Еріткіштерге қойылатын қауіпсіздік талаптары


Еріткіштер - әр түрлі заттарды ерітіп ерітінділер түзуге қабілетті химиялық қосылыстар, жеке органикалық қосылыстар немесе олардың қоспалары.
Еріткіштер деп, әдетте, сұйық күйдегі құрамдас бөлікті, ал құрамдас бөліктердің барлығы сұйық болса, онда концентрациясы жоғары бөлікті айтады. Еріткіштерді бейорганикалық еріткіштер және органикалық еріткіштер деп екі топқа бөледі. Маңызды бейорганикалық еріткіштерге су, ал органикалық еріткіштерге спирт, эфир, кетондар және олардың қосылыстары жатады. Органикалық еріткіштердің көбісі өте ұшқыш, улы болады. Сонымен қатар еріткіштерді полюсті және полюссіз, төмен және жоғары температурада қайнайтын, т. б. деп ажыратады. Техникалық мақсат үшін пайдаланылатын еріткіштердің тығыздығы, тұтқырлығы, улылығы, т. б. сипаттамалары маңызды. Еріткіштердің аталған сипаттамаларын арттыру үшін, көбінесе, басқа еріткіштермен қоспа түрінде пайдаланады. Еріткіштерді химиялық реакция жүргізетін орта ретінде пайдаланудың маңызы зор. Еріткіштер әрекеттесетін молекулалар арасында (көп реакциялар тек еріткіштерде жүреді) байланыс тудырып, гомогенді орта түзіп қана қоймай, хим. реакциялардың тепе-теңдік константасы мен жылдамдығына әсер етеді. Органикалық еріткіштер бояу, жасанды талшық, желім, т. б. заттар өндіруде қолданылады.
Әр зат бір затқа еріткіш болып келеді. Алайда, тәжірибе жүзінде еріткіштерге тек белгілі қасиеті бар заттарды жатқызады:
1) Сақтауға қолайлы болуы тиіс;
2) Жоғары еріткіш қасиеті болу керек;
3) Арзан және жалпы қолданысқа ыңғайлы болуы тиіс;
4) Иісі мен дәмі жағымсыз болмауы керек;
5) Өртке қауіпті және ұшпалу болмауы керек;
6) микрооганизмдердің даму ортасы болмауы керек.
Еріткіштерге қойылатын қауіпсіздік талаптары.
Көптеген еріткіштер физиологиялық белсенді және органикалық өртенгіш, атылғыш болып келеді.
Хош иісті көмірсілар, аминдер, кетондар концентрация кезінде байыпты улануға және неше түрлі тері ауруларын әкеліп соғады (дерматит, ісік) . Сондықтан еріткіштермен жұмыс жасау барысында техникалық қауіпсіздіктерді қатаң ұстау керек.
Органикалық және бейорганикалық еріткіштер.
Бейорганикалық ерітінділерге: суды жатқызамыз, ол табиғатта ең кең тараған еріткіш, сұйық аммиак - метал ерітетін жақсы еріткіш. Органикалық еріткіштерді маңызы өте зор. Олар көмірсулар, спирттер, жай және күрделі эфирлер, кетондар. Табиғатына қарай еріткіштер сулы және сулы емес болып бөлінеді.
Сулы емес еріткіштер
Суда ерімейтін немесе баяу еритін заттардан ерітінді алу үшін сулы емес еріткіш қолданылады. Тәжірибеде жиі кездесетіндер:
а) өсімдік майлары (миндаль және персик) ;
ә) жай және күрделі эфирлер (этилолеат) ;
б) біратомды және көпатомды спирттер (этанол 2-30%-ды, поливинол, сорбит, маннит) ;
в) амидтер (диметиламид, бета-оксиэтиллактамид) ;
г) сульфоксидтер және сульфон (диметилсульфоксид, сульфолан) .
Олардың басымдылығы дәрілік формада әртүрлі заттармен қоспалы және ерігіштігі болып келеді. Сулы еріткіштерге қарағанда, сулы емес еріткіштерді дайындау жеңіл және сақтауға қолайлы болып келеді. Сулы емес еріткіштердің сапасы оларды физикалық-химиялық құрамына байланысты.
Ұшпалы еріткіштер
Медициналық эфир - түссіз, тез ұшпалы, өзіне тән иісі мен дәмі бар сұйықтық. Спиртпен, эфир майларымен жақсы араласады. Эфирді еріткіш ретінде қолдануда қауіпсіздік шараларын қатаң ұстау керек, өйткені ол тез өртенгіш және атылғыш болып келеді.
Хлороформ - түссіз, тұнық, ауыр ұшпалы сұйықтық. Оның өзіне тән иісі мен тәтті дәмі болады. Сусыз спиртпен, эфирмен, бензинмен араласады. Суда аз ерігіш болып келеді (1:200) . Тығыздығы 1, 474 - 1, 483. Қайнау температурасы +59 - 62 'С. Жарықта баяу бөлшектеніп сутегі хлориді мен фосген бөліп шығарады. Хлороформды тығыз жабылған ыдыстарда сақтайды. Тысқы қолданыстағы дәрілік формаларда қолданылады.
Этил спирті крахмалы бар шикізаттардың ашуы кезінде пайда болады, негізінен картоп пен бидай. Әр түрлі технологиялық тазартулардан өткеннен кейін спирттін керекті түрін алады.
Таза этил спирті тұнық, өзіне тән иісі мен күйдіргі дәмі бар сұйықтық. Ол ұшпалы, тез өртенгіш болып келеді. Этил спирті көптеген дәрілік заттарға жақсы еріткіш болып табылады - эфир майлары, органикалық қышқылдар, смола, йод, және басқа еріткіштермен жақсы араласады - сумен, глицеринмен, флороформмен және т. б.
Спиртті сумен араластырғанда қызу және мөлшері азайғанын байқауға болады. Еріткіш ретінде этил спиртін фармацевтикалық технологияда тысқы және ішкі дәрілер жасауда, кейде инъекциялық дәрілер жасауда қолданылады.
Спирттің еріткіш ретіде сипаты
Суға қарағанда торлардан қиын өтеді, спирттің концентрациясы аз болса торлардың арасынан тез өтеді. Спирт өртенгіш.
Ұшпайтын еріткіштер
Вазелин майы, сұйық парафин (Oleum vaselini, Paraffinum liquidum)
Вазелин майы, сұйық парафин - түссіз, иіссіз, дәмсіз жабысқақ сұйықтық. Вазелин майы суда және спиртте ерімейді. Хлороформмен, майлы майлармен, касторовый майдан басқасымен жақсы араласады. Вазелин майын шыны ыдыста, күн түспейтін жерде сақталады.
Глицерин (Glycerinum)
Медициналық тәжірибеде глицерин 12-16% су қоспасымен қолданылады. Ол түссіз, иіссіз, тәтті дәмі бар, жабысқақ сұйықтық. Глицеринді тығыз жабылатын ыдыста сақтайды.
Диметилсульфоксид, димексид, ДМСО (Dimethyl sulfo-xidum, Dimexidum, DMSO)
Әдетте олар түссіз әлсіз иісі ащы дәмі бар сұйықтық. Оны бөлме температурасында тығыз жабылған ыдыста күн түспейтін жерде сақтау керек.
Майлы майлар (Olea pinguia)
Майлы ерітінділер, майлы майлар жақсы еріткіштер, құлақ дәрілерінде кеің қолданылады. Оларды тығыз жабылған шыны және металл ыдыстарда сақтайды.
Сулы еріткіштер
Су ең арзан еріткіш.
Басқа еріткіштер
Метил спирті. Иісі этил спиртіне ұқсас. Күшті у: 15-20 мл өлтіреді. Сумен арластырылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz