Қоғамдық денсаулық және оны бағалау әдістері



І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
а) Халық денсаулығын кешенді бағалау
б) Демографияның әлеуметтік.медициналық аспектілері
с) Халық аурушылдығы
ІІІ Қорытынды
ІV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Халық денсаулығының жай-күйi қоғамның әлеуметтiк бағдарлылығының, мемлекеттiң өз азаматтарының алдындағы жауапкершiлiк дәрежесiн сипаттайтын әлеуметтiк кепiлдiктерiнiң интегралды көрсеткiшi болып табылады.
Қазақстан, мемлекеттiк қалыптасуы кезеңiнде елеулi экономикалық құлдырауға ұшырап, әлеуметтiк салада, соның iшiнде кеңес уақытында құрылған және негiзiнен жұмыстың сандық көрсеткiштерiне бағдарланған медициналық ұйымдардың икемсiз жүйесiнен тұратын денсаулық сақтау жүйесiнде елеулi оңтайландыру жүргiздi.
Соңғы жылдары Қазақстан едәуiр экономикалық өсуге қол жеткiздi, осының нәтижесiнде денсаулық сақтау саласын қаржыландыру елеулi өстi, сондай-ақ олардың одан әрi дамуының перспективалары жасалды. Әлеуметтiк бағдарлана отырып мемлекет бұдан әрi де саланың дамуына елеулi түрде көңiл бөлуге ниеттенедi.
1. Девятко В.Н., Исаев Д.С., Абылкасимов Е.А. Основы социальной медицины в охране здоровья матери и ребенка. – Алматы, 2002. – 299 бет.
2. Исаев Д.С., Бейсембекова Г.К. Проблемы репродуктивного здоровья в современных условиях. - Алматы, 1995. - 129 бет.
3. Лисицын Ю.П. Общественное здоровье и здравоохранение: Учебник. – 2-е изд., перераб. и доп. – ГЭОТАР-Медиа, 2007. – 512 бет.
4. Сакбаев О.С., Вагнер А.В. Совершенствование методологии изучения и оценки здоровья населения. – Алматы, 1995. – 364 бет.
5. Юрьев В.К., Куценко Г.И. Общественное здоровье и здравоохранение. – С.-Петербург, 2000.– 914 бет.
6. Кенесариев Ү.И., Жақышов Н.Ж. «Экология және халық денсаулығы» 2003 жыл-211 бет.

Пән: Валеология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Академия

Гигиена-1 кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: Қоғамдық денсаулық және оны бағалау әдістері.

Орындаған: Қазыхан А.Е.

Тексерген: Балабаева Э.Н.
Тобы: 202(Б)МПД

ЖОСПАР

І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
а) Халық денсаулығын кешенді бағалау
б) Демографияның әлеуметтік-медициналық аспектілері
с) Халық аурушылдығы
ІІІ Қорытынды
ІV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Халық денсаулығының жай-күйi қоғамның әлеуметтiк бағдарлылығының, мемлекеттiң өз азаматтарының алдындағы жауапкершiлiк дәрежесiн сипаттайтын әлеуметтiк кепiлдiктерiнiң интегралды көрсеткiшi болып табылады.
Қазақстан, мемлекеттiк қалыптасуы кезеңiнде елеулi экономикалық құлдырауға ұшырап, әлеуметтiк салада, соның iшiнде кеңес уақытында құрылған және негiзiнен жұмыстың сандық көрсеткiштерiне бағдарланған медициналық ұйымдардың икемсiз жүйесiнен тұратын денсаулық сақтау жүйесiнде елеулi оңтайландыру жүргiздi.
Соңғы жылдары Қазақстан едәуiр экономикалық өсуге қол жеткiздi, осының нәтижесiнде денсаулық сақтау саласын қаржыландыру елеулi өстi, сондай-ақ олардың одан әрi дамуының перспективалары жасалды. Әлеуметтiк бағдарлана отырып мемлекет бұдан әрi де саланың дамуына елеулi түрде көңiл бөлуге ниеттенедi.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегi бойынша азамат денсаулығының тек 8-10 %-i ғана денсаулық сақтау жүйесiнiң жұмысына байланысты екендiгiне қарамастан, мемлекеттiң қоғамдық денсаулық сақтау жөнiндегi күш-жiгерi экономикалық және әлеуметтiк прогреске қарай өсе түсуге тиiс.
Осыған байланысты денсаулық сақтауға азаматтардың өздерiн, жұмыс берушiлердi тарту және денсаулық сақтау саласында iс-шаралар жүргiзудi сектораралық үйлестiрудi күшейту маңызды.

Халық денсаулығын кешенді бағалау
Адамның денсаулығын биологиялық (іштен туа біткен және жүре пайда болған сырқат белгілеріне қарап) және әлеуметтік факторларды ескере отырып, кешенді түрде анықтайды. Денсаулықты жеке адамның денсаулығы және жалпы халықтың денсаулығы деп бөледі. Жеке адамның денсаулығын, яғни оның организмінің клиникалық, физиологиялық және биохимиялық, көрсеткіштерінің жиынтығын адамның жынысына, жасына, сондай-ақ климаттық және географиялық жағдайларына байланыстыра отырып анықтайды.
Ал жалпы халықтың денсаулығы санитарлық-статистикалық кешенді көрсеткіштермен, яғни халықтың өсімі, өлуі, балалар өлімі, әр түрлі ауруларға шалдығуы, адамның дұрыс өсіп дамуы, орташа жасы, т.б. факторлар арқылы анықталады. Жалпы халықтың денсаулығының қалыпты болуы - жеке адамдардың ай сайынғы алатын еңбек ақысына, жұмыс уақытының ұзақтығына, еңбек және тұрмыс жағдайларына, дұрыс тамақтануына, денсаулық сақтау ісінің даму барысына, елдің жалпы санитарлық жағдайына тікелей байланысты.
Әдетте тұрғындар денсаулығын кешенді бағалау демографиялық үдерісті, ауруды, дене бітім тұрғысынан дамуды және мүгедектікті сипаттайтын сапалық көрсеткіштердің жиынтығы ретінде танылады.
Тұрғындар денсаулығының жай-күйін бағалауда қолданылатын әдістемелік тәсіл санақ есептерінің аясында әзірленетін әр түрлі ақпарат көздерін пайдалану болып табылады.
Негізгі мәселе біркелкі көрсеткішті таңдаудан тұрады, ол денсаулық сынды көп қырлы құбылыстың әр түрлі қырын жеткілікті дәрежеде көрсететіндей болуы тиіс. Қазіргі таңда денсаулықты толығымен сандық тұрғыдан бағалаудың әдістері әлі әзірлене қойған жоқ, ол жеке сипаттары бойынша қарастырылуда. Оларға тұрғындар өмірінің орташа ұзақтығы, өлімі, ауруы, дене бітімдік дамуы және т.б. жатады.
Өмірдің орташа ұзақтығы - әр түрлі жайттардың әсеріне байланысты адамдар денсаулығының жалпыланған жай-күйінің белгілі деңгейін көрсететін интегралды көрсеткіш.
Өмірдің орташа ұзақтығын есептеу әдісі белгілі уақыт аралығында өмір сүрген немесе өлген адамдардың санынан тұрады. Өмір сүріп жатқан адамдардың саны туу деңгейімен есептеледі, ал өлген адамдар саны тұрғындар өлімінің көрсеткішінен көрініс табады.
Тұрғындар денсаулығы сынды күрделі түсініктің мәліметтерін түпкілікті сандық сипатқа енгізудің мүмкін еместігін біле тұрсақ та, өлім көрсеткіштері тұрғындар денсаулығының жай-күйіне тікелей және жанама әсер ететін (медициналық-биологиялық, әлеуметтік-экономикалық, демографиялық және т.б.) жайттардың күрделі әсерлері көрініс табатын едәуір дұрыс көрсеткіш болып саналады. Екінші жағынан, мерзімінен бұрын келетін өлімді болдырмау денсаулық сақтаудың негізгі мәселелерінің бірі болып табылады, ол оған қажетті ресурстарға ие. Денсаулық сақтау жүйесі тұрғындар өліміне өзінің іс-әрекетімен ықпал ете отырып, өмірдің орташа ұзақтығына, яғни тұрғындар денсаулығының жай-күйіне әсер етеді. Өлімнің көрсеткіштері аурудың мәліметтерімен салыстыру бойынша көбіне нақтылығмен және дұрыстығымен ерекшеленеді.
Ауруды сипаттайтын басты ақпарат көзі емдеп алдын алу ұйымдарына қаралу туралы мәліметтер болып табылады. Қаралу туралы мәліметтердің негізгі кемшілігі ауру туралы толық көріністі бере алмайтындығы болып отыр: біріншіден, аурулардың бірқатары медициналық көмекке жүгіну ғана болмайды( бұл көбіне созылмалы ауруларға қатысты); екіншіден, қаралу деңгейі ауруға қатысы жоқ бірқатар жайттарға байланысты; соңында, қаралулардың санына жүгіну аурудың сандық қырын ғана ескеруге мүмкіндік береді, оның сапалық салалары, ең алдымен, аурудың ауырлық дәрежесін ажырату еленбей қалмақ.
Дене бітімдік даму дегенде ағзаның күш-қуатының, төзімділігінің және жұмысқа деген қабілетінің қорын анықтауға мүмкіндік беретін оның морфологиялық және қызметтік белгілерінің жиынтығы түсініледі. Дене бітімдік дамуды бағалау дәрігердің қабылдауы кезінде медициналық бақылау кезінде жүргізіледі. Балалар мен жас өспірімдердің дене бітімінің дамуын қарқынды бақылау ағзаның қалыптасу тенденциясын, олардың дене бітім дамуының стандарттарына сәйкестігін бақылауға мүмкіндік береді. Дене бітімдік даму соматоскопиямен, антропометриямен және физиометриямен анықталады. Дене бітім дамуының мәліметтері вариациялық қатарлар құруымен, орта көлемдерді есептеуімен, орта шаршылық ауытқуларымен және т.б. санақтық өңдеуге душар болады. Алынған мәліметтер дене бітім дамуының арнайы кестелері (стандарттар) бойынша жүргізіледі, ол нормаға сәйкестігін және стандарттан ауытқуын бағалауға мүмкіндік береді.
Тұрғындардың мүгедектігі. Алғашқы мүгедектіктің көрсеткіші - тұрғындардың пайызбен көрсетілген орташа жылдық санына мүгедек деп алғаш танылғын санның қатысы. ДДСҰ мәліметтері бойынша қазіргі таңда әлемде мүгедектер тұрғындардың шамамен 10% құрайды, олардың көп бөлігі - егде адамдар. Мүгедектіктің ұстанымдарына байланысты әр елде елеулі өзгешеліктер байқалады: АҚШ - 19%, Ресей Федерациясында - 6%, Қытайда - 5%, Қазақстанда - 3%. Ересек тұрғындарды мүгедектендіруші негізгі кемістіктер қан айналым жүйесінің аурулары болып табылады, екінші орында - қатерлі жаңа пайда болулар, үшінші орында - жарақаттанулар.
Осы күнге дейін тұрғындар денсаулығының жай-күйін кешенді бағалау проблемасы өз шешімін таба қойған жоқ. Халықаралық және отандық тәжірибеде интегралды көрсеткіштер ғана белгілі:
- адам дамуының индексі (АДИ) - алдағы өмірдің орташа ұзақтығын, білімін және өмір деңгейін көрсететін үш негізгі компоненттерден тұратын интегралды көрсеткіш
- DALY (disability-adjusted life years) денсаулықтың жай-күйін (еңбекке қабілетсіздігін ескере отырып түзетілген өмір жасының саны) сапалық интеграциялық бағалау көмегімен аурудың жаһандық ауыртпалығын өлшеу үшін қолданылады
- QALY (quality of life outcomeendpoint) - сапалы өмір сүрген жылдарды көрсететін индекс
- DALE (disability adjusted life expectancy) - дені сау күйде өмір сүрудің күтілетін орташа ұзақтығы
- HALE (healthy life expectancy) - дені сау күйде өмір сүру ұзақтығы
- мүмкін болатын өмірдің жоғалған жылдары - мерзімінен бұрын болған өлімнің салдарынан жоғалған өмір жасының санын анықтауға мүмкіндік беретін көрсеткіш.
- еңбекке жарамдылықтың медициналық-әлеуметтік мүмкіндігі - тұрғындардың алда тұрған еңбек қызметінің жылдары санының еңбек қызметі жылдарының мүмкін болатын санына пайыздық қатысы, егер ол аурулармен немесе жарақаттанулармен шектелмеген болса.
- медициналық-демографиялық игіліктердің көрсеткіші - біркелкі медициналық-демографиялық көрсеткіштерді салыстыруға мүмкіндік берген дәрежелік бағалау әдісіне лайықталған индекс.
Зерттеушілер (дәрігерлер, психологтар, социологтар және т.б.) денсаулықты интегралды бағалаудың әмбебап ұстанымдарын іздеу барысында өмір сапасына жиірек назар аударады. Бұдан басқа, өмірді заманауи жағдайларда бағалау мен сапасына қол жеткізу саяси мәнге ие бола бастайды, ол әлеметтік-экономикалық құбылу қарқынымен көкейкестілігі арта түседі.
Өмір сапасының тұжырымдамалары әлеуметтік саясат саласында ұлттық мақсаттарды қалыптастыруға тікелей әсер етеді, яғни оларды мемлекеттік құрылымдарды басқару құралы ретінде пайдалану. Оларды пайдалану әзірленетін бағдарламалардың негізінде тұрғындар өмірінің жағдайын жетілдіру мақсатында қажет болап отыр. Тұрғындар денсаулығы жай-күйінің параметрі өмір сапасы көрсеткішінің жалпы құрылымына шектеле қосылады.
Өмір сапасының ұлттық стандарты - бұл адамның материалдық, рухани, интеллектуалды, мәдени, әдептік және басқа да сұраныстарын қанағаттандыру дәрежесін байқататын интеграциялық көрсеткіш.
Өмір сапасын зерттеу барысында ескерілетін жайттардың көптеген жиынтығы әрбір жайт бойынша жеке-жеке қандай да бір стандарттарды (эталондарды) белгілеуді, әсіресе, осы жайттардың барлық көрсеткіштері бойынша интегралды көрсеткіштерді (индекстерді) қиындатады. Осы мәселелерді шешу жолдарының бірі осы жайттарды әр түрлі негіздер бойынша топтастыру болуы мүмкін. Мысалы, адамдардың талаптарын қанағаттандырудың сапалы деңгейі бойынша: алғашқы (тамаққа, тұрғын үйге, киімге, көлікке, денсаулықты сақтауға, ұрпақ жалғастыруға және әлеуметтік байланыстарға деген сұраныстарын қамтамасыз ететін) және екінші (рухани, мінез-құлықтық, әдептік сұраныстарын қанағаттандырумен байланысты).
Егер бірқатар жайттар бойынша (тамақ, киім, кіріс деңгейі және т.б.) ғылыми тұрғыдан әзірленген стандарттарды немесе дәстүрлі санақтық орташа көрсеткіштерін пайдалануға болатын болса, онда қанағаттандыру жайттары бойынша өз өмірінің жеке қырларымен респонденттердің жекеленген топтарына арналған субъективті, бағалау сипаттамаларының орташа мәнін белгілеуге мүмкіндік беретін әлеуметтік зерттеулерді жүргізу қажет.
Зерттеушілер, ең алдымен, әлеуметтік санақ мәліметтеріне негізделген осы моделге қарама-қарсы құбылыстардың объективті жай-күйінің көрсеткішін ғана қолдануды қанағаттандырылмағаны болып бірінші кезекке сезінетін өмір сапасы тұжырымдамасы алға тартылып отыр (percieved life quality). Осы тұжырымдаманың мәні өмір сапасын адам мен қоғам өмірінің әр түрлі тараптарының объективті параметрлерінің көмегімен ғана өлшеу мүмкін еместігінде болып отыр. Өмір сапасының қажетті құрамы субъективті сезіну, мүгедектің өзінің өмір жағдайлары мен өзін өзі бағалауы болып табылады.
Демографияның әлеуметтік-медициналық аспектілері
Демография (грек тілінен аударғанда demos - халық) - халық туралы және оның қоғамдық дамуы туралы ғылым. Демографиялық статистика (тұрғындар статистикасы) ежелгі уақыттан бері белгілі, біздің эрамызға дейін ежелгі Египетте, Вавилон, Қитай, Рим және басқа елдерде тұрғындар санын тіркеу жүргізілген.
Медициналық демография - бұл халықтың механикалық және табиғи қозғалысы процесіне медициналық-әлеуметтік факторлардың әсерін зерттейтін және тұрғындар денсаулығының көрсеткіштерін жақсартуға арналған ұсыныстарды өңдейтін ғылым. Демографиялық статистика көрсеткіштері тұрғындар денсаулығын бағалауда; көбею заңдылықтарын; тұрғындар саны мен құрылымы негізінде денсаулық сақтау кадрлары мен ұйымдарын жоспарлау, орналастыру және болжауда; медициналық-әлеуметтік шаралардың тиімділігін бағалауда кеңінен қолданылады.
Демография статика (халықтың сандық және сапалық құрамын), динамика - халықтың өзгерушілігін: механикалық (миграция) және табиғи (көбею) зерттейді.
Статика белгілі бір уақытқа сәйкес халық санын, орналасуын, жасы, жынысы, ұлты, әлеуметтік және кәсіптік тобы және т.б. белгілеріне сәйкес таралуын сипаттайды, оларды тіркеу кезеңді түрде жүргізілетін халық санағы арқылы жүзеге асырылады. Негізінде халық санағы он жылда бір рет жүргізіліп отырады. Халық санағына қойылатын негізгі талаптарға жатады: жалпылылық, санақ бағдарламасының болуы және оның бірлігі, әрбір жеке адамнан белгіні тіркеу, мәліметті тікелей халықтан жинау, бақылаудың экспедициялық әдісі, санақтың біркезділігі, санақтың орталықтандырылуы, мәліметтерді автоматы түрде өңдеу, мәліметтерді тұтас жинау әдісін мәліметтердің қосымша іріктелген жинау әдісімен тіркестіру, санақ құпиясын сақтау.
Жас-жыныстық құрамы халық денсаулығын мен халықтың көбеюін сипаттауда маңызды орын алады. Халық құрылымында қандай да бір жас-жыныстық топтардың басым болуы өлім, туу, өлім себептерін, еңбекке қабілетті немесе еңбекке қабілетсіз жастағы адамдардың үлес салмағын, алдағы өмір сүру орташа ұзақтығын анықтайды. Халықтың жасқа сай құрылымының типі 0-ден 14 жасқа дейінгі балалардың үлес салмағын 50 жас және одан жоғары халықтың үлесімен салыстыру арқылы анықтайды. Жас құрылымында 14 жасқа дейінгі балалардың басым болуы үдемелі (прогрессивті) халық типін көрсетеді. Ересек жастағы топтардың 0-ден 14 жасқа дейінгі балалардан басым болуы халықтың регрессивті типін көрсетеді. 14 жасқа дейінгі балалардың 50 жас және одан жоғары топтармен тең болуы халықтың стационарлық типін көрсетеді.
Егде жастағы адамдар үлесінің басымдылығымен сипатталатын халықтың қартаю процессі туу көрсеткішінің төмендеуімен және өмір сүру ұзақтығының артуымен байланысты, бұл қазіргі кезде кеңінен байқалуда. БДҰ пікірі бойынша? Ересек жас индикаторы болып 65 жас таңдалып алынды. БҰҰ қартаю шкаласы бойынша, егер 65 жас және одан жоғарылардың үлесі 4%-дан төмен болса - жас халық; 4-7 % - халық қартаю табалдырығында; 7% және одан жоғары болса - қарт халық деп аталады. Халықаралық бағалауға сәйкес, Қазақстан халықтың қартаю процесі жеделдетілген елдер қатарына кіреді (2050 жылға қарай 25% қарт адамдар).
Алдағы өмір сүрудің орташа ұзақтығы - гипотетикалық жыл саны, егер де өмір сүруі бойында әр жас тобындағы өлім көрсеткіші есептеу жүргізілген жылдағы өлім көрсеткішімен бірдей болады деп алынғандағы берілген ұрпақтың немесе белгілі бір жастағы топтардың алдағы өмір сүру ұзақтығы. Қазақстанда әйелдер мен еркектердің орташа өмір сүру ұзақтығы арасында нақты диспропорция байқалады.
Халық миграциясы - бұл халықтың әкімшілік территория ішінде орын (ішкі миграция) немесе одан тыс жерлерге (эммиграция, иммиграция) ауыстыруы. Миграциялық процестер келесі түрде болуы мүмкін: жеке немесе жалпы көшу; ұйымдасқан немесе ұйымдаспаған (стихиялық) көшу; қайтымсыз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Денсаулық сақтаудың және медицинаның жалпы теориялық жүйелік ілімдері
Педагогикалық бақылау құралдары мен әдістері
Эпидемиологияның даму тарихы
ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ОҚЫТУ ПӘНІ РЕТІНДЕ
Вирусологиялық зертхана персоналдары
Денсаулықтың гигиеналық негіздері
Пән Дәлелді медицина негіздері
Кездейсоқ шамалар ұғымы
Денсаулық сақтау саласын басқаруды жақсартудағы қаржылық реттеу бағыттары
Эпидемиялық үрдіс туралы ұғым
Пәндер