Нивелирлер


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:
Кіріспе
Нивелирлер - жер бетінің бір нүкте мен екінші нүкте аралығындағы өзара биіктікті анықтайды. Өзара биіктікті анықтау әдісі және қолданылатын аспаптарына байланысты нивелирлеудің келесі түрлері бар: геометриялық нивелирлеу, тригонометриялық нивелирлеу, гидростатикалық нивелирлеу, барометрлік нивелирлеу, механикалық нивелирлеу. Нивелирлер дәлдігіне байланысты: жоғарғы дәлдікті нивелир (Н-05), дәл (Н-3) және техникалық (Н-10) . Нивелирлер 2 қасиет бойынша: дәлдігі бойынша, визирлық ості горионталь жағдайға келтіру бойынша бөлінеді. Құрылғысының ерекшелітеріне қарай нивелирдің екі түрі бар: деңгейлеуішті және компенсаторлы нивелирлер. Қазіргі кезде техникалық нивелирлеу үшін дәл нивелирлер Н-3, Н-3К, техникалық Н-10КЛ нивелирлері қолданылады.
Нивелирлер дәлдігіне байланысты МЕСТ10528-76 сәйкес түрге бөлінеді: жоғарғы дәлдікті нивелир (Н-05), дәл (Н-3) және техникалық (Н-10) . Бұл жердегі көрсетілген сандар өзара биіктіктің км екі жүрістегі орта квадраттың қатесін көрсетеді: Н-05 m=0, 5 мм: нивелир Н-3 m=3 мм; нивелир Н-10 m=10мм. Құрылғысының ерекшелітеріне қарай нивелирдің екі түрі бар: деңгейлеуішті және компенсаторлы нивелирлер. Қазіргі кезде техникалық нивелирлеу үшін дәл нивелирлер Н-3, Н-3К, техникалық Н-10КЛ нивелирлері қолданылады. Нивелир Н-3. Оның көру дүрбісі ішкі фокустеуге жатады. Дүрбіні фокустеу үшін кремальер бұрандасы бар. Нивелир бекіту және микрометр бұрандаларымен жабдықталған. Нивелирдің контактылы цилиндірлік деңгейлеуіші және элевациялық бұрандасы бар. Нивелир Н-3К . Көру дүрбісінің тұғырында бекіту бұрандасы жоқ, дүрбіні нысаналау үшін микрометр бұранда бар. Нивелир Н-10КЛ техникалық компенсаторлы нивелирлер түріне жатады, оның құрамында оптимеханикалық компенсатор бар. . Көру дүрбісі тура бейнеліге жатады. Нивелирде туралау бұрандасы жоқ.
Нивелирлеу әдістері
Инженерлік құрылыстарды тексеру, жобалау, құрылыс жүргізу және эксплатациялау жұмыстарында жергілікті жер бедерін немесе рельефін білу қажет.
Сонымен қатар жер бедерін білу ең алдымен жергілікті жерде сипаттық нүктелердің биіктік белгісін (отметка точки) білу, ал нүктенің белгісін анықтау нивелирлеудің мақсаты болып саналады.
Нивелирлеу Жер беті бөліктерінен таңдап алынатын нүктелер биіктіктері айырмалары мен оларға есептеулер жүргізу бағытындағы жазықтыққа қарағанда салыстырмалы биіктіктер өлшемдерін анықтаудағы геодезиялық жұмыстардың бір түрі деп айта аламыз.
Былайша айтқанда жер үстінде бір нүктенің басқа бір нүктеге қарағанда тұрған жерін белгілеу үшін қолданылады.
Кеңес Одағында, бастапқы есептеу жүргізетін негізгі жазықтық ретінде мұхит деңгейінде болатын деңгейлік жазықтық - геоид аталымының қабылдауына сәйкес, балтық теңізінің орта деңгейліктегі жазықтығы алынуы.
Қажетті өлшеу жұмыстарын жүргізу талаптарына сәйкес нивелирлеу әдістері:
- геометриялық;
- тригонометриялық;
- физикалық;
- ;
- автоматтандырырған деп бөлінеді.
Геометриялық нивелирлеу әдісі нивелир деп аталатын өлшем аспабын пайдалану барысында, ізделінді өлшем бірліктерінің көкжиектік бұрыш арқылы анықталуын сипаттайды.
Тригонометриялық нивелирлеу әдісіне келетін болсақ; бұл жағдайда теодолит-тахеометр аспабы қолданылып, ізделінді өлшем бірліктері көлбеулік сәулелер арқылы белгілі болатынын айта аламыз. Сонда, осы әдістің колданылу нәтижееінде, түзулік бағыттағы белгілердің ара қашықтығы және көлбеулік бұрыш атауларьг анықталады.
Физикалық нивелирлеу әдісі:
- барометрлік;
- гидростатикалық;
- аэронивелирлеу түрлеріне бөлініп қарастырылады.
Барометрлік нивелирлеу жағдайында барометр аспабы қолданылып, таңдап алынған нүктелік орындардың қысымдары анықталады, осы қысымдықтары анықталады, осы қысымдық өлшем бірліктерінің айырмасы бойынша, сол нүктелердің өзара қандай биіктіктерде болатыны есептеленіп шығарылады.
Гидростатикалық нивелирлеу әдісі өзара жалғасқан ыдыстардағы сұйықтықтардың беттік жазықтық бөлігіне тәуелсіз шартта, бір деңгейде болу қасиеттеріне негізделгенін айтуға болады.
Сол сияқты, аэронивелирлеуәдісіне тоқталатын болсақ, онда ұшақта орналастрылған радио-биіктік және статоскоп аспаптарының көмегімен ұшып келе жатқан ұшақтың, Жер беті беделдік құрылымдарын қандай биіктіктерінде болатыны анықталып отырады. Осы биіктік бірліктер нәтижелері бірге қарастырылады да, Жер бетіндегі нүктелік аралықтардың өлшемдеріне сәйкес биіктік айырма мәндері белгілі болады.
нивелирлеу жұмыстарында, негізінен, қарастырылып отырған жергілікті ауданның кем дегенде екі суреттік кескіні алынып, қажетті өлшем бірліктері анықталады да, ізделінді өлшемдер есептеленіп шығарылады.
Автоматтандырылған нивелирлеу жұмыстарында арнайы өлшем аспатраы пайдалнылып, қарастырылып отырған жергілікті ауданның кескіні сызылып бейнеленеді де, ізделініп отырған өлшемдік бірліктер белгілі болады.
Қорыта айтқанда, жоғарыда айтылған нивелирлеу әдістерінің, берілген шарттарға қатыст, қайсысы ыңғайлы болса, сол түрі қолданылады. Инженерлік геодезияда геометриялық нивелирлеу әдісінің маңызы зор және ол өте жиі қолданылады. Ол нивелир деп аталатын өлшем аспабын пайдалану барысында, ізделінді өлшем бірліктерінің көкжиектік бұрыш арқылы анықталуын сипаттайды.
Геометриялық нивелирлеудің екі әдісін айырады: ортадан бастап нивелирлеу және алға қарай нивелирлеу (9 сурет) .
Инженерлік геодезияда жиі қолданылатын геометриялық нивелирлеу әдісі:
- ортадан бастап нивелирлеу;
- өлшемдер бағытындағы нивелирлеу түрлеріне бөлініп қарастырылады.
Нивелирлеу әдістерінің бірінші түріне тоқталатын болсақ, онда нивелир аспабы жергілікті аудан бөлігінен таңдап алынған А және В нүктелерінің ортасына орналастыры, оның нысаналау түтікшесін көкжиектік бағытқа бағыттайды (9 сурет, а) . Сонда, аталған нүктелердегі, тікелік рейкалардан есептеулерді төменнен жоғары бағытта есептей отырьш:
h = a - b
айырмасын жазуға болады. Мұндағы а және в белгілеулері тікелік рейкалардан анықталған биіктік өлшем бірліктері.
Мұхиттың деңгейлік беті А
0 - - 0
Мұхиттың деңгейлік беті
а б
9 Сурет. Нивелирлеу
А - ортадан бастап нивелирлеу; б - өлшемдер бағытындағы нивелирлеу; в - 1, 2 көкжиек болғанда ортадан бастап нивелирлеу
Бұл жағдайда, нивелирлеу жұмысы А нүктесінен В нүктесі бағытында жүргізілген болса, онда А нүктесінде орналастырылған тікелік рейка есептеліну басындағы, ал, В нүктесіндегі рейка есептелену соңындағы рейка болып аталады да, бастапқы және соңғы рейкалар есептелінулерінің айырмасы үшін, а>в болса, сол айырма оң шама, а<в болса, теріс шама. болатын шарттары анықталады.
Сол сияқты, нивелирлеу әдісінің екінші әдісін келесі тұжырымдарда айтуға болады.
Сонда, нивелирлеу окуляр бөлігі АВ бағытына сәйкее келетін қалыпта, А нүктесінен өтетін тікелік түзумен сәйкестікте орналастырылады да, нысаналық ось көкжиектік бағытқа келтіріледі. Содан кейін, өлшем ас-пабының биіктік бірлігі і алдын ала анықталып, В нүктесіндегі тікелік рейкадан есептеліну бірліктері в белгілі болғаннан сон, биіктіктер (9 сурет, б) айырмасын:
h= і - в ,
есептеп шығуымызға болады.
Егер, ортадан бастап нивелирлеу әдісіне сәйкес, А нүктесінің деңгейлік беттен биіктігі Н А белгілі болатын (9 сурет, а) h болса, онда В нүктесінің:
HB = H А + h
Биіктік бірлігін теңдігіне қатысты анықтауға болатынын айта аламыз.
Нивелир құрылысы
Нивелир - геодезиялық өлшеу жұмыстарында өте жиі қолданылатын аспап.
Нивелирдід негізгі құрылысы:
- орнықтыру табаны;
- нысаналау түтікшесі;
- цилиндрлік деңгейлегіш бөліктерінен тұрады Нивелирмен өлшеу жұмыстарын жүргізбес бұрын, оны алдын ала дөңгелек деңгейлегіш арқылы әзірлікке келтірілу қажет. Суретте көрсетілген (10-сурет) нивелирдің сыртқы құрылымдық түрі НВ-1 белгілеуінде болады да, ол қажетті техникалық шарттарды қанағаттандырып III жене IV класты нивелирлеу бірліктерін анықтайтынын айтады.
10 Сурет. НВ-1 нивелирі
1-нысаналу түтігі; 2- фокусқа қоятын винт; 3- окуляр; 4- көтеруші винт; 5-объектив; 6-цилиндлік деңгей қорабы; 7-элевациондық винт; 8-дөңгелек деңгей; 9- көздеу нысаны.
Қорыта айтқанда, өлшеу жұмыстарында бір ғана НВ-1 ивелирі емес, осы нивелирге құрылымы ұқсас НГ, НТ, Е10, Н-3, НЗК, НС4 нивелирлері де қолданылады.
НС4 нивелирі. Бұл нивелир жылжымалы өзі орнықтырылатын нысаналау сызығымен қамтамасыз етілген, жалпы көрінісі 11 суретте келтірілген.
11 Сурет. НС-4 нивелирі:
1- бағдарлайтын құрылғының винті; 2 - кремальера; 3 - көрермен түтігінің объективі
НЗК нивелирі. Ол горизонталды бұрыштарды өлшеу және құру үшін горизонталды шеңбермен қамтамсасыз етілген.
Нивелирлік рейкалар - нивелирлеу жұмысында қолданылады, екі құрлы бөренелерден тұрады, олар бір-бірімен шарнирлі қосылған немесе байланысқан (12 сурет) .
Жұмыс барысында рейкалардың ұзындығы 3 және 4 метр, олардың шифрлары сәйкесті РН3 және РН4, рейкалардың ені 8-10 см, қалыңдығы 2-3 см. Рейкада дойбылы сантиметрлер бөліктері салынған және дециметрлік мөлшерлері астынан үстіне қарай жазылған. Бөліктер рейканың бір жағында қара түсті және нөлден басталады, басқа жағында қызыл түсті және дөңгелек емес санннан басталады, мысалы 4682 мм.
Рейкада өлшем деп рейка тұрған жердегі нүктеден вертикал бойынша нысандау сәулесіне дейінгі қашықтықты айтады. Рейка жерге нөл бөлігімен төмен қойылады, сондықтан бұл қашықтық шамасы жіптер торының горизонтальды жібімен беттескен немесе сәйкесті болады.
Өлшеу дәлділігі 1 мм-ге дейін, бірақ рейканың ең кіші бөлігі сантиметрлерде болғандықтан, миллиметрлерді көзбен болжап алу керек болады. Ескерілетін нәрсе дециметрдің басы санның үстіңгі жағымен бірдей болады. Әр дециметрдің бес саны вертикальды сызықпен Е әріпі түрінде біріктірілген.
Рейка бойынша өлшем немесе есеп төрт саннан тұрады: бірінші екеуі - рейкада жазылған дециметрдің нөмірі, үшінші - дециметрден бастап тордың горизонтальдық жібіне дейінгі толық сантиметрлар саны, төртінші сан - көзбен жобамен алынған миллиметрлер саны.
11 Сурет. Нивелирлік рейка. Жұмыс (қара) және бақылау (қызыл) жағы
Нивелирдің нысаналау түтігінің көру деңгейі бойынша рейкадағы есеп мөлшері, мына суреттегідей 2115 тең.
Теоделит - күрделі геодезиялық аспап. Көк жиектік және тік бұрыштық жер түсіруде қолданылады, алаңдардың горизонтальды және вертикальды бұрыштарын анықтайды. Маркалары: дәлділігі өте жоғары - ТО5, Т1, дәлді Т2, Т5, Т5К және техникалық Т30, Т15, Т15 К, ТОМ, 2Т30, 2Т30П (12, 13 суреттер) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz