20 ғасырдың орыс зерттеушілері


20 гасырдын орыс зерттеушилери
Алексей Ираклиевич Левшин
Алексей Ираклиевич Левшин (1799 - 16/28. 9. 1879, Курск губ. ) - Ресей тарихшысы, түркітанушы. Харьков универститетін бітірген (1818) . 1831 - 37 ж. Одессаның қала бастығы, 1844 ж. ауыл шаруашылығы департаментінің директоры болды. Ол орыс география қоғамының негізін қалаушылардың бірі. 1868 жылдан Мемлекеттік Кеңес мүшесі. [1] Левшин Ресейде қазақтар жөнінде алғаш монографиялық еңбек жазған адам. Левшиннің “Қырғыз-қазақ немесе қырғыз-қайсақ далаларының сипаттамасы” (1832) атты еңбегінің 1-бөлімінде қазақ жерінің географиялық сипаттамасы берілген. 2-бөлімі қазақ халқының тарихына, 3-бөлімі этнографиясына арналған. Бұл еңбегінде Левшин “қазақ” деген атауға ғыл. анықтама беруге тырысты. Қазақ халқының Ресей әкімш-не өтуінен бастап, 19 ғ-дың басына дейінгі Орынбор әкімш. және орыстармен арадағы сауда, ресми және саяси қарым-қатынастан көптеген мағлұматтар береді. Левшиннің “Орал казактарының тарихы және статистикалық сипаттамасы” (1823), “Кіші жүз ханымен (Шерғазымен 1820 ж. 16 қазан) кездесу”, “Татарлардың ежелгі қаласы Сарайшық туралы хабар” (1824), “Қазақ халқының аты-жөні және оның нағыз немесе жабайы қырғыздардан айырмашылықтары туралы” (1827), т. б. еңбектері бар.
Достоевский Федор Михайлович
Достоевский Федор Михайлович (Федор Михайлович Достоевский; 30 қазан (11қараша) 1821 жылы, Мәскеу, Ресей империясы - 28 қаңтар (9 ақпан) 1881 жылы, Санкт-Петербор, Ресей империясы) - ең атақты орыс жазушыларының және ойшылдарының бірі.
Достоевский Федор Михайлович - орыс жазушысы, Санкт-Петербург Ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1877) . Ол 1821 жылы он бірінші қарашада Мәскеу қаласында туған. 1843 жылы Санкт-Петербург әскери-инженерлік училищесін бітіреді. 1847 жылдан Михаил Петрашевскийдің қоғамына қатысқаны үшін 1849 жылы қамауға алынып, өлім жазасына кесіледі. Бұл жаза каторгамен ауыстырылып, 1850 - 54 жылдары Омбыда айдауда, кейін қатардағы солдат болды. 1854 жылы ОмбыдаШоқан Уәлихановпен танысады, бұл таныстық Семейдегі кездесулерден соң үлкен достыққа айналды. 1859 жылы Достоевский Тверь, кейіннен Санкт-Петербург қаласында тұруға рұқсат алады. Өз ағасы Михаил Достоевскиймен бірге 1864 жылға дейін «Время» (1861 - 63) және «Эпоха» (1864 - 65) журналдарын шығарып тұрды. 1862 - 63 және 1867 - 71 жылдары шет елде болды. 1873 - 74 жылдары князь Владимир Мещерский шығарып тұрған «Гражданин» журналының редакторы болды. Достоевскийдің «Бейшаралар» (1846 қазақшаға 1955 жылы Сәйділ Талжановаударған) атты алғашқы романы оның шығармашылық қуатын танытты. Кейінірек, «Қор болғандар мен қорланғандар» (1861), «Өлі үйден хаттар» (1861 - 62) романдары жарық көрді. Достоевский «Ойыншы» (1866), «Қылмыс пен жаза» (1866, қазақшаға 1972 ж. Мұхтар Жанғалин аударды), «Нақұрыс» (1868, қазақшаға 1984 ж. Нияз Сыздықов аударған), «Албастылар» (1871 - 72), «Жасөспірім» (1875) . «Ағайынды Карамазовтар» (1879 - 80) романдарын жазды. Жазушы шығармалары адамның ішкі дүниесіндегі қайшылықты ашып, қоғамдағы әлеуметтік мәселелерге психологиялық талдау жасайды. «Жазушының күнделігі» (1871 - 81), «Пушкин туралы сөз» (1880), т. б. әдеби-сын еңбектерінің әлемдік эстетика тарихында алар орны ерекше. Уәлихановпен достығы туралы Достоевский «Жазушының күнделігінде» жазған, екеуінің жазысқан хаттары сақталған. Жазушы 1881 жылдың тоғызыншы ақпанындаСанкт-Петербург қаласында қайтыс болған. Семейдегі 1857 - 59 жылдары тұрған үйінде Достоевскийдің әдеби-мемориалдық мұражайы (1971) бар.
Бартольд Василий Владимирович
Бартольд Василий Владимирович (3. 11. 1869, Санкт-Петербург, Ресей - 19. 8. 1930, сонда) -ғалым, шығыстанушы, профиссионалдық (1906), aкадемиясы (1913) . 1891 жылы Санкт- шығыс тілі факультетін бітіріп, сонда ғылыми және оқытушылық қызмет атқарды. Батыстың Орталығы Азия және қазақ өлкесін мекендеген тайпалардың тарихы жөніндегі еңбектерінің ғылыми мәні зор. Бұл еңбектерін жазуда ол араб, парсы және жергілікті авторлардың материалдарын пайдаланды. Олардың ішіндегі аса құндылары: «Моңғол кезеңіне дейінгі Түркістандағы христиандық туралы» (1894), «[[1893 - 1894 жылдары ғылыми мақсатпен Орталығы Азияға саяхат туралы есеп] ] » (1897), «Жетісу тарихының очерктері» (1898), «Моңғол шапқыншылығы дәуіріндегі Түркістан» (1898-1900), «Ежелгі заманнан 17 ғ-ға дейінгі Арал теңізі мен Әмударияның төменгі бойы туралы деректер» (1902), «Түркістанды суландыру тарихына»(1914), «Ұлықбек және оның заманы» (1918), «Түркістанның мәдени өмірінің тарихы» (1922), «Қырғыздардың Тарихи очеркі» (1927), «Түркі-моңғол халықтарының тарихы» (1928), «Түрікмен тарихының очерктері» (1929), «Орта Азиядағы түркі халықтарының тарихы жөніндегі он екі дәріс»(1935) . Батыс Орта Азия мен Қазақстан халықтарының көне дәуірден бастап-ақ өзінің тарихы, мәдениеті болғанын ғылым түрде негіздеді. Ислам тарихы туралы «Халиф және сұлтан» (1912), «Ислам» (1918), «Мұсылман қауымы мәдениеті» (1918), «Мұсылман дүниесі» (1922), «Мусейлима» (1925), тағы басқа еңбектерін жазды. Ежелгі славяндар туралы жазған арабавторларының еңбектерін зерттеді. Шығыстану тарихына зор көңіл бөлді. «Еуропа мен Ресейде шығысты зерттеу тарихы» (1911), «Петербург университеті шығыс тілдері факультетінің 1855-1905 жылдардағы қызметіне шолу» (1909) атты еңбектер жариялады. Бартольд 1905 - 13 жылыОрыс археология қоғамының Шығыс бөлімшесінің хатшысы, «Мир ислама» (1912 - 13), кейін «Мусульманский мир» (1917) журналдарын шығарушы әрі редакторы болды
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz