Олигосахаридтер



1 Олигосахаридтер номенклатурасы.
2 Гетероолигосахаридтер
Олигосахаридтер дегеніміз құрамында 2-ден 10-ға дейін моносахарид мүшелері бар молекуланы атаймыз.
Олигосахаридтер өсімдік жəне жануарлар ағзасында бос жəне байланған түрде кеңінен таралған. Олардың біреулері биосинтездің соңғы өнімі есебінде өмірде маңызды орын алады (мысалы, лактоза), басқалары биосинтез кезіндегі орталық өнімдер болып есептеледі (мысалы полисахаридтер гидролизі – мальтоза, целлобиоза).
Гликозидтенген табиғи фенолды қосылыстар ағзадағы зат алмасу процесіне белсенді қатысады. Олигосахаридтер жəне полисахаридтер гидролиз кезінде моносахаридтерге дейін ыдырайды.
Молекулалық массасына қарай күрделі қанттар екіге бөлінеді: олигосахаридтер жəне полисахаридтер. Олигосахаридтер тотығатын жəне тотықпайтын болып екіге бөлінеді.
Олигосахаридтер суда жақсы ериді, жақсы кристалданады, тəтті дəмі бар, көмірсулардан тыс компоненттер болмайды.

Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Олигосахаридтер дегеніміз құрамында 2-ден 10-ға дейін моносахарид мүшелері бар молекуланы атаймыз.
Олигосахаридтер өсімдік жəне жануарлар ағзасында бос жəне байланған түрде кеңінен таралған. Олардың біреулері биосинтездің соңғы өнімі есебінде өмірде маңызды орын алады (мысалы, лактоза), басқалары биосинтез кезіндегі орталық өнімдер болып есептеледі (мысалы полисахаридтер гидролизі - мальтоза, целлобиоза).
Гликозидтенген табиғи фенолды қосылыстар ағзадағы зат алмасу процесіне белсенді қатысады. Олигосахаридтер жəне полисахаридтер гидролиз кезінде моносахаридтерге дейін ыдырайды.
Молекулалық массасына қарай күрделі қанттар екіге бөлінеді: олигосахаридтер жəне полисахаридтер. Олигосахаридтер тотығатын жəне тотықпайтын болып екіге бөлінеді.
Олигосахаридтер суда жақсы ериді, жақсы кристалданады, тəтті дəмі бар, көмірсулардан тыс компоненттер болмайды.
Олигосахарид құрамына кіретін моносахаридтер санына қарай: дисахаридтер-биозидтер, трисахаридтер - триозидтер, тетрасахаридтер - тетрозидтер, т.б. деп аталады. Биозидтер қарапайым олигосахаридтерге жатады. Фелинг сұйығына (7%-ды мыс купоросының ерітіндісі жəне 34,6% калий-натрий тартратының 10%-ды натрий гидроксидіндегі ерітіндісінің тең көлемдегі қоспасы) олигосахаридтерді тотығатын жəне тотықпайтын қанттарға бөледі.
Олигосахаридтер күрделі қанттар түзу үшін конденсация кезінде бір гликозидті жəне бір спиртті гидрокси топтардан суды кетіру нəтижесінде пайда болатын олигосахаридті тотығатын олигосахарид дейміз. Бұл олигосахаридте екінші моносахаридтегі гликозидті гидроксил бос, сол тотыға алады.
Олигосахаридтер күрделі қанттар түзу үшін конденсация кезінде екі моносахаридтің гликозидті гидрокси топтарынан суды кетіру нəтижесінде пайда болатын олигосахаридті тотықпайтын олигосахарид дейміз. Бұл олигосахаридте тотыға алатын бос гликозидті гидроксил жоқ.

Қазіргі кезде табиғи шикізат көзінен бөлінген, полисахаридтердің ыдырауынан алынған жəне табиғи гликозидтерден табылған олигосахаридтер саны 350-ден асады.

Кең таралған қарапайым олигосахаридтер: жəй моносахаридтерден, жəй моносахарид жəне аминқанттардан, аминқанттар жəне урон қышқылдардан, жəй моносахарид жəне урон қышқылдардан тұрады. Өсімдікте жиі кездесетін биоза - рутиноза (6-(α-L-рамнопиранозидо)-β-D-глюкоф ураноза), генциобиоза, изорутиноза (6-(α-L-рамнопиранозидо)- α -D-глюкопираноза).

Мысалы, жантақтың қырғыздық түрінен Г.Ш. Бурашева, М.М. Мухамедьярова көптеген биозидтер түрлерін анықтаған, олар моносахаридтің сақина мөлшерімен немесе аномерлі орта конфигурациясымен ғана бір-бірінен ажыратылатын:
- 6 - (β-D -глюкопиранозил)-β-D-глюкопираноза) ;
- 2 - (β-D -глюкопиранозил)-β-D-глюкопираноза) ;

- 6 - (β-D -глюкопиранозил)-β-D-глюкофураноза) ;
- 6 - (β-D -галактопиранозил)-β-D-галакофурано за);
- 6 - (α-L-рамнопиранозил)-β-D-галактофур аноза);
- 2 - (β-D -глюкопиранозил)-α-L-рамнофураноза) .
Олигосахаридтер номенклатурасы.
Тотықсызданбайтын олигосахаридтер үшін атаудың соңы пиранозид немесе фуранозид деп аяқталады. Мысалы, сахароза - 2-О-(α-D-глюкопиранозил)-β-D-фрукто фуранозид немесе ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көмірсудың қызметі
Олиго- және полисахаридтер, құрылысы, қасиеттері
Көмірсулар. Биологиялық маңызы, қызметі, жіктелуі. Физика-химиялық қасиеті
Гетерополисахаридтер алмасуына қатысатын ферменттер
Көмірсулар метаболизмі
Көмірсулардың классификациясы. анықтау әдістері, олардың мәні
Жануарлар ұлпасының негізгі көмірсулары, олардың құрылысы және биологиялық рөлі
Көмірсулар биосинтезі
Моносахаридтер немесе жай қанттар
Пробиотиктер, пребиотиктер және симбиотиктер
Пәндер