Әкімшілік жаза түсінігі


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

Әкімшілік Құқық пәнінен

СӨЖ

Тақырыбы: Әкімшілік жаза.

Орындаған: Кішкенебаев Дастан

Тексерген: Құлбекова Ақтолқын

Алматы 2012ж.

Жоспары:

1 Әкімшілік жаза түсінігі мен түрлері.

2 Әкімшілік жазаны салу ережелері.

3 Әкімшілік жазаларды қолдану тәртібі

4 Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу

5 Қолданылған әдебиеттер

Әкімшілік жаза түсінігі мен түрлері

ҚР ӘҚБТК 44 бабының 1 тармағына сәйкес әкімшілік жаза - бұл әкімшілік құқық бұзғаны үшін заң бойынша өкілетті сот, орган (лауазымды тұлға) қолданылатын және ҚР ӘҚБтК осындай құқық бұзушылық жасаған тұлғаның құқықтары мен бостандықтарынан айыру немесе шектеу көзделген мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы болып табылады.

Әкімшілік жазалар әкімшілік бұлтартпау шараларымен өте ұқсас болып келеді, өйткені оларды мәжбүрлеу шараларын қолдану негіздерінің ортақтығы біріктіреді, сондай - ақ осы мәжбүрлеу шараларының ортақ мақсаты - жаңа құқық бұзушылықтардың алдын алу болып табылады. Бірақта, әкімшілік бұлтартпау шаралары жазалау шаралары болып табылмайды және олар, ең бастысы, құқық бұзушылықты тоқтатуға және құқық бұзушыны жасаған құқық бұзушылық сипатына сәйкес жауапкершілікке тарту мүмкіндігінне бағытталған. Әкімшілік бұлтартпау шаралары көбінесе әкімшілік жаза шараларын қолданудың алғы шарты болып табылады.

ҚР ӘҚБтК 44 бабының 1 тармағы бойынша әкімшілік жаза әкімшішілік құқық бұзушылық істегені үшін заң бойынша осыған өкілетті судьялармен, органдармен (лауазымды тұлғалармен) қолданылатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы болып табылады, және әккімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаның құқықтары мен бостандықтарынан айыруды немесе шектеуді білдіреді.

Әкімшілік құқық бұзушылықты істегені үшін жеке тұлғаға мынадай әкімшілік жазалар қолданылуы мүмкін:

1 Ескерту

2 Әкімшілік айыппұл

3 Әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы немесе тікелей объектісі болып табылатын затты ақысын төлеп алу

4 Әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы немесе тікелей объектісі болып табылатын затты, әкімшілік құқық бұзушылықты жасау салдарынан алынған табысты, ақша мен құнды қағаздарды тәркілеу қандайда бір түріне немесе нақты әрекеттерді істеуді доғару

5 Лицензиядан, арнайы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан (куәліктен) айыру немесе оның әрекет қызметтің

6 Арнайы құқықтан айыру

7 Жеке кәсіпкерлік қызметті доғару немесе тиым салу

8 Әкімшілік қамау

9 Өз еркімен тұрғызылған немесе тұрғызылып жатқан құрылысты мәжбүрлеп бұзу

10 Шетел азаматын немесе азаматтығы жоқ тұлғаны ҚР шегінен тыс әкімшілік қуып шығару

Әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған заңды тұлғаларға мынадай әкімшілік жазалар қолданылуы мүмкін:

1) ескерту;

2) әкімшілік айыппұл;

3) әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы немесе тікелей объектісі болып табылатын затты ақысын төлеп алу;

4) әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы немесе тікелей объектісі болып табылатын затты, әкімшілік құқық бұзушылықты жасау салдарынан алынған табысты, ақша мен құнды қағаздарды тәркілеу;

5) арнайы құқықтан айыру;

6) лицензиядан, арнайы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан (куәліктен) айыру немесе оның әрекет қызметтің қандай - да бір түріне немесе нақты әрекеттерді істеуді доғару;

7) жеке кәсіпкерлік қызметті доғару немесе тиым салу;

8) өз еркімен тұрғызылған немесе тұрғызылып жатқан құрылысты мәжбүрлеп бұзу.

Әкімшілік жазаны салу ережелері ҚР ӘҚБтК 60-66 баптарымен реттеледі

Әкімшілік жазаны салу ережелері

Әкімшілік жазаларды салу ережелері ҚР ӘҚБтК 5 бөлімінде бекітілген. Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін жаза ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне және әкімшілік құқық бұзушылық туралы өзге де актілерге сай жасаған әкімшілік құқық бұзушылығы үшін жауаптылық қарастыратын нормативті актілерде белгіленген шекетерде салынады.

Әкімшілік жаза салынуы мүмкін:

1) тиісті органдармен немесе лауазымды тұлғалармен олардың құзырлығы шегінде;

2) егерде кінәлі тұлғаның іс-әрекетінде әкімшілік теріс қылықтың құрамы болса;

3) егерде осы құрам ҚР ӘҚБтК немесе әкімшілік құқықтық қатынастарды реттейтін өзге де нормативті актілердің тиісті нормаларында бекітілген болса;

4) егерде осы баптың санкциясы жасалған құқық бұзушылық үшін жауапкершілік қарастыратын болса;

5) жасалған құқық бұзушылықтың сипатын, құқық бұзушының жеке басын, кінәлілік деңгейін, мүліктік жағдайын, сонымен қатар жауапкершілікті жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайларды ескере отырып салынады.

Бірнеше әкімшілік құқық бұзушылық жасалған кезде әкімшілік жазалар қолдану (63 бап) . Бір 2 немесе одан да көп әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кезде әрбір әкімшілік құқық бұзушылық үшін жеке -жеке әкімшілік жаза қолданады. Егер адам бірнеше әкімшілік әкімшілік құқық бұзушылық жасап, ол істерді бір судья, орган қараса, бұл адамға белгілі бір жазалар қолданылған жағдайда, жазаның түпкілікті мөлшерін жазаның осы түрі үшін осы Кодексте белгіленген 3 еселенген ең жоғарғы шегінен асыруға болмайды. Әкімшілік қамауға лудың ең ұзақ мерзімі мұндай жағдайларда - 30 тәуліктен, ал төтенше жағдайлар кезінде - 45 тәуліктен аспауға тиіс. Егер айыппұлдар актілерде белгіленген міндеттемелерінің орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған сомасының процентімен көрсетілген жағдайда, оларды бірнеше әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін салған кезде, айыппұл әрбір әкімшілік құқық бұзушылық үшін бөлек өндіріліп алынады.

Әкімшілік құқық бұзушылықпен келтірілген мүліктік залалды өтеу. Егер әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде азаматқа немесе ұйымға мүліктік залал келтірілсе, судья әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарай келе, дау болмағанда жаза қолдану туралы мәселені шешу кезінде бір мезгілде мүліктік залалды өтеу туралы мәселені шешуге құқылы. Өзге уәкілетті органдар қарайтын әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша мүліктік залалды өтеу, залалды өз еркімен өтеуден бас тартқан жағдайда, азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен шешіледі.

Әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жаза қолданылған адам әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының орындалуы аяқталған күннен бастап 1 жыл ішінде осы жазаға ұшырады деп есептеледі.

Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты әкімшілік жауаптылықтан босату. Адам әкімшілік құқық бұзушылық жасалған күннен бастап 2 ай өткеннен кейін, ал қоршаған ортаны қорғау саласында әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін - оны жасаған күннен бастап 6 ай өткеннен кейін, осы Кодексте көзделген жағдйларды қоспағанда, әкімшілік жауаптылыққа тартылуға тиіс емес. Жеке тұлға салық салу саласында әкімшілік сыбайлас жепқорлықпен әкімшілік құқық бұзушылық, сондай-ақ құқық бұзушылық жасағаны үшін оны жасаған күннен бастап 1 жыл өткеннен кейін әкімшілік жауаптылыққа тартылуға тиіс емес, ал заңды тұлға салық салу саласында әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін оны жасаған күннен бастап 3 жыл өткеннен кейін әкімшілік жауаптылыққа тартылуға тиіс емес. Созылып кеткен әкімшілік құқық бұзушылық кезінде адам әкімшілік құқық бұзушылық анықталған күннен бастап 2 ай өткеннен кейін әкімшілік жауаптылыққа тартылуға тиіс емес.

Әкімшілік жазаларды қолдану тәртібі

Әкімшілік жауаптылықты жоятын немесе жеңілдететін заңның кері күші болады, жауаптылықты белгілейтін немесе күшейтетін заңның кері күші болмайды.

Әкімшілік жаза әділ, құқық бұзушылықтың сипатына, оның жасалу мән-жайларына, құқық бұзушының жеке басына сай келетін болуға тиіс. Жеке адамға жаза қолдану кезінде жасалған құқық бұзушылықтың сипаты, құқық бұзушының жеке басы, оның мінез-құлқы, мүліктік жағдайы, жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар ескеріледі. Занды тұлғаға жаза қолдану негізінен /жеке бастан басқа/ осындай жағдайларды ескеруді мезгейді.

Бір құқық бұзушылық үшін ешкімді де екі рет жазаға тартуға болмайды деп белгілснген.

Нақты әкімшілік жазаны таңдап алуға әсері болатын және жауаптылықты жеңілдететін мән-жайларға мыналар жатады: өкіну; құқық бузушылықтың зиянды зардаптарын болдырмауы, залалды өз еркімен өтеуі немесе келтірілген зиянды жоюы; құқық бұзушылықты күшті жан толқынысының әсерімен не жеке басының немесе отбасының ауыр жағдайлары салдарынан, кәмелетке толмаған адамның, жүкті әйелдің немесе 3 жасқа дейінгі баласы бар әйелдің, күш қолдану немесе психикалық мәжбүрлеу нәтижесінде тағы басқа жағдайларда жасау /ӘҚБтК-тің 61-бабы/.

Жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар: маскүнемдік, нашақорлық немесе уытқұмарлық масаю күйінде; адамдар тобының; табиғи апат жағдайында құқық бұзушылық жасау; біртекті құқық бұзушылықты бір жыл ішінде қайталап жасау және т. б. / ӘҚБтК-тің 62-бабы/

Бір адам екі немесе одан да көп құқық бұзушылық жасаған кезде олардың әрбірі үшін жеке-жеке әкімшілік жаза қолданылады.

Әкімшілік жаза қолданылған адам жаза қолдану туралы қаулының орындалуы аякталған күннен бастап бір жылдың ішінде осы жазаға ұшырады деп есептеледі. Әлбетте, әкімшілік жаза қолдану сотталғанмен бара-бар емес.

Әкімшілік жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімі белгіленген. Адам құқық бұзушылық жасалған күннен бастап екі ай, ал қоршаған органы қорғау саласында алты ай өткеннен кейін әкімшілік жазалауға тартуға жатпайды. Салық салу саласында жеке тұлға құқықбұзушылық жасаған күннен бастап бір жыл, ал заңды тұлға /оның ішінде жеке кәсіпкер/ үш жыл өткеннен кейін әкімшілік жауаптылыққа тартылуға тиіс емес.

Қылмыстык іс қозгаудан бас тартылған адамдардың іс-әрекетінде әкімшілік құқық бұзушылықтың белгілері бар болатын болса, онда оларға да әкімшілік жаза қолданылуы мүмкін.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу

ӘҚБтК өзінің материалдық және процессуалдық құқық нормаларымен сот тәртібімен де, сол сияқты соттан тысқары тәртіппен де жүзеге асырылатын әкімшілік юрисдикциялық қызметті неғұрлым толық реттеген.

Онда іс жүргізудің міндеттері айқындалған: әрбір істің мән-жайын дер кезінде, жан-жақты, толық және объективті анықтау; оны осы Кодекске сәйкес шешу, шығарылған қаулының орындалуын қамтамасыз ету; әкімшілік құқық бұзушылықтың жасалуына ықпал етстін себептер мен жағдайларды анықтау /577-бап/.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Айыппұл әкімшілік жаза ретінде
Басқару әдістемелері мен нысандары
Жазаның түсінігі және мақсаттары
Қылмыстық жаза түсінігі мен түрлері
Жазаның белгілері
Бас бостандығын шектеудің қылмыстық жаза ретіндегі ерекшеліктері
Қылмыс құқықтың пәні,түсінігі,міндеттері мен принциптері
Жаза түсінігі және белгілері
Тәртіптік жауапкершілік және материалдық жауапкершілік
Қылмыстық жаза түсінігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz