Банк және банк қызметі ұғымдары



1 Банк
2 Банктердің мәні және қызметтері
3 Банктік қызмет
Банк (италянша bankо — үстел) — ақша қаржылары мен қорларын жинақтау, кредит беру, мемлекеттер, кәсіпорындар (фирмалар), мекемелер және жеке адамдар арасындағы өзара төлемдер мен ақшалай есеп айырысуда делдалдықты жүзеге асыру, ақшаның белгілі бір түрін айналымға қосу, ақша мен құнды қағаздар шығару, алтынмен, шетелдік валютамен түрлі операциялар жасау және басқа да қызметтер атқаратын қаржы мекемесі. Банктің пайда болуы мен дамуы тауар-ақша қатынастарының дамуымен тығыз байланысты. Банктер кәсіпорындардың, фирмалардың, компаниялардың, сонымен қатар тұрғындардың уақытша пайдаланылмай бос тұрған қаражаттарын жинақтап, қажет етушілерге өсіммен уақытша кредит беру арқылы қаржы мұқтаждығын өтейді. Сөйтіп, Банктер аралық қызмет атқарып ақша пиасасында (рыногында) тауарға айналатын жаңа талап пен міндеттемені қалыптастырады. Міндеттеме мен талаптың пайда болу процесі қаржылық-делдалдық қызметтің негізін құрайды.
1. Орысша-қазакша заңдык түсіндірме сөздік-анық тамалық. - Алматы: Жеті жарғы, 2008.
2. Қазақ Энциклопедиясы
3. Ақша, несие, банктер теориясы: Оқулык. — Алматы: Жеті жарғы, 2011. — 368 бет.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Банк және банк қызметі ұғымдары

Банк (италянша bankо -- үстел) -- ақша қаржылары мен қорларын жинақтау, кредит беру, мемлекеттер, кәсіпорындар (фирмалар), мекемелер және жеке адамдар арасындағы өзара төлемдер мен ақшалай есеп айырысуда делдалдықты жүзеге асыру, ақшаның белгілі бір түрін айналымға қосу, ақша мен құнды қағаздар шығару, алтынмен, шетелдік валютамен түрлі операциялар жасау және басқа да қызметтер атқаратын қаржы мекемесі. Банктің пайда болуы мен дамуы тауар-ақша қатынастарының дамуымен тығыз байланысты. Банктер кәсіпорындардың, фирмалардың, компаниялардың, сонымен қатар тұрғындардың уақытша пайдаланылмай бос тұрған қаражаттарын жинақтап, қажет етушілерге өсіммен уақытша кредит беру арқылы қаржы мұқтаждығын өтейді. Сөйтіп, Банктер аралық қызмет атқарып ақша пиасасында (рыногында) тауарға айналатын жаңа талап пен міндеттемені қалыптастырады. Міндеттеме мен талаптың пайда болу процесі қаржылық-делдалдық қызметтің негізін құрайды.
Банк -- ерекше кәсіпорын. Егер кәдуілгі кәсіпорын қызметінде ақша төлем рөлін атқарса, ал Банк қызметінде ол тауар орнына жүреді. Банктер уақытша пайдаланылмай тұрған бос ақша қаражаттарын өзіне жинақтау, клиенттерге есепшот ашып, кассалық қызмет көрсету, қысқа және ұзақ мерзімге несие беру, кредит бөлу,инвестициялық қызмет атқару (ұзақ мерзімді күрделі шығындарды қаржыландыру, құнды қағаздар шығару) т.с.с. өзіндік арнаулы қызметтерге қоса, нарықтық экономикажағдайында лизингтік, факторингтік, трастық, кеңесшілік, ақпараттық, т.б. қызметтерді де атқарады. Банк жүргізетін операциялар пассивті (ресурстарды банктегі есепшотқа енгізу) және активті (Банк ресурстарын орналастыру) болып бөлінеді. Негізгі пассивті операциялардың қатарына Банктің өзіндік капиталы (жарғылық қор, резервтік қор), депозиттер қабылдау және банкаралық ақша пиасасынан (рыногынан) қосымша ресурстар алу жатса, ал, негізгі активті операцияларға банкаралық кредит беру, инвестициялық (тікелей және портфельді) қаржы бөлу, т.б. жатады. Коммерциялық Банктер бұлармен қатар делдалдық және сенімдік (коммандиттік) операцияларды да жасайды. Атқаратын қызметі мен сипатына қарай -- орталық эмиссиялық (Ұлттық банк, оның жергілікті филиалдары), коммерциялық, инвестициялық, салалық, ал меншік түріне қарай мемл., акцион., корпоративтік, аралас, мемлекетаралық Банктер болып бөлінеді. Алғашқы Банктер орта ғасырда Солтүстік Италияда, кейінірек Германия мен Нидерландтың сауда орталықтарында пайда болды. Банк ісінің ілгері дамуына, әсіресе, 1716 -- 1720 жылы Франциядағы Джона Ло банкінің ықпалы зор болды. Ол алғаш рет ақша эмиссиясын жүзеге асырды. Оның шығарған банкноттары айналым барысында мемл. қағаз ақшаға айналды.
Басты мақсаты пайда табуды көздеген өнеркәсіп пен сауда капиталистерінің мол ақша қаржыларын өзіне тарта бастады. Олар қарызға металл ақша беруден енді ірі өндірісшілерге борышқорлық міндеттемелер арқылы кредит беруге және клиентінің ағымдағы есепшотына ақша аударуға көшті, сөйтіп қарыз капиталының қозғалысын ұйымдастыратын ерекше қаржы кәсіпорны ретінде өріс алды. 20 ғасырдың басында банк ісі мен өнеркәсіптің шоғырлануы және монополиялануы Банктердің рөлін едәуір өзгертіп, Банк белгілі бір салаға не кәсіпорынға жүйелі түрде кредит беруге көше бастады. Олар, көбіне, ұзақ мерзімді қарыз беруге (8 -- 10 жылға дейін) ұмтылды. Өнеркәсіп, транспорт, сауда және басқа да акцион. қоғамдардың құнды қағаздарын (акциялар, облигациялар) рынокқа шығару және орналастыру нәтижесінде Банк өнеркәсіппен етене жақындасып, кәсіпорындардың құнды қағаздарының бақылау пакетін өз қолына шоғырландырды. Осының нәтижесінде 20 ғасырдың алғашқы ширегінде Ұлыбритания мен Германияда ірі-ірі Банктер екшеліп шықты. Банк жұмысы барған сайын өркендеп, енді олар жәй делдалдық рөлінен асып, барлық ірі саудагерлер мен ұсақ қожайындардың бүкіл ақша капиталын жинап, белгілі бір елдегі өндіріс құрал-жабдықтары мен шикізат көздерінің көбін билеп отыратын монополиялық құрылымға айналды. Мысалы, 1979 жылы Жапониядағы 13 "қалалық банк" (Мицубиси бэнк, Сумитомо бэнк, т.б.) бүкіл кредит жүйесіндегі активтердің 46%-ін өз қолында ұстады. Ал Ұлыбританияның кредиттік жүйесін 4 банк монополиясы: Нэшнл Вестминстер бэнк, Барклейз бэнк, Мидлэнд бэнк және Ллоидз бэнк билейді. Нью-Йорктегі аса ірі банктер -- Чейз Манхеттен бэнк пен Кемикл бэнк қаржылық-монополистік Рокфеллер тобы арқылы жұмыс істеді. Ол ірі өнеркәсіп салаларын ("Боинг", "Геркулес", "Монсанто" компанияларды, т.б.) өз уысында ұстап отыр. Қазақстанға банк капиталының енуі және оның территориясында кредит желісінің жасалуы 19 ғасырдың соңында басталды. Ресей империясының кредит жүйесінің бір бөлігі болған Қазақстанның кредит желісі мемлекеттік банкінің бөлімшелерінен, акционерлік коммерциялық банктердің филиалдарынан, сондай-ақ кредит кооперациясынан және ұсақ кредиттің басқа да мекемелерінен құралды. 1-дүниежүзілік соғыстың басталуы қарсаңында Қазақстанда ең қарапайым банк операцияларын жүзеге асырған казначейліктерді, сондай-ақ, 345 кредит және қарыз-сақтық серіктіктерін қоспағанда, 44 Банк мекемесі жұмыс істеді. 20 ғ-дың басында Қазақстандағы негізгі Банктер -- Ресей банктері болды. Олардың филиалдары өлкенің орталық қалаларында (Оралда,Омбыда, Петропавлда, Семейде, Верныйда) орналасты. Сауда айналымдарының ұлғаюына байланысты Қоянды жәрмеңкесінде Ресей Мемлекеттік банкінің уақытша бөлімшесі 1894 жылдан жұмыс істеді, ал 1912 жылы Ресей сыртқы сауда банкісінің бөлімшесі ашылды. Сауда-өнеркәсіп ісін тікелей қаржыландыру жөніндегі операциялар -- вексельдерді есепке алу және тауарларды кепілдікке алып қарыз беру ісі неғұрлым дамыды. Кеңес өкіметі орнағаннан кейін де Қазақстандағы банк жүйесі КСРО банк жүйесінің бір тармағы ретінде қызмет етті.
Қазақстанда КСРО Мемлекеттік банкінің 260, жинақ кассаның 4147 мекемесі жұмыс істеді. Тек Қазақстан дербес мемлекетке айналғаннан кейін ғана елдің жеке банк жүйесі құрылды, шетелдік ірі банктердің өкілдіктері ашыла бастады. (Дүниежүзілік банк, Дойче банк, т.б.) Қазақстанда 1991 жылы басталған Банк реформасының нәтижесінде қос деңгейдегі банк жүйесі құрылды. Жоғары (бірінші) деңгейдегі Банк -- ҚР Ұлттық банкі. Оның міндеттері, қызметінің бағыттары, құқықтық мәртебесі және уәкілеттігі ҚР Президентінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы" Заң күші бар Жарлығында (30.3.1995) белгіленген. Өзге Банктердің бәрі банк жүйесінің төменгі (екінші) деңгейіне жатады. Көбінесе олар "коммерциялық Банктер" деп аталады. Себебі, олардың жарғылық қорлары мемл. меншіктен шығарылып, жарналық акцион. капиталдан құралады. Ұлттық Б. эмиссиялық айналымға ақша шығаруға, реттеп отыруға құқылы. Сондай-ақ, коммерциялық Банктер мен олардың бөлімшелері үшін міндетті экономикалық нормативтерді белгілейді, қызметтерін бақылайды және ақша мен алтын қорын сақтайды. Екінші деңгейдегі Банктер халық шарасы мен халыққа сан-салалы қызмет көрсететін коммерциялық-несиелік мекемелерге айналдырылған. Қазақстанда алғашқы коммерциялық Банктер (Интеринвестбанк, Крамдсбанк) 1989 жылдан пайда бола бастады. 1992 жылы олардың саны 232-ге жетіп, 1994 жылы күрт қысқарды. 1999 жылдың басында Ұлттық Банк пен Үкіметтің арнайы ақша-несие саясатының нәтижесінде (жарғылық капиталды өсіру арқылы) Банктер саны бұрынғыдан да азайып, олардың өзіндік капиталы 53,7%-ке (41,2 млрд. теңге), активтерінің жалпы көлемі 10,4%-ке (186 млрд. теңге) жетті. Депозит көлемі ұлттық валюта есебінде 22 млрд-тан асты (1999, қаңтар). Ұлттық Банктің перспективалық жоспарында Банктерді одан әрі шоғырландыра түсу көзделген. Осыған орай олардың жарғылық капиталының ең төм. мөлшерін 300 млн. теңгеге жеткізіп, оны бірте-бірте 1 млрд. теңгеге дейін өсіре беру межеленген. Қазақстандағы екінші деңгейдегі Банктердің ең ірілері қатарына Қазкоммерцбанк, Қазақстанның халықтық банкі, Тұранәлембанк, т.б. жатады (1999).

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Банктердің мәні және қызметтері
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

Банк жүйесінін, маңызды элементі -- банктер болып табылады.
Ежелгі ғасырлар тарихы кейінгі ұрпаққа банктердің қашан пайда болғандығы туралы ғана емес, сондай-ақолардың қандай операциялардыорындағандығы туралы да толық мәліметтер қалдырмаған секілді.
Кейбір ғалымдардың пікірінше, алғашқы банктер капитализмнің мануфактура тұсында және ен, бастысы, Италияның жекелеген қалаларында (Венеция, Генуя) XIV -- XV ғасырларда пайда болған. Олардың еңбектерінде банк тауар шаруашылығынын, ерекше институты ретінде тауар шаруашылығының ерте кезеңінде, яғни тауар-ақша қатынастарьшың дамуына байланыссыз, ақша айналысын реттеу үшін пайда болған делінеді.

XVIXVII ғасырларда Венецияда, Генуяда, Миланда, Амстердамда, Гамбургте, Нюрнбергте саудагер-клиенттер арасында қолма-қол ақшасыз есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін жиробанктер құрылады. Жиробанктер өздерінін, клиенттері арасында белгілі салмағы бар бағалы металдарданжасалған ақша бірліктері арқылы есеп айырысулар жүргізді. Өздерінің бос ақша қаражаттарын жиробанктер мемлекетке, қалаларға және артықшылығы бар компанияларға ссудаға берді.
Ал кейбір мамандар, банкті одан да ерте мерзімде -- феодализм тұсында пайда болған деп айтады. Олар феодалдық шаруашылық тұсында банктердің төлемдегі делдалдық қызметінің қажеттігінен пайда болғандығын тілге тиек етеді.
Дегенмен де, деректерге сүйене отырып, банктердің пайда болуының ей мың жылдық тарихы бар екендігін айтуға болады.
Өкінішке орай, банк сөзінің өзі бізге оның мәнін ғана белгісіз етіп коймай, алғашқы несиелік мекеме туралы біздің жорамалымызлын ақиқаттығынакүмән туғызады.
Банк сөзі banco деген ағылшын тілінен аударғанда айырбас столы дегенді білдіреді. Бұл айырбас столы тауарлармен сауда жасалатын аландарда құрылады. Сауда мемлекеттер мен қалалардың, жекелеген тұлғалардың әр түрлі монеталарымен жасалған. Ол уақытта монеталардың біртұтас жүйесі болмағандықтан, олармен сауда-саттық барысында әр түрлі нысандағы монеталар кездескен. Банктер пайда болардын, алдында ақша-сауда капиталының өкілдері саудагерлердіңақшалай салымдарын қабылдап, оларды әртүрлі елдің ақшаларына айырбастауға маманданып отырған. Уақыт ете келе, айырбастаушылар бұл салымдарды, сондай-ақ өздерінің ақша қаражаттарын ссудаға беріп, пайыз алу үшін пайдалана бастайды. Сөйтіп, айырбастаушылар біртіндеп банкирлерге айналады.
Біздің түсінігімізде, банк ұғымы айырбастаушылардың және олардың айырбас орындарының болуымен сипатталады. Алғашқы банктердің Италиядапайда болу себебі, оның сол уақыттарда дүниежүзілік сауда орталығы болғандығын ескеріп, әр елдің ақшалары мен тауарларының сол елге қарай ағылып, банкирлердің сауда операцияларына тікелей қатысуына байланысты түсіндіріледі.
Тарихшылардың пікірінше, б.э.д. 2300 жыл бұрын холдейлердің сауда компаниялары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Пластикалық карточкалар ұғымы мен оларды қолдану принциптері
Ақша айналымы және құрылымы
Ақша айналымының ұғымы және оның құрылымы
Банктің инвестициялық қызметі инвестициялық саясаты
Инвестициялық банктердің ұсынатын қызметтері
Ақша айналысының тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері
Инвестициялық нарықта коммерциялық банктің әрекеттерінің түрлері
Депозит ұғымы
Банктік қарыз тартуды басқару жүйесінің негізгі элементі ретінде меншікті несиелік қабілетін бақылау
Ақша айналысының тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері жайлы
Пәндер