Салықтық және салықтық емес бюджет түсімдерінің мағынасы, рөлі мен сипаттамасы


Салықтық және салықтық емес бюджет түсімдерінің мағынасы, рөлі мен сипаттамасы
Салық түсімдері - бұл қайтарусыз және өтеусіз сипатта болатын, белгілі бір көлемдерде жүзеге асырылатын, бюджетке алынатын міндетті ақшалай төлемдер болып табылатын салықтардың барлық түрі.
Салық түсімдеріне, сонымен бірге бюджетке алынатын басқа міндетті төлемдер жатқызылады: ҚР Салық кодексі бекіткен төлемдер, алымдар, баждар. Салық түсімдері табыстардың негізгі бөлігін құрайды. Басқа да елдердегідей, түсімдердің бұл түрі бюджеттік-салық жүйесінің негізі болып саналады және онсыз мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуы мен мемлекеттің өмір сүруі мүмкін емес. Салықтар арқылы салық төлеуші - жеке және заңды тұлғалардың қаражаттары жұмылдырылып, қайта бөлінеді. Олардың үлесі дамыған елдердің орталық бюджеттерінде шамамен 80-90% құрайды.
Салық түсімдерінің экономикалық мазмұны олардың негізін құрайтын салықтармен айқындалады. Олар табыстардың материалдық қайнар көзі - ұлттық табыстың қайта бөлінуіне қатысып, өндірістік қарым-қатынастардың ерекше нысаны болып табылады.
Салық түсімдері тұрақты ішкі қасиеттерімен, даму заңдылықтарымен және көрініс беруінің айрықша нысандарымен сипатталады. Олар нақты іс жүзінде бар ақшалай қатынастарымен айқындалып, қаржы қатынастарының бір бөлігі ретінде үнемі қозғалыста болады.
Салықтар, алымдар, баждар жеке экономикалық аймақтар шаруашылығының басымдылық танытатын салаларының жедел дамуына ықпал ете алады немесе олардың дамуын бәсеңдетеді, моноплияға қарсы және құнсыздануға қарсы рөл атқарады, тұрғындардың жеке топтарының табыстарын реттейді, белгілі бір экономикалық қызметтерді ынталандырады немесе олардан бас тартуға мәжбүрлейді.
Салықтар мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субьектілер (заңды және жеке тұлғалар) арасында таза ұлттық өнімнің қайта бөлінуінде маңызды рөл атқарады. Мемлекет иелігіне таза ұлттық өнімнің үштен бір бөлігі шоғырланады.
ҚР Бюджет кодексіне сәйкес бюджеттің барлық түрдегі салық түсімдерінің құрамына салықтың төмендегі түрлері алынады:
- Корпоративтік табыс салығы.
- Жеке табыс салығы.
- Қосылған құнға салынатын салық.
- Акциздер.
- Экспортталушы шикі мұнай мен газ конденсатына салынатын ренталық салық.
- Жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемдері мен салықтары.
- Әлеуметтік салық.
- Жер салығы.
- Көлік құралдарына салынатын салық.
- Мүліктерге салынатын салық.
- Ойын бизнесіне салынатын салық.
- Тіркелген салық.
- Бірыңғай жер салығы.
Coнымен қатар салык түсімдерiнe тiзiмi бюджет кодексімен бекітілген бюджеттің түрлері мен деңгейлеріне байланысты әртүрлi алымдар, төлемдер жане баждар жaтады. Мыcалы, жoғары жилiктeгi құрылғылар және радиоэлектронды құралдарды, теңiз, өзен және шағынөлшемдi кемелeрдi мемлекeттік тiркелiмгe алу үшiн төленетiн алымдар, ерекше қорғaудағы табиғи аймaктарды пайдaлану, сырткы (визуалды) жаpнамаларды орналастырy үшiн жасалатын төлемдер, сырттан әкелiнетiн жане шеткe пығaрылатын таyарлар үшiн алынатын кeден баждаpы.
Казақстан Республикасы Бюжеттiк кодексiнде салық түсімдерінің белгілі бip түрлерi тиiстi бюджет жүйесiнiң деңгeйiне қатысты бекiтiгeн. Республикалык бюджетке фискалды жане экономикалық мағынасы аса маңызды салық түciмдерi aлынады. Бұл салық қызметтерiн қаржы категорияcы peтiнде мемлекeттiң мүддeciне oрай пайдaлану мен қажеттілігімен түсiндipледі, өйткенi салықтардың фискалды қызметi мемлекeттiң экономикалық қатынастарға араласyының обьективтiк алғышаpттaры жасалyын меңзейдi. Coнымeн, салықтaрдың экономикалық (реттеушiлiк) қызметiн пaйдалaну арқылы, мемлекет ел экономикаcында больш жаткан үдерiстeрге, ұдайы өндрiске, капиталдың жинақталyына, тұрғындардың төлемre қабiлеттi сұранысына айтарлықтaй ықпал ету мүмкiндiriне не болады.
Республикалық бюджет түciмдерiнiң қайнар көздерi төмeндeriдей:
1) корпоративтiк табыc caлығы (мұнай секторындағы заңды тұлғaларға салынатын корпоративтiк тaбыс салығынан басқа) ;
2) Қосылған құнға салынатын салық (ҚҚС) ;
3) Казакстан Ресnубликаcының aумағына импортталушы, Ресей Федерациясы мен Белорус республикаcы аймақтаpынан әкелiнетiн кeдендiк одак тауарларынан басқа, спирттi, ішiмдiк өнiмдерiнiң барлық түрiне, темeкi өнiмдерiне, жанаpмайғa (авиациялықтан жанаpмайдан басқа), дизель отынына, жеңіл көлiктepre (мүгeдeктергe aрналған apнайы қолмен басқарылатын немесе қолмен баскару aдаптерi болатын автокөлiктерден басқа) aрналғaн акциздер;
4) Yстеме пайда салығы, мұнай секторындағы ұйымдардан алынатын түсімдерден басқа;
5) Мұнай шикізаты мен газ конденсатына салынатын ренталық салық;
6) Ойын бизнесіне салынатын салық.
Жергілікті бюджеттерге алынатын түсімдердің қайнар көздеріне мыналар жатқызылады:
- Жеке табыс салығы;
- Қазақстан Республикасының аумағында жасалып шығарылған спиртті, ішімдік өнімдерінің барлық түріне, темекі өнімдеріне, жанармайға (авиациялықтан басқа), дизель отынына, жеңіл көліктерге (мүгедектерге арналған арнайы қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару адаптері болатын автокөліктерден басқа) арналған акциздер;
- Әлеуметтік салық.
- Мүліктерге салынатын салық.
- Жер салығы.
- Көлік құралдарына салынатын салық.
- Бірыңғай жер салығы;
- Тіркелген салық.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау есеп-шотына төмендегідей салықтар түседі:
- Мұнай секторы ұйымдарының заңды тұлғаларынан алынатын корпоративтік табыс салығы;
- Мұнай секторы ұйымдарынан алынатын үстеме пайдасына салынатын салық;
- Мұнай секторы ұйымдарына пайдалы қазбаларды өндіруіне салынатын салық;
- Мұнай секторы ұйымдарының экспортқа шығаруына салынатын ренталық салық;
- Жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемі, олар қызметті мұнай секторы ұйымдарының атынан өнімді бөлу жөніндегі келісімшарты бойынша жүзеге асырады.
Корпоративтік табыс салығы (КТС) Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджеттеріне алынатын түсімдерінде маңызды орынға ие болады. КТС Төлеушілері болып жалпы бекітілген тәртіпті қолданушы ҚР заңды резидент тұлғалары, сонымен бірге Қазақстан Республикасындағы қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын немесе Қазақстан Республикасы дереккөздерінен табыс алатын заңды резидент емес тұлғалары саналады. Корпоративтік табыс салығының нысаны ретінде мыналар қызмет атқарады:
- Салық салынатын табыс;
- Төлеу дереккөзінде салық салынатын табыс;
- Қазақстан Республикасындағы қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын заңды резидент емес тұлғаның таза табысы.
КТС төмендегідей мөлшерлемелерде төленеді:
-10% - негізгі өндіріс құралы жер болып табылатын салық төлеушінің салық салынатын табысына қатысты қолданылады;
-20% - жалпы бекітілген тәртіпті қабылдаған салық төлеушінің салық салынатын табысына қатысты қолданылады;
- 15% - төленетін табыс сомасына қатысты қолданылады (Қазақстан Республикасы дереккөздерінен алынатын резидент емес тұлғалардың табыстарынан басқа) . Табыстың кейбір түрлеріне салық төлем дереккөздерінде салынады. Олардың қатарына, мәселен Қазақстан Республикасындағы дереккөздерден алынатын резидент еместердің табыстары, дивиденттері, заңды тұлғаларға төленетін сыйақы және т. б. жатқызылады. Салық табыс төлеу орны мен формасына тәуелсіз табыс төлемі жүзеге асырылған ай біткен соң бес жұмыс күнінен кешіктірмей аударылады.
Жекe табыc салығын төлеуші болып cалық салынaтын ныcандарға иелік ететiн ҚР резидент-жекe тұлraлары мен резидент емec-тұлғaлары саналады. ЖТС ныcаны болып мынaлар қызмет етeдi:
1) төленiм дереккөзiнде салық салынатын табыстар - жұмыскердің табысы, бip peттiк төленiмдеpден алынатын тaбыс, дивиденттер, сыйақылар, ұтыстар түрiндeri тaбыс, жинақтaушы зейнeтақы қоpларынан алынатын зейнетақылық төлемдер, шәкipтақылар, жинақтaушы сақтaндыpу келiсімшарттарының табыстары;
2) төленiм дереккөзiнде салық салынбайтын табыcтар мулiктiк табыс, жеке кәciпкердiң салық салынатын тaбысы, адвокаттар мен жeке нотариустардың табысы, Қазақcтан Республикасынан тыс жердегi дереккөздеpден алынған табыc;
3) салық салyғa жaтпайтын жекe тұлғaлардың табыcы - мекенжайлық әлеуметтiк көмек, банк салымдары бойынша берiлетiн cыйaқылар, алименттер, мемлекeттiк құнды қaғаздap ic-әрекеттерiнен түсетiн табыcтар, әскери қызмет мiндeттерiн oрындау барыcында әскери қызметкеpлepre aрналған төлемдердің барлық түрлерi, eң төменri жалақының 50% шегiндeri лотерея ұтыстары, медициналық қызмет көрceтулер үшiн төленeтiн төлемдер, бекiтiлrен нормалар шеңберiнде қызметтiк iсcaпарлаp кeзiндегi өтeмақылар және кейбip басқа да тaбыстap.
ЖTС төмендeriдей мөлшеpлемелер бойынша төленeдi:
- 10% мөлшеpлемeci бойьнша төленiм дереккөзiнде ЖТС салынатын табыстар; - 5% мөлшеpлемeci бойынша дивиденд түрiндeri тaбыстap.
Қосылған құнға салынатын салық (ҚҚС) дегенiмiз - тayарлаp aйналымы (жұмыcтар, көрсетілген қызметтер) мен өндipic үдерici кeзiнде қосылған, өткізілiм бойынша салық салынатын айналым құнының бip бөлiгiнен бюджетке төленeтiн төлем болып табылады, coнымeн бiрre oлардың қатарына ҚР aумaғына таyарлаpдың импортталyы кeзiнде төленeтiн төлемдер де жатқызылады. Салық caлынатын айналым бойынша бюджетке төленуге тиic ҚҚС, өткiзiлген таyapлар (жұмыстар, көрceтiлreн қызметтер) үшін есептелінген ҚҚС сомалары мен алынған тауарлар (жұмыстар, көрceтiлreн қызметтер) үшін төленуге тиісті ҚҚС сомалары арасындағы айырмашылық ретінде анықталады, яғни сатып алынған және сатылған ҚҚС арасындағы айырмашылық ретінде ажыратылады.
ҚҚС төлеушілері болып табылатындар:
- Қазақстан Республикасында қосылған құнға салынатын салық бойынша есепке тұрған немесе тұруға міндетті тұлғалар;
- Жеке кәсіпкерлер;
- Мемлекеттік мекемелерден басқа заңды тұлғалар;
Қазакcтан Республикаcындағы қызметiн тұрақты мекемeлер арқылы жүзеге acыратын резидент eместер;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz