Ежелгі Грекия медецнинасы. Гиппократ. Гиппократ жинағы



І.Кіріспе

ІІ.Негізгі бөлім
1. Грецияның тарихы
2. Ежелгі Грекияда медицинаның дамуы жағдайы.
3. Гиппократ және оның жинағы.

ІІІ.Қорытынды

ІV.Пайдаланған әдебиеттер
Көне дүние мемлекеттері Греция және Ежелгі Рим халықтары жерорта теңізі жағадауларын мекендеген. Тарихи және дәрілік көздері ескерткіштерден, археология мәліметтерінен, этнографиядан алынған. Грек мифологиясының бастамасы Эгей теңізі бассейіні халықтарының мыңжылдық тарихында жатыр. Грек тілдік дәстүрлері б.з.д. II мыңжылдықта өте жоғары дәрежеде гүлдене түсті.
Эллада б.з.д. V ғ. Асклепия емдеуші құдай ретінде танылды. Ол Трояндық соғыс кезінде дарынды дәрігершілік жасаған Рессали хан мен жанұялық дәрігершілік мектептің басшысы Асклепий болуы мүмкін деген болжамдар айтады. Грек мифологиясында Асклепий –Апполон, күн сәулесі, ән мен поэзия және құдайлар емшісі және емшілері құдайдың баласы. Аңыз бойынша Асклепийді әкесі өлім аузында жатқан анасының құрсағынан Апполонды кесіп алған. Оған дәрігершілікті әкесі тәрбиелеуге тапсырған Кентров Хирон үйреткен. Уақыт өте келе ол өзінің ұстазына өзінің науқастарды емдеп қана қоймай, өлгендерді де тірілте алатын болды. Ол Кос билеушісінің қызына үйленеді, кейін осы қала Ежелгі Грецияның медицина білімінің орталағының бірі болып есептелінеді. Осы жерде асклепидтер тегі дамыды. Кос аралда туылған Гиппократта өзін оның ұрпағымын деп санаған. Асклепийдің балаларының ішінде: Гигиея – денсаулық құдайы, барлығын емдеуші.
1. Биғалиева Р.К. Бүкіл әлемдік медецина тарихы. – Алматы, 2004ж.
2. Алиева М.А., Нұрмұханбетұызы Р. Қазақстан медецина тарихы. – Алматы, 2003ж.
3. www.google.kz
4. Сорокина Т.С. “История медицина”,1994 ж.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Академия

СӨЖ

Тақырыбы: Ежелгі Грекия медецнинасы. Гиппократ.
Гиппократ жинағы.

Орындаған: Қазыхан Абылайхан

Тексерген: _________________

Жоспар:

І.Кіріспе

ІІ.Негізгі бөлім
1. Грецияның тарихы
2. Ежелгі Грекияда медицинаның дамуы жағдайы.
3. Гиппократ және оның жинағы.

ІІІ.Қорытынды

ІV.Пайдаланған әдебиеттер

Греция медицинасы
Көне дүние мемлекеттері Греция және Ежелгі Рим халықтары жерорта теңізі жағадауларын мекендеген. Тарихи және дәрілік көздері ескерткіштерден, археология мәліметтерінен, этнографиядан алынған. Грек мифологиясының бастамасы Эгей теңізі бассейіні халықтарының мыңжылдық тарихында жатыр. Грек тілдік дәстүрлері б.з.д. II мыңжылдықта өте жоғары дәрежеде гүлдене түсті.
Эллада б.з.д. V ғ. Асклепия емдеуші құдай ретінде танылды. Ол Трояндық соғыс кезінде дарынды дәрігершілік жасаған Рессали хан мен жанұялық дәрігершілік мектептің басшысы Асклепий болуы мүмкін деген болжамдар айтады. Грек мифологиясында Асклепий - Апполон, күн сәулесі, ән мен поэзия және құдайлар емшісі және емшілері құдайдың баласы. Аңыз бойынша Асклепийді әкесі өлім аузында жатқан анасының құрсағынан Апполонды кесіп алған. Оған дәрігершілікті әкесі тәрбиелеуге тапсырған Кентров Хирон үйреткен. Уақыт өте келе ол өзінің ұстазына өзінің науқастарды емдеп қана қоймай, өлгендерді де тірілте алатын болды. Ол Кос билеушісінің қызына үйленеді, кейін осы қала Ежелгі Грецияның медицина білімінің орталағының бірі болып есептелінеді. Осы жерде асклепидтер тегі дамыды. Кос аралда туылған Гиппократта өзін оның ұрпағымын деп санаған. Асклепийдің балаларының ішінде: Гигиея - денсаулық құдайы, барлығын емдеуші. Панакея - дәрімен емдеудің қолдаушысы, Махаон - атақты әскери хирургі, Подалирий - ішкі ауруларды емдейтін болған. Аналитикалық аңыздарда Асклепийдің атрибуты болып, ежелгі заманда ақылдылық белгісі болып есептелген жылан болған. Асклепийді қолында жылан оралған таяғы бар етіп бейнелесе, Гигияны әдемі әйел ретінде, басында диадемасы, кесемен қоректендіріп тұрған жыланы бар ретінде бейнелеген. Осыдан жылан оралып тұрған кесеше медицина ғылымының негізгі таңбасы болып есептеледі. Ежелгі Грацияның тарихы полистік кезеңі медицина тархында маңызды 2 көрініспен белгіленеді:
1) б.з.д. V ғ. ежелгі грек фолософиясының құрылуы.

2) Шіркеулік емдеушілердің негіздері.

Ежелгі Греция ұсақ құлдық мемлекеттерден тұратын еді. Грецияның географиялық және экономикалық жағдайлары оның мәдени дамуына үлкен ықпал тигізді. Африка және Азия сияқты елдердің ортасында болғандықтан сауда саттық пен қол өнер жақсы дамыды. Ежелгі заманнан гректер көрші елдерден өмір сүру көздерін іздеді. Бұл гректің колонизациясына және теңіз саудасының дамуына алып келді. Гректер тек кіші Азияда ғана емес, сонымен қатар Қара теңіз жағалауларында, Оңтүстік Италияда және Африкада көптеген колониялары болды.
Антикалық Грецияның өзіндік кемеліне жеткен кезеңі болып табылады. Ол кезде көне грек өнері, ғылымы, философиясы мен мәдениеті дамыған болатын. Бұның алдында Греция социалды төңкерістен өткен болатын, яғни ол алғашқы қауымдық қоғамнан, құлдық құрылысқа өткен кезеңі еді. Гректер Азия және Египет елдерінің материалды және рухани мәдениетімен танысып, ішкі және сыртқы сауда саттықпен айналысты. Грек және Рим мәдениеті ежелгі шығыс халқының мәдениетінің дамуына алып келді.
Ежелгі Грек философиясының яғни материализм мен идеализмнің дамуы ішкі таптық күреске алып келді. Гректердің халықаралық саудаға қатысуы, көптеген елдермен араласуы, әртүрлі мәдени және діни ұйымдармен танысуы философия тарихына натурафилософия деген атпен белгілі. Гректердің натура философиясы ауруға деген көзқарасты жақсарта түсті.
Египет медицинасының мұрасы Ежелгі Грек және Рим медицинасының дамуына үлкен үлес қосты. Гректерде шіркеулер емдеу орны болып табылатын ал пірлер дәрігерлердің қызметін атқарған. Шіркеулік медицинамен қатар мамандандырылған өте жоғары дәрежедегі медицина дамыды.
Мамандандырылған медицина тарихы бірінші медициналық емхана және ондағы мектептер болуымен сипатталады. Шіркеулердегі емдейтін бөлмелерді асклепийондар деп атады. Оны гректің атақты дәрігері Асклепийдің құрметіне аталған. Сонымен қатар дәрігердің үйінде де емханалар болған оны - ятрейи деп атады.


Ежелгі Гректерде қоғамдық дәрігерлер болатын, олар кедей адамдарды емдеу үшін және эпидемия тарамау үшін шаралар қолданған болатын. Отбасылық дәрігерлер бай шонжарлардың үйінде болған. Периодивтер деп аталып дәрігерлер сатушылар мен кәсіпкерлерді ал жоғары дәрежелі дәрігерлер соғыс барысында жараланған әскерлерді емдеді.

Асклепий қолында үлкен таяғы бар болып сипатталады, ол таяқта жылан оралып тұрады, онда жылан медицина және денсаулық эмблемасы. Асклепий солтүстік Грецияда өмір сүрген. Гомер поэмасы бойынша, ол Фесамих патшасы болған (1250 б.з.д.) Кейіннен Асклепий гректің және әлемдік әдебиетке дәрігерлік өнердің құдайы ретінде енген Аппалонның баласы болып табылады.

Көптеген грек дәрігерлері - оның ұрпағы ретінде саналатын. Медицинаның гигиеналық білімдерінің қорғаушысы оның қызы Гигиея болған (осыған Гигиена термині шыққан) және дәрігерлік терапия қорғаушысы Панацея да оның қызы болған (осыдан панацея термині). Оның қыздары болып саналған. Гигиея парасатты кеңестерімен атағы шығып денсаулықтың құдайы ретінде құрметтелді. Ол суреттерде жас қыз, сол қолында тостағы бар және одан жылан ішіп жатқан болып бейнеленеді. Жылан мен тостақтың бейнесі медицина эмблемесы болды. Эмблема мәні мынада - дәрігер жылан сияқты даналы ақылды болуы керек, ал ақылды табиғаттың білімінің тостағынан алу керек. Панацея барлық ауруларды емдей алатын кейіннен оның атағы шығып, Панацея деп барлық аурулардан емдейтін затты айтатын болды.

Шіркеулерде емдеу негізінен жетілдірілген жүйе бойынша ауруды құдайға сиыну арқылы, күшті әсер ететін темекілерді шегу арқылы және т.б. ұйықтататын, сол шіркеудің арнайы бөлмелерінде пірлер аурулардың көрген түстерін жорып отырған. Көбінесе сумен емдеуге және уқалауға (массаж) көп көңіл бөлді.

Гиппократ

Гиппократ (ἹPIPIοκράτης) - ежелгі грек дәрігері, көне медицина реформаторы. Ол Ежелгі Грекияның Кос аралында біздің заманымыздан бұрынғы 460 ж. туып, 377 ж. (басқа мәліметтер бойынша 356) Фессалияда дүние салған. Грецияда дәрігерлерді дайындайтын мектептер болған. Кіші Азия, және Кос қалаларындағы мектептер әйгілі болды. Кос аралығындағы мектептің әйгілі өкілдерінің бірі Гиппократ (б.ғ.д. 460-377). Оның әкесі Гераклид, шешесі Фенарета дәрігерлер болған.

Гиппократ туралы алғашқы биографиялары ол қайтыс болғаннан кейін бірнеше жүзжылдықтар өткен соң жазылды. Б.з.д. 300 ж жазылған барлық медициналық жазбалар Гиппократ жинағына біріктірді. Көптеген зерттеушілер бұл жинақтағы Афоризмдер, Трогностика, Эпидемиялар, Ауа, су, жер туралы, Сынақтар туралы, Бас жарақаттары туралы, Ежелгі медицина туралы және еңбектер Гиппократтікі деп есептейді.
Гиппократ жинағында сонымен бірге тіс және ішек аурулары туралы да жазылған. Оларды емдеу үшін наркотикалық дәрілік заттарды, шөп тұнбаларымен шаю, қайнатпалармен шаю, тырыстырғыш дәрілік заттарды қолдану туралы да жазылған. Гиппократ жинағы классикалық кезеңнің медициналық ежелгі грек еңбектерінің энциклопедиясы болып табылады. Онда 250 өсімдік және 50-жануар текті дәрілік заттар көрсетілген. Гиппократ жинағында дәрігерлік этикаға қатысты 5 шығарма бар, олар Акт, Заң, Дәрігер туралы , Ізгілікті қарым ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көне грекияның тарихы
Латын тілі
Антика мәдениеті
«Гиппократ антының» негізгі жағдайлары
Ежелгі Грекия мәдениеті туралы
Ежелгі Қытай өркениеті
Ежелгі Грекияның мектебі, ғылыми білімі мен діні
Ежелгі Шығыстың құлиеленушілік құрылысы, оның ерекшеліктері
Антикалық жерорта теңізінің медецинасы
Латын және көне грек тілдерінің фармацевтикалық терминологияның және дүниежүзілік мәдениет дамуына қосқан үлесі
Пәндер