«Мемлекет шығуы және оның мәні»


Қазақстан республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Академия
Қазақстан тарихы және әлеуметтік
пәндер кафедрасы.
СӨЖ
Тақырыбы : « Мемлекет шығуы және оның мәні»
Орындаған: Қазыхан Абылайхан
Тексерген: Оразымбетова З.
Тобы: 102(б) МПД
Жоспар:
І Кіріспе
І І Негізгі бөлім
а) Мемлекеттің пайда болуы
б) Мемлекеттің негізгі элементтері мен белгілері
с) Мемлекеттің басқару формасы мен құрылысы, қызметтері
ІІІ Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Мемлекет
- басқару функциясын орындайтын және соның көмегімен қогамның тіршілік-тынысын қамтамасыз ететін, оған қажетті жағдайлар мен алғышарттар жасауға ұмтылатын адамзат қоғамын ұйымдастырудың айрықша нысаны. Өзіне тән ерекше белгілері мен қажетіне, сондай-ақ өзіндегі аса мол мүмкіндіктеріне қарай мемлекет экономиканы дамытудың, әлеуметтік-саяси, рухани, ұлтаралық және жеке адамдардың арасындағы қаты-настардың маңызды мәселелерін шешуге нақты ңатысып, қоғамдағы істердің жағдайына белсенді түрде әсер ете алады. Мемлекет тек өзіне ғана тән функциялары, әсер ету нысандары мен әдістері бар айрықша құрылым ретінде сипатталады. Соның арқасында оны қоғамда, ұйымда, құрылымдар мен институттарда әрекет ететін басқалардан ерекшелігімен көзге түсетін күрделі саяси организм ретінде үғынамыз.
Көрсетілген негізгі жағдайлар біздің түсінігімізде мемлекетті анықтауда өзінің көрінісін табуы керек. Өзінің көрінісін тапқан құбылыстың күрделілігі мен көп аспектілігіне қарай оның біржақты болуы мүмкін емес.
Мемлекеттің рулық басқару нысанынан басты айырмашылығы арнаулы кәсіби басқару және мәжбүрлеу аппаратының болатындығында жатыр. Бұл жердегі әңгіме қоғамнан ерекшеленген, басқару ісі негізгі қызметіне, кәсібіне, яғни мамандығына айналған, қатары біртіндеп көбейе бас-таған адамдар туралы. Басқарушы - адамдардың мұндай ерекше тобын алғашқы рулық басқару нысаны білген емес. Ол тек қана басқарудың мемлекеттік жүйесіне тән нәрсе, мемлекеттің үлкен механизмін іске қосады. Нәтижесінде мемлекет халқы бір жағынан басқарылатындарға, екінші жағынан басқарушылар мен басқаруға байланысты мамандарға бөлінеді. Сөйте түра екіншілерінің біріншісіне қатысы тек қана басқару функцияларында емес, сондай-ақ кейбір мәжбүрлеп ықпал ету - шараларын да ресми түрде жүзеге асыруына қақысы бар.
Мемлекет дегеніміз - адамзат қоғамы дамуының нәтижесінде пайда болған саяси ұйым.
Мемлекет - қоғамды басқару міндетін атқаратын, адамдардың, топтардың, таптардың қарым-қатынастарын реттеп отыратын, заңдарды қабылдайтын 'саяси ұйым.
Мемлекет - қоғамның саясатын жүзеге асыратын саяси ұйым.
Мемлекет туралы ұғымның толық болуы үшін оның белгілеріне егжей-тегжейлі тоқталып, олардың мазмүны мен мәнін тереңірек ашу қажет.
Мемлекеттің пайда болуы
Мемлекет - бұл күрделі конструктив, көп функциональді коғамдык-саяси түзілім. Оны зерттеу әртүрлі аспектіде болуы мүмкін.
"Мемлекет" термині әлеуметтік-саяси әрекеттерде әдетте екі мағынада - тар және кен мағынада қолданылады. Тар мағынада ол үстемдік институты ретінде, мемлекеттік билікті алып жүруші, иеленуші ретінде түсіндіріледі. Өз мәнінде мемлекет - бұл тарихи калыптаскан үйым немесе сол аумакта жоғары билікті иемденген саяси институт. Ал, кең мағынада алғанда мемлекет дегеніміз калыптаскан жалпылык, азаматтардағы, кауымдастык. Бұл жерде ол "мемлекетті" (тар матынадағы) және "коғамды" камтитын тұтастыкты білдіреді. Баскаша сөзбен айтканда, мемлекет деп белгілі бір аумакта орналаскан және жоғарғы билік органдары баскаратын ел, коғам ретінде түсіндіріледі.
Мемлекет алғашқы қауымдық қоғамда болған жоқ. Ол құл иеленушілік қоғамда дүниеге келді. Оның пайда болуы және мәні жөнінде әр түрлі көзқарастар бар. Солардың ішінде ең кең тарағандары мыналар: Патриархалдык теория, Теократиялык теория, Коғамдык келісім теориясы, Психологиялык теория, Күштеу териясы.
Патриархалдык теория бойынша (Р. Фалмер, Н. Михайловский жэне баскалары) мемлекет - ерікті бірігудін негізінде кұрылған үлкен отбасы ретінде, отандык биліктін кортаушылытымен билеуші мен онын кол астындағылардың карым-катынасы әке мен отбасы мүшелерінін карым-катынасымен ұксас етіліп, шағын отбасының бірігуі ретінде карастырылады.
Теократиялык теория (Ф. Аквинский, Маритен, Мерсье жэне баскалары) мемлекетті кұдайдын кұдіретінін негізінде пайда болтан, ал бүкіл билік кұдайдан деп карастырады. Осыдан келіп әркім барлық мәселеде билеушіге бағынуға міндетті. Өмірде калыптаскан адамдардың әлеуметтік-саяси және құқықтық теңсіздіктері кұдайдың еркімен белгіленген, соған көну керек және кұдайдын жердегі наместнигіне карсылык жасамау кажет. Мемлекеттін кұдайлык генезисін казіргі діндерде мойындайды. Дәлірек айтканда, мысалы, католизм мемлекеттін және биліктіи күдайдан пайда болу идеясын дәріптейді, оны жүзеге асырудын накты формаларымен байланыстырады.
Коғамдык келісім теориясы бойынша (Т. Гоббс, Б. Спиноза. Дж. Локк, Ж-Ж. Руссо және баскалары) қоғамдык өмір тәртібін және оның ұйымдастырылуын қамтамассыз ету максатында, адамдар арасында, билеуші мен батынушыларынын арасында саналы түрде және еркіндікпен келісімге келу, шартка отыру негізінде мемлекет пайда болады. Сонымен бірге адамдар өз еркіндігінің (өз билігінің) бір бөлігін мемлекетке береді. Мемлекет шыққанға дейінгі окшауланған индивидтер ендігі жерде біртұтас халыққа айналады. Нәтижесінде билеушілер мен қоғамда өзара құқық пен міндеттер және соңғының іске асуы үшін жауапкершілік кешені пайда болады. Сонымен катар котамдык келісім теориясында мемлекет адамдарды жаппай ымыраға келтіру органы ретінде пайымдалады.
Психологиялык теориясы (Л. Петражицкий, Г. Тард, З. Фрейд жэне баскалары) адамдарға бағыну мен құлшылық ету қажеттілігі мәңгі бақи тән болған дегенді айтады. Мемлекеттің шығуын адам психикасының: белгілі бір адамдардың билік еткісі келу қажеттілігі, өзгелердің батынуға тырысуы, еліктеуі, ал баскаларының - бағындыруға, еліктеу үшін үлгі болуы іспетті ерекшелікті касиеттерімен байланыстырады. Алғашкы қауымдық адамның тайпа көсемдеріне, абыздарға және басқаларына бағыну қабілеттері мемлекеттің пайда болу, шығу себептеріне айналған.
Күштеу теориясы (Шан Ян, Е. Дюринг, Л. Гумплович, К. Каутский. Ф. Оппенгеймер және басқалары) мемлекеттің шығу себептерін экономикалык катынастардан емес, күдай ісінен емес, керісінше, әскери- саяси факторлардан: күштерден, жаулаушылыктан, біртайпаның екіншісін езіп-жаншуынан іздестіреді. Жаулап алынған халықтар мен аймақтарды басқару үшін қысым жасау аппаратынын кажеттігі туды, міне сондай аппарат болып мемлекет шықты.
Мемлекеттің маңызды элементтері.
Жалпы халықаралық түсінік пен саяси аспекті тұрғысынан қарағанда мемлекеттің мәнін сипаттауда аумак, халық және билік сияқты оның негізгі элементтерін құрайтындардың маңызы аса зор екенің айтқан жөн.
Аумақ - бұл мемлекеттің физикалық, материалдық негізі, оның кеңістіктік мәні. Мемлекеттің өз аумақтық иелігінің нақты белгіленген шекарасы болуы тиіс. Тарихтың көрсеткеніндей бір мемлекеттердің басқа мемлекеттерге аумақтық талаптары кескілескен дау-жанжалға, тіптен әскери қақтығыстарға дейін жеткізген. Жаулаушылықтың нәтижесінде мемлекет аумағынан айырылатын болса, онда ол өмір сүруін тоқтатқан.
Мемлекеттін екінші манызды элементі - халық , яғни сол мемлекеттің аумағында өмір сүретін және оның билігіне бағынатын, ұлысты немесе ұлтты құрайтын адамдар қауымдастығы. Мемлекет халкы, ел-жұрты бір ұлттан немесе көпұлттан түруы мүмкін. Мемлекеттің тұтастығын және оның барлық мүшелерінін өзара байланысын азаматтық институты немесе бір елдің азаматы болу камтамасыз етеді.
Мемлекеттік билік бұл тұрақты, орнықты сипаттағы саяси институт. Ол егеменді, тиімді, ұйымдық жағынан қалыптасқан, мемлекет алдында тұрған міндеттерді табысты шеше алатындай болуы тиіс.
Мемлекеттің белгілері.
Мемлекеттін белгілері бұл - жалпы мемлекетті және баска да кептеген коғамдық-саяси ұйымдардан, бірлестіктер мен қауымдастықтардан мемлекеттік органдардың жеке әркайсысын бөліп даралайтын мемлекеттіліктің кажетті айырыкша ерекшелігі.
Мемлекет өз аумағында тұратын барлық халықты біріктіреді. Саяси өзін-өзі баскарушы ұлт мемлекеттің элементі болады.
Мемлекеттінң негізгі белгілерінің арасында салықтар маңызды рөл аткарады. Салықтар жария биліктін өз функцияларын жүзеге асыру барысында мемлекеттің шығарған шығынын жабу үшін азаматтардан және коммерциялык ұйымдардан алынатын міндетті төлем. Салықтар мемлекеттін экономикалық дербестігіне мүмкіндік береді, олар мемлекеттік бюджетті толыктыратын басты көз болып саналады.
Егемендік мемлекеттің маңызды, айқындағыш белгілерінің бірі болып есептеледі. Мемлекет аумағынын көлеміне, халқының, ел-жұртының санына, саяси режиміне қарамастан егеменді болады.
Мемлекет егемендігі аумақтың тұтастығы мен бөлінбейтіндігі, шекараның бұлжымастығы және ішкі істеріне араласпау сынды негізгі принциптерді қамтиды.
Сонымен мемлекет деп белгілі бір аумақ шеңберінде адамдардың әлеуметтік топтар, таптар мен бірлестіктердің қатынастары мен қызметтерін ұйымдастыратын, бақылайтын қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементін айтамыз.
Мемлекеттің басқару формасы.
Мемлекеттік басқару формасы бұл мемлекеттік билік жоғарғы органдарынын ұйымдастырылуы мен өмір сүруі және олардың халыкпен өзара тығыз қарым-қатынастарынын тәртібі. Мемлекет басқару формасына қарай монархиялық және республикалық болып бөлінеді.
Монархиялық басқару формасы
Монархия бұл мемлекеттік билік бір ғана басшы- монархтың (король, патша, шах, хан, император және т. б. ) қолында болатын және ұрпақтан-ұрпаққа берілетін басқару түрі. Монархия институты казірдің өзінде әлемнің 30 астам елінде сақталған.
Монархия екі түрлі болады: абсолюттік және конституциялық .
Абсолютті монархия - бұл мемлекеттік билікті бір ғана монарх іске асыратын және оған ешкандай шек койылмайтан мемлекеттік баскару формасы. Бүгінде осындай баскару формасы жоқ.
Конституциялық монархия - абсолюттік монархияға қарағанда монарх билігінін белгілі бір дәрежеде заңмен, қоғамда жүзеге асып отырған конституция негізіндегі дәстүрмен және т. с. с. шектеу қоюмен айырмашылыгы бар. Қазіргі кезде конституциялық монархиялық құрылыс Англияда, Швеиияда, Данияда, Бельгияда, Испанияда, Голландияда, Люксембургте, Норвегияда, Жапонияда, Мароккода, Сауд Аравиясында және т. б. елдерде сақталған.
Республикалық басқару формасы
Республика - бүл мемлекеттегі жоғарты биліктін сайланушы органдардың - парламенттін, президенттің кұзырында болатын баскару формасы. Демек, республикада биліктің көзі - халық. Бүгінгі таңда республиканын: парламенттік, президенттік, жартылай президенттік (аралас) үш негізгі түрлері бар.
1) Басқарудың парламенттік формасы жағдайында халық үкіметті қалыптастыратын және оған немесе оның мүшелеріне сенімсіздік білдіріп кері шақырып алатын парламентті сайлайды. Бұл жерде үкімет мүшесі мен парламент депутаты қызметін бірге аткаруға мүмкіндік жасалған. Нақты билік үкімет басшысы премьер-министрдің немесе канцлердің колында болады. Президент (мемлекет басшысы) негізінен өкілдік (представительские) және салтанатты (церемониальные) функцияларды иемденеді. Премьер-министр президентке парламентті тарату жөнінде ұсыныс жасай алады
2) Президенттің бір мезгілде мемлекет басшысы және үкімет басшысы болуы, ішкі және сырткы саясатқа басшылық жасауы, қарулы күштердің қолбасшысы болуы президенттік республиканың ерекше белгісі болып саналады. Президенттің парламентті таратуға құзыры жоқ. Президенттік республиканың үлгісін АКШ көрсетіп отыр. Бүгінде президенттік республика Бразилияда, Аргентинада, Венесуэлада, Ресейде, Казакстанда атқарып келеді.
3) Жартылай президенттік (аралас) республиканың ерекшелігі сол, үкімет әрі президенттің, әрі парламенттің алдында жауап беретіндігі. Мұнда президенттік те, парламенттік те түрлердің белгілері кездеседі. Республикалық басқарудың бұл түріне Польша, Финляндия, Австрия, Ирландия, Португалия және т. б. мемлекеттер жатады.
Басқару құрылысы
Билік басқару құрылысына қарай да ерекшеленеді. Ол унитарлық, федеретативтік және конфедеретативтік болып үш түрге бөлінеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz