Еңбек құқығының қайнар көзі



1. ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҚАЙНАР КӨЗДЕРІ

2. Еңбек құқығы қайнар көздерінің түрлері

3. Еңбек саласындағы маңызды заңдарға Қазақстан Республикасы еңбек құқығының қайнар көздері ретінде жалпы сипаттама
4. Нормативтік құқықтық актілердің кеңістіктегі күші
5. Қорытынды
6. Пайдаланылған әдебиеттер
Еңбек құқығының қайнар көздері – бұл қай органның қандай мəселелерге қатысты қабылдағанына байланысты ерекшеленетін еңбек заңнамасының нормативтік құқықтық актілері. В.Н.Уваров атап өткендей, еңбек құқығы қайнар көзінің түсінігі тура мағынада еңбек құқығының нормаларына бастама беретін, еңбек туралы нормаларды туындататын жəне олардың мазмұны анықталатын қасиеттен тұрады, сондықтан еңбек құқығының қайнар көздерін 2 құрамдас бөліктің: еңбек туралы құқықтық нормалардың материалдық мазмұнының жəне нысанының біртұтастығы ретінде сипаттауға болады.
Еңбек құқығы қайнар көздерінің материалдық мазмұны еңбек қатынастарымен байланысты.
Еңбек қатынастары барысында бірлескен еңбек жүзеге асырылған кезде қызметкер мен жұмыс берушінің экономикалық, саяси жəне əлеуметтік қажеттіліктері, олардың мүдделері қарама- қайшы болуы мүмкін. Мұндай жағдайда оларды реттеудің, еңбек қатынастары жүйесіндегі белгілі бір құқықтық нормаларды, жүріс-тұрыс ережелерін анықтаудың қажеттігі туады.
Еңбек қатынастары жүйесіндегі бұл нормаларды, жүріс-тұрыс ережелерін мемлекеттің арнайы органдары анықтайды. Яғни, еңбек құқығы қайнар көздерінің түсінігі мемлекеттік органдардың құқықты қалыптастыру, оған заңдар, жарлықтар, қаулылар жəне өзге нормативтік құқықтық актілер нысанын беру жөніндегі тікелей қызметімен байланысты. Бұл жерде біз еңбек құқығының қайнар көздері түсінігінің формальды немесе заңды мағынасын байқаймыз.
1 Д.Ә. Жанпейісов, Д.Ә. Жанпейісов 2007, баспа Фолиант Астана,
2 М. Айымханова 2002, баспа Жеті жарғы,
3 Уваров В.Н. 2002, баспа Алматы,
4 Ахметов А, Ахметова Г. 2006, баспа Алматы.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:

1- ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҚАЙНАР КӨЗДЕРІ

2- Еңбек құқығы қайнар көздерінің түрлері

3- Еңбек саласындағы маңызды заңдарға Қазақстан Республикасы еңбек құқығының қайнар көздері ретінде жалпы сипаттама
4- Нормативтік құқықтық актілердің кеңістіктегі күші
5- Қорытынды
6- Пайдаланылған әдебиеттер

ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҚАЙНАР КӨЗДЕРІ
Еңбек құқығының қайнар көздері - бұл қай органның қандай мəселелерге қатысты қабылдағанына байланысты ерекшеленетін еңбек заңнамасының нормативтік құқықтық актілері. В.Н.Уваров атап өткендей, еңбек құқығы қайнар көзінің түсінігі тура мағынада еңбек құқығының нормаларына бастама беретін, еңбек туралы нормаларды туындататын жəне олардың мазмұны анықталатын қасиеттен тұрады, сондықтан еңбек құқығының қайнар көздерін 2 құрамдас бөліктің: еңбек туралы құқықтық нормалардың материалдық мазмұнының жəне нысанының біртұтастығы ретінде сипаттауға болады.
Еңбек құқығы қайнар көздерінің материалдық мазмұны еңбек қатынастарымен байланысты.
Еңбек қатынастары барысында бірлескен еңбек жүзеге асырылған кезде қызметкер мен жұмыс берушінің экономикалық, саяси жəне əлеуметтік қажеттіліктері, олардың мүдделері қарама- қайшы болуы мүмкін. Мұндай жағдайда оларды реттеудің, еңбек қатынастары жүйесіндегі белгілі бір құқықтық нормаларды, жүріс-тұрыс ережелерін анықтаудың қажеттігі туады.
Еңбек қатынастары жүйесіндегі бұл нормаларды, жүріс-тұрыс ережелерін мемлекеттің арнайы органдары анықтайды. Яғни, еңбек құқығы қайнар көздерінің түсінігі мемлекеттік органдардың құқықты қалыптастыру, оған заңдар, жарлықтар, қаулылар жəне өзге нормативтік құқықтық актілер нысанын беру жөніндегі тікелей қызметімен байланысты. Бұл жерде біз еңбек құқығының қайнар көздері түсінігінің формальды немесе заңды мағынасын байқаймыз.
Сонымен, еңбек құқығының қайнар көздері ретінде мемлекеттің құзыретті органдарының еңбек жəне өзге де қоғамдық қатынастарды реттеу саласындағы құқық шығарушы қызметінің нəтижелерін тануға болады. Басқаша айтар болсақ, еңбек құқығының қайнар көздері - бұл жалданбалы қызметкерлердің еңбегін пайдалану жəне ұйымдастыру жөніндегі қатынастарды, еңбек нарығын реттейтін нормативтік құқықтық актілер.
Еңбек құқығының қайнар көздері осы саланың нормаларынан тұрады жəне оларды осы нормаларды қолдану актісімен шатастыруға болмайды. Мысалы, ҚР Еңбек туралы заңы еңбек құқығының жұмыстан босату туралы нормалардан тұратын қайнар көзі, ал ұйым басшысының жұмыстан босату (немесе қызметке қабылдау, ауыстыру, тəртіптік жаза тағайындау) туралы бұйрығы құқыққолдану актісі болып табылады.
Жалпы алғанда еңбек құқығының барлық қайнар көздері қайнар көздер жүйесін құрайды, мұнда олар өз мəні, бағыңыстылығы бойынша ҚР Конституциясынан, еңбек туралы халықаралық-құқықтық актілерден (Халықаралық еңбек ұйымының конвенциялары жəне ұсынысатыр, БҰҰ-ның актілері жəне өзге де халықаралық шарттар) жəне республиканың басқа да міндеттемелерінен, сонымен қатар ҚР Конституциялық Кеңесінің жəне Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларынан, ҚР Еңбек туралы заңынан жəне өзге де заңға сəйкес актілерден (ҚР Президентінің жарлықтары, ҚР Үкіметінің қаулылары, Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрлігінің қаулылары, өзге де министрліктер мен ведомстволардың нормативтік бұйрықтарынан бастап, тіпті, локальдық нормалардан (белгілі бір ұйым қызметкерлеріне арналған) тұратын ұжымдық шарттардың нормативтік бөліктеріне, сонымен қатар, əлеуметтік-əріптестік келісімдерге дейін белгілі бір кезектілікті құрайды.
Еңбек құқығы қайнар көздерінің түрлері.
В.Н.Уваров атағандай, нормативтік құқықтық актілер екі түрге бөлінеді: негізгі жəне туынды.
Еңбек заңнамасы саласындағы негізгі нормативтік құқықтық актілерге ҚР Конституциясы, конституциялық заңдар, еңбек туралы жекелеген заңдар, Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтары, ҚР Үкіметінің, Конституциялық Кеңесінің жəне Жоғарғы Соттың қаулылары, министрліктердің жəне өзге де орталық мемлекеттік органдар басшыларының нормативтік бұйрықтары, еңбек мəселелері жөніндегі мемлекеттік комитеттердің жəне өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтік қаулылары, мəслихаттар мен əкімдердің еңбекті ұйымдастырудың жергілкті мəселелері жөніндегі нормативтік шешімдері жатады.
Еңбек заңнамасы саласындағы туынды нормативтік құқықтық актілерге əр түрлі ережелер, нұсқаулар, ұсыныстар жəне т.б. жатады. Туынды актілер негізгі нормативтік құқықтық актілердің негізінде қабылданады жəне олармен бірге біртұтас жүйені құрайды.
ҚР 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Нормативтік құқықтық актілер туралы заңының 4-бабына сəйкес, Конституцияны қоспағанда, өзге нормативтік-құкықтық актілердің заң күшінің арақатынасы мынадай төмендей беретін деңгейлерге сəйкес
болады:
Қазақстандық құқықтың, соның ішінде, еңбек құқығының қайнар көздерінің арасында ерекше орынды Қазақстан Республикасының Конституциясы иеленген. Конституцияның ең жоғары заңдық күші бар жəне Республиканың бүкіл аумағында ол тікелей қолданылады. Қазақстан Республикасында қабылданатын заңдар мен өзге де құқықтық актілер ҚР Конституциясына қайшы келмеуі тиіс.
Конституцияның жоғары заңды күші мынадан көрініс табады.
1) Конституция заңдар мен заңға сəйкес актілерге қарағанда артықшылық рөлге ие;
2) Конституция тиісті мемлекеттік органдардың заңдар мен заңға сəйкес актілерді қабылдау тəртібін белгілейді.
Басқаша айтар болсақ, конституциялық нормалар заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді қабылдау үшін қайнар көз болып табылады.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы ағымдағы заңнама үшін негізгі база, құқықтың басты қайнар көзі болып табылады. Ол жалпы құқық, соның ішінде, еңбек құқығының қайнар көздеріне қатысты бірқатар жаңа ережелер бекітті. ҚР Конституциясы адам жəне азаматтың құқықтарын, бостандықтарын жəне міндеттерін, заң мен сот алдында жұрттың бəрінің теңдігін заңнамалық тұрғыда бекітті. Тегіне, əлеуметтік, лауазымдық жəне мүліктік жағдайына, жынысына, нəсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды. Конституция əркімнің еңбек ету бостандығын, қызмет пен кəсіп түрін еркін таңдау құқығын; еріксіз еңбекке тыйымды жəне қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек ету құқығын; еңбегі үшін нендей бір кемсітусіз сыйақы алуына, сондай-ақ жұмыссыздықтан əлеуметтік қорғалуға құқығын
жариялады. Конституция қызметкерлердің заңмен белгіленген тəсілдерді пайдалана отырып, жеке жəне ұжымдық еңбек дауларын шешу құқығын мойындады. Əркімнің тынығу құқығы бар. Еңбек шарты бойынша жұмыс істейтіндерге заңмен белгіленген жұмыс уақытының ұзақтығына, демалыс жəне мереке күндеріне, жыл сайынға ақылы демалысқа кепілдік беріледі.
Конституциялық нормалардың мазмұны еңбек туралы заңдарда жəне заңға сəйкес актілерде сипатталады. Еңбек туралы заңдар жүйесінде заң шығарушы актілердің маңызы ерекше. ҚР 1998 жылғы 24 наурыздағы Нормативтік құқықтық актілер туралы заңына сəйкес заң шығарушы актілерге мыналар жатады:
· Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізетін заңдар;
· констиуциялық заңдар; ҚР Президентінің конституциялық заң күшіне ие жарлықтары;
· Қазақстан Республикасының кодекстері; заңдар; ҚР Президентінің заң күшіне ие жарлықтары;
· Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік жарлықтары;
· ҚР Парламентінің нормативтік қаулылары;
· министрлердің нормативтік бұйрықтары; мемлекеттік комитеттердің нормативтік қаулылары; орталық мемлекеттік органдардың нормативтік бұйрықтары жəне қаулылары;
· мəслихаттар мен əкімдердің нормативтік шешімдері.
Төменгі деңгейде тұрған нормативтік актілердің ешбірі жоғары деңгейдегі нормативтік құқықтық актілерге қайшы болмауы тиіс.
ҚР Конституциялық Кеңесінің, ҚР Жоғарғы Сотының жəне ҚР Орталық сайлау комиссиясының нормативтік қаулылары жоғарыдағы иерархиядан тыс тұрады.
Заңның өзге заңға сəйкес актілерге қарағанда жоғары күші болады. Бұл заңдылық қағидасының мəнінен де байқалады. Заңдар еңбекті пайдалану саласындағы барлық маңызды қоғамдық қатынастарды реттейді, жұмыс берушілер мен азаматтардың еңбек қабілеттігі мəселелері жөніндегі негізгі қағидалар мен нормаларды бекітеді, еңбек жағдайы, əлеуметтік қорғау, еңбекті қорғау сияқты маңызды мəселелерді анықтайды. Бұдан өзге қатынастардың барлығы заңға сəйкес актілермен реттеледі.
Еңбек құқығының маңызды қайнар көздері болып Қазақстан Республикасының заңдары табылады.
ҚР Конституциясына жəне ҚР 1998 жылғы 24 наурыздағы Нормативтік құқықтық актілер туралы заңына сəйкес заңдардың келесі түрлерін атап өтуге болады:
1) ҚР Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізетін заңдар. Олар ҚР Конституциясында (62-б. 3-т.) белгіленген тəртіппен қабылданады. Мысалы: мемлекеттік қызметшілердің жасына қойылатын талапты жойған ҚР 1998 жылғы 7 қазандағы ҚР Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заңы (33-б. 4-т.);
2) ҚР конституциялық заңдары. Конституциялық заң ретінде ҚР Конституциясында осылай танылған жəне Конституцияда белгіленген тəртіпте қабылданған заң танылады. Мысалы, ҚР 1991 жылғы 16 қазандағы ҚР мемлекеттік тəуелсіздігі туралы конституциялық заңы;
3) жай заңдар. Мысалы, ҚР 1999 жылғы 10 желтоқсандағы ҚР еңбек туралы заңы, ҚР 1998 жылғы 30 желтоқсандағы ҚР халқын жұмыспен қамту туралы заңы жəне т.б.
Сонымен қатар, еңбек құқығының қайнар көздері ретінде еңбек қатынастары саласындағы заңға сəйкес актілер де танылады.
Заңға сəйкес актілерге заң шығарушы болып табылмайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер жатады. Бұл - ҚР Президентінің нормативтік жарлықтары,
ҚР Парламентінің жəне Үкіметінің нормативтік қаулылары, министрлердің нормативтік бұйрықтары, мəслихаттар мен əкімдердің нормативтік шешімдері.
Заңға сəйкес нормативтік актілер 2 белгімен сипатталады:
1) заңға сəйкес нормативтік актілер заңдарға қайшы келмеуі жəне шегінен шықпауы тиіс;
2) олар заңдарды орындауды ұйымдастыруға бағытталған.
ҚР Конституциясының 62-бабына сəйкес, Парламент Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар Қазақстан Республикасының заңдары, Парламенттің қаулылары, Сенат пен Мəжілістің қаулылары түрінде заң актілерін қабылдайды.
Республиканың заңдары Республика Президенті қол қойғаннан кейін күшіне енеді. Республиканың заңдары, Парламент пен оның Палаталарының қаулылары Конституцияға қайшы келмеуге тиіс.
Парламент пен оның Палаталарының қаулылары заңдарға қайшы келмеуі тиіс.
Заңға сəйкес актілердің қатарынан ҚР Президентінің нормативтік жарлықтары жоғары заңды күшке ие. Олар ҚР Парламенті мен оның Палаталарының құзыретіне кірмейтін мəселелер бойынша қабылданады. Мысалы, ҚР Президентінің 1990 жылғы 29 мамырдағы Мемлекеттік жəне еңбек тəртібін нығайту бойынша шұғыл шаралар туралы жарлығы.
Еңбек туралы нормативтік құқықтық актілердің басым көпшілігін Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулылары құрайды. Олар жалпымемлекеттік сипатқа ие.
ҚР Конституциясының 69-бабына сəйкес Үкімет өз құзыретіндегі мəселелер бойынша қаулы, ал Премьер-министр-өкімдер шығарады. Бұл актілер бүкіл республика аумағында міндетті сипатқа ие.
Еңбек құқығы қайнар көздерінің арасында Қазақстан Республикасының ҚР еңбек туралы заңының орны ерекше. Бұл акт еңбек құқығының жүйесіне кіретін қоғамдық қатынастардың бүкіл кешенін реттейді.

Еңбек саласындағы маңызды заңдарға Қазақстан Республикасы еңбек құқығының қайнар көздері ретінде жалпы сипаттама.
Қазақстан Республикасында еңбек мəселелері бойынша маңызды заңдарға мыналар жатады:
Халықты еңбекпен қамту туралы заң. Елімізде жұмыссыздық деген пайда болып, жұмыссыздардың саны көбейіп келе жатқан жағдайда қабылданған бұл акт - біздің республикамыздағы халықты еңбекпен қамтуға бағытталған алғашқы заң. Аталған заң еңбекпен қамту қағидасын бекітіп, еңбекпен қамту, жұмыссыз,
жұмыссыздың мəртебесі сияқты түсініктерді анықтады, сонымен қатар, мемлекеттік органдардың жұмыс берушілермен жəне жұмыссыздармен қарым-қатынастарын реттеді.
Осы заңға сəйкес еңбекпен қамту жəне жұмысқа орналастыру органдары да жұмыс істейді. Қызметкерлер еңбек шартын бекітпестен бұрын аталған органдармен қатынасқа түседі.
Ұжымдық шарттар туралы заң кəсіпорын, ұйым деңгейінен жоғары əлеуметтік-əріптестік қатынастарды реттейді. Сонымен қатар, бұл заң ұжымдық шарт жəне оның бекіту тəртібін реттейді жəне де алғаш рет ұжымдық шарттарды жəне əлеуметтік-əріптестік қатынастарды бекіту бойынша ұжымдық келіссөздерді жүргізудің тəртібін бекітті.
Еңбекті қорғау туралы заң еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты бекітті. Бұл актінің ережелері жұмыс барысында қызметкерлердің өмір жəне денсаулық қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережелерін реттейді.
Кəсіптік одақтар туралы заң Қазақстан Республикасында кəсіптік одақтарды құрудың құқықтық негіздерін орнықтырды, олардың негізгі құқықтары мен қызмет кепілдіктерін бекітті, кəсіптік одақтардың қызметкерлер құқықтарын қорғауға байланысты жұмыс берушілермен жəне олардың бірлестіктерімен, мемлекеттік билік органдарымен жəне жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, заңды тұлғалармен жəне азаматтармен қарым-қатынастарын реттеді.
Ұжымдық еңбек даулары туралы заң ұжымдық еңбек дауының түсінігін, ұжымдық келіспеушіліктерді шешу мерзімін жəне тəртібін бекітті. Заңда ереуілге шығудың анықтамасы, ереуілді қашан жəне қандай тəртіппен жариялап, ұйымдастыруға болатыны, кімдердің ереуілге қатыса алмайтыны көрсетіліп, ереуілге қатысушылардың кепілдіктері мен заңсыз ереуілге шыққаны үшін жауапкершілік көзделген.
Мемлекеттік қызмет туралы заң - мемлекеттік қызметшілердің арнайы еңбегін реттеуге бағытталған алғашқы заң.
Заңда мемлекеттік қызметшілердің түсінігі берілген, оларды қызметке алу жəне босату тəртібі, олардың құқықтары мен міндеттері анықталған. Бұл заң мемлекеттік қызметшілер үшін арнайы нормаларды (мысалы, мемлекеттік қызметшілерге қатысты бірқатар шектеулер) жəне демалыс уақыты, қосымша ақы төлеу бойынша жеңілдік-нормалар жəне т.б. белгіленген. Бұл актіде мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасының (заңдардың өзінде аталып өткен кейбір ережелерді санамағанда) əрекеті таралатындығы аталып өткен.
Аталған заң қызметке конкурстық тəртіппен алуды жəне біліктілік емтихандарын енгізді. Заңдардан өзге барлық қайнар көздер заңға сəйкес актілер
болып табылады, олар: ҚР Президентінің жарлықтары, ҚР Үкіметінің қаулылары, министрліктер мен ведомстволардың нормативтік бұйрықтары, ҚР Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрлігінің қаулылары жəне т.б.
Еңбек құқығы қайнар көздерінің арасындағы заңға сəйкес актілердің ішінде ұсынушылық сипаттағы актілер да бар. Олардың негізінде локальдық актілер де бар. Мысалы, ҚР Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек шартын (келісімін) жазбаша нысанда жасау туралы ұсынысты жəне Еңбек шартының (келісімінің) үлгілік нысанын бекіту туралы қаулысы.
Бұл актіде еңбек шартын жазбаша нысанда қалай жасасу туралы ұсыныстар жəне келісімнің үлгілік нысаны келтірілген.
Ұсынушылық актілердің негізінде жергілікті жерлерде еңбек құқығының локальдық нормалары жасалады.
Локальдық нормативтік актілерді басшылық (жұмыс беруші) белгілі бір өндірістің ерекшеліктерін ескере отырып, кəсіптік одақ комитетінің қатысуымен еңбек ұжымының жалпы жиналысында қабылдайды. Оларға, мысалы, мына актілер жатады: ішкі еңбек тəртібінің ережелері, еңбек ұжымы мен жұмыс берушінің арасындағы ұжымдық шарт, жыл бойғы жұмыс қорытындысы бойынша сый ақы төлеу туралы ереже, еңбекті қорғау мəселелері бойынша əр түрлі келісімдер.
Еңбек құқығы қайнар көздерінің арасында Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарымен қабылданған бірқатар актілер де бар. ҚР Президенті Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында міндетті күшке ие жарлықтар мен өкімдер шығарады, олар заңға сəйкес актілер болып табылғандықтан ҚР Конституциясына жəне заңдарына сəйкес болуы тиіс.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларымен еңбектің əр түрлі мəселелеріне қатысты заңдарды орындауға қатысты нормалар қабылданады. Еңбек жөніндегі арнайы орган - ҚР Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрлігі. Бұл министрлік еңбекті қорғау, жалақы, халықты еңбекпен қамту жəне əлеуметтік қорғау жəне өзге де мəселелер жөнінде актілер қабылдайды.
Мəслихаттар жəне əкімдер өз құзыреті шегінде өздеріне бағыңысты аумақтарда еңбекті қолдану жəне ұйымдастыру мəселелері бойынша нормативтік шешімдер қабылдайды.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 88-бабына , сəйкес мəслихаттар мен əкімдердің нормативтік шешімдері тиісті əкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында міндетті күшке ие. Егер мəслихаттардың шешімдері ҚР Конституциясына жəне заң шығарушы актілеріне қайшы болса, олардың күші сот тəртібімен жойылуы мүмкін. Ал əкімдердің шешімдері ҚР Конституциясы мен заң шығарушы актілеріне қайшы болса, олардың күші ҚР Президентінің, ҚР Үкіметінің немесе жоғары тұрған əкімдердің актілерімен жойылады, сонымен қатар, сот тəртібімен де жойылуы мүмкін.
Нормативтік құқықтық актілер өз күшіне келесі мерзімдерде енеді:
1. Қазақстан Республикасының заңдары, ҚР Президентінің жарлықтары, ҚР Үкіметінің қаулылары - егер осы актілердің өздерінде не олардың күшіне енуі туралы актілерде өзге мерзім көрсетілмесе, ресми түрде алғаш жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң;
2. ҚР Парламентінің жəне оның Палаталарының қаулылары - егер осы актілердің өзінде өзге мерзім көзделмесе, ресми түрде алғаш жарияланған күннен бастап;
3. ҚР Конституциялық Кеңесінің қаулылары - қабылданған күннен бастап;
4. ҚР Үкіметінің құрамына кіретін жəне кірмейтін орталық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еңбек құқығы қайнар көздерінің жүйесі
ҚР Еңбек құқығының пәні
Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қайнар көздері
Еңбек құқығының қайнар көздерінің түсінігі
Еңбек құқығының қайнар көзі түсінігі
Еңбек құқығының қайнар көздері
Азаматтық сот ісін жүргізу құқығының ұғымы және жалпылама сипаттамасы
Еңбек құқығының қайнар көздері (нысандары)
Рим азаматтық құқығының пәні мен қайнар көздері
Әлеуметтік қамтамасыз ету құқығының түсінігі
Пәндер