Халыққа ҚР Президентінің жыл сайынғы жолдауларындағы денсаулық тақырыптары


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ МИНИСТРЛІГІ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ

«Қоғамдық денсаулықты сақтау - 2» кафедрасы

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Халыққа ҚР Президентінің жыл сайынғы жолдауларындағы денсаулық тақырыптары.

Орындаған: Қазыхан А. Е.

Тобы: 302(Б) МПД

Қабылдаған: Әліпбекова С. Н.

Шымкент, 2016 ж

Жоспар:

І Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім

1. Елбасының халық денсаулығын сақтау саласындағы саясаты.

2. Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру.

3. ҚР Президентінің жыл сайынғы халыққа жолдауындағы денсаулық тақырыптары.

ІІІ Қорытынды

IV Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Ұлт денсаулығы - біздің табысты болашағымыздың негізі екендігін ескере отырып денсаулық сақтаудың ұлттық жүйесін ұзақ мерзімді жаңғырту аясында елдің барлық аумағында медициналық қызметтер сапасының бірыңғай стандарттарының енгізілуі, сондай-ақ медицина мекемелерінің материалдық-техникалық жабдықталуы бірыңғайландыруы тиіс.

Ел ертеңін қалыптастырып, дамытудың нақты жолдарына тоқтала келіп: «Мен үш маңызды мемлекеттік бағдарламаны: білім беру, денсаулық сақтау және тілді дамыту бағдарламаларын бекіттім», - деген болатын Мемлекет басшысы. Халықтың денсаулығын сақтау және арттыру бағдарламасы бойынша бағдарлама «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің» мойнында.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі - Қазақстан Республикасының Үкіметі құрамына енетін орталық атқарушы органы. Министрлік Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы мен білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу; заңнамаға сәйкес азаматтардың мемлекет кепілдік берген көлем шегінде тегін медициналық көмек алуын қамтамасыз етуді ұйымдастыру; халықты және денсаулық сақтау ұйымдарын қауіпсіз, тиімді және саналы дәрілік заттармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру жұмыстарын атқарады.

Елбасының халықтың денсаулығын сақтау саласындағы саясаты.

Қазақстан егемендігін алып, Конституциясын қабылдағалы бері Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына жыл сайын Жолдауында атқарушы биліктің алдына келелі міндеттер жүктегенде «Мұның бәрі Қазақстан халқының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту үшін қажет» екнін үнемі ескертіп келеді. «Халық денсаулығы - біздің басты байлығымыз» деген қағиданы Ұлт Көшбасшысы мықтап ұстанған. Атқарушы билік республикалық және аймақтық деңгейде бюджеттер толыға бастаған сәтте денсаулық сақтау мекемелерін бүгінгі заманның өскелең талабына сай озық технологиямен, құрал-жабдықтармен жарақтандыруды, емханалар мен сауықтыру мекемелері ғимараттарын жаңғыртып, жаңалауды, жалпы саланы, жүйені мүлде қайта құруды жүзеге асыру үшін мол мөлшерде ішкі инвестициямен қамтамасыз етіп келеді. Салаға бюджеттен бөлінетін қаржы уақыт озған сайын ұлғая түсуде.

Әрбір бюджет қабылданған сайын, кейіннен уақыт талабына сай оларға толықтырулар енгізіп, халық қалаулылары бұқаралық ақпарат құралдары арқылы өз пікірлерін білдіріп жатады.

Қазіргі 2010-2020 жылдарға арналған индустриялды-иновациялық даму бағдарламасы осы мақсатты көздейтін кешенді жоспар. «Әлеуметтік-тұрмыстық жағдай» делінген бап бірнеше құрамдастардан тұрады. Соның бәрі жиылып жеке тұлғаның және бүкіл халықтың денсаулық жағдайы, бала туу деңгейі, жас ұзақтығы деген көрсеткіштерге тікелей әсер етеді. Мұның өзін «алдын-алу» және «сауықтыру-жақсарту» деп екі топқа бөлеміз. ДДҰ мәліметтеріне жүгінесек, әлемдегі өлім-жетімнің 60 пайздан астамы «дұрыс тамақтану деңгейі» деген шарттың орындалу дәрежесіне тікелей қатысты екен. Ал адамның «дұрыс тамақтануы» бірнеше факторлардан тұрады. Бұлардың ішінде таза ауыз су, сол негізгі факторлардың бірі саналатыны сөзсіз. Аумағына Еуропаның тең жарты түрғыны сыйып кететін ауқымды Қазақстан жерінде ауыз су тапшылығы әрқашан да орын алған. Н. Ә. Назарбаев бүкіл Қазақстан тарихында «Таза ауыз су» мәселесін кешенді түрде шешетін арнайы бағдарлама қабылдап, оны қарқынды жүзеге асырып жатыр.

Екінші мәселе - экологиялық таза тағамды пайдалану. Бұл жағынан алғанда қазақстандықтар әлемнің озық елдері деңгейінде тамақтанады деп нық сеніммен айтуға болады. Мұны азық-түлік импортына кеден салығының болмауынан да байқаймыз. Тағам дегенде дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының зерттеулері бойынша, адам күнделікті қабылдайтын азық-түлікте темірдің, иодтың селеннің аз болуынан жиі ұшырасатыны кемшілік. Осыларды болдырмау мақсатында отандық базарға шығарылатын ұнды - темір қоспаларымен, тұзды - иод қоспаларымен байыту заңдастырылған. Егемендіктің алғашқы жылдарында «қан құрамындағы гемоглобиннің аздығы» шу көтерген дерттің бірі еді. Қазіргі таңда бұл мәселе шешімін тапқан десек, ол артық айтқандық емес.

Ұлт денсаулығына мемлекет тарапынан қамқорлық мұнымен шектелген жоқ. Бізде барлығын өз мойнына алған ақысыз, тегін медициналық қызметтер саласы жылдан-жылға кеңейе түскен. Дәрі-дәрмектің көптеген түрі тегін беріледі. Жыл сайын шалғай елді мекендерді аралап, ондағы отандастарға тегін медициналық көмек көрсетуді Н. Ә. Назарбаев басқаратын «Нұр Отан» ХДП соңғы кездері тамаша дәстүрге айналдырған. Бұл дәстүрді кейбір ұлттық компаниялар қолдап, халыққа тегін медициналық қызмет көрсету аясын жыл сайын кеңейтуде. Қазір мемлекет ана мен баланың өлім-жетіміне тосқауыл қоятын арнайы бағдарлама жасалып, жүзеге асырылуда. Бұл да біздің саладағы «профилактика» дейтін ұғымның аясын кеңейтіп көркейтіп тұрған атқарушы билік тындырған жарқын істердің бір парасы. ДСМ халық денсаулығының қырағы күзетінде.

Қазіргі таңда денсаулық сақатау ісін дамыту институционалдық қайта құру, кадр әлеуетін дамыту, сапалы медициналық қызмет ұсыну кезеңіне енді. Аурулардың алдын-алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру басым бола бастады. Бұл Мемлекет басшысының Қазақстан халқына 2008 жылғы 6 ақпанындағы «Қазақстан азаматтарының әл-ауқатын арттыру - мемлекет саясатының басты мақсаты» атты Жолдауында көрсетілген.

Елбасы Н. Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасының дәрігерлері мен провизорларының ІІ сьезінде 2010 жылға дейінгі 4 стартегиялық бағытты айқындап берген болатын. Олар:

-жасөспірімдердің денсауылығын нығайту;

-халықты сапалы және қол жетімді медициналық көмекпен қамтамасыз ету;

-медициналық ғылымды дамыту;

-ауылдың денсаулық сақтауды реформалау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасында қарастырылған.

Қазіргі кезде денсауылқ сақтауды тиімді басқару өзекті болып табылады, әсіресе әлеуметтік аурулардың алдын алу және олардың таралуына әсер ететін денсуалық сақтау саласындағы факторларды мүмкіндігінше азайту.

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясаты:

  1. Азаматтардың қауіпсіз, тиімді және сапалы медициналық және дәрілік көмек алу құқығының теңдігін қамтамасыз ету;
  2. Мемлекеттің, жұмыс берушілер мен азаматтардың жеке және қоғамдық денсаулықты сақтау мен нығайту үшін ортақ жауапкершілігі;
  3. ҚР-ның азаматтарын тегін медициналық көмектің кепілді көлемімен жаппай қамтамасыз ету;
  4. Денсаулық сақтау жүйесі қызметіндегі профилактикалық бағыттың басымдығы;
  5. Медициналық және дәрілік көмектің қолжетімділігі;
  6. Медициналық санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету;
  7. Медициналық ұйымдардың медициналық көмек көрсетудегі қызметтің сабақтастығы;
  8. Медициналық және фармацевтикалық білім берудің үздіксіздігі мен сабақтастығын қазіргі заманғы оқыту технологияларын пайдалана отырып қамтамасыз ету;
  9. Денсаулық сақтау саласындағы ғылымның, техниканың алдыңғы қатарлы жетістіктерін және әлемдік тәжірибені пайдалану;
  10. Ерікті әрі қайтарымсыз донорлықты көтермелеу;
  11. Медициналық және дәрілік көмектің сапасын ұдайы арттыру;
  12. Отандық әзірленімдерге және бәсекеге қабілетті медициналық және фармацевтикалық өнеркәсіпті дамытуға мемлекетттік қолдау;
  13. Денсаулық сақтау саласындағы кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау;
  14. Азаматтардың денсаулық сақтауға құқықтарын қамтамасыз етуге қоғамдық бірлестіктердің қатысуы принциптері негізінде жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру.

Денсаулық сақтау жүйесі әр мемлекеттің маңызды әлеуметтік саласы болып табылады. Бұл саланы қаржыландыру арнайы заңдар бойынша реттеледі және қоғамның сұранысы мен мемлекеттің экономикалық ахуалына қарай жүзеге асырылады. Кез келген мемлекеттің денсаулық сақтау саласына жұмсалатын қаржысы жалпы ұлттық табыстың 3-15% құрайды. ДДСҰ сараптаушы мамандарының пайымдауы бойынша, денсаулық сақтау саласының негізгі өзекті мәселелерін шешу үшін қоғамының ішкі табысының 6% жұмсау қажет. Ал тұрғындардың жоғары сапалы және білікті медициналық көмекке сұранысын қамтамасыз ету үшін бұл көрсеткіш 12%-ға дейін көтеру керек. Алайда денсаулық сақтау саласына бөлінетін қыруар қаржы бұл жүйенің өзекті мәселелерін автоматты түрде шеше алмайды. 1991 жылдан бері Қазақстан Респбликасының денсаулық сақтау жүйесі мемлекеттің қаржыландыруымен жұмыс істеуде.

Сонымен, денсаулық сақтау саласын қаржыландыру мемлекеттік бюджеттен және ақылы медициналық көмектің есебінен жүзеге асырыла бастады.

Денсаулық сақтау саласының емханалық көмегіне, стационарлық емдеуге және дәрілік заттарға жұмсалатын шығынын міндетті медициналық сақтандыру қорынан бөлінетін қаржы көзі жабуы тиіс болатын. Қазіргі жүргізіліп отырған қайта құру жұмысы екі түрлі бағытта қаржыландыру жүйесін сақтап қалуы тиіс. Коммерциялық емес мемлекеттік медицина мекемелері мемлекетік бюджеттен, ал коммерциялық мекемелер - медициналық қызметті төлеу орталығымен жасалған келісім шарт негізінде қаржыландырылады. Денсаулық сақтау саласын қаржыландырудың қосымша көзі ретінде облыстық басқару органдарының табысы қарастырылады.

Медициналық мекеменің қаржылық жағдайына әсер ететін негізгі екі топты бөліп қарастыруға болады:

  1. Сырқы факторлар
  2. Ішкі факторлар

Сыртқы факторлар медициналық көмектің, қызмет бағытының және т. б. түрлерінің әртүрлі пайдасын медициналық мекеме жұмысының нағыз көрсеткіштеріне байланыссыз анықтайды. Бұл қазіргі жағдайларда экономикалық көзқараспен қарағанда ЕПМ-нің(емдеу профилактикалық мекемесі) ең тиімді қызмет бағыттарын таңдау бағыттары. Алайда бұл қоғамның жеке медицицналық көзқарасы бойынша тиімді қызмет түрі болмауы да мүмкін.

Ішкі факторлар медициналық мекеменің ерекшеліктерімен анықталады. Бұл медициналық мекеме өз жұмысында бір нәрсе өзгерту арқылы әсер ете алатын факторлар. Мысалы, көрсетілетін қызметтерге тарифтердің жеткіліксіздігінен медициналық мекеме тіпті жақсы өндірістік көрсеткіштерімен салмақты қаржылық қиындықтар көруі мүмкін немесе керісінше, төмен өндірістік көрсеткіштерімен тұрақты бюджеттік қаржыландырудың арқасында жақсы қаржылық жағдайда болуы мүмкін.

Жер беті мемлекеттерінде денсаулық саққтау жүйесін қаржыландыру мақсатында оның әртүрлі көздері қарастырылуда. Оның даму бағыты мемлекеттердің экономикалық жағдайына тікелей байланысты. ДДСҰ сарапшылары денсаулық сақтау саласын қаржыландыру әдісі мен көлеміне қарай мемлекеттерді үш топқа жіктейді.

  1. Табысы төмен елдер. Олардың денсаулық сақтау саласына бөлетін қаржысы 1 жан басына балап есептегенде 80 АҚШ долларынан төмен. Денсаулық сақтау жүйесінің жалпы ұлттық табыстың құрамындағы үлесі 3-4%-дан артпайды.
  2. Табысы орта елдер. Бұл мемлекеттердің денсаулық сақтау жүйесіне бөлетін қаржысы 1 жан басына балап есептегенде 80-400 АҚШ долларын құрайды. Денсаулық сақтау саласының ұлттық табыстың құрамындағы үлес салмағы 5-6% құрайды.
  3. Табысы жоғары елдер. Денсаулық сақтау саласын дамытуға бағытталған қаржы 1 жан басына балап есептегенде 1000 АҚШ долларынан артады. Ішкі жалпы ұлттық табыстан денсаулық сақтау жүйесіне бағытталған қаржының үлес салмағы 6-15% дейін жетеді.

ҚР-да 1992-2001 жылдарындағы денсаулық сақтау саласын қаржыландыру деңгейі тұрғындардың медициналық көмекте сұранысын толық қамтамасыз ете алмады. Денсаулық сақтау саласына бөлінген бюджеттік қаржы жалпы ішкі өнімнің 1, 9-2, 7% ғана құрады. Денсаулық сақтау саласына бөлінетін бюджеттік қаржы жыл сайын артып отырады. 1999 жылы оның өсу жылдамдығы 172, 2% болса, 2000 жылы 121, 2%, 2001 жылы 114, 5% құрады.

Президенттің 1999 жылғы «Кепілдендірілген қызметтер тізімі туралы» № 70 жарлығында мемлекеттің қаржыландыруымен азаматтарға көрсетілетін тегін медициналық көмек ауқымы нақты көрінісін тапты.

Жергілікті денсаулық сақтау саласын қаржыландыру деңгейін теңестіру мақсатында «2002 жылға Мемлекеттік бюджет туралы» Заң бойынша жергілікті бюджеттен денсаулық сақтау саласына бөлінетін қаржының ең төменгі шегі белгіленді.

Республика тұрғындарының денсаулығын жақсарту мақсатында 2011-2015 жылғы арналған «Саламатты Қазақстан» атты денсаулық сақтау саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Бұл бағдарлама 2010 жылдың 29 қарашасындағы Президенттің №1113 жарлығымен бекітілді. Бағдарламаны жүзеге асыру үшін Республикалық және жергілікті бюджеттерден, Мемлекеттік Заңдылықтарға қайшы келмейтін өзге көздерден 359358, 9 миллион теңге жұмсалған.

«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға бюджеттерден бөлінетін қаржы деңгейі (миллион теңге) :

Жылдар бойынша
Барлығы
Республикалық бюджет
Жергілікті бюджет
Өзге қаржы көздері
Жылдар бойынша: 2011 жыл
Барлығы: 65262, 7
Республикалық бюджет: 64700, 3
Жергілікті бюджет: 562, 4
Өзге қаржы көздері: -
Жылдар бойынша: 2012 жыл
Барлығы: 79966, 9
Республикалық бюджет: 75312, 1
Жергілікті бюджет: 454, 8
Өзге қаржы көздері: 4200
Жылдар бойынша: 2013 жыл
Барлығы: 74059, 4
Республикалық бюджет: 69367, 9
Жергілікті бюджет: 491, 5
Өзге қаржы көздері: 4200
Жылдар бойынша: 2014 жыл
Барлығы: 79086, 1
Республикалық бюджет: 74290, 5
Жергілікті бюджет: 565, 6
Өзге қаржы көздері: 4200
Жылдар бойынша: 2015 жыл
Барлығы: 81983, 8
Республикалық бюджет: 72926, 0
Жергілікті бюджет: 657, 8
Өзге қаржы көздері: 8400
Жылдар бойынша: қорытындысы
Барлығы: 380358, 9
Республикалық бюджет: 356596, 8
Жергілікті бюджет: 2762, 1
Өзге қаржы көздері: 21000

Денсаулық сақтау саласын қаржыландыруды одан ары жетілдіру мақсатында бюджеттен бөлінетін шығын жыл сайын артады. Алғашқы медициналық-әлеуметтік көмекке бөлінетін қаржы Қазақстан облыстарының тұрғындарының санына, медициналық көмекке сұранысына қарай бөлінеді.

ҚР Президентінің жыл сайынғы халыққа жолдауындағы денсаулық тақырыптары.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2010 жылғы 29 қаңтар.

ЖАҢА ОНЖЫЛДЫҚ - ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ
ӨРЛЕУ - ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ

Менің басты мақсатым - еліміздің алдағы онжылдықтағы экономикалық өрлеуін қамтамасыз етіп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашу. Бүгінгі Жолдауым осыған арналған. “Қазақстан-2030” Стратегиясын орындай отырып, біз алғашқы онжылдыққа бағдарлама жасап, оны тәмамдадық. Ендігі мақсат - осы Стратегияның келесі онжылдығына қарай қадам жасау.

Адам - елдің басты байлығы

Елді жаңғырту стратегиясын іске асырудың табыстылығы, ең алдымен, қазақстандықтардың біліміне, әлеуметтік және дене болмысы, көңіл-күйлеріне байланысты.

Денсаулық сақтау

Халық денсаулығы - ол Қазақстанның өзінің стратегиялық мақсаттарына жетудегі табысының ажырамас құрамдас бөлігі. Бүгін біз медициналық қызметке нәтижелерге бағдарланған қаржыландыру мен ақы төлеу жүйесін енгізуді дайындаудамыз. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің тиімді жүйесі үшін барлық қажетті базалық жағдайларды жасадық.

Дәрілердің 50%-ы біздің елімізде шығарылатын болады. Білім беру мен денсаулық сақтау салаларындағы мемлекеттік кәсіпорындардың қызмет мәселелері жөніндегі республиканың заңнамалық актілеріне түзетулер енгізуді жеделдету қажет.

Саламатты өмір салты мен адамның өз денсаулығы үшін ынтымақты жауапкершілігі қағидаты - міне, осылар денсаулық саласындағы және халықтың күнделікті тұрмысындағы мемлекеттік саясаттың ең басты мәселесі болуы тиіс. 2011 жылғы Азия ойындары үшін біз дайындап жатқан спорттық инфрақұрылымдар өңірлерді Астана мен Алматыдан қалып қоймауға итермелей отырып, бұқаралық дене шынықтыру-спорттық қозғалысын дамыту үшін қажетті алғышарттар жасайтын болады. Туризм және спорт министрлігі әкімдермен бірге елде бұқаралық спортты дамыту үшін бірлескен іс-шараларды анықтап, оларды нақты іске айналдыруы тиіс.
30%-ға дейінгі қазақстандықтар бұқаралық спортқа тартылуы керек. Осындай жағдайда ғана біз дамуды көре аламыз.

Бұл бүкіл Үкіметтің міндеті де. Денсаулық сақтау нысандарын салу және жабдықтау, кадрларды даярлау, саламатты өмір салты жөніндегі мемлекеттік шаралар кешені 2020 жылға қарай ана мен бала өлімін екі есе төмендетіп, жалпы өлімді 30%-ға азайтып, туберкулезбен ауруды 20%-ға қысқартуы тиіс. Бұл ретте өмір сүрудің күтілетін ұзақтығы 72 жасқа дейін ұлғаяды. Осынау құрғақ сандардың артында біздің азаматтарымыздың аман алып қалынған мыңдаған өмірлері тұр. Бұл өте маңызды мақсат. Біз оған міндетті түрде қол жеткізуіміз керек!

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2011 жылғы 28 қаңтар.

БОЛАШАҚТЫҢ ІРГЕСІН БІРГЕ ҚАЛАЙМЫЗ!

Денсаулық сақтау

Осы жылдар бойына біз қазақ­стан­дықтардың денсаулығын жақсарту үшін қажет нәрсенің бәрін жасадық. Денсаулық сақтауды қаржыландыру 2002 жылғы ІЖӨ-нің 1, 9 пайызынан 2010 жылы 3, 2 пайызына дейін ұл­ғайды. Бүгінде бүкіл ел көлемінде тұңғыш рет медицинаның ең бір күрделі ба­ғыт­тары бойынша операциялар жасалуда. Жетекші шетелдік клиникалармен байланысы бар 150 телемедицина ор­талықтары құрылды. Осыдан жиырма жыл бұрын бізге ол тек арман ғана болатын. Жүргізілген жұмыс нәтижесі ретінде бала туудың 25 пайызға көбейгенін, адам өлімінің 11 пайызға төмендеп, ха­лықтың табиғи өсімінің 1, 7 есе арт­қанын атап өтуге болады. 2013 жылы Біртұтас ұлттық ден­саулық сақтау жүйесін енгізу аяқталады.

Біз аурудың алдын алуға шындап кі­рісіп, бастапқы медициналық-сани­тарлық жәрдемнің сапасын арт­ты­руымыз керек.

Халықаралық бағалаулар бойынша, негізгі науқастар түрлерімен ауыратын тұрғындардың 5 пайыздайы денсаулық сақтаудың барлық қызметтерінің 70 пайыздайын ғана пайдаланады.

Профилактикалық жұмыстарды сауат­ты ұйымдастырған жағдайда ерте сатыда-ақ аурулардың алдын алуға болады. Сондықтан Қазақстанда халықтың мақсатты топтарының денсаулық жағ­дайын бақылаудың ұлттық бағ­дарламалары кешенін енгізу қажет.

Бірінші кезекте, олар балалар, жас­өспірімдер, бала туу жасындағы әйел­дер. Ауыл тұрғындары үшін меди­циналық көмектің қолжетімділігін кеңейтуге айрықша назар аудару қажет. Өткен жылы жаңа әлеуметтік жоба - мамандандырылған емдеу-диагнос­ти­калық екі «Денсаулық» пойызы жұ­мысын бастады. Олар еліміздің ең шалғай түкпір­лерінде ондаған мың адамдардың денсаулықтарын тексеріп, ем жасады. Қазақстан үшін көліктік медицина өте көкейкесті, сондықтан біз оны дамытатын боламыз. Биылғы жылы тағы бір пойыз жіберілетін болады.

Жұмылғыш медициналық кешендер-автоклиникалар санын 50 бірлікке дейін жеткізу қажет. Оларды шығару Қазақстанда жүзеге асырылуға тиіс. Үкіметке 2015 жылға дейін сани­тарлық авиация мұқтажы үшін кемінде 16 тікұшақ ұйымдастыруды қам­та­масыз етуді тапсырамын. Сол сияқты жол бойындағы меди­циналық-құтқару пункттерін құру мәселесін жеделдете қарастыруды да тапсырамын. Оларды республикалық маңыздағы жолдардың апаттық қауіпті учаскелерінде орналастыру қажет.

Төтенше медициналық жәрдем қыз­меті көп салалы жұмылғыш және аэ­рожұмылғыш госпитальдармен жа­рақ­тандырылуы тиіс. Бұл шаралардың біздің мыңдаған азаматтарымыздың өмірін құтқарып қалатынына сенімім мол.

Қылмыстық-атқару жүйесіндегі туберкулез бен ВИЧ аурулары және одан болатын өлім деңгейін төмендетуге мұ­қият назар аудару қажет.

Осы міндеттерді орындау нәти­же­сінде 2015 жылға қарай қазақ­стан­дықтардың өмір жасының күтілетін ұзақтығы 70 жасқа дейін, ал 2020 жыл­ға қарай 72 жасқа дейін ұлғая­тын болады. Саламатты өмір салтын насихаттап, барлық жерде салынған спорт базаларын пайдалану керек.

2015 жылға қарай 350 дәрігерлік амбулаториялар, фельдшерлік-акушерлік пункттер және емханалар салы­натын болады.

Қазақстан Респуликасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2012 жылғы 27 қаңтар.

ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҢҒЫРТУ -

ҚАЗАҚСТАН ДАМУЫНЫҢ БАСТЫ БАҒЫТЫ

ҰЛТ ДЕНСАУЛЫҒЫ - БІЗДІҢ ТАБЫСТЫ БОЛАШАҒЫМЫЗДЫҢ НЕГІЗІ

Денсаулық сақтаудың ұлттық жүйесін ұзақ мерзімді жаңғырту аясында біз елдің барлық аумағында медициналық қызметтер сапасының бірыңғай стандарттарын енгізуге, сондай-ақ медицина мекемелерінің материалдық-техникалық жабдықталуын бірыңғайландыруға тиіспіз. Негізгі басымдықтар:

- Сапалы және қол жетімді медициналық қызметтер көрсетумен қамтамасыз ету.

- Аурулар түрінің барынша кең спектрін диагностикалау және емдеумен қамтамасыз ету.

- Профилактикалық медицина аурудың алдын алудағы басты құралға айналуы тиіс. Халықпен ақпараттық-түсіндірмелік жұмыс жүргізуге баса ден қою.

- «Смарт-медицина», қашықтан профилактика және емдеу, «электрондық медицина» қызметтерін енгізу. Медицина қызметтерінің бұл жаңа түрлері біздікі сияқты аумағы үлкен, кең байтақ елде ерекше сұранысқа ие.

- Біз балаларымыздың денсаулығын қамтамасыз етуге жаңа тәсілдер енгізу мәселесімен жұмыс жүргізуіміз қажет . Барлық 16 жасқа дейінгі балаларды медициналық қызметтің барлық спектрімен қамту қажет деп ойлаймын. Оны ең төменгі өмір стандарттарына заңнамалық тұрғыдан бекіту қажет. Бұл қадам ұлт денсаулығын қамтамасыз етуде маңызды үлес болады.

- Медициналық білім беру жүйесін түбірімен жақсарту . Медициналық жоғары оқу орындары жүйесі мамандандырылған орта деңгейдегі білім беру мекемелері желісі арқылы нығайтылуы тиіс. Күнделікті тәжірибе оқу процесімен барынша ықпалдастырылуы тиіс.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ішкі саясаттың негізгі бағыттары
Құқықтық мемлекетті нығайтудағы президент жолдауларының маңызы және тиімділігі
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының қоғамдық - саяси мемлекеттік құрылымының қайта құрылуы
Заңтану мамандығы бойынша нәтижелері туралы
Жастар қоғамның әлеуметтік-демографиялық тобы ретінде
Адамс құқығы доктринасы құқықтық мемлекетті және ынтымақтастық
Денсаулық сақтаудың және медицинаның жалпы теориялық жүйелік ілімдері
Интерактивті оқыту
Қаржылық есептілік нысандары пайдаланушы үшін ақпарат ретінде
Жас кезеңдері және жас топтары мынадай
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz