Ат спорты


Пән: Спорт
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Адам баласы жабайы жылқыны осыдан мыңдаған жылдар бұрын қолға үйреткен. Жылқыны өз тіршілігіндегі шаруашылыққа пайдалы үй жануарына айналдырған. Сондағы алғашқы көздеген мақсаты, оны мініс көлігі ретінде пайдалану еді. Себебі басқа жабайы аңды аулау үшін, атқа мініп қуып жетіп ұстаудың ыңғайлы екенін сол кезден-ақ түсінген. Жылқыны бастапқыда қай ұлттың қолға үйреткенін және алғаш рет қалай ерттеп мінгенін, құрал-саймандары мен ертоқымның қашан немесе қайда пайда болғанын, оның нақтылы мерзімін қазір айту өте қиын. Соның өзінде де жылқыға және оның адамға берер пайдасы мен қажеттілігіне жетер мал жоқ.

Тарихи шежіредегі мыңдаған жылдар, тіптен ғасырдан-ғасырлар бойы, осы «мініс аты» адамның тұрмыс-тіршілігінде пайдаланатын сенімді серігі мен ажырамас көмекшісі болған. Адамдар осы атпен өз мақсаты үшін бір жерден келесі аймаққа жеткен. Атқа мініп аң аулаған, жаңа жерді игерген, мал баққан, жорыққа шыққан. Елі мен жерін қорғаған. Шаптырып, бәйгеге қосқан, атсайыс ойынында жекпе-жекке және бәсеке-сайысқа түскен.

Қазіргі заман талабы адамның өмір салты мен тіршілігін өзгертті. Өмір сүруге деген көз қарасы мен тұрмыс жағдайының мүмкіндігі де өзгерді. Бірақ жылқыға деген ерте заманнан бері келе жатқан сүйіспеншілік, оны тек көлік малы ретінде ғана пайдаланумен шектелмеді. Адам баласының атқа салт мінуге, оның атсайыс өнеріне қызығушылығы мен құмарлығы осы күнге дейін сақталған. Атсайыс ойынының қыр-сырлары ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, ғасырдан-ғасырға өткен. Әйтсе - де сол алғашқы қалпында, жаңарған немесе жетілген күйінде, ата-бабамыздан бізге жеткен атсайысының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін әрі қарай жалғастыруда.

Ат спорты - ат үстінде орындалатын спорттық жарыстар. Ат спортының қазіргі заманғы түрлері: атпен мәнерлеп жүру (жай жүру, желдіру, шоқырақтатып шабу, пассаж, пьяффе т. б. ), кедергілерден өту (конкур-иппик), үш сайыс (манежде жүру, алаңда атты сынау және кедергілерден өту), жарысу (1200-3200 м қашықтықты барынша тез шауып өту, стипл-чейз, кросс), атпен аң аулау, үлкен қашықтыққа ат шаптыру (25, 50 және 100 км) т. б. ; ұлттық түрлері: бәйге, аударыспақ, көкпар, қыз қуу, теңге ілу. Ат спортынан ең алғашқы Олимпиялық ойындар б. з. б. 680 ж. өткізілген. Атпен жүрудің арнаулы мектептері 16 ғ-дың бас кезінде Италияда, Францияда, Австрияда пайда болды.

Ат спорты Олимпиялық ойындар бағдарламасына 1900 ж., дүние жүзі және Еуропа чемпионаттары бағдарламасына 1953 ж. енгізілді. Халықар. Ат спорты федерациясы (FEІ) 1921 ж. құрылды. Қазақстан оған 1952 жылдан мүше. 1956 ж. Алматыда алғашқы Ат спорты мектебі ашылды. Қазақстандық шабандоздар алғаш Олимпиялық ойындарға 1960 ж. қатысты. Шабандоз С. Филатов Абсент атты ахалтеке сәйгүлігімен (Жамбыл обл, Луговой жылқы з-ты) ең жоғарғы көрсеткішке жетіп, 1 алтын (Рим - 1960), екі қола медальді жеңіп алды (Токио - 1964; Мехико - 1968) . 1996 ж. Кечкемет қаласында (Венгрия) дүние жүзі ат спортшыларының 1-фестивалі өтті. Оған 23 мемлекеттің шабандоздары қатысты. Осы жарыста қазақстандық атбегілер ұлттық А. с. түрінің бәрінен өнер көрсетіп, жеңіске жетті. Абайдың (1995), Жамбылдың (1996), М. Әуезовтың (1997) мерейтойлары құрметіне ұйымдастырылған халықар. деңгейдегі аламан бәйгелерде қазақстандық шабандоздар Т. Медеушиев, О. Әмірғалиев, А. Өзіқазақ, Н. Сатыбаев т. б. жүлдегер атанды.

Қазақстан шабандоздары 1956 жылы Қазақстандағы ең алғашқы ат спортының мектебі ашылған сәттен бастап, 1993 жылға дейін КСРО-ның барлық Чемпионаттарына қатысып, бұл жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпаздары атанды (конкур - А. Тишков, үш сайыс - А. Калашников, А. Трубицын, ат үйрету - А. Танков) .

Қазақстан командасы 12-Азия ойындарына (Херосима қ., Жапония), 15-Азия ойындарына (Доха қ., Катар), 16-Азия ойындарына (Гуанджоу қ., ҚХР), 17-Азия ойындарына (Инчхон, Корея), сондай-ақ 2014 ж. Франция Нормандиясындағы Дүниежүзілік ат ойындарына (Әлем чемпионаты) қатысты.

1999 ж. Сеул қаласында кедергілерден өту бойынша Азия чемпионатында Қазақстан командасы 2-орынды, ал Петр Соловьев жеке есепте 3-орынды имеденді. 2000 ж. Қытайдағы (Бейжің) Шығыс-Азиялық елдердің чемпионатында В. Гулевых жеке есепте екінші орынға шықты. 2005 ж. Азия чемпионатында (Тайвань) Қазақстан спортшылары командалық есепте бірінші орын алды (П. Соловьев, Е. Мороцкий, О. Попеляев) және жеке есепте 1, 2-орындарды иемденді (Е. Мороцкий -1-орын, О. Попеляев - 2-орын. )

Біздің шабандоздар Әлем Кубогы Кезеңдерінің жеңімпаздары болды, ал 1998 жылдан бастап Әлем Кубогы Кезеңдері тұрақты түрде Қазақстанда өтеді. 1999 жылы Қазақстанның бастамасымен жаңа Орталық Азия Әлем Кубогының Лигасы құрылды. 1999-2000 ж. маусымының Орталық Азия Әлем Кубогы Лигасының бірінші жеңімпазы халықаралық сыныптағы спорт шебері Петр Соловьев атанды. Осылайша, жыл сайын Лиганың ең күшті спортшылары Орталық Азия лигасы өткізетін әлем Кубогы Кезеңдерінде кездеседі. Кезең нәтижелері бойынша Әлем чемпионатына қатысу мәртебесі берілетін жеңімпаз анықталады.

2011 ж. алғаш рет ат спорты III Қазақстан Спартакиадасының бағдарламасына қосылды.

Қазіргі таңда Қазақстанда Халықаралық ат спорты федерациясы тарататын классикалық ат спортының (Олимпиада ойындары) барлық 3 түрі де дамуда:

1) кедергілерден өту (конкур) ;

2) ат үйрету (атпен жүрудің жоғарғы мектебі) ;

3) үш сайыс (конкур, ат үйрету және өрістік сынақтар немесе ашық жердегі кросс) .

Атсайыс ойыны мен атқа салт міну өнері, шабандоз бен мініс атының біріге орындайтын шеберлігі. Яғни бұл екі жақтылық ұғымды да білдіреді. Бірінші жағынан осы шабандоздың қалыптасқан спортсмен ретіндегі жеке дайындығы. Келесі, екінші жағынан оның өзіне лайықты мініс атын таңдай білуі. Шабандоздың сол жылқыны сайыс түрлеріне байланысты дайындауы мен шыңдауы, жылқының спорттық бағытын сақтауы. Ат ойындарының түріне байланысты пайдалануы, сондағы оның атсайыс өнеріндегі жетістікке немесе жеңіске жетуінің жалғыз әрі даңғыл жолы.

Ат спортындағы нақтылы ойын түрінің ережесі, қатысушының (бірі-біріне, екеуі-біреуіне, топ-топқа, қарсылас немесе команда) мініс атын басқару шеберлігі жағынан түрлі сипаттағы аттардың жарысына қатысуы. Ат ойыны - оған салт міну өнерінің ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан асыл мұрасы немесе өзіндік жанры. Мұндағы шабандоздың жылдамдығы, ептілігі мен атты басқару және ат құлағында ойнау шеберлігі. Оның мәнерлі әрі әсем жүріс өнері мен қимыл-қозғалысының үндестігі. Олардың шабытының бір арнаға құйылуы.

http://saigulik.kz/wp-content/uploads/2017/07/3-300x176.jpg

Жылқыны тербелмелі жеңіл арбаға жегу және оның «желіп» жүрудегі алғашқы түрі. (суретте аттың «желіс» аллюрі айқын байқалады)

Атсайыс ойынының барысындағы шабандоз бен оның мінген атының бірігіп орындаған қимыл-қозғалысының үндестігінің соңғы нәтижесі - «жеңіс». Мұнда шабандоздың толғанысы мен өзіне бағынған атпен түсінушілік қарым-қатнасы мен сезімінің қыр-сырлары ашылады. Оған жас жеткіншек те, бозбала мен бойжеткен де, ересектер де, әйел мен ер адам да қатыса алады. Яғни жас пен жыныстық жағынан шектеу болмайды. Кейбір атсайысы ашық көгалды алаңда жүргізіледі. Екіншісі - қала мен ауылдық жердегі салтанатты мереке мен мейрамда, жеке адамның әртүрлі мерейлі той-томалағында ұйымдастырылады. Үшіншісі - ипподромдағы ат шабыс жарысында, ал төртіншісі - манежде, бесіншісі - тіпті цирк аренасында да өткізіледі.

Атсайысының қандай түрі болмасын, қандай жерде өтпесін жылқы сүйер көрермен мен халық арасында маңызы зор. Әсіресе аттың қадірін білетін, оны әспеттеп әрі қастерлейтін, оның өнерін тамашалайтын қалың қауым арасында үлкен құрметке ие. Өз көрерменін әдемі әрі тартымды көрінісімен қызықтырады, әсерге бөлейді және ат өнеріне деген сүйіспеншілігін арттырады.

Атсайыс ойыны - шабандоздың өнері мен сайысы, оның қайталанбас ерекшелігімен және орындалу талантымен айқындалады. Оның шеберлікпен орындаған әсерлі қимылымен сипатталады. Сайыс өнері - шабандоз бен аттың көрермен жүрегін жаулап алатын көрсетілімі. Адам мен аттың қозғалыс бірлестігін қажет ететін және біріге қимылдауы арқылы берілетін үндестігі. Адам мен аттың көрерменге берер тамаша қойылымының көрінісі.

Көрермен қауым - атқа салт мінудің көптүрлі ұлттық формасының ғасырлар бойы өшпеген, өзіндік калориты бар әртүрлі қызықты өнерін тамашалайды. Табиғаттың алғашқы шымылдығының бояуындай және өзінің жарқын бейнесін тапқандай болып әсерленеді. Бұл сезімдер ат өнерін қызықтайтын көрермен қауым арасында осы күнге дейін сақталған. Сол қалпында немесе заман талабына қарай жетілдірген күйінде ұрпақтан-ұрпаққа, әкеден-балаға, атадан-немереге үздіксіз ғасырдан-ғасырлар бойы беріліп келеді.

Атсайыс ойынының диапазоны өте ауқымды және көп бейнелі. Оның әр қайсысының тарихы - ұлттық және рухани әдет ғұрыпқа сай, өзіндік қайталанбас түрі мен тәртібі бар. Ат ойынының шығуына сол халықтың тіршілігі мен тұрмысының өзіндік калоритінің ерекшелігі негіз болған. Әр ұлттың өзіндік ұлттық салт-дәстүрі мен сән-салтанатының да маңызы ерекше.

Атсайыс ойыны - әр ұлт пен әр халықтың даму ерекшелігі, оның мәдениеті. Онымен біртұтас қалыптасқан әрі ажырамас бірге. Атсайыс ойыны адамды тірі табиғатпен байланыстырады. Әр ұлтты немесе халықты бір-бірімен тілсіз ұғындырады. Атсайысы адам баласының қалыптасуы мен шынығуына ықпал етеді. Адамға табиғат аясында белсенді түрде демалу мүмкіндігін береді. Оның денсаулығына да пайдалы. Табиғаттағы жанды түлік тірі - «атпен» толық қанды араластырады. Үнсіз табыну мен тіл табысу құралы ретінде танылады. Жанын жадыратады, тылсым табиғатпен тілдестіреді, рухани байлығын көтереді. Өміріне күш-қуат пен дем береді, көңіліне сенімділік ұялатады.

Атсайыс ойындарының түрлері - оның жүргізілу бағыты мен жылқының жаттықтыру деңгейіне байланысты. Ат спорты сайыстары өзінің бағытына байланысты «кәсібилік», «классикалық» және «ұлттық» ойындарына бөлінеді. Бұл сайыстар - ежелден келе жатқан ат ойынының жалғасы және оның спорттық бағытындағы жоғарғы мектебі. Адамның өмір-тіршілігіндегі баға жетпес тарихи құндылығы мен өшпес ізі және жылқы өнерінің қайталанбас туындысы.

Кейінгі жылдары Қазақстанда ат спортының жазықтағы шабысы, сайыс ойындары кең ауқымда қанат жайып даму үстіне дамуда. Сонымен қатар, жоғарғы шеберлікке дайындайтын ат спорты мектебіндегі классикалық ойындарға дайындығы да көпке әйгілі бола бастады. Аттың «жазықтағы» және « желіп» шабуы, классикалық және ұлттық атсайыс ойындары - оның өнерін сүйіп көретін жанкүйері мен көрермен көпшілік қауым тамашалайтын қызықты көрініс. Көрермен көңілін жайландырады және демалдырады.

Кәсібилік түрлері - ат спорты бағытында өсірілетін жылқының жұмыс сапасын, яғни оның қарқындылық қабілетін ипподромда сынау мақсатында жүргізілетін ат шабысының жарысы. Олар - мініс жылқысының «жазықтағы» (гладкая скачка) және «кедергілі» (барьерная скачка) шабыстары. Ал желғор жылқысының қос доңғалақты тербелмелі арбаға (качалка) жегудегі «желіп» шабуы (бега) . Сонымен бірге күрделі әрі қиын атсайыс жарысы - «стипль-чез».

http://saigulik.kz/wp-content/uploads/2017/07/5-1-300x207.jpg

http://saigulik.kz/wp-content/uploads/2017/07/5-3-300x200.jpg

Ат спортының кәсіби түрлері - жазықтағы шабыс (гладкая), жеңіл арбаға жегілген желғордың желіп шабуы (бега) және кедергілік

шабыс (барьерная)

. http://saigulik.kz/wp-content/uploads/2017/07/6-1-300x238.jpg http://saigulik.kz/wp-content/uploads/2017/07/6-2-300x243.jpg

http://saigulik.kz/wp-content/uploads/2017/07/6-3-300x256.jpg

Ат спортының кәсібилік түрі - атсайысының ең күрделі жарысы «с типль-чез».

Классикалық түрлері - ғасырлар бойы тарихи қалыптасқан күрделі әрі ежелден келе жатқан атсайыс өнерінің туындысы. Шабандоздың мінген мініс атын меңгеру шеберлігі мен ат өнерінің жарысы. Олар - аттың мәнерлі әрі әсем жүрісі (выездка) немесе атқа салт міну өнерінің жоғарғы мектебі, кедергілерден қарғу (конкур) және үш сайыс (троеборье) .

http://saigulik.kz/wp-content/uploads/2017/07/7-1-300x257.jpg http://saigulik.kz/wp-content/uploads/2017/07/7-2-300x245.png http://saigulik.kz/wp-content/uploads/2017/07/7-3-300x285.jpg

Ат спортының классикалық түрлері - мәнерлі жүрісі (выездка) немесе «атқа салт мінудің жоғарғы мектебі» және кедергілерден қарғу (конкур) .

http://saigulik.kz/wp-content/uploads/2017/07/8-1-300x223.jpg http://saigulik.kz/wp-content/uploads/2017/07/8-2-232x300.jpg http://saigulik.kz/wp-content/uploads/2017/07/8-3-300x211.jpg

Ат спортының классикалық түрі - үш сайыс (троеборье) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жылқы малы қазақ халқының ежелден келе жатқан, тарихи қалыптасқан түлігі
Дизайн қызметінің жалпы типологиясы
Ұлттық ат ойындары
Тракенен жылқы тұқымының сипаттамасы
Жылқы спорты мен ат ойындары
ҚР дене тәрбиесі мен спорттың дамуын жоспарлау
Қазақстандағы отбасылық дәстүрлер
Спорт жылқысын таңдау және дұрыс пайдалану
Ұлттық спорт түрлері. Ойын ережесі
Көкпардың жалпы ережелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz