Ауылшаруашылық жануарларының улануы



I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
2.1. Улы заттардың жіктелуі..
2.2. Ауылшаруашылық жануарларының улану себебі мен сипаты.
2.3. Удың жануарлар ағзасына әсері, малдың улы заттарға сезімталдығы, ағзаның жағдайы..
2.4. Удың ағзаға ену жолдары, ағзадан удың бөлінуі..
2.5. Удың ағзаға таралуы және оның талғамалы әсері, улы заттардың ағзадағы күйі және оларды залалсыздандыру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.6. Жіті және созылмалы уланулар туралы түсінік, улануды клиникалық бағалау ... ..
2.7.Уланудағы болжау, уланған мал өлексесіндегі патологиялық.анатомиялық өзгерістер...
2.8. Улануды емдеудің жалпы принциптері, улану кезінде көрсетілетін алғашқы көмек, уланудың алдын алу...
2.9. Токсикологиялық талдау, химиялық .токсикологиялық тексеру үшін сынама алу, орап.қаптау және зертханаға жіберу, токсикологиялық талдаудың негізгі тексеру әдістері.
ІІІ.Қорытынды...
ІV.Пайдаланылған әдебиеттер
Қазіргі кезде улар қатарына жатқызылатын заттардың саны орасан зор. Ғылымның, оның ішінде химияның дамуы , яғни жыл сайын жаңа химиялық қосылыстардың синтезделуі, улы заттардың санын одан әрі көбейтіп отыр. Улы заттардың жіктелуінің қажеттілігі бұрыннан белгілі еді. Алайда фармакология және токсикология мамандары қәзіргі кезге дейін улы заттарды бірыңғай жіктей алмай отыр. Себебі, оларды әртүрлі қасиеттеріне немесе әсер ету айырмашылықтарына қарай топтастыру көбінесе, шартты мағынада ғана жүзеге асырылады. Улы заттарды химиялық принциппен жіктеу өте қиын. Себебі, химиялық құрылымы өте ұқсас заттардың токсикологиялық әсері әртүрлі болуы мүмкін . Улы заттардың ағзаға әсері, ең алдымен, оның мөлшеріне байланысты. Фармакопея бойынша дәрі-дәрмектердің бір мезгілде берілетін немесе тәуліктік ең жоғарғы мөлшері болатындығын білеміз. Ал, бұл мөлшерден асып кеткен жағдайда ағзаның улануы (dosіs toxіca) немесе өлімге душар болуы (dosіs letalіs) мүмкін. Емдік мақсатқа қолданылмайтын, бірақ, улы заттар қатарына жатқызылатын заттардың уландырғыш мөлшері токсикологиялық әдістер арқылы анықталынады.
1. Телеуғали Т.М., Қырықбайұлы С., «Малдәрігерлік-санитариялық сараптау және малшаруашылығы өнімдерінің технологиясы мен стандарттау негіздері», Алматы,1998 ж.
2. Шуклин Н.Ф., Кырыкбайулы С. и др. «Экспертиза доброкачественности и радиационной безопасности продуктов. Их стандартизация и сертификация»,
3. Макаров В.А. Ветеринарно-санитарная экспертиза с основами технологии и стандартизации продуктов животноводства: учеб. / В.А. Макаров, В.П. Фролов, Н.Ф. Щукин. – М.: ВО Агропромиздат, 1991. – 463 с.
4. Житенко П.В. Ветеринарно-санитарная экспертиза продуктов животноводства: Справочник / П.В. Житенко, М.Ф. Боровков. – М.: Агропромиздат, 200. – 335 с.
5. https://stud.kz/referat/show/58587 ғаламтор желісі

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
I.Кіріспе ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
II.Негізгі бөлім
2.1. Улы заттардың жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2. Ауылшаруашылық жануарларының улану себебі мен сипаты ... ... ... ... ... ..
2.3. Удың жануарлар ағзасына әсері, малдың улы заттарға сезімталдығы, ағзаның жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.4. Удың ағзаға ену жолдары, ағзадан удың бөлінуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.5. Удың ағзаға таралуы және оның талғамалы әсері, улы заттардың ағзадағы күйі және оларды залалсыздандыру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.6. Жіті және созылмалы уланулар туралы түсінік, улануды клиникалық бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.7.Уланудағы болжау, уланған мал өлексесіндегі патологиялық.анатомиялық өзгерістер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.8. Улануды емдеудің жалпы принциптері, улану кезінде көрсетілетін алғашқы көмек, уланудың алдын алу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.9. Токсикологиялық талдау, химиялық .токсикологиялық тексеру үшін сынама алу, орап.қаптау және зертханаға жіберу, токсикологиялық талдаудың негізгі тексеру әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
ІІІ.Қорытынды ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ІV.Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

І. КІРІСПЕ
Қазіргі кезде улар қатарына жатқызылатын заттардың саны орасан зор. Ғылымның, оның ішінде химияның дамуы , яғни жыл сайын жаңа химиялық қосылыстардың синтезделуі, улы заттардың санын одан әрі көбейтіп отыр. Улы заттардың жіктелуінің қажеттілігі бұрыннан белгілі еді. Алайда фармакология және токсикология мамандары қәзіргі кезге дейін улы заттарды бірыңғай жіктей алмай отыр. Себебі, оларды әртүрлі қасиеттеріне немесе әсер ету айырмашылықтарына қарай топтастыру көбінесе, шартты мағынада ғана жүзеге асырылады. Улы заттарды химиялық принциппен жіктеу өте қиын. Себебі, химиялық құрылымы өте ұқсас заттардың токсикологиялық әсері әртүрлі болуы мүмкін . Улы заттардың ағзаға әсері, ең алдымен, оның мөлшеріне байланысты. Фармакопея бойынша дәрі-дәрмектердің бір мезгілде берілетін немесе тәуліктік ең жоғарғы мөлшері болатындығын білеміз. Ал, бұл мөлшерден асып кеткен жағдайда ағзаның улануы (dosіs toxіca) немесе өлімге душар болуы (dosіs letalіs) мүмкін. Емдік мақсатқа қолданылмайтын, бірақ, улы заттар қатарына жатқызылатын заттардың уландырғыш мөлшері токсикологиялық әдістер арқылы анықталынады. Қазіргі кезде токсикологияда уытты заттардың улылығын анықтайтын негізгі критерилері (улы заттардың токсиметриялық өлшем бірліктері) - LІM ac, ЛМо (LDо), ЛМ50 (LD50) және ЛМ100 (LD100) деген халықаралық көрсеткіштер қолданылады. Сонымен бірге, улы заттардың уытты мөлшері, малдың 1 кг тірі салмағына уытты заттың 1 мг мөлшерінің әсері арқылы анықталынады (мгкг). Егер заттың улылығы 1-2 мгкг болса, онда ол өте улы және керісінше улылық мөлшері 1000мгкг (1гркг) болса, улылығы аз зат болып есептелінеді. Кез келген заттың ағзамен әсерлесуіне, оның физикалық күй- жағдайы ықпал ететіндігі белгілі. Бұл жағдай улы заттарға да тән қасиет. Улы заттар тірі ағзаларға барлық үш агрегаттық күйде (қатты, сұйық , газ) әсер ете береді. Улы заттардың ағзамен әсерлесуі барысында удың ерігіштік қасиеті маңызды міндет атқарады. Себебі, ерігіштік қасиеті неғұрлым жылдам болған сайын оның сіңгіштігі де соғұрлым жоғары болады да, әсер етуі тез арада пайда болады. Сонымен бірге, ерігіштігі жоғары заттардың ағзаға таралуы да шапшаң. Яғни, олардың мүшелерге де әсер етуі тез болады. Асқазан-ішек сөлдерінің де көптеген заттарды жақсы ерітетін қасиеттері бар. Суда немесе ағза сөлдерінде ерімейтін заттар әдетте денеге сіңбейді және олардың ешбір токсикологиялық маңыздылығы болмайды. Мысал ретінде сынап қосылыстарының токсикологиялық жағдайын қарастырып көрейік: Сулема (HgС12)- ерігіштігі өте жоғары улы зат, ал каломель болса (HgС12) ерігіштігі жоқ, дәрі есебінде қолданылатын зат. Әсер ету уақыты бойынша қатты күйдегі улар сұйық уларға қарағанда баяуырақ әсер береді. Газ және өте ұсақ дисперсті (аэрозоль) күйдегі заттардың әсері өте тез дамиды. Заттың улылығына - оның химиялық құрамының да ықпалы зор. Мысалы, мышьяктың бейорганикалық қосылыстары (мышьякты қышқылдармен оның тұздары) күшті улы заттар болса, оның органикалық қосылыстарының (атоксил қышқылы мен оның тұздары т.б.) улылығы өте төмен заттар. Зат улылығы оның негізгі қосылыстарының құрылымына әртүрлі спецификалық топтар және радикалдар (OH, NH2,CH3,т.б.) енуіне де байланысты. Кейбір жағдайда құрамындағы радикалдарға байланысты зат уыттылығы төмендейді немесе керісінше жоғарылайды. Мысалы: бензол молекуласына гидроксил (ОН) тобы енгізілсе, ол фенолға, ал амин тобы енгізілсе (NH2) - анилинге, метил радикалы (СН3) енгізілсе - толуолға айналады. Бұл заттардың әрқайсысының улылығы әртүрлі болып қана қоймай, олардың ағзаға әсері және ағзаның қарсы жауап реакциясыда әр алуан болып келеді. Улылық қасиет заттардың әртүрлі химиялық реакцияларға (тотығу, тотықсыздану алмасу, орын басу т.б.) түсу ерекшеліктеріне де байланысты.

ІІ.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
0.1 Улы заттардың жіктелуі.
Жалпы барлық уытты заттар осы заманғы жіктеу бойынша үлкен 2 топқа бөлінеді: 1. Эндогендік улар - әртүрлі патологиялық құбылыстар кезінде ағзаның өзінде пайда болатын улар (нитрат, нитрит, индол, скатол т.б.). 2. Экзогенді улар - ағзаға сыртқы ортадан келетін уытты заттар. Экзогендік улы заттар өз кезегінде мынадай түрлерге бөлінеді: минерал тектес, өсімдік тектес, органикалық, бейорганикалық және жануар тектес уытты заттар. Минерал тектес уытты заттарға: ауыр металл тұздарын жатқызамыз. Органикалық уытты заттарға : пестицидтер, органикалық қышқылдар т.б. жатады. Өсімдік тектес уытты заттарға: алколойдтар, гликозидтер, сапониндер, эфир майларын жатқызуға болады. Жануар тектес уытты заттарға : жылан, балық, өрмекші және әртүрлі буынаяқтылар уы, бактерия, вирус және басқада микроорганизмдердің токсиндері жатады. Әдетте эндогендік улардың токсикологияға жанама ғана қатысы бар, сондықтан, экзогенді улар негізгі зерттеу нысандары болып табылады. Мұнан басқа мал дәрігерлігі саласында - токсикологияға тікелей қатысы жоқ ерекше улар тобы - бактериалық улар деп аталатын улар болады. Сондай-ақ, уытты заттар тегіне байланысты органикалық, органикалық емес, табиғи және жасанды жолмен алынатын улар деп те бөлінеді. Ауыл шаруашылығы өндірісін кең көлемде химияландыру, минералды тыңайтқыштарды, өсімдіктерді әртүрлі аурулардан, зиянкестерден, арам шөптерден қорғау үшін қолданылатын химикаттардың, жасанды азықтық қоспалардың көп қолданылуы оларды белгілі бір ретпен жіктеуді талап етеді. Әдетте, уларды қолданылуына, уыттылық дәрежесіне, қауыптілігіне және т.б. ерекшеліктеріне байланысты жіктеген жөн. Өндірістік қолданылуына байланысты пестицидтер (зиянкестерге қарсы қолданылатын уытты заттар) мынадай топтарға бөлінеді: 1. акарицидтер - кенелерге қарсы қолданылатын заттар.
2. арборицидтер - пайдасыз бұталар мен ағаштарды жою үшін қолданылатын заттар
3. альгицидтер - су қоймаларындағы балдырларды жоятын заттар.
4. аттрактанттар - зиянды шыбын-шіркейлерді еліктіргіш заттар.
5. афицидтер - өсімдік битіне қарсы қолданатын заттар.
6. гербицидтер - арам шөптерді жоятын заттар.
7. дефолианттар - техникалық дақылдарды машинамен жинау кезінде өсімдіктердің жапырақтарын түсіретін заттар.
8. десиканттар - өсімдіктерді құрғататын заттар.
9. зооцидтер немесе родентицидтер - кеміргіштерге қарсы қолданатын заттар.
10. инсектицидтер - зиянкес жәндіктерді жойғыш заттар.
11. моллюскоцидтер немесе лимацидтер - ұлулар мен олардың шырыштарына қарсы қолданылатын заттар.
12. ларвицидтер - жәндіктер дернәсілдеріне (личинкаларына) өлтіре әсер ететіндер.
13. нематоцидтер - жұмыр құрттарға қарсы қолданылатын заттар.
14. овицидтер - шыбын шіркейдің жұмыртқаларын жоятын заттар.
15. ретарданттар - өсімдіктердің өсуін реттейтін заттар.
16. репеленттер - жәндіктерді үркітуге арналған заттар.
17. фунгицидтер - әртүрлі зиянды саңырауқұлақтарды жойғыш заттар.
18. ихтиоцидтер - зиянкес арам балық түрлерін жоюға арналған химиялық заттар.
19. хемостерилянттар - зиянкес шыбын-шіркейлерді ұрықсыздандыратын немесе еркегінен ұрғашысын айырғыш заттар.
20. Антитрактанттар - зиянды жәндіктерді өзінен алшақтататындар.
Химиялық құрамы бойынша өндірісте пестицидтер негізгі үш топқа бөлінеді:
-органикалық қосылыстар (фосфорорганикалық, хлорорганикалық, жасанды пиретройдтар, нитрофенолдар, тио- және дитиокарбамин,триазин туындылары);
-бейорганикалық қосылыстар (сынап, мыс, циан, родон және фтордың құрамдас қосындылары);
- бактерия, вирус, саңырауқұлақ және өсімдік өнімдерінен (немесе өмір сүруге қабілеті бар өнімдерінен) алынатын пестицидтер (пиретриндер, антибиотиктер).
2.2Ауылшаруашылық жануарларының улану себебі мен сипаты.
Экзогенді улармен уланудың барлық түрінде улану себебі айқын болғанымен, улы заттардың ағзаға енуі кезіндегі оның жағдайы мен шарттары әртүрлі болады. Сондықтан, уланудың жағдайы мен себебін анықтағанда, төмендегідей сұрақтар шешімін тапқаны дұрыс болар еді. Біріншіден, шаруашылықта улы химикаттар түріндегі кездесетін улы заттар бар ма немесе кездесе ме, соны анықтап алу керек. Улы химикаттарға - фтор, барий, мышьяк, сынап, мырыш және басқа заттар, сондай-ақ, инсектицидтер, гербицидтер, фунгицидтер, дефолианттар және т.б. жатады. Бұл категорияға кейбір минералды тыңайтқыштарды да жатқызуға болады. Кәзіргі уақытта, мұндай пестицидтерді қолданбайтын бірде-бір шаруашылық жоқ. Сондықтан да, олардың тек қана номенклатурасын, санын, әр препараттың қасиетін, пайдалану туралы сипаттамасын ғана емес, сонымен бірге, шаруашылықтағы жануарлар мен ұштасу мүмкіндігін есте ұстап, білу керек. Уланудың себебін анықтағанда, су көздерінің (бұлақ, бастау, көл, өзен) жағдайына да көңіл аудару керек. Себебі, ашық ағын сулар химиялық заттармен ластануы мүмкін, әсіресе олар, зауыт, фабрика және басқа да мекемелерге жақын орналасса. Жануарлардың химикаттармен улануы, жайылымдарды ауыл шаруашылық зиянкестерінен жою барысында пестицидтермен кездейсоқ ластанғанда, басқа да химиялық заттарға дұрыс көңіл аудармай, оларды әрқилы пайдалануға байланысты. Құстарға, сондай ақ, жануарларға өте қауіпті болып келетін, деротизация жасауға арналған препараттарды қолдану ерекше сақтықты қажет етеді. Жануарлар минералдық ашығу кезінде улы химикаттарға жататын минеральды тыңайтқыштармен азықтанып қойса, уланатынын ескеру керек. Соңғы кездерде ауыл шаруашылығында аммиактық қосылыстарды (несеп нәрі - мочевина т.б.) қолдану кең таралған. Оларды дұрыс пайдаланбау да малдардың улануына әкеліп соқтырады. Шөп коректі жануарлар көбінесе, улы өсімдіктермен ерте көктем айларында, бір орындағы күтіп бағудан шыққаннан кейін, көк шөптермен қоректенгенде анағұрлым көп уланады. Құрғақшылық жылдары, улы өсімдіктердің басым болуына байланысты, жер отының сапасы өзгергенде, жайылым малдарының жаппай уланатыны белгілі жағдай. Тәжірибеде жануарлардың улануы азық ретінде азотты, калий қоспасы бар, фосфор қоспасы бар тыңайтқыштарды жеп қойғанда, азықты сақтау, тасымалдау және қолдану ережелері сақталмағанда байқалады. Минералды заттармен улану әр түрлі жолдармен суға және азыққа улы заттардың түсуінен болады.Күшәләмен улану күшәлә қоспасы бар препараттарды дұрыс қолданбағанда пайда болады. Мыстың да қатерлі улылығын ескерген жөн, оны бақша зиянкестеріне қарсы күресте және жануарларға антгельминтиктер ретінде қолданады. Жануарлардың улы өсімдіктермен улануы жайлауға шөптің аз болуы кезеңінде айдауы; кейде улы саңырауқұлақтармен уланады. Улы химикаттарды сақтағанда, тасымалдағанда және қолданғанда қауыпсіздік шараларын және санитарлық ережелерді сақтамау.Құрама жем шығаратын зауыттарда жемнің сапасын дұрыс бақыламау. Жайылымдар мен шыбындық жерлерді дұрыс бақылауға алып, қадағаламау. Өсімдіктерді әртүрлі зиянкестерден қорғау кезінде қолданылатын химиялық заттарды дұрыс қолдана білмеу. Егін және мал шаруашылығының мамандарының бір-бірімен байланысының жоқтығы. Егін және мал шаруашылығы мамандарының улы химикаттар, минеральды тыңайтқыштар, улы өсімдіктер туралы білімдерінің таяздығы. Ауыл шаруашылық мамандарының арасындағы уытты заттар және олардың зияндығы туралы үгіт-насихат жұмыстарының нашар жүргізілуі. 2.3Удың жануарлар ағзасына әсері, малдың улы заттарға сезімталдығы, ағзаның жағдайы. Токсикодинамика - немесе удың мал ағзасына әсері токсикологияның негізгі бөлігі болып табылады. Ол мал ағзасына улардың уытты әсер ету механизмін қарастырады. Токсикокинетика- малдың жіті және созылмалы улануы кезіндегі улы заттардың сіңу,таралу, жинақталу және ағзадан бөліну заңдылықтарын қарастырады. Ағзаға енуіне байланысты пестицидтер жүйелі (өсімдік бойына сіңіру арқылы), контактілі (малдың терісі арқылы) және фумиганттар (тыныс алу жолдары арқылы) түрінде әсер етеді. Сонымен қатар, кейбір пестицидтер ағзаға енгеннен кейінгі әсеріне байланысты:
1. таңдамалы - бактериалды препарат Лепидоцид тек көбелектерге қарсы.
2. орташа таңдамалы - Актара препараты барлық жәндіктерге қарсы қолданылады, бірақ кенелерге әсері өте төмен.
3. әсер ету аясы кең препараттар - жасанды пиретроидтар (кенелермен басқа да зиянкестерді өлтіре әсер ететіндер) және фосфорорганикалық қосылыстар.
4. әсер ету аясы өте кең препараттар (Нитрафен) - (зиянкестерді, кенелерді, құрттарды, арам шөптен саңырауқұлақтарды жою үшін) болып бөлінеді.

Ағзаның удың зиянды әсеріне қарсы жауап реакциясы көптеген факторларға байланысты. Олар:
- Малдың уға сезімталдығы.
- Ағзаның жағдайы.
- Удың ағзаға ену жолдары.
- Удың ағзаға таралуы және оның талғамалы әсері.

Малдың улы заттарға сезімталдығы
Малдәрігерлік токсикология уытты заттардың ауылшаруашылық малдары мен жабайы жануарларға, сондай-ақ құстарға, балықтарға және пайдалы жәндіктерге әсерін зерттейді. Жануарлар түрінің уға сезімталдық дәрежесі бірдей болмайды. У түрлі мал ағзасына әртүрлі әсер етеді. Мысалы: ірі қара мал ағзасы ұсақ мал ағзасына қарағанда қорғасын қосылыстарына бейім келеді. Ал жылқылар ірі қара малға қарағанда оймақгүл гликозидтеріне өте сезімтал келеді. Иттер мен шошқалар үшін ас тұзы өте қауіпті болса, ал мысықтарға фенол туындыларының препараттары жағымсыз және т.б. Барлық шөп қоректі жануарлардың улы өсімдіктерге деген сезімталдығы бірдей емес екендігі ежелден белгілі. Мысалы, ешкілер темекіге сезімтал, бір бөлімді қарынды малдар үшін, у сасыр өте қауіпті. Оларды малдар жеген соң, малда В витаминінің жетіспеушілігі (авитаминоз) басталады, ал көп бөлімді қарынды малдарда байқалмайды. Себебі, олардың мес қарынында В витаминінің синтезіне у сасыр улы әсер көрсете алмайды.
Ағзаның жағдайы
Мұнда малдың жасына ерекше мән беріледі. Неғұрлым мал жас болса, соғұрлым ол мал уға өте сезімтал келеді. Себебі, олар улы заттарды залалсыздандыра алмайды. Ересек малдардың залалсыздандыру қабілеті әдетте жақсы. Кейбір жағдайларда малдардың улы заттарға сезімталдығы олардың жынысына да байланысты болады. Кейбір у түріне ұрғашы малдар еркек малдарға қарағанда төзімдірек келеді. Ауру малдың, әсіресе, жұқпалы аурумен ауырған малдың ағзасының улы заттарға қарсы тұру қабілеті айтарлықтай төмендейді. Уларға қарсы әсер бірінші кезекте бауырдың улы заттарды жоятын (детоксикация) қызметіне байланысты. Өйткені ол қандағы уытты заттардың негізгі сүзгісі болып табылады. Ауру кезінде, әсіресе, жұқпалы аурулар кезінде, бауырдың бұл қызметі әлсірейді және жүйке, эндокринді жүйелердің удың әсеріне сезімталдығы жоғарылайды да, ағзаның улы заттарға жауап беру қабілеті төмендейді. Ағзаның уға жауап беру реакциясы көптеген клиникалық белгілер түрінде байқалады. Дегенмен, ағзада функционалдық өзгерістер тек удың уытты және летальді мөлшері әсер еткенде ғана қалыптасады. Созылмалы улану кезінде удың зиянды әсерінің клиникалық белгісі байқалмауы да мүмкін Бірақ, ол залалсыздандырудың негізгі мүшесі - бауырға айтарлықтай зиянды әсерін тигізеді. Осының нәтижесінде бауырдың басқа да зиянды факторларға қарсы тұру қабілеті төмендейді. Улы заттардың ағзаға аз мөлшерде, бірақ ұзақ уақыт енуі, олардың ағзада жинақталып, кумуляциялануына, сондай-ақ, ағзаның гипо және гиперсенсибилизациясына әкеліп соқтыруы мүмкін. 2.4Удың ағзаға ену жолдары, ағзадан удың бөліну. Улы заттардың ағзаға ену жолдары, сіңу жылдамдығы токсикологияда аса маңызды болып саналады. Мал дәрігерлік токсикологияда ағзаға удың ауыз арқылы ену жолы негізгі маңызға ие. Қарында улы заттар азықпен, қарын сөлімен, ондағы микрофлоралармен араласады. Мұның бәрі қарынға түскен улы заттардың физикалық - химиялық құрылымына және уытттылығына әсер етеді. Мысалы, құрамында алколойдтары бар өсімдіктер қарынға түскенде азық есебінен уыттылығын жоғалтады, ал каломель қарында уытты әсер ете алмайды, бірақ кейбір жағдайларда сулемаға айналып кетуі мүмкін. Өз кезегінде, ол өте уытты. Құсқан кезде қарыннан улы заттар шықпаса, онда кілегей қабықтардың сору қабілеті нашарлап, у ащы ішекке, одан ары қанға, қан арқылы бауырға өтеді. Тоқ ішекте ащы ішекке қарағанда удың сорылуы аз деңгейде болады. Тыныс алу (ингаляциялық) жолмен ағзаға газ тәрізді улы заттар (көміртегі тотығы , күкіртті сутегі, аммиак) т.б. аэрозольдар, шаң-тозаң түсуі мүмкін. Бұл жолмен ағзаға түскен у өкепе арқылы сорылып, онда күшті тітіркенген өкпе ұлпалары қабынуға ұшырайды (хлор, фосген) немесе өкпе арқылы қанға сіңіп, ағзаға резорбтивті әсер етеді. Улы заттар әртүрлі ағзалардың кілегей қабықтары арқылы да сорыла алады. Сонымен қатар, көз конъюктивасы, жыныс мүшелерінің кілегей қабықтары, қуық арқылы да енеді. Бірақ, бұлардың мал дәрігерлік токсикология тәжірибесінде маңызы шамалы. Кейбір улы заттар тері арқылы да енуі мүмкін.

Ағзадан удың бөлінуі
Улы заттар ағзадан әртүрлі жолмен бөлініп шығады.
Алиментарлы жолмен түскен улар ағзадан құсу актісі арқылы шығуы мүмкін,
ал удың сорылып болғаннан кейінгі негізгі шығу жолы бүйрек пен несеп шығару жолдары болып табылады. Көбінесе улардың ағзадан бөлінуіне ас қорыту жолы (қи, нәжіс), тыныс алу мүшелері және бездер (сүт, сілекей, тері) белсенді әсер етеді.
- Улы заттар ағзадан құсу арқылы шыққанда, олар өзгермеген күйде шығады. Сондықтан, құсықты зерттеудің улануды балаудағы маңызы өте құнды болып есептеледі. Бұл соттық ветеринария жағынан да аса маңызды.
Несеп сынамаларын зерттеген кезде көп жағдайда удың өзі емес қалдықтары табылады. Бұл атропин, стрихнин секілді заттармен уланғанда болуы мүмкін. Несеп бөлу мүшелері арқылы суда еритін және ағзаға қан арқылы таралатын заттар шығарылады. Несептің құрамында алколойдтар, нитраттар, эфир майлары, метал қосылыстары болады. Жіті және созылмалы улануларда несепті зерттеудің улануды балауда маңызы зор. Құсу актісі тән емес барлық малдарда улы заттар нәжіспен шығарылады. Бұл негізінен ірі қара малы мен жылқыларға қатысты. Дегенмен, құсу актісі тән болса да, улы заттың бір бөлігі нәжіс арқылы шығарылады. Бұл көбінесе, удың ішекте нашар ыдырап, қанның құрамына енбеген жағдайда болады. Осындай жолмен ағзадан алколойдтар, металл қосындылары, кейбір улы заттар өзгермеген қалпында бөлініп шығады. Мал дәрігерлік токсикологияда улы заттардың деммен (тыныс алу) бөлінуінің маңызы да айтарлықтай. Мысалы: шыққан ауадан сарымсақтың иісі шықса, онда ол мышьяк қосылыстарымен уланғандығын көрсетеді. Сонымен қатар, кейбір уытты заттар едәуір мөлшерде сүтпен бөлінеді. Әсіресе, сүттің құрамындағы хлорорганикалық қосылыстардың (ДДҮ, гексахлоран т.б.) болуы, жас төлдер мен адамдарға қауіп төндіреді. Тірі кезіндегі созылмалы улануды анықтау үшін, экскретті зерттеу құнды болып табылады (зәр, нәжіс, құсық массасы).
2.5Удың ағзаға таралуы және оның талғамалы әсері, улы заттардың ағзадағы күйі және оларды залалсыздандыру жолдары
Улы заттар жергілікті және жалпы әсер етеді.
- Жергілікті әсер еткенде улы заттар сол жердегі ұлпалармен ғана байланысқа түседі. - Ал жалпы әсер еткенде улы зат қанға түседі де, бүкіл ағзаға таралады және жекелеген мүшелер жүйесін зақымдайды да, клиникалық белгілері пайда болады. Улы заттар мал ағзасына талғамалы әсер еткенде жүйке жүйесін, ас қорыту жолдарын зақымдайды, бұл улы заттардың ағзаға таралуының негізгі көрінісі болып табылады. Улы заттардың резорбтивті (қанға сіңгеннен кейінгі) әсері ағзаның қан тамырлар жүйесімен тығыз байланысты болады. Қандағы өзгерістер қозу және тежелу түрінде білінуі мүмкін. Қан улы заттарды бүкіл ағзаға тасымалдайды және жүйке ұлпасына да жеткізеді, жүйке қызметінің бұзылуы, қатерлі белгілер пайда болады. Жүйке жүйесін зақымдайтын улы заттарға есірткілер, гликозидтер және алколойдтар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азықтық заттардан улануы
Микотоксин түрлері
Жануарлардың азықтардан улануы
Микотоксикоздар
АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ МАЛДАРДА
Удың ағзаға ену жолдары, ағзадан удың бөлінуі
Қоздырғыштарды зертханалық зерттеу әдістері. Микотоксикоздар тудыратын аурулар
Жануарлардың бал ара уынан улануы
Жануар тектес улы заттармен улану
Соттық сараптаудың жалпы жағдайы
Пәндер