Білім беру әлеуметтану жағдайы



I Кіріспе
II Негізгі бөлім
1. Білім беру социологиясының ұғымы, объектісі.
2. Білім берудің әлеуметтанулық мәселелері.
3. Білім әлеуметтік институт ретінде.
III Қорытынды
IV Пайдаланған әдебиет
Білім беру педагогика, психология, философия, тарих, экономика, социология секілді ғылымдар қатарын зерттеудің объектісі мен пәні болып табылады. Олардың әрқайсысы өздеріне тән шекарасын зерттейді. Білім беру социологиясы - білім жүйесін әлеуметтік институт ретінде және оның қоғаммен өзара әрекеттестігін зерттейтін ғылыми пән. Социологияның мұндай ерекше саласының бөлініп шығуы білімнің тарихи ауыспалы жүйесіне және шартты дербестігіне, оларды тудырушы қоғамдық қатынастар шеңберінде қоғамның дамуы мен қызмет етуіне белсенді әсер ете алу қабілеттілігіне негізделген.
Білім беру — тиісті оқу орны арқылы ғылыми мағлұмат беріп, адамның танымын, білімін, дағдысын, дүниеге көзқарасын жетілдіру процесі; қоғам мүшелерінің мәдениетін дамытудың негізгі шарты; мақсаты - қоғам мүшелерінің адамгершілік, интектуалды, мәдени дамуында және олардың денесінің дамуында, кәсіптік біліктілігінде жоғары деңгейге қол жеткізу болып табылатын тәрбие мен оқытудың үздіксіз процесі; жүйеге келтірілген білім, іскерлік дағды және ойлау тәсілдері көлемін меңгеру процесі мен нәтижесі. Білімділіктің басты өлшемі - білімнің жүйелілігі, ойлаудың жүйелілігі мен логикалылығы.
1. Гидденс Э.Социология, М: Эдиториал, УРСС, 1992
2. Радугин А.А., Радугин К.А. Социология .- М., 1998
3. Фролов С.С. Основы социологии. - М., 1997
4. Харчев В. Основы социологии. -М., 1997

Пән: Полиграфия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
БІЛІМ БЕРУ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ
Жоспар:
I Кіріспе
II Негізгі бөлім
1. Білім беру социологиясының ұғымы, объектісі.
2. Білім берудің әлеуметтанулық мәселелері.
3. Білім әлеуметтік институт ретінде.
III Қорытынды
IV Пайдаланған әдебиет

Кіріспе
Білім беру педагогика, психология, философия, тарих, экономика, социология секілді ғылымдар қатарын зерттеудің объектісі мен пәні болып табылады. Олардың әрқайсысы өздеріне тән шекарасын зерттейді. Білім беру социологиясы - білім жүйесін әлеуметтік институт ретінде және оның қоғаммен өзара әрекеттестігін зерттейтін ғылыми пән. Социологияның мұндай ерекше саласының бөлініп шығуы білімнің тарихи ауыспалы жүйесіне және шартты дербестігіне, оларды тудырушы қоғамдық қатынастар шеңберінде қоғамның дамуы мен қызмет етуіне белсенді әсер ете алу қабілеттілігіне негізделген.
Білім беру -- тиісті оқу орны арқылы ғылыми мағлұмат беріп, адамның танымын, білімін, дағдысын, дүниеге көзқарасын жетілдіру процесі; қоғам мүшелерінің мәдениетін дамытудың негізгі шарты; мақсаты - қоғам мүшелерінің адамгершілік, интектуалды, мәдени дамуында және олардың денесінің дамуында, кәсіптік біліктілігінде жоғары деңгейге қол жеткізу болып табылатын тәрбие мен оқытудың үздіксіз процесі; жүйеге келтірілген білім, іскерлік дағды және ойлау тәсілдері көлемін меңгеру процесі мен нәтижесі. Білімділіктің басты өлшемі - білімнің жүйелілігі, ойлаудың жүйелілігі мен логикалылығы.

Білім беру социологиясының ұғымы, объектісі
Білім беру педагогика, психология, философия, тарих, экономика, социология секілді ғылымдар қатарын зерттеудің объектісі мен пәні болып табылады. Олардың әрқайсысы өздеріне тән шекарасын зерттейді. Білім беру социологиясы - білім жүйесін әлеуметтік институт ретінде және оның қоғаммен өзара әрекеттестігін зерттейтін ғылыми пән. Социологияның мұндай ерекше саласының бөлініп шығуы білімнің тарихи ауыспалы жүйесіне және шартты дербестігіне, оларды тудырушы қоғамдық қатынастар шеңберінде қоғамның дамуы мен қызмет етуіне белсенді әсер ете алу қабілеттілігіне негізделген.
Білім беру социологиясының пәні әлеуметтік институт ретінде білім (оның қоғамдағы қызметі мен басқа институттармен өзара байланысы), әлеуметтік ұйым ретіндегі оның мекемелері (мектеп, ЖОО, т.б.), сонымен бірге білім саласындағы әлеуметтік саясат болып табылады. Білім беру социологиясы, сондай-ақ білім жүйесінің әлеуметтік институт ретінде қоғаммен және оның негізгі элементтерімен өзара әрекеттесулері: қоғамдық өндіріс элементтері, экономикалық қатынастар элементтері, саяси жүйе элементтері, рухани өмір элементтері мәселесін зерттейді. Білім жүйесі мен оның жеке кіші жүйелер ішінде пайда болатын әлеуметтік мәселелерге (мектеп, кәсіби оқу орны), оқытушы мен оқушы арасындағы өзара қатынас, ұжым мен топ арасындағы қатынас, мектеп сыныптары ішіндегі қатынас саласындағы мәселелерге келетін болсақ, мұндай мәселелер білім беру социологиясының саласы ретінде педагогика социологиясын қалыптастырады.
Білім беру социологиясының өзіндік ерекше міндеттері бар:
білім алудағы қажеттілікті зерттеу, қоғам өмірі мен жеке өмірдегі оның рөлін, түсініп, бағалау;
олардың әлеуметтік маңыздылық контекстіндегі білім сапасын және деңгейін бағалау;
қоғам мен білім алушылардың білімге қатынасы, оның әлеуметтік құндылықтарын зерттеу;
әлеуметтік мәртебенің факторы ретінде білімнің рөлін көрсету;
рухани қажеттіліктер мен мүдделер динамикасына оның әсер ету деңгейін анықтау.

Білім берудің әлеуметтанулық мәселелері
Білім беру социологиясы дәстүрлі социологиялық тақырыптардың бірі. Сонымен қатар бұл тақырыптың ертеден бері қарастырыла бастағанына қарамастан, онда талас тудыратын шешілмеген мәселелер өте көп. Білім берудің социологиялық проблемаларымен іс жүзінде социологиялық бағыттардың барлық өкілдері айналысып жүр.
1938 жылы Э. Дюркгейм қайтыс болғаннан кейін көп жылдар өткен соң Парижде оның Эволюция образовательной мысли атты еңбегі жарық көреді. Онда оның білім беруге байланысты гуманистер идеалының тарихи логикасы болғандығын атап өтетін бірнеше өте керемет идеялары ұсынылады. Мысалы, ХVII-XVIII ғасырларда Францияда өз еңбектерін бірінші кезекте ұсынған әдебиетшілер, философтар, ғалымдардан тұратын белгілі интеллектуалдық элита қалыптасқан болатын. Осы орта сол кезеңнің интеллектуалдық процесіне орай аталатын есімдерді дүниеге әкелді. Білім берудің міндеті осы бір таңдаулы интеллектуалдық қабат үшін адамдарды әзірлеу болды.
Міне, осындай білім берудің анық элитарлық теориясы миллиондаған қарапайым адамдарды есепке алмай тастайды. Бір жағынан демократиялық өзгерістер тұсында да білім берудің гуманистік моделі білім берудің ғылыми социологиялық теориясымен ешқандай ұқсастық таппайды. Білім берудің гуманистік айқындамасы адам табиғатының жақсаруына, әр адамның бойында адамгершілік қасиеттердің қалыптасуына негізделген. Бірақ адам табиғаты бір өркениеттен басқа өркениетке қарағанда көбірек орын алатын спецификалық жайт емес қой. Бір әдебиетті басқаларға қарағанда адамгершілікті деп бөле-жара қарау, айталық француз, неміс немесе орыс әдебиетінің ерекше гуманистік сипаты бар деу мүлде дұрыс емес. Джек Лондонның ересек баланы анасы ұрып-соғуы жайлы тамаша әңгімесі бар. Онда ешқашан жыламайтын бала бұл жолы анасының бұрынғысынан таяқпен әлсіздеу ұрғанын сезе қойып, анасының қазасы жақындағанынан күдіктеніп, аяқ асты жылап қоя береді. Бұл басқа мәдениеттің ауқымында патриархалдық зорлық көрсету ретінде қабылданса, ал, осы тұста бала махаббатының жарқын көрінісіне айналып отыр. Аталмыш адам табиғаты адам санасының талас тудыратын кұрылысы іспеттес. Қоғамдық сана табиғи түрде қабылдайтын сезімдер, кез келген қоғамның саналы өмір сүруі үшін қажетті идеялар бір халықтар үшін өте керек болса, ал келесі біреулері үшін ол мүлде қажеті жоқ болып отырады.
Э. Дюркгейм өзі Еуропа мәдениетінің өкілі ретінде еуропа гуманизмі ауқымындағы адамның моделі жайлы белгілі бір пікірлер айтып өткен. Бұл адам моделінің жинағы санатына қарамастан сол адамның өзі еуропа өркениетінде дамыған спецификалық шарттарға тән болады. Адам табиғатын дұрыс көрсете алатын бірден бір идеалға сай айқындама бар деп тұжырымдауға болмайды. Адамның бұл образы белгілі бір тарихи мерзім және аймақтық жеңістікпен байланысты болады. Бірақ осы ойлардан да білім берудің баламалы моделі туындайды. Э. Дюркгейм білім берудің социологиялық қырларын айқын анықтап берді. Өзінің біршама енбектерінде ол білім берудің функционалистік айқындамасын дамытты.
Ең алдымен Э. Дюркгейм білім беру жүйесінің өзекті қызметіне назар аударады. Осындай маңызды қызмет ретінде әлеуметтік нормалар мен құндылықтарды қарастырады. Оның пікірінше, қоғам оның мүшелері арасында бірлік болған жағдайда ғана өмір сүріп кете алады. Білім беру арқылы оқушыларды оқу процесі кезінде соған қалыптастырады. Мұндай әлеуметтік өмірге деген көзқарастардың бірлігі болмаса, ұжымдық тұрмыс, ынтымақтастықтың да болмауы ықтимал. Кез-келген қоғамның алдында тұрған мәселе индивидтерден құрылған бұқараны біріктіріп, белгілі бір әлеуметтік тұтас бірлікке қатысын анықтау.
Қазіргі заманда білім берудің формалды жүйесі атқарып отырған функцияны кез-келген (отбасы немесе құрдастар) әлеуметтік институт орындай алмайды. Өйткені, отбасы мүшелері туыстық қарым-қатынастармен бекітілсе, ал, құрдастар арасында ол жақын адамды өзі таңдайды. Алайда, ірі қоғамда мемлекет немесе тап, ұлттық немесе кәсіби деңгейде басқа принциптерге орай негізделеді. Ірі қоғамда адамдар туыстық немесе өзі ұнататын адамдармен емес, оған мүлде қатысы жоқ адамдармен қызмет етуі міндетті. Сондықтан білім беру жүйесі әлеуметтік әрекетті іске асыратын бірден бір сала. Білім беру мекемелерінде индивид басқа индивидтермен қалыпты, жүйеленген ережелерге сай әрекет етуі тиіс. Бұл жағдай қоғамның әлеуметтік нормалары мен ережелеріне сай құбылысты көрсететін болады. Басқаша айтқанда, қалыптасқан нормалар мен ережелерді қадірлеу қалыптастырылады.
Әрине, қазіргі қоғамда білім беру жүйесі кәсіби білім берудің ең басты құралы ретінде жүретінін ұмытпау керек. Егер дәстүрлі қоғамдарда білім беру жекелей әсер ету арқылы оқушыға, үлкеннен кішіге өтіп отырса, енді қазіргі қоғамда стандартты формада формальды түрде білім беру іске асырылып жатыр. Бұл әрине, білім беру жүйесін қоғамның барлық мүшелерін әлеуметтендіру факторына және құралына айналдырады.
Социологиядағы функционалистік дәстүрді айтарлықтай дамытқан
Т. Парсонс болды. Оның көзқарасы басқаша. Ол Э. Дюркгейммен білім беру жүйесі индивидті қоғаммен байланыстырудағы әлеуметтендіруші ролінің маңызына орай келіседі.
Бірақ Т. Парсонс отбасы және білім беру мекемелерінде әлеуметтендіру ерекшеліктерін жеке-жеке талдап көрсетеді. Кез келген отбасында кез келген сәби арнайы, отбасылық, жеке стандарттық көзқарастар бойынша сыналады. Ол жеке біреудің сәбиі ретінде қарастырылып, қоғамдық стандарттан тыс қалады. Жалпы қоғамда индивидтер туыстық байланыс, ұнату, ұнатпау дегеннен тәуелсіз болып, жалпы стандарттармен өлшенеді. Отбасы ішінде сәбидің мәртебесі туылған күннен бастап анықталады. Бірақ үлкен қоғамда әлеуметтік мәртебесіне индивид өз күш-жігерінің арқасында қол жеткізеді.
Осылайша индивидтің отбасындағы шама-шарқы жалпы қоғамдағы жағдайын ерекшелендіреді. Бұл өзгешелік негізінен екі бағытта өрбиді. Біріншіден, отбасында қоғамда индивидтер бағаланатын стандарттар, нормалар өзгешелеу болады. Екіншіден, адамның отбасында және қоғамда қол жеткізген әлеуметтік мәртебесі де өзгешелеу болып келеді.
Индивид бір стандарттан екінші стандартқа өтуге үйренуі, бір күйден екінші бір күйге енуі үшін қазіргі қоғамдар білім берудің формальды жүйесі - арнаулы механизмді жасап берді. Т. Парсонстың білім беру социологиясындағы аса маңызды ережелердің бірі - білім беру жүйесі қалыпты жағдайда меритократиялық принциптер бойынша қызмет етуі тиіс. Яғни индивидтерді нақты еңбегіне қарай бағалау қажет. Т. Парсонс білім берудің жүйесін өте дарынды индивидтерді қоғамның өте құнды бағыттарына жинақтау деп қарастырған. Т. Парсонс бойынша, білімін, қолынан келетін ісін, қабілетін тексеруге орай білім беру жүйесі аса маңызды әлеуметтік функцияны -- қоғамда әлеуметтік рольдерді үлестіру функциясын іске асырады.
Білім беру социологиясының орталық проблемасы "интеллект коэффициенті" деп аталатын орны мен ролін бағалаумен байланысты. Адамдар табиғи дарындылығымен айтарлықтай ерекшеленеді. Осы орайда интеллект деген ұғым абстрактілі ойлауды нақты түрде білдіреді. Алайда, мұндай дефиниция әр адамның интеллектуалдық бай қасиетін көрсете алмайды. Интеллект коэффициентін өлшеу негізінде оқушыларды кластардың және оқу орындарының әр түрлі типіне бөлу жүргізіліп келеді. Интеллект коэффициентіне негізделген өлшемдерді сынаудан бұрын мұндай амалды жақтаушылардың дәлелдемелерін қарастырып өтейік.
1960 жылдардың соңында, 1970 жылдардың бас кезінде кейбір америка және ағылшын психологтары, оның ішінде Х. Айзенк, әр түрлі өлшемдер негізіне сүйене отырып, қара нәсілді америкалықтардың ақ нәсілділерге қарағанда интеллект коэффициенті төменірек болатындығын мәлімдейді. Олар мұндай ерекшеліктерді генетикалық факторлардың негізіне сүйене түсіндіреді. Қосымша дәлел ретінде осы пікірді жақтаушылар әр түрлі жағдайда өсіп-өнген бір жұмыртқалы егіздерге жүргізілген зерттеулерді келтіреді. Ол бойынша, индивидтер арасында интеллект коэффициенті тұрғысынан қарағанда аса мәнді айырмашылық бола қойған жоқты. Алайда, бұл көзқарасқа мықты қарсы дәлелдемелер де кездеседі. Интеллект коэффициентін тексеру үшін жасалған болжамдар оны кұрастырушылардың мәдени бағыт-бағдарына байланысты болады. Әр түрлі мәдениеттің өкілдері үшін болжамда келтірілген қандай да бір тапсырманың өзі алабөтен болуы ықтимал. М. Коул мен С. Скрибкердің Культура и мышление еңбегінен мысал келтірейік. Бұл еңбекте олар белгілі психолог А.Р. Лурияның 1980 жылдары Орта Азия шаруалары арасында жүргізген зерттеулерінен мәліметтер келтіреді. А.Р. Лурия шаруаларға олардың өндірістік тәжірибесімен байланысты, ал кейбірінің мазмұны кәсіби қызметіне қатысы жоқ силлогизмдерді ұсынады. Міне, практикалық есептің бір мысалы: Жылы және ылғалды жерде мақта өседі. Н. қышқылында жылы, әрі ылғалды. Онда мақта өсе ме, жоқ па? Өндірістегі тәжірибесіне қатысы жоқ силлогизмге төмендегідей логикалық есеп келтірілді: Мәңгі қар басқан солтүстікте барлық аюлар ақ болып келеді. Х. деген солтүстікте. Ондағы аюлар ақ па, жоқ әлде басқаша ма?. Бірінші есепті шешу оларға қиын тимеді. Олар дұрыс шешім қабылдады, бірақ, оларға Дәл солай, мұны мен өзім де білемін деп негізделген жауаптар тән болды. Алайда, екінші типтегі силлогизмдерге олар мүлде басқаша жауап берді. Міне, ақ аюлар туралы есепке берген жауабы: Мен онда аюлардың қандай болатынын білмеймін. Мен онда болған емеспін, білмеймін де. X. деген шалдан сұраңыз, ол онда болған, сізге айтып та бере алады. Мектепте оқымаған, ұжымдық шаруашылықта жұмыс істемеген шаруалардың барлығы дерлік сізге осылай жауап береді. Олар логикалық алғышарттардың жүйесін қабылдап, олардан қорытынды шығаруға қарсылық білдіреді.
Осы тұрғыда Канада маманы О. Клинебергтің де зерттеулері қызғылықты. Ол АҚШ-тағы үнді мәдениетті балаларымен жұмыс істейді. Балаларға ол әр түрлі көлемдегі шариктерді әр түрлі ұяларға орналастыруды ұсынады. Балалар бұл тапсырманы оңай орындағанымен, берілген уақыт ішінде үлгере алмайды. Бірақ бұл балалардың және осы мәдениет өкілдерінің интеллектісінің төмендігінің көрінісі емес. Американың қазіргі қоғам өкілдеріне қарағанда осы мәдениеттің өкілдері бұл операцияны іске асырудың жылдамдығына үлкен мән берген жоқ. Сондықтан эксперимент жүргізушінің тапсырманы тез орындауға қойған талабын олар дұрыс түсінген жоқ.
Әрине, біз америка өндірістері мен Орта Азияның ауыл тұрғындары арасынан ұқсастық белгісін іздестірмейміз. Бұл өте әркелкі мәдениеттер. Олар бір-бірінің арасындағы түбегейлі ерекшеліктерімен байқалып қоймай, еуропа мәдениетінен де алшақ жатыр. Сондықтан интеллект коэффициентіне жүргізілген зерттеулер, оны бір мәдени дәстүр ауқымында жүргізу басқа мәдениет өкілдерінің интеллектуалдық қабілетін өлшеуге жауап бере алмауы да ықтимал. Алайда, бұл проблемаға келгенде ұлттық, этникалық ерекшелігі төңірегінде ғана шектелген жөн. Бұл ұлттық топтың ішінде әр түрлі субъективті мәдениеттің өкілдері болады. Осы субъективті мәдениет өкілдері өзара мәдени бағытымен және интеллектуалдық деңгейімен де ерекшеленеді. Сондықтан олардың интеллектуалдық денгейіне ат үсті қарауға болмайды.
Білім беру социологиясы үшін таптық және ұлттық айырмашылықтар осы салада үлкен қызығушылық тудырып отыр. Әр түрлі әлеуметтік топтардың өкілдері үшін орта мектептер мен жоғары оқу орындарындағы табыстардың алғышарттары кандай?
Кейбір социологтардың айтуынша, әлеуметтік топтың ішіндегі құндылықтар мектептегі, жоғары оку орнындағы оқу табыстары мен кемшіліктеріне байланысты болады екен. Америка социологы Х. Хайменнің пікірінше, жұмысшы табының құндылықтар жүйесі, білім беру мекемесінде қызмет істегенде белгілі бір шындықтар тудырады. Құндылықтар жүйесінде осындай ерекшеліктер ол үшін мынадай тұрғыда болады:
- жұмысшы табы шартты білім алуға жеке басының табысы ретінде қарамайды. Белгілі бір міндеттелген білім деңгейіне жеткен соң, ол білім алуын тоқтатады;
- жұмысшы табы жұмысты, жұмыс орнын бағалағанда бір қалыптылықты, сенімділікті, экономикалық табысты мақсат етіп, алдағы уақытқа ұзақ мерзімге күш-жігер мен ресурстарын жұмсауға мүдделі емес;
- жұмысшылар ұжымдық әрекеттің тиімділігіне (жеке табысқа емес), оның тәсілдеріне көп назар аударады.
Әрине, мұндай әрекеттер жұмысшының нақты күйін көрсетіп отырады. Жұмысшылардың, шындығында, білім алуды жалғастыруда мүмкіндіктері аз болады. Сондықтан көп жағдайда білім алу жүйесінде олар өз мүмкіндіктеріне нақты шындық тұрғысынан қарайды. Алайда, мұндай сенім олардың білім алуды жалғастыруға деген мүмкіндіктерін одан әрі кеміте түседі.
Бұл бағыттың кейбір мәселелері қатаң сынға алынған болатын. Біріншіден, жұмысшы табы өкілдерінің іс-әрекетінен, оның ішкі мотивінен осылай тура қорытынды шығаруға болмайды. Жұмысшы табы өкілдері оқуға деген жоғары ынтасы бар екенін айтады, бірақ ресурстардың жеткіліксіздігі олардың сыртқы әрекеттеріне әсер етеді. Басқаша айтқанда, жұмысшы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік мобильдік теориясы
Әлеуметтану обектісі
Әлеуметтік зерттеулер
Әлеуметтану
Әлеуметтану пәнінен дәрістер комплексі
Әлеуметтану ғылымдар жүйесінде
Экономикалық әлеуметтануды зерттеудің өзекті мәселелері мен бағыттары
Денсаулық сақтау әлеуметтік институт ретінде
«Әлеуметтану» дәрістер
Іріктеу жиынтығы элементтерінің құрылымы
Пәндер