Вирустардың генетикалық аппараттарының ерекшеліктері



I) КІРІСПЕ
II) НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1) ЖАЛПЫ ВИРУСТАР ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
2) ВИРУСТАРДЫҢ ГЕНІ
3) ВИРУСТАРДЫҢ НУКЛЕИН ҚЫШҚЫЛЫ
4) ДНҚ.ҒЫ ВИРУСТАР
5) РНҚ.ҒЫ ВИРУСТАР
III) ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
IV) ҚОРТЫНДЫ
Бұл процесс вирус жабысуынан кейін келесі жағдайлардың нәтижесінде бірден басталады: 1) ЦПМ арқылы вирустың жасуша ішіне қарай ауысуы; 2) вирустық бөлшектің эндоцитозы (пиноцитозы), нәтижесінде олар цитоплазмалық вакуольдерде жинақталады; 3) цитоплазматикалық мембрананың вирус қабыршағымен бірігуі. Қабыршақсыз вирустар жасушаға алғашқы екі механизм көмегімен енеді. Қабықшалы вирустар жасушаға цитоплазмалық мембранамен бірігу жолымен енеді
Жасуша өзінің тіршілік етуіне қажетті көптеген басқа заттектерді де тасымалдау үшін пайдаланады. Пиноцитоз механизмі бірнеше кезеңдерден тұрады. Вирус жасушаның беткейлік ақуыздарындағы «қоршалған рецепторлық ойшықтар» деп аталатын, ерекше учаскеде орналасқан рецепторлармен байланысады. Бұл ойшықтардың түбі ерекше ақуыз-клатринмен жамылған, ол – қылшықша тәріздес және көпқырлы торша құрылым.
1. Ветеринариялық вирусология- Ш.Б. Мырзабекова Алматы Білім 2004.
2. Толысбаев, Б.Т. Микробиология және иммунология.-
3. Интернет желі
4. Медициналық микробиология. Б.А.Рамазанова және Қ.Құдайбергеновтың редакциялауымен шығарған.Алматы 2005 жыл.
5. С.Ж.Стамбеков "Генетика" 2002 жыл. Микробиология және вирусология Ү.Т.Артықбаев және Г.Д.Асемова ,К.Х.Алмағанбетова Астана 2005 жыл.
6. www.google.kz

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Студенттің өзіндік
жұмысы
Мамандығы: Жалпы медицина
Кафедра:Микробиология. Вирусология, иммунология кафедрасы
Курс:1
Тақырыбы: Вирустардың генетикалық аппараттарының ерекшеліктері. ДНК және РНК бар вирустар

Орындаған:
Тобы:
Тексерген:
Бағасы:
Оқытушының қолы:
Күні:


МАЗМҰНЫ
I) Кіріспе
II) Негізгі бөлім
1) Жалпы вирустар туралы ақпарат
2) Вирустардың гені
3) Вирустардың нуклеин қышқылы
4) Днқ-ғы вирустар
5) Рнқ-ғы вирустар
III) Пайдаланылған әдебиеттер
IV) Қортынды

ВИРУС КӨБЕЮІ 5 САТЫҒА БӨЛІНЕДІ:
1)ЖАСУШАҒА ЕНУ
2)ЖАСУШАДА ВИРУСТЫҢ НУКЛЕИН ҚЫШҚЫЛЫНЫҢ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕТІН ФЕРМЕНТТЕРДІҢ ТҮЗІЛУІ
3)ВИРУСТЫҢ ҚҰРЫЛЫМ БӨЛШЕКТЕРІНІҢ ЖИНАЛУЫ
4)ОДАН ВИРИОННЫҢ ТҮЗІЛУІ
5) ЕРЕСЕК ВИРУСТЫҢ КЛЕТКАДАН ШЫҒУЫ.

Бұл процесс вирус жабысуынан кейін келесі жағдайлардың нәтижесінде бірден басталады: 1) ЦПМ арқылы вирустың жасуша ішіне қарай ауысуы; 2) вирустық бөлшектің эндоцитозы (пиноцитозы), нәтижесінде олар цитоплазмалық вакуольдерде жинақталады; 3) цитоплазматикалық мембрананың вирус қабыршағымен бірігуі. Қабыршақсыз вирустар жасушаға алғашқы екі механизм көмегімен енеді. Қабықшалы вирустар жасушаға цитоплазмалық мембранамен бірігу жолымен енеді
Жасуша өзінің тіршілік етуіне қажетті көптеген басқа заттектерді де тасымалдау үшін пайдаланады. Пиноцитоз механизмі бірнеше кезеңдерден тұрады. Вирус жасушаның беткейлік ақуыздарындағы қоршалған рецепторлық ойшықтар деп аталатын, ерекше учаскеде орналасқан рецепторлармен байланысады. Бұл ойшықтардың түбі ерекше ақуыз-клатринмен жамылған, ол - қылшықша тәріздес және көпқырлы торша құрылым. Клатрин жасуша ішінде мембрананың фрагменттерін тасымалдауда шешуші рөл атқарады деп есептеледі. Жасуша беткейіндегі рецепторлық учаскемен беріктеу байланысуы жасушалық мембрананың вирус бөлшегінің айналасына оралуын қамтамасыз етеді, яғни инвагинациялану басталады. Осындай үрдістің нәтижесінде ішінде вирус бөлшектері бар вакуольдер пайда болады да, олар жасушаның плазматикалық мембранасынан бөлініп шығады. Осындай вакуольдер цитоплазмалық ірі вакуольдермен - эндсомалармен, содан кейін - лизосомалармен қосылып бірігеді. Лизосомалар - ол жасушадағы әртүрлі компоненттердің ыдырауын реттеуге керекті ферменттер жиынтықтарынан тұратын жасушалық органеллалар.Қабықшалы вирустардың жасушаға ену үрдісі вирусспецификалық және вирионның сыртында орналасқан тіркеушіақуыздармен бақылауланады.

Жасушаға вирус енгеннен кейін эндосомаларда ортаның рН- ы күрт төмендейді де вирион қабықшасы эндосомальды мембранамен қосылады және вирустық нуклеокапсид босанып, цитоплазмаға шығу аяқталады.Іс жүзінде барлық қабықшалы вирустар үшін олардың беткейлік гликопротеиндеріндегі конформациялық өзгерістер нәтижесінде эндосомалар ішінде рН қышқыл болуы керек. олар вирион беткейінде шамамен 100-150 нм көтеріңкі орналасады; олигомерлер түзеді және олардың пайда болуы вириондардың жасуша ішінде тасымалдануына елеулі әсер етеді; құрылымында біріктіруші пептид болады. Қабықшасыз вирустарда да жасушаға ену процесі олардың ақуыздарындағы конформациялық өзгерістермен байланысты.Вирустар тиісті жолмен жасуша ішіне енгеннен кейін шешіну сатысы басталады

Вирустардың шешінуі..
Қабықшалы вирустардың шешінуі екі кезеңмен(этап) жүреді - жасушалық мембранамен қосылған беткейлік ақуыздардың жойылуы және мембраналық ақуыздармен байланысқан ДНП немесе РНП-ің босанып шығуы. Қабықшасыз вирустардың да шешінуі бірнеше кезеңдерден тұрады. Бұл процестердің механизмі толық зерттелмеген. Дегенмен, қазіргі кезде келесі фжағдайлар белгілі болып отыр. Эндосомалардағы қышқыл орта вирион капсидіне конформациялық өзгерістер тудырады, нәтижесінде вирион беткейінде жетілген вирус бөлшегінде болмайтын гидрофобты домендер бөлініп шығады. Осындай домендердің эндоплазмалық мембранамен өзара әсерлесуі қуыстар пайда болуға әкелуі мүмкін. Осы қуыстар арқылы вирус геномы цитоплазмаға түседі, яғни қабықшасыз вирустарда шешіну процесі жасушалық мезосомалық ферменттердің және вирустық ақуыздардың қатысуымен атқарылады. Шешінудің осындай механизмінің вирустардың табысты репродукциялануын қамтамасыз ету үшін бірқатар артықшылығы бар. Біріншіден, беткейлік гликопротеиндердің эндосомалар мембранасымен бірігу процесі, жасуша беткейінде қабықшалық вирустық гликопротеиндердің экспонирленуінен және оларды иммундық жүйе танып алудан құтылуға мүмкіндік береді. Екіншіден, эндосомалық мембрананың лизистенуі, плазматикалық мембрананың лизистенуіне қарағанда, жасушаға әлдеқайда аз зақымдаушы әсер етеді.Нуклеин қышқылы босанып шыққаннан кейін ол репликацияланатын және трансляцияланатын орынға, яғни ядро немесе цитоплазмаға жеткізілуі керек. Нуклеин қышқылының тасымалдануы көбінесе вирион жүрекшесінің вирустық ақуыздарымен атқарылады.

Вирустардың қ алыптасуы. Вириондар өздігінен жиналу жолымен қалыптасады: вирионның құрама бөліктері вирусты жинақтайтын жасуша цитоплазмасына немесе ядро саласының орнына тасымалданады. Вирион компоненттерінің қосылуы гидрофобтық, иондық, сутектік, және стерикалық сәйкестіктегі бар қосындыларының болуына негізделген.

Вирустардың жасушадан шығ уы.
Вирустардың толық репликациясының айналымы 5-6 сағаттан вирусы. бірнеше тәуліктен соң аяқталады. Вирустардың репродукциялануы жарылу немесе бүршіктену, Экзоцитоз жолдарымен жасушадан шығуымен аяқталады. 1. Жарылу жолы: жойылушы жасушадан бір уақытта көп мөлшерде вириондар шығады. Жасушадан жарылу жолымен липопротеинді қабықшасы жоқ, жай құрастырылған вирустар шығады. 2. Бү ршіктену, экзоцитоз жасуша мембранасынан туындаған липопротеинді қабықшасы бар күрделі құрастырылған вирустар ға тән. Алдымен құралған нуклекапсид немесе вирионның өзегі вирусты спецификалық ақуыздар қалаған жасуша мембранасына тасымалдайды. Сонан со ң жасуша мембранасымен нуклеокапсид немесе вирион өзегі жанас қан жерде осы аума қтарды ң томпай ғаны бай қалады. Құрастырыл ған б үршік жасушадан күрделі құралған вирус ретінде ажырап шығады. Соған қарамастан жасуша тіршілікке қабілеттілігін са қтай отырып, вирустарды ң ұрпағын шығарып отыра алады.Цитоплазмалық мембранада қалыптасатын вирустардың бүршіктенуі плазматикалық мембрана немесе эндоплазматикалық тордың мембраналары арқылы жүріп, соңынан жасуша бетіне шығуы мүмкін. Жасуша ядросында құрастырылатын вирустар перинуклеарлық кеңістікке модификацияланатын ядроның мембранасы арқылы бүршіктеніп, липопротеинді қабықша ға ие болады. Сонан соң цитоплазмалық везикулалардың құрамында жасуша беткейіне тасымалданады
Инфекция
Инфекция -- микро және макроорганизмдердің қарымқатынасының бір түрі. Оның негізіне инфекциялық агенттің организмге кіруі мен онда өсіп-өнуі жатады. Инфекция көп түрлі болады. Оған ауру белгісі білінбей-ақ қоздырғышты тасымалдаудан бастап ауру белгілері толық көрінетін ауруларға дейін жатады. Инфекция барлық органикалық материяға тән. Ол бөлек торшаға да, тұтас организмге де тән. Инфекция деп жайшылықта жұқпалы аурулар тобын немесе олардың белгілі бір түрін атайды
Егер болып өткен инфекция мен мал организмінің оның қоздырушысынан тазарғаннан кейін сол патогендік микробтық себебімен қайтадан ауру болса, оны реинфекция дейді. Оның даму шарты сол қыздырушыға бейімділігінің сақталуы. Сол патогендік микробпен қозып, бұрынырақ дамыған инфекциялық процестің фонында басталған жаңа (қайтадан) қанығудың салдары - суперинфекция деп аталады. Аурудың қайтадан оралуы, басталған клиникалық жазылудан кейін оның нышандарының қайта көрініс беруі редцидив деп аталады. Ол малдың ауруға қарсы тұрушылығының төмендеуімен болып өткен аурудың организмде сақталған қоздырушылардың активтенуінен пайда болады. Рецидивтер тұрақты иммнитетті жеткіліксіз құрылуынан болатын ауруларға тән
Иммунитет
Иммунитет (латынша 0іm-munіtas - босап шығу, арылу, құтылу) немесе Тө темелілік -- организмнің антигендік қасиеттері бар жұқпалы және жұқпалы емес бөгде заттарды, жұқпалы аурулар қоздырғышын немесе олар бөліп шығаратын кейбір улы заттарды қабылдамаушылық қасиеті және оларға қарсы тұру қабілеті. Иммунитет - көрінісі мен механизмі бойынша әрқилы болып келетін жалпы жоғары сатыдағы организмдерге ортақ биологиялық қасиет. Организмнің бұл қасиеті оның жеке басының тіршілік ортасына бейімделу ерекшеліктерімен тікелей байланысты.
Иммунитет кезінде организмде аса күрделі биологиялық процестер жүріп, организмнің қорғаныштық қасиеті арта түседі. Соның нәтижесінде түрлі зиянды микроорганизмдерді, олардың уларын, т.б. бөгде заттарды ыдыратып, бейтараптап жойып жіберетін қабілеті күшейеді. Иммунитет - организмнің ауру тудыратын агенттерді олардың тіршілік ету өнімдерін, сондай-ақ генетикалық табиғаты басқа заттарды қабылдамаушылығы. Иммунитеттің қалыптасуына тұтас жүйе ретінде бүкіл организм қатысады, өйткені оның қорғану механизмі бір-біріне байланысты, әрі нейрогуморалды реттеу жағдайында әрекет етеді.

Гуморальды иммунитет.
Гуморальды иммунитет. В-лимфоциттер - арнайы қарсы денелер түзу арқылы гуморалдық иммундық жауапты іске асыруға бейімделген иммундық жүйенің торша элементі. Антитела - қарсы денелер. Қарсы денелер көбінесе белокты заттар. Індет процесі кезінде олар тиісті антигендерге В- лимфоциттер арқылы синтезделеді. Қарсы денелер жиынтығы иммуноглобулиндер деп аталады. Олар қан белоктарының негізгі класстарын құрайды. Қан сары суының 20 %-ын құрайды. Қарсы денелер вирустар мен бактериялар туғызатын токсиндерді бейтараптайды, комплементті, фагоциттерді, киллер торшаларын іске қосады. Осындай әрекеттер арқылы организмді індеттен қорғайды Иммуноглобулиннің молекуласы Y пішінді, екі бірыңғай ауыр (Н) ж әне екі же ңіл (L) шынжырлы тізбектерден тұрады. Олардың бөліктері тиісті антиген детерминаттарымен байланысып, антиген-байланыс бөлімін құрады.Әртүрлі Н тізбектері бар иммуноглобулиндердің 5 түрін ажыратады: LgG, LgM, LgA,LgE, LgD. Н-тізбекті ң б өліктері Fc-бөлімін құрайды. Осы бөлік арқылы иммуноглобулиндерді ң әрбір классыны ң биологиялық қасиеттері анықталады. Вирусты індеттің бірінші кезеңінде иммундық жауап торшалы т үрде болады. О ған д әлел, вирустық індетте қарсы денелердің көп мөлшерде қанның сары суында анықталуы. Кейде сол қарсы денелер организмді вирустан тазалауға жеткіліксіз болғанымен, олар вирусты ң ары қарай тарамауында шешуші рөль атқарады. Көптеген персистенттік індеттерде жасырын сатысының басымырақ болуын қамтамасыз ететін бірден-бір негізгі элемент болып табылады Торшалық иммунитет. Негізгі элементі Т- лимфоциттер. Олар тимуста т үзіледі. Әрт үрлі вирусты қ, бактериалдық, саңырауқұлақтық және т.б. індеттердің әсерлеріне қарсы иммундық жауаптың эффекторы. Бұл процеске торшаларды ң 3 субпопуляциялары қатысады: Т-торшалар-хелперлер. Олар гуморалдық ж әне торшалы қ жауаптарды, макрофагтардың белсенділігін қамтамасыз етеді; Цитотоксикалық Т-торшалар. Олар бөтен және індеттелген торшаларды жою ға қатынасады; Т-торшалар-супрессорлар. Олар иммунды қ жауапты тежейді ж әне микроорганизмдермен пайда болатын иммунды қ супрессия ға жауап береді.
Организмнің иммундық жауабын негізгі реттеушілер - Т-хелперлер мен Тсупрессорлар. Адам мен малдарға бірдей патогенді вирустармен ж үргізілген көптеген эксперименттер организмнің жазылуында Т-торшаларды ң ма ңызды рөлін дәлелдеп берді. Т- және В- лимфоциттер өздеріні ң мембраналарында құрылысы жағынан В-торшалардың иммунды глобулиндерінен аумайтын арнайы антиген рецепторларын тасымалдайды. Т-торшаларды ң антигендік рецепторлары - құрамында екі негізгі гликопептидтер бар гетеродимер. Торша-супрессорлар талқандау процесін шектеп, организмні ң бірт ұтасты ғын қамтамасыз етеді.Бөгде антигендер торша мембранасының гликопротеиндерімен жинақталғанда ғана Т-торшаларды ң әсеріне ұшырайды. Торшалық иммундық жауаптың индукциясында макрофагтар зор р өл атқарады.

Интерлейкиндер. Лейкоциттердің өзара қатынастарын жақсартатын ерігіш зат. Әсіресе Т-торшалық стимуляцияда интерлейкиндердің синтезі жоғарғы деңгейде болады. Олар көбінесе макрофагтармен немесе басқа да торшалармен б өлінеді және Т-лимфоциттерді белсендендіреді. Т-торшалардың өсуін қамтамасыз ететін интерлейкин-2 бар. Олда вирустарға және ісіктерге қарсы иммунитетке қатысады. Интерферондар. Интерферондар вирусқа қарсы әсерлі зат ретінде бірінші рет 1957 жылы (Isaacs and Lindenmann) сипатталған. Олар вирустық індетке жауап ретінде көптеген торшалармен бөлінеді. Оның әсері тікелей вирустың репликациясына (репликация - өзіне ұқсас құрылыс түзу) бағытталған. Интерферондардың 3 классы белгілі: Лейкоциттік, вирустар мен бактерия агенттеріне жауап ретінде бөлінеді; Фибробластық, басқа типті торшалық вирустық індет процесінде бөлінеді; Иммундық, антигенді немесе миогенді стимуляцияға жауап ретінде Т- лимфоциттермен бөлінеді.

Ингибиторлар (латынша іnhіbeo - тоқтату, тежеу) - зиянды химиялық реакцияларды (металдардың коррозияға ұшырауын, жағар май, тамақ өнімдерінің тотығуын), тірі организмдегі ферменттер активтігін, өсімдіктердің өсуін тежейтін табиғи және синтетикалық заттар. Тежелу - активті орталықтары (центрлері) немесе активті бөлшектері бар катализдік және тізбекті реакцияларға тән ингибиторлардың қатысуымен жүргізілген реакция кинетикасы катализдік және тізбекті реакциялар үшін принциптік тұрғыдан әр түрлі болады. Ингибиторлардың тежеу әсері олардың катализатордың активті орталықтарын оқшаулауы арқылы немесе активті бөлшектермен әрекеттесуі нәтижесінде тізбекті жалғастыруға шамасы жетпейтін активтігі төмен радикалдар түзуі салдарынан болады. Ингибиторлар жүйеге өте аз мөлшерде қосылады (10 - 2 - 10 - 5 моль%). Әр реакция үшін өзіндік ингибиторлар болады.

Вирустардың генетикалық ақпаратының ерекшелігі. Құрамында РНҚ және ДНҚ бар вирустар

Вирустар - клеткасыз организмдер. Олар негiзiн құрайтын ДНҚ немесе РНҚ және оны қоршап тұрған белокты капсидтен тұрады. Вирустар бактериялардан миллион есе кiшi және оны 40000 есе үлкейтетiн электрондық микроскоп арқылы көруге болады. Вирусты сыртынан нәруыз қабаты қаптайды, ішінде ДНҚ немесе РНҚ болады. Басының мөлшері 40 нм, ал құйрығының ұзындығы 20-22 нм-ге тең. Құйрығының ұшы - нәруыз молекуласынан тұратын қуыс түтік.
Топтары: I: dsDNA вирустары,II: ssDNA вирустары,III: dsRNA вирустары,IV: (+)ssRNA вирустары,V: (−)ssRNA вирустары,VI: ssRNA-RT вирустары,VII: dsDNA-RT вирустары, Ротавирус кездеседі.
Иесінің жасушамен вирус арасындағы өзара әрекеттесу - өте күрделі процесс.Вирустардың репродукциялану (лат. reproduce - өзіне ұқсасты өндіру ) циклы келесі сатыдан тұрады:
1. жасушаға жабысу
2. жасушаға ену
3. шешіну
4. вирустық ДНҚ немесе РНҚ -ның репликациялануы
5. вирустық геномның транскрипциялануы
6. вирустық ақпараттың РНҚ-ның транслокациялануы
7. вирустық бөлшектердің (вириондардың )бастырылуы
8. вирустың жасушадан шығуы
Адсорбция (жасушаға жабысу) - ол жасушаның вирионмен инфицирленуінің бірінші сатысы, вирион жасушалық беткейлерге жабысады,әрбір вирус жасушаларының бәріне ие,кейбіреулеріне ғана адсорбциялану қабілеттілігі болатыны белгілі.Ол кейбір вирустардың ақуызында "вирустық рецепторлар" деп аталатын тиісті аминқышқылдық реттіліктердің болуымен байланысты. Вирустық рецепторлар "тіркеуші "деп аталатын ақуыздардың құрамында болады, жасушалық рецепторларды танып алу және олармен өзара әрекеттесу қызметін атқарады,капсидтік беткейлік ақуыздарының қатысуымен орындалады.

Вирустың жасушаға енуі вирус жабысуынан кейін келесі жағдайлардың нәтижесінде бірден басталады:ЦПМ арқылы вирустың жасуша ішіне қарай ығысуы, вирустық бөлшектің эндоцитозы , нәтижесінде олар цитоплазмалық вакуольдерде жинақталады, цитоплазмалық мембрананың вирус қабықшасымен бірігуі.Қосылып - бірігу процесіне қатысатын гликопротеиндердің бәріне ортақ қасиеттері бар:
Олар вирион беткейінде шамамен 100-150 нм көтеріңкі орналасады;
Олигомерлер түзеді және олардың пайда болуы вириондарды жасуша ішінде тасымалдануына елеулі әсер етеді;

Құрылымында біріктіруші пептид болады;
Қабықшалы вирустардың шешінуі екі кезеңмен жүреді- жасушалық мембранамен қосылған беткейлік ақуыздардың жойылуы және мембраналық ақуыздармен байланысқан ДНҚ немесе РНҚ-ның босансып шығуы.Қабықшасыз вирустардың шешінуі бірнеше кезеңдерден тұрады.Бұл процестердің механизмі толық зерттелмеген. Вирустық нуклеин қышқылдарының репликациялануы.Жаңа жасушалық бөлшектер - ол жұқтырылатын жасушада болмайтын вирустық нуклеин қышқылдарының және вирустық ақуыздардың барлық молекулалардың жиынтығы.
ДНҚ-лы вирустар генетикалық ақпаратты жасушалық геном тәріздес іске асырылады:вирустың геномдық ДНҚ-лы аРНҚ транскрипциялануы вирус ақуызының трансляциялануы. Оң жіпшелі РНҚ-лы вирустарда (пикорнавирус,флавивирус,тогавируст ар) РНҚ-ның қызметін атқаратын геномдары болады.Ол рибосомалармен танылып,трансляцияланады. Теріс біржіпшелі және екіжіпшелі РНҚ-лы вирустардың геномы (ортомиксовирустарда, парамиксовирустарда, рабдовирустарда) екіжіпшелі (реовирустарда) вирустың нуклеин қышқылымен байланысқан РНҚ-полимеразаның қатысуымен аРНҚ транскибирленетін матрица қызметін атқарады. Ретровирустардың геномы бірдей екі РНҚ молекулаларынан тұрады.
Вирустық геномдардың репликациясы бір -бірімен ерекшеленетін құрамдардан тұрады:
екіжіпшелі ДНҚ
біржіпшелі ДНҚ
оң-біржіпшелі РНҚ
теріс- біржіпшелі РНҚ
екіжіпшелі РНҚ
ұқсас оң-жіпшелі РНҚ
Екіжіпшелі ДНҚ-вирустардың репликациясы әдеттегідей жартылай концервативті механизммен жүреді: ДНҚ-ның жіптері сөгілгеннен кейін оларға комплиментарлы жолмен жаңа жіпшелер қосылады.Бір аналық пен бір жаңадан түзілген жіпшеден тұрады.
Біржіпшелі ДНҚ- вирустарының жалғыз өкілі - парвовирустар болып табылады. ДНҚ-полимеразаларды репликациялық түрі деп аталатын екіжіпшелі вирустық геномның құрылуына пайдаланады.
РНҚ-да болатын вирустардың геномикалық репликация әдістері
Оң-біржіпшелі РНҚ-вирустарға - пикорнавирус,флавивирус,тогавируста р жатады,геномдық оң жіпшелі РНҚ-лы аРНҚ-ның қызметін атқарады. Теріс- біржіпшелі РНҚ-вирустарының құрамында (ортомиксовирустарда, парамиксовирустарда, рабдовирустарда) РНҚ-тәуелді РНҚ-полимераза болады. Екіжіпшелі РНҚ-вирусы (ротавирус,реовирус) репликациялану механизміне терңс болады,жасуша цитоплазмасында жүреді. Ретровирустар (ұқсас оң-жіпшелі РНҚ) терісжіпшелі ДНҚ синтездейді.Содан соң қосарланған ДНҚ жіпшелі жасуша хромосомасымен интеграцияланып, провирус құрайды. Вирустардың қалыптасуы вириондар өздігінен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Вирустардың гентикалық аппараттарының ерекшеліктері. ДНҚ-сы бар және РНҚ-сы бар вирустар
Молекулалық биология
Вирустардың нәсілдік қасиеттері, олардың өзгергіштігі. Мутация түрлері туралы ақпарат
Вирустардың нәсілдік қасиеттері. Мутация түрлері. Гендік инженерия
Вирустардың генетикалық аппаратының ерекшеліктері. ДНҚ – бар және РНҚ бар – вирустар
Вирустың ДНҚ құрылымы
ДНК және РНК бар вирустардың генетикалық аппаратының ерекшеліктері
Вирустардың жіктелу принциптері. олардың номенклатурасы. 2.Вирустардың көбеюінің биогенетикалық ерекшеліктері және көбею сатылары
Вирустардың нуклеин қышқылы
Вирустардың нәсілдік қасиеттері, олардың өзгергіштігімутация түрлері гендік инженерия туралы ақпарат
Пәндер