Бауырдың құрылысы


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Бауырдың құрылысы

Бауыр адам организміндегі ең үлкен «без» болып есептеледі. Ол құрсақ қуысының оң жағынды, кеуде пердесінің астында, қабырғаға жақын орналасқан. Бауыр адамның салмағы ересек адамдарда 1300-1800гр шамасында көлемі 25-30, 15-20, 10-15см. Әрине бұлай болу адамның жасында, дене бітіміне байланысты. Бауырды сыртына қарағанда түсі қоңыр-қызғылт, қолмен сипап көргенде жұмсақ, кесіп үстаған іркілдеп тұрады. Қолға ұстап қысқан кезде оп-оңай езіліп кетеді. Бауыр негізінен 2 бөліктен тұрады. Оның оң бөлігі үлкен, ал сол бөлігі кішілеу. Ол ішкі ағзалармен тығыз байланысты.

Бауырдың қабынып ауруы (гепатит ) бауыр ауруларының негізін құрайды. Олар жұқпалы және жұқпайтын болып екіге бөлінеді. Бауырдың жұқпалы қабынуы негізінен вирустардың әсерінен пайда болатын қатаң (А, ВА емес В-да емес вирустардың) түрлерін жұқпалы аурулардың мамандары зерттеп емдейді.

Бауыр- адам ағзасындағы қанды сүзгіден өткізіп, барлық улы заттарды және адам ағзасында жүретін биохимиялық процестердің пайда болатын зиянды заттарды залалсыздандырып, қанның тазалығын қамтамасыз етіп отырады. Дені сау адамда бауыр өзін-өзі тазалауға күші жетеді, бірақ адам ағзасына түсетін токсиндердің мөлшері тым қөп болғандықтан бауыр өз қызметін атқарып үлгермейді. Осылай бауырдың зақымдануы басталады. Адам ағзасына аса зиянды улы заттар қайдан кіретініне тоқтала кететін болсақ, ең бірінші орында арақ, темекі тұрады, бұдан кейін экологиялық факторлар, мысалы: машинаның түтіні, бензин, керосиннің буы сияқты улы, зиянды заттардың тыныс ауа мен өкпе арқылы қанға өтуі, азық-түлік арқылы түрлі консерванттар, тамақ бояулары, жеміс көкөністер арқылы нитраттар мен нитриттер, пестицидтер осылардың бәрі бауырға орасан зор зиян келтіріп, бауыр қанды тазартыпта, өзі тазарыпта үлгермейді. Осылай дұрыс тазармаған қан бүкіл организді аралап, органдарды улай бастайды. Бауырда нерв талшықтары жоқ, сондықтан адам бауырының ауырғанын білмейді. Әбден асқынып шегіне жеткенде ғана бауыр ауырады және қөп жағдайда емдеуге кеш болып жатады. Сондықтан бауырды ауыртпауды ерте бастан ойлап, шаралар қолданған жөн.

Бауырдың атқаратын қызметі

Бауыр - қанды тазартуға және удан арылтуға көмектесетін, дененің құрсақ бөлігіндегі оң жақ қабырғалардың астына орналасқан ішкі мүше.

Бауыр - адам ағзасының химиялық зертханасы. 300 миллиардқа жуық бауырдағы жасушалар қаннан ағзаға қажетті қышқылдар мен қорек болар өнімдерді бөліп алады. Оларды сүзгілеп, қажетті жеріне жеткізіп отырады.

Алкогольді ішімдіктер, вирустар мен майлы (жирный) тағамдар бауырдың қас жауы. Сондықтан ондай заттардан сақ болуымыз қажет.

Бауырдың атқаратын қызметтері:

• ас қорту кезінде мүшелердің қажетті энергиямен, атап айтқанда, глюкозамен қаматамасыз ету және әр түрлі энергия көздерін глюкозаға түрлендіру (айналдыру) ;

• ағзадағы қажетсіз химиялық қалдықтарды ағзадан шығарып тастау;

• ағзадағы қан жасау немесе жаңарту кезінде қан плазмасындағы ақуыздарды синтездеу;

• холестерин мен оның эфирін синтездеу, липидтер мен фосфолипидтерді синтездеу және ағзадағы липид алмасуын реттеу;

• он екі елі ішек пен аш ішектің кейбір бөлігіндегі ас қорту процесіне қатысатын гормондар мен ферменттерді синтездеу;

• Өт қышқылы мен пигменттерін синтездеу;

• Кейбір дәрумендердің қорын толтырып отыру және сақтау. Мысалы, майларды ерітетін А және Д дәрумендерін, суды ерітетін В12 дәрумендерін сақтап, қорын арттыру. Сондай-ақ, катиондардың қоры да бауырда болады

Бауыр адам ағзасында зат алмасу үдерісіне қатысады. Онда ас қорыту сөлдерінің бірі- өт түзіледі. Бауырдың көк етке жанасып жатқан жоғары дөңес, ішкі беттері бар. Бауырдың бетінің ортасындағы көлденең ойық- бауыр қақпасы деп аталады. Сол арқылы бауырға артерия, қақпалық вена тамырлары, жүйке талшықтары өтіп тұр. Ал одан лимфа тамырлары мен өт түгінің шығатыны белгілі. Адам ағзасындағы бауырдың қорғаныш қызметі де өте жоғары. Тамақтың құрамында болған зиянды заттар ішекте сіңіріліп, белогтың алмасуы нәтижесінде қанның құрамында улы өнімдер түзілсе бұлар бауырда залалсыздандырылады. Лимфа түзілуінде, қан ұюын реттеуде де бауырдың атқаратын қызметі зор. Бауыр қанның тұрақты құрамының сақталуына да қатысады. Қанмен келген амин қышқылдарынан бауырда белогтар, глюкоза, фруктоза, глицерин, май қышқылы түзіліп, қандағы көмірсулар бауырда глткогенге айналадаы. Бауырдағы зат алмасу үдерістері әр түрлі ферменттердің қатысуымен жүрсе, оны жүйке жүйесімен түрі гармондар реттеп отырады, - дейді дәрігерлер. Бауыр- адам ағзасындағы қанды сүзгіден өткізіп, барлық улы заттарды және адам ағзасында жүретін биохимиялық процестердің пайда болатын зиянды заттарды залалсыздандырып, қанның тазалығын қамтамасыз етіп отырады. Дені сау адамда бауыр өзін-өзі тазалауға күші жетеді, бірақ адам ағзасына түсетін токсиндердің мөлшері тым қөп болғандықтан бауыр өз қызметін атқарып үлгермейді. Осылай бауырдың зақымдануы басталады. Адам ағзасына аса зиянды улы заттар қайдан кіретініне тоқтала кететін болсақ, ең бірінші орында арақ, темекі тұрады, бұдан кейін экологиялық факторлар, мысалы: машинаның түтіні, бензин, керосиннің буы сияқты улы, зиянды заттардың тыныс ауа мен өкпе арқылы қанға өтуі, азық-түлік арқылы түрлі консерванттар, тамақ бояулары, жеміс көкөністер арқылы нитраттар мен нитриттер, пестицидтер осылардың бәрі бауырға орасан зор зиян келтіріп, бауыр қанды тазартыпта, өзі тазарыпта үлгермейді. Осылай дұрыс тазармаған қан бүкіл организді аралап, органдарды улай бастайды. Бауырда нерв талшықтары жоқ, сондықтан адам бауырының ауырғанын білмейді. Әбден асқынып шегіне жеткенде ғана бауыр ауырады және қөп жағдайда емдеуге кеш болып жатады. Сондықтан бауырды ауыртпауды ерте бастан ойлап, шаралар қолданған жөн.

Бауыр ауруының түрлері:

  1. Гепатоз- тұқым қуалайтын және жүре пайда болатын ауру. Ол негізінен зат алмасудың дұрыс жүрмеуінен пайда болады. Гепатозбен ауырған кезде ағзадағы ақуыз бен амин қышқылдары, майлар, көмірсулар, пигменттер немесе минералдардың алмасуы бұзылады. Бұл аурудың соңы циррозға алып келеді.
  2. Гепотит-бауырдың қабынуы болып табылады. Гепотит бірден бауырда басталады. Оның жедел және созылмалы түрі бар. Сонымен қатар вирустық және алкогольдік түрі де кездеседі.

Вирустық гепотит- бауыр мен асқазан- ішек жолдарын вирус зақымдайды.

Алкогольдік гепотит- алкогольдің бауырға уыты әсерінен дамитын сырқат. Оның жедел және созылмалы түрлері бар. Мұның соңы да циррозбен аяқталады.

  1. Бауыр циррозы-созылмалы сырқат. Бұл кезде бауыр тыртықтанып, бүрісіп, қалыпты құрылысынан тайып, біртіндеп қызметінің жеткіліксіздігі байқалады.

Бауыр ауруына қарсы емдер.

Бауыры ауыратын адамдарға көптеген тағамдардан бас тартуға тура келеді. Атап айтқанда қара бидайдан пісірілген нан, қатты ірімшік, жұмыртқаның сарысы бұларды барлығы бауырға өте ауыр және қоратылуы да қиын. Сонадай-ақ майлы ет өнімдері шошқа еті, қой еті, үйрек еті және майлы балықтар. Оның ішінде кептірілген балықтар мен тұздалған балық түрлерін айта кету керек. Сонымен қатар шоколад, какао, кондитерлік өнімдер мен майлы кремдер тұтынуға мүлдем болмайды.

Бауырдың қатерлі ісігінде

Бауырда қатерлі ісігі бар адамның ерекше күтініп жүргені жөн. Өйткені күйзеліс, қатты шаршау, ұрыс-керіс сыңды жүйкеге, ағзаға жа-ғымсыз салмақ түсіретін жайттар дертті асқындырып, ісік-ті қатерлі түріне айналдыруы
мүмкін. Денсаулығын ойла-ған адам ісік кішкентай кезінде тезірек маман дәрігерге қаралып, тиісті ем-домын үзбей алуы керек. Бұл жерде дәрігердің айтқанын бұлжытпай орындау өте маңыз-ды. Ал операциядан қорықпау керек. Дәрігерлер науқастың бауыр тінінің кішкене бөлігін алып, тексеріп көреді. Сөйтіп, қауіпті ісіктің клеткаларын анықтайды. Науқастың қалай және қанша уақыт емделуі керектігі соған байланысты шешіледі. Дәрілерді дер кезінде қабылдаса ісік клеткалары өсуін тоқтатады. Егер ісік бауырда болса оны отамен алып тастауға қорықпаса да болады. Себебі бауыр қайтадан қалпына келеді.

Шылымның бауырға зияны

Шылым шегетін адамның ағзасына никотин смолаларымен бірге құрамында стронций элементінің ми, жүрек, қан қызметінің бұзылуына тікелей әсер ететін тұздары баратынын мәлім. Қытай зерттеушілерінің соңғы отыз жылда жүргізген ғылыми жұмыстарының нәтижесінде шылым шегетін адамның бауыры шылым шекпейтін адамға қарағанда жеті есе артық қызмет атқаратыны анықталып отыр. Яғни, бұл бауыр қызметінің мүмкіндігін жеті есе қысқартады деген сөз. Олай болса, шылым шегіп, бауырыңызды зақымдап, өмір жасыңызды қысқартқы-ңыз келмесе, темекіден аулақ жүріңіз.

Бауырға пайдалы жеміс-жидек, тағамдар

Шомыр

Адам бауыр циррозымен ауырғанда оған әртүрлі дәрідәрмектердің шипа болмауы мүмкін. Мұндай жағдайда халық медицинасы шомырды емге қолдануға кеңес береді. Өйткені, бауыр циррозы мен холесциститке (өт жолы кеселі) кәдімгі шомыр - тұрып деп те аталады (редька) - өте-мөте пайдалы. Ол өт пен асқазан шырынының бөлінуін реттеп, ас қорытуды оңдайды.

Алайда, жүрегі мен ұлта-бары ауырып, асқазанда жоғары қышқылды гастриті, жарасы барларға жақпайды. Сондықтан бауыр циррозына басқадай дәрілік өсімдіктерді де қолдана береді.

Дайындау тәсілі: 10 г қо-сүйлі (аталық және аналық) қалақай жапырағы, 20 г итмұрын (шиповник), 20 г би-
дайық (пырей) тамыры қосындысының 1 ас қасығын 1 стақан суға салып, 10-15 минут қайнатады. 10 минут-тен кейін сүзеді. Кеселден айыққанша күн сайын 1 стақаннан 2 мезгіл ішеді.

Бал

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Гиперхолестеринемия және оның себептері. Өт - mac ауруының пайда болу механизмі
Ас қорыту жүйесінің ағзалары
Ас қорыту жүйесінің жалпы анатомиясы мен дамуы
Асқорыту жүйесінің филогенезі
Ірі қара,ұсақ малдардың бауырын тексеру туралы
Бауыр аурулары
Іле өзенінің төменгі атырауының кәсіптік балық түрлерінің популяциясының құрылымы
Қанның сілтілік қорын, қышқылдық сиымдылығын және қан сарысуындағы катинды анықтау жайлы
Жатырдағы төлдің қан айналым ерекшеліктері
Биологиялық химия пәнінен тәжірибелік жұмыстар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz