Заттар алмасуын зерттеу әдістері


Білім алушының өзіндік жұмысы
Мамандығы: Стоматология
Курс: 2
Тақырыбы: Заттар алмасуын зерттеу әдістері
Орындау түрі: Мәнжазба
Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Зат алмасуы туралы түсінік. Заттар алмасуын реттеу әдістері.
2. Катоболизм және анаболизм
3. Организмде мүшелер және ұлпа кескіндерінде зерттеу жүргізу
4. Изотопты әдістер
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланған әдебиеттер
I. Кіріспе
Зат алмасу (метаболизм) деп тірі ағзада өтетін барлық химиялық реакциялардың жиынын айтамыз. Зат алмасу нәтижесінде ағзаға қажет заттар түзіледі және энергия бөлінеді. Ағза мен сыртқы орта арасында әрқашан зат және энергия алмасуы үздіксіз жүріп отырады. Күрделі қоректік заттар ас қорыту мүшелерінде қорытылып құрылысы жай заттарға айналған соң ащы ішектен қанға және лимфаға өтеді. Қан және лимфа ағыны арқылы ұлпаларға жеткізіледі. Әр мүшенің жасушалары өзіне тән және өсіп-өнуіне қажетті қарапайым заттарды түзеді. Қоректік заттардың ыдырауынан пайда болған энергияны жасушалар әр-түрлі физиологиялық үрдістер үшін жұмсайды. Артық түскен заттарды өзіне қор етіп жинайды (мысалы, гликоген, май) . Ал жасушалардың тіршілік етуі нәтижесінде түзілген керексіз заттар өкпе, тері ішек арқылы сыртқа шығарылып отырады. Зат алмасу өзара тығыз байланысқан екі қарама-қарсы құбылыстан тұрады: 1) Ассимиляция немесе пластикалық алмасу 2) Диссимиляция немесе энергетикалық алмасу Ассимиляция деп жай заттардан күрделі қосылыстардың түзілу реакцияларының жиынтығын айтамыз. Бұл реакциялар энергияны қажет етеді. Пластикалық алмасу нәтижесінде жасушалардың құрамы жаңарады. Ал диссимиляцияда күрделі заттар ыдырап энергия бөлінеді. Бөлінген энергия ағзаның тіршілігін сақтап, ой және дене еңбектерін орындаға жұмсалады.
Жасушадағы қандай да болса, бір заттың белгілі бір тәртіппен ферменттік айналуға түсуін - метаболизмдік жол, ал осы кезде пайда болатын аралық өнім - метаболиттер деп аталады. Метаболизмнің қарапайым молекулалардан күрделі құрылымдық заттардың түзілу реакциясы -анаболизм ал бұған қарама-қарсы өтіп жататын процесті катоболизм дейді. Жасыл өсімдіктерде фотосинтез нәтижесінде түрлі көмірсулар түзіледі. Жануарларәдетте осы көмірсулармен қоректенеді. Қарапайым қанттар қанмен жануарлар денесіне таралып, күрделі полисахарид - гликогенге айналады. Метаболизм нәтижесінде қышқылға, одан әрі майға, көмірсудан пайда болған органикалық қышқылдар аммиак азотымен реакцияласу нәтижесінде амин қышқылына, май, ақуыздар метаболизм нәтижесінде ыдырап, соңында несеп зәрі, аммиак, көмірқышқыл газы, т. б. қарапайым заттарға айналады.
Адам мен жануарлар организміндегі метаболизм процесін реттеуде жүйке жүйесінің атқаратын (әсіресе, үлкен ми сыңарлары қыртысының) маңызы зор. Организмнің дамуы, өсуі, т. б. Метаболизм заңдылықтарына бағынады. Адамда метаболизм процесінің ауытқуы байқалса, адам ауруға шалдығады.
Мысалы , диабет, семіздік, бүйрекке тас байлану, атеросклероз, т. б.
Негізгі бөлім
Катаболизм ( грекше katabole - сыртқа шығару, ыдырау ), биологияда - организмде тіршілік әрекеті процесінде пайдаланылған энергияны босата отырып, қажетсіз заттарды денеден сыртқа шығарып тастау.
Жасуша мен тінде болатын тотығу процесі ферменттерінің қатысуымен үздіксіз жүретін құбылыс. Ондағы ақуыз, май, көмірсусияқты күрделі органикалық заттар тотығу әсерінен ыдырайды.
Осы процестен пайда болған энергия тіршіліктің қажетіне жұмсалады.
Энергияның көп мөлшерде бөлініп шығуы фосфорлы қосындылардың ыдырауы нәтижесінде туады.
Мысалы, аденозинүшфосфорлы қышқыл (АҮФҚ) ыдырағанда шығатын хим. энергия электрлік және мех. энергия түріне айналып отырады. *Демек жасуша мен тіндегі энергия көзі -АҮФҚ болып саналады. Ферменттердің әсерінен бір заттар ыдырап жатса, екінші бір заттар қайта түзіліп отырады. Оганизмдегі зат алмасу процесінің негізі болып табылады. Жасушалардағы заттар бір қалыпта өзгеріссіз тұрмайды. Әсіресе, органик. заттар жасуша мен тінде ыдырап бөлшектенеді. Мысалы, қышқылдар суда ерігенде, сутек иондары мен хлор иондарына бөлінеді. Катаболизм жоғары сатыдағы жануарлар мен адамда жылдам жүрсе, төм. сатыдағыларда (мысалы, бақа, шаяндарда) баяу жүреді. Жоғары сатыдағы жануарлар мен адам денесіндегі зат алмасу процесінің қарқынын, барысын, көлемін орта жүйке жүйесінің қызметі реттеп отырады.
Анаболизм немесе Пластикалық алмасу ( ἀναβολή - көтеру, көтерілу) - тірі ағзадағы жасушалар мен тіндердің құрылымдық бөліктерін түзуге және жаңартуға бағытталған химиялық процестердің жиынтығы, жасушалардың қоректік заттарды сіңіруге бағытталған процессі. Соның нәтижесінде ағза денесі қалыптасады. А. ағзаның қоршаған ортадан келетін заттарды сіңіріп, қоршаған орта мен ағза арасындағы зат алмасуын қамтамасыз етеді, соның нәтижесінде қарапайым молекулалардан жасуша құрамындағы күрделі органик. қосылыстар құралады. Клетка құрамы күрделенеді, энергия (қуат) жинақталады. А. - катаболдануға (катаболизмге) кері эндоэнерг. процесс. Мұның негізінде түрлі қосылыстар ыдырауынан пайда болған заттардан жаңа заттар түзіледі. А. жануарларда алғашқы жас даму сатысында, ал өсімдіктерде вегетац. көбею кезеңінде өте жақсы жүреді. А. - бейорганик. заттардан органик. қосылыстар құруда яғни фотосинтез процесі кезінде маңызды рөл атқарады.
- Анобализмде жасушаға тән емес химиялық заттар өзгеріп, түрге тән заттарға айналады. Катаболизммен бір уақытта өтеді.
- Анаболизм -тірі ағзаға тән зат алмасу процесінің (метаболизмнің) қарапайым заттардан қуатты (энергияны) жинақтау арқылы күрделі молекулалы органикалық заттарды түзу кезеңі, яғни ол метаболизмнің катаболизм кезеңіне (күрделі органикалық заттардың қуатты бөлу арқылы өзінің қарапайым құрамына ыңыраупроцесі ) қарама-қарсы жүретін процес Анаболизмнің жержүзіндегі маңызды көрінісі - жасыл өсімдіктер жасушаларында жүретін фотосинтез процесіЗат алмасуды зерттеу әдістері.
- Организмде бөлінетін барлық энергия жылу бірлігі - калориямен ( Джоуль ) анықталып, белгіленеді. Оны тікелей және тікелей емес калориметрия әдістерімен анықталады. Әдіс организмнен бөлінетін жылуды өлшеуге арналған. Бұл үшін адам немесе жануар герметикалы жабылған 2 қабат қабырғасы бар камераға орналастырылады. Қабырға арасында айналымда су болады. Организмнен бөлінетін жылу қабырға арасындағы суға беріледі. Судыңігр жоғарлауымен бөлінген жылу мөлшері анықталады. Пашутинмен, соңынан Этуотер және Бенединмен құрастырылған калориметрмен организмнен шыққан жылудың мөлшерін анықтауға, сондай-ақ тағамдардың калориялылығын анықтауға болады. Тікелей калориметрия және газ алмасу арқылы анықталған энергия алмасу нәтижелері шамаларының дәл келуі тікелей емес калориметрия әдісін шығаруға мүмкіндік береді.
Мүшелер мен мүшелер жүйесі Ағза - біртұтас тіршілік иесі. Әр түрлі ұлпалар бірімен-бірі қосылып, мүше түзеді. Мүше дегеніміз - белгілі пішіні, құрылысы, орны бар бір немесе бірнеше қызмет атқаратын дене бөлігі. Ағзаның ішкі қуыстарында (мысалы, кеуде, құрсақ, жамбас ) орналасқан мүшелерді - ішкі мүшелер деп атайды. Әрбір мүшеде барлық ұлпалар кездеседі, бірақ олардың біреуі ғана басым болады. Мысалы, дәнекер ұлпасы ағзаның ішкі ортасын, эпителий ұлпасы - асқорыту, тынысалу мүшелерінің сілемейлі қабықшасын түзеді. Бұлшықет ұлпасы - өңеш, ішектер, қуықтың қабырғаларын құрайды. Жүйке ұлпасы - ми мен жұлынды және жүйкелер мен жүйке түйіндерін түзеді.
Мүшелердің пішіндері, мөлшері және орналасу орны жағынан бірінен-бірінің айырмашылығы бар. Шығу тегі, құрылысы және атқаратын қызметі ұқсас мүшелерді мүшелер жуйесі дейді.
Адам денесіндегі атқаратын қызметі біріне-бірі байланысты мүшелер бірігіп мүшелер жүйесін түзеді. Мысалы, тірек-қимыл, зәр-жыныстық, эндокриндік мүшелер жүйесі бар.
Адам агзасында (денесінде) болатын мүшелер жүйесі: 1. Эндокриндік жуйе - арнайы заттардың (гормондар) көмегімен ағзадағы барлық үдерістерді реттейді. Мүшелер қызметінің гормондар аркылы реттелуін гуморальдық реттелу дейді.
2. Жүйке жуйесі - барлык мүшелер мен мүшелер жүйесін біртұтас етіп біріктіріп, олардың жұмысын реттейді.
3. Сезім мушелері - сыртқы ортадан арнайы тітіркендіруді қабылдайды әрі о5ан жауап қайтарады.
4. Тірек-қимыл жуйесіне бұлшықеттер мен қаңқа жатады. Олар тіректік, қозғалыстық және қорғаныштық қызмет атқарады.
5. Журек-қантамырлар жуйесі - жүрек пен қантамырлар ағзада қанайналымды қамтамасыз етеді.
6. Тынысалу жуйесі тынысалу мүшелері (мұрын қуысы, жұтқыншақ, көмекей, кеңірдек, ауатамыр, өкпе) қан мен қоршаған орта арасындағы ғазалмасуға қатысады.
7. Асқорыту жуйесі - ағзада тағамның ішекте қорытылуы мен сіңірілуін қамтамасыз ететін асқорыту мүшелерінің жиынтығы.
8. Зәршығару жуйесі - зат алмасудың нәтижесінде ағзада түзілген (тұз, несеп) өнімдерді ағзадан сыртқа шығарады.
9. Жыныс жүйесі - ағзаның артына ұрпақ қалдырып, тіршілігін жалғастыруды қамтамасыз етеді.
Ағзаның біртұтатығы. Адам денесіндегі мүшелер жүйесі бірлесіп, біртұтас ағза түзеді. Ағзаны құрайтың барлық мүшелер жүйесі бірімен-бірі тығыз байланысты. Әсіресе, жүйке жүйесі және эндокриндік мүшелер жүйесі бірімен-бірі үйлесімді түрде қызмет атқарады. Олар ағзаның жүйке-гуморальдық реттелу қызметін қамтамасыз етеді. Жүйке жүйесі хабар береді, эндокриндік мүшелер жүйесі бөлетін гормондарды қан, басқа мүшелерге таратады. Барлық мүшелер мен мүшелер жүйелерінің жұмысы бірімен-бірі тығыз байланыста үйлесімді болғандықтан, ағза - біртутас тіршілік иесі деп аталады
Изотоптар
Радиоактивтiк құбылысты зерттеу атом ядроларының табиғатына қатысты маңызды жаңалықтардың ашылуына себепшi болды. Көптеген радиоактивтiк түрленулердi бақылау нәтижесінде радиоактивтiк касиеттерi мүлдем әр түрлi (яғни түрлiше тәсiлдермен ыдырайтын), бiрақ өздерiнiң химиялық қасиеттерi жөнiнен барабар заттар бар екенi анықталды. Белгiлi химиялық тәсiлдердiң бәрiмен де оларды ажырату ешбiр мүмкiн болмады. Осының негiзiнде 1911 ж. Содди хямиялық қасиеттері бiрдей, басқа жағынан, мәселен өзiнiң радиоактивтiгiмен ұксамайтын элементтер бар екенi жөнiнде болжам айтты. Мұндай элементтердi Менделеевтiң периодты жүйесiнiң бiр тор көзiне орналастыру керек. Сондықтан Содди оларды изотоптар (яғни периодтық жүйеде бiрдей орын алатындар) деп атады.
Бiр жылдан соң Дж. Дж. Томсон электр және магнит өрiсiндегi ауытқу тәсiлiмен неон индарының массасына дәл өлшеулер жүргiзген кезде Соддидiң болжамы ойдағыдай дәлелденiп, оған терең түсiнiктеме берiлдi. Томсон неон атомдардың екi түрiнiң қоспасы екенiн байқады. Олардың басым копшiлiгiнiң салыстырмалы атомдық массасы 20-ға тең. Бiрақ салыстырмалы атомдық массасы 22-ге тең аздаған атомдар қоспасы да бар. Осының нәтижесiнде қоспаның салыстырмалы атомдық массасы, 20, 2-ге тең. Бiрдей химиялық қасиеттерi бар атомдардың массаларында айырмашылық байқалады. Неонның екi түрiнiң де Менделеев кестесiнде бiрдей орын алатындығы анық, ендеше, олар изотоптар больтп табылады. Сонымен, изотоптардың тек өздерiнiң радиоактивтiк касиеперi жағынан ғана емес, массасы жағынан да айырмашылығы болады екен. Сонымен бiрге соңғы жағдай басымырақ рөл атқарады. Изотоптарда атом ядроларының зарядтары бiрдей болады. Сондықтан атом кабықшаларындағы электрондар саны, демек, изотоптардың химиялық касиеттерi бiрдей. Бiрақ ядроның массалары әр түрлi. Сонымен қатар, ядролар радиоактивтi де, тұрақты да бола алады. Радиоактивтi изотоптар касиеттерiнiң түрлiше болуы олардың ядроларының массалары әр түрлi болуына байлансты.
Қазiргi уақытта химиялық элементтердiң бәрiнiң изотоптары бар екендiгi анықталған. Кейбiр элементтрдiң изотоптары тұракты болмайды (яғни радиоактивтi) . Изотоптар табиғаттағы ең ауыр элемент - уранда (салыстырмалы атомдық массасы 238, 235 т. 6. ) және ең жеңiл - сутегінде де (салыстырмалы атомдық массасы 1, 2, 3) бар.
Әсiресе сутегiнiң изотоптары ерекше, себебi массасы жағынан скi немесе үш есе айырмашылығы бар. Салыстырмалы атомдық массасы 2 болатын изотоп дейтерий деп аталады. Ол стабилъдi (яғни радиоактивтi емес) және әдеттегi сутегiне аздаған қоспа (1: 4500) түрiнде енедi. Дейтерий оттегiмен косылғанда ауыр су пайда болады. Оның физикалық қасиеттері кәдiмгi судың қасиетiнен анағұрлым бөлек. қалыпты атмосфералық кысымда ол 101, 2 С-та қайнайды да, 3, 80 С-та қатады.
Салыстырмалы атомдық массасы 3 болатын изотоп
тритий
деп аталады. Ол
-радиоактивтi, жартылай ыдырау периоды 12 жылга жуық.
Изотоптардың болуы, атом ядросының заряды атомдардың барлық каеиеттерiн анықтамай, тек химиялық қаеиеттерi мен электрон қабықшасының маңына байланысты физикалық қасиеттерiн, мысалы, өлшемдерiн анықтайтындығын дәлеледейдi. Атомның массасы мен радиоактивтiк касиеттерi оның Менделеев кестесiндегi реттiк нөмiрiмен анықталмайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz