Конституция ұғымы


Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Конституция латынның «constitutio» - «құрылым» сөзінен шыққан. Мемлекеттің негізгі заңы, елдегі барлық басқа заңдарға қатысты жоғары заңды күшке ие заң немесе заңдар тобы.

Конституция осы заманғы мемлекеттіліктің маңызды белгісі, мемлекеттің бастапқы саяси және құқықтық құжаты болып табылады. Мемлекеттің барлық басқа заңдары оның қағидаларына барынша сәйкестендіріле отырып қабылданады. Конституциялық қағидалардың бұзылуы өте елеулі құқық бұзушылық болып табылады.

Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясы 1993 жылы 28 қаңтарда ХІІ шақырылған Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің ІХ сессиясында қабылданды. Ол кіріспеден, 4 бөлім, 21 тарау және 131 баптан тұрады. Конституция Қазақстан мемлекеттік егемендігін алған сәттен бергі көптеген құқықтық нормаларды: халықтық егемендік, мемлекет тәуелсіздігі, билікті бөлісу принципі, қазақ тілін мемлекеттік деп тану, Президентті мемлекет басшысы деп тану, сот органдарын - Жоғарғы, Конституциялық және Жоғары Арбитраждық соттар және басқаларды қамтыды.

Қазақстан Республикасының екінші Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда қабылданды. 1995 жылы 30 тамызда республикада бүкілхалықтық референдум өтті, нәтижесінде Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды. Дауыс беру еліміздің қалалары мен ауылдарындағы 10253 сайлау учаскелерінде жүрді. Бұл Конституцияның 1993 жылғы Конституциядан айырмашылығы оның мазмұнының сапасында еді. Жаңа Конституцияға алғаш рет азаматтың құқығына қатысты ғана емес, адам дүниеге келген сәттен одан ажырамас құқықтарына да қатысты нормалар енді. Ол бойынша Қазақстан Республикасының Президенті саяси жүйенің басты тұлғасы болып табылады, билік тармақтарынан жоғары тұрады. Бұл президенттік басқару жүйесіндегі мемлекетке сай келеді. Парламент туралы конституциялық бөлім өзгерістерге ұшырады.

1995 ж. желтоқсанда екі палаталы: жоғарғы палаталы - Сенат, төменгі палаталы -Мәжіліс Парламентке сайлау өткізілді.

Конституция құрылымы

І. бөлім. Жалпы ережелер

II. бөлім. Адам және азамат

III. бөлім. Президент

IV. бөлім. Парламент

V. бөлім. Үкімет

VI. бөлім. Конституциялық кеңес

VII. бөлім. Соттар және сот төрелігі

VIII. бөлім. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару

IX. Бөлім. Қорытынды және өтпелі ережелер

Конституциялық кеңес - Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында Конституциясының үстінен қарауды қамтамасыз ететін мемлекеттік орган болып саналады. Конституциялық қадағалаудың үшінші, француздық моделінің үлгісі ретінде Конституциялық Кеңес өкілеттігін жүзеге асырған кезде мемлекеттік органдарға, ұйымдарға, лауазымды тұлғалар мен азаматтарға тәуелді емес, тек Конституцияға бағынады әрі саяси және басқадай себептерге сүйене алмайды. Конституциялық Кеңес өз іс-әрекетінің процесінде, барлық жағдайда, соттардың және өзге де мемлекеттік органдардың құзыретіне жататын мәселелерді анықтаудан және зерттеуден тартынуға міндетті. Конституциялық Кеңес өкілеттігі, қызметінің ұйымдастырылуы және кепілдігі жағынан соттарға көбірек жуықтағанымен, билік тармақтарының бірде-біреуіне бірікпейді.

Конституциялық сот - бір-қатар елдердегі конституциялық бақылау бірден-бір немесе басты міндеті болып табылатын ерекше орган. Жоғарғы соттардан әзгеше түрде ол жалпы соттар жүйесіне кірмейді. Бір елдерде ол ерекше санаттағы сот деп саналып, тиісінше сот жүйесіне кіреді, екінші бір елдерде сот билігіне жатпайтын ерекше бақылау органы болып табылады. Конституциялық Соттың мүшелеріне парламент сайлайды, не мемлекет басшысы тағайындайды, кейде Конституциялық Сот мүшелерін парламенттер, басқа да билік және әділет органдары тағайындайды. Конституциялық бақылау жасаумен қатар Конституциялық Соттың конституцияны түсіндіруге, саяси партиялар қызметінің конституцияға сәйкестігі мәселесін шешуге, құзырет туралы дауларды қарауға, т. б. Құқығы бар. Қазақстан Республикасында Конституциялық Сот 1995 жылға дейін елімізде нормативтік актілердің Конституцияға сай келуін қадағалайтын орган болып келді. Ол 1992 жылы 6 маусымда қабылданған "Қазақстан Республикасының Конституциялық соты туралы" Қазақстан Республикасының Заңы негізінде құрылды. "Қазақстан Республикасының Конституциялық сотын сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1992 жылғы 2 шілдедегі Қаулысымен Конституциялық Сот құрамы 11 адамнан жасақталды. Тиісті заңға және 1993 жыл¬ғы Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес Конституциялық Сот республика Конституциясын қорғау жөніндегі сот билігінің жоғары органы болып табылады. Оған Конституцияны қорғау және оның мәртебелілігігі қам¬тамасыз ету міндеті жүктелді және оның зандар мен өзге де құжаттарды Конституцияға сай емес деп табуы республика аумағында олардың күшін жояды деп корсетілді. "Қазақстан Республикасы Конституциялық соты туралы" Заңда анықталғандай, бұл органның құзыретіне актілердің конституциялылығын қараумен қатар, Қазақстан Республикасы Президентінің, Министрлер Кабинеті мүшелерінің Жоғарғы сот пен Жоғарғы төрелік сот төрағаларының, Бас прокурордың, Қазақстан Республикасы дипломатиялық, өзге де өкілдіктерінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселе қозғалған ретте олардың Республика Конституциясы мен заңдарын сақтауы туралы қорытынды беру, азаматтардың конституциялық құқығына қатысты құқық қолдану тәжірибесінің Конституцияға сай келуі туралы істерді қарау, тиісті заңда көрсетілген нақты мәселелер бойынша іс қозғау, т. б. жатты. 1995 жылы конституцияға сәйкес Конституциялық Соттың орнына сот жүйесіне кірмейтін Конституциялық Кеңес құрылды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ресей Федерациясының Конституциясы орыс мемлекеттің негізгі заңы
Конституциялық құқық ұғымы
Қазақстанның Конституциясы
Қр-ның 1993-1995 ж. конституциясы
Конституция түсінігі
Конституциялық құқықты интернационализациялау
Конституциялық-құқықтық нормалар, институттары мен қағидалары
Конституция- мемлекеттің негізгі заңы: қалыптасуы мен дамуы
Қазақстан Республикасының ата заңдарының тарихи - құқықтық сабақтастығының алғы шарттары
1993 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы және оның тарихи маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz