Қазақстан Республикасының бухгалтерлік және қаржылық есептілік заңы


Жоспар:
Кіріспе . . . 2
Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік және қаржылық есептілік туралы заңы . . . 3
І. Қаржылық есеп берудің сипаттамасы мен маңызы . . . 6
1. 1. Қаржылық есеп берудің негізгі қағидалары
ІІ. Қаржылық есеп беруді жасау бойынша түгендеу және басқа да дайындық жұмыстары . . . 9
2. 1. Объектілерді түгендеу жұмыстары
2. 2. Қателерді түзету
ІІІ. Қаржылық есеп беруді жасау . . . 16
3. 1. Қаржылық есеп беруді пайдаланушыларды жіктеу
3. 2. Стандарттар және қаржылық есеп беруді дайындау ережелері
3. 3. Бухгалтерлік есептің тұжырымдамалық негізі
3. 4. Қаржылық есеп беру элементтері
3. 5. Қаржылық-шаруашылық қызметі туралы есеп беру
3. 6. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру
3. 7. Қаржылық есеп беруге жасалған түсініктеме жазба.
Қорытынды . . . 30
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 32
Кіріспе
Қаржылық есеп берудің мақсаты өз пайдаланушыларына заңды тұлғаның қаржылық жағдайы туралы сенімді, мәнді және пайдалы ақпараттарды беру болып табылады. Қаржылық есеп берудің пайдаланушыларының қатарына потенциалды инвесторлар, кредиторлар, жабдықтаушылар, сатып алушылар, еңбеккерлер, сондай-ақ мемлекеттік органдар кіреді.
Қаржылық есеп беру заңдар мен принциптер негізінде жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік және қаржылық есептілік заңының 3-тарауының 13-19 бап аралығы Қаржылық есептілік туралы заңдар қамтылған.
Және де бұл тақырыпқа сай мынадай бөлімдер қарастырылады:
І. Қаржылық есеп берудің сипаттамасы мен маңызы
ІІ. Қаржылық есеп беруді жасау бойынша түгендеу және басқа да дайындық жұмыстары
ІІІ. Қаржылық есеп беруді жасау
Бухгалтерлік есеп шаруашылық қаражаттарының құрамындағы және оларды жабу көздеріндегі болған барлық өзгерістерді, шаруашылық процестерін және олардың нәтижесін толық және дер кезінде көрсетуге арналған. Есеп мәліметі қолда бар нақты шаруашылық қаражаттарына және олардың жабу көздеріне сәйкес келуі тиіс, бірақ іс жүзінде есеп мәліметтері шын мәліметтермен үйлесе бермейді, яғни олардың арасында алшақтық орын алуы мүмкін. Аталған алшақтық табиғи азаюдың, тасымалдаудың, қайта іріктелудің нәтижесінде, өлшегіш құрал-жабдықтарының дұрыс көрсетпеуінен, операцияларды рәсімдеу кезінде жіберілеген қателіктерден, т. б. салдарынан болуы мүмкін. Ал бұл жыл сайын нақты қолда бар құндылықтардың мәліметін есеп мәліметтерімен салыстырып отыруды қажет етеді және ол есеп айырысуды анықтау үшін қажет. Тексерудің мұндай түрін түгендеу деп айтамыз.
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру.
Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік және қаржылық есептілік заңының 3-тарауының 13-19 бап аралығы Қаржылық есептілік туралы заңдар қамтылған.
3-тарау Қаржылық есептілік
13-бап. Қаржылық есептілік элементтері
1. Активтер, міндеттемелер және капитал қаржы жағдайын бағалаумен байланысты қаржылық есептілік элементтері болып табылады.
Активтер - дара кәсіпкер немесе ұйым өткен оқиғалар нәтижесінде бақылап отырған, болашақта экономикалық пайда алу күтілетін ресурстар.
Міндеттеме - дара кәсіпкердің немесе ұйымның өткен оқиғалардан туындайтын мойнында тұрған міндеті, оны реттеу экономикалық пайданы қамтитын ресурстардың шығып қалуына әкеп соғады.
Капитал - дара кәсіпкердің немесе ұйымның активтеріндегі барлық міндеттемелер шегеріліп тасталғаннан кейінгі үлес.
2. Кірістер мен шығыстар пайда мен зиян туралы есепте қызмет нәтижелерінің өлшемімен тікелей байланысты элементтер болып табылады.
Кірістер - есепті кезең ішінде активтердің түсімі мен өсімі немесе міндеттемелердіңазаюы нысанында экономикалық пайданың ұлғаюы, олар капиталға қатысушы тұлғалардың жарнасымен байланысты ұлғаюдан өзгеше капиталдың ұлғаюына әкеп соғады.
Шығыстар - есепті кезең ішінде активтердің қолдан кетуі немесе азаюы немесе міндеттемелердің пайда болуы нысанында экономикалық пайданың азаюы, олар капиталға қатысушы тұлғаларға бөлумен байланысты азаюдан өзгеше капиталдың азаюына әкеп соғады.
14-бап. Қаржылық есептілік элементтерін бағалау және есепке алу
1. Қаржылық есептілік элементтерін бағалау - аталған элементтер бухгалтерлің есеп пен қаржылық есептілікте танылатын және тіркелетін ақша сомаларын анықтау. Бағалауды қолдану әдістері мен тәртібі халықаралық стандарттарға және ҚР-ның бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес белгіленеді.
2. Қаржылық есептілік элементтерін есепке алу әдістері және тану тәртібі халықаралық стандарттарға және ҚР-ның бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес белгіленеді.
15-бап. Қаржылық есептілік
1. Қаржылық есептілік дара кәсіпкердің немесе ұйымның қаржылық жағдайы, қызметінің нәтижелері мен қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы ақпартты білдіреді.
2. Мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігін қоспағанда қаржылық есептілік мыналарды қамтиды:
- Бухгалтерлік баланс
- Пайда мен зияндар туралы есеп
- Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп
- Капиталдағы өзгерістер туралы есеп
- Түсіндірме жазба.
Қаржылық есептілікті жасау тәртібі мен оған қойылатын қосымша талаптар халықаралық стандарттарға және ҚР-ның бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес белгіленеді.
3. Егер ҚР-ның заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілік көлемін, оны жасау нысандары мен тәртібін уәкілетті орган белгілейді.
4. Қаржылық есептілікке ұйымның басшысы, бас бухгалтері және жеке кәсіпкер қол қояды.
16-бап. Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары
Қаржылық есептілікті жасауды ұйымдар Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары комитеті Қорының оларды ресми аударуға және ҚР-да жариялауға жазбаша рұқсаты бар ұйым мемлекеттік тілде немесе орыс тілінде жарияланған халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізіледі.
17-бап. Шоғырландырылған қаржылық есептілік
Еншілес ұйымдары бар ұйымдар негізгі ұйымның қызметі жөніндегі қаржылқ есептіліктен басқа ҚР-ның бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасауға және ұсынуға міндетті.
18-бап. Есепті кезең
1. Жылдық қаржылық есептілік үшін есепті кезең 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса күнге күнтізбелік жыл болып табылады.
2. Жаңадан құрылған ұйым үшін бірінші есепті жыл ол мемлекеттік тіркеуден өткен кезден басталып сол жылдың 31 желтоқсанын қоса қамтиды.
19-бап. Қаржылық есептілікті табыс ету
1. Ұйымдар:
- Құрылтай құжаттарына сәйкес құрылтайшыларға;
- ҚР-ның статистика органдарында тіркелу орны бойынша ҚР-ның мемлекеттік статистика органдарына;
- ҚР-ның мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарына олардың құзыретіне сәйкес қаржылық есептілікті ұсынады.
2. Қаржылық есептілік ҚР-ның ұлттық валютасымен көрсетіліп ұсынылады.
3. Ұйымдар жылдық қаржылық есепбін есепті кезеңнен кейінгі жылдың 30 сәуірінен кешіктірмей ұсынады.
4. 18-бапта көрсетілген мерзім шегінде құрылтайшылар аралық қаржылық есептілікті ұсыну мерзімін айқындауға және жылына бір реттен сирек болмайтын өзге кезеңділікті белгілеуге құқылы.
5. Шоғырландырылған қаржылық есептілікті ұсыну осы баптың 1-3-тармақтарына сәйкес жүргізіледі.
6. Жария мүдделі ұйымдар жылдық қаржылық есептілікті уәкілетті орган бекіткен тізбеге, нысандарға сәйкес мерзімді баспасөз басылымындарында жариялауға міндетті.
Қаржылық ұйымдар жылдық қаржылық есептілікті ҚР-ның заңдарында белгіленген тәртіппен жариялайды.
7. ҚР-сы Үкіметінің шешімі бойынша, жария мүдделі ұйымдар үшін депозитарий құрылуы мүмкін, бұл ұйымдар осы депозитарийге уәкілетті орган белгілеген тәртіппен қаржылық есептілікті өткізуге міндетті.
І. Қаржылық есеп берудің сипаттамасы мен маңызы
Есеп беру деп кәсіпорынның өткен кезеңдегі қаржылық-шаруашылық қызметін кешенді түрде сипаттайтын барлық көрсеткіштер жүйесін айтамыз. Есеп беру процесін жасау есеп жұмысының соңғы сатысы болып табылады.
Қаржылық есеп берудің мақсаты өз пайдаланушыларына заңды тұлғаның қаржылық жағдайы туралы сенімді, мәнді және пайдалы ақпараттарды беру болып табылады. Қаржылық есеп берудің пайдаланушыларының қатарына потенциалды инвесторлар, кредиторлар, жабдықтаушылар, сатып алушылар, еңбеккерлер, сондай-ақ мемелекеттік органдар кіреді.
Қаржылық есеп беру басқарушы органдардың жұмысын және субъектінің ресурстарын, міндеттемелерін және ақша қаражаттарының болашақтағы ағындарын бағалауға, несие беру бойынша шешімдерге және инвестициялық қызметтерді қабылдауға пайдалы ақпараттарды береді.
Есеп беру мәліметтерін кәсіпорынның тиімділігін бағалау үшін, сондай-ақ шаруашылық қызметін талджау үшін сыртқы пайдаланушылар пайдаланады.
Осымен қоса, есеп беру кәсіпорынның шаруашылық қызметін жедел басқару үшін қажет және ол болашақ кезеңдерді жоспарлау мен болжау үшін басты база болып табылады.
Есеп беруге қойылатын негізгі талаптар: кәсіпорын қызметінің нәтижесін анық және объективті көрсету, барлық көрсеткіштерді бір-бірімен қатаң түрде үйлестіру, бухгалтерлік пен жедел-статистикалық есеп берудің сабақтастығын сақтау, әдістемелік және басқа да ережелерді сақтау болып табылады.
Бұрмаланған есеп бергені үшін кәсіпорынның басшысы мен бас бухгалтері ҚР-ның әрекет етіп тұрған заңдарына сәйкес жауап береді.
1. 1. Қаржылық есеп берудің негізгі қағидалары болып:
Есептеу. Қаржылық есеп беру есептеу қағидасының негізінде жасалады, соған сәйкес өнім жөнелтілген, жұмыс атқарылған кезінен бастап, олардың төлену нәтижесіне қарамастан табыс болып танылады, ал шығысы мен зияны орын алынған кезінен бастап танылады.
Толассыздық. Субъект өз қызметін жақын арада тоқтатпауды топшылайды және ондай ниеттің көз жетерлік болашақта пайда болуын да мақсат тұтпайды.
Түсініктілік. Қаржылық есеп беруде берілген ақпарат пайдаланушыларға түсінікті болуы тиіс.
Маңыздылық. Қаржылық есеп беруді пайдаланушылар ондағы мәліметтерге қанағаттануы тиіс, қаржылық, шаруашылық, жедел жағдайларын бағалаған кезде олардың қабылданған шешіміне алынған мәліметтер өз септігін тигізуі керек.
Мәнділік. Қаржылық есеп беру негізінде қабылданған экономикалық шешімдер олардың ұғымдарының дұрыстығына немесе дұрыс еместігіне әсер етуі мүмкін.
Дұрыстық. Есеп беру негізінен анық мәліметтердің көрсеткіштерінен құралады, егер де онда мәнді қателер немесе күні бұрын пішілген ойлар болмаса.
Шындық және алалықсыз ұсыну. Қаржылық есеп беру субъектінің ақша қаражатының қозғалысы, операцияның нәтижесі, қаржылық жағдайы туралы пайдаланушыларға шындық және алалықсыз мәліметтерді ұсыну керек.
Бейтараптылық. Қаржылық есеп беруде берілген ақпараттар күні бұрын ойластырылған мәліметтен алшақ болуы керек, яғни сенімді болжамы болғаны абзал.
Сақтық. Кез келген шешімді қабылдаған кезде сақтық деңгейін сақтаған жөн, белгісіз жағдайда активтер мен табысты, сондай-ақ міндеттемелер мен шығыстың қайта бағалануына барынша жол бермеу керек.
Аяқтау және салыстыру. Қаржылық есеп берудегі ақпараттардың анықтылығын қамтамасыз ету мақсатында ондағы мәліметтер толық болуы тиіс. Ақпараттардың пайдалылығы мен мазмұндылығын арттыру үшін бір есептік кезеңі екінші бір есептік кезеңмен салыстырылуы тиіс.
Жүйелілік. Пайдаланушы субъектінің қаржылық есеп беруін, оның әртүрлі есептік кезеңмен салыстыру мүмкіндігін қалыптастыру керек, өйткені оның көмегімен қаржылық жағдайдың тенденциялық өзгерістерін анықтай алады, демек қабылданатын шешімдердің жүйелілігін сақтау мүмкіндігі артады.
Есеп беруге қойылатын ең басты талап тазалығы (ашықтығы) болып табылады, яғни акционерлер мен инвесторларға есеп берудің мәліметі түсінікті болуы тиіс. Есеп беру берілген мәліметтердің мерзімінде жасалғаны жөн. Кәсіпорынның есеп беруі бухгалтерлік, статистикалық және жедел болып бөлінеді.
Жедел-статистикалық есеп беру кәсіпорынның өндірістік және қаржылық қызметінің жекелеген жақтарын бухгалтерлік және жедел-статистикалық есепке алудың деректері бойынша жасалады.
Бухгалтерлік есеп беру кәсіпорынның өндірістік және қаржылық қызметін бастапқы құжаттармен және есепке алу жазбаларымен расталып, жинақталған деректерден жасалады. Қандай кезең үшін берілгендігіне қарай есеп шұғыл және почта арқылы берілетіндер болып бөлінеді.
Балансты және басқа да берілетін есептерді уақытында, әрі сапалы жасау үшін бухгалтерия өндірістік бөлімшелеріндегі барлық мәліметтердің құжатталуын, белгіленген материалдық және басқа есептерін толық көлемде берілуін қамтамасыз ету керек.
Бухгалтерлік есептің ақпараттары балансқа дейін қажет өңдеулерден өтеді. Бұл өңдеу процесі төрт кезеңнен тұрады:
Бірінші кезең. Әртүрлі шаруашылық фактілері құжатталады (іскерлік мәміле жасалады) .
Екінші кезең. Есеп мәліметтері есеп талабына байланысты жіктеледі, содан соң бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетіледі ( есеп регистрлерінде, ведомость, Бас кітап) .
Үшінші кезең. Есеп жиынтығы есеп беру нысандарына көшіріледі ( баланс, қаржылық-шаруашылық қызметі туралы есеп беру, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру) .
Төртінші кезең . ШС-нің қаржылық-шаруашылық қызметі талданады.
Есеп беру жөніндегі жұмыстарды мүлтіксіз ұйымдастыру ісінде есепші қызметкерлердің міндеттерін өзара дұрыс бөлудің және есеп жұмыстарының кестесін белгілеудің мақызы зор. Берілетін есеп тиісті жиынтық құжаттарында, саралау парақтарында және белгіленген көлемдерде есептік тізімдемесінде жинақталады. Аталған деректердің негізінде талдау жасалады.
Жасалған баланстық және басқа берілетін есептердің көрсеткіштерінің дәлдігін қамтамасыз ету үшін арифметикалық және логикалық тұрғыдан мұқият тексеру керек. Баланстың сабақтастығын есепті кезеңнің басындағы баланс баптарының деректерін ағымдағы кезеңнің осы баптағы деректерімен салыстырып, жыл соңындағы көрсеткіштердің әрбір жолы анықталады. Қаржы есебін беру тәртібі бухгалтерлік есептің стандарттарымен реттеледі.
Жылдық есептің меншік иелерінде немесе құрылтай құжаттарында көрсетілген мәліметтері бойынша тиісті органдарға: салық инспекциясына; жергілікті қаржы органына, мемлекеттік статистика органдарына есеп береді.
Тараптары бар кәсіпорындар өздерінің бухгалтерлік есептерін берумен қатар, жалпы белгіленген тәртіпте жиынтық есебін береді.
Кәсіпорындар, егер ҚР-ның заңдарында басқадай ерекшеліктері ескерілмеген болса, онда жылдық бухгалтерлік есепті есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызынан кешіктірмей береді. Бухгалтерлік есеп берудің нақты күнін көрсетілген мерзімдердің шегінде салық органдарының келісімдері бойынша кәсіпорынның иелері белгілейді.
Берілген бухгалтерлік есепке кәсіпорын басшысы мен бас бухгалтері қол қояды, олар оның уақытында берілуіне жауап береді.
Кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің нәтижелері, мүлік пен қаржы жағдайы туралы жылдық бухгалтерлік есептерін мүдделі пайдаланушылар үшін жариялауға жол ашық.
Бухгалтерлік есепте жазбаларға өзгеріс енгізу жағдайы туындаса, осы жылға және өткен жылға қатысты берілген есептер мен баланс деректерінің барлығын түзетуді қажет деп тапса, онда ол есепті айдан кейінгі бірінші айда жасалады, сонда тиісті түзетулер көрініс табады. Өткен жыл үшін берілген жылдық бухгалтерлік есептер мен баланстар бекітілгенге дейін жасалады. Мұндайда өткен жылғы желтоқсан айында есепке алынған деректерге қажетті түзетулер енгізілуі мүмкін.
ІІ. Қаржылық есеп беруді жасау бойынша түгендеу және басқа да дайындық жұмыстары.
Бухгалтерлік есеп шаруашылық қаражаттарының құрамындағы және оларды жабу көздеріндегі болған барлық өзгерістерді, шаруашылық процестерін және олардың нәтижесін толық және дер кезінде көрсетуге арналған. Есеп мәліметі қолда бар нақты шаруашылық қаражаттарына және олардың жабу көздеріне сәйкес келуі тиіс, бірақ іс жүзінде есеп мәліметтері шын мәліметтермен үйлесе бермейді, яғни олардың арасында алшақтық орын алуы мүмкін. Аталған алшақтық табиғи азаюдың, тасымалдаудың, қайта іріктелудің нәтижесінде, өлшегіш құрал-жабдықтарының дұрыс көрсетпеуінен, операцияларды рәсімдеу кезінде жіберілеген қателіктерден, т. б. салдарынан болуы мүмкін.
Ал бұл жыл сайын нақты қолда бар құндылықтардың мәліметін есеп мәліметтерімен салыстырып отыруды қажет етеді және ол есеп айырысуды анықтау үшін қажет. Тексерудің мұндай түрін түгендеу деп айтамыз.
Түгендеу - бұл бухгалтерлік есеп әдісінің элементтерінің бірі, ол есеп айырысудың ақша қаражатарының, аяқталмаған өндірістің, ТМҚ-ның, материалдық емес активтердің, негізгі құралдардың нақты қолда барын тексеруін және оладың есеп мәліметтерімен салыстыруын көздейді. Меншік түріне, қызмет түріне және жұмыс істеу тәртібіне қарамастан, оны барлық кәсіпорын жүргізеді. Ол құжаттаудың міндетті қосымшасы болып табылады. Тек соның көмегімен шаруашылықта болатын әрі жасалатын барлық шаруашылық құбылыстар бухгалтерлік есепте көрініс табады. Ол өзінің қамту жағдайына қарап екіге бөлінеді: толық және ішінара.
Толық түгендеу - жылына бәр рет жылдық есеп берудің алдында жасалады, оның мақсаты кәсіпорынның барлық активтері мен пассивтерін баланста дұрыс көрсету болып табылады. Мұндай толық түгендеу бақылаушы органдардың талабы бойынша да жасалуы мүмкін.
Ішінара түгендеу - тек қана түгенделетін объектілердің кейбір бөлігін ғана қамтуы мүмкін, мысалға, кәсіпорынның кассадағы нақты ақша қаражаты, кәсіпорындағы негізгі құралдардың саны.
Түгендеу өз сипатына қарап жоспарлы және кезектен тыс жүргізілуі мүмкін:
- Жоспарлы - алдын ала белгіленген мерзімді қойған мақсатына және мүмкіндігіне сай етіп жүргізіледі.
- Кезектен тыс - бұл кәсіпорынның басшысының тапсырмасы бойынша, бақылаушы органдардың талабы бойынша материалды жауапты тұлғаның ауысқан кезінде, табиғи апаттардан кейін жүргізіледі.
Кәсіпорын басшысы түгендеу жұмыстарын жүргізі тәртібін белгілейді, оның ішінде түгендеу комиссиясының құрамы, есепті жылдағы түгендеу санын, олардың күнін белгілейді.
Түгендеу жұмыстарын жүргізу үшін әрбір кәсіпорында тұрақты жұмыс істеп тұратын комиссия болады және оның құрамын кәсіпорын басшысы белгілейді.
Түгендеу комиссиясының істейтін жұмыстары сақтау органдарындағы және өндірістегі мүлікті, сондай-ақ қаржы жөніндегі барлық міндеттемелерді тексеру; кәсіпорынның бухгалтерлік қызметкерлерімен бірге түгендеу нәтижелерін анықтауға және қайта сұрыптауға арналады: сондай-ақ кем шыққандарды табиғи кему нормаларының шегінде есептен шығаруға; ТМҚ-ны қабылдауды, сақтауды және босатуды реттеуге, есепке алуды жақсарту және олардың сақталуын бақылау мәселелері жөнінде, сондай-ақ пайдаланылмайтын мүлікті сату туралы ұсыныстар әзірлеуге; мүліктің сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүргізуге; екі түгендеу аралығындағы сақтау және қайта өңдеу орындарындағы ТМҚ-ны түгендеуге, іріктеп түгендеудің әдістемесі бойынша да бақылау жұмыстарын жүргізуге бағытталады.
Түгендеу комиссяларының мүшелері кем шыққандарды және талан-таражға түскендерді бүркемелеу мақсатымен мүліктің нақты қалдығы туралы немесе артық шыққан тауарлар, материалдар және басқа да құндылықтар туралы жазбаға біле тұра дұрыс емес деректерді енгізбегені үшін ҚР-ның заңдарында белгіленген тәртіп бойынша жауапкершілкке тартылады.
Мүліктің нақты қолда барын тексеруді бастағанға дейін түгендеу комиссиясы кіріс-шығыс құжаттарының түгендеу кезіндегі соңғы тізімдерін немесе материалдық құндылықтары мен ақшалай қаражаттарын есепке алады.
Түгендеу комиссисының нәтижесі де тексеріледі, ол үшін ішінара бақылау жұмыстары жүргізіледі, сол бақылау барысында комиссияның мүшелері де қатыса алады және ол да актімен хатталады.
Екі түгендеу аралығындағы кезеңде құндылықтардың номенклатурасы бойынша үлкен кәсіпорындағы сақтау және қайта өңдеу жұмыстары іріктеу әдісімен тексеріледі.
Түгендеу нәтижесі бойынша салыстыру тізімдемесі жасалынады, сосын оның деректері бухгалтерлік есептегі деректермен салыстырылып, олардың арасындағы айырмашылықтары көрсетіледі. Түгендеу нәтижелерін көрсету үшін ҚР-ның Мемлекеттік статистика комитеті бекіткен бірінші реттегі толтырылатын есеп құжаттарының мынадай үлгілері қолданылады.
Негізгі құралдардың түгендеу жазбасы жалға алынған және күнделікті жалға бергендерді қоса есептегендегі негізгі қорлардың нақты қолда барын көрсету үшін қолданылады.
Түгендеу қағазы өндірісті ұйымдастыру ережелері бойынша материалдық құндылықтарды бірден санап, жазбаға жазуға мүмкін болмаған жағдайларды қолданылады. Бұл түгендеу қағазы саналған құндылықтармен бірге солардың тұрған орындарында сақталады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz