Еңбектік құқықтық қатынастарға қатысушы тараптар



1 Еңбек құқығы бойынша құқық қатынастарының жүйесі мен түсінігі
2 Еңбектік құқық қатынастары мен олардың элементтері
3 Құқықтық қатынастармен тығыз байланысты басқа да қатынастар

4 Қорытынды
5 Пайдаланған әдебиеттер
Тараптардың жеке еңбек және ұжымдык шарттар негізінде белгілі бір еңбек кызметін жүзеге асыруы жөнінде туындайтын жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы қатынастар еңбек катынастары деп танылады.
Мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарға қызметкер ретінде жеке еңбек шарты бойынша жұмысқа алынған тұлғалардың немесе өзге де жұмыс берушілерде (кооперативте, жеке тұлғаларда) жалдану бойынша жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбегін қолдануға байланысты катынастар ғана енбек заңдарымен реттеледі.
Жеке еңбек шарты негізінде туындайтын еңбек кұкыктык
қатынастарын мердігерлік, тапсырма, кызмет көрсету және т.б, шарты бойынша ұйымдар үшін кандай да бір нақты жұмысты орындаған адамдардың еңбекке қатысуы жөніндегі баска қатынастардан ажырата білген жөн. Аталған шарттар негізінде еңбек қатынастары емес, азаматтық-құқықтық қатынастар пайда болады да, олар азаматтық заңдармен реттеледі.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
1 Еңбек құқығы бойынша құқық қатынастарының жүйесі мен түсінігі
2 Еңбектік құқық қатынастары мен олардың элементтері
3 Құқықтық қатынастармен тығыз байланысты басқа да қатынастар

4 Қорытынды
5 Пайдаланған әдебиеттер

Еңбектік құқықтық қатынастарға қатысушы тараптар.

Тараптардың жеке еңбек және ұжымдык шарттар негізінде белгілі бір еңбек
кызметін жүзеге асыруы жөнінде туындайтын жұмыс беруші мен қызметкер
арасындағы қатынастар еңбек катынастары деп танылады.
Мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарға қызметкер ретінде жеке еңбек шарты
бойынша жұмысқа алынған тұлғалардың немесе өзге де жұмыс берушілерде
(кооперативте, жеке тұлғаларда) жалдану бойынша жұмыс істейтін
қызметкерлердің еңбегін қолдануға байланысты катынастар ғана енбек
заңдарымен реттеледі.
Жеке еңбек шарты негізінде туындайтын еңбек кұкыктык
қатынастарын мердігерлік, тапсырма, кызмет көрсету және т.б, шарты бойынша
ұйымдар үшін кандай да бір нақты жұмысты орындаған адамдардың еңбекке
қатысуы жөніндегі баска қатынастардан ажырата білген жөн. Аталған шарттар
негізінде еңбек қатынастары емес, азаматтық-құқықтық қатынастар пайда
болады да, олар азаматтық заңдармен реттеледі. Еңбек қатынастары мен
азаматтық-кұқықтық катынастардың аражігін айырудың практикалық маңызы бар.
Өйткені, еңбек құқықтык карым-катынастарға түсуші кызметкерге еңбек
заңдарында белгіленген тәртіппен жыл сайынғы еңбек демалысы беріледі,
еңбекке уақытша жарамсыз болған кезеңге жәрдемакы төленеді және т.б. Ал
азаматтық-кұқықтық шарттар негізінде тек мүліктік, сондай-ақ мүліктік
катынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар туындайды.
Әрбір құқық катынастарында катынастың субъектілері деп аталатын
катысушылары болалы. Еңбек кұкыктык катынастарынын субъектілері болып
мыналар танылады: азаматтар, жүмыс берушілер, кәсіподактар, мемлекеттік
органдар.

Азамат [арабша азамат: 1. ұлылық, мәртебелілік; 2. тәкаппарлық; 3.
кереметтілік; 4. ұлы мәртебелілік (сұлтандар титулы)] — 1. ел азаматы; 2.
кәмелеттілік; 3. дара тұлға. Азамат ұғымын мемл. деңгейде қарастырғанда, ол
қоғамның тең құқықты мүшесі мәніне ие болады. Ғылыми-теориялық қырынан
қарағанда бұл адам құқығы мен азамат құқығының аражігін ажырататын да ұғым.
Өйткені азамат белгілі бір мемл-тің, саяси бірлестіктің тең құқықты мүшесі
және оның барлық саяси құқықтарына ие тұлға ретінде әрекет етеді. Құқықта —
сәздіңтар мағынасында - аталмыш елдің азаматтығын алған,
конституциядакөрсетілген құқықтар мен міндеттердін барлық жиынтықына ие
адам. Бұл сөздің кең мағынасында - өз кадірін сезінетін, саяси және
құқықтық мәдениетті меңгерген, отанының лайықты ұлы атағына сай және
аталмыш мемлекеттің заңдарына бағынатын әнегелі адам. Қазақстан
Республикасы өзінің мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдары тұлғасында
республика азаматтары алдында жауапты, ал Қазақстан Республикасының азаматы
Қазақстан Республикасы алдында жауапты. Ол Қазақстан Республикасының
Конституциясы мен заңдарын сақтауға, Қазақстан Республикасының мүдделерін,
оның аумақтық тұтастығын қорғауға, мемлекеттік тіл мен оның аумағында
тұратын барлық ұлттардын тілдеріне, әдет-ғұрпына, дәстүрлеріне құрметпен
қарауға, Қазақстан Республикасының күшкүдіретін, егемендігін және
тәуелсіздігін нығайтуға жәрдемдесуге міндетті.
Азаматтық құқық нормаларымен бекітілген заңдық жауапкершілік түрлерінін
біреуі; басқа адамның субъективті азаматтық құқықтарынын бұзылуымен
байланысты, азаматтық құқықпен қарастырылған міндеттерді адамның
орындамауының немесе тиісті жолмен жүзеге асырмауының

Жұмыс беруші — жұмыс күшін жалдаушы. Қазақстанда жұмыс берушіге жалдамалы
еңбекті пайдаланушы, заңдарда белгіленген тәртіппен тіркеуден өткен кез
келген отандық және шетелдік заңи немесе жеке тұлға (соның ішінде шетелдік
азамат, елде тұратын азаматтығы жоқ адам және еңбек шарты бойынша жұмысқа
қабылдаушы жеке кәсіпкер, т.б.) жатады.
Жұмыс беруші еңбек қатынастарының субъектілерінің бірі болып табылады.
Жұмыс берушінің негізгі құқықтары
ҚР Еңбек кодексінің 23 б. 1 п. сәйкес жұмыс берушінің:
-жұмысқа қабылдау кезінде таңдау еркіндігіне;
-қызметкерлермен еңбек шартын осы Кодексте көзделген тәртіппен және
негіздер бойынша өзгертуге, толықтыруға және бұзуға;
-өз өкілеттігі шегінде жұмыс берушінің актілерін шығаруға құқығы бар.
Еңбек жағдайларының өзгеруіне байланысты актілер шығару осы Кодекстің 48-
бабына сәйкес жүзеге асырылады;
-өз құқықтары мен мүдделеріне өкілдік ету және оларды қорғау мақсатында
бірлестіктер құруға және оларға кіруге;
-қызметкерлерден еңбек шарты, ұжымдық шарт талаптарының, еңбек тәртіптемесі
ережелерінің және жұмыс берушінің басқа да актілерінің орындалуын талап
етуге;
-осы Кодексте көзделген жағдайларда және тәртіппен қызметкерлерді
көтермелеуге, оларға тәртіптік жаза қолдануға, қызметкерлерді материалдық
жауапкершілікке тартуға;
-еңбек міндеттерін атқару кезінде қызметкердің келтірген зиянын өтетуге;
-еңбек саласындағы өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында
сотқа жүгінуге;
-қызметкерге сынақ мерзімін белгілеуге;
-егер жеке еңбек шартының талаптарында ескертілген болса, қызметкерді
оқытуға байланысты өз шығындарын өтетуге құқығы бар.
Жұмыс берушінің негізгі міндеттері
ҚР Еңбек кодексінің 23 б. 2 п. сәйкес жұмыс беруші:
-Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, келісімдердің, ұжымдық шарттың,
еңбек шартының, өздері шығарған актілердің талаптарын сақтауға;
-жұмысқа қабылдаған кезде осы Кодексте белгіленген тәртіппен және
жағдайларда қызметкерлермен еңбек шарттарын жасасуға;
-еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша ішкі бақылауды жүзеге
асыруға;
-қызметкерге еңбек шартында келісілген жұмысты беруге;
-қызметкерге Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде,
еңбек шартында, ұжымдық шартта, жұмыс берушінің актілерінде көзделген
жалақы мен өзге де төлемдерді уақтылы және толық мөлшерде төлеуге;
-қызметкерді ұйымдағы ішкі еңбек тәртібі қағидаларымен және жұмыс берушінің
қызметкердің жұмысына (еңбек функциясына) тікелей қатысы бар өзге де
актілерімен және ұжымдық шартпен таныстыруға;
-қызметкерлердің өкілдеріне ұжымдық келіссөздер жүргізу, ұжымдық шарттар
жасасу, сондай-ақ олардың орындалуын бақылау үшін қажетті толық және
дәйекті ақпарат беруге;
-қызметкерлер өкілдерінің ұсыныстарын қарауға, ұжымдық келіссөздер
жүргізуге және осы Кодексте белгіленген тәртіппен ұжымдық шарт жасасуға;
-қызметкерлерді Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына, еңбек шартына,
ұжымдық шартқа сәйкес еңбек жағдайларымен қамтамасыз етуге;
-қызметкерлерді жабдықпен, құралдармен, техникалық құжаттамамен және еңбек
міндеттерін атқару үшін қажетті өзге де құралдармен өз қаражаты есебінен
қамтамасыз етуге;
-мемлекеттік еңбек инспекторларының нұсқамаларын орындауға;
-егер жұмысты жалғастыру қызметкердің және өзге де адамдардың өміріне,
денсаулығына қауіп төндіретін болса, жұмысты тоқтата тұруға;
-қызметкерлерді міндетті әлеуметтік сақтандыруды жүзеге асыруға;
-қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым
оқиғалардан сақтандыруға;
-қызметкерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын беруге;
-қызметкерлердің еңбек қызметін растайтын құжаттардың және оларды
зейнетақымен қамсыздандыруға арналған ақшаны ұстап қалу мен аудару туралы
деректердің сақталуын және мемлекеттік мұрағатқа тапсырылуын қамтамасыз
етуге;
-қызметкерге зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыс жағдайлары
мен кәсіптік аурудың болу мүмкіндігі туралы ескертуге;
-жұмыс орындары мен технологиялық процестерде қауіп-қатерді болғызбау
жөнінде шаралар қабылдауға, өндірістік және ғылыми-техникалық прогресті
ескере отырып профилактикалық жұмыстар жүргізуге;
-жұмыс уақытының, оның ішінде әрбір қызметкер орындайтын үстеме
жұмыстардың, зиянды (ерекше зиянды), қауіпті еңбек жағдайларындағы
жұмыстардың, ауыр жұмыстардың нақты есебін жүргізуге;
-қызметкерлердің кәсіби даярлықтан, қайта даярлықтан өтуін және олардың
біліктілігін арттыруды осы Кодекске сәйкес қамтамасыз етуге;
-қызметкердің еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде өмірі мен
денсаулығына келтірілген зиянды осы Кодекске және Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес өтеуге;
-еңбек жөніндегі уәкілетті органның және еңбек жөніндегі уәкілетті
мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарын,
қызметкерлер өкілдерін, еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспекторларды
ұйымдардағы еңбек қауіпсіздігінің, еңбек жағдайы және еңбекті қорғаудың жай-
күйін және Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
туралы заңнамасының сақталуын, сондай-ақ өндірістегі жазатайым оқиға мен
кәсіптік ауруларды тексеру үшін кедергісіз жіберуге;
-жұмысқа қабылдау кезінде осы Кодекстің 31-бабына сәйкес еңбек шартын
жасасу үшін қажетті құжаттарды талап етуге;
-жұмыс беруші айқындайтын, он сегіз жасқа дейінгі қызметкерлердің тегі,
аты, әкесінің аты (егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және
туған күні көрсетілетін тізілімдердің немесе басқа да құжаттардың
жүргізілуін қамтамасыз етуге міндетті.

Кәсіподақтар - жаһандану процесінің белсенді мүшелері. Кәсіподақтар, бір
жағынан, жалданбалы жұмысшылардың мүдделерін қорғайды, екінші жағынан,
еңбек ресурстарының ғаламдық нарығында өз пайдаларына қаржылық түсімдердің
артуы үшін күреседі. Кәсіподақтардың бүкіл тарихы осы үздіксіз күреске
арналады. Осы күрестің барысында - жұмысшылардың еңбекақысын көбейту,
жұмыссыздық деңгейін азайту, қамтылмаған жұмысшыларды кәсіподаққа тарту,
жалақының уақытылы төленуі үшін күрес жүргізіледі. Кәсіподақтардың және
жұмысшылардың бірлескен қаржылық, ұйымдастырушылық және басқа да
мүмкіндіктері әлемнің барлық үкіметтері мен жұмыс берушілерімен кез кел¬ген
мәселелерді шешудің ең күшті тетігі болып табылады. Кәсіподактар өз
бастауын XVIII ғасыр соңынан, Батыс Еуропа мен АҚШ елдерінде әртүрлі кәсіп
иелерінің бірлесуінен алады. Еңбек бөлінісі және капиталистік мекемелердің
іріленуі, сонымен қатар жұмысшы қозғалыстарының қатар дамып, жұмысшылар мен
қызметкерлерді өндірістік кәсіподақтар аясына топтасуына әкелді. XX ғасыр
басында жалданбалы жұмысшыларды "бір мекеме - бір кәсіптік ұйым, бір сала -
бір кәсіподақ" принципімен біріктірген кәсіподақтар бүкіл капиталистік әлем
елдерінде кеңінен таралды. Тіпті, 1917 жылы кейін де екі қарама-қарсы
лагерлерде кәсіподақтар құрудың өндірістік қағидаты үстемдік етті. XX ғасыр
алғашқы жартысында капиталистік елдер үкіметтерінің капиталдың елден шығуын
қысқартуға, елге құйылуына жағдай жасауға талпынысы өнеркәсіп өндірісінің
күрт артуына алып келді. Жаһанданудың бұл айбатына кәсіподақтар Францияның
Жалпыға ортақ еңбек конфедерациясын, Италияның Жалпыға ортақ еңбек
конфедерациясын және өзге де жалпыұлттық кәсіподақтар бірлестігін құру
арқылы жауап қатты. Сонымен қатар Кеңес Одағында өндірістік салалық
кәсіподақтардың Орталық комитетке бағынуы тігінен ұйымдасқан, қатаң
принципі орнықты. Облыстық, өлкелік аумақтар деңгейінде аумақтық
кәсіподақтар құрылды. Капиталистік мекемелер транс-ұлттық корпорацияларға
айналу жолындағы ең алғашқы қадамдарын халықаралық кәсіподақтар
бірлестігіне мүшелік құқын қамтамасыз ету тұғырын қалыптастырудан бастады.
1945 жылы - Парижде Біріншіші Бүкіләлемдік кәсіподақтар конгресі өткізілді,
онда Бүкіләлемдік кәсіподақтар федерациясын құру жөнінде шешім қабылданды.
Алайда, о бастан-ақ ішкі кикілжіңдерге төтеп бере алмаған ол бытырап,
бөлшектеніп кетті. Осылайша, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еңбек құқығы пәні, әдісі, қағидаттары, жүйесі, деректік негіздері
Еңбектік құқықтық қатынастар
Шарт түсінігі және оның азаматтық құқықтағы орны. Шарттың түрлері және оларды жасау жолдары
Еңбекті қорғау мен еңбек заңнамасының сақталуын қадағалау мен бақылау бойынша құқықтық қатынастар
Қазақстан Республикасының еңбек кодексінде еңбек шарттарын жасасу және бұзу негіздері
Халықаралық еңбек ұйымының еңбек құқығы
Еңбек құқықтық қатынастар саласындағы әлеуметтік әріптестік
Еңбек дауларына түсінік, оның түрлері
Еңбек құқығының әдісі
Азаматтық құқықтағы соттағы өкілдік
Пәндер