Фашистік режимді қолдағандар


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Фашистік режимді қолдағандар

Шыңғыс хан

Шыңғыс хан (түр. Чингиз Хон; моңғ. Тэмүүжин) - Азияда тұңғыш біртұтас мемлекет құрушы, өз заманының аса ірі әскери және мемлекет қайраткері. Ежелгі ру басшысы Есүхей батырдың отбасында туған.

Мемлекет құруы

Өзінің әскери таланты арқасында және дұшпандарының әлсіздігі мен бытыраңқылығын пайдаланып, 1183-1204 жж. өкімет билігі үшін күресте негізгі жауларын - Меркіт тайпасының көсемі Тохтадан бастап, Найман тайпасының басшысы Таян ханға дейін - талқандады да, кең-байтақ территорияны басып алды, сөйтіп онда мекендейтін көптеген ру-тайпалық одақтардың бірден-бір билеушісі болды.

Осы жеңістері және тайпа көсемдерін өз маңына топтастыруға бағытталған бірсыпыра әлеуметтік шараларды жүзеге асыруы нәтижесінде Тэмуджин дала ақсүйектері құрылтайының шешімімен Барыс жылы (1206) барлық тайпалардың ұлы ханы болып жарияланды да, «Шыңғыс хан» (түркі тілдеріндегі «теңіз» деген сөзден шыққан деп есептеледі) лауазымын алды. ШЫНҒЫС ХАН Есугейден кейінгі хан сайланады. Шынғысханның атын моңғолдарды қорғасын деп Шыңғысхан атаған.

Ішкі саясаты

Ішкі саясатта Шыңғыс хан мемлекетті басқару ісін бір орталыққа бағындыруға күш салды, түркі-моңғол тайпаларын «мыңдық» деп аталатын әскери-әкімшілік бөліктерге бөлді (өйткені хан талабы бойынша, бұл бөліктердің әрқайсысы 1000 атты әскер беруге тиісті болды) . Шыңғыс хан бұларды жайылым жерлерімен қоса өз туыстары мен нояндарға еншіге бөліп берді.

Ұлы хан жазбаша іс жүргізуді ұйымдастырды. 1206 жылы ол әдеттегі құқық (Ұлы жасақ) ережелерін бекітті.

Мемлекет ішіндегі наразылықтарды басу үшін 10 мың адамдық жеке гвардия (кэшиг) құрды.

Әскери құрылысы

Әскерде өте қатаң тәртіп орнатты: сәл кіналы немесе қорқақтық көрсеткен әскери адамдар өлім жазасына кесілді. Шыңғыс хан әскери стратегия мен тактикада мұқият барлау, жауды жекелеп талқандау, тұтқиылдан шабуыл жасау, дұшпанды алдау үшін арнаулы отрядтардан тосқауыл қою, қыруар атты әскермен маневр жасау, т. б. әдістерді қолданды.

Жерді жаулап алу

1207-11 жж. Шыңғыс хан Сібірмен Шығыс Түркістан ды (буряттарды, якуттарды, ойраттарды, қырғыздарды, ұйғырларды) бағындырды.

1211 ж. Цзинь мемлекетіне жорық жасады. 1215 ж. Бейжінді алды. 1217 ж. Солтүстік Қытай түгел Шыңғыс ханның билігіне көшті. 1219 ж. Корея патшалығы Шыңғыс хан әскерлерінен тізе бүкті. Моңғол әскерлерінің Солтүстік Қытай мен Корея патшалығына жорықтарын ірі қолбасшы, әмір Мұқылы Гауин Жалаири басқарды.

Қытайға қарсы шабуылдан кейін Шыңғыс хан әскерлерінің бір тобы 1218-19 жж. Жетісуды, 1219-21 ж. Қазақстан мен Орта Азияны жаулап алды.

Ұлыстарға бөлуі

Басып алынған жерлерді Шыңғыс хан ұлыстарға бөлді де, ұлдарына үлестіріп берді. Жошыға Ертістен Орал тауына, одан оңтүстікке қарай Каспий мен Арал төңірегіне дейінгі жерлер, Орта Азиядағы иеліктерінен Солтүстік Хорезм мен Сырдария аймағы, Шағатайға Мауераннахр, Жетісу, Қашқария, Үгедейге Батыс Моңғолия мен Тарбағатай аймағы берілді. Төле әкесінің ұлысы Моңғолияны мұраға алды.

Қайтыс болуы

Шыңғыс хан Танғұттарға кезекті шабуылы кезінде қаза тапты. Соғысты Шыңғыс ханның мирасқорлары, Шыңғыс әулетінің хандары азды-көпті үзілістермен үсті-үстіне жүргізе берді.

Наполеон Бонапарт

Наполеон Бонапарт (итал. Napoleone Buonaparte, фр. Napoléon Bonaparte, 15 тамыз 1769, Аяччо, Корсика - 5 мамыр 1821, Лонгвуд, Әулие Елена аралы) - Францияның мемлекет қайраткері, қолбасшы, император (1804-1815) .

Өмірбаяны

Ақсүйектер отбасынан шыққан. 1785 жылға дейін Бриен және Париж[1] әскери мектептерінде оқыған. Франциядағы 1789 - 94 ж. революция кезінде Тулон қаласын азат еткені үшін 24 жасар Наполеон I капитандықтан бригадалық генерал дәрежесіне дейін көтерілді. 1796 ж. Италияға жорық жасаған армияның бас қолбасшылығына тағайындалды. Осы және кейінгі Египетке жасаған жорықтары кезінде өзін аса көрнекті қолбасшы ретінде көрсетті. 1799 ж. 9 қарашада (18 брюмерде) биліктегі дағдарысты пайдаланып, мемл. төңкеріс жасады. Ол елде алғашында консулдық, одан кейін империя (1804 ж. 18 мамыр) түріндегі әскери диктатура орнатты. Якобишілдер мен роялшылдарға соққы берді. Өнеркәсіп пен сауданы дамытты. 1800 ж. француз банкін құрды. Мемлкеттің қуатты арттырудың басты тірегі өнеркәсіпті дамыту деп білді. Әскери өнер саласында рев. Франция армиясында қалыптасқан жаңалықтарды одан әрі жетілдірді. Тарихи жағдайға байланысты орасан зор әскери күшті тактикалық және стратегиялық жағынан тиімді пайдалана білді. Оның әскери қағидасы: “сан жағынан әлсіздікті қимылдың жылдамдығымен толтыру” болды. 1804 жылға дейін республика атын жамылып келген диктаторлық өкіметті буржуазиялық мемлекетті нығайтуға пайдаланды. Директория кезінде сақталған ұлттық уәкілдікті сайланып қойылатын басқару жүйесін жойды.

Сыртқы саясаты

Сыртқы саясатта Англия басшылық еткен коалициямен экон. және саяси үстемдікке таласты. Наполеон I-нің жүргізген соғыстары басқыншылық, тонаушылық сипатта болғанымен, Еуропадағы феод. -абс. құрылымдарға соққы берді. Үздіксіз соғыстар Францияның жағдайын нашарлатты. 1812 ж. маусымда Ресейге қарсы соғыс ашты. Бұл соғыста Наполеон I әскерінің жеңіліске ұшырауы империяның құлауының басы болды. 1814 ж. наурызда Францияға қарсы коалиция әскерлерінің Парижге кіруі Наполеон I-ні тақтан бас тартуға мәжбүр етті. Наполеон I Эльба аралына айдалды. Дегенмен ол 1815 ж. наурызда француз тағын қайтадан басып алды (“Жүз күн”) . Ватерлоо түбінде одақтастар әскерінен жеңіліске ұшыраған соң тақтан екінші рет бас тартты (1815 ж. 22 маусым) . Өмірінің соңғы жылдарын Әулие Елена аралында ағылшындардың тұтқыны ретінде өткізді. Сонда асқазан жарасынан қайтыс болды. Сүйегі 1840 ж. Парижге әкелініп, Мүгедектер[3] үйіне қойылды.

Адолф Гитлер

Адолф Гитлер (нем. Adolf Hitler (1889 ж. сәуірдің 20 - 1945 ж. сәуірдің 30) - Аустрияда туған Алмания саясаткері. Ұлттық Социалист Неміс Жұмысшылары Партиясын басқарған, Алмания канцлері (1933-1934) және Алмания Фюрері (1934-1945) .

Адольф Гитлер 1889 жылдың 20-сәуірінде Қазіргі Австрия елінің Браунау ам Инн жерінде дүниеге келген. Әкесі -- кеден қызметкері Алойс Гитлер (Alois Hitler) анасы -- Клара Пөлцель (Clara Pölzel) . 1903 жылы әкесі, 1907 жылы анасы дүниеден өтеді. 1905 жылы мектепті аяқтамай тастап кетеді. Кейін Гитлер Австрияның астанасы, Вена қаласына қоныс аударады. 1913 жылы Германияның Мюньхен қаласына көшеді.

Адольф Австриядан шыққан неміс саясаткері әрі диктаторы болды. Ол 1933 - 1945 жылдар аралығында канцлер болып билік етеді. Сондай-ақ, 1921 жылдан бастап НСДАП партиясының басшысы және нацистік Германияның көсемі болып та саналады. Канцлер болып тұрған шағында өзін неміс Райхының ең жоғарғы қолбасшысы, лидері деп санады.

Гитлердің билігі тұсында елдегі ұлттық социалистер (Nationalsozialisten) III Неміс Райхының диктатурасын орнатты. Ұлттық социалистер билікке келгеннен бастап басқа партияларға шектеу қойылып, қысым жасалды. Кейбірін өздігінен жойылып кетуге дейінгі халге жеткізді.

Гитлердің саясатына қарсы келгендерді қудалап, Концлагерлерге жер аударып жіберді. Тіпті, жазалаудың шектен шыққаны сонша, адамдарды өлтіруге дейін барды. Еуропалық Иудейлерді қырғынға ұшыратқан осы Гитлердің нацистік, фашистік саясаты мен оның жақтаушылары еді. Холакауст кезінде жазықсыз иудейлер өлтірілді. Олар үшін басқа этникалық топтар мен басқа діннің өкілдерінің көк тиындық құны болмады. Ақырында Екінші Дүниежүзілік Соғыстың отын тұтатты. Соның салдарынан Германияның көп білігі мен Еуропаның біраз бөлігі қирады, бүлінді. Екінші Дүниежүзілік Соғыста өлген 55 миллион адамның 6 миллионы еуропалық Иудейлер, 30 миллионы Славиян халқының өкілдері болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Австрия 1918-1939 жж
Дағдарыс қарсаңындағы бейбіт келісімдер желісі
Демократиялық мемлекет
Саяси партиялар
Мемлекеттік басқару және құрылымы
Саяси режимдердің жіктелуі жайында
Саяси режимдердің жіктелуі
Шет елдердегі саяси режимдер, түсінігі және түрлері
Саяси режим түсінігі
Тоталитарлық жүйе мәселесінің зерттелуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz