Сұйық радиобелсенді қалдықтарды қайтара өңдеу әдістері



І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
1. Радиобелсенді қалдықтарға жалпы түсініктеме
2. Рдиоактивті қалдықтарды залалсыздандыру және көму.
3. Сұйық радиобелсенді қалдықтарды қайтара өңдеу әдістері
IV Пайдаланылған әдебиеттер
Қазіргі кезеңнің өзекті мәселелерінің бірі – радиациялық ластану болып қалып отыр. Радиактивті ластанумен күресу тек алдын алу сипатында ғана болады. Себебі табиғи ортаның мұндай ластануын нейтралдайтын биологиялық ыдырату әдістері де, басқа да механизмдері де жоқ. Қоректік тізбек бойынша тарала отырып (өсімдіктерден жануарларға) радиоактивті заттар азық-түлік өңімдерімен бірге адам ағзасына түсіп, адам денсаулығына зиянды мөлшерге дейін жиналуы мүмкін. Радиоактивті ластану – қоршаған ортаны өте қауіпті әсер әкелетін физикалық ластанудың түрі. Бұл ластану адам денсаулығы мен тірі организмдерге радиациялық сәулелену арқылы зиянды әсер жасайды. Қазіргі уақытта дамыған елдерде ядролық энергетиканың дамуына байланысты қоршаған ортаның радиациялық ластануы үлкен қауіп тудыруда. Ластанудың бұл түрі химиялық кейін екінші ортаға шықты. Радиациялық ластанудың мынадай топтарға бөледі:
1) Радиоактивті заттардың бөлінуінің нәтижесінде пайда болатын альфа - (гелий ядросы), бетта –(жылдам электрондар) бөлшектердің және гамма – сәулеленулердің әсерінен болатын радиациялық ластану (физикалық ластану түрі);
2) Қоршаған ортадағы радиоактивті заттардың мөлшерінің көбеюіне байланысты болатын ластану (химиялық ластану түрі).
1. http://diplomba.ru/work/131342
2. http://kodeksy-kz.com/ekologicheskij_kodeks/307.htm
3. http://flatik.ru/a-h-jakiyanova-nerksiptik-auipsizdik-negizderi-index-7
4. http://besasyl.kz/ре

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ МИНИСТРЛІГІ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ

Гигиена-1 және эпидемиология кафедрасы

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Сұйық радиобелсенді қалдықтарды қайтара өңдеу әдістері. Дистиляция, тұнбалау, коагуляция, ионды алмастыратын сүзгілерді қолдану, физика-химиялық, биологиялық әдістер.

Орындаған: Қазыхан А.Е.
Тобы: 302(Б)МПД
Қабылдаған: Ергебекова Г.Қ.

Шымкент, 2016 ж
Жоспар:
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
1. Радиобелсенді қалдықтарға жалпы түсініктеме
2. Рдиоактивті қалдықтарды залалсыздандыру және көму.
3. Сұйық радиобелсенді қалдықтарды қайтара өңдеу әдістері
IV Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Қазіргі кезеңнің өзекті мәселелерінің бірі - радиациялық ластану болып қалып отыр. Радиактивті ластанумен күресу тек алдын алу сипатында ғана болады. Себебі табиғи ортаның мұндай ластануын нейтралдайтын биологиялық ыдырату әдістері де, басқа да механизмдері де жоқ. Қоректік тізбек бойынша тарала отырып (өсімдіктерден жануарларға) радиоактивті заттар азық-түлік өңімдерімен бірге адам ағзасына түсіп, адам денсаулығына зиянды мөлшерге дейін жиналуы мүмкін. Радиоактивті ластану - қоршаған ортаны өте қауіпті әсер әкелетін физикалық ластанудың түрі. Бұл ластану адам денсаулығы мен тірі организмдерге радиациялық сәулелену арқылы зиянды әсер жасайды. Қазіргі уақытта дамыған елдерде ядролық энергетиканың дамуына байланысты қоршаған ортаның радиациялық ластануы үлкен қауіп тудыруда. Ластанудың бұл түрі химиялық кейін екінші ортаға шықты. Радиациялық ластанудың мынадай топтарға бөледі:
1) Радиоактивті заттардың бөлінуінің нәтижесінде пайда болатын альфа - (гелий ядросы), бетта - (жылдам электрондар) бөлшектердің және гамма - сәулеленулердің әсерінен болатын радиациялық ластану (физикалық ластану түрі);
2) Қоршаған ортадағы радиоактивті заттардың мөлшерінің көбеюіне байланысты болатын ластану (химиялық ластану түрі). Ортаның радиациялық ластануына атом қаруын сынау аз үлесін қосқан жоқ, ол радионуклидті жауын-шашынның түсуіне әкелді. Радионуклидтер - бұл элементтердің электрондарды атомдардан шығарып, оларды басқа атомдарға оң және теріс йондар жұбын түзуімен қосаға қабілетті радиобелсенді сәулелену шығаратын изотоптары. Мұндай сәулеленуді иондаушы деп атайды. Кейбір заттарда барлық изотоптар радиобелсенді болып табылады.
Радиациялық ластанудың көздері. Радиациялық қауіптердің әсерлері шыққан тегі бойынша табиғи және антропогенді болып бөлінеді. Табиғи факторларға қазба рудалары, жер қабаттарындағы радиоактивті элементтердің бөлінуі кезіндегі сәулелену және т.б. жатады. Радиациялық өндіруге және қолдануға, атом энергиясын өндіруге және ядер қаруын сынауға байланысты жұмыстар жатады. Сонымен адам өміріне өте қауіпті радиациялық антропогендік әсерлер адамзаттың мына іс-әрекетімен тығыз байланысты:
:: Атом өнеткәсібі;
:: Ядролық жарылыстар;
:: Ядролық энергетика;
:: Медицина мен ғылым.

.
Радиобелсенді қалдықтарға жалпы түсініктеме
Радиоактивті қалдықтар - құрамында адамдардың іс-әрекеттері нәтижесінде түзілетін радионуклидтер болатын, қосымша биологиялық немесе техникалық зиянды заттар. Мұндай қалдықтарға уран кендерін өндіру процесінде түзілетін қалдықтар, коммерциялық реакторларда радиоактивті элементтердің бөлінуі және радиоактивті заттарды қолдану арқылы дәрілер дайындау жатады. Радиоактивті қалдықтар құрамындағы радионуклидтер биосферада таралуы және тірі ағзаның, соның ішінде адамдардың ұлпаларында әр түрлі генетикалық өзгерістер тудыруы мүмкін.
Қоршаған ортаның радиоактивті қалдықтармен ластануының негізгі факторлары төмендегідей:
1. Ядролық қаруларды атмосферада және су астында сынау;
2. Ядролық энергетикалық құрылғылардан, жанар-жағармайларды қайта өңдейтін зауыттардан, өндіріс өнеркәсіптерінен, ғылыми зерттеу және медициналық орталықтардан активтілігі төмен қалдықтардың шығарылуы;
3. Арнайы оралған активтілігі төмен қалдықтардың мұхит түбіне көму;
4. Радионуклидтердің қоршаған ортаға тікелей түсуіне септігін тигізген Чернобыль апаты;
5. Ядролық энергетикалық құрылығылармен жабдықталған су асты кемелерінің және қайықтарының апатқа ұшырауы нәтижесінде радионуклидтердің теңіз суларына тікелей түсуі;
6. Бортында энергияның радиоактивті көздері болатын серіктестердің (спутниктердің), ғарыш корабльдерінің және ракеталардың жұмыс істеу режимдерінің апатқа ұшырауына байланысты жер атмосферасына түсуі.
Республика территориясында тау кендерін және уран өндіру, атом энергетикасының дамуы және жарты ғасыр бойына ядролық жарылыстардың соғыс және бейбіт мақсаттарда жүргізілуі нәтижесінде қоршаған ортаға, адамдар денсаулығына өте қауіпті болып табылатын радиоактивті қалдықтардың өте көп мөлшері жинақталған.
ҚР-да радиоактивті қалдықтардың сандық және сапалық сипаттамаларын жүйелі зерттеу 1993 жылдан басталады және Ұлттық ядролық орталықтардың, Республиканың атом энергетикасы комитетінің құрылуымен байланысты болды. Мамандардың және жекеленген арнайы ұйымдардың күшімен радиоактивті қалдықтардың жалпы мөлшерін, олардың категорияларын, регионалды жинақталу орындарын анықтау бойынша жұмыстар біртіндеп жүргізілуде және уақытша немесе тұрақты көму орындарын ұйымдастыру жұмыстары атқарылуда.
Радиоактивті қалдықтар агрегатты жағдайы бойынша сұйық, қатты және газ тәрізді болып бөлінеді.
Сұйық радиоактивті қалдықтарға органикалық емес заттардың ерітінділері, сүзгі материалдарының пульттері, органикалық сұйықтар жатады. Сұйық радиоактивті қалдықтарға бұдан әрі пайдалануға жатпайтын органикалық және бейорганикалық сұйықтар, радионуклидтерінің үлесті белсендігі сумен түскен кезде араластыру деңгейінің мәнінен он есе артық асатын пульпалар мен шламдар жатады. Сұйық радиоактивті қалдықтар негізінен буландырушы аппараттардың ішінде қалып қойған қалдықтар және сүзгішматериалдардың, ионалмастырғыш шайырлардың қалдықтарынан тұрады. Оларды контурлы сумен конденсатор арқылы тазалайды. Олар бетонан жасалған, тот баспайтын болатпен жалатылған сыйымдылықтарда сақталады.
Сұйық радиациялық қалдықтар активтілік дәрежесіне байланысты үш класқа бөлінеді:
-- 1 класс - активтілігі төмен радиоактивті қалдықтар, активтілігі 3,7 х 10 7 Бкм 3 - қа дейін.
-- 2 класс - активтілігі орта радиоактивті қалдықтар, активтілігі 3,7 х 10 7 - 3,7 х 10 13 Бкм 3 аралығында.
-- 3 класс -- активтілігі жоғары радиоактивті қалдықтар, 3,7 х 10 13 Бкм 3 жоғары.
Бірінші кластағы радиоактивті қалдықтарға негізінен дезактивационды пунктегі ағынды сулар және т. б. жатады. Активтілігі жоғары радиоактивті қалдықтарға құрамында радионуклиді бар өндірістің соңында қалатын қалдықтар жатады. Экалогиялық жағынан қауіп төндіретін зауыдтар болып табылады.
Қатты қалдықтарға бұйымдар, машиналардың және тетіктердің бөлшектері, материалдар, биологиялық объектілер, радиоактивті сәулелердің таусылған көздері жатады.
Қатты радиоактивті қалдықтар радиоактивтілік деңгейі бойынша былайша жіктеледі:
1) активтілігі төмен қалдықтар - өзіндегі үлестік активтілік (килограмына килобеккерелден): бета-сәулелену радионуклидтері үшін - мыңнан кем; альфа-сәулелену радионуклидтері (трансурандықтарды қоспағанда) үшін - жүзден кем; трансурандық радионуклидтер үшін - оннан кем қалдықтар. Активтілігі 7,4 х 10 4 - 3,7 х 10 6 Бкм 3;
2) активтілігі орташа қалдықтар - өзіндегі үлестік активтілік (килограмына килобеккерелден): бета-сәулелену радионуклидтері үшін - мыңнан он миллионға дейінгі; альфа-сәулелену радионуклидтері (трансурандықтарды қоспағанда) үшін - жүзден бір миллионға дейінгі; трансурандық радионуклидтер үшін - оннан жүз мыңға дейінгі қалдықтар. Активтілігі 3,7 х 10 6 - 3,7 х 10 9 Бкм 3;
3) активтілігі жоғары қалдықтар - өзіндегі үлестік активтілік (килограмына килобеккерелден): бета-сәулелену радионуклидтері үшін - он миллионнан астам; альфа-сәулелену радионуклидтері үшін (трансурандықтарды қоспағанда) - бір миллионнан астам; трансурандық радионуклидтер үшін - жүз мыңнан астам қалдықтар. Активтілігі 3,7 х 10 9 Бкм 3.

Қатты радиациялық қалдықтарға жататындар:
1) жанбайтын қалдықтар : металлдар, шыны, керамика, құрылыс қалдықтары және т. б. Бұл түрдің қалдықтарының құрамына сонымен қатар тара кіреді (включает также тару) яғни радиоактивті препарпттарды қаптау үшін қолданатын қап, қолданысқа жарамсыз құралдар, инситрументтер, машиналардың детальі, металды жиһаз, металды құрылыс конструкциялары, штукатурка және басқа құрылыс материалдары, кейде ірігабаритті (крупногабаритные) конструкциялар және құралдар.
2) Жанғыш қалдықтар : ағаш, пластмасса , резина, полихлорвенильді өнім, текстиль және т. б, жатады. Мұндай типтегі қалдықтарға сонымен қатар қолдануға жарамсыз ағаш және пластмассадан жасалған құралдар, жиһаз, арнайы киім, қағаз, ағаштан жасалған құрылыс конструкциялары жатады.
Газ тәрізді радиоактивті қалдықтарға өндірістік процесс кезінде көлемді белсенділікпен пайда болатын, рұқсат берілетін орташа жылдық көлемді белсенділіктен асатын, пайдалануға жатпайтын радиоактивті газдар мен аэрозельдер жатады.
Радиоактивті қалдықтар өңделетін аймақтарда радиоактивті қалдықтарды жинау, уақытша сақтау және көмуге беру тәртібін көздейтін технологиялық регламент өңделеді.
Технологиялық регламенттерде келесі негізгі сұрақтар көрсетіледі:
- сұйық және қатты қалдықтарды тікелей олар пайда болатын орындарда жинауды ұйымдастыру;
- қалдықтарды есепке алу тәртібі және оларды уақытша сақтау талаптары;
- қалдықтарды ұйым ішінде тасымалдау тәртібі мен маршруттары;
- ұйымның радиоактивті қалдықтарды уақытша сақтау үшін пайдаланатын жинағыш-контейнерлерді дезактивациялау тәртібі;
- қысқа мерзімді радионуклидтері бар радиоактивті қалдықтарды ұстау мен жою тәртібі;
- қалдықтар мен жұмысын өткерген көздерді көмуге беруді дайындау тәртібі;
- радиоактивті қалдықтармен жұмыс кезінде радиациялық бақылауды ұйымдастыру;
- авария, оқиға пайда болған жағдайдағы жұмыс тәртібі мен ұйымдастыру.
Технологиялық регламентте өрт жарылыс қауіпті сұйық және қатты радиоактивті қалдықтарды жинау, сақтау және тасымалдау кезінде өрт қауіпсіздігі шаралары көзделеді.
Радиоактивті қалдықтардың пайда болуы мүмкін аймақтарда радиоактивті қалдықтарды жинау мен уақытша сақтау үшін жағдай болмай иондайтын сәулелену көздерімен жұмыс істеуге рұқсат берілмейді.
Радиоактивті қалдықтарды жинау тікелей олардың пайда болуы орындарында келесілерді есепке алумен, қалыпты қалдықтардан бөлек жүргізіледі:
- қалдықтар санаты;
- агрегатты жағдай (қатты, сұйық);
- физикалық және химиялық сипаттамалар;
- табиғи (органикалық және бейорганикалық);
- қалдықтарда болатын радионуклидтердің жартылай бөліну кезеңі (15 тәуліктен кем, 15 тәуліктен артық);
- жарылыс және от қауіптіліктер;
- қалдықтарды өңдеудің қабылданған әдістері.
Қатты радиоактивті қалдықтарды жинау үшін контейнерлер қолданылады. Контейнерлердің орналасу орны сәулеленуді олардың шегінген тыс рұқсат берілетін деңгейге дейін төмендету үшін қорғаныс жабдықтарымен жабдықталады.
Сұйық радиоактивті қалдықтар ыдысқа жиналады. Олар шоғырландырылуға жатады және олар өздері пайда болған ұйымда немесе радиоактивті қалдықтармен жұмыс істейтін мамандандырылған ұйымда қатты жағдайға ауыстырылады, содан кейін көмілуге жіберіледі.
Сұйық радиоактивті қалдықтардың біршама мөлшері (күніне 200 лирден артық) болатын жобамен, радиоактивті емес ағындарды лақтыруға рұқсат берілмейтін канализация жүйесі көзделеді.
Сұйық радиоактивті қалдықтарды қоршаған ортаға лақтыруға рұқсат берілмейді.
Әр түрлі санатты радиоактивті қалдықтарды ұйымда уақытша сақтау жеке үй-жайда, не ІІ сыныпты жұмысқа арналған үй-жайға қойылатын талапқа сәйкес жабдықталып бөлінген телімде жүзеге асырылады.
Радиоактивті қалдықтарды уақытша сақтау мерзімі бір айдан аспайды. Қалдықтардың ай сайынғы пайда болуы 50 литрден (килограмм) аспаған жағдайларда уақытша сақтау мерізімін ұзартуға, бірақ 6 айдан артық болмай рұқсат беріледі.
Радиоактивті қалдықтарды өңдеуді, ұзақ мерзімде сақтауды және көмуді сәйкес қызмет түріне рұқсаты бар ұйым жүргізеді.
Радиоактивті қалдықтарды ұйымнан өңдеуге, ұзақ мерзімде сақтауға және көмуге беру контейнерлерде жүргізіледі және актімен ресімделеді.
Көмуге қабылдануға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Электромагнитті өрістердің гигиеналық маңызы
Лайды радиациялық өңдеу
Қоршаган ортаның ластануының жіктелуі
Радиоактивті ыдырау
Топырақ тіршілік ортасы
Тіршілік аясы және оның ластануын алдын алу
Табиғи ортаның ғаламдық экологиялық мәселелері
Радиобелсенді заттар қоршаған ортаға шыққан кездегі халықтың іс-әрекеті
Қошқар Ата қоймасының техногендік қалдықтарының іргелес территориялардағы биотаға әсерін анықтау
ҚТҚ сыныптамасы
Пәндер