Әл Фарабидің философиялық мұрасы


Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Әл Фарабидің философиялық мұрасында оның қоғам мен мемлекет туралы көзқарастары маңызды орын алады. Платон мен Аристотельдің ілімдерін жалғастырушы ол саясаттан тыс, қоғамдық өмірдің құбылыстарына немқұрайлы қарайтын ойшыл емес еді. Жетілген қоғам қандай болуы тиіс және осындай қоғамды құрып, сақтауға адамдарды қандай тәрбие арқылы дайындау қажет деген сұрақтар қатты мазалады.

Әл Фарабидің әлеуметтік-этикалық ілімі дүниеге келгеннен бері көптеген ғасырлар өтсе де, оның идеялары әлі күнге дейін құндылығын жойған жоқ және қазіргі заманғы қоғам үшін аса маңызды.

Аристотель сияқты, әл Фарабидің де басты ойы - адам табиғатынан қоғамдық мақұлық және басқа адамдармен қауымдасып, ұжымда ғана өмір сүре алады. Оның пікірі бойынша, азаматтардың қажеттіліктері әртүрлі, ал әрбір жеке адамның осы қажеттіліктерді қанағаттандыруға қабілеті шектеулі: «Әрбір адам табиғатынан өзінің өмір сүруі және ең жоғары жетілгендікке жетуі үшін оған көптеген заттар қажет болып жаратылған. Бірақ бұл заттарды ол жалғыз өзі жасай алмайды және оларға жету үшін оның әрбір мүшесі адамға қажет болып отырған қандай да бір затты жеке жеткізіп отыратын адамдар қауымдастығы қажет болады. Бұл қауымдастықтың әрбір мүшесі адамға қажет болып отырған қандай да бір затты жеке жеткізіп отырады». Яғни, өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін адам басқалардың көмегіне жүгінуге мәжбүр. Осылайша, әл Фараби адамның өмірлік мұқтаждықтары оның бойында араласуға ұмтылысты қалыптастырады деп түйіндейді. Бұл пікір қазақтың «адамның күні адаммен» деген дана сөзін еске алады.

Бірақ, адамдар бірлестігі жетілген де, жетілмеген де болуы мүмкін. Бұл мәселені әл Фараби «Ізгілікті қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат» еңбегінде қарастырады.

Әл Фарабидің пікірінше, ең зор игілік пен ең жоғары жетілгендікке бірінші болып жететін - жетілгендіктің төмен сатысында тұрған қоғам емес, қала. Төмен сатыдағы қоғамға мекен, квартал, көше және үй жатады. Жетілген қоғамдардың Әл Фараби қатаң логикалық реттілікпен сызып берген бұл жүйесі - ғалымның логикалық ойының нәтижесі, ол жалпы мен жеке ұғымдарының арақатынасынан туындайды.

Сонымен, әл Фараби қоғамның ең жетілген формасы деп қаланы атайды. Ол қала терминін қазіргі заманғы мағынасында - әкімшілік-территориялық бірлікті - ғана емес, мемлекет пен қоғамның әлеуметтік топтарын бейнелеу үшін де қолданады.

Әл Фарабидің әлеуметтік-этикалық ілімінде адамдар онда шын бақытқа жететін ізгілікті қала идеясы маңызды орын алады.

Адамдар бір мақсатқа біріктірілген идеалды, мінсіз қоғам құру - адамзаттың ұлы өкілдерінің ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі арманы. Олардың қатарына қазақ ойшылдарын да жатқызуға болады. Шоқан Уәлиханов алғашқы дала философы деп атаған Асан Қайғының идеяларын бөліп көрсетейік. Қазақтардың болашақ мемлекеті мекендейтін ең жақсы жерді іздеген Асан жыраудың есіміне оның терең ойлары мен толғаныстары үшін «Қайғы» сөзі жалғанды. Оның «Жерұйық» идеясы уақыт өте тәуелсіз Қазақ хандығын құрудың негізі болғанын атап айту қажет.

«Жерұйық» - қазақ халқы аңсаған мекен. Жер ұғымы қазақ үшін басты ұғымдардың бірі болғаны түсіндіруді қажет етпейді. Асан Қайғы қазақ халқы өзіне еш пайда әкелмейтін руға, жүзге бөлінуінен, теріс қасиеттерінен арылып, өзінің атамекенінде біріксе, біртұтас, тату-тәтті, бақытты мекен -ұйыққа айналса дап армандады. Қазақ халқының ынтымақтығы мен бірлігі, бақытты өмірі туралы оның идеялары әл Фарабидің ізгілікті қала идеясымен өте үндес. «Жерұйық» және «Ізгілікті қала» дана идеяларының логикалық жалғасы - еліміздің Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің Қазақстан халқына арнаған «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында ұсынған «Мәңгілік ел» идеясы.

Надан қала тұрғындарының әл-Фарабидің пікірі бойынша, шын бақыт туралы түсінігі жоқ және оған жету жолдарын білмейді. Олар игіліктердің бәрінің арасынан игілік болып көрінетіндерді ғана біледі.

Азған қала бақыт, Ұлы және Құдіретті Алланы, әрекетті ақыл-ойды және екінші жаратылғандарды, яғни ізгілікті қаланың тұрғындарын біле алатындарды біледі, бірақ оның тұрғындарының істері надан қала тұрғындарының істерімен бірдей.

Адасқан қала деп әл-Фарби тұрғындары бақыт осы өмірден кейін болады дейтін қаланы айтады. Ол бұл тұрғындардың Құдай, болмыс, бақыт туралы түсініктерінің бұзылғандығы соншалық, олар діннің қағидаларына негіз бола алмайды дейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әл-Фараби мұрасы: білім-ғылым, тәрбие берудегі өзекті мәселелер
Философские трактаты
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ РУХАНИ МӘДЕНИЕТІ
Ұлы ғалымның өмірі мен ғылыми ортасы (Әл-Фараби)
Фараби және оның шәкірттері ғылым мен мәдениетті дамудағы орнын анықтау, ғылым мұраларын мұқият зерттеу өте үлкен маңызды жұмыс
Әл - Фарабидің философиялық ойларының мәні
Әл-Фарабидің рухани мұрасы
Фарабидің педагогикалық идеяларының оның математикалық және жаратылыстану ғылыми еңбектерінде қолданылуы және жүзеге асырылуы
Ғұлама Әбу Насыр әл-Фарабиді зерттеген шетелдік және отандық ғалымдар туралы
Абай сөзі - қазақтың бойтұмары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz