Бағаналық клеткалар, медициналық маңызы


Студенттің өзіндік жұмысы
Мамандығы: Жалпы медицина
Дисциплина: Молекулалық биология және медициналық генетика Кафедрасы: Жаратылыстану ғылыми пәндер
Курс: 1
Тақырыбы: Бағаналық клеткалар, медициналық маңызы
Орындау әдісі: Баяндама
Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1) Бағаналық жасуша туралы түсінік
2) Оның медицинадағы маңызы
3) Бағаналы жасушалардың қолданылуы және оларды пайдаланудағы туындайтын мәселелер .
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
Бағаналы жасушалар (стволовые клетки) ; (cytos trunci; лат. truncus - бағана, діңгек; грек, kytos - жасуша) - маманданбаған, сирек бөліну арқылы сан тұрақтылығы өздігінен реттеліп отыратын жас жасушалар популяциясы. Бұл жасушалардың ұрпақтары белгілі бір микроортада әртүрлі бағытта жетіліп, бір-бірінен құрылыс айырмашылықтары бойынша ажырап, әртүрлі жасушаларға айналады. Жануарлар эмбриогенезінде діңгекті жасушалар сарыуыз қапшығының қабырғасындағы мезенхима жасушаларынан дамып жетіліп, көпмүмкіндікті (полипотентті) жасушаларға айналады. Діңгекті жасушалар - жануарлар организмінің жасына қарамастан, әр уақытта бөлінуге қабілеттілігін жоғалтпайды, яғни бөлінуге бейім; бірнеше бағытта жетіліп, ұрпақтары әр- түрлі жасушаларға айналады. Діңгекті жасушалардан сүйектің қызыл кемігінде қанның әртүрлі жасушалары дамиды. Лимфоциттер - сүйек кемігінен басқа қан жасау мүшелеріне өтіп, көбейіп, маманданып, эффекторлы жасушаларға айналады. Діңгекті жасушаларға қан капиллярларының (қылтамырлардың) адвентициальды жасушалары да жатады.
1. Бағаналы жасушалар
Таза субстанция, ол өзінде ешқандай генетикалық информацияны сақтап тасымалдамайды. Бұл жасушалар жүйке жүйесіндегі зат алмасуды, қан айналымды, жүрек, бүйрек қызметтерін жақсартады. Иммунитеттің көтерілуін, қартаюдың алдын алуына мумкіндік туғызады. Олар ешқандай қатерлі зақымға ұшырамайды. Өмір сүру барысында біздің ағзамыздағы жасушалар үнемі өліп, қайта қалпына келіп отырады. Бас миында 35 жыл сайын 30-дан 50-ге дейін нейрондар өле алады. Ал бір бағаналы жасуша барлық ағзадағы бірнеше мың жасушаларды іске қоса алады, тек жүйке жасушаларынан басқасын.
Бағаналы жасуша - ол ағзаның арнай жасушалары, ол өзін-өзі жаңартуға және дамытуға қабілетті. Өсіп келе жатқан ағзаның (адам немесе жануар) миллиардттаған жасушалары бір ғана жасушадан, яғни зиготадан дамиды. Бұл жалғыз жасуша өзге ағза жайлы ақпаратпен қоса, оның ары қарайғы даму механизімін сақтайды. Эмбригонез барысында ұрықтанған аналық жасуша бөлігін, келесі ұрпаққа генетикалық материалды береді. Бұл эмбриондық бағаналық жасушалар, олардың геномы «нольдік нүктеде» орналасқан, яғни мамандығын анықтайтын механизімдер іске қосылмаған, олардан кез келген жасушалар түзілуі мүмкін. Туннельдің қабырғасын бір-біріне қиғаштай түйісе орналасқан пішіні призмалық сыртқы және ішкі бағаналық жасушалардан тұрады. Ішкі бағаналық жасушалармен қатарласа бір қатар ішкі фалангалық, олардың үстінде алмұрт пішінді ішкі сенсорлық қылшықты жасушалар орналасады. Сыртқы бағаналық жасушаларға жанаса үш қатар сыртқы фалангалық тіректік жасушалар, олардың үстінде үш қатар цилиндр пішінді сыртқы қылшықты жасушалар болады. Базальды мембранада бұлардан басқа сыртқы фалангалық жасушалар да болады. Олар сыртқы бағаналық жасушаның жанында 3-4 қатар құрап орналасады. Тіндердің құрамында дің (бағаналық) және дифференцияланған жасушалар болады. Дің немесе камбиальдық жасушалар қоршаған ортаның әсеріне орай әртүрлі бағытта дифференциялану қабілеті бар жасушалар ұрпағын бере алатын сирек бөлінетін жасушалардың популяциясы болып табылады. Дің жасушаларға келесі қасиеттер тән:
1. Өзінің популяциясының санын екі үрдістің көмегімен тұрақтандырады: сирек жүретін митоздар және жетілген жасушаға дифференциялану арқылы (дің жасушасы бөлінгеннен кейін біреуі дің жасушасы болып қалады, ал екіншісі - дифференцияланады) . Дің жасушаларының митозбен бөлінуі өте сирек жүретіне көңіл аудару керек, көбінесе олар тыныштық жағдайын сақтайды (G 0 немесе ұзартылған G 1 , -кезеңде (олардың хроматині бұл кезде конденсияланады) және (қажет жағдайда) ) жиі бөлінетін жартылай дің жасушалар бере отырып қайтадан митоздық циклге ене алады .
2. Бұл көлемі кіші жасушалардың ядро мен цитоплазмасының арақатынасы жоғары деңгейде болады, цитоплазмасында аздаған жалпы органеллалары бар, жасушаның геномы дерепрессияланған түрде сақталады.
3. Дің жасушаларына зат алмасудың аутосинтетикалық түрі тән: олар өздерінің өмірін сақтау үшін ғана зат өндіреді.
4. Дің жасушалары әдетте зақымдаушы әсерлерге төзімді. Бұл қасиет митоздық тиыштық кезінде хроматиннің тығыз жинақталуымен қамтамасыз етіледі (гетерохроматин көбірек болады) .
Сонымен қатар көп тіндерде дің жасушалардің орналасқан аймақтары да қосымша қорғаныш болып табылады (мысалы, қанның дің жасушалары сүйектердің қуысында, эпидермистің дің жасушалары эпидермальдық айдаршалардың түбінде, ішек эпителиінің діңгекті жасушасы - криптілерде, асқазанның - шырышты қабықшаның дәнекер тіндік қабатындағы асқазан безінде орналасады) . Сонымен қатар эпидермистің дің жасушаларында меланин түйіршігі мол болады, ал бұл оны ультракүлгін сәуледен қорғайды. Инсультпен ауырған адамдарды бағаналы (өзекті) жасушалармен емдеу мүмкіндігін анықтау мақсатында ReNeuron британ биотехнологиялық компаниясы және Шотландия дәрігерлер ұжымы клиникалық сынақ өткізуге рұқсат алды. Аталған әдіс, адам эмбрионынан алынған миллиондаған жүйке бағаналы жасушаларын науқастардың миына егуге арналған. Мидың инсультпен зақымданған аумағын бағаналы жасушалар қалпына келтіреді, пациенттің психикалық және физикалық қызметін жақсартады деп күтілуде. Гендік терапия жөніндегі Британ Кеңес беру комитетімен арадағы (GTAC) бірнеше айларға созылған тартыс және қайта қарау нәтижесінде әдісті пайдалануға рұқсат алынды. Алғашқы болып Глазго Оңтүстік қалалық ауруханасының науқасы үстіміздегі жылдың екінші тоқсанында бағаналы жасуша иньекциясын алады. Осы уақытқа дейін әлемде осындай клиникалық сынақтар өткізілген жоқ. ReN001 бағаналы терапиясы жарты жыл мен екі жыл бұрын инсультпен ауырған он екі адамға жүргізіледі. Тәжірибеге қатынасушыларды бақылау екі жылға созылады. Егер сынақтың бірінші сатысы табысты өтсе, жаңа емдеу тәсілі мидың бірқатар бөлігі инсультпен зақымданған науқастарға жасалады деп күтілуде.
Гемопоэтинді бағаналық жасушаларды жүрек ауруларында қолдану.
Жүрек ауруларын емдеудің қазіргі кездегі әдістері қауіп-қатер факторынан сақтандыру, ұзақ медикаментозды терапиядан (антиагреганттар, в-блокаторлар, АПТ ингиторлары және т. б) хирургиялық емдеуден (баллонды дилатация, тарылту, жасанды жел айдағыш және жүрек трансплантациясы) тұрады.
Бірақ, жүрек трансплантациясына мұқтаж он адамның ішінде біреуі ғана сәйкес донор таба алады. Ал, көптеген дамыған елдерде ересек жастағы адамдардағы жүректің ишемиялық ауруы мүгедектікке ұшырап, өлімнің жоғары болуының негізгі себебі болып отыр. Ең тиімді перспективалық емдеу әдіс медицинаның жаңа саласы регенеративті және клеткалық қалпына-келтіру терапиясы болып табылады. Жүрек ауруларындағы жоғары летальділік - миокардтың регенерацияға қабілетсіздігі. Некрозға ұшыраған немесе зақымдалған жасушалардың орнын дәнекер тіні басады, ол миокард қызметінің бірте-бірте жоғалуына, жүректің жиырылғыштық қасиетінің төмендеуіне және жүрек жетіспеушілігінің қалыптасуына әкеліп соқтырады. Жүректің ишемиялық ауруын консервативті емдеу тек симптоматикалық әдіс болып қалады. Мұндай жағдайда емдеудің ең тиімді әдісі жүректі ауыстыру болып табылады. Бірақ, соңғы жылдары ағзаға сәйкес донордың тапшылығына байланысты әлемде кардиотрансплантация операциясы азаюда. Сол себепті Батыс Европа елдерінде гемопоэтинді бағаналық жасушаларды ГБЖ трансплантациялаудың клиникалық мүмкіндіктеріне қызығушылық жоғарылады.
Көп жағдайда экономикалық дамыған елдерде 2000 жылғы 1 млн халық арасында 400-ге жуық операция жасалды. Батыс Европаның, Австралияның, Жапонияның, Қытайдың 90-нан аса орталықтары бағаналық жасушалар мен миының трансплантациясын зерттейтін Еуропалық топ құрамына енді. Еуропалық тіркеу мәліметтері бойынша склероз, қызыл жегі, миастения, ревматоидты артрит, жүйелік васкулит, Крон ауруы т. б сияқты ауыр науқастарға ГБЖ-ды қондыру ойдағыдай табысты жүргізілді. ГБЖ-ды жүрек-қантамырлар ауруларында трансплантациялау жөнінде аздаған мәліметтер сыры ашылған. Бірақ бұл әдісті әрі қарай медицинада қолданып дамыту үшін көптеген қызықты экспериментальды және клиникалық мәліметтер қоры жиналды. Миокард инфарктісінде зақымдалған миокардты ГБЖ-мен қайта қалпына келтіруді жануарларға тәжірибеде жасау арқылы АҚШ-тың Ұлттық Денсаулық Институты зерттеді. Эмбриональді бағаналық жасушалардың негізгі мақсаты - ағзадан тыс егу арқылы эммбриональдық бағаналық жасушаларды инсулин өндіретін ұйқы безінің бета-жасушаларына дифференциялау технолгиясын жасап шығару. Бұл жасушалар қант диабетін емдеуге қажет.
Бағаналы жасушаларды қолданудағы туындайтын мәселелер.
- Эмбриондық бағаналы жасушалар даму барысында кез келген жасуша түріне маманданып, өзгере алады;
- Эмбриондық бағаналы жасушалар шексіз көбейе алады және де олар ересек ағзаның арнайы химиялық командаларын ұғынып, қабылдай алмайды, себебі ол командаларды беретін бластоцистада ондай құрылғы жоқ;
- Ағзаға бұндай жасушаларды енгізу түрлі қатерлі ісік ауруларына немесе тератомалардың пайда болуына әкеп соқтырады;
- Трансплантациядағы бағаналы жасушаларды қолданудағы басты мәселе, олардың реципиент жасушалармен иммундық сәйкестікте болу-болмауы;
- Бағаналы жасушаларды қолданудағы этикалық мәселелердің туындауы.
Бағаналы жасушаларды зерттеуде ғалымдардың жеткен жетістіктері.
Бағаналы жасушаларды қолданудағы қойылатын талаптар:
- Бағаналы жасушалардың саны қол жетімді мөлшерде болу қажет;
- Бағаналы жасушалардың дифференциациясы бағытты түрде жүруі қажет;
- Бағаналы жасушалар реципиент ағзада өмір сүре алуы қажет;
- Трансплантациялаудан кейін бағаналы жасушалар реципиент жасушада мамандана алу қажет;
- Трансплантация кезінде реципиент жасушаға ешқандай зақым келмеуі тиіс.
Бағаналы жасушалардың қолданылуы және оларды пайдаланудағы туындайтын мәселелер.
Ең бірінші бағаналы жасушалар трансплантациясы сүйек кемігінің гемопоетикалық жасушаларынан басталған. Ол осыдан 20 жыл бұрын жасарту мақсатында жасалған, яғни касметологияда бастау алған. . Қазір гемопоетикалық бағаналы жасушалар басқа да ауруларды емдеуге қолданылады. Мысалы: қан жүйесінің қатерлі ісіктері (балалардағы лейкоздың кейбір формалары) . Қазіргі гематология жүзден аса ауруларды гемопоетикалық бағаналы жасушалардың транплантациясысыз жасай алмайды. Ақырғы жылдары гемопоетикалық бағаналы жасушалар аутоимунды ауруларды, бүйрек және сүт безі қатерлі ісіктерін, ревматоидты арттрит, Крон ауруы, жайылмалы склероз, артрит ауруларын тұрақты сауығуға дейін емдейді. Сүйек кемігінің стромалық (мезенхималық) бағаналы жасушалары ортапедиялық клиникада қолданылады. Негізгі көрсеткіштері - сынған сүйек ақауларын, бұзылған буын шеміршегінің қалпына келуін қамтамасыз етеді. Мезенхимальді бағаналы жасушалар кардиохирургиялық клиникада белсенді орын алады. Инфарктан кейін бұзылған кардиомиоциттерді қалпына келтіреді. Гемопоэтикалық бағаналық жасушалар, оның гемапоэздегі ролі. Ересек бағаналық жасушаларды болашақта терапиялық қолданудың оптимистік болжамдары сүйек миының трансплантациясның тарихи жетістіктеріне байланысты. Сүйек миының трансплантациясы қолдану лейкемиямен ауыратындардың тірі қалуын арттыру, туа біткен қан бұзылыстары иммундық жүйе ауруларында үлкен маңызы бар. Гемопоэтикалық бағаналық жасушалардың сүйек миының қалыпты қызметін қалпына келтірудегі рөлін алғаш рет 40 жылдай бұрын Тилл мен Мак Кулох дәлелдеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz