Экономикалық теория ғылымы: микроэкономика және макроэкономика



ЖОСПАР

I. Кіріспе

II.Негізгі бөлім
1. Экономикалық теория ғылымы: микроэкономика және макроэкономика
2. Микроэкономиканың ұғымы мен құрылымы

III. Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе

Кез келген адам, кез келген қоғам не істегісі келсе, соны істей беруге болмайтындай кедергілерге кездеседі.
Әрқашанда адамдардың тұтынушылықтарында шек жоқ, ал осы тұтынушылықты қанағаттандыруға қажетті ресурстар (жер, еңбек, капитал, кәсіпкерлік қабілет) шектеулі.
Осылардың бәрін ескерте отырып, экономикалық теорияны біз қоғамдық ғылым деп қарастыра аламыз. Өйткені бұл ғылым шектеулі ресурстар жағдайында тұтынушылықты қанағаттандыру үшін қоғамның қалауын сиппатап әрі талдап береді.
Экономика ғылымы өзінің баму барысында тарихи ұзақ жолдан өтті. Экономикалық білімінің элементтері, оның әртүрлі формалар мен шаруашылық қызметтерінің тәсілдері туралы біздің дәуірімізге дейінгі IX – V ғ.ғ көне Қытайда, Үндістанда, Римде, Грецияда жекелеген оқымыстылар (Ксенофонт, Аристотель, Конфуций және басқалар) эпизодтық пікірлерін баяндап өткен.
Қолданылған әдебиеттер

1. Әкімбеков С.А., Баймұхамбетов А.С., Жанайдаров У.А. Экономикалық теория. Оқу құралы. Астана, 2000.
2. Әубәкіров Я.Ә. және ұжым, Экономикалық теорияның негізі. Оқу құралы. Алматы, 1998.
3. Әубәкіров Я.Ә. және ұжым, Экономикалық теория. Оқулық. Алматы, 1999.
4. Курс экономической теории /Под ред. Чепурина М.Н., Киселевой Е.Н. Киров:АСА, 1995.
5. Ш.Мамыров, Қ.С. Есенгалиева, М.Ә.Тлеужанова Микроэкономика Алматы, 2001ж.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

I. Кіріспе

II.Негізгі бөлім
1. Экономикалық теория ғылымы: микроэкономика және макроэкономика
2. Микроэкономиканың ұғымы мен құрылымы

III. Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Кез келген адам, кез келген қоғам не істегісі келсе, соны істей беруге
болмайтындай кедергілерге кездеседі.
Әрқашанда адамдардың тұтынушылықтарында шек жоқ, ал осы тұтынушылықты
қанағаттандыруға қажетті ресурстар (жер, еңбек, капитал, кәсіпкерлік
қабілет) шектеулі.
Осылардың бәрін ескерте отырып, экономикалық теорияны біз қоғамдық
ғылым деп қарастыра аламыз. Өйткені бұл ғылым шектеулі ресурстар жағдайында
тұтынушылықты қанағаттандыру үшін қоғамның қалауын сиппатап әрі талдап
береді.
Экономика ғылымы өзінің баму барысында тарихи ұзақ жолдан өтті.
Экономикалық білімінің элементтері, оның әртүрлі формалар мен шаруашылық
қызметтерінің тәсілдері туралы біздің дәуірімізге дейінгі IX – V ғ.ғ көне
Қытайда, Үндістанда, Римде, Грецияда жекелеген оқымыстылар (Ксенофонт,
Аристотель, Конфуций және басқалар) эпизодтық пікірлерін баяндап өткен.

Экономикалық теория ғылымы: микроэкономика және макроэкономика

”Экономика” термині сонау Ежелгі Грецияда пайда болған. Ғылым атауының
авторы ежелгі грек философы Ксенофонт. Термин гректің екі сөзінің тұрады:
“ойкос” – үй, шаруашылық, “номос” – заң. Яғни шаруашылықты (үйлерді)
жүргізуінің заңдары, шаруашылықты пайдалана білудің, ұлғайтудың тәсілдері.
Экономика ғылымы ұланғайыр. Ол қоғамның экономикалық өмірін зерттеуді
алдыларына мақсат етіп қойған әртүрлі мектеп, бағыт, ағымдар арқылы
қалыптасқан. Және сол мектеп, бағыт, ағымдардың әрқайсысы экономикалық
теорияның пәні мен оның зертеу мақсаттары өз анықтамаларын беріп келген.
Экономика ғылымы пәнінің даму процесі өте қиын жолдардан өткен.
Француз дворяны А. Монкертьен бұл ғылымға – саяси экономика деп жаңа атау
деп берген. Ол өз ғылымының пәні етіп абсолютті монархтар басқарып отырған
мемлекет шаруашылығын зерттеуді алған.
Экономикалық теорияның пәні мен мақсаттарына өз зерттеулерімен
анықтамалар бергендер:
Физиократтар мектебі – Ф. Кенэ, Тюрго, Д. Де Немур XVIII ғ. ортасы.
Шотландия ғалымы А. Смит өзінің “Табиғат туралы зерттеу және халықтар
байлығын себептері” деген атақты еңбегінде.
Неміс ғалымы К. Маркс – “Капиталдың” авторы, онда оның саяси
экономиканың пәні деп өндіріс, материалдық игіліктерді өзара бөлісу,
айырбастау және тұтыну процесінде адамдар арсында қалыптасатын объективтік
экономикалық қатынастарды айтқан.
Экономикалық теорияның австриялық, ағылшындық, тарихи және т.б.
мектептері бар. IXX ғасырдың аяғы мен бүгінгі күнге дейін А. Маршалл, М.
Кейнс және М. Фридман экономика ғылымының жарқын, өкілдері болып танылады.
“Экономика ғылымының принциптері” деген еңбектің авторы А. Маршалл
“economics” деген атауды қолдана отырып, экономика ғылымы байлық туралы
ғылым деп анықтайды. Ғалым өз еңбегінде адамдардың қоғамдағы әрекетін
байқататын, олардың өз тұтынушылықтарын қанағаттандыруға күш салатын
жақтарын қозғап, ол күш салушылықтың байлық бірлігінің қай өлшеміне
жататындығын, оның жалпыға бірдей байлық өлшемі – ақшамен
мөлшерленетіндігін пайымдайды.
Зерттеу пәнінің ерекшеліктеріне орай бүгінгі заманғы экономикалық
ғылымынан бірнеше бағытты таратуға болады:
экономика (экономикс);
а) микроэкономика,
б) макроэкономика.
Микроэкономика – бұл негізгі экономикалық бірліктерді жұмыс істеудің
ауқымы (фирмалар, үй шаруашылықтары). Онда тұрақтылық, тепе-теңдік
басымырақ. (I схема). Микроэкономика фирмалар мен үй шаруашылығы
рыногындағы шешім қабылдау және өзара байланыс процесін зерттейді.
Микроэкономиканың негізгі боларықтай алғы шарттар – фирмалар мен үй
шаруашылықтарының алға қойған мақсаттарды және оған қол жеткізу үшін
қойылған шектеулерді ескере отырып, олардың өз көзқарастарды тұрғысына ең
жақсы шешімдер қабылдауы болып табылады. Микроэкономика үлгісінде үй
шаруашылықтары сатып алар кездерінде аса тиімділікті көздейді, ал фирмалар,
өндіріс туралы шешім қабылдай отырып, таза табыстың мол болуын табыстайды.
Макроэкономика – халық шаруашылығын толығынан қамтиды. Ол – жалпы
экономикалық процестердің ауқымы (жалпы, өнім, ұлттық табыс, барша шығын).
Ол өрлеуге, өсуге, ұмтылысысен сипатталынады. Макроэкономика әртүрлі
елдерге және әрқилы кездерге байланысты табыс, баға, жұмыссыздық және тағы
басқа экономикалық көрсеткіштерді жинайды. Сонан кейін ол мәліметтерді
түсіндірліктей жалпы теориялық жол табуды қалыптастыруға тырысады.
Сонымен қатар макроэкономиканың зерттеу мақсаттары экономикалық
құбылыстарды түсіндіру ғана емес, сондай-ақ экономика саясатын жетілдіру
болып табылады. Макроэкономика – экономика дамуының заңдылығын түсіндіріп
және оның қандай бола алатындығын көрсетуге тиіс.

2. Микроэкономиканың ұғымы мен құрылымы

Микроэкономикада, біріншіден, жекеленген экономикалық бірліктерді
(фирмалар, салалар, үй шаруашылықтары), екіншіден, жеке рыноктар мен нақты
бағаларды зерттейді, ол сатушылар мен сатып алушылардың тиімді шешім
қабылдау ұстанымдарын анықтайды.
Микроэкономика — экономикалық теорияның негізгі бір бөлігі болып
табылады. Микроэкономика теориясы адамдардың экономикалық іс-әрекетін
зерттеп, олардың жалпы негізгі заңдылықтарын белгілейді. Адамдардың
экономикалық іс-әрекеті өз қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталады
және бұларды құрайтын: қажеттілік, ресурстар, технология, өнімдер және
оларды пайдалану бір-бірімен тығыз байланысты болады. Бұлардың өзара
байланысын төмендегі сызбадан көреміз.

Бұдан мынадай экономикалық проблемалар туындайды.
Қажеттілік бойынша — не өндіреміз?
Ресурстар және технология бойынша - қалай өндіреміз?
Өнімдер және қолданылулар бойынша - кім үшін өндіреміз?
Адамдардың экономикалық іс-әрекеті белгілі нақты экономикалық
тәртіппен жүріп отырады. Олар адамдардың арасындағы өзара әр түрлі
байланысына тәуелді болады және белгілі нысандарда жүзеге асырылатын
экономикалық тәртіптің шарты болып есептеледі. Мұндай өзара байланыстар мен
қарым-қатынастар қайталанып отырады әрі тұрақты болады және экономикалық
тәртіптің тәсілі, нормасы, ережесі болып өздеріне сәйкес институттар мен
қоғамдық құрылымдарда бекітіледі.

1 схема

Мұндай институттар мен олардың құрылымдары белгілі әлеуметтік жүйеге
негізделіп, экономикалық іс-әрекет пен экономикалық тәртіптерге толықтай
әсер етеді. Әрине, нақты зерттеу мәселесіне және экономикалық теорияның
белгілі бағыттарына байланысты оларды талдау әр түрлі деңгейде болады.
Дегенмен де нарық, меншік, мемлекет сияқты негізгі институттарды ескермесе
болмайды.
Сонымен, адамдардың экономикалық іс-әрекеттерін, оларды жүргізу
барысында пайда болатын және өздеріне сәйкес институттар мен олардың
жүйелерінде шешілетін жалпы экономикалық проблемаларды микроэкономиканың
зерттеу объектісі деп айтамыз.
Осы объектіні зерттеу арқылы микроэкономика өзінің пәнін анықтайды.
Бұған экономикалық субъектілер, экономикалық игіліктер және экономикалық іс-
әрекеттер (қызметтер) жатады. Экономикалық субъектілер - бұл экономикада
жеке қызмет атқаратын кез келген бірліктер. Бұндай бірліктер адамдар,
сонымен қатар олардың тобы, қоғамдастықтар бастауы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық теория пәнінің алғашқы шығуы және құрылымдық компоненттері
Экономикалық теорияның даму кезеңдері
Экономикалық теория пәнінің алғашқы шығуы мен құрылымдық компоненттері
Макроэкономикалық көрсеткіштер туралы
Қазақстан Республикасының макроэкономикалық саясаты және экономикалық өсу
Құқық және экономика қайсысы маңыздырақ
Макроэкономикалық теориялардың пайда болуы
Макроэкономикалық саясат және құралдары
Экономика ғылымы ұланғайыр
Экономикалық теорияның пәні, ғылыми танымдық әдістері мен қызметтері
Пәндер