Билік ұғымы және ол туралы тұжырымдамалары



1 Билік ұғымы және ол туралы тұжырымдамалары.
2 Билік қызметі мен жіктелуі
Саясаттануда билік туралы, биліктің пайда болуымен байланысты қоғамдық қатынастар туралы, биліктің негізі, шығу көзі, қызмет етуі мен зандылығы орталық мәселелер болып табылады. Негізгі мәні ғылым ретіндегі саясаттану болып табылатын саяси мәдениетті биліктің қалыптасуы және қызмет етуінің мәдениеті деп есептеуге болады. Билік туралы мәселені қарастырғанда, ең бастысы оның негізінде жатқан қатынастардың әмбебаптық сипатын ескере кеткеніміз жөн. Әлемде үстемдік құрып тұрған жалпыға бірдей өзара тәуелділік элементтері — тәуелділік, үстемдік және бағынушылық осы қатынастардың өзегі болып табылады. Өзара тәуелділік табиғатта әмбебаптық сипатка ие және онда белгілі бір иерархияны қалыптастырады. Бұл жағдайда біз күн жүйесіндегі планеталардың оның орталық элементі — Күнге тәуелділігіне назар аудара отырып, мәселен Жер планетасына және ондағы өмірге Күннің билігі туралы айта аламыз.
1 Теориялық саясаттану. Оқулық. — Алматы: Издательский центр ОФППИ «Интерлигал», 2005.
2. Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет.
3. Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. - Алматы: Жеті жарғы, 2008.
4. “Қазақ Энциклопедиясы”, II-том
5. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. - 569 б.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары :

1 Билік ұғымы және ол туралы тұжырымдамалары.

2 Билік қызметі мен жіктелуі.

Билік ұғымы және ол туралы тұжырымдамалары.

Саясаттануда билік туралы, биліктің пайда болуымен байланысты қоғамдық қатынастар туралы, биліктің негізі, шығу көзі, қызмет етуі мен зандылығы орталық мәселелер болып табылады. Негізгі мәні ғылым ретіндегі саясаттану болып табылатын саяси мәдениетті биліктің қалыптасуы және қызмет етуінің мәдениеті деп есептеуге болады. Билік туралы мәселені қарастырғанда, ең бастысы оның негізінде жатқан қатынастардың әмбебаптық сипатын ескере кеткеніміз жөн. Әлемде үстемдік құрып тұрған жалпыға бірдей өзара тәуелділік элементтері -- тәуелділік, үстемдік және бағынушылық осы қатынастардың өзегі болып табылады. Өзара тәуелділік табиғатта әмбебаптық сипатка ие және онда белгілі бір иерархияны қалыптастырады. Бұл жағдайда біз күн жүйесіндегі планеталардың оның орталық элементі -- Күнге тәуелділігіне назар аудара отырып, мәселен Жер планетасына және ондағы өмірге Күннің билігі туралы айта аламыз.
Өзара тәуелділік тірі жәндіктер ассоциаңиясының ішінде басқа мазмұнға ие болады. Болмыстың фундаменталдық сипаттамасы бола отырып және особьтардың тіршілік етуі үшін қажетті сипат ала отырып өзара тәуелділік ассоңиаңиялардың ішінде иерархиялық байланыс жасай отырып, олардың гендік құрылымы мен инстинктінде тұғырланады.
Бұған аралардың ұясы, құмырсқалардың, термиттердің ко- лониясы және басқалар көрнекті мысал бола алады. Мұнда иерархия особьтардың табиғи негізінде, олардың гендерінде болады. Особьтардың күресі, олардың жеке қасиеттері шешуші рөл атқаратын жоғары ұйымдасқан хайуандардың үйіріндегі иерархияның қалыптасуы барынша ашық және мейлінше аз консервативтік сипатқа ие. Адамдар қауымдастығына келер болсақ, үйір, жанұя адам- дардың ең алғашқы ассоциативті топтары болып табылады, олардың ішінде әрекет бірлігін дағдыландыратын және осы қауымдастықтың тұтастығын сақтайтын ұйымдастырушы элемент ретіндегі биліктің қалыптасуы мен қызмет етуінің бастауы жатыр.
Приматтар үйірінде, адамзаттың арғы тектерінің ассоциативті тобында биліктің қалыптасуы және қызмет етуі карапайым психофизиологиялық негіздегі особьтардың шынайы мінез-құлықтарынан келіп шықты, себебі әлеуметтік тұрғыдан алғанда адамзаттың арғы тегінің қауымдастығы гомогенді (гр.сөзі -- біртекті) болды, бірақ қауымдастықтың дамуымен гомогендік сипатты социумның гетерогенділігі (гр.сөзі -- біртекті емес, эр түрлі бөліктерден құралатын) алмастыра бастады.
Еңбек бөлінісі, айырбастың дамуы адамдар қауымдас- тығының әлеуметтік жіктелуіне алып келді, яғни қажеттіліктерді қанағаттаңдыруда, тұрмыс салтында эр алуандылық, мүліктік теңсіздік қалыптасты, эр түрлі кәсіптер, сословиелер, таптар пайда болды. Адамдар ассоңиациясы этномәдени, өлеуметтік, жыныстық, жас ерекшеліктік, кәсіби және басқа да негіздерге ие бола бастады. Осындай жағдайларда биліктің қалыптасуы мен қызмет етуі, үстемдік ету мен бағынудын әлеуметтік иерархиясының жүзеге асуы, адамдар мүдделерінің түйісу процесінің іске асуы тым күрделене түседі де арнайы білім мен дағдыларды талап ететін ерекше әлеуметтік функция -- элитарлық әрекетке айналады.
Бұдан келіп қоғамның саяси мәдениеті пайда болып, дамиды, оны игеру мен қолдану, әлеуметтік құбылыс ретінде биліктің пайда болуы мен қызмет етуі орын алады. Жалпы алғанда биліктің қажеттілігі мен үстемдік ету- бағыну қатынастарының табиғилығы айқын болғанымен, нақты жағдайда субъект-субъектілік катынастар жүйесінде -- үстемдік ету мен бағынудың қалыптасуы, қызмет етуі мен дамуы шынайы түрде қандай деген сауал кадр сыртында қала береді. Билік құрудың осы мәдениетінің ерекшеліктерін ашу саясаттанудың ғылым ретіндегі өзгешелігін, оның пәндік мазмұнын көрсетеді. Сондықтан саясаттануды билік туралы ғылым деп қысқаша атауымызға болады. Сонымен, билік дегеніміз не?
Бұл ұғымға қатынастағы қызығушылық ерте замандардан басталған. Биліктің өз құпиясы бар. Адамзат өз дамуының
өне бойында өзінің ойшыл өкілдерімен оның мәнін ашуға талпынды. Неге адамдар басқа адамдарға бағынады? Т.Джефферсон айткандай, бір адамдар -- арқасында ерімен, ал басқалары -- аяқ киімдеріндегі өкше темірлерімен туылмаңды. Бірақ осылай болса да, біреулер билік құрады, ал басқалары осы билікті мойындайды және оған мүлтіксіз бағынады.
Билік құрылымын зерттеушілер бұл ұғымды анықтауда эр түрлі тәсілдерді қолданып, түрлі көзкдрастарды ұстанады. Билік -- билік құру объектісін басқарудағы ерекше іс- әрекеттерді жүзеге асыратын субъект. Себебі, биліктің әсері қоғамның барлық құрылымдық элементтеріңде бойлай отырып, соларда жүзеге асатындықтан, билік қоғамдық өмірдегі өз көрінісінің көптүрлілігімен сипатталынады. Бұл:
* еріктің, бастаманың, жігердің көрінуі, субъект- субъектілік қатынастардың белсенді элементі;
* мақсатты жасақтау, бағыныштылардың тіршілік әрекеттерінің мәнді аспектілерін бағдарламалау;
* шешімдер қабылдау, оларды жүзеге асыру тетіктерін анықтау;
* жеке мүдделерді түйістіру мен ескеру;
* жалпы мүдделердің жеке мүдделерден басымдығын мойындау және осы басымдықтарды қамтамасыз ету үшін биліктік ықпал ету нормалары мен құралдарын қолдану;
* биліктік ықпал етудің әлеуметтік мәнін мойындаумен байланысты билік субъектісінің ерекше психикалық жағдайы және т.б.
Осы аталған бағалау пікірінің барлығы билік мөніне тереңдей енуге талаптану болып табылады. Әлеуметтік өмірде билік өзін көпаспектілі және көпөлшемді құбылыс ретінде көрсетеді. Билік құрушы субъект өз акцияларында, әрекеттерінде өз "мендігінің" шегінен шығып кетеді. Оған объектіге ықпал етуге ұмтылу, онда өзінің субъектілігін, яғни өзінің өлеуметтік ықпалы мен мәнін жүзеге асыру тән. Бұқаралық санада қалыптасқан жалпы түсінік бойынша билік тәртіп үшін керек, ол -- қоғамдағы тәртіпті сақтаудың қаруы, құралы. Бұл формуланың көзге көрініп тұрған карабайырлығына карамастан мұнда билік кэжеттілігін мойындау мен билік құрудың мақсаты көрсетілген.
Алайда, мұнда осы тәртіпті қалай, кандай тәсілдермен, кұралдармен, акциялармен, өрекеттермен іске асыруға бола- ды, ол адамдарға не береді, оның әлеуметтік ықпалы мен мәні, соңдай-ақ билік құрудың саяси мәдениетінің әлеуметтік өмірдің эр түрлі аспектілеріне жөне тұлғаның өзіне әсері қан- дай деген сияқты мәселелер ашылмай қалады. Саяси білімдер жүйесінде билік ұғымын анықтаудың төмендегідей эр түрлі тәсілдері бар:
Телеологиялық (гр.сөзі teleos -- мақсат + logos -түсінік,ілім). Телеологиялық тәсіл кез келген құбылыс, процесс өзінің негізі, қозғалтқыш күші ретінде алдын ала белгіленген мақсатты ұстанатынын мойындауды білдіреді. Сондықтан адамдар қауымдастығына бірқалыпты, реттелген даму мен тұтастықты .сақтау мақсат болып табылатындықтан, биліктің қалыптасуы мен қызмет атқаруы осыңан келіп шығады-мыс. Мұндай тәсіл биліктің қажеттілігінің қандай да бір анық аспектісін дәйектегенімен, оның қалыптасуы мен қызмет етуінің жолдары туралы нақты сұраққа жауап бере алмайды. Маңызды элементі билік болып табылатын барлық әлеуметтік процесті тек нәтижеге, мақсатқа телу оның мағынасын және ондағы билік рөлінің мәнін түсінуді тым жұтандатып жібереді. Адамгершілікке жат мағынаға ие "Мақсатқа жетуде кез келген өрекетті қолдануға болады" деген белгілі формула өзінің әдістемелік негізі ретінде билікті түсінудің осындай тәсілін ұстанады.
Инструменталдық. Ол билікті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Билік саяси феномен
Саясат тарихы туралы ақпарат
САЯСАТТАНУ ПӘНІНІҢ ТИПТІК БАҒДАРЛАМАСЫ
Саясаттану пәнінен студенттерге арналған оқу-әдістемелік кешен
Саясаттану пәнінен дәрістер кешені
Маркетингтің мәні, мазмұны және эволюциясы туралы
Саясаттанудың заңдары мен категориялары, әдістері мен функциялары
Маркетингтің мәні
Қоғам туралы Батыс Европа елдерінің ғалымдарының тұжырымдамалары
Әлеуметтанудың басқа ғылымдармен байланысы
Пәндер