен қатар, мұғалім оқушының өз тәжірибесін дамытумен
айналысуға дайындығын іске қоса білуі керек. Яғни, оқушының бір жерде
қателесіп қалғанына қарамай, оған сенім артып, күш-жігер беріп, өзіне деген
сенімін бойына қалыптастыра білу мұғалімнің міндеті болып келеді. Оқушы
тұлғасы қалыптасуының басқарылуын қамтамасыз ету – тәрбиенің негізгі және
тиімді құралдарын толық, тиімді пайдалана білу болып табылады. А.С.
Макаренко өз тәжірибесінде тәрбиедегі шешуші роль атқаратын нәрсе
оқшауланған құралдар емес, керісінше, олардың үйлесімді құрылған жүйесі
екенін дұрыс және нақты көрсетті. Адам еңбектің, танымның, ұжымның, қарым-
қатынастың субъектісі ретінде іс-әрекет барысында қалыптасады.

А.С. Макаренконың ұжым туралы ілімі.
Оқушылар ұжымы – тәрбиенің шешуші факторы және біздің қоғам
жағдайында бала өмірін ұйымдастырудың негізгі формасы. Жеке тұлғаның дұрыс
дамуы үшін ұжымда қолайлы жағдай болғаны қажет. Тұлға ұжымнан жан-жақты
даму мүмкіншілігін алатындықтан, ұжымда тұлғаның бас бостандығы болуы басты
шарт болып табылады.
Кеңес мектебі әлемде бірінші болып, жеке тұлғаға бағдарланған
тәрбиеден бас тартып, тәрбие іс-әрекетінің негізіне ұжымды қалады. Ұжым
тәрбиелік талпыныстар орталығына айналды, оны қалыптастыру мектептің
негізгі міндеті болды. Ұжым проблемасын педагогика ғылымының қайраткерлері
және халық ағарту органдарының озат өкілдері А.В. Луначарский, Н.К.
Крупская, А.С. Макаренко, П.П. Блонский, С.Т. Шацкий, В.А. Сухомлинский аса
зор көңіл аударып зерттеді.
А.С. Макаренко жеке адамды ұжымда тәрбиелеудің бір ізді педагогикалық
теориясын жасады. Оның идеялары қазіргі уақытқа дейін құндылығын сақтауда
және іс-әрекеті, қарым-қатынас, дәстүр сияқты проблемалары ұжым өмірінде
шығармашылық дамудың негізі болды.
Біздің бірінші тәрбиелеу мақсатымыз болуға тиіс ұжымның өзінің
социалистік сипатынан туындайтын әбден айқын қасиеттері болуы керек -
дейді А.С. Макаренко.
Ұжым адамдарды тек ортақ мақсатында және ортақ еңбегінде ғана емес,
осы еңбекті ортақ ұйымдастыруда да біріктіреді. Бұл жердегі ортақ мақсат
бүкіл ұжымның мақсаты. Жалпы мақсат пен жеке мақсаттың қарым-қатынасы
қарама-қарсылық қатынасы емес, тек жалпының жекеге қатысы.
Жеке оқушының әрбір әрекеті, оның әрбір сәттілігі немесе сәтсіздігі
жалпы іс құрамындағы сәтсіздік, немесе ортақ істегі сәттілік деп бағалануға
тиіс. Осындай педагогикалық логика ұжым мүшелеріне сіңуі тиіс.
Ұжым кеңестік қоғамның бір бөлігі болып табылады, ол барлық басқа
ұжымдармен байланыста болады. Ұжым қоғам алдында жауапты, өйткені тек ұжым
арқылы оның әр мүшесі қоғамға кіреді. Ұжымның мақсатына жету, ортақ еңбек,
ұжымның парызы мен намысы жеке адамдардың кездейсоқ қыңырлығының ойыны бола
алмайды. Ұжым – ол әлеуметтік организм, демек оның ұжым мен қоғамның
мүдделерін қорғауға өкілетті басқарушы және үйлестіруші органдары бар.
Ұжымдық өмір тәжірибесі тек басқа адламдармен көршілік тәжірибесі
емес, бұл өте күрделі мақсатқа сай ұжымдық қозғалыстардың өте күрделі
тәжірибесі, олардың ішінде ең көрнекті орынды өкім ұстанымдары, талқылау,
көпшілікке бағыну, жолдастың жолдасқа бағынуы, жауапкершілік және келісім
ұстанымдары алады.
Ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу – Макаренконың жүйесінде ең
негізгі орталық идея, оның бүкіл педагогикалық қызметі мен барлық
педагогикалық қағидаларының өзекті мәселесі болып табылады. Балалар ұжымын
және жеке тұлғасын ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеуді ұйымдастыру
теориясын жасағаны А.С. Макаренконың үлкен жетістігі болып табылады. А.С.
Макаренко тәрбиелеу жұмысының негізгі міндеті ұжымды дұрыс ұйымдастыруда
деп білді. Марксизм – бізді тұлғаға қоғамнан, ұжымнан тыс қарауға
үйретеді, - деді ол. Кеңес азаматының маңызды сапалары оның ұжымда өмір
сүре білуі, адамдармен ұдайы қарым-қатынасқа түсуі, еңбек ету, өзінің жеке
қызығушылықтарын ұжым қызығушылықтарына бағындыру болып табылады.
А.С. Макаренко кеңес педагогикасының адамгершілік мақсаттарымен сай
болатын және шығармашыл нысаналы тұлғаның қалыптасуына ықпал ететін балалар
кеңселерін ұйымдастыру формаларын тапжылмай іздеді. Бізге тәрбиелеу
саласында көп пайдасын әкелетін балалар қоғамы өмірінің жаңа формалары
керек. Педагогикалық ойдың тек үлкен қуаты ғана, тек жүйелі талдау ғана,
тек шығармашылық және тексеру ғана бізді осы формаларға әкеле алады, - деп
жазды ол. Тәрбиелеудің ұжымдық формалары кеңестік педагогиканы буржуазиялық
педагогикадан айырықшалайды. Мүмкін біздің тәрбиелеу жүйеміздің
буржуазиялықтан негізгі ерекшелігі осында жатқан шығар: біздің балалар
ұжымымыз міндетті түрде өсуі және дамуы керек, алдында тек ең жақсы болашақ
күнді көруі және соған жету үшін көңілді жалпы күш-қуаты болуы және
тапжылмас көңілді арманда болуы керек. Мүмкін нағыз педагогикалық
диалектика осында шығар, - деп жазды А.С. Макаренко. Үлкен және орта
ұжымдық бірліктердің мүлтіксіз жүйесін құру қажет, олардың қарым-
қатынасының және бір-біріне деген тәуелділіктің жүйесін құрастыру, әр
тәрбиеленушіге әсер етудің жүйесін құрастыру, сонымен бірге педагогтар,
тәрбиеленушілер және кеңсе жетекшілерінің арасында ұжымдық және жеке
тұлғалық қатынас орнату керек деп санады А.С. Макаренко.
“Біздің тәрбиенің міндеті ұжымшылдықты тәрбиелеу болып табылады”,-деп жазды
А.С.Макаренко өзінің “Менің педагогикалық тәжірибемнің кейбір
қорытындылары” атты мақаласында.
Макаренконың айтуынша, ұжым дегеніміз адамдардың жай ғана жиынтығы,
немесе кездейсоқ топтаса салуы емес, ол жалпы мақсатқа жетуді алға міндет
етіп қойған, қоғамға пайда тигізуге ұмтылушылардың тобы.
Макаренконың түсіндіруінше, әрбір жеке тұлғаға әсер ету үшін ұжымға әсер
ете отырып, оның әрбір мүшесі болып табылатын жеке тұлғаға әсер етуге
болады. Бұл қағиданы “параллельді әсер ету қағидалары” деп атады. Бұл
қағида ұжымның талаптары іске асады. “Параллельді әсер ету қағидасы”, бірақ
дара әсер ету қағидасын қолдануды, педагогтың жекеленген тәрбиеленушіге
тікелей, жанама әсер етуді жоққа шығармайды. Ұжымның тәрбиелік мәнін
айқындай отырып, А. С. Макаренко нағыз ұжымның жалпы мақсаты болуы, жан-
жақты іс-әрекеттермен шұғылдануы керек, ұжымның өмірі мен жұмысын бағыттап
отыратын мүшелер болуы керектігін айқындады. Ұжымның ұйымшылдығы мен
дамуының маңызды шарты, ұжым мүшелерінің алға жылжудың саналы
перспективасының болуы. Қойылған мақсатқа жеткеннен кейін, одан да көңілді
және көп жақсы нәтижелер беретін басқа мақсат қою керек, бірақ міндетті
түрде социализмді құрушы кеңес қоғамының алдында тұратын жалпы
перспективалық мақсаттардың саласындағы мақсат болуы тиіс.
А. С. Макаренко тәрбиелеуші кеңсенің педагогикалық ұжымы жауап беруі
тиіс талаптарды, және оның тәрбиеленуші ұжымымен қарым-қатынасының
ережелерін алғаш қалыптастырды және ғылыми түрде негіздеді. Макаренконың
ойынша, ұжымды басқару өнері, оны жалпы күш-қуатты біріктіруді, еңбек
етуді, ынтаны талап ететін белгілі мақсатқа еліктіру болып табылады. Бұл
жағдайда мақсатқа жету үлкен қанағаттанушылық береді. Балалар ұжымы үшін
сергек, көңілді атмосфера қажет.
Ұжымның негізгі заңдарының бірі “ұжымның қозғалыс заңы” деп атады
Макаренко. Егер ұжым алдына қойған мақсатты орындаса, бірақ ол болашаққа
жаңа мақсаттар қоймайтын болса, онда ұжым мүшелерін жігерлендіретін ұмтылыс
болмайды, қол жеткен табыстарға тоқмейілсу басталады, ондай ұжымның
болашағы болмайды. Ондай жағдайда ұжымның дамуы тоқталады. Ұжым әруақытта
да қызу өмір сүруі, белгілі мақсатқа ұмтылып отыруы қажет.
Осыған сәйкес Макаренко алғаш рет “Болашақ жолдар жүйесі” қағидасы
педагогикаға ұсынып, жан-жақты талдады.
“Алдында ешқандай қуанышы болмаса, адам жарық дүниеде тіршілік етіп жүре
алмайды. Адам өмірінің ең жақсы аты-шулы қозғаушысы, ертеңгі қуаныш”,-деп
жазды Макаренко.
Балалар ұжымының дамуы, Макаренко бойынша, әруақытта да жүріп
отыруға тиісті, дамуды педагогикалық ұжым бағыттап отырады, ал оның алға
қозғалысының өте тиімді жолдарын шығармашылықпен іздестіреді.
Ұжымның өмір сүруінің ең негізгі заңын Макаренко ұжымның қозғалысы, өсуі
және дамуы деп атады.Оның пікірінше, онсыз біздің қоғамның өміршең бөлігі
ретінде ұжымды елестету мүмкін емес. Горький атындағы колония мен
Дзержинский атындағы коммунадағы өзінің педагогикалық тәжірибесінде осы
ережені қатаң сақтады, колонистер мен коммунарлардың ұмтылысын және
ешуақытта тоқтап қалуға болмайтынын, әруақытта алға жүріп отыру ептілігін
орынды тәрбиелеу, алға мақсат қоя білу қабілеттілігі және соны орындай
білу.
Макаренко балалар ұжымы өмірінде берік ұйымдасқан активке ерекше
мән берді, оны педагогтың ең жақын тірегі деп қарады. Ол колония
тәрбиеленушілердің ішінен актив ядросының бөлінуіне қуанды, оның толығуына
қуанды, оны тәрбиелеу туралы қамқорлық жасады.
Колонистер өздерін тең құқылы колонияның иегерлері ретінде сезінді. Олар
колониядағы дербестіктен және белсенділіктен қуаныш сезіміне бөленді,
екінші жағынан, тапсырылған іске деген міндеттілік және жауапкершілік
сезімін кешірді.
Балалар ұжымын құруды, оны тәрбиелеуде Макаренко жетекші рольді педагогтар
ұжымына арнады. Педагогтар ұжымынсыз ол балалар ұжымын тәрбиелеу және әрбір
жекеленген баладан ұжымшылдықты тәрбиелеу мүмкін емес деп есептеді.
А.С. Макаренко жеке тұлға тәрбиесінің қоғамдық бағыттылығын ерекше
атап өтті. Ұжымда тек жай ғана мейірімді, жақсы адам болу жеткіліксіз, адам
ұжымның мүддесімен өмір сүруге үйренуі және білуі тиіс. Ұжымның белгілері:
1)Тәрбиенің мақсаты мен объектісі ұжым болып табылады, адам ұжымнан тыс,
жалғыз дамымайды.
2) Ұжым адамдарды жалпы мақсатқа, еңбекке, еңбекті ұйымдастыруға
біріктіреді.
3) Ұжым барлық ұжымдармен байланысты қоғамның бөлігі болып табылады.
4) Ұжымның ұйымдастырушылары, яғни өзін-өзі басқару органдары және өкілдері
болады.
А.С. Макаренко ұжымаралық қатынасқа көп көңіл бөлді. Қалыптасқан
ұжымның ерекше белгілері ретінде мыналарды ескерді: 1) үнемі сергектік, іс-
әрекетке дайындық; 2) өзінің қадірін сезіну; 3) ұжым мүшелерінің достық
бірлігі; 4) ұжымның әр мүшесі өзінің қауіпсіздігін сезінуі; 5) іс-әрекет,
қимыл белсенділігі; 6) дер кезінде ұстамдылыққа әдеттенуі, эмоциялары мен
қатынастағы тым артық кетпеу үшін өзіне шек қоя білуі.

Ұжымның даму кезеңдері.

Ұжым болу үшін топ сапалы өзгерістердің әртүрлі жолдарынан өтуі
қажет. Бұл жолды А.С.Макаренко бірнеше кезеңдерге бөледі.
Бірінші кезең – ұжымның қалыптасуы (алғашқы ұйымдасудың сатысы). Бұл
кезеңде ұжым ең алдымен педагогтың тәрбиелік ықпалдарының мақсаты ретінде
қызмет атқарады, ұйымдасқан топты ұжымға айналдыру, демек, әлеуметтік-
психологиялық қоғамдастық, онда оқушылардың қарым-қатынасы олардың
бірлескен қызметінің мазмұнымен, оның мақсаттарымен, міндеттерімен,
құндылықтарымен анықталады. Бұл кезеңде ұжым іс-әрекетінде белсенді, ынталы
оқушыларға сүйену керек.Ұжымның өміріне мұндай әдіс-тәсіл сыныпта белсенді
жұмыс істейтін оқушылар тобын көбейтуге және балалар мен мұғалімдердің
жұмысты бірлесіп істеуіне әсер етеді. Бірінші кезеңнің аяқталуы үшін
төмендегідей мәселелерді еске алу керек:
- ұжымды нығайтып, дамытуға бағытталған мақсат, міндеттерді белгілеу;
- ұжым іс-әрекетінің дамуы;
- жеке адамдардың арасында қарым-қатынас, іскерлік және гуманистік
қатынастардың пайда болуы;
- ұжымның барлық мүшелері қолдайтын, дауыс беретін белсенділер тобының
бөлінуі.
Мұғалімнің негізгі қызметі – оқушылардың ұжымдағы іс-әрекетін,
қатынастарын ұйымдастыру, ұжым мүшелерін әр түрлі іс-әрекеттеріне
қатыстыру, балаға педагогикалық ықпал жасайтын құрал ретінде ұжымды
пайдалану.
А.С. Макаренко тәрбие жұмыстарын барлық ұжым мүшелерін тәрбиелеуден
бастағанда ғана ұжымды нығайтуға болады дейді.
Ұжымды ұйымдастырушы – педагог, одан барлық талаптар тарайды.
Бірінші саты сол уақытта аяқталған деп есептеледі, егер ұжымда актив
қалыптасып, жұмыс істесе, тәрбиеленушілер жалпы мақсаттың, жалпы іс-
әрекеттің және жалпы ұйымдастырудың негізінде топтасқан.
Екінші кезеңде активтің ықпалы күшейеді. Актив педагогтың
талаптарын тек ғана қолдап қоймайды, сонымен қатар өзі ұжым мүшелеріне
талап қояды. Бұл кезеңде белсенді топпен жұмыс істеудің маңызы зор. Мысалы,
жұмысты бірігіп жоспарлау, әр түрлі оқу, қоғамдық еңбек тапсырмаларын
орындау, әрбір ұжым мүшелеріне көмектесу, іс-әрекеттерін бакылау т.б.
Екінші кезеңге тән ерекшелік ұжымның құрылымының тұрақтауы. Ұжым бұл
кезеңде тұтас жүйе ретінде жұмыс жасайды, онда өзін-өзі ұйымдастырудың және
өзін-өзі реттеудің механизмдері әрекет ете бастайды. Ұжым өз мүшелерінен
белгілі мінез-құлық нормаларын талап етуге қабілетті, соған байланысты
талаптарының көлемі бірте-бірте ұлғаяды. Сонымен, ұжымның дамуының екінші
кезеңінде жеке тұлғаның белгілі сапаларын мақсатты тәрбиелеудің құралы
ретінде жұмыс істеді.
Бұл кезеңде педагогтың негізгі мақсаты ұжымның мүмкіншіліктерін ұжымның
алдындағы міндеттерді шешу үшін барынша пайдалану. Практикалық тұрғыдан
ұжым тәрбие субъектісі ретінде өз дамуының белгілі деңгейіне жетеді.
Бұл кезеңде ұжымның дамуы қарама-қайшылықтарды жеңумен байланысты:
ұжым мен жеке оқушылардың арасында; ұжымның алдағы талаптарының дамуы;
жалпы және дара перспективалардың ара-қатынасы; Сондықтан да ұжымның
дамуында серпіліс, тоқтау, кері кету болуы мүмкін. Ұжымның бұл даму
кезеңінде параллельді ықпал жасау принципі қолданылады, яғни тұлғаға талап
қою ұжым арқылы жүзеге асырылады.
Үшінші және одан кейінгі кезеңдер ұжымның көркеюімен, шарықтауымен
сипатталады, онда қоғамдық пікір пайдаланылады. Қоғамдық пікір –
талаптарды, пікірлерді, бір-бірлерінің ойларын бағалау бірлігі болып
табылады. Бұл кезеңдерде одан бұрынғы кезеңдермен салыстырғанда айрықша
сапаларымен ерекшеленеді. Бұл кезеңнің даму деңгейін көрсету үшін ұжым
мүшелерінің бір-біріне қойылатын талаптарының деңгейі мен сипатын көрсетсек
те жеткілікті. Ұжым өмірінде, оқушылардың арасында жалпы барлық істі
бірлесіп орындаудың арқасында ұжымдық, гуманистік қатынастар өрбиді, ұжымда
тілектестік, бір-біріне ілтипатты болу,қамқор болу, жолдастарының
қуанышына, мұқтаждығына үн қатуға дайын тұру, мінез-құлық нормасын сақтау,
нормаға бағыну сияқты қасиеттер пайда болады. Егер ұжым дамудың осы
сатысына жеткен болса, онда ол тұтас адамгершілік тұлғаны қалыптастырады.
Сондықтан да кейбір педагогтар төртінші және одан кейінгі кезеңдерді
қарастырады. Бұл кезеңде әрбір мектеп оқушысы өзіне-өзі белгілі талаптарды
қоя алады, адамгершілік нормаларды орындау оның қажеттілігі болып табылады,
тәрбие үрдісі өзін-өзі тәрбиелеу үрдісіне ауысады.
Ұжым даму сатыларында үлкен және кіші дәстүрлерді қалыптастырады.
Ұжым өмірінде дәстүрдің үлкен тәрбиелік маңызы зор. А.С. Макаренконың
айтуынша, дәстүр ұжымды бекітіп, ұжымдағы қарым-қатынасты нығайта түседі.
Дәстүрлер – тәрбиеленушілерді эмоционалды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мақаренконың педагогикалық жүйесінің кілті - баланың жеке басын ұжым арқылы оқыту идеясы
Төменгі сынып оқушыларының білім сапасын арттыру жолдары
Оқушыларды қазақ батырларының қаһармандық бейнесі арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу
Ауыл мектебі оқушыларының адамгершілік қасиетерін қалыптастыру
Оқушылар ұжымы туралы түсінік
ЕРЛІК ДӘСТҮРЛЕРІ НЕГІЗІНДЕ ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ ҰСТАНЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТӘЖІРИБЕСІ
Бастауыш сынып оқушыларына бiлiм беруде ұжымдық iс-әрекетке тәрбиелеу
Эстетикалық тәрбиені қалыптастырудың педагогикалық негіздері
Мектептегі оқу тәрбие үрдісінде оқушыларды рухани адамгершілікке тәрбиелеу
А. С. МАКАРЕНКО ТАҒЫЛЫМДАРЫН БАСТАУЫШ МЕКТЕП ПЕДАГОГИКАСЫНДА ПАЙДАЛАНУ ӘДІСТЕМЕСІ
Пәндер