Ас қорытылудың биохимиялық реттелу негіздері: асқазан-ішек жолының гормондары


Білім алушының өзіндік жұмысы
Мамандығы: Стоматология
Курс: 2
Тақырыбы: Ас қорытылудың биохимиялық реттелу негіздері: асқазан-ішек жолының гормондары
Орындау түрі: Мәнжазба
Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Ас қорытылудың биохимиялық реттелу механизмдері
2. Сілекей мен қарын безі қызметінің реттелуі
3. Гормондар. Асқазан ішек жолының гормондары
4. Гастрин, секретин,
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланған әдебиеттер
I. Кіріспе
Ас қорыту жүйесі ( гр. systema digestoria; гр. systema - бүтін, байланысқан, жүйе; лат. digestoria - асқорыту) - адам мен жануарлар организмдеріндегі асты (азықты) қабылдау, өңдеу, қорыту, сіңіру және жын қалдығын сыртқы ортаға шығару қызметтерін атқаратын мүшелердің жүйесі. Асқорыту жүйесі түтік тәрізді мүшелерден және ас қорыту бездерінентұрады. Филогенездік және онтогенездік тұрғыдан асқорыту жүйесін төрт бөлімге бөледі: бас бөлімді - ауызжұтқыншақ (аран), алдыңғы бөлімді - өңеш пен қарын (асқазан), ортаңғы бөлімді - ащы ішектер (он екі елі ішек, аш ішек, мықын ішек) мен ірі асқорыту бездері (ұйқы безі, бауыр), артқы бөлімді - жуан ішектер (бүйен, тоқ ішек, тік ішек) құрайды.
Негізгі бөлім
Ас қорытудың реттелуі
Сілекей бездерінің қызметінің реттелуі. Ас ауызға түскеннен кейін бірнеше секундтан соң, сілекей шығару күшейе бастайды. Сілекейдің бөлінуі рефлекторлы түрде жүйке жүйесінің қатысуымен жүреді. Шайнау барысында ас ауыз қуысындағы тілде, ұртта, еріннің ішкі жағында орналасқан рецепторларды тітіркендіреді. Соның нәтижесінде пайда болған қозу тіл-жұтқыншақ пен бет жүйкелерінің афференттік талшықтары арқылы сопақша мидағы сілекей шығару орталығына келеді. Бұл жерге келген қозу талданып, талқыланып жауап қозу туады. Ол эфференттік жүйкелер арқылы сілекей бездеріне барады да, сілекей шығару рефлексі іске қосылады.
Сілекей тамақты көргенде, оның исін сезгенде, астың атын айтып әңгімелегенде де бөлінеді. Бұл И. П. Павлов анықтағандай сілекейдің шартты түрде бөлінуі. Бұл рефлекс бұрын көрген, жеген, исін сезген тамақты пайдаланғанда пайда болады.
Қарын бездерінің қызметінің реттелуі. Қарын сөлінің өндірілуінде 3 кезең байқалады: 1) күрделі рефлекторлы; 2) қарындық; 3) ішектік. Бірінші кезең ас қарынға түсер алдындағы шартты және шартсыз тітіркендіргіштердің нәтижесінде пайда болады. Екінші кезең ас қоймалжыңының түйірлері мен қорытылудан пайда болған заттардың қарын қабырғасын тітіркендіруіне байланысты туады.
Қарын бездерінің қызметін қарын қабырғасында түзілетін гастрин мен гастрон гормондары реттейді. Гастрин қанға сіңіп гуморальды жолмен қарын бездерін қоздырады. Гастрин пайда болғанда тұз қышқылының өндірілуі тежеледі. Ал гастрон қарын бездерінің қызметін тежейді.
3 кезең (ішектік) қанға қоздырғыш гормон энтерогастриннің сіңуінен бесталады, ал энтреогастрон оны тежейді.
Ішектегі астың қорытылуын реттейтін ең жоғары орталық - мидың гипоталамус бөлігі. Оның хеморецепторларын «аш» қан тітіркендіреді. Бұл орталықтың қызметінің бұзылуы тойымсыздықты тудырады.
Гормондар (гр.
hormao
- қоздырамын, қозғаймын)
- эндокринді бездер немесе эндокриндік қызметке қабілетті жекеленген жасушалар бөлетін тым белсенді органикалық биологиялық заттар. Аталмыш бездер мен жасушалардың шығару өзектері болмағандықтан, олар өздері бөлетін гормондарын организмнің ішкі сұйық ортасына (ұлпа сұйығы, қан, лимфа ) бөліп шығарады. Гормондар - өзінің химиялық табиғатына байланысты: стероидты гормондарға (жыныс гормондары, бұйрекұсті безі қыртысты заты гормоны), протеиндік және пептидтік гормондарға (гипофиз, қалқанша без, қалқаншамаңы безі, ұйқы безі, бұйрекүсті безінің бозғылт затының гормондары), ал нысандарға әсер ету қызметіне қарай: бірыңғай салалы ет құрылымдары мен бездерге салыстырмалы қысқа мерзім ішінде әсер ететін кинетикалық гормондарға (окситоцин, вазопрессин, адреналин, норадреналин), организмдегі зат алмасу процестерін реттейтін метабоддық гормондарға және жасушалар, ұлпалар мен мүшелердің өсуі мен жетілуін бақылайтын морфогенетикалық гормондарға (соматропты гормонфолликулды жандандырушы гормон, эстрогендер, тестостерон) бөлінеді.
Гормондар - ішкі секреция бездерінен бөлінетін ұлпалар мен мүшелерге әсер ететін биологиялык белсенді заттар. Гормондардың барлығы ағзалық заттар, себебі, олардың біреуі нәруыздан, екіншісі аминқышкылдарынан, үшіншісі майтектес заттардан құралған. Гормондар ішкі секреция бездерінен бөлініп, қан, лимфа ұлпа сұйықтығы арқылы басқа мүшелерге жеткізіледі. Ішкі секреция бездерінің қызметін реттейтін орталық - аралық мидағы гипоталамус. Оны көру төмпешікасты бөлімі деп те атайды. Гипоталамус пен гипофиздің қызметі бірімен-бірі тығыз байланысып, гипоталамустен гипофиздік жүйе құралады. Жүйке ұлпасынан бөлінетін гормондар - нейрогормондар деп аталады. Олар қан құрамының тұрақтылығын және зат алмасудың қажетті деңгейін қамтамасыз етеді. Осы арқылы ағза қызметінің әрі рефлекстік, әрі гуморальдық реттелуі жүзеге асады. Қызметі - Зат алмасу қарқындылығын өзертеді; Ағзаның тіршілік ету ортасына бейімделушілігі арттырады Өсу мен көбеюді реттейді Физиологиялық үдерістерді күшейтеді немесе бәсеңдетеді Жасуша нысан - Гормон нысанада болатын нәруыз - рецептормен байланысады. Осы рецепторлар гормонның деңгейінің кішкене ғана ауытқуын сезіп, ішкі секреция бездеріне сигналдар жібереді, нәтижесінде олар өздерінің белсенділіктерін арттырады немесе бәсеңдетеді. Нәтижесінде гормонның мөлшері қалыпты жағдайға түседі.
Гастрин - гормон, қарынның кілегей қабықшаларының жасушаларында, ішқақпақшаның бөлігінің дағдылануы және асқазан түбі, ішекте табылған, сол сияқты бірқатар жануарлар гипофизінде. имиялық табиғатты, полипептид, 17 аминқышқыл қалдықтарынан тұрады. Десульфирленген және сульфирленген пішіндері бар. Олар бірдей биологиялық белсенділікке ие. Түрлі гастриндтер пептидтік тізбек құрайды, олар 34 және 13 аминқышқылдары. Гастрин асқорыту органдарының функциясын реттеуші. Асқазандағы тұз қышқылы бөлнеуіне, асқазандық секрециясын және ұйқы безі шырындарын бөлінуін күшейтеді. Өт шығарушы, асқазанның қозғалыс белсенділігін және ішегін, тонусын өзгертеді. Қарын қалтырысының созылуында қанды шығарады және адам химиялық тітіркендіргіштерге қозғалысын білдіреді, сол сияқты тітіркеніштер ықпалымен кезеген жүйкелерге түседі, және қанның химиялық факторлары. Гастриннің химиялық түзулері жүзеге асырылған.
Ішкі секреция бездері. Гормондар. Гипофиз. Эпифиз Ішкі секреция бездері немесе эндокриндік мүшелер жүйесі (гр. «endon» - ішкі, «сrino» - бөлемін) биологиялық белсенді заттар бөлетін мүшелерге жатады. Ішкі секреция бездерінің жасушаларын ұсақ қантамырлар мен лимфа қылтамырлары торлайды. Бұл бездерде бөлінетін сұйықтықты шығаратын өзек болмағандықтан, сұйыктық бірден қанға өтеді. Сондықтан мұндай бездерді ішкі секреция бездері деп атайды.
Ішкі секреция бездеріне жататындар: гипофиз, қалқанша без, қалқанша маңы безі, тимус, эпифиз, бүйрек үсті бездері және т. б. Ұйқыбез бен жыныс бездері - аралас бездер. Олар әрі ішкі, әрі сыртқы секрециялық қызмет аткарады. Бұл бездерден бөлінетін заттар канға да және басқа мүшелерге де өтеді. Ішкі секреция бездерінен бөлінетін сұйықтықты гормондар дейді.
Гормондар (гр. «һоrmae» - қоздырамын, козғалыска келтіремін) - ішкі секреция бездерінен бөлінетін ұлпалар мен мүшелерге әсер ететін биологиялық белсенді заттар. Гормондардың барлығы ағзалық заттар, себебі, олардың біреуі нәруыздан, екіншісі аминқышкылдарынан, үшіншісі май тектес заттардан құралған. Гормондар ішкі секреция бездерінен бөлінін, қан, лимфа, ұлпа сұйыктығы арқылы басқа мүшелерге жеткізіледі. ішкі секреция бездерінің қызметін реттейтін орталық - аралық дағы гипоталамус (гр. «һуро» - асты, төменгі жағы, «tаlаmое» - бөлме) . Оны көру төмпешік асты бөлімі деп те атайды. Гипоталамус пен гипофиздің қызметі бірімен-бірі тығыз байланысып, гипоталамустен гипофиздік жүйе құралады. Жүйке ұлпасынан бөлінетін гормондар - нейрогор-явтт аталады. Олар қан құрамының тұрақтылығын және зат
Ішкі секреция бездерінен бөлінетін гормондар және олардың адам ағзасына әсері
Гормондар Бөлетін бездер Ағзаға әсері
Тироксин Қалқанша безі Негізінен зат алмасу каркындылығын арттырады
Паратгормон Қалканшамаңы безі Кальций және фосфор алмасуын реттейді
Инсулин Ұйкыбездің аралды бөлігі Бұлшық ет және басқа жасушалардың глюкозаны пайдалануын арттырады, қанның құрамындағы канттың мөлшерін азайтады, гликогеннің қорын арттырады, глюкозаның алмасуына әсер етеді
Глюкагон -- Бауырдағы гликогеннің канда глюкозаға айналуына әсер етеді
Адреналин Бүйрек үсті бездің без заты Симпатикалык жүйкелердің әсерін арттырады, бауыр мен бұлшық еттердегі гликогеннің ыдырауына әсер етеді
Норадреналин -- Қантамырларын тарылтады
Өсу гормоны (соматропты гормон) Гипофиздің алдыңғы бөлігі Сүйектің және ағзаның калыпты өсуін реттейді, нәруыздың, көмірсудың және майдың алмасуына әсер етеді
Гиреотропты гормон -- Калқанша бездің өсуіне және тироксиннін түзілуіне әсер етеді
Адренокорти-котропты гормон (АКТГ) -- Бүйрек үсті бездердің өсуіне және оларда гормондардың түзілуіне әсер етеді
Окцитоцин Гипоталамус (гипофиздің артқы бөлігі) Жатыр бұлшық еттерінің жиырылуына және сүттің бөлінуіне әсер етеді
Вазопрессин -- Бірыңғай салалы бұлшық еттердің жиырылуына жағдай жасайды. Зәрдің бөлінуін азайтады
Тестостерон (андрогендер) Аталық бездер Аталық жыныс белгілердің дамуына әрі сақталуына әсер етеді
Эстрадиол (экстрогендер) Аналық бездер Аналық жыныс белгілердің дамуын әрі сақталуын қамтамасыз етеді
алмасудың қажетті деңгейін қамтамасыз етеді. Осы арқылы ағза кызметінің әрі рефлекстік, әрі гуморальдық реттелуі жүзеге асады.
Қызметі: 1. Гормондар денедегі зат алмасу қарқындылығын өзгертеді;
2. Ағзаның тіршілік ету ортасына бейімделушілігін арттырады;
3. Өсу мен көбеюді реттейді;
4. Ағзадағы физиологиялық үдерістерді үдетеді (күшейтеді) немесе бәсеңдетеді.
Гипофиз (гр. «һурорһуsіs» - өсінді) аралық мидың астыңғы жағына жіңішке өсінді арқылы бекінеді. Пішіні үрмебұршақ тәрізді, ересек адамдар да салмағы 0, 5-0, 6 г-ға жетеді. Гипофиз - безді және жүйке ұлпаларынан тұрады. Гипофиз алдыңғы, ортаңғы және артқы бөліктерден тұрады. Бұл безден бөлінетін 25 түрлі гормонның 7-еуі жеке бөлініп алынып, толық зерттелген.
Қызметі: 1) гипофиздің алдыңғы бөлігі құрамы нәруыздан тұратын өсу гормонын (соматотропин) бөледі. Өсу гормоны дененің, өсіресе ұзын сүйектерінің өсуіне әсер етеді;
2) нәруыздың, майдың, көмірсудың алмасуын реттейді;
3) жыныс бездерінің жұмысын қалпына келтіреді;
4) сүт безінен сүттің бөлінуін камтамасыз етеді;
5) бүйрек үсті безі қыртысының өсуіне, одан бірнеше гормондар бөлінуіне, қалқанша бездің дамуына әсер етеді;
6) кандағы темірдің тұрақтылығын сақтайды.
Гипофиздің ортаңғы бөлігі пигментті жасушалардың мөлшері мен санын ұлғайтады. Тері пигмент/ - меланиннің түзілуін күшейтеді.
Гипофиздің артқы бөлігінен 2 түрлі гормон (вазопрессин, окситоцин) бөлінеді. Бұл гормондардың біреуі (окситоцин) жатыр бұлшық етінің жиырылуын күшейтеді. Екіншісі (вазопрессин) ұсақ артерия қан тамырларының жиырылуын арттырып, артерия қысымын жоғарылатады. Ағзадан зәрдің бөлінуін азайтады (5-кесте) .
Гипофиз безінің қызметі бұзылуынан болатын ауытқулар. Гипофизден бөлінетін гормондар химиялық құрылысы жағынан тек нәруыздан тұрады. Шамадан тыс көп бөлінген гормон жасушалардың қарқынды көбеюін тездетеді. Нәтижесінде нәруыз түзілуі күшейіп, азоттың денеден шығарылуы азаяды. Өсу гормоны артық бөлінсе, адамның сүйегі ұзынынан өсіп, бойы 2 м-ден асады.
Алыптылық әсіресе жас кезде сүйектің ұзынынан қарқынды өсуі кезінде байкалады. Аяқ-кол сүйектері ұзарып, маңдайы мен бет сүйектері алға шығыңқы болып, тілі аузына сыймайтын ауруға ұшырайды. Мұндай ауруды акромегалия (гр. «аkros» - аяк-қол сүйектері, «mega» - үлкен) деп атайды. Дыбыс сіңірлері жуандап, даусы «гүжілдеп» жағымсыз шығады. Бұл ауруды тек рентген сәулесімен емдейді.
Гипофиздің гормондары аз бөлінсе, адамның бойы өспей калады. Ер адамның бойының биіктігі 130 см, өйелдерде 100-120 см-ден ас-пайды. Терінің дәнекер ұлпасының нәруыз синтезі бұзылып, тері құрғап, бетке көп әжім түседі.
Ергежейлілік (гр. «nanos» - тым аласа бойлылық) - гипофиз, бүйрек үсті бездері, қалқанша бездердің зақымдануынан пайда болады. Себебі бұл бездердің жұмысын орталық жүйке жүйесі реттейді. Ергежейліліктің 2 түрі бар: біріншісі - дене бітімінің сәйкестілігі (пропорционалды), екіншісінің дене бітімінің сәйкессіздігі (мүшелерінің пропорциясының сақталмауы) .
Дене бітімінің сәйкестілігіне қарамай ергежейлі болуын -гипофизді ергежейлілік дейді. Гипофиздің алдыңғы бөлігінің қызметінің бұзылуынан адамның калкы өсуімен зат алмасу процесі өзгереді. Мұндай адамдардың дене бітімі, мінез-құлқы дұрыс дамығанымен денесі бала сияқты өспей калады. Жыныс бездері толық жетіліп дамымайды. Семіріп, беттерін әжім басады.
Дене бітімінің сәйкессіздігі қалқанша бездің зақымдануынан болады. Бұдан басқа қаңқасының сүйектенуі, терісінің тым құрғақ болуы, зат алмасуының бәсеңдеуі, психикасының толық дамымауына да себеп болады.
Эпифиз - пішіні домалақша без, салмағы 0, 2 г. Ол ортаңғы ми мен аралық мидың ортасында орналасқан. Одан мелатонин гормоны бөлінеді. Ол ағзадағы тәуліктік ырғаққа, басқа ішкі секреция бездерінің және қандағы калий мөлшеріне әсер етеді.
Гормондардың әсері
Гормондардың әсер ету тетіктері өте күрделі және биохимиялық тұрғыдан жан-жақты қарастырылған. Белгілі бір гормонның қажеттілігі артса, гормон - белок кешені ыдырап, гормонның бос түрі пайда болады. Байланысқан гормондар кор болып табылады, керек уақытта тез әрі жеңіл пайдаланылады. Белок тасушымен байланысқан гормон ферменттердің әсерінен ыдырап, бүйрек арқылы несеппен шығарылмай денеде сақталады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz