Қызанақ



Кіріспе
2.1.Қызанақтың қысқаша тарихы
2.2.Қызанақтың эко.биологиялық сипаттамасы
2.3.Қызанақтың биологиялық ерекшеліктері
2.4.Қызанақ сұрыптары
2.5.Қызанақтың агротехникасы.
2.6.Қызанақты өсіру жолдары
Қызанақ, томат, помидор (лат. Solanum lycopersicum) – алқалар тұқымдасына жататын бір және көп жылдық шөптесін өсімдіктер (кейде жартылай бұта). Оңтүстік Америкадан таралған. Оның 3 түрі бар (кейбір деректерде 7). Қазақстанда 1 түрі: кәдімгі (ас) Қызанақ (T. esculentum) барлық жерде өсіріледі. Сабағының биіктігі 30 — 40 см-ден жоғары. Жапырағы қауырсын тәрізді. Гүлінің түсі сары, жемісі — екі не көп ұялы жидек, пішіні әртүрлі. Салм. 25 — 500 г, кейде 800 — 900 г-ға дейін жетеді. Қызыл, сарғыш жемісінің құрамында 4,5 — 8,1% құрғақ зат, 3,5 — 8,5% органикалық қышқыл, минералдық тұздар, С витамині, В, РР тобының витаминдері, каротин бар.
Қызанақ-жылу сүйгіш өсімдік.Оның өсуі үшін оңтайлы температура: күндіз-20-250С, түнде-12-150С. Температура 150С төмендесе, қызанақ гүлдемейді. 100С өсуін тоқтатады, ал-1,50С опат болады. Сонымен бірге ол үшін өте жоғары температура да зиянды. Температура 330С –қа жеткенде, өсімдік өсуін баяулатады, ал 350С болғанда болғанда фотосинтез тоқататылады; егер осы кезде ауаның салыстырмалы ылғалдылығы төмендесе, онда түйіні түсе бастайды. 25-300С және топырақтың орташа ылғалдылығы өскін 5-6 тәулікте пайда болады. Егер топырақтың температурасы 110С-тан аспаса, онда тұқымдары дерлік өнбейді. Бірақ термиялық өңдеуден өткен тұқымдар 80С, тіпті одан да төмен жылылықта біргелкі өскін бере алады.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Қызанақ, томат, помидор (лат. Solanum lycopersicum) - алқалар тұқымдасына жататын бір және көп жылдық шөптесін өсімдіктер (кейде жартылай бұта). Оңтүстік Америкадан таралған. Оның 3 түрі бар (кейбір деректерде 7). Қазақстанда 1 түрі: кәдімгі (ас) Қызанақ (T. esculentum) барлық жерде өсіріледі. Сабағының биіктігі 30 -- 40 см-ден жоғары. Жапырағы қауырсын тәрізді. Гүлінің түсі сары, жемісі -- екі не көп ұялы жидек, пішіні әртүрлі. Салм. 25 -- 500 г, кейде 800 -- 900 г-ға дейін жетеді. Қызыл, сарғыш жемісінің құрамында 4,5 -- 8,1% құрғақ зат, 3,5 -- 8,5% органикалық қышқыл, минералдық тұздар, С витамині, В, РР тобының витаминдері, каротин бар.
Қызанақ-жылу сүйгіш өсімдік.Оның өсуі үшін оңтайлы температура: күндіз-20-250С, түнде-12-150С. Температура 150С төмендесе, қызанақ гүлдемейді. 100С өсуін тоқтатады, ал-1,50С опат болады. Сонымен бірге ол үшін өте жоғары температура да зиянды. Температура 330С - қа жеткенде, өсімдік өсуін баяулатады, ал 350С болғанда болғанда фотосинтез тоқататылады; егер осы кезде ауаның салыстырмалы ылғалдылығы төмендесе, онда түйіні түсе бастайды. 25-300С және топырақтың орташа ылғалдылығы өскін 5-6 тәулікте пайда болады. Егер топырақтың температурасы 110С-тан аспаса, онда тұқымдары дерлік өнбейді. Бірақ термиялық өңдеуден өткен тұқымдар 80С, тіпті одан да төмен жылылықта біргелкі өскін бере алады.
Қазақстанның әр аймақтарында Қызанақтың әр мезгілде пісетін бірнеше сұрыптары бар. Ерте пісетін сұрыптары: Белый налив 241, Ранний 80, Ақтөбелік 85, Глория, т.б. сорттары Батыс Қазақстан, Қостанай,Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, т.б. облыстарда аудандастырылған. Негізгі зиянкестері: картоп қоңыр көбелегі, ызылдауық қоңыз, колорадо қоңызы, т.б. Ең көп тараған аурулары: бактериялық теңбілділік, фитофториоз, макроскориоз, т.б. Қызанақ жөнінде ғылыми-зерттеу жұмыстарымен Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты шұғылданады.

2.1.Қызанақтың қысқаша тарихы
Алғаш қызанақтың (томаттың) шие тәрізді жабайы формасы. Перуде, Индияда, Филлипинде табылған. Ал, қазіргі кезде қызанақтың жабайы түрлері Перуде Солтүстік Чилиде, және Галапогос аралдарында кездеседі. 1554 жылдан бастап қызанақты (томатты) Голландияда өсіре бастады. Ал, Испанияға қызанақты (томатты) Филлипиннен алып келген, кейін Индияға таратылған. Бұл жерлерде қызанақ онда мекендейтін түзембус араларында тез тараған. ХVII ғасырдың басында қызанақ (томат) Арабияда, Сирияда, Эфиопияда, Египетте, ал ХVIII ғасырдың басында бүкіл Шығыс Азияға таралған. Көптен кейін қызанақ бау-бақша көкөнісі ретінде Венгрияда, Австрияда, Францияда, Англияда, Германияда тағы да басқа мемлекеттерде көп тараған. А.С.Удовицкиидің (21) айтуы бойынша қызанақ (томат) Ресейге ХVIII ғасырда жеке адамдардың коллекциясы ретінде келіп, кейін ботаникалық бақтарда махаббат алмасы атымен жазылған.
Қызанақтың (томаттың) кең тараған жерлері Астрахан, Крым және Кавказ. Әдебиеттерден белгілі 1866 жылы қызанақты (томатты) Петербург қаласының Солтүстік аудандары жанында өсіргендері белгілі. Қазір қызанақты Солтүстіктің ең суық жерлерінде де Мурман облыстарында да өсіреді. Тюменде қызанақты ашық топырақта да өсіреді. Қазіргі кезде Республикамызда қызанақ (томат) өсіретін жер көлемі 200 мың га-ға жетті. Қызақтан (томаттан) винигрет, маринат, фарш, суп, соус, томат пастасы, томат сөгі және салаттар жасайды. Қызанақтардың қалдықтарын малға жем ретінде пайдаланады. Құрама Штатта қызанақ жапырағынан қызанақ майын алады.

2.2.Қызанақтың эко-биологиялық сипаттамасы
Қызанақ (томат) моноподиальды бұтақтанған күшті тармақталған тамыр жүйесі бар өсімдік. Қызанақтың алғашқы кезде тамыры кіндік тамыр болады, кейін одан бірінші қатардағы тамыр, одан екінші қатардағы тамыр, кейін одан үшінші, төртінші қатардағы тамырлар дамиды. Барлық тамырлардың сырты қою тамыр шашақтарымен жабылған. Тамырларының ұзындығы қызанақта 100-150 см жетеді. Қызанақ тамырларының бұтақтануы 55-85 см жер асты тереңдікте өтеді.
Сабақ. Қызанақтың сабағы тік жұмыр, жас кезінде нәзік болады да, кейін қатаяды. Сабағының ұзындығы 2-2,5 м-ге жетеді. Кейбір түрлерінде 5 м-ге жететіндері де бар. Қортық сорттарының сабағының ұзындығы биіктігі 30-80 см.
Жапырақ. Қызанақтың (томаттың) жапырақтары жай жапырақ, шеті тілімделген. Қызанақтың сабағында, жапырағында ұшты түкшелермен қапталған. Қызанақтың (томаттың) көбеюі (вегетативті, қалемшелер арқылы т.б.) және тұқыммен іске асады. Қызанақ негізінен тұқым арқылы көбейеді.
Гүл шоғыры. Бұйрагүл кейде оны жемісті шашақ деп те атайды. Гүлдері ұсақ, түссіз, сарғыш т.б. тозаңқаптары бар. Аналықтары кіріпкен конус түзейді. Күлгін жасыл түсті.
Тұқымы ұсақ мың данасы - 2,8 - 5 гр. көп тұқымды. Тұқымының өңі мүмкіншілігі 6-8 жылға дейін.
Қызанаққа (томатқа) систематикалық сипаттама.
Патшалық - өсімдіктер.
Класс - қосжарнақтылар.
Тұқымдас - Алқалылар (Solanaceal)
Туыс - Қара Алқа. (Solanum)
Түр - Кәдімгі қызанақ (томат) (Dycopersicom esculentum)

2.3.Қызанақтың биологиялық ерекшеліктері

Қызанақ - көпжылдық өсімдік. Қолайлы жағдай кезінде (мысалы субтроптикада), көпжылдар бойы (25) өсіп-өніп жеміс беруге қабілетті. Бірақ ауылшарушылық тәжірибеден алсақ қызанақ (томат) бір жылдық дақыл ретінде білеміз. Қызанақтың (томаттың) антогенезінде төменгідей фазалар бастан өткізеді.
1-ші - өскін, 2-ші - алғашқы тұрақты жапырақ пайда болуы, 3-ші бутонның шығуы, 4-ші жаппай гүлдеуі, 5-ші жемістің түзелуі, 6-шы алғашқы және жаппай жемістің пісуі.
Қызанақтың тұқымы ауа-райының жағдайы жақсы болған жағдайда 3-4 күнде өнеді. Тұқым қабықшасынан алғашқы тамыр пайда болып жер астына қарай жылжып бекиді. Ал, тұқым жарнағынан шыққан жас жапырақша топырақтан жоғары шығып бірден ашылады. Алғашқы жапырақ 6-10 күннен кейін пайда болады, кейін арасына 5-6 күн салып 3-4 жапырақтар шығады. Содан соң, аралығы 3-5 күннен кейін келесі жапырақтары пайда бола бастайды. Бұл кездерде өсімдікте жапырақтармен қатар сабақ және тамырда өсіп қалыптасады. Қызанақтың 7-ші 9-шы нағыз жапырақтары ерте пісетін сорттарында, 12-14-ші жапырақтары қызанақтың кеш пісетін сорттарында шамамен 30-40 күннен кейін гүл бутоны содан кейін гүл шашақтары пайда болады. Қызанақта бутон пайда болу фазасы 15-20күнге созылады. Ал, гүлдену фазасы қызанақта ауа-райының өзгерістеріне және сорттарына байланысты болады. Ол жерге өнім шыққаннан соң барлығы сорттына байланысты (40-90) күндер аралығында болады. Алғашқы гүлденген күннен бастап-ақ ұрықтану басталады, ұрықтанған соң жеміс пайда болып өсе бастайды. Жеміс мөлшері үлкейгеннен бастап қызарып пісе бастайды.
Қызанақтың гүлденген кезінен қызарып піскен кезіне дейін барлығы 45-65 күнге созылады. Қызанақ жемісінің пісу мерзімін төмендегідей бөлеміз.
1-ші- Жасыл жеміс- белгілі бір мөлшерге жеткенше болады- кейін боз-жасыл түске ауысады, тұқым қабығы ұсақ болады.
2-ші-Сүтті-жемісі тығыз, жұмсағы ақшыл- жасыл кейін боз-қызғылт түске ауысады немесе сарғыш түсті болады. Тұқымы жақсы дамыған тұқым қабығы қатты.
3-ші-Сарғыш-жемісі тығыз сырты жылтыр, сарғылт-қызыл (ашық-сары) жұмсағы қызғылт (сарғыш), тұқымының ұшы сілімденген.
4-ші-Қызғылт-(сарғыштау) жемісінің тығыздығы төмен.Сыртының көп бөлігі қызғылт-сары (ал, сарғыш жемістілердікі сары-қызғылт) түсті. Жұмсағы (ашық-сары) жеуге жарамды.
5-ші-Толық қызыл- жемісі жұмсақ, қабығының түсі қызыл, жұмсағы (қызыл, қызғылт) қызыл,сары, т.б.
Егер қызанақ өте пісіп кетсе түсі қызыл-қара қошқыл түске боялады да, жұмсағы өте жұмсарып дәндік қасиеті төмендейді.
Қызанақтың (томаттың) арғы шыққан тегі жылы субтропикадан болғандықтан ол өнім өсу үшін жылы климат керек. Тұқымы өну үшін керек температура ал, ең төмені 10-12 [0] С болуы керек.
Қызанақ өсімдігі өсу үшін ең керек температура күндіз 22-240 С, ал түнде 16-18[0]С болғаны дұрыс. Егер, температура 15[0]С-тан төмен болса, қызанақ өсімдігі гүлдемейді, ал 10[0]С болса, тозаңқап жетілмейді. Қызанақтың өскіні және жас жаңа өсіп келе жатқаны 0-0,5[0]С төменгі температураға шыдай алады. Бірақ, қызанаққа 1-2[0]С суықтық жапырақтары мен сабақтарын қарайтып үсікке шалдықтырады. Ал -0,5[0]С температурада қызанақтың гүлі мен жемісі жыртылады.
Қызанақ орташа ылғалдықты қажет ететін құрғақшылыққа төзімді дақыл. Бірақ, топырақ ылғалдығы (70-80%) ал ауа ылғалдығы (60%) төңірегінде болуы қажет. Қызанақ (томат) жарық сүйгіш өсімдік. Жарық аз, жеткіліксіз болған кезде, қызанақта ассимиляция процессі тез төмендейді өсімдіктің өсуі азаяды да дамуы тоқталады. Оңтүстік аудандарда өсетін көпшілік сорттар қысқа күнділіктер болып саналады, ал солтүстік аудандарда өсетіндері ұзын күнділіктер деп аталады. Басқа көкөністерге қарағанда қызанақтың топыраққа сұранысы онша жоғары емес . Қызанақ дақылы мол өнімді жақсы қызатын органикалық заттарға бай. Құнарлы топырақтардан қарашіріктен РН 60 (5,5-6,5) болатын топырақтардан алады. Жақсы құнарландырылған құмдауытты және жартылай саз топырақтарданда қызанақтан мол өнім алуға болады. Минералдық және органикалық тыңайтқыштарды жақсы пайдаланса, қызанақ мол өнім береді. Қызанақ үшін органикалық тыңайтқыштардан (күзде) құс - мал қалдықтары (навоз) қарашірік, торфты компостар пайдалану керек. Ал, минералды тыңайтқыштардан қызанақ (томат) үшін калий мен азотты пайдалану керек. Фосфорлы тыңайтқыштарды қызанақ өте тез жеңіл қабылдайды да өте сапалы мол өнім береді.

2.4.Қызанақ сұрыптары
Қызанақ сұрыптары өсу даму кезеңдерінің ұзақтығы бойынша тез пісетіндер (өскін пайда болғаннан жемісін бірінші рет жинағанша 110-115 тәулік), орташа мерзімде пісетіндер (115-120 тәулік) және кеш пісетіндер (125-130 тәулік) болып бөлінеді. Қазақстанның Солтүстігінде аязсыз кезеңнің қысқалығына байланысты тек тез пісетін және жекелеген жағдайларда орташа мерзімде пісетін сұрыптар өсіріледі.
Ашық жерге арналған сұрыптар.
Агата. БОӨШҒЗИ-Н қырым селенкция стансасында шығарылған. Ерте пісетін, салаттық сұрып. Өсінді кезеңі- 110 күндей. Детерминантты, биіктігі 45 см, байлауды және өгей бұтақсыздандыруды тілемейді. Жемістері жайпақ- домалақша тегіс. Тасымалдылығы өте жоғары. Жемісінің салмағы 80-110 г. Жемісін бір мезгілде байлайтындығымен ерекшеленеді.
Доходный.Беларуссжеміс шаруашылығы, көкөніс шаруашылығы, картоп шаруашылығы ҒЗИ-де шығарылған. Жемістерінің бір мезгілде пісетіндігімен ерекшеленеді. Ерте піседі. Өсімді кезеңі 100-103 тәулік. Дитерминантты, жапырақтануы орташа, биіктігі 13-34 см, шашақ гүлі қарапайым, жинақы, 4 және одан да көп жемісті сұрып.
Пламя. Қазақ ККШ ҒЗИ-да шығарылған. Орташа мерзімнен ертерек піседі, өскін болғаннан жемісінің пісуі басталғанша- 100-108 тәулік дитерминантты жапырақтануы орташа өсімдік. Гүл шоғыры қарапайым және аралық. Алғашқы гүл шоғыры 6-7 жапырақ үстінен пайда болады, кейінгілері 1-2 жапырақтан кейін жемістері алғоры пішіндес тегіс, ашық реңді, өте берік, қызыл құрғақ зат мөлшері жоғары.
Персей. Принестр АШҒЗИ - да шығарылған. Тез пісетін өскін рпайда болғаннан жеміс салуының басталғанынша 90 күн қажет. Аласа бойлы сүңгекті өсімджік. Жемістің массасы 100 грамм, ашық қызғылт түсті, сәл түкті сүйкімді емдәмді. Бір түптің өнімділігі 2,5 кг.
Самаладай. Қазақ ККШ ҒЗИ - да шығарылған. Орташа мезгілде пісетін (102-114 тәулік), дитерминантты, жапырақтануы орташа жартылай аумақты өсімдік. Гүл шоғыры аралық борпаң. Бірінші гүл шоғыры 8 жапырақтан кейін бойланады, кейінгілері 1-2 күннен кейін. Жемісі алғоры пішіндес, қызыл, негізінде сәл қырлы, жарылуға берік, салмағы 78-84 г. Қызуға төзімді, жемістьері өсімдікте жетілген күйінде 20-25 күн сақталады. Дәмдік сапасы жоғары. Жас күйінде, консервілеп, өңдеп пайдалануға болады. Механизм күшімен өсіруге және жемісін бір мезгілде жинап алуға жарамды.
Сибирский скороспелый. Батыс Сібір көкөніс тәжірибе стансасында шығарылған. Дитерминантты негізгі сабағының биіктігі 50-54 см, орташа бұтақтанатын, мол жапырқты өсімдік. Жапырақтар ірі тілімділігі әлсіз, тегіс, күңгірт- жасыл, жемістері жайпақ- домалақ, тегіс, қызыл 60-100 г. Дәмдік сапасы жақсы. Жемістерінің жақсы және бір мезгілде пісуімен бағаланатын сұрып.
Московский осенний. БОКДС және ТШ ҒЗИ-да шығарылған. Бойшаң, қуатты, жапырақтануы орташа және жоғары өсімдік. Жемісі жайпақ домалақша және домалақ, тегіс және сәл қырлы, орташа көлемд. Пісіп жетілмеген жемісі жасыл, жеміс сағағында қоңыр немесе сәл дақты, пісіп жетілгені-қызыл. Жемісіндегі қағанағы дұрыс орналасқан, саны 3-5. Жеміс байланғаннан пісуіне дейін 109-126 тәулік. Жапырақтары қоңыр дақта төзімді.
Ревермун (Е1). Голландық, қысқы жылыжайлар үшін шығарылған сұрып. Бойшаң өсімдік. Жемістенуге 125-130 тәулікте кіріседі. Қысқы - көктемгі айналымдағы өнімділіг 10-13 кгм2 Бурыл даққа төзімді.
Собето (Е1). Голландық.Өскіннен алғашқы жемісін жинағанша-121-127 тәулік. Жемістері домалақ, орташа шамада, массасы 67-78 г. Жас жемістерінң дәмдік сапасы -5 ұпай. Тауарлық өнімділігі-10-16 кгм2.
Верлиока (Ғ1). ТАША-ның В.И.Эдельштейн атындағы көкөніс тәжірибе сатансасында шығарылған. Детерминантты, тез пісетін, жемісін қолайсыз жағдайда да сала алтын, ауруларға кешенді төзімділікке ие будан. Жемістенуі өскін пайда болғаннан 103-110 күн өткен соң жүреді. Жемістенуінің бірінші айындағы өнімі 7-8 кгм2.
Сольвейг (Ғ1). ТАША-ның В.И.Эдельштейн атындағыкөкөніс тәжірибе сатансасында шығарылған. Бойшаң, орташа мерзімнен ерте піседі, жемісінің орташа масссасы 120-150 г. Өнімділігі 7-8 кгм2. Жас күйінде пайдаланады.
Сюжет (Ғ1). Приднестер АШҒЗИ-да шығарыллған. Күзгі-қысқы айналымды жоғары өнім береді. Ерте піседі. (85-94 тәулік), массасы 95-100 г. Фитофторозға және микроспорозға төзімділігі орташа. Өнімділігі 15-17 кгм2.
Көктемдік пленкалы жылыжайларға арналған сұрып
Виса(Е1). Эстонияда шығарылған, тез пісетін будан. Өсінді кезені өскін пайда болғаннан алғашқы жиын-терінге дейін-92-98 тәулік.Қуатты, орташа бұтақтанатын өсімдік.

2.5.Қызанақтың агротехникасы.
Қазақстанның қызанақты көп өсіретін аудандарында (үлкен жер мөлшерлерінде) екі жер айналымы пайдаланылады: оның біреуі көпжылдық шөптесін өсімдіктерден кейін екіншісі көкөніс дақылдарынан кейін - ол органикалық тыңайтқыштармен байытылған қызанақ (томат) өсімдігі. Егер қызанақты (томатты) онша үлкен емес, жерге ексек, онда қызанақпен бірге бұрышпен бакложанды да егуге болады. Қызанақ егудің алдында көкөніс дақылдарынан бадрен, немесе басқа асқабақ тұқымдастарын, пияз, сәбіз, бұршақтар, орамжапырақтар егу керек. Картоп, баклажан немесе қызыл бұрыш егілген егісті алқапта 3 жылға дейін осы жерге қызанақты егуге өсіруге, өндіруге болмайды. Себебі бұл жерде өсірілген бұрынғы дақылдардың ауруларының споралары әсіресе (фиблфтора) қосып қойып таралады еккен қызанақты ауруларымен жарақаттайды.
Қызанақты себу, өсіру үшін алғаш жерлер таңдалады. Олар Республикамыздағы орталық, солтүстік аймақтар, қызанақтың ең жақсы өсетін жерлері оңтүстік жоғарғы немесе ортаңғы бөліктері. Қорғалған орманды белдеулер т.б. Қызанақ өсуіне жарамсыз жерлер олар нашар қызатын топырақты, жер асты жақын жерлер болып есептеледі. Оңтүстік аудандардағы жерлер шөп-шалаң құнғақ бұталардан тазартылған ылғалға жақын орналасқан, суаруға қолайлы болу керек.
Топырақты өңдеу.
Қызанақ егу үшін дайындықты күзден бастау керек. Алғаш бұрынғы егілген дақылдардың қалдықтарынан тазарту керек. Ерте пісетін дақылдардан кейін тереңдігі 6-8 см жыртып, артынша тырналап, содан кейін 28-30 см тереңдікте жырту керек. Кеш пісетін дақылдардан кейін қызанақты орналастыру үшін солтүстік аудандарда аудармай сүре жырту керек. Ал оңтүстік аудандарда қалған арамшөптерді шығару үшін және жер жыртудың сапасын арттыру үшін, екінші аудармай жыртудың алдында шамамен 1 га 300-400 м3 сумен суарады. Топырақты көктемге дайындап өңдеу үшін және ылғалдықты сақтап қалу үшін топырақты ерте тырмалау керек. Ерте және орташа өсетін көшеттерді оңтүстік аудандарда өсіру үшін 10-12 см тереңдікте отырғызу алдында культивациялау керек. Ал, кеш отырғызатын оңтүстікте сондай-ақ солтүстікте және орталық аудандарға 2 култивация - біріншісі 12-14 см тереңдікте, 2-шісі тереңдігі 8-10 см жүргізіледі де, артынша тырмалайды. Құрсақ емес ауыр топырақты аудандарда, бірінші культивацияны сүре жыртумен бірге жүргізеді де артынша тырмалайды.
Қызанақ өсетін топырақты құнарландыру. Қызанақ өсетін топырақты органикалық тыңайтқыштармен құнарландыру үшін 1 га жерге 30-60 т шашу керек. Ол топырақты құнарландыратын түрлеріне байланысты болады. Көпшілік жағдайда қызанақ өсетін топырақты құнарландыру үшін органикалық және минералдық тыңайтқыштардың қосындысын пайдалану керек. Қызанаққа пайдаланатын азотты тыңайтқыштарға жататындар: аммиак силитрасы, аммонии сульфаты және могевина ал, фосфорлыларға суперфосфат, калийлерге- хлорлы калий және калийлі тұздар, сонымен қатар күрделі тыңайтқыштарға-нитрофоск және алмофос.
Топырақты өңдеудің дәрежесіне және түріне байланысты және жоспарланған өнімге байланысты минералды тыңайтқыштардың дозалары да әртүрлі болады.
Қазақстанның көкөніс зерттеу институтының зерттеу нәтижелерінің көрсеткіштері бойынша 1 га жерден 100-300 қызанақ жемісінің өнімін алу үшін күлгін-сары топыраққа №30-90, Р80-140, К30-120, 200-400га қызанақ өнімін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Стандартпен нормаланады мөлшері жемістер
Қызанақтың экологиялық – биологиялық ерекшеліктері
Томат помасынан қабықтар мен тұқымдарды бөлу
Ұсақ жемісті қызанақтар
Қызанақтың аурулары
Қызанақ дақылы
Қызанақ дақылын өсіру
Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы қызанақ дақылы мен оның аурулары
Қызанақтың микрорганизмдік аурулары
Қызанақ жылу сүйгіш өсімдік
Пәндер