Тұлға мен қол –аяқ сүйектерінің жеке, жастық және жыныстық ерекшеліктері


ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ
Морфологиялық пәндер кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: Тұлға мен қол -аяқ сүйектерінің жеке, жастық және жыныстық ерекшеліктері.
Орындаған: Қазыхан А.
Тобы: 102 «Б» МПД
Қабылдаған: Мурзанова Д. А
Шымкент 2014 ж
ЖОСПАР
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Тұлға сүйегі
2. Тұлға сүйектерінің дамуы және жасқа қарай қалыптасуы
3. Қол сүйектерінің жеке, жастық және жыныстық ерекшеліктері
4. Аяқ сүйектерінің жеке, жастық және жыныстық ерекшеліктері
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Адам қаңқасы мынадай түрде бөлінеді: тұлға сүйектері, омыртқалар, қабырғалар, төс; бассүйек қаңқасы - ми сауыты, бет сүйегі; қол - аяқ қаңқасы - қолдың қимылдайтын иық белдеуіндегі сүйектер: жауырын, бұғана және қолдың еркін қимылдайтын бөлігі: қары, білек, қол басы; аяқтың қимылдамайтын сүйектері жамбас немесе мықын белдеуі: жамбас және аяқтың еркін қимылдайтын бөлігі: сан, балтыр, аяқ басы.
Тұлға сүйектерінің эмбрионалдық дамуы ұрықтың ортаңғы жапырақшасы мезодермадан дамиды. Ұрықтық дамудың алғашқы кезінде мезодерманың тығыздау келген бөлігі метамерлік жағдайда орналасқан жұп - сомиттерді немесе мезодерманың бөлігін құрайды. Даму процесінің нәтижесінде сомиттердің ішкі медиалді қапталынан болашақ омыртқаның түп нұсқасы склеортомды құрайды.
Сүйек мүше ретінде 200-ден астам сүйектер, активті жұмыс атқарушы және үнемі жаңарушы мүше болып табылады. Сүйекке енуші қан тамырлары мен нервтер барлық организммен қарым-қатынасын қамтамасыз етеді. Сүйектердің ішкі қүрылысының ерекшелігі оның кеуекті және тығыз затына байланысты.
Қабырғалар, төс сүйек және омыртқа жотасы тұлға сүйектеріне жататыны мәлім. Ұрықтың эмбриогенездік дамуы кезінде (екі айға толған мезгілде) қабыртқа шеміршекке айнала бастайды. Жоғарғы 9 жұп қабыртқа алдыңғы ұштарымен бірігіп, төс сүйегін түзеді де төс сүйектене бастайды. Төс сүйектің алқасы 6 айлық кезеңде, ал төс сүйек денесі 7-9 айда калыптасады. Қабырғалардың омыртқаға жалғасатын ұшындағы иіні 2 жасқа дейін тереңдей түсіп, 15-20 жаста қабырғалар толық сүйектенеді. Төс сүйекте алқа мен төс сүйек денесі 15-16 жаста, ал төс сүйек денесінің семсер тәрізді өсіндісімен бірігіп кетуі 25 жастан кейін басталады.
Омыртқа жотасы үш кезеңде толық дамиды. Екі айлық эмбриогенездік даму барысында омыртқалардың денесі мен доғалары сүйектене бастайды. 20 жаста мойын, арқа, бел омыртқа белімдерінде, 26 жаста сегізкөзде, 30 жаста кұйымшақта сүйектену аяқталады.
Омыртқа жотасынын, ұзарып өсуі біркелкі болмайды: алғашкы екі жас шамасында өте тез ұзарғанмен, кейін баяулап, 7-9 жас аралығында кайтадан шапшаңдайды да 9-14 жас аралығында тағы баяулайды. Балаларда 14- 20 жас кезінде омыртқа жотасының ұзаруы бұрынғыдан да баяулап, 20 жаста толық ұзарып өсу тоқталады, ал қыздарда 18 жаста-ақ ұзарып өсу тоқ-талып қалады. Омыртқа жотасының ұзындығы орта есеппен еркектерде 70- 73 см, әйелдерде 66-69 см болады.
Омыртқа жотасының түтігі 5 жаска дейін өте тез кеңейіп, 10 жаста кеңею тоқталады.
Ересек адамдарға тән омыртка жотасының физиологиялық төрт иілімі де жасқа байланысты біртіндеп қалыптасады. Омыртқа жотасының алға қарай
ұмтылған екі иілімі мойын және беллордозы деп, ал калған артқа ұмытылған екі иілімі кеуде және сегізкөз кифозы деп аталады.
Омыртқа жотасы иілімдерінің негізгі маңызы мынадай: біріншіден, адам әртүрлі дене қимылдарын жасаған кезде омыртқалар ішіндегі жұлын жаксы сақталады; екіншіден, адам тік жүріп, дене теңдігін сақтауына жағдай жасайды. Мысалы, бастың салмағы артқа, мойынның салмағы алға түседі. Сондай-ақ кеуде қуысындағы мүшелердің салмағы - ілгері, омыртқалардың салмағы кейін әсер етеді; құрсақтағы мүшелердің салмағы - ілгері, Құйым-шақтың салмағы артқа қарай күш түсіреді, сөйтіп, денеде тепе-теңдік сақ-талады. Үшіншіден, омыртқа жотасының иілімдері кеуде, күрсак, жамбас қуыстарын түзеуге қатынасады, куыстардың кеңдігіне де әсер етеді.
Жаңа туған сәбиде омыртқа жотасының иілімі сегізкөз бен құйымшақ бөлігінде ғана болады. Мойын иілімі (лордоз) сәби дүниеге келіп, 6-7 аптадан кейін басын өзі ұстай бастағанда пайда болады. Сәби еңбектеп, отыруға бейімделген 6 айлық кезінде кеуде бөлігі артқа қарай иіліп, кеуде иілімі айқын білінеді. Сәби түрып, қаз-қаз басып жүре бастаған кезде, яғни 1 жасқа келгенде бел бөлігі алдыға қарай иіліп, бел иілімі қалыптасады.
Бастапқы кезде бұл иілімдер онша тұрақтана алмайтындықтан, бала тез шаршайды, оның тік калпын сақтауға бұлышықет, сіңір жәрдемдеседі.
Бала 7 жасқа келгенде мойын және кеуде иілімдері, ал 12 жаста бел иілімдері толық қалыптасып бітеді.
Омыртқа жотасы партаға дұрыс отырмаудан, әртүрлі аурулар салдарынан иілімдерін бұзады, яғни омыртқаның бір жағына қарай қисаюы (skoliosis) байқалады. Әсіресе арқа және бел омыртқалары тез қисаяды. Мұндай жағдайда адам ішкі мүшелер қызметтерінің бұзылуы әсерінен тік жүре алмай, жамбастап, бір жағына жантая жүретін болады. Міне, сондықтан да омыртқа жотасының қалыптасуының ағза үшін физиологиялық маңызы зор болады.
Қол сүйектері
Қол сүйектері, ossa membrisuperioris, бұғана сүйектерінен басқа сүйектері шеміршектік ткан негізінде дамиды.
Жауырын
Жауырын сүйегінің, os scapulae, бастапқы нұсқасының өркендеп өсуі: алғашқыда бір, кейінгі 8-9 сүйектік нүктеден дамиды. Бұл сүйектің, бастапкы сүйектік нүктесі, құрсақтық дамудың 2 айлығының соңында денесінде байқалады. Олардан болашақ жауырын сүйегінің денесі дамиды. Кейінгі сүйектік нүктелер 11-18 жас аралығында жауырынның терең қабатында: өсінділерінде, буындық ойыста, төменгі бұрышында және қырларында байқалады. Жауырынның толық сүйектелінуі 25 жас аралығында өтеді.
Бұғана
Бұғана сүйегінің, os clavicula, сүйектену процесі ерте басталып, кеш аяқталынады. Бұл сүйектің сүйектенуі құрсақтық дамудың 6-7 апталығында дәнекер ткандық нұсқаның орталық бөлігінде байқалады. Сүйектік нүктеден дами келе бұғана сүйектің денесі мен акромиалдық ұшы дамып, туғаннан кейінгі кезеңде сүйектік тканға толық айналады. Бұғана сүйегінің төстік ұшындағы сүйектік нүкте 16-18 жаста денесі мен өзара ұштасып, 20-25 жас аралығында толық сүйектенеді.
Тоқпан жілік
Тоқпан жілік, os humerus, сүйегінің сүйектену процесі: проксималді ұшы үш сүйектік нүктесінен: бір жаста тоқпан жіліктің басындағы, 2-3 жаста бұл сүйектің үлкен төмпешіктегі, 3-4 жаста кіші төмпешіктегі сүйектік нүктелер арқылы сүйектелінеді. Бұл сүйектік нүктелердің өзара бірігіп сүйектелінуі, 6 жастан бастап байқалады. Тоқпан жіліктің проксималдық ұшы мен денесінің өзара бірігіп сүйектелінуі 20-24 жаста байқалады. Тоқпан жіліктің дисталдық эпифизінің сүйектелінуі: тоқпан жіліктің кіші басы 2-3 жаста, латеральды айдаршық үстілік өсіндісі 4-6 жаста, медиалдық айдаршық үстілік өсіндісі 11-13 жас аралығында өтеді. Дисталдық эпифизінің денесімен өзара бірігіп, сүйектелінуі 15-18 жас аралығында өтеді.
Шынтақ жілік сүйегі
Шынтақ жілік сүйегінің, os ulna, сүйектену процесі: проксималды ұшындағы (шынтақ жілік өсіндісі мен тәждік өсінді және аралығындағы шығырлық тілігі) 8-10 жас аралығында сүйектелінсе, дисталдық эпифиздегі шынтақ жіліктің басы мен біз тәрізді өсіндісі 4-8 жас аралығында сүйектелінеді. Шынтақ, жіліктің проксималді эпифизі мен денесі 16-17 жаста бірігіп, сүйектік тканға ұласса, дисталдық ұшы денесі мен 20-24 жаста сүйектелінеді.
Кәрі жілік сүйегі
Кәрі жілік сүйегінің, os radius, проксималді ұшының сүйектенуі 5-6 жаста, басталып, диафизі мен өзара бірігуі 17-18 жас аралығында өтеді. Дисталдық эпифизінің денесі мен сүйектелінуі 20-25 жас аралығында аяқталынады.
Білезік сүйектері
Білезік сүйектердің, ossa carpi, бастапқыда шеміршектік нұсқасының сүйектенуі: 1-2 жас аралығында ілмек тәрізді және басты, және үш қырлы сүйектер 3 жаста, жарты ай тәрізді сүйектер 5 айда, қайықша тәрізді сүйекте. 6-7 жас аралығында, трапеция және трапеция тәрізді сүйекте байқалады. 8-15 жас аралығында бұршақ тәрізді сүйекке сүйектену процесі өтеді.
Алақан сүйектері
Алақан сүйектерінің, ossa metacarpalia, сүйектену процестері, білезік сүйектеріне қарағанда. ертерек байқалады. Бірінші алақан сүйегінің сүйектелінуі қүрсақтық дамудың 10-11 апталығында өтсе, II-V алақан сүйектері эпифизінің ұштары және басының сүйектенуі 3 жаста байқалады. Алақан сүйектері эпифиз, ерінің денесі мен өзара қосылып, сүйектенуі 15-20 жас аралығында өтеді.
Саусақ бунақтары
Саусақ бунақтарының, phalangis, дистальды қатардағы денесінің сүйектенуі, құрсақтық дамудың 2 айлығында байқалса, проксималді қатардағы саусақ бунақтарының сүйектенуі 3 айлықтың басында, аралық саусақ бунақтарының денесі құрсақтық дамудың 3 айлығында өтеді. 2-3 жас аралығында негізінің сүйектік нүктелері байқалып, олардың денесі мен өзара бірігуі 18-20 жас аралығында өтеді. Бас бармақтың сесама сүйегінің сүйектенуі 12-15 жас аралығында байқалады.
Аяқ сүйектері
Жамбас сүйегінің, os coxae, шеміршектік бөлігі, бастапқы үш сүйектік және бірнеше қосымша сүйектік нүктелерден дамиды. Бастапқы сүйектік нүктелерден: құрсақтық дамудың 3 айлығында мықын сүйегі, 4 айлығында шонданай сүйегі, 5 айлығында шат сүйегі дамиды.
Жамбас сүйегінің жоғарғы айтылып өткен сүйектері, бастапқы кезде бір-бірімен өзара жамбас ойығының тұсында шеміршектік ткандар арқылы бірігеді. 16-18 жас аралығында, жамбас ойығының маңындағы шеміршектік тканның терең қабатында орналасқан қосымша сүйектік нүктелердің бастапқы нұсқасы байқалады. Бұл сүйектік нүктелерден дами келе: жамбас ойығы, ойығының жиегі, мықын шат көтеріңкісі дамиды. Жамбас сүйегінің барлық нүктелерінің толық сүйектенуі, 20-25 жас аралығында байқалады.
Жамбас сүйегінің жыныстық ерекшеліктері 8-10 жас аралығында қалыптасады. Ер балалардың жамбасының вертикалді өлшемі биіктеу болып келсе, керісінше қыз балаларда көлденең өлшемі, көлемді болып келеді.
Ортан жілік
Ортан жіліктің, os femur, сүйектелінуі 5 сүйектік нүктеден дамиды. Біреуі алғашқы сүйектік кезеңнен, төртеуі екінші кезеңдегі сүйектік нүктеден дамиды. Алғашқы сүйектік нүкте, құрсақтық дамудың 2 айының басында, ортан жіліктің денесінде пайда болады. Кейінгі сүйектік нүктеден ортан жіліктің сүйектенуі біркелкі уақытта өтпейді. Сол себепті: құрсақтық дамудың соңында сүйектік нүкте ортан жіліктің төменгі эпифизінде пайда болса, туғаннан кейінгі бір жас пен екіжастың аралығында жоғарғы эпифизінде орналасады. Үш жаста сүйектік нүкте үлкен ұршықтың шеміршегінде орналасса, 8 жаста бұл сүйектің кіші ұршығының шеміршектік бөлігінде байқалады. Ортан жіліктің эпифиздерінің денесі мен өзара сүйектелінуі 16-20 жас аралығында өтеді.
Тізе тобығы
Тізе тобығы, patella, шеміршек негізінде сүйектенуі, ер балаларда 2 жаста, қыз балаларда 4 жас аралығында сүйектену процесі басталып, 16-20 жас аралығында аяқталады.
Асықты жілік
Асықты жіліктің, os tibia, сүйектенуі шеміршек ткан негізінде: құрсақтық дамудың 2 айлық кезінде денесінде, қалған үш сүйектену нүктесі құрсақтық дамудың 9 айлығында проксимальді эпифизінде, туғаннан кейінгі 1 жаста дисталдық эпифизінде байқалса, үшінші сүйектік нүкте асықты жіліктің бұдырында 10 жаста сүйектік нүкте қалыптасады. Жалпы асықты жілік сүйектің сүйектену кезеңдері 18-24жас аралығында өтеді.
Асықты жіліктің шыбығы
Асықты жілік шыбығының, os fibulae, сүйектенуі 3 сүйектік нүктеден дамиды. Бастапқы сүйектік нүктеден: құрсақтық дамудың 2 айлығында асықты жілік шыбығының денесі мен эпифиздерінің бөліктері дамыса, екінші кезектегі сүйектік нүктеден жоғарғы эпифиздер бөлігі
1 жаста, төменгі эпифизі 3-5 аралығында дамиды. Эпифиздің ұшы мен денесінің сүйектелінуі: 17-20 жас аралығында төменгі эпифизі сүйектелінсе, жоғарғы эпифизі 19-21 жас аралығында сүйектелінеді.
Аяқ басы сүйектерінің сүйектері
1. Тілерсек сүйектерінің, ossa tarsi, сүйектенуі біркелкі өтпейді.
а) Асықты сүйектің сүйектенуі, os talus , құрсақтық дамудың соңғы айларында басталып, 8 жас аралығында аяқталады.
ә) Өкше сүйегінің, os calcaneus, сүйектелінуі
2 сүйектік нүктеден: бастапқы сүйектік нүкте құрсақтық дамудың 6 айлығында байқалса, екінші кезекті сүйектік нүкте құрсақтық дамуның соңғы кезеңінде қалыптасады. Бұл сүйектің толық сүйектенуі 8 жас аралығындағы уақытта өтеді.
б) Қайықша тәрізді сүйектің, os navicularis , сүйектенуі, дара бір сүйектік пункттен 3-5 жас аралығында қалыптасады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz