Тараз қаласының тарихы


Тараз қаласының тарихы
Қалалардың да адамдар секілді жастары болады. Олар ежелгі, жаңа, жас болып ерекшеленеді. Ежелгі қалалардың біріне Тараз қаласы жатады. Қазақстанның бұл ежелгі қаласы тарихта көптеген атпен қалған: Талас, Тараз, Яны-Тараз, Наманган-Көше, Аулие-ата, Мирзоян, Жамбыл. Қаланың 2000 жылдық тарихы тікелей осы аттармен байланысты. Сол кезеңді қысқаша шолып өтейік.
Көптеген жылдар бойы ғалымдар Тараздың құрылған жылы жайында пікірталаста болды. Архелогиялық жазбаларға жүгінсек бұл қалаға халық б. э. 1 ғасырында қоныстана бастаған. Ірі ғалымдардың бірі, шығыстанушы В. В. Бартольд Тараз қаласы б. э. д. салынған деген. Өкінішке орай жазбалардың аздығынан Тараз туралы толық мәлімет жоқ. Дегенмен, архелогиялық қазбалардың деректеріне жүгіне отырып, біздің ежелгі қаламыздың қай жылы кіммен соғылғанын білуге болады.
Б. э. д. 1 ғасырдың соңында Талас пен Сырдария өзендерінің маңында Қаңлы көшпенді халқының мемлекеті өмір сүрген. Халық саны 600 000 адам, оның ішінде 120 000 әскер болған. Олар Жетісуда өмір сүрген Үйсіндермен жаугершілікте болған. Үйсіндер Қаңлыларды қыспаққа алғаннан кейін Қаңлылар Ғұндармен одақ құрмақшы болып, Ғұндардың билеушісі Чжи-Чжиді шақырады. Бұл оқиға жайында Л. Н. Гумилевтің «Б. э. д. 36 жылдағы Таластағы соғыс» дерегінде көрсеткен. Жазба деректерінде б. э. д. 55 жылы Ғұн мемлекеті солтүстік және оңтүстікке бөлінгендігі айтылады. Манғолияның солтүстік батысында, Қырғыз-Нұр өзенінің маңында Чжи-Чжи өзінің мемлекетін құрады. Осы жерден ол Үйсіндерге шапқыншылық жасаған. Чжи-Чжи мен Оңтүстік ғұндардың басшысы арасында бәсекелестік туындайды. Бұл кезде Чжи-Чжидің Қытаймен де ара-қатынасы нашар еді. Осындай жағдайда жүрген Чжи-Чжиге Қаңлылардың басшысының Таласқа шақыруы өте қолайлы ұсыныс болатын. 3000 қолмен келген Чжи-Чжи Үйсіндерге қарсы соғыста Қаңлы мемлекетіне көмектесе алмады. Сөйтіп, Чжи-Чжи мен Қаңлылардың ара-қатынасы үзіледі. Чжи-Чжи Талас өзенінің бастамасында қалып, өзіне қала соға бастайды. 500 жұмысшының қолымен 2 жыл соғылған қала мықты бекініс болып шықты. Қаланың дуалы екі қабаттан тұрды - сыртқы қабаты ағаш, ішкі қабаты лайдан соғылған. Кейбір деректерге сүйенсек, Талас деп атанған бұл қаланың соғылуына Марк Крассаның бүлінген армиясынан қалған Римнің легионерлері де жұмыс істеген. Чжи-Чжидің күшеюі Қытай империясын дүрліктіре бастады, сөйтіп олар соғысқа дайындала бастады. Қытай қолжазбаларында осы соғыстар жайлы көп деректер жазылған: Чжи-Чжи өз атымен көпке танымал болды. Ол Үйсіндерді басып алып, Қаңлыларға шабуыл жасамақшы болады. Оның әскері жақсы соғысатын, көп жеңіс көрген, жылдам әрі батыл қимылдайтын болған. Қытаймен соғысқанда Чжи-Чжи өзі сауытын киіп, қолына қару алып, соғысқа шығады. Әйелдер де қолдарына садақ алып, қаланы қорғады. Осы кезде Чжи-Чжидің мұрнына садақ тиеді. Әскердің көбісі, оның ішінде әйелдер де Қытай әскерінің қолынан қаза табады. Түннің бір уақытысында Қытайлықтар қалаға басып кіреді. Чжи-Чжидің батыл қорғанысына қарамастан, Қытайлар сыртқы ағаш дуалды өртеп, ішкі лай дуалды бұзып, қалаға басып кіреді. Олар Чжи-Чжиді көптеген әйелдерімен, балаларымен, қызметшілерімен, барлығын есептегенде 1518 адаммен тұтқындап, бастарын алады. Бірақ қала түгелдей талқандалмай, одан әрі өмір сүре береді.
Осы деректерге сүйене отырып, Қазақстан Республикасының академигі Алкей Марғұлан - Б. э. д. 1 ғасырда Ұлы Чжи-Чжи Талас қаласы өзінің мемлекетінің астанасы қылу үшін соққан дейді. Қазақтың ғалымы Самат Утениязов - Қытайдың бір мұражайында осы күнге дейін Таластың сол кездегі бейнесі бейнеленген жібек картасы барын айтады.
Таластың кейінгі тағдыры оның Жібек жолының бойында орналасқанына байланысты болады. Археологиялық қазбалардан табылған римнің, (кушанның) тиындары Таластың сол кезде-ақ Орта Азиямен, Орталық шығыстың елдерімен байланыста болғанын дәлелдейді. 6-8 ғ-ғы жазбаларда Талас қаласын «Көпестер қаласы» деп атағандығын айтады.
Көп жылдар бойы қаланың құрылу уақытын 568 жылы осы өлкеге Византия императоры Юстиниан 2-ші түріктерді өз жағына өткізу үшін келгендігімен байланыстырған. Ол кезде Талас 552 жылы құрылған Түрік қағанатының құрамына кіретін. 603 жылы Түрік қағанатынан бөлініп шыққан Батыс Түрік қағанаты бөлініп шыққан. Олар Шығыс Түркістаннан Амударияға дейінгі жерді мекендеді. 629 жылы Қытайдың саяхатшысы Сюань-Цзян: Цянь-цюаньнан батысқа қарай 140-150 шаршы жүргеннен кейін біз Даласы (Талас) деген қалаға келдік. Қаланың шекарасы 8-9 шаршы шақырым. Ол қалада әр елдің саудагерлері өмір сүреді екен. Жері мен табиғаты Сүйеттікіндей. Олардың тілдері, салт-дәстүрлері мен заңдары Қытайдікіндей, дейді.
VIII ғасырдың басында (704 ж. ) Батыс Түрік қағанатынан Түркештер бөлініп шығады, олар Іле өзенінен келіп, Шаш (Ташкент) қаласынан Турфан, Бесбалыққа дейінгі жерді мекендеді. Бас қаласы Суяб қаласы, екінші бас қалалары Кунгут болды. Түркештер қара және сары болып екіге бөлінді. Қара Түркештер Талас өзенінің бойын қоныстанды. VIII ғасырдың ортасында Таразды астана етіп жариялады. Мемлекеттің сыртқы саясаты қиын болды. Соғдылармен қосылып Түркештер арабтарға қарсы соғысты. Оңтүстіктен Тан мемлекеті қауіп төндірді.
751 жылы Талас өзенінің маңында құрамында қара түркештері бар қытайлар арабтармен соғысты. Бұл шайқас тарихта Атлах шайқасы атымен қалды. Бұл соғыс туралы деректерде: екі жақтың әскерлері 751 жылдың шілде айында Таластың бойында жиналды. Ұрысқа бірден түсуге батылдары бармай, 5 күннен кейін қарлұқтар қытайларға шабуыл жасады, сол кезде екінші жағынан арабтар соққы берді. Қытайлар шегінуге мәжбүр болды. Мұсылмандар мен қарлұқтар үлкен олжаға кенелді, ал тұтқындар Самарқанд пен Иракқа қағаз және жібек өндіру үшін жіберілді. Талас шайқасынан кейін қытайлықтар Орта Азияның тірлігіне араласуын қойды, ал арабтар жеңісіне қарамастан өз жерлеріне қайтты.
Арабтар мен үнемі соғысудың нәтижесінде түркеш қағандары әлсіреп, ақырында қарлұқтардан жеңіліп қалады, сөйтіп қарлықтар 744 жылы өз мемлекеттерін құрады. Аса ірі көшпенді және жартылай көшпенді Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның халықтары: тухси, шығылы, азкештер, түркештер, халаджы, шарұқтар, барысхандар.
766 жылдан бастап Талас - Тараз деп атала бастады. 893 жылы Исмаил Ибн Асад Таразды шауып алып, ислам дінін қабылдатады. Осы соғыстан кейін Тараз - Бағдат, Каир, Дамаск қалаларымен тікелей байланыста болды.
940 жылы Қарлұқ мемлекеті құлайды, оның орнына Қараханид мемлекеті келеді. XI-XII ғасырларда Қараханид мемлекетінің шекарасы Мауеренахрдан батыста Жетісу, шығыста Қашғарияға дейін созылып жатты. IX-XII ғасырларда Тараз гүлдене түсті. VIII ғасырда Тараз өз ақшасын шығара бастады, алғаш түркештің теңгелерін, кейін қараханидтің дирхемдерін.
XIII ғасырда Жетісу мен Орталық Азияның басына қара бұлт үйіріледі. Орта Азияны бағындыру үшін қарақытайлар, наймандар, хорезмшах Мухаммед өзара қырқысты. Тараз қолдан қолға өтті. 1212 жылы хорезмшах Мухаммед Таразды талқандайды. XIII ғасырдың ортасында Манғолдар басып алған кезде қала қайта құрылады, бұл туралы Гильом Рубрук жазбаларында айтады. Осы жылдары Тараздың дамығаны сонша ешкімнің қолдауынсыз Самарқандты өздері басып алады. Қаланың ішіне тастан жолдар, жер асты құбырын, көптеген мавзолейлер, оның ішінде Айша-бибі, Бабаджа-Хатун, Қарахан т. б. соғады. Тараздың аты тек қана сауда орталығымен емес, түрлі-түсті металлургиясымен де шыға бастады. Бұл кезде Тараздың айналысында Жықыл, Төменгі Барысхан, Құлан, Меркі, бас-аяғы 26 қалалар мен ауылдар болды.
XII ғасырдың 1-ші жартысында Қарақытайлар Жетісуды басып алды. 1211 жылы Күшлік хан қарақытайларды басып алады. 1220 жылы Манғол шапқыншылығы Тараз қаласын талқандады. Олар Тараздың атын Яны (жаңа) деп өзгертті. Қала қайта құрылды. Қытай ғалымы Чянь-Чунь 1221 жылы Янының қасынан өтіп бара жатып көрген көрінісін жазған: Шу мен Таластың тұрғындары жібек өңдеумен, шарап жасаумен айланысады. Жолдар жөнделіп, көпірлер соғылған. Бұл жылдары Тараз Шағатай ханның ұлысы Кайдудың астанасы болатын.
XIV ғасырда Шағатайдың ұрпағының арасында билікке талас туындайды. Сөйтіп Тараз тағы да шапқыншылыққа ұшырайды.
1513 жылы Тараз туралы ең соңғы деректе Қасым ханның осы қалаға жорығы жазылған. XVI ғасырда Тараз бен оның айналасындағы қалалар, соның ішінде Шу, Қозыбас, Қордай Қазақ хандығының құрамына кірді.
XVIII ғасырдың екінші он жылдығында Қазақ хандығының жеріне Жоңғарлардың көзі түсе бастайды. Кең жайылымдардан басқа, Қазақстанды Ресеймен, Шығыс елдерімен байланыстырып тұрған сауда жолдары оларды қызықтырады.
1723 жылы Талас пен Қазақстанның оңтүстік аймақтарын жоңғарлар шауып алып, 1755 жылға дейін билігін жүргізеді. Тарихта бұл шапқыншылық «Ақтабан шұбырынды» деген атпен қалған. Бұл шапқыншылықтан қазақтар мал-мүліктерін, жерлерін тастап, Ташкент, Ходжент, Ферғана, Самарқандқа қашады. Сол кездегі жағдай «Елімай» өлеңінде толығымен көрсетілген.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz