GPSS World бағдарламасында жүйелерді модельдеу



Кіріспе
1 Жобаланатын кәсіпорын жайлы жалпы ақпарат
2 Кәсіпорынның әдістемелік құрылымы
3 Радиотехника құрылғыларының техникалық қолданылуы
4 Қауіпсіздік техникасы және өрттен қорғау амалдары
5 Телекоммуникация құралдарының беріктілігі
6 Өнеркәсіпте еңбекті қорғау
7 Экономикалық тиімділікті бағалау әдістері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Аумағының ауқмдылығын, халық тығыздығының төмендігі мен біркелкі еместігін, елді мекендердің бір-бірінен шалғай орналасқандығын, сондай-ақ ауыл халқының төлеу қабілетінің төмендігін қоса алғанда, Қазақстанның географиялық және экономикалық-демографиялық ерекшеліктері аулдық аумақтардың әлеуметтік экономикалық дамуына теріс әсер етеді.
Осыған байланысты, 2000 жылдан бастап почта саласы оның қызметін әртараптандыруға және Қазақстан халқының қалың бұқара топтарына аумақтық және бағалық қол жетімділік қағидаттарындағы почта мен банк қызметтерінің жекелеген түрлерін көрсетуді көздейтін почта-жинақтау жүйесін қалыптастыруға бағтталған реформалауға ұшырады.
Осы бағдарлама «Почта туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы заңына, «Қазақстан Республикасыныңпочта жинақтау жүйесін дамытудың 2005-2010 жыларға арналған бағдарламасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы» Қазақстан республикасы премьер-Министрінің 2004 жылғы 5 мамырдағы №131 өкіміне, сондай-ақ Қазақстан республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 қыркүйектегі №903 қаулысымен бекітілген Қазақстан республикасы Үкіметінің 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 4.15-тармағына сәйкес әзірленді.
1 Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігімен бекітілген (12.10.2004 № 219-II бұйрық) Алматы 2004 кітап Қазақсатан Республикасының почта байланысы өндіріс объектілерінің почталық индекстер анықтамалығы. Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі “Қазпочта” АҚ
2 www.kazpost.kz пошта байланысының ресми сайты
3 Shieli.rups@kazpost.kz. - Шиелі аудандық пошта байланыс торабының ресми сайты
4 hotline@bailanys.com.
5 http://www.bailanys.com
6 www.post.kz - пошталық және қаржылық қызметтердің ұлттық порталы.
7.Қазақстан Республикасы Газеттер мен журналдар каталог 2017

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

БЖТ кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Телекоммуникация жүйелері мен желілерін модельдеу пәні бойынша

Тақырыбы: GPSS World бағдарламасында жүйелерді модельдеу

Жетекші: Кшалова А.А.

баға (қолы,күні)
Комисия мүшелері:
Студент: гр.
Ешимова А.Р
(қолы,күні)

Қара
Мазмұны
Кіріспе
3
1 Жобаланатын кәсіпорын жайлы жалпы ақпарат
5
2 Кәсіпорынның әдістемелік құрылымы
7
3 Радиотехника құрылғыларының техникалық қолданылуы
9
4 Қауіпсіздік техникасы және өрттен қорғау амалдары
11
5 Телекоммуникация құралдарының беріктілігі
13
6 Өнеркәсіпте еңбекті қорғау
16
7 Экономикалық тиімділікті бағалау әдістері
17
Қорытынды
19
Пайдаланылған әдебиеттер

20
Кіріспе

Аумағының ауқмдылығын, халық тығыздығының төмендігі мен біркелкі еместігін, елді мекендердің бір-бірінен шалғай орналасқандығын, сондай-ақ ауыл халқының төлеу қабілетінің төмендігін қоса алғанда, Қазақстанның географиялық және экономикалық-демографиялық ерекшеліктері аулдық аумақтардың әлеуметтік экономикалық дамуына теріс әсер етеді.
Осыған байланысты, 2000 жылдан бастап почта саласы оның қызметін әртараптандыруға және Қазақстан халқының қалың бұқара топтарына аумақтық және бағалық қол жетімділік қағидаттарындағы почта мен банк қызметтерінің жекелеген түрлерін көрсетуді көздейтін почта-жинақтау жүйесін қалыптастыруға бағтталған реформалауға ұшырады.
Осы бағдарлама Почта туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы заңына, Қазақстан Республикасыныңпочта жинақтау жүйесін дамытудың 2005-2010 жыларға арналған бағдарламасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы Қазақстан республикасы премьер-Министрінің 2004 жылғы 5 мамырдағы №131 өкіміне, сондай-ақ Қазақстан республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 қыркүйектегі №903 қаулысымен бекітілген Қазақстан республикасы Үкіметінің 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 4.15-тармағына сәйкес әзірленді.
Қазіргі кезде Қазақстанда почта-жинақтау жүйесін қалыптастыруға арналған құқықтық және ұйымдастырушылық негіздер жасалған. Казпочта акционерлік қоғамы Қазақстан республикасының 2003 жылғ 8 ақпандағы Заңына және басқа да нормативтік құқықтық кесімдерге сәйкес белгіленді. Заңнамаға сәйкес Ұлттық почта операторы почталық қызметтермен қатар Қазақстан Республикасы Қаржы нарығымен қаржы ұймдарын реттеу және қадағалау агенттігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің лицензиялары негізінде қаржы қызметтерін жүзеге асыру және қаржы қызметтерін көрстеу құқығын алды. Мұндай шешім мынадай факторлар негізге ала отырып қабылданды: Қазпочта АҚ-та іс жүзінде Елдің бүкіл аумағын қанағаттандыратын, 617-і қалаларда және 278-і ауылдық жерлерде орналасқан 3385 бөлімшені қамитын ең тармақталған почта бөлімшелері желісінің; ақпарттық және ақша ағымдарының қалыпқа түскен жүйесінің болуы, мемлекет Қоғамның бірден-бір құрылтайшысы және қатысушысы болып табылады.
Почта жинақтау жүйесінің қызметтерінің бәсеге қабілеттілін арттыруды және оларды халықаралық стандарттар бойынша ұсынуды қарастыратын сапалы жаңа деңгейде одан әрі дамыту үшін мынадай кезеңге өту қажет: почта-жинақтау қызметтері рыногында Ұлттық почта операторының тұрақты жұмыс істеуіне арналған инвестициялық және экономикалық қолайлы жағдай жасау.
Почта қызметтерінің ерекшелігі негізгі қаражаттың елеулі бөлігінің іске қосылғандығынан және оларды ұстауға қаржы ресурстар бөлінетіндігінен ескерсек, мұндай жағдай түбегейлі шешімдерді қажет етеді.
Қазақстан Республикасының почта саласын дамытудың және почта-жинақ жүйесін қалыптастырудың 2000-2003 жылдарға арналған бағдардамасы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 15-қарашадағы № 1716 қаулысымен бекітілген салалық бағдарламаның 2003 жылы орындалғанын ескерсек онда мақсаттары, іске асыру жолдары мен тетіктері айқындалатын Қазақстан Республикасы почта-жинақтау жүйесін дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған бағдарламасын әзірлеу қажеттілігі туындады.
Бағдарламада көзделген мақсаттарға қол жеткізуге арналған почта-жинақтау жүйесін дамыту стратегиясы мемлекеттік саясаттың мынадай қағидаттарына сүйенетін болады:
-почта-жинақтау дамыту үшін тиімді құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық тетіктерін іске асыру;
-қала мен ауыл арасындағы почта жинақтау қызметтеріне қол жетімділік деңгейіндегі алшақтықты қарастыруға мемлекеттің жәрдемдесуі;
-почта-жинақтау жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін күшейтуге бағытталған тиімді мемлекеттік саяса жүргізу.
Ұлттық почта операторының бәсекеге қабілеттілігін күшейту тұтастай алғанда почта саласын дамытуға ықпал ететін және почта рыногының барлық сегменттерін халықтың және нақты экономика сектерының еркін бәсеке жағдайында сапалы почта қызметтерін алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыратын халықаралық стандартқа сәйкес келтіруге жәрдемдесетін болады.

1 Жобаланатын кәсіпорын жайлы жалпы ақпарат

Қазпочта АҚ - ҚР Ұлттық почта операторы, Дүниежүзілік почта одағында Қазақстанның почта әкімшілігінің мүддесін білдіреді, жалпы мемлекеттік инфрақұрылымның негізгі элементтерінің бірі болып табылады.
Қазпошта АҚ Басқарма төрағасы Сәкен Сарсенов.Алғашқы практика күні Сайрам аудандық пошта байланыс торабының бастығы Мақұлбеков Нұржан Әбділдаұлы " Біздің компания тарихи тұрғыдан халық арасында өте танымал әрі құрметке ие болып келді. Пошта отбасыларды, қалалар мен елдерді біріктірді, ал соғыс жылдары біз бен сіздің жұмысымыз майданнан хабар алудың жалғыз мүмкіндігі болды. Ондаған жылдар бойы Қазпочта туған-туысқандар туралы бірден-бір ақпарат алу көзі болды, көптеген жылдар бойы Қазпочта миллиондаған қазақстандықтарды жұмыспен қамтыды және әлі де қамтып келеді." деп сөзін бастаған болатын.
Қазақстан почтасының терең тамырлы тарихи дәстүрі бар. Патшалық Ресейдің почта-телеграф байланысының мұрағаттық қорларынан белгілі болғандай, 1860 жылы Верныйде (Алматы қаласы) бірінші почталық байланыс бөлімшесі ашылып, көп ұзамай ол почта-телеграф кеңсесі болып қайта құрылды. Ал 1883 жылы оған 14 почталық байланыс бөлімшесі бағынатын болды. Кейінірек Сырдария облысының Тәшкенттегі почта кеңсесіне бағынатын Перовск (Сырдария өзені бойында) қалалық почта бөлімшесі, Ростов телеграф округінің Нарынқұм теміржол бекетіндегі Нарынқұм (хан ордасы) почта бөлімшесі, Орал губерниялық почта-телеграф кеңсесі, Петропавл уезінің Петропавл почта бөлімшесі, және басқалар ашылды.
Сонымен қатар төңкеріске дейінгі ұлан-байтақ қазақстан аумағында барлығы 250 почта-телеграф кәсіпорны болды. Олардың өзінде шенеуліктер мен жандармерияға және жергілікті ақсүйектерге қызмет етті. Шалғай ауылдарда почта сирек кездесетін еді. Жергілікті жерлерде почта ашу үшін тұрғындар үш жыл бойы почтаны өздері тегін тасуға, баспанамен және керек-жарақтармен қамтамасыз етуге, көбіне почта қызметкерлерінің штатын өздері ұстауға міндеттеме алуы тиіс болатын
Почта байланысының арзан болуы үшін почта идарасы (атты)-почта бекеттері және болыстық басқарма жанында қосымша пункттер ашты. Ондай пункттерде почта жұмыстарын жүргізу болыстық старшиндар мен писарларға жүктелді. Атты-почта даңғыл жолдарының жалпы ұзындығы 20 мың шақырым шамасында болды.
Бірінші дүниежүзілік соғыс Ресей империясының почта шаруашылығына үлкен зиян тигізсе, азамат соғысы және басқыншылық жылдары ол барынша әлсіреді. Елдегі хат-хабарлар тасымалдау жүйесі бүлінді. Жергілікті өзін-өзі басқарудың жойылуы даңғыл жолдар бойымен почта тасу санын азайтты, почта бекеттері іс-жүзінде барлық аттарынан айрылды.
Азамат соғысынан кейін Кеңес үкіметі почта байланысын аса зор күйзелістен шығаруға, оны тұрғындар мен халық шаруашылығының қажеттілігі үшін пайдалануға бағытталған бірқатар шараларды жүзеге асырды. Мысалы, салмағы 15 гр-ға дейнгі хаттар тегін жіберілетін, мерзімді басылымдарға жазылу почта бөлімшелері арқылы жүргізілетін болды, сондай-ақ, почта бөлімшелері жанында басылымдарды тасымалдау және бөлшек сауда арқылы сату ұйымдастырылды, почта тасымалдау көліктері әскери мақсатпен алынбайтын болды,
Жиырмасыншы жылдардың басында Орынбор қаласындағы Қырғыз әскери комиссариаты жанындағы почта-телеграф басқармасы Қырғыз почта-телеграф округы болып қайта құрылды, ал 1925 жылдың аяғында ол ҚСРО Почта және телеграф Халық комиссариаты жанындағы Қазақ облыстық байланыс басқармасы деп аталатын болды. Сол жылы почтаның даму тарихында тұңғыш рет ауылдық хат тасушы лауазымы құрылды, Алыстағы ауылдарға почта қызметін көрсету үшін тұйықталған атты почта жүйесі енгізілді. Қалаларда атты почта автомобильдермен ауыстырылды, идаралық кемелер мен теміржол көліктері пайдаланыла бастады. 1929 жылы біздің республикадағы бірінші почталық әуе желісі Алматыны Тәшкенттпен байланыстырды. 1930 жылдың басында Қазақстандағы почта-телеграф кәсіпорындарының саны 1250-ге, ал почталық даңғыл жол ұзындығы 42 мың км-ге жетті.
1932 жылы Почта-телеграф Халық Комиссариаты Қазақ КСР Халық Комиссариаты Кеңесі жанындағы Байланыс Халық Комиссариаты деп қайта аталатын болды. 1940 жылы Қазақстандағы байланыс кәсіпорындарының саны 1987-ге жетті және 20 мың км почта даңғылы механикаландырылды.
Ұлы Отан соғысы почта алдына барлық жағдайда армияда, тылда, фронт пен тыл арасында сенімді және тұрақты байланыс орнату туралы қиын да, жауапты да мәселе қойды. Көптеген білікті байланысшылардың армия қатарына алынуына байланысты соғыстың бастапқы жылдары почта үшін аса ауыр болды.
1946 жылдың наурыз айында Қазақ КСР ХКК жанындағы КСРО Байланыс Халық Комиссариатының уәкілеттігі Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы КСРО Байланыс министрлігінің Уәкілеттігі деп қайта аталды. 1950 жылы республикада 2438 почта кәсіпорны (олардың 2083-і аулдық жерлерде) болды
1954 жылы 25 желтоқсанда КСРО Байланыс министрлігінің Уәкілетті Басқармасы Қазақ КСР Байланыс министрлігі болып қайта құрылды, Почта және электр байланыстары сол министрліктің бірыңғай Байланыс саласын құрды. Алпысыншы жылдардың ортасында Қазақстанда толық қанды қызмет көрсететін 4000 байланыс бөлімшесі жұмыс істеді. Бұл кезеңде почта саласы тиімділікпен жұмыс істеді, бірақ, барлық табыс электр байланысын дамытуға жұмсалды. Зейнетақы жеткізуден және телеграф-телефон қызметін көрсетуден алынатын табыстар Жалпы кірістің негізгі бөлігін құрады. Қазақстан тәуелсіздік алып, егеменді ел болғаннан кейін саладағы жағдай күрт өзгерді. Қазақстандағы почта саласы (халық шаруашылығының барлық саласы сияқты), ел экономикасының түбегейлі өзгеру кезеңіндегі баға еркіндігіне және бұрынғы Кеңестер Одағының қалыптасқан почта байланысы жүйесінің бұзылуына байланысты орын алған белгілі қиындықтар мен проблемаларға кезікті. Мұның өзі почта жөнелтімдері санының және бүкіл республика бойынша байланыс бөлімшелер санының азаюына әкеліп соқты.
Қазпочта АҚ Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында баршаға қолжетімді қызметтерді көрсете отырып, экономикалық, әлеуметтік, экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз етуге жауапкершілікте болады. Қоғамның тұрақты дамуына үлес қосуға деген өз жауапкершілігін түсіне отырып, Қазпочта АҚ барлық мүдделі тұлғамен әлеуметтік жағынан жауапты өзара іс-қимыл жасау бойынша міндеттемені қабылдайды. Компания елдің ең шалғайдағы елді мекендерінде қызмет көрсететіні және қалыптасқан жағдайларда почта байланысы бөлімшелері ауылдағы экономикалық белсенділік орталығы ретінде көріне алатыны Қазпочта АҚ артықшылығы болып табылады, ол үшін Қазпочта АҚ басшылығы бар күш-жігерін салады.
Компанияда жаңғырту және қызметтерді сапалы ұсынуға өту процесі белсенді жүріп жатыр, бұл қызмет көрсетудің жақсаруын ғана емес, почта желісінің техникалық, операциялық, технологиялық, ақпараттық жаңаруын да білдіреді. Қазпочта АҚ үкіметтік бағдарламаларда және Самұрық-Қазына АҚ даму жобаларында өзінің қатысуын кеңейтуге бағытталған бастамаларды қолдайды. Қазпочта АҚ дамыту мүддесі алға қойылған міндеттерге айрықша жауапкершілікпен қарауды міндеттейтін, ең жоғары мемлекеттік деңгейде көрініс тауып отыр.
Қазпочта АҚ -- кеңестік кезеңнен кейінгі серпінді дамып келе жатқан компаниялардың бірі, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағын қамтитын, қалалар мен ауылды аймақтарда пошталық, қаржылық және логистикалық сапалы толық қызметтер көрсететін, Қазақстан Республикасының пошта байланысының ұлттық операторы.
2003 жылы 8, ақпандағы Қазақстан Республикасының Почта туралы Заңына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес республикада пошта-жинақ жүйесін дамыту жөнінде мемлекеттік саясаттың жол басшысы болып Ұлттық пошта операторы -- Қазпочта акционерлік қоғамы белгіленді.
АҚ Самұрық-Қазына ұлттық әл-ауқат қоры 2006 жылғы 7 маусымнан бастап Қазпочта АҚ жалғыз акционері болып табылады.
Қазпошта АҚ Басқарма төрағасы Сәкен Сарсенов.

2 Кәсіпорынның әдістемелік құрылымы

Қазпочта қалалар мен ауылдарды, елдер мен континеттерді байланыстырады, қатынасу үшін уақыт пен арақашықтықты қысқартады, қазақстандықтарға пошта және қаржы саласындағы заманауи, қолайлы және сапалы өнімдермен және сервистермен қамтамасыз етеді.Қазпочта өзінің кез келген қалалық немесе ауылдық бөлімшелерінде барлық қажетті базалық өнімдердің және сервистердің қолжетімділігін қамтамасыз етуі қажет. Сонымен қатар хаттар және сәлемдемелер, сәлемдемені табу, курьерді шақыру, тарифтер, пошта бланкілерін толтыру, кезекті броньдау, пошта индекстері, электрондық пошта, төлемдер және аударымдар, төлемдер, картаға аударым, қолға аударым, валюта айырбастау бағамы, постмаркет АҚШ-тан сатып алу, пошталық маркалар, басылымға жазылу, жарнамалық тарату, интернет-трейдинг, ал Бизнеске: гибридтiк почта, ашық сервистер, топтық трекинг, пошта бланкілерін толтыру, Salem, mobile қосу!, интернет-дүкен құру, жеке кабинет ашу қызметтерін атқарады.
Қазақстандағы почта саласының көп деңгейлілігі ұйымдастыру құрылымының негізгі сипаттамасы болып табылады. Қазіргі таңда Компанияда үш деңгейлік басқару жүйесі жұмыс істейді.
Қазпочта АҚ мына ұйымдардың мүшесі болып табылады:
1) MS халықаралық кооперативі (курьерлік қызмет) - Швейцария, Берн қ.
2) Бүкілдүниежүзілік почта одағы -- Швейцария, Берн қ.;
3) Аймақтық байланыс достастығы почта байланысы операторларының кеңесі;
4) Қазақстан қаржы қызметкерлерінің ассоциациясы - Қазақстан Республикасы, Алматы қ.;
5) Қазақстан қор биржасы АҚ - Қазақстан Республикасы, Алматы қ.;
6) Western Union жүйесінің мүшесі - Гринвуд-Виллидж, Колорадо штаты, Американың Құрама Штаттары.
Почталық қызмет түрлері
Қазпочта АҚ мынадай почта қызметтерінің ауқымды спектрлерін жүзеге асырады:
1) жазба хат-хабарларды, бандерольдерді және сәлемдемелерді жіберу мен жеткізіп беру;
2) EMS - Kazpost курьерлік қызметтері;
3) мерзімді басылымдарға жазылуды қабылдау, оларды тасымалдау, жіберу, жеткізіп беру және бөлшек сауда арқылы сату;
4) арнайы байланыс қызметтері;
5) филателия;
6) аралас (гибритті) электронды почта қызметтері.
Қаржылық қызмет түрлері
Қазпочта АҚ мынадай қаржы қызметтерінің ауқымды спектрлерін жүзеге асырады:
1) депозиттер;
2) заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізу;
3) аударым операциялары;
4) банкноттардың, монеталардың және құндылықтардың инкассациясы мен жіберілуі;
5) бюджеттік мекеме қызметкерлеріне жалақы мен стипендия төлеу;
6) зейнетақыларды, жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтік төлемдерді төлеу;
7) коммуналдық және салық төлемдерін қабылдау.
Агенттік қызмет түрлері:
Қазпочта АҚ мынадай агенттік қызметтердің ауқымды спектрлерін жүзеге асырады:
1) Директ-Майл тікелей почталық жарнама қызметтері;
2) зейнетақы қорлары мен сақтандыру ұйымдары үшін клиенттермен шарттар жасау;
3) күнделікті сұраныстағы тауарлар мен лотерей билеттерін сату.

3 Радиотехника құрылғыларының техникалық қолданылуы

Антенна -- радио, телехабар толқындарын тарататын және қабылдайтын құрылғы. Антеннаны (латынша antenna - діңгек, сырық) жасау теориясы мен әдістері 1889 ж. неміс физигі Генрих Герц жариялаған қарапайым электрлік вибратордың толқын таратуы теориясына негізделеді. Кез келген антенна бірнеше қарапайым вибраторлардың жиынтығы. Симметриялы емес вибратор түріндегі алғашқы антеннаны тәжірибе жүзінде 1895 ж. орыс өнертапқышы Александр Попов ұсынды.
Таратқыш антенна радиотаратқыштың шығардағы тербеліс тізбектеріне жинақталатын жоғары жиіліктіэлектр магниттік тербеліс энергиясын тараған радиотолқын энергиясына айналдырады. Ал қабылдағыш антенна радиотолқын энергиясын қабылдағыштың кіреберістегі тербеліс тізбегіне жинақталатын энергияға түрлендіреді. Антенналар: таратылатын (қабылданатын) радиотолқындардың диапазонына, жиілік қамтуына (жиілікке тәуелсіз, ауқымды және тар ауқымды), тарату немесе қабылдау бағыттылығына (бағытталмаған, сәл бағытталған, дәл бағытталған), әсерлік принципі мен құрылымына (кесінді сым, металл айналар, рупорлар, спиральдар, саңылаулар, рамалар, дипольдар, диэлектрлік стержень комбинациялары түрінде) қарай ажыратылады.

Антеннаның негізгі параметрлерімен сипаттамалары

Антеннаның негізгі параметрлері мен сипаттамалары: бағыттық әсер коэффициенті, бағытталу диаграммасы,
- қамтитын тиімді ауданы (бірден бірнеше мың м2-ге дейін жетеді),
- таратудағы кедергісі (көбінесе 100 Ом шамасы),
- толқынның полярлану түрі (сызықтық, шеңберлік, эллипстік), т.б.
Антеннаның толқын тарату бағыттылығы толқынның таралу бағытындағы толқын өрісі кернеуін жоғарылатады.

Сурет 1- Ғарыш кемелерімен байланысқа арналған үлкен параболалық антенна

Сөйтіп, таралған толқынның қуатына шамалас толқын қуаты пайда болады. Тарату қуатындағы эквиваленттік ұтымдылықты санмен бағалау үшін бағыттылық әсер коэффициенті (БӘК) енгізілген. Антенна бойындағы толқын қуаты кеңістікке түгелдей таралмайды. Толқын қуатының біршама бөлігі антенна сымы мен оқшаулағышқа (изоляторға) және антенна бекітілген құрылымға кетеді. Тараған толқын қуатының антенна сымдарына кететін қуатына қатынасын антеннаның пайдалы әсер коэффициенті дейді. Ал БӘК-тің пайдалы әсер коэффициентіне көбейтіндісі күшейту коэффициенті (КК) деп аталады. Кез келген антеннаның бағытталу диаграммасының пішіні, БӘК-і мен пайдалы әсер коэффиенті қабылдау режимінде де, тарату режимінде де бірдей. Ұзын толқында радиохабар таратуда ( Т, Г әріптері тәрізді антенналар қолданылады) толқындық кедергіні азайту үшін антенналарға көлденеңінен және тігінен бірнеше қатар сым қосады. Орта толқында радиохабар қабылдауға рама тәрізді антенна, магниттік антенна, сондай-ақ рама тәрізді антенна мен симметриялы тік вибратордан тұратын композициялық антенна қолданылады. Қысқа толқын таратуға арналған антенналар тарату қашықтығына лайықталып жасалады. Қысқа қашықтықтағы байланыс (бірнеше ондаған км-ге дейінгі) жер бетімен көлбеу таралатын толқын арқылы жүзеге асады. Мұндай қашықтыққа антенна ретінде орта және ұзын толқындарға арналған вибраторларға ұқсас симметриялы емес және симметриялы тік вибраторлар пайдаланылады. Алыс қашықтықтағы байланыс (50 - ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Имитационды модельдеу
Кезекті приоритетті басқару
IP-телефония негізіндегі байланыс орталығының жұмысын талдау
IP-телефония негізінде байланыс орталығының жұмысын талдау
Жабдықтау тізбегін басқару
Корпоративті ақпараттық жүйелер үшін желілік технологиялардың сенімділігін арттыру әдісі
VPN желісінің хаттамалары
Компьютерлік желілердегі ақпараттың қауіпсіздік мәселелері
Ақпаратты қорғау жүйесін жобалау
PON желілер сәулеті
Пәндер