Ақшаның мәні және қызметтері туралы


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   

Сабақтың тақырыбы: Ақша

Сабақтың мақсаты: а) Ақша, қасиеттері, ақшаның атқаратын қызметтері туралы түсіндіру;

ә) Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу, ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамыту;

б) Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Ізденіс

Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, ой толғау, топтық жұмыс әдістері

Көрнекілік: Интербелсенді тақта, карточкалар, ақша түрлері, тест

Байланысы: Тарих, математика

Сабақтың барысы:

Оқушылар үш топқа бөлінеді. Топ басшылары сайланады.

І. Ізденіс жұмыстары бойынша әр топ өздерінің тапсырмаларын қорғау.

Ітоп. Ақшаның шығу тарихы

ІІтоп. Электронды ақшалар

ІІІтоп. ҚР-ның Ұлттық валюта теңге туралы

ІІ. Әр топ бір - біріне сұрақ қою

А) Құн өлшемі

Ә) Жинақ туралы

Б) Айналым туралы

ІІІ. Есептер шығарту

І топқа

1. 300неміс маркасына қанша АҚШ долларын алуға болады?

2. Жапонияда бір АҚШ долларына 97, 85 иена сатып алуға болады. Жапондыққа Қазақстанда «Отырар» қонақ үйіндегі 3 теңгелік шотты төлеу үшін қанша иена алмастыру керек?

ІІ топқа

1. Каникулда сен Германияға бардың делік. Ата - анаң жұмсауға саған 5000 теңге берді. Айырбастау пунктінде неміс маркасының бүтін санын сатып алу үшін сенің ұлттық валютаңда қанша ақша жетпейді?

2. Сенде 50 долларлық қағаз ақша бар. Егер француз парфюмерия фирмасының Алматы филиалынан 50 франкке тауар сатып алсаң, саған қанша қайтарады?

ІІІтопқа

1. Түскі тамаққа 500 теңге төлеу үшін Қырғызстаннан Қазақстанға келген қонаққа қанша өз ұлттық валютасын жұмсау керек болады? Қазақстандық турист Қырғызстанда түскі тамаққа 290 сом төлесе, ол қанша теңге болады?

2. Қазақстандық турист Франция - Англия - Швейцария -Германия маршруты бойынша круиз жасады дейік. Онда жұмсау үшін 1 теңге бар. Егер әр елде осы соманың төрттен бірін жұмсағысы келсе, онда ол айырбастау кезінде әр мемлекеттің қанша валюта бірлігін алады?

ІV. Ақша қасиеттерін атап анықтама беріңіздер

• Тұрақтылық

• Жинақылық

• Көпке шыдауы

• Біртектілігі

• Бөлінгіштігі

• Танымдылығы

V. Қорытындылау: не түсінді және оздерінің ойларын айтады.

Тест

1. Ақшаның құны…

А) жоғарылап не төмендеп кете алады

Б) Қашанда бір қалыптан ауытқымайды

В) Уақыт өте өседі

Г) Бағаның өсуімен бірге көтеріледі

2. Төменде келтірілгеннің қайсысы коммерциялық банктердің өзге қызмет көрсетуіне жатады?

А) Банк ашуға рұқсат беру

Б) Ақша ұсынымын реттеу

В) Аккредитив беру

Г) Елдің төлем балансын жасау

3. Қарыз ақша алуда не нәрсе шарт болып саналмайды?

А) Қауіпсіздік

Б) Қайтарымдылық

В) Ақылылық

Г) Шұғылдық

4. 1. 06. 2002 жылғы ахуал бойынша елде қанша банк болды?

А) 41

Б) 42

В) 43

Г) 48

5. Кегельбан шары ақша түрінді жарамсыз, себебі онда бір қажет сапа қасиеті жетіспейді. Қандай?

А) тұрақтылық

Б) жинақылық

В) тозбау

Г) танымдылық

6. Мың теңгелік банкноттың құны немен айқындалады?

А) ол басылған арнаулы қағаздың құны

Б) банкнотты қамтамасыз етіп тұрған алтынның құны

В) оны басып шығаруға кеткен еңбектің құны

Г) 1000 теңгеге алуға болатын тауар мен қызмет құны

7. М 750 млрд теңгеден 850 млрд теңгеге, сонымен бір мезгілде V мен Q өзгермесе не болады?

А) баға өсе береді

Б) баға арзандайды

В) ақшаның құны өседі

Г) Р, V, Q өзгермейді

8. ҚҰБ-тің атқарымына не кірмейді?

А) ақша эмиссиясы

Б) жылжымайтын мүлік алуға кредит беру

В) кредит қойылымдарын реттеп отыру

Г) валюта операцияларын реттеу және бақылау жасау

9. Баға қымбаттаған жағдайда халықтың төменде келтірілген қай тобы ұтады?

А) тұрақты табысы бар адамдар

Б) облигация ұстаушылар

В) займ алушылар

Г) кредиторлар

10. Нарықтық экономикада ақша мынадай қызмет атқарады?

А) айналым құралы

Б) құн өлшемі

В) жинақтау құралы

Г) жоғарыда айтылғанның барлығы

VІ. Үйге тапсырма беру

Жаңа шыққан ақшалар туралы мәлімет

Ақша

Ақша - айырбас құралы ретінде барлық адамдармен қабылданатын және басқа тауарларды (қызметтерді) бағалауға қызмет ететін кезкелген тауар немесе символ.

Тарихы

Біздің заманымыздан бұрынғы 3 ғасырдағы хуннулар ақша орнына күміс пышақты пайдаланып келсе, біздің заманымыздың 1 ғасырында салық есебіне алтын, күміс құймаларды алып тұрған. Ақ ғұндар бір бетіне пехлеви, екінші бетіне эфталит (түркі-руни) жазуы бар теңгелер (біздің заманымыздың 5 - 6 ғасырлары) жасап, сауда айналымына кіргізген. Қазақ елі (қазақ халқын құраған негізгі тайпалар) баба түркілер Ұлы Жібек жолына орналасқандықтан ақша жасау, оны айналымға еңгізуді өмір қажеттілігі деп тым ерте қолға алған. 6 - 8 ғасырларда билеуші рулардың таңбасы қашалған, ру рәмізін бейнелеген теңгелер құя бастаған. Сырдарияның орта алабында өмір сүрген тайпалардың қола теңгелері, 6 - 8 ғасырлардың 1-жартысына дейінгі аралықта қолданылған. Бұл теңгелерде Ашиде әулетінің рәмізі болған арыстан бейнеленген. Мұндай теңгелерді Суяб, Тараз қалаларындағы арнаулы шеберханаларда құйған. Сонымен қатар Отырар маңындағы қалаларда да түрлі теңгелер жасалған.

Біздің заманымыздың 704 - 766 жылдары Таразда құйылып, айналымға енген теңгелердің бетінде «Түргеш қаған теңгесі» немесе «Түркінің көк ханының теңгесі» деген анықтама жазулар бар. Бұл - тайпалық дәрежедегі теңге емес, бүкіл мемлекет дәулетін, мүлкін, ел ырысын куәландыратын кепілдеме. Осы сияқты 6 - 8 ғасырлар аралығына жататын мыс, қола, күміс теңгелер Суяб, Ақбешім қалаларында да шығарылып тұрған. Испиджаб қаласында арнайы теңге сарайы болған. Бұдан кейінгі кезеңде Қарахан әулеті билік құрған тұста Қазақстан және Орта Азияда сауданың күшті дамуына байланысты ақша шығару, ақша айналымы да кең етек алды.

Әсіресе, мыс, күміс ақшалар көптеп шығарылды. Соның ішінде Тараз, Испиджаб теңгелері ел экономикасында; ал 12 ғасырдың 2-жартысы - 13 ғасырдың басында Отырарда шыққан Мухаммед ибн Текештің теңгелері Қазақстан жеріндегі сауда-саттықта ерекше міндет атқарды. Ол дәуірдегі мыс, күміс, алтын ақшалар өзінің салмағы бойынша алтынмен бағаланып, сауда айналымына енді.

Монғол жаугершілігінің алғашқы кезінде (1220 - 1250) Қазақ жерінде жалпы сауда қатынасы құлдырап кетті. Соның салдарынан ақша қатынасы да тоқтады. Ақыры монғол билеушілерінің бас пайдасы үшін, халықтан купчур салық жинап, хан қазынасын толтыру үшін 1251 жылғы Құрылтай шешімімен алтын динарлар шығарыла бастады. Бұл теңгелердің құрамында алтын 50 - 60% ғана болды. Алтын мөлшерінің көп болмауы оның құнын сол кездегі нақты сауда тауарының құнымен жақындастыру еді. Салмағы мол алтын ақшалармен қымбат тауарларды мол мөлшерде сатып алса, салмағы аз, майда алтын ақшалармен ұсақ тауарларды сатып алатын етіп ақшаны айналымға түсіріп тұрған. Ұсақ саудаға арналған сыртына күміс жалатқан мыс теңгелердің салмағы 6 - 8 г болды. Бетінде «Мөнгү хани» (хан теңгесі) деген жазуы болды. Бұл ақша 13 жыл бойы үзбей шығарылды. Қазақстанның оңтүстік және батыс аудандарына осы Отырар ақшасы мол тарады. Сол заманда Отырар ақшасымен деңгейлес Ақмалықта шығарылған теңгелер де ғалымдардың назарын аударып отыр.

1271 ж. Масудбек реформасы ақша айналымында жаңа кезең ашты. Бұл реформа бойынша алтынды ақша орнына қолдану мүлдем тоқтатылып, салмағы 2 г, тазалығы 78 - 81% күміс ақшалар айналымға кіргізілді. Бұл күміс ақшаларды Қазақстанның Тараз, Кенже қалаларында шыңдау әдісімен әзірлеп, 1271 жылдан 14 ғасырдың басқы кезеңіне дейін айналымда болды. 1321 ж. жүргізген Кебек хан реформасының да үлкен маңызы болды. Ол бүкіл мемлекет атынан «Кебек хан теңгесін» айналымға енгізді. Ақшаның салмағы 8 г. Күмістен шыңдап жасаған. «Кебек хан теңгесі» Қазақстанның Испиджаб, Тараз, Отырар, Сығанақ қалаларында әзірленді.

Өзбек хан, Жәнібек хан, Бердібек хан, Наурызбек хан, Қызыр хандардың атынан шығарылған Алтын Орда теңгелері Жетісу - Түркістаннан Еділ жағалауына дейін кең тарады. Бұдан кейін 1428 ж. енгізген Ұлықбектің ақша реформасы Орта Азия және Қазақстан жеріндегі халықтар арасында кеңінен белгілі болды.

16 ғасырда Отырардың мыс теңгелері, Ясының (Түркістанның) күміс теңгелері Оңтүстік Қазақстан жерінде сауда айналымында өз міндетін атқарып келді. 16 ғасырдың соңы - 17 ғасырдың басында Қазақ хандарының атымен өндірілген мыс ақшалар болды. Бұл ақшалардың дизайндық шеберлігі жоғары дәрежеде болмағанымен Қазақ хандығында сауда ісін бір жолға қоюда, халықтың басын біріктіруде үлкен міндет атқарды. Еліміз егемендік алғаннан кейін 1993 ж. Қазақстан Республикасының жаңа ақшасы шығарылды.

Ақша әр алуан қызмет атқарады: тауарлар мен әр түрлі қызметтердің құнын көрсетеді, айналым құралы, төлем құралы ретінде пайдаланылады, сол сияқты қор жинау және сақтау құралының рөлін атқарады. Ақша өнімді шығаруға кеткен шығынды өлшеуге, еңбекті сан және сапа жағынан бақылауға мүмкіндік береді. Ақшаның мәні оның атқаратын қызметінен көрініс береді. Ақша, негізінен, үш түрлі қызмет атқарады:

айналыс құралы ретінде - ақшаға кез келген тауарды сатып алуға болады

құн өлшемі ретінде - ақшамен нарыққа ұсынылған кез келген тауардың құны өлшенеді

қорлану қоры қызметін атқарады - егер тауар өндіруші тауарды сатқаннан түскен ақшаны өзге тауарларды сатып алуға ұзақ уақыт пайдаланбаса, андай ақша қазына құрау қызметін атқарады.

Ақшаның мәні және қызметтері

Ақша тауар өндірісінің дамуындағы бірден - бір шарт және өнім болып табылады. Тауар - бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі.

Ақша құн өлшемі қызметін идеалды, оймен ойлау арқылы орындайды. Яғни, тауардың құнын өлшеу ақшаға айырбасталғанына дейін орындалады, сонымен құнның тауар формасынан ақша формасына айналуы үшін тауардың бағасын белгілесек жеткілікті.

Тауар бағасын өлшеу үшін қолма-қол ақшаның болуы қажет емес, себебі еңбек өнімін теңестіру ойша орындалады. Тауарларды ақшаның көмегімен өлшеуге болады, өйткені олар адам еңбегінің өнімі.

Ақша төлем құралы тауар айналысы ақша қозғалысымен байланысты. Бірақ ақша қозғалысы міндетті түрде тауар қозғалысымен бір уақытта тоғысуы тиіс емес. Ақша құнның еркін формасында көрінеді. Олар өткізу процесін еркін аяқтайды. Ақшаның қозғалысы тауар қозғалысынан ерте немесе кеш жүруі мүмкін.

Егер тауар мен ақшаның қарама-қарсы қозғалысы болмаса, яғни тауар төлем ақы түскенге дейін сатып алынған немесе керісінше болса, онда бұл жағдайда ақшалар төлем құралы қызметін атқарады.

Ақшалар төлем құралы ретінде тек қана тауар айналысына ғана емес, сонымен қатар қаржы - несие қатынастарына да қызмет етеді.

Ақша белгілері әр түрлі жағдайда қамтамасыз етіледі. Қолма - қол тұтыну заттары жәнне қызметтер жиынтығымен қамтамасыз етілседі.

Егер «нағыз» ақшалар айналыста өзінің меншікті құнының арқасында жүрсе, ал қағаз ақшалар айналыс процесінде нарықтық құнға ие болады. Мемлекет сол елдің шеңберінде ғана оларға еріксіз өзіндік құн белгілейді. Бұл жерде ол ерікті түрде ақша бірлігінің номиналды құнын белгілеп, кез келген купюраларды шығаруы мүмкін.

Ақшалар ешқашан да алтынға ауыстырылмаған. Бірақ кейбір жағдайларда мемлекет айналысқа шығарылған қағаз ақшаларды толық номиналдық бағасы бойынша алтынға ауыстырған кездері болған.

Қағаз ақшалардың өздерінің меншікті құны болмағандықтан да, олар айналыс саласындағы ақшаның қызметтерін толық құнды ақшалардың қызметтері арқылы атқарады.

Жалпы алғанда қағаз ақшалардың құнсыздануы тұрақсыз экономикаға тән.

Ақшаның қажеттігі және шығу тегі

Ақшаның, өндіргіш күштер мен тауар қатынастарының біршама жоғары дамуы нәтижесінде пайда болғандығы ертеректен бізге белгілі. Ақша жаратылысын зерттегендегі басты анық болғаны, ол оның тауарлы шығу тегіне байланыстылығын көрсетеді. Тауар - сатуға немесе айырбастауға арналған еңбек өнімі. Осы еңбек өнімінің тауарға айналуы ақшаның пайда болуының объективтік алғы шарттарын туғызған.

Нақты және абстракті еңбектің, жеке және қоғамдық еңбектің бөлінісі, тұтыну құны мен кұнның арасында тауар табиғатына байланысты болатын қайшылықтар айырбас құнның әр түрлі нысандарын туғызды. Айырбас - бұл бір тауар өндірушіден, екінші біреуіне жүретін тауардың қозғадысын білдіреді. Мұнда тауарлардың баламалылығын (мал = бидай = балта), яғни, тауардың түріне, сапасына, нысанына және тағайындалуына байланысты өлшенуін талап етеді. Сонымен қатар, әртүрлі тауарлардың бір-біріне өлшенуіне ортақ негіз болуы қажет.

Мұндай негізге тауарлардың құны, демек тауар өндірісі үдерісіне (процесінде) жұмсалатын және сол затқа айналып отырған қоғамдық еңбекжатады. Тек қоғамдық еңбек қана (жеке адамның еңбегі емес) тауарларды өлшенетін жасайды. Нарықта бір тауарды екінші бір тауарға айырбастаудың өзі бұл тауарларға еңбектің шығындалғандығын, яғни екі тауардың да құнының барлығын көрсетеді. Осыған байланысты жекелеген тауарларды өндіруге жұмсалған еңбек әртүрлі болып, нәтижесінде одардың құндары да бірдей болмайды. Сөйтіп, қоғамдық еңбекті немесе құнды сандық жағынан өлшеу қажеттігі туындап, айырбас құнының (1 мал = 1 қап бидайға) ұғымы туындайды.

Айырбас құны - бұл бір тауардың басқа да бір тауарға белгілі сәйкестікте айырбасталу қабілетін білдіреді.

Ақшаның түрлері

Ақша өзінің дамуы барысында екі түрге бөлінеді:

- толық құнды ақшалар (нағыз ақшалар) ;

- толық құнсыз ақшалар (құндық белгілері) .

  • Толық құнды ақшалар

Толық құнды ақшалар (нағыз ақшалар) - номиналдық құны оны дайындауға кеткен нақты құнымен сәйкес келетін ақшалар.

Металл ақшаларға: мыстан, күмістен және алтыннан жасалғандары жатады. Металл ақшалар әр түрлі нысанда болған. Монета түріндегі нысаны - бұл олардың соңғы нысаны. Монетаның бет жағы - аверс, артқы жағы - реверс және жаны - гурт деп аталады.

  • Толық құнсыз ақшалар

Толыққұнсыз ақшалар (құнның белгілері) - номиналдық құны нақты құнынан, яғни олардың өндірісіне кеткен қоғамдық еңбектен жоғары болып келетін ақшалар.

Оларға мыналар жатады:

құнның металдық белгілері-арзан бағалы металдардан жасалған ұсақ монеталар, мысалға жез, алюминий т. б. монеталар;

құнның қағаздан жасалған белгілері.

Құнның қағаздай белгілері екіге бөлінді: қағаз ақшалар және несиелік ақшаларға.

640 Б. д. б. лидиядан жасалған тиын, үлкейтілген.

Ақшаның экономикадағы рөлі

Ақша экономикадағы рөлін өзінің атқаратын негізгі қызметтері арқылы орындайды. Ақшаның әр қызметі тауар айырбасы үдерісінен туындайтын тауар өндірушілердің нысаны ретінде ақшаның әлеуметтік және экономикалық мазмұнының белгілі бір жақтарын сипаттайды.

  • Ақшаның қазіргі экономикадағы атқаратын қызметтеріне мыналар жатады:
  1. құн өлшемі және баға масштабы;
  2. айналыс (айырбас) құралы;
  3. төлем құралы;
  4. қорлану және қор жинау құралы;
  5. дүниежүзілік ақша.

Ақшаның теориялары

Ақшаның теориялары мынадай оның бағыттарын бөліп қарастырады:

Ақшаның металдық теориясы;

Ақшаның номиналистік теориясы;

Ақшаның сандық теориясы.

Ақшаның металдық теориясы ақша қызметін бағалы металдардың атқару барысында XV-XII ғғ. қалыптасты. Бұл теорияның өкілдеріне Англияда У . Стэффорд, Т. Мэн, Д. Норс жатса, Францияда А. Монкретьен жатты. Олар монетадан жасалған ақшалардың бұзылуына қарсы болды.

Ақшаның металдық теориялары сауда буржуазиясының мүддесін қорғай отырып, олардың саяси экономиядағы бағыты - меркантилизмді көрсетті. Осы теорияға сәйкес байлықтың көзіне сыртқы сауданы жатқызды.

Төлем балансының активті қалдығы ғана елге бағалы металдардың келуін қамтамасыз етеді деген.

Ертедегі метализм теориясының қателігі, біріншіден, байлықтың көзіне адам еңбегімен жасалатын материалдық игіліктер емес алтын мен күмістің жатқызылуы, екіншіден, айналыстағы қағаз ақшаларды металл ақшаларға алмастыру қажеттігін жоққа шығарғандығымен сипатталады.

Капиталдың бастапқы қорлануы аяқталуымен байланысты олардың көзқарастары өзгеріп, яғни байлықтың көзіне сыртқы сауда мен бағалы металдар емес, мануфактура мен ауыл шаруашылығы жататындығына көздері жетті. Соған сәйкес ішкі нарыққа көңіл аударылып, металл ақшалардың ұлтқа қымбатқа түсетінін түсінді.

XIX ғ. екінші жартысындағы ақшаның металдық теориясының қайта тууы 1871-1873 жылдардағы Германияда алтын монета стандартының енгізілуімен байланысты болды. Бұл - ақшаның металдық теориясының бірінші метаморфозасы.

Неміс экономистері (К. Книс және т. б. ) ақшаға бағалы металдармен қатар, орталық банктің банкноталарын да жатқызды. Сол уақыттары ақшаның металдықтеориясы инфляцияға қарсы бағытталған ақшалай реформаларды негіздеу үшін пайдаланылды.

Ақшаның металдық теориясының екінші метаморфозасы бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін пайда болды. Оның өкілдері алтын монета стандартын қалпына келтіру қажеттігін мойындай отырып, алтын монометализмінің жаңа қысқарған нышандарын: алтын құйма және алтын девиз стандартын енгізуге арналған өздерінің теорияларын жасады.

Ақшаның металдық теориясының үшінші метаморфозасы екінші дүниежүзілік соғыстан кейін пайда болды. Француз экономистері А. Тулемон, Ж. Рюэфф және М. Дебре, сондай-ақ ағылшын экономисі Р. Харрод алтын монета стандартын халықаралық айналымда енгізу қажеттігін ұсынса, американ экономисі М. Хальперии және француз экономисі оның ішкі айналымда енгізілуі туралы ұсыныс жасады.

Ақша айналысы және оның заңы

Ақша айналысы - шаруашылықтағы тауарларды өткізуге, сондай-ақ тауарлы емес төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыруға қызмет ететін қолма-қол және қолма-қолсыз ақша нысандарындағы ақшалардың қозғалысы.

Ақша айналысының объективтік негізіне де тауар өндірісі жатады. Тауар өндірісі тұсында тауарлар әлемі: тауар және ақшаға бөліне отырып, олардың арасында өзара қарама-қайшылықтар туады.

Қоғамдық еңбек бөлінісінің терендеуіне және жалпы ұлттық және дүниежүзілік нарықтардың қалыптасуымен байланысты капитализм тұсында ақша айналысы да әрі қарай дами түседі.

Сонымен ақша, капитал айналымына қызмет ете отырып, барлық жиынтық қоғамдық өнім айналысы мен айырбасына дәнекер болады. Ақшаның қолма-қол және қолма-қолсыз нысанының көмегімен тауарлар айналысы, сондай-ақ ссудалық және жалған капиталдың қозғалысы жүзеге асырылады.

Ақша айналысының кұрылымына колма-қол ақшалар айналысы мен қолма-колсыз ақшалар айналысы кіреді.

Қолма-қол ақшалар айналысы - бұл нақты ақшалар қозғалысын білдіреді. Оған банкноталар, монеталар және қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) қызмет етеді. Дамыған елдерде нақты ақшалар айналысының едәуір белігін орталық банктерден шығарылған банктік билеттер құрайды. Ақша шығарудың кішкене белігі (10-ға жуығы) қазыналық билеттерді шығарушы қазынашылықтың үлесіне тиеді.

Қолма-қолсыз ақшалар айналысы - қолма-қолсыз ақшалар айналымы ақшаларының қозғалысы.

Мұндағы, қолма-қолсыз ақшалар - чектер, пластикалық карточкалар электрондық аударымдар көмегімен пайдаланылатын клиенттердің шоттардагы сақтаған ақшалары (депозиттер) .

Қолма-қол ақша мен қолма-қолсыз ақшалар арасында тығыз байланыс пен өзара тәуелділік бар. Ол ақшаның үнемі бір айналыс аясынан екінші біріне өтіп отыруынан байқалады. Айталық, қолма-қол ақшалардың банктегі депозитке салынуы, олардың қолма-қолсыз ақшаға айналуын білдірсе, ал, банктен жалақы, жәрдемақы, стипендия, зейнетақы және т. с. с. төлеу үшін ақша алған жағдайларда қолмақолсыз ақшалар қолма-қол ақшаларға ауысуы байқалады.

Инфляция

Инфляция (лат. inflatio - «қабыну», «ісіну») - бұл бағаның өсуінен, тауарлар тапшылығынан және тауарлар және қызметтер сапасының төмендеуінен туындайтын ақшаның құнсыздануы, сондай-ақ оның сатып алу қабілетінің төмендеуі.

1775-1783 жылдары Солтүстік Америкада тәуелсіздік үшін болған соғыс доллардың құнсыздануына әкеліп соқты. Францияда 1784-1794 жылдары революция кезінде өндірілген қағаз ассигнаттар бір жылда 883 есе құнсызданды. Еркін бәсеке кезіндегі капитализм жағдайында инфляцияны соғыс, дағдарыстан, стихиялық апаттар кезінде болатын несие ақшаларының алтынға айрбасталуының тоқтауы кезінде пайда болды.

Инфляция - бұл кез келген экономикалық даму үлгісіне тән объективті құбылыс. Инфляцияның себептері айналыс және өндіріс саласында орын алады.

Қазіргі инфляция мынадай факторларға байланысты:

Ақша айналысының факторларына: бюджет тапшылығын жабуға пайдаланылған, шексіз көп ақшаның эмиссиялануы есебінен айналыс аясының артық ақша массасына толып кетуі; халық шаруашылығының артық несиеге толуы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақшаның мәні, қызметтері, рөлі және теориясы туралы
Ақшаның мәні, қызметтері, рөлі және теориясы жайлы
Ақшаның қызметі және қажеттілігі
Ақша - жалпыға ортақ тауардың эквиваленті
Ақша айналысы мен заңы
Ақшаның мәні, қызметтері, рөлі және теориясы
Ақша айналысы және Қазақстан Республикасындағы ақша айналысының тәртібін талдау
Ақшаның маңызы мен қажеттілігі, шығуы
Ақша теориясының дамуы және ақша жүйесi
Ақшаның мәні мен қызметтері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz