Әл Фарабидің бақытқа ұмтылу және оған жету жолдарын іздеуге негізделген идеялары



1 әл Фарабидің ізгілікті қала концепциясы
2 «Al.Farabi university smart city»
Әл Фарабидің бақытқа ұмтылу және оған жету жолдарын іздеуге негізделген идеялары қай заманда да өзекті. Өзінің эволюциялық дамуының әрбір кезеңінде қоғам адамдардың бір-бірімен және оларды қоршаған табиғатпен өзара байланысына ұмтылады. Әл Фарабидің гуманистік мәдениеттің терең тамырлары мен бастаулары болып табылатын адамгершілік жетілу философиясының басты қағидаларына бүгінгі күні назар аударуымыздың себебі де осы. Біздің міндетіміз – қоғамды ұлы түркі ойшылы Әбу Нәсір әл Фарабидің негізгі философиялық және ғылыми көзқарастарымен таныстыру ғана емес. Ұлы ғалым ұсынған ізгілік, әділеттілік, ақиқат және әдемілік идеалдарын нақты өмірде жүзеге асыра білу аса маңызды.
Осы оқу құралының әл Фарабидің ізгілікті қала концепциясына негізделген «Al-Farabi university smart city» моделіне арналған тараумен аяқталуы кездейсоқ емес. Университеттер ғасырлар бойы өздерінің шәкірттеріне білім берумен қатар, олардың бойында жоғары руханилықты тәрбиеледі, өз дәуірлерінің нағыз азаматтарын қалыптастырды.

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Әл Фарабидің бақытқа ұмтылу және оған жету жолдарын іздеуге негізделген идеялары қай заманда да өзекті. Өзінің эволюциялық дамуының әрбір кезеңінде қоғам адамдардың бір-бірімен және оларды қоршаған табиғатпен өзара байланысына ұмтылады. Әл Фарабидің гуманистік мәдениеттің терең тамырлары мен бастаулары болып табылатын адамгершілік жетілу философиясының басты қағидаларына бүгінгі күні назар аударуымыздың себебі де осы. Біздің міндетіміз - қоғамды ұлы түркі ойшылы Әбу Нәсір әл Фарабидің негізгі философиялық және ғылыми көзқарастарымен таныстыру ғана емес. Ұлы ғалым ұсынған ізгілік, әділеттілік, ақиқат және әдемілік идеалдарын нақты өмірде жүзеге асыра білу аса маңызды.
Осы оқу құралының әл Фарабидің ізгілікті қала концепциясына негізделген Al-Farabi university smart city моделіне арналған тараумен аяқталуы кездейсоқ емес. Университеттер ғасырлар бойы өздерінің шәкірттеріне білім берумен қатар, олардың бойында жоғары руханилықты тәрбиеледі, өз дәуірлерінің нағыз азаматтарын қалыптастырды.

Смарт-білім беру, смарт-кітапхана, смарт-кампустер және тағы басқаларды дамыту бойынша жеке бағдарламаларды ендіруге кіріскен университеттер санының өсуі смарт-технологиялардың қоғам өміріндегі шешуші маңыздылығының дәлелі. Бірақ, көбіне техниканы қолданумен байланысты смарт-тенденциялардың айқын басымдылығымен қатар, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен рухани-адамгершілік саланың даму деңгейлерінің арасында алшақтық байқалады. Барлық смарт-жобаларда ғылым мен техника жетістіктерінің көмегімен өмір сүруге жайлы жағдайлар жасаумен байланыстырылған біржақты түсінік басым. Яғни, smart city ұғымы өте тар мағынада - адам өмірінің сапасын ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы қамтамасыз ету - мағынасында түсінілген болып шығады. Бұл түсінік бойынша тұрғын үй-коммуналдық саласы, инфрақұрылымдық жүйелерді үнемді және экологиялық тұрғыдан қолдану, инновациялық технологияларды пайдалану арқылы қазіргі заманғы мәселелерді шешу мәселелеріне басты назар аударылады.

Алдыңғы қатарлы технологияларды енгізудің айқын байқалып отырған жағымды нәтижелерімен қатар, олар белгілі бір аксиологиялық мәселелерді де туындататынын атап өту қажет. Бір жағынан алғанда, қазіргі заманғы технологиялар еңбектің сипатын, өмір сүру салтын, ойлау үлгісін өзгерту арқылы адамның шығармашылық мүмкіндіктерін, өзін танытудың және қоршаған ортамен арақатынастарының шекараларын кеңейтеді. Екінші жағынан, жаңа технологиялар қоғам дамуының басым факторына айналып, өздерінің даму қарқыны бойынша адамның рухани-адамгершілік жетілуі деңгейінен асып түсіп отыр. Қоғамның адамгершілік деңгейінің оның техникалық даму деңгейіне сәйкес келмеуі - ерте ме, кеш пе - адамзатты күйретеді. Сол себепті, қалыптасқан жағдай қоғам дамуының қазіргі заманғы тенденцияларына сай келетін құндылықтық-адамгершілік саланы қалыптастырудың жаңа түрін қажет етеді.

Осы мәселені саналы түсіну - ұлы ойшыл әл Фарабидің аты берілген университеттің Al-Farabi university smart city ғылыми-инновациялық жобаны жасауына негіз болды. Осы жобаның идеялық негізі - кемеңгер ғалым сипаттаған ізгілік қаласы. Әмбебап рухани құндылықтар мен ең жақсы өмірге жету мақсатында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Абай, Ыбырай, Әл-Фараби тағы басқа ұлы адамдардың адамгершілік тәрбиесі туралы пікірлері
Абай сөзі - қазақтың бойтұмары
Адам табиғаттың тамаша туындысы (Әл-Фараби дүниетанымындағы адам мәселесі)
Адам табиғаттың тамаша туындысы
Фараби философиясында таным мен болмыс немесе таным арқылы бар болу тең ұғым
. Әл-Фараби жайлы
Зар заман философиясы
Қазақ философиясының тарихи ерекшеліктері
Әл – Фарабидің көзқарастарының қалыптасуының әлеуметтік және идеялық алғышарттары
Қайырымды қала тұрғындары
Пәндер