Мемлекеттік белгілер


ҚР Білім және Ғылым министрлігі
Мемлекет пен құқық теориясы пәнінен
СӨЖ
Тақырыбы: Мемлекеттік белгілер.
Орындаған: Кішкенебаев Д.
Тексерген: Құлбекова А. E.
Алматы 2012-жыл
Жоспары:
1 Мемлекеттік құрылым
2 Мемлекеттік нышан-белгілері
2. 1 ҚР-ның мемлекеттік Туы
2. 2 ҚР-ның мемлекеттік Елтаңбасы
2. 3 ҚР-ның мемлекеттік Ән-ұраны
3 Коституция
4 Мемлекет басшысы
5 Атқарушы билік
6 Заң шығырушы билік
7 Жергілікті билік органдары
8 Сот билігі
9 Тілдері
10 Саяси партиялары
Мемлекеттік құрылым
Қазақстан Республикасы - президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет. Мемлекет басшысы - Президент Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстанда бір ғана мемлекеттік билік бар - оған Парламент арқылы жүзеге асатын заң шығару билігі; орталық органдардан (министрлік, ведомстволар мен агенттіктер) және жергілікті органдардан (әкімдіктер) тұратын Үкімет - атқарушы билік және мемлекеттік соттар (Жоғарғы сот және жергілікті соттар) арқылы жүзеге асатын сот билігі кіреді.
Мемлекеттік биліктің бірден бір қайнар көзі - халық.
Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық, бүкіл халықтың игілігі үшін экономиканы дамыту, патриотизм, мемлекет өміріндегі маңызды мәселелерді республикалық референдум немесе Парламентте дауыс беру арқылы барынша демократиялық әдістермен шешу Республика қызметінің негізін қалаушы қағидаттар боп табылады.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік және жеке меншік мойындалады және тең дәрежеде қорғалады.
Мемлекеттік нышан-белгілері
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Туы
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы - ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Туды сабының тұсында ұлттық өрнек нақышталған тік жолақ көктеп өтеді. Күн, шұғыла, қыран және өрнек бейнелері алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы - 1:2».
Мемлекеттік туымыздың аспан текті зеңгір көк түсті болуы кездейсоқ емес. Әйгілі Ансельм кестесі бойынша ол - адалдықтың, кіршіксіз тазалық пен пәктіктің нышаны. Көк түс ынтымақ пен бірлік идеясын аңғартады, бейбітшілік, тұрақтылық пен береке-байлық белгісі болып саналатын ашық аспанға мегзейді.
Аспанкөк түс - қазақтың ұлттық бояуының реңі. Ұлттың менталитеті, танымы, мәдениеті мен бұл түске деген айырықша ілтипаты осы ойға жетелейді.
Байрақ бетіне әр түрлі нышандардың суретін салу бұрыннан бар үрдіс. Туымыздағы нұр шұғылалы алтын күн бейнесі, қыран көңіл халқымыздың асыл арманын арқалаған дала бүркіті мен рухани болмысымыздың жарқын бір көрінісі болып табылатын ұлттық өрнек - сондай айтары мол астарлы айшықтар. Олармен бірге халқымыздың тарихи зердесі де қайта оянғандай.
Күн образы - байлық пен берекенің белгісі. Оның графикалық бенелеуі (шеңбер) өміршеңдік нышаны деп саналады.
Қыран бүркіт бейнесінің нышандық мәні әдетте билік, көрегендік пен кеңдік, күш-қайрат ұғымдары арқылы айқындалады.
Бұрынғы әлемдік тәжірибеде рәміздерде бүркіт бейнесін бедердеу кезінде оның сұсы мен айбынын, жыртқыштық белгілерін ерек танытуға ұмтылыс басым болатын.
Қазақстан Туында бұл образ мүлдем жаңа көркемдік шешім тапты. Біріншіден - бейбіт, салмақты мінез сипаты сезіледі. Екіншіден - ол күн астында тұр. Қанатында Прометей алауын, бақыт нұрын алып келе жатқандай әдемі әсер қалдырады.
Үшіншіден - қозғалыс үстінде бейнеленген. Асқар арман, асыл мақсатқа құлаш ұрып келе жатқандай. Рәміздік тұрғыдан алғанда бақыт пен берекеге, өркениет биіктеріне ұмтылған ел мұратын, халық аңсарын аңғартады.
Ту - бұл кез-келген мемлекеттің егемендігі мен ерекшелігін айқындайтын нышандардың бірі.
Ерте дәуірлерде ту мемлекеттік құрылыс ұқсастығын айқындау және халықты біріктіру қызметін атқарды
Ең көне ту жобамен б. э. д. 3000 жыл бұрын жасалған, ол Иран территориясында 1972 жылы табылған. Бұл 23×23 сантиметр, бүркіт, екі арыстан, үш әйел құдайы және өгіз бейнеленген металдан жасалған бұйым.
Тарихы ұқсас мемлекеттердің мемлекеттік нышандарын қарастырғанда, олардың көпшілігінде табынатын жануарлардың яғни, грифондар мен бүркіттің, ілбіс пен жолбарыстың немесе түрік-номадтың сенімді серігі - жылқының нышандары бейнеленген. Бұл факт түркі халықтарының рухани және мәдени ұқсастығын білдіреді.
Қазақстан жерінде қоныстанған біздің эрамызға дейінгі ІІІ- VIII ғасырларда сақ-сармат тайпаларының өз жалаулары болғандығы жөнінде деректер сақталған.
Көшпенді-ғұндардың ақ жалаулары, қазіргі түркі халықтарының, соның ішінде қазақтардың бабалары саналатын түркілердің тулары көгілдір, жасыл, сары және тағы басқа түсті болған. Мемлекеттік нышандар бойынша мұрагерлік қыпшақ-қимақ тайпаларында да сақталған. Шыңғысханның жалауы үшбұрышты ақ түсті, аңшы сұңқар бейнеленген, ұлы жорықкердің түсін бейнелейді. Тудің түсін анықтау сол кездегі тарихпен айқындалады. Қазақстан территориясын 600 жылға жуық уақыт Шыңғысхан ұрпақтары билеген. Ақорданың, Алтынорданың және қазақ хандары мен сұлтандарының да туының түстері ақ түсті болған. Мәселен, осы уақытқа дейін Абылайханның (ХVIII ғасыр) ақ туы халық жадында сақталған. Орталық Азия билеушісі Әмір Темірдің жалауының түсі де түркілердің, хазарлар мен селжүгіттердің жалауы секілді көгілдір-аспан түсті.
Қазақстан Ресейге қосылғаннан кейін жаңа мемлекеттік-әкімшілік басқару жүйесі пайда болды, бұның өзі мемлекеттік рәміздерімізге өз әсерін тигізді.
Қазақ Кеңестік Автономиялық Республикасы Ресей Кеңестік Федеративтік Социалистік Республикасының мемлекеттік нышандарын пайдаланды. Туда үш көлденең сызық сызылған, жоғырғы және төменгісі қызыл түсті, ортасы көкшіл түсті. Жоғарғы бөлігінде орақ пен балға және астында қызыл жұлдызша бейнеленген.
1992 жылы Шакен Ниязбеков жасаған Мемлекеттік ту бекітілді.
Мемлекеттік туды даралап тұрған тағы бір белгі - оның сабына таяу тік тартылған ұлттық өрнекті («Қошқар мүйіз») жолақ. Бұл өрнек сонау сақ дәурінен белгілі. Сәулет өнері туындыларында қазір де қолданылады.
Алтынмен айшықталып, көз жауын алардай әдемі зерленген рәміздік жеке белгілердің бояуы Мемлекеттік тудың шымқай зерен көк реңімен әдемі үйлесім тапқан.
Негізгі бөлігін түсті мата құрайтын мемлекеттік тудың басқа атрибуттарының да өз атаулары бар. Олар - тутаяқша (древок), ұшарбас (навершие), бау (лента), шашақ (бахрома), тутұғыр (флагшток), тужиек (кайма), т. б.
Түсті мата тартылатын тутаяқша ағаштан немесе металдан жасалады. Ұшарбас оған шығырмен бекітіліп, тудың ажарын аша түсуге қызмет етеді. Ол ұлттық ою-өрнек стилінде жасалған найза тәрізді болып келеді. Оған тартпа жіп пен бау тағылады.
Шашақ дегеніміз тудың негізгі бөлігін - түсті матаны жиектеп көмкерген тоқыма әшекей, ал тутұғыр деп жиек (кайма) болмаса - түсті матаның шетіндегі түсі бөлек жолақша.
Тудың қасбетіндегі (оң бет - түсті матаның тура қараған кезде тутаяқшадан оңға қарай жазылған жағы) әр алуан бейнелер мен жазулар тоқу, бояу және жапсырма (аппликация) әдістерімен түсіріледі.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы Шәкен Оңласынұлы Ниязбеков Қазақстанға еңбегі сіңген өнер қайраткері. Қазақстан дизайн өнерінің негізін қалаушылардың бірі.
1938 жылы 12 қарашада Тараз қаласында дүниеге келді. В. И. Мухин атындағы Ленинград жоғары көркемөнер өнеркәсіп училищесін бітірген. Алматы қаласының бас суретшісі.
Негізгі шығармашылық жұмыстары: Тараз қаласындағы Ш. Уәлиханов атындағы кинотеатрдың кешенді дизайны (1979, А. Симоновпен, В. Кузьминмен бірге), «Волоколам бағытында. Генерал-майор И. Панфилов пен қолбасшы Б. Момышұлы ескерткіші (1985) », «Жамбыл», «Ана болу бақыт», «Шоқан Уәлиханов», т. б. көркем полотнолар. Алматы қаласы елтаңбасының авторы.
Чехословакияда өткен Халықаралық байқаудың алтын медалін (1961) және Санкт-Петербургте өткен плакаттар байқауының бірінші жүлдесін (1982) жеңіп алған.
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Елтаңбасы
Қазақстан Pеспубликасының мемлекеттiк Елтаңбасы - Қазақстан Республикасының негiзгi мемлекеттiк рәмiздерiнiң бiрi. ҚР Президентiнiң “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституциялық заң күшi бар Жарлығымен (24. 1. 1996) белгiленген. Рәмiздiк тұрғыдан ҚР мемлекеттік гербiнiң негiзi - шаңырақ. Ол - гербтiң жүрегi. Шаңырақ - мемлекеттiң түп-негiзi - отбасының бейнесi. Шаңырақ - Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ - киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi. Тұлпар - дала дүлдiлi, ер-азаматтың сәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты, жеңiске деген жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi. Қанатты тұлпар - қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңiстiктi бiрiктiредi. Ол өлмес өмiрдiң бейнесi. Бiр шаңырақтың астында тату-тәттi өмiр сүретiн Қазақстан халқының өсiп-өркендеуiн, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет-бейнесiн паш етедi. Бес бұрышты жұлдыз гербтiң тәжi iспеттi. Әрбiр адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар. Қазақстан Pеспубликасының мемлекеттiк Елтаңбасының авторлары - Жандарбек Мәлiбеков пен Шотаман Уәлиханов.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны
сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев
әні: Шәмші Қалдаяқовтыкі
Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің - Қазақстаным!
Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің - Қазақстаным!
Конституция
Қазақстан Республикасының Конституциясы - елдің негізгі заңы. Қазіргі Конституция 1995 жылы 30 тамыз күні бүкілхалықтық референдуммен қабылданды. Қазақстан Республикасы Конституциясының күні - бұл мемлекеттік мереке.
1-бап
1. Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары.
2. Республика қызметiнiң түбегейлi принциптерi: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық; бүкiл халықтың игiлiгiн көздейтiн экономикалық даму; қазақстандық патриотизм; мемлекет өмiрiнiң аса маңызды мәселелерiн демократиялық әдiстермен, оның iшiнде республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу
Мемлекет басшысы
Қазақстан Республикасының Президенті - жоғары лауазымды тұлға және ел Қарулы күштерінің бас қолбасшысы. Оның өкілеттілігі Конституцияның арнаулы бөлімінде айқын белгіленген. Лауазым 1990 жылдың 24 сәуірінде тағайындалған. Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Қазақстан Республикасының Президентін Қазақстанның кәмелеттік жастағы азаматтары жалпыға ортақ, тең және тікелей сайлау құқы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайлайды.
Қазақстан Республикасы Президентінің Резиденциясы - «Ақ орда». Астананың жаңа әкімшілік орталығы аумағында, Есіл өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан. ҚР Президенті Сарайының ресми тұсаукесер рәсімі 2004 жылдың 24 желтоқсанында болды.
Атқарушы билік
Үкімет атқарушы билікті жүзеге асырады. Үкімет басшысы - премьер-министр. Оның қоластында үш орынбасары бар. Кабинет 18 министрден тұрады. Үкімет атқарушы органдар жүйесін басқарады және солардың жұмысына жетекшілік жасайды. Үкімет алқалы орган боп саналады және өзінің барлық қызметінде - Қазақстан Республикасы Президенті алдында, ал Конституцияда қаралған жағдайларда Парламент Мәжілісі мен Парламент алдында жауапты.
Қазақстан Республикасының Президенті Үкіметті Конституцияда белгіленген тәртіппен құрады.
Заң шығарушы билік
Заң шығарушы билік - Парламент. Екі палатадан тұрады. Жоғарғы палата - Сенат (39 адам) әр 6 жыл сайын сайланады. Төменгі палата - Мәжіліс (107 депутат, оның 9-ы Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері) әр 5 жыл сайын сайланады.
Сенат депутаттығына, конституциялық заң тағайындаған тәртіппен, әр облыстан, республикалық маңызы бар қалалар мен астанадан (14 облыс, 2 қала) екі адамнан сайланады. Сенаттың он бес депутатын Республика Президенті ұлттық-мәдени және қоғамның басқа да маңызды мүдделі өкілдерімен Сенатты қамтамасыз ету қажеттілігін ескере отырып, тағайындайды.
Парламент депутаты екі палатаға бірдей бір мезгілде мүше бола алмайды.
Жергілікті билік органдары
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz