Зәр шығару мүшелер жүйесінің құрылысы



І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
1. Зәр шығару жүйесі
2. Зәр шығару мүшелер жүйесінің құрылысы
3. Зәрдің түзілуі мен шығарылуы
4. Бүйрек құрылысы мен қызметі
5. Зәр шыгару жүйесі аурулары мен емі

ІІІ.Қорытынды
ІV.Пайдаланған әдебиеттер
Зәр шығару жүйесі — адамның ағзасында, дәлірек, қанда, болатын зат алмасу процесі кезінде бөліп шыққан сұйық күйдегі соңғы қалдық заттарды сыртқа бөліп шығарып, ағзадағы су мен тұздың балансын (қалыпты жағдайда болуын) қадағалайтын жүйе.
Зәр шығару жүйесіне кіретін бүйректе жаңадан қан түзетін гемопоэтин гормоны мен қан қысымын реттейтін ренин гормоны түзіледі. Егер зәр шығару жүйесінде ақау пайда болса, салдары ауыр болуы ғажап емес. Асқынған түрі кейде адам өліміне әкеп соғады.
Зәр шығару жүйесіне кіретін мүшелер мыналар: қос бүйрек пен қос несеп ағар (зәр ағар); қуық, несеп жолы (несеп шығатын жол).
Қан тамырлары арқылы тасымалданатын қалдық заттардан бүйректе үнемі зәр түзіледі. Ол зәр несеп ағар арқылы қуыққа жетіп отырады. Қуықта жиналып қалған зәр несеп жолы арқылы сыртқа шығарылады.
1. Гистология, Ю.И.А. фанасьева,« Москва, Медицина» 1893
2. Гистология, С.А.Ажаев, «Түркістан» 2007
3. Гистология-1, С.А.Ажаев, Т.Ж.Үмбетов, «Түркісан» 2010
4. Ғаламтор желісі Google.ru
Yandex.ru

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Білім алушының өзіндік жұмысы

Мамандығы: Стоматология
Курс: 2
Тақырыбы: Зәр шығару жүйесі
Орындау түрі: Мәнжазба

Жоспар:
І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
1. Зәр шығару жүйесі
2. Зәр шығару мүшелер жүйесінің құрылысы
3. Зәрдің түзілуі мен шығарылуы
4. Бүйрек құрылысы мен қызметі
5. Зәр шыгару жүйесі аурулары мен емі

ІІІ.Қорытынды
ІV.Пайдаланған әдебиеттер

I.Кіріспе
Зәр шығару жүйесі -- адамның ағзасында, дәлірек, қанда, болатын зат алмасу процесі кезінде бөліп шыққан сұйық күйдегі соңғы қалдық заттарды сыртқа бөліп шығарып, ағзадағы су мен тұздың балансын (қалыпты жағдайда болуын) қадағалайтын жүйе.
Зәр шығару жүйесіне кіретін бүйректе жаңадан қан түзетін гемопоэтин гормоны мен қан қысымын реттейтін ренин гормоны түзіледі. Егер зәр шығару жүйесінде ақау пайда болса, салдары ауыр болуы ғажап емес. Асқынған түрі кейде адам өліміне әкеп соғады.
Зәр шығару жүйесіне кіретін мүшелер мыналар: қос бүйрек пен қос несеп ағар (зәр ағар); қуық, несеп жолы (несеп шығатын жол).
Қан тамырлары арқылы тасымалданатын қалдық заттардан бүйректе үнемі зәр түзіледі. Ол зәр несеп ағар арқылы қуыққа жетіп отырады. Қуықта жиналып қалған зәр несеп жолы арқылы сыртқа шығарылады. Тірлік етушілердің зәр шығару түтікшесі (несеп жолы) жыныс мүшесінен бөлінетін заттарды да шығаратын болғандықтан ол мүшені несеп-жыныс түтігі деп те атайды. Ұрғашыларда несеп түтікшесі (несеп жолы) қынаптың аузында (алдыңғы бөлігі -- уретра) ашылады.
Зәр -- сабанның түсіндей ашық сары болып келетін мөлдір сұйықтық. Егер зәрдің түсі қою сары немесе қоңыр түсте болса, денсаулық тұрғысында қиындық туындағанын, яғни, ақау пайда болғандығын білдіреді.

Негізгі бөлім
Ыдырау өнімдерін шығарудың маңызы. Ағза енді қайта пайдаланбайтын зат алмасудың соңғы өнімдерін ыдырау өнімдері дейміз. Ағзаға сырттан келген бөгде заттар да (улы заттар және т.б.) ыдырау өнімдері болып саналады. Осы заттардың барлығы ыдырау өнімдерін шығару мүшелерінің көмегімен ағзадан сыртқа шығарылады. Ыдырау өнімдерін шығару - ағзаның ішкі ортасының тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Қалдық (қажетсіз) заттардың дер кезінде ағзадан шығарылмауы адам үшін өте қауіпті.
Ыдырау өнімдерін шығаруға қатысатын мүшелерге - бүйрек, өкпе, тері, тер бездері, ішек жатады.
Зәршығару жуйесіне: 2 бүйрек, 2 несепағар, бір куық және бір зәршығару өзегі жатады.

Бүйрек құрылысы мен қызметі
Бүйрек - үрмебұршақ пішінді жұп мүше. Оның жоғары полюсінде эндокрин бездері орналасқан. Бүйрек үсті бездері мен бүйрек сыртынан май капсуласымен жабылған.Адам бүйрегінің массасы 150 грамм. Бүйрек ұлпасы сыртқы қоңырқай түсті қыртысты қабпаттан және ішкі бозғылт түсті ми затынан тұрады. Ыдырау өнімдерін шығарудың негізгі мүшесі - бүйрек. Ағзадан зат алмасу соңғы өнімдерінің 75%-ы бүйрек арқылы шығарады. Бүйрек құрсақ қуысында 1-2- бел омыртқаның екі жағында орналасқан. Ол үрмебұршақ пішінді қызғылт-қоңыр түсті. Оң жақтағы бүйрек сол жақтағы бүйректен сәл төменірек орналасады. Өйткені оң жақ бүйрекке үстіндегі бауырдың салмағы түседі. Бүйректің сыртқы жиегі дөңес, ішкі жиегі ойыс. Ойыс жағы омыртқа жотасына қарай бағытталған. Ойыс жағында бүйрек артерия тамырлары, бүйрек вена тамырлары, жүйке талшықтары мен несепағар жолдары болады. Бүйректің бұл жері бүйрек қақпасы деп аталады.
Әрбір бүйректің салмағы шамамен 150 г. Бүйректің сыртын қалың май қабаты қаптайды. Бүйрек қоңырқай түсті сырты қыртысты және іші бозғылт түсті милы заттан түзілген. Бүйректің ойыс жағында шағын қуысы болады, оны бүйректің астаушасы дейді. Бүйректің құрылысы өте күрделі. Бүйректің құрылымдық және қызметтік бірлігі - нефрон (гр. nefron -бүйрек) деп аталады. Әрбір бүйректе 1 миллионнан астам нефрон болады. Нефронның өзі екі бөлімнен тұрады. Сыртынан қоршап жатқан бөлімі -- бүйрек денешігі деп аталады, ол қыртысты затта орналасқан. Екінші бөлімі -- нефрон өзекшелер, олар бүйректің иір-иір болып шумақталып, боз затқа орналасады. Нефрон өзекшелері иректеліп әрі өзара қосылып жинағыш түтікшелерді құрайды. Олар тікелей пирамидалармен байланысқан.
Бүйректе артерия қантамырлары 2 рет қылтамырлар шумағын құрайды. Адам денесіндегі басқа мүшелерде ұсақ қантамырлар бір-ақ рет қылтамырлар шумағын құрайды.

Несепағар
Несепағар - қабырғасы қалың бұлшықетті түтікше пішінді жұп мүше. Ересек адамдар да оның диаметрі 6-8 мм, үзындығы 25-30 см. Несепағар бүйректі қуықпен жалғастырады.
Қуық - жамбас шоңқимасының (малый таз) қуысындағы тік ішектің алдыңғы жағында орналасқан бұлшықетті мүше. Қуықта зәр уақытша жиналады. Ол ересек адамда кабырғасы қалың бұлшықеттен түзілген. Несепағардың да, қуықтың да кабырғасындағы бұлшықет талшықтары бірыңғай салалы бұлшықет ұлпасынан тұрады. Қуықтың бұлшықеті жиырылғанда жиналған зәр зәр-шығару өзегі арқылы сыртқа шығарылады. Ересек адамда қуықтың сыйымдылығы шамамен 500 мл. Қуық бос тұрғанда ішкі сілемейлі кабығы қатпарлы болады. Зәрге (несепке) толғанда қатпарлары жазылып тегістеледі. Қуықтың қабырғасындағы бұлшықет талшықтары үш түрлі бағытта орналаскан.
Зәршығару өзегінің құрылысы ер адамдар мен әйел адамдарда бірдей емес. Әйелдердің зәршығару өзегінің ұзындығы 3-3,5 см. Зәршығару өзегінің сыртқа ашылатын тесігі қынаптың алдыңғы тұсында қатарласа орналасады. Зәршығару өзегінің ішкі сілемейлі қабығы ұзын қатпарлы болады. Үрпі жолы зәршығару тесігімен аяқталады.
Ер адамның зәршығару өзегінің пішіні түтікше тәрізді, ұзындығы шамамен 18 см. Ол қуықтан басталып, жыныс мүшесінің ұшына дейін созылып жатады. Ер адамдардың зәршығару өзегі 2 түрлі қызмет атқарады: зәр және жыныс жасушалары (спермалар) сыртқа шығарылады
Бүйрек -- Зәр түзе отырып, қаннан шығатын бөлінділерді сүзетін, арқа жотадан төмен орналасқан, асбұршаққа ұқсас үлкен мүше. Оның жоғары полюсінде эндокрин бездері -қыртысты және ми қабатынан тұратын бүйрек асты бездері орналасқан.Адам бүйрегінің массасы-150 г. Бүйрек ұлпасы сыртқы қоңырқай түсті қыртысты қабаттан және ішкі бозғылт түсті ми затынан тұрады.Ми затында ұштары бүйрек астауына бағытталған пирамидалар орналасқан.Бүйректің ішіндегі қуыс бүйрек астауы деп аталады.Бүйректе түзілген несеп жинағыш түтікшелер арқылы астауға келіп, одан зәрағар бойымен қуыққа жиналып,зәр шығару өзегі арқылы сыртқа шығады. Бүйректің ерекшелігі қанмен жақсы қамтамасыз етілуі: бүйрек арқылы тәулігіне 1500-1700 л қан ағады.Бұл дегеніміз - әрбір 5 минут сайын қан тамырлары арқылы айналатын барлық қан бүйрек арқылы өтеді деген сөз.Осы кезде организм ұлпаларында үнемі түзілетін, тіршілік әрекетінің зиянды заттары қаннан бөлінеді.

Бүйрек -- адам организмінде несеп түзетін және оны шығаратын жұп орган. Ересек адамда әрбір бүйректің салмағы 120 -- 200 г-дай, ұзындығы 10 -- 12 см, ені 5 -- 6 см, қалыңд. 3 -- 4 см-дей болады. Бүйрек іш қуысында, омыртқа бағанасының екі жағында -- соңғы кеуде омыртқасы және жоғ. бел омыртқа тұсында орналасады. Бүйректің ішкі жиегінде бүйрек қақпасы бар, сол арқылы бүйрекке артерия мен жүйке талшықтары өтеді. Қақпа бүйректің ішіне тереңдеп еніп, көлемді қуыс -- бүйрек қойнауына айналады. Онда кіші, үлкен бүйрек тостағаншалары және бүйрек түбегі, қан тамырлары, жүйке талшықтары орналасады. Бүйректі майлы шандыр қабаты жауып жатады. Бүйрек беткейі қыртыс заттан, терең қабаттары -- милы заттан тұрады. Қыртыс зат тұтас болып келеді, ал милы зат пирамида тәрізді 10 -- 15 үшбұрышты денелерден құралған. Бүйректің анатомиялық құрылым бірлігі нефрон деп аталады. Олардың саны 1 млн-дай. Нефрон әр түрлі бүйрек өзекшелерінен түзіледі. Нефрон өзекшелерінің екі бүйректегі жалпы ұзындығы 100 км шамасында болады. Нефрон арқылы зат алмасу процесінде пайда болатын организмге қажетсіз және зиянды заттар сыртқа шығарылады. Пирамиданың бүйрек қойнауына ашылатын ұшы бүйрек бүртігін құрайды. Осы бүртіктегі түтіктер арқылы несеп бүйрек қойнауындағы 8 -- 9 кіші бүйрек тостағаншаларына құйылады. Екі-үш кіші бүйрек тостағаншалары өзара қосылып, үлкен бүйрек тостағаншаларын түзеді. Олар өзара бірігіп, бүйрек түбегін құрайды. Осы бүйрек түбегі біртіндеп жіңішкеріп, бүйрек қақпасы тұсында несепағарға жалғасып, қуыққа жиналған несеп сыртқа шығарылады. Бүйрек түбегінің қабырғасы суды, тұзды, көмірсуларын өткізеді де, қандағы ақуызды өткізбейді. Несепке белоктың араласуы бүйректің ауруға шалдыққаны. Организмдегі барлық қан бүйрек арқылы сүзіліп, тазарады.
Бүйрек екі қатар қабыршақпен қапталған:біріншісі- жұқа, сыртқы-қабықты және ішкі-майлы, қаптың негізгі массасын құрайды. Бүйрек ұлпаларынданефрондар орналасқан.Әр нефронның басы жалпақ, бокал тәрізді - ол Шумлянский - Боумен капсуласы деп аталады. Әр капсулаға жіңішке артерия кіреді- тасымалдаушы. Тасымалдаушы артерия майда капиллярларға бөлінеді- олардан тамырлы шумақтарпайда болады. Бұл шумақ нефронның бокал тәрізді қуысые толтырады. Шумлянский - Боуменкапсуласыжәне оның ішіндегі капиллярлардан құралған шумақ - бүйректі малпигиев денешегі деп аталады. Шумлянский - Боумен капсуласының түбінен , тесік қуысынан бүйректі түтіктердің дамуы басталады, олардың бастамасының пішіні өте иілген, сондықтан бірінші қатардағы иілген түтіктер деп аталған ( проксимальды түтік ). Бірнеше рет иіліп , ол бүйректің милы қабатына кіреді - Генле тұзағының пайда болуына ықпалын тигізеді, сонан соң қайтадан орнына оралады.Қабықты қабыршағында бүйректі түтіктер қайтадан иіліп - екінші қатардағы түтіктер пайда болады, олар жинағыш дорбаға кіреді. Әр жинағыщ дорба көптеген түтіктерді өзіне жинайды. Бұл барлық талған элементтер - бүйректі денешек, I қатардағы иілген түтіктер , тік дүбір Генли тұзағымен және II қатардағы иілген түтіктер - бүйректің құрылысы мен қызметін атқарады.
Сүзілу - қайта сіңу ( реабсорбция ) теориясы бойынша, зәрдің пайда болуы 3 кезеңнен тұрады:
- шумақтан сүзілуі;
- түтіктерден қайта сіңіп өтуі;
- түтіктерден бөлінуі.
Зәрдің пйда болуының алғашқы кезеңі - шумақты фильтрация - мальпигиев денешіктен басталады: мұнда сүзілудің жоғары қысымның әсерінен қанның сұйық бөлігі шумақтардың капилляр қабырғасынан өтіп, Шумлянский- Боумен капсуласының қуысына ағылады.Пайда болған сүзілген сұйық- сүзбе ( фильтрат ) алғашқы зәр деп аталады.Алғашқы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ішкі ағзаларға жалпы сипаттама беру, олардың топографиясын анықтау
Жүйке жүйесі туралы түсініктер
Мүше ретіндегі сүйектің құрылысы
«Жас ерекшеліктер физиологиясы және мектеп гигиенасы» курсы бойынша лекция тезистері
Адамның зәр шығару жүйесі
Сүйектің мүше ретіндегі құрлысы
Адам организмі
Паразитологиялық тексеру әдістері
Нервтер мен нерв талшықтары
Орталық жүйке жүйесінің жұмысы
Пәндер