Безді эпителийдің экзо және эндокринді бездердің құрамында мамандану



І КІРІСПЕ
Эпителий ұлпалары
ІІ Негізгі бөлім
1. Безді эпителийдің құрылысы.
2. Безді эпителийдің экзо және эндокринді бездер құрамында мамандану.
ІІІ Қорытынды
ІVПайдаланылған әдебиеттер
Эпителий ұлпасы өзінің атауын гректің екі сөзінен «эпи»-үсті және «телий»-еміздікше деген ұғымдардан тұрады. Дәнекер ұлпалар еміздікшелерінің үстінде орналасқан ұлпаны эпителий деп атап, бұл терминді алғаш рет Рюйеш қолданған. Эпителий ұлпасы (epithelium), дененің сыртқы бетін, куыс органдардың ішкі бетін (ішектің, асқазанның, қуықтың) және ағзаның секрет бездерін алып жатады.
Эпителий-шекаралық ұлпа, өйткені ол ішкі ортамен сыртқы ортаның аралығында жатады. Эпителий арқылы организм мен сыртқы ортаның арасында зат алмасу жүреді.
Ішек эпителийі арқылы қоректік заттар, ақуыз, майлар, углеводтар қан мен лимфаға беріледі, олар арқылы ағзаға таралады, қоректік заттар энергия көзі болып табылады. Көп уақытта ағзадан сыртқы ортаға әртүрлі продуктылар (заттар) сыртқа шығарылып отырады.
1. Ю.И.Афанасьев,Н.А.Юрина «Гистология,цитология және эмбриология». 1996 ж.
2. Ж.О.Аяпова «Цитология,эмбриология және гистология» Алматы-2007 «Кітап» баспасы
3. «Гистология,цитология және эмбриология». О.В.Волкова,Ю.К.Елецкий.М.Медицина,1996ж.
4. Жалпы гистология негіздері.Қ.А.Сапаров,Алматы,Санат,1994 ж
5. Гстология. Ажаев С. А. 2004ж
6. Гистология, цитология, және эмбриология арласы. П.Қазымбет, М.Рысұлы, Ж.Б.Ахметов.-Астана 2005 ж.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ

Морфологиялық пәндер кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: Безді эпителийдің экзо және эндокринді бездердің құрамында
мамандану.

Орындаған: Қазыхан А

Тобы: 102 Б МПД

Қабылдаған:Тоймбетова Қ.

Шымкент 2014 ж

ЖОСПАР:
І КІРІСПЕ
Эпителий ұлпалары
ІІ Негізгі бөлім
1. Безді эпителийдің құрылысы.
2. Безді эпителийдің экзо және эндокринді бездер құрамында
мамандану.
ІІІ Қорытынды
ІVПайдаланылған әдебиеттер

Эпителий ұлпасына жалпы мінездеме

Эпителий ұлпасы өзінің атауын гректің екі сөзінен эпи-үсті және
телий-еміздікше деген ұғымдардан тұрады. Дәнекер ұлпалар еміздікшелерінің
үстінде орналасқан ұлпаны эпителий деп атап, бұл терминді алғаш рет Рюйеш
қолданған. Эпителий ұлпасы (epithelium), дененің сыртқы бетін, куыс
органдардың ішкі бетін (ішектің, асқазанның, қуықтың) және ағзаның секрет
бездерін алып жатады.
Эпителий-шекаралық ұлпа, өйткені ол ішкі ортамен сыртқы ортаның аралығында
жатады. Эпителий арқылы организм мен сыртқы ортаның арасында зат алмасу
жүреді.
Ішек эпителийі арқылы қоректік заттар, ақуыз, майлар, углеводтар қ ан
мен лимфаға беріледі, олар арқылы ағзаға таралады, қоректік заттар энергия
көзі болып табылады. Көп уақытта ағзадан сыртқы ортаға әртүрлі продуктылар
(заттар) сыртқа шығарылып отырады. Мысалы: көміртегі-өкпеден сыртқа шығады,
несеп, несепқышқылы бүйрек арқылы сыртқа шығады. Эпителий шекарада
түрғандықтан қорғаныш қызметін атқарады. Ол ағзаны химиялық, механикалық
және басқа да әрекеттерден сақтап тұрады, микроб, улы заттарды өткізбейді.
Секрет шығаратын бездердің эпителий ұлпасы маңызды қызмет атқарады, өйткені
олар секрет шығарып отырады, ол секрет бүкіл ағзадағы зат алмасу процесінің
дүрыс жүруін қамтамасыз етеді. Мысалға, асқазан бөлетін сөл оны химиялық
және механикалық өзгерістерден сактайды, ішек эпителиі шығаратын фермент ас
қорту процесінде үлкен роль атқарады.
Қалқан безі (щитовидная железа) шағаратын гормон жалпы ағзадағы алмасу
процесін реттейді.
Шығу тегі және аткаратын қызметіне байланысты эпителийдің құрылысы әртүрлі
болады, бірақ та эпителий ұлпасының басқа ұлпадан ерекшелігі болады. Бұл
ерекшелігі оның шекаралық жағдайына және аткаратын қызметіне байланысты.
Эпителий ұлпасы жасуша пластысын құрайды. Эпителий базальды мембранада
жатады, оның астында борпылдақ дәнекер ұлпасы жатады. Оларда кан тамырлары
болмайды, ал қоректік затты базальды мембрана арқылы алады. Эпиталий ұлпасы
жасушалардан - эпителиоциттерден тұрады.

Эпителийдің басқа ұлпалардан айыратын, жалпы белгілері болады.

1. Эпителий ағнаны сыртқы және ішкі ортадан бөліп тұратын және олармен
байланысты қамтамасыз ететін шекаралық ұлпа. Ішектің куысы,
асқазанның, бүйректің жыныс органдардың қуыстарын эпителий ұлпасы
астарлап жатады және периқордиаль, превраль және кұрсак бөлімдерін
бөліп тұрады. Эпителий ұлпасының негізгі бір ерекшелігі шекаралық
қызметі. Осы қызметіне байланысты эпителий ұлпасының құрамындағы
жасуша элементтері әртүрлі болады.
2. Эпителийдің жасушалар кабат құрап, үлкен бетті алып орналасады. Қабат
тұзіп орналасуына байланысты эпителий қорғаныштық қызмет атқарады.
3. Эпителий ұлпасының негізгі массасын жасушалар құрайды. Бұл эволюция
барысында калыптаскан касиет. Себебі регенирация жасау үшін және ол
неғұрлым тез жүру үшін ұлпа жасушаларға бай болу керек. Эпителий
түрлі қорғаныштық құрылымдарды (кутикула, хитин, бақалшақ) құрайды.
Бұл құрылымдардың барлығы эпителий ұлпасының құрамындағы жасушалардың
қызметіне байланысты.
4. Эпителиалдық жасушалардың құрылысы полярлы келеді. Базальдық және
апикальдық бөліктері құрылысы мен қызметі жағынан бірдей болмайды.
Мысалы, ішектің эпителиалдық жасушаларының апикалық
бетінде микробүрлер болады, ішкі торлы аппарат ядроның үстіңгі
аймағында орналасқан, ол жасушалардың базальдық бөліктерінде
микробүрлер мен торлы аппараттың элементтері болмайды. Эпителий
жасушаларының полярлы болуы оларды шекарада орналасуына байланысты.
5. Эпителий базальдық мембрананың үстінде жатады. Базальдық мембрана
эпителий жасушалары мен оның астындағы дәнекер жасушаларының тіршілік
әрекеттерінің әсерінен пайда болады және осы екі ұлпаны, бір жағынан
бір- бірінен бөліп, екінші жағынан оларды біріктіріп біртұтас
комплекс құрайды. Эпителийдің қоректену
базальдық мембрана арқылы диффузиял ық жолмен қамтамасыз етіледі. Осы
жерде, эпителийде кан мен лимфа тамырларының болмайтынын, ал жүйке
талшықтарының көп болатынын ескеру кажет.

Эпителийдің негізгі қызметі өзінің астында орналасқан дәнекер ұлпасын
қорғау. Сонымен қатар кейбір жағдайларда белгілі эпителиалдық жасушалар
секрет бөлу және сіңіру функцияларын да атқарады.

Безді эпителийдің құрылысы
Безді эпителий безді немесе секреторлы гранулоциттер деп аталатын
жасушалардан тұрады. Олар заттарды синтездеп секрет бөліп шығарады, тері
мен кілегейлі қабықтың үстіне және кейбір ішкі ағзалар қуысына немесе қан
ман лимфаға.
Секреция арқылы организмде күтпеген қызметтер орындалады, мысалы
сүттің, сілекейдің асқазан және ішек шырынының, өттің пайда
болуы,эндокриндік (гуморальдық) зерттеу және т.б. Сыртқа секреттеуші
көптеген жасушалардың цитоплазмаларында cекреторлық қосындылар болады,
жақсы дамыған эндоплазмалық тор органелалар мен секреторлы гранулалары
полярлы орналасады.
Секреттеу – өте күрделі процесс және 4 фазадан тұрады: сіңіру, секрет
затын синтездеп және жинақтау,грандулоциттердің секретті шығаруы –
экструзия, қайта қалпына келу.
I – фазада. Қан мен лимфадан безді жасушаларға базальды бөлігінен
түрлі неорганикалық қосылыстар, су және төмен молекулярлық органикалық
заттар: амин қышқылдары, моносахаридтер, майлы қышқылдар және т.б. жатады.
Кейде пиноцитоз арқылы белоктарда өтеді.
II– фазада. Осы өтілген заттардан түйіршікті эндоплазмалық тор арқылы
белокты секреттер синтездейді, ал түйіршіксіз эндоплазмалық тор арқылы
белоксыз секреттер синтезделеді. Синтезделген секрет Гольджи комплексінің
аймағына ЭПТ арқылы жеткізіледі.
III – фазада. Түзілген секреторлы гранулалар жасушадан бөлініп
шығарылады. Секреттің бөлінуі біркелкі өтілмейді,сондықтан үш түрлі
секреция арқылы жүреді: мерокриндік, апокриндік және галокриндік.
Мерокриндік секреция түрінде безді жасушалардың құрылысы өзгермейді.
Апокринді секреция түрінде безді жасушалар шамалы бұзылады..Безді
жасушалар цитоплазмасының апикальды бөлігі бұзылып секретпен бірге бөлінеді
немесе микробүрлерінің ұштары. Галокриндік секреция түрінде безді
жасушалардың цитоплазмасына май толып, толық бұзылады (тері бездерінің
бірең сараң майлы жасушалары).
Гландулоциттер базальды мембранада орналасқан.Ядролары ірі,әртүрлі
пішінге ие және секреттеу фазаларына байланысты өзгеріп тұрады.
Белокты секрет түзуші гландулоциттердің цитоплазмасында түйіршікті
эндоплазмалық тор жақсы дамыған.
Белоксыз секретті (липидтер,стероидтар) түзуші жасушаларда агранулярлы
эндоплазмалық тор жақсы дамыған.
Секреция фазасына байланысты Гольджи кешенінің пішіні мен орналасқан
орындары өзгеріп тұрады. Митохондриялар өте көп және секрет түзілетін
аймаққа жиналады.
Жасушалардың цитоплазмасында секреторлық гранулалар болады, олардың
мөлшері секреттің химиялық құрамына байланысты. Ал секреторлық процестің
фазаларына байланысты гранулалар саны өсіп тұрады. Кейбір грандулоциттер
цитоплазмасында (мысалы,асқазан шырынын түзуге қатысатын) секреторлы
каналшалар байқалады – бұл цитолеммалардың ішке қарай шұңқыр ойыстанған
жерлері және сырт жағынан қабырғалары микробүрлермен қапталған.

Безді эпителийдің экзо және эндокринді бездердің құрамында
мамандану
Эпителий ұлпалары немесе эпителийлер адам денесінің үстін жауып
тұрады,сондықтан жабынды эпителий деп аталады. Ал кейбір эпителийлер ішкі
органның қуыстарын төсейді және көптеген бездерді құрайды.
Атқаратын қызметіне байланысты, жабынды және безді эпителий деп
бөлінеді.Жабынды эпителий шекаралаушы ұлпа болып саналады, себебі ол ішкі
ортасын сыртқы ортадан ажыратып тұрады және зат алмасу процесіне қатысады.
Безді эпителй секреторлық қызмет атқарады.
Эмбрионалдық кезең 3-4 аптасының басында эпителий ұлпалары үш ұрық
жапырақшаларынан дамиды.
Құрылысы: Эпителий жасушаларын эпителиоциттер деп атайды.
1. Эпителиоциттер базальды мембранада орналасады.
2. Эпителиоциттің арасында жасуша аралық заттар болмайды, бір-
бірімен десмосома немесе тығыз байланыспен байланысада.
3. Эпителийде қан тамырлары болмайды. Эпителийге қоректік заттар
мембрана арқылы диффузия жолымен дәнекер ұлпасынан өтіледі.
4.Эпителийдің өзі полярлы қасиетке ие, себебі эпителий пластысының
базальды және апикальды бөлігі, сонымен қатар жасушалары әртүрлі құрылысқа
ие.
5. Эпителийдің регенерациялану қабілеті өте жоғары.Бұл митоз және
бағаналы жасушалардың дифференциалдануы арқылы өтеді.
Эпителийлер дамукезеңдеріне, құрылыстарына, қызметтеріне байланысты
жіктеледі.
Бір қабатты эпителий – бір қатарлы және көп қатарлы болады.Бір қатарлы
эпителий жазық, куб немесе призма тәрізді болады, сондықтан ядролары бір
қатарда орналасады. Мұндай эпителийлерді изоморфты деп атайды. Көп қатарлы
эпителийде – жасушалардың пішіндері әртүрлі болады,сондықтан ядролары бірі
биік бірі төмен орналасып көп қатар құрайды. Көп қабатты эпителийлер үш
топқа бөлінеді:
1. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Безді эпителий ұлпасы
Безді эпителий
Эпителиалды тіндер
Сыртқы жыныс мүшелерінің қатерлі ісіктері
Эндокринді жүйелер жіктелісі
Жеке гистология
Диффузды эндокриндік жүйе
Эндокринді жүйенің жалпы сипаттамасы мен жіктелуі
Ас қорыту түтігінің морфофункционалдық сипаттамасы
Балалардағы ас қорыту жүйесі бездерінің құрылысының ерекшеліктері
Пәндер