Акционерлік қоғамның акционерлерінің құқықтары



1 Акционерлік қоғам.

2 Акционерлік қоғамның акционерлерінің құқықтары туралы қысқаша шолу.

3 Қолданылған әдебиеттер.
Акционерлік қоғам — капиталды орталықтандырудың және ірі кәсіпорындарды ұйымдастырудың негізгі формасы. Акционерлік қоғамдар капиталдың алғашқы қорлану кезеңінде пайда болған. Акционерлік қоғам ашық және жабық болып екі түрге бөлінеді. Егер акциялар тек құрылтайшылар арасында ғана бөлінетін болса, онда жабық акционерлік қоғам болып саналады. Ал ашық акционерлік қоғам акциялары еркін сатылады және сатып алынады. Акционерлік қоғам заңды тұлға болып есептеледі. Оның жарғысында қоғамның мақсаты, капитал мөлшері, іс басқару тәртібі айқындалады.

Акционерлік қоғамда басқарудың ең жоғары органы акционерлердің жалпы жиналысы болып табылады. Ол әдетте жылына бір рет өтеді, ал күнделікті істерге атқарушы орган — басқарма басшылық етеді. Мұның сыртында бақылаушы орган — тексеру комиссиясы сайланады. Акционерлік қоғамның тапқан пайдасы салықтар төлеуге, өндірісті кеңейтуге, резервтерді толықтыруға, жарғылық капиталды өсіруге және дивидендтер төлеуге жұмсалады.
1- Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007.
2- “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
3- Банк терминдері мен ұғымдарының қазақша-орысша сөздігі. / Ғ. Сейіткасымов, Б. Бейсенғалиев, Ж. Бекболатұлы - Алматы: Экономика, 2006.
4- http://kk.wikipedia.org
5- http://referat.resurs.kz
6- http://www.insel.kz
7- http://www.stud.kz

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:

1 Акционерлік қоғам.

2 Акционерлік қоғамның акционерлерінің құқықтары туралы қысқаша шолу.

3 Қолданылған әдебиеттер.

Акционерлік қоғам

Акционерлік қоғам — капиталды орталықтандырудың және ірі
кәсіпорындарды ұйымдастырудың негізгі формасы. Акционерлік қоғамдар
капиталдың алғашқы қорлану кезеңінде пайда болған. Акционерлік қоғам ашық
және жабық болып екі түрге бөлінеді. Егер акциялар тек құрылтайшылар
арасында ғана бөлінетін болса, онда жабық акционерлік қоғам болып саналады.
Ал ашық акционерлік қоғам акциялары еркін сатылады және сатып алынады.
Акционерлік қоғам заңды тұлға болып есептеледі. Оның жарғысында қоғамның
мақсаты, капитал мөлшері, іс басқару тәртібі айқындалады.

Акционерлік қоғамда басқарудың ең жоғары органы акционерлердің жалпы
жиналысы болып табылады. Ол әдетте жылына бір рет өтеді, ал күнделікті
істерге атқарушы орган — басқарма басшылық етеді. Мұның сыртында бақылаушы
орган — тексеру комиссиясы сайланады. Акционерлік қоғамның тапқан пайдасы
салықтар төлеуге, өндірісті кеңейтуге, резервтерді толықтыруға, жарғылық
капиталды өсіруге және дивидендтер төлеуге жұмсалады. Қазақстан
Республикасында 1991 жылғы 21 маусымда “Шаруашылық серіктестіктер мен
акционерлік қоғамдар туралы” Заң қабылданғаннан кейін Акционерлік қоғамдар
құрыла бастады. 1998 жылы олардың саны 3 мыңнан асты.Акционерлік қоғамға
қатысушылардың әрқайсысы өзі қосқан капиталдың сомасына сәйкес көлемдегі
акцияларға ие болады және тиісті мөлшерде табыс — дивиденд немесе
белгіленген пайыз алады.

Акционерлік қоғам өз қатысушыларының мүлкінен оқшауланған мүлкі болады, өз
міндеттемесі бойынша өз мүлкі шегінде жауапты болады және өз
қатысушыларының міндеттемелері бойынша жауап бермейді, сонымен қатар өзіне
тиесілі акциялар құнының шегінде қоғамның қызметіне байланысты зияндарға
тәуекел етеді. Заңды тұлға негізіндегі акционерлік қоғам заң құжаттары мен
құрылтай құжаттарына сәйкес жұмыс істейтін өз органдары арқылы ғана
азаматтық құқықтарға ие болып, өзіне міндеттер қабылдайды. Бұған қоса,
акционерлік қоғамның тағайындалу немесе сайлану тәртібі және олардың
өкілеттігі заңдар мен құрылтай құжаттарында белгіленеді.Тағы да оның басты
белгілеріне, сотта талапкер және жауапкер болуын жатқызамыз. Экономикасы
дамыған, капиталистік елдерде қабылданған терминология бойынша олар
корпорациялар деп те аталады.

Акционерлік қоғам заңды тұлғалардың ішінде коммерциялық ұйым бола тұрып,
өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде табысын келтіруді көздеп, мұндай
мақсат ретінде пайда келтіре алмайтын және алынған таза табысын
қатысушыларына үлестірмейді.

Акционерлік қоғамның дербес балансы немесе сметасы болуға тиіс және өз
атауы жазылған мөрі болады. Корпоративтік жинақтаушы зейнетақы қорларының
акционерлері аталған қорлардың міндеттемелері бойынша зейнетақымен
қамсыздандыру туралы заңдарда белгіленген тәртіп пен жағдайларда ортақтасып
жауап береді. Егер акционерлік қоғам өзінің жаңа акциялар немесе акцияларға
айналатын (конверсияланатын) басқа да бағалы қағаздар шығаратын ниеті
туралы хабарлағанда, акционерлердің артықшылықты сатып алу құқығы
ескеріледі, яғни оларға қолындағы акцияларға сәйкес бірдей жағдай ұсынуға
міндетті. Уәкілетті орган акционерлерге артықшылықты сатып алу құқығын
пайдалану жөніндегі ұсыныс беру тәртібін белгілеуге құқылы. Заңдарда
көзделген жағдайларға орай, акционерлік қоғамда табысы тек қана қоғамды
дамытуға жұмсалатын коммерциялық емес ұйымдар құрылуы мүмкін.

Акционерлік қоғамның белгілері:

1) Оқшау мүлкінің болуы;

2) Мүлкіне өз міндеттемесі бойынша дербес жауапкершілігі болуы;

3) Өз атынан азаматтық құқықтарға ие болуы;

4) Сотта талапкер және жауапкер ретінде жауап қатысу мүмкіндігі;

Акционерлік қоғамның оқшау мүлкі дегеніміз, шаруашылық қатынастарына
дербес түсуі үшін ұйымның тек қана басқа ұйымдардың ғана емес, сондай-ақ
мемлекеттің мүлкінен де оқшау мүлкі болуы керек дегенді білдіреді.
Азаматтық айналымда өз атынан сөйлеу қабілеті — бұл ұйымды өз атынан
азаматтық құқықтар мен міндеттерге ие болу, талапкер және

жауапкер ретінде жауап беру мүмкіндігі, бұл акционерлік қоғамды құқық
субьектісі деп мойындауының салдары болып табылады. Акционерлік қоғам
ұйымдық біртұтас болу керек. Ұйымдық біртұтас болу ұжымдық құрылымның
біртұтас құрылым ретіндегі қызметін қамтамасыз етеді.

Аталған белгі қоғамның мақсаттары мен міндеттерін, оның құрылымын,
құзыретін, қызмет тәртібін анықтаудан көрінеді. Акционерлік қоғамның
азаматтық құқықтары болып, өз қызметіне байланысты міндеттерді Қазақстан
Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес мойнына алуы мүмкін.Оның
азаматтық құқықтары болуы және заң актілерінде немесе құрылтай құжаттарында
тыйым салынбаған кез келген қызмет түрін жүзеге асыру үшін қажетті
азаматтық міндеттерді атқаруы мүмкін. Заң актілерінде көзделген жағдайларда
белгілі бір қызмет түрін жүзеге асырушы акционерлік қоғам үшін басқа
қызметпен айналысу мүмкіндігі болмауы немесе шектелуі мүмкін. Акционерлік
қоғам тізбесі заң актілерінде белгіленетін жекелеген қызмет түрлерімен
лицензия негізінде ғана айналыса алады. Құқық қабілеттілігіне келетін
болсақ, құқық қабілеттілігі ол құрылған кезде пайда болып, оны тарату
аяқталған кезде тоқтатылады. Айналысу үшін лицензия алу қажет болатын
қызмет саласында акционерлік қоғамның құқық қабілеттілігі сондай лицензияны
алған кезден бастап пайда болып, ол қайтарып алынған, оның қолдану мерзімі
өткен немесе заң құжаттарында белгіленген тәртіппен жарамсыз деп танылған
кезде тоқтатылады.

Акционерлік қоғамның атауы, орналасу жері. Акционерлік қоғамның азаматтық
айналымға дербес шығуы үшін ол жекеленуі, яғни басқа біртектес заңды
тұлғадан ерекшеленуі тиіс. Оған ең алдымен оның атауымен қол жеткізуге
болады. Себебі әрбір акционерлік қоғамның оны басқа заңды тұлғалардан
айыруға мүмкіндік беретін өз атауы болады. Қоғамның атауы оның қалай
аталатынын және ұйымдық құқықтық нысанын көрсетуді қамтиды. Ол заңдарда
көзделген қосымша мағлұматты қамтуы мүмкін. Құрылтай шартында қоғамның
атауы белгіленеді. Акционерлік қоғамның атауында заң талаптарына немесе
қоғамдық мораль қалыптарына қайшы келетін аттарды, егер жеке адамдардың
есімдері қатысушылардың есімдеріне сәйкес келмесе не қатысушылар бұл
адамдардың есімін пайдалануға олардан рұқсат алмаса, олардың есімдерін
пайдалануға жол берілмейді. Мұнда келесі бір есепті мысал ретінде келтіру
орынды. Қазақстан Республикасының азаматшасы Аділбаева С. өзіне атасынан
мұрагерлікпен өткен Манғыстау-газ акционерлік қоғамының атауын
өзгертпекші болады. Акционерлік қоғамға өзінің сүйікті әртісі С-тің атын
бермекші болады. Егер бұл мысалға құқықтық талдау жасасақ, әрине бұл заңға
қайшы әрекет. Себебі Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 38-бабының
бірінші тармағына сәйкес, заңды тұлғаның атауында жеке адамдардың, соның
ішінде атақты адамдардың есімдерін, олардың келісімінсіз пайдалануға жол
берілмейді делінген.

Акционерлік қоғамның тұрған жері (оның тұрақты жұмыс орны ) оның құрылтай
құжаттарында почталық толық мекен-жайы жазылып көрсетіледі (Қазақстан
Республикасы Азаматтық кодексінің 38-бабы). Акционерлік қоғамның тұрақты
жұмыс істейтін органы тұрған жер оның тұрған жері болып табылады. Үшінші
тұлғалармен қарым-қатынаста қоғам өзінің нақты мекен-жайының бірыңғай
мемлекеттік тізілімге енгізілген мекен-жайға сәйкес келмейтініне сілтеме
жасауға құқығы жоқ. Бұл орайда үшінші тұлғалар заңды тұлғаға мемлекеттік
тізілімге енгізілген мекен-жайына да, нақты жайына да почталық және өзге де
хат-хабарлар жіберуге құқылы.Қоғамның тұрған жерінде банк мекемесінде оның
есеп шоты ашылады және тұрған жерін белгілеу жауапкер болатын сот істерінің
қай ведоствоға қарайтындығын анықтау үшін маңызды. Акционерлік қоғам
директорлар кеңесінің шешімі бойынша заң құжаттарында көзделген тәртіппен
өз филиалдары мен өкілдіктерін құруға құқылы. Ал заңдарда көзделген
жағдайларда, акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында коммерциялық
емес ұйымдар құрылуы мүмкін.

Акционерлік қоғамның акционерлерінің құқықтары туралы

қысқаша шолу

Акционерлік қоғамның акционерлерінің құқықтары Қазақстан
Республикасының Акционерлік қоғамдар туралы Заңымен реттеледі.
Жай акция акционерге дауыс беруге ұсынылатын барлық мәселелерді шешу
кезінде акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға құқық береді, қоғам таза
кіріс алса, сондай-ақ ол таратылған жағдайда Қазақстан Республикасының
заңнамасымен белгіленген тәртіппен қоғамның жеке меншік мүлкінің бөлігі
болған жағдайда дивиденд алуға құқық береді.

1. Акционер - акцияның меншік иесі болып табылатын тұлға.
Қоғам акционерінің мынадай негізгі құқықтары бар:
- Заңмен және қоғамның Жарғысымен көзделген тәртіппен қоғамды
басқаруға қатысу;
- қоғам акционерлерінің жалпы жиналысына қоғамның Директорлар
кеңесіне (бұдан әрі - Директорлар кеңесі) сайлану үшін кандидатураларды
ұсыну;
- қоғам органдары қабылдаған шешімдерді сот тәртібімен даулау;
- дивидендтер алу;
- қоғам қызметі туралы ақпарат алуға, оның ішінде
акционерлердің жалпы жиналысымен немесе қоғам жарғысымен белгіленген
тәртіппен қоғамның қаржылық есеп беруімен танысу;
- тіркеушінің немесе номиналды ұстаушының бағалы қағаздардың меншік
иесі құқығын растайтын үзінді көшірмені алу;
- қоғамға оның қызметі жөнінде жазбаша сұратулар жіберу және қоғамға
сұрату түскен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Акционерлік қоғам түсінігі
Акционерлік қоғам қызметі
Акционерлік қоғамның құрылтай құжаттары
Акционерлік қоғамдардың құқықтық жағдайы
Акционерлік қоғам акционерінің құқықтық жағдайы
Акционерлік қоғам — капиталды орталықтандыру
Бірінші құрылтай жиналысында құрылтайшылар
Акционерлiк қоғам-заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысаны ретiнде
Акционерлік қоғам туралы жалпы түсінік
Нарық жағдайында акционерлік қоғамның жай және жай емес түрде қалыптасуы мен қызметтері
Пәндер