Геморрагиялық Қырым-Конго қызбасы вирусы


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы
Биохимия, биология және микробиология кафедрасы

Реферат

Тақырыбы: Геморрагиялық Қырым-Конго қызбасы вирусы.
Жалпы сипаттамалары. Микробиологиялық диагностикалық принциптері

Орындаған: Қазыхан А. Е.
Тобы: 202 «Б» МПД
Қабылдаған: Мамбеткулова К. К.

Шымкент 2016 жыл

Жоспар:

  1. Кіріспе.


II. Негізгі бөлім.
1) Геморрагиялық қызба туралы жалпы сипаттама.

2) Микробиологиялық диагностикалық принциптері

3) Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы


III. Қорытынды


IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Геморрагиялық қызба - бұл жедел қызба аурының вирусты этиологясы. Патогенезінде көбінесе қан тамырлардың зақымдалуымен жиі бақыланады, ол тромбогеморрагиялық синдромның дамуымен жүреді. Қанның жалпы анализінде көбінесе лейкопениямен, тромбоцитопения анықталады. Геморрагиялық синдром ішіндегі белгілі төрт вирус тұқымдастары: Аренавирустар (Arenaviridae) Ласс вирусы ( Ласса қызбасы ) Хунин вирусы (Аргентин қызбасы) Мачупо вирусы (Боливий қызбасы) Гуанарито вирусы (Венесуэль қызбасы) Сэбия вирусы (Бразиль қызбасы) Буньявирусы (Bunyaviridae) Вирусты геморрагиялық қызбаның бауырлық синдромы Крым-Конго қызбасы вирусы Рифт мекенінің вирусты қызбасы Филовирустар(Filoviridae) Марбург вирусы Эбола вирусы Флавивирусы (Flaviviridae) леса Киассанур ауруының вирусы (Къясанур) омск геморрагиялық қызбасының вирусы Сары қызба вирусы денге қызбасының вирусы.

Қырым-Конго гемморагиялық қызбасы (ҚКГҚ) қоздырғышының вазотроптылығына байланысты көбінесе қанталау үрдісі басым болатын дене қызбасымен сипатталады. Бұл індет аса қауіпті, жұпалылығы өте жоғары, зоонозды табиға ошақты инфекция.

Алғаш рет бұл індет 1944 жылы Қырымда шөп шабумен айналысқан тұрғындар арасында тіркелген. Бұл инфекция қоздырғышын 1945 жылы М. Чумаков бөліп алған. 1956 жылы Африкада (Конго) қырым қызбасына ұсас індет тіркелген, және де бөлініп алынған вирустың да өте жақындығы дәлелденеді. Сондықтан осындай ауруды Қырым-Конго қызбасы деп атау ұсынылды. Қазақстанның байырғы тұрғындары бұл ауруды «қанды безгек» немесе «қанды көкала» деп атайды.

Геморрагиялық қызба туралы жалпы сипаттама.

Геморрагиялық қызбалар - бір топ жедел өтетін вирусты зооноэ аурулары. Жұғу жолдары әртүрлі жүретін, кенет көтерілген қызу мен интоксикацияның үстіне барлық денеге тараған капилляротоксиноз бен геморрагиялық синдромның дамуымен сипатталады.

Қазіргі уақытта адамдарда 13 геморрагиялық қызбалары болатыны белгілі, олардың көбі тропикалық аймақтар үшін эндемиялық аурулар. Қазақстанда, Конго-Қырым, Омбы және бүйрек синдромды геморрагиялық қызбалары бар. Геморрагиялық қызбалар қоздырушылары арбовирустардың экологиялық тобына ареновирус және филовирустарға жатады. Геморрагиялық қазбалар - табиғи - ошақтық жұқпалы аурулар. Қоздырушылардың негізгі көздері - приматтар, кемірушілер мен ірі қара және ұсақ малдар, кенелер т. б. Бұлардың организмінде үнемі жүретін латентті инфекция ошақта қоршаған ортаның жеткілікті ластануын қамтамасыз етеді. Кейбір жағдайда инфеция антропонозды болып өтуі де мүмкін.

Геморрагиялық қызбаның жұғу механизмі де әртүрлі: арбовирусты геморрагиялық қызбаларда трансмиссивті: ареновирустық геморрагиялық қызбаларда - аэрогенді, алиментарлық, қарым-қатынас жолдарымен, геморрагиялық қызбалардың қоздырушысы кейбірде параэнтералды жолменде жұғуы мүмкін. Адамдардың геморрагиялық қызбалармен ауруға бейімділігі өте жоғары. Өзінің атқаратын жұмысына қарай, жануарлар мен жабайы табиғат құрылыстарына ағаш дайындағанда, геологтардың, ауыл шаруашылық жұмысшылары және т. б. тығыз байланысты адамдардың ауыру қаупі өте жоғары. Аурудың ауыр түрі инфекция ошағына бірінші рет болған адамдарда жүреді. Тұрғылықты халықта жеңіл және субклиникалық геморрагиялық қызба түрі көп.

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы - жіті инфекциялық ауру, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы вирусын тудыратын кене шақпсы арқылы беріледі.

Тұқымдастығы: Bunyavirida

Туыстастығы: Nairovirus

Ауру қызбамен, уыттанумен, теріде және ішкі органдарға қан кетумен сипатталады. Алғаш рет 1944 жылы Қырымда анықталған. 1956 жылы Конгода осыған ұқсас ауру анықталған. Қырым геморрагиялық қызбасының қоздырғышы нейровирус текті. Қоздырғыш көзі - ауырған адам немесе жұқтырған мал. Вирус кене шаққанда немесе екпе, қан құю сияқты медициналық емшара жүргізгенде жұғады. Негізгі тасушылар -кенелер. табиғи ошағы -кемірушілер, ірі-қара мал, құстар, тағы сүтқоректілер, сонымен қатар, жұмыртқасы арқылы тұқымына вирус беретін кенелер. 80% жағдайда 20-60 жастағылар ауруға ұшырайды.

Белгілері: ауру 1 күннен 14 күнге дейін дамиды. Ауру тез басталады, дене қызуы көтеріліп, қалтыратады.

Бастапқы кезеңінде көптеген инфекциялық ауруларға тән улану белгілері байқалады. Осы кезеңде жоғары қызба әсерінен әлсіреу, делсалдық, бас ауыру, бүкіл дене сырқырау, бұлшық еттер мен буындар ауыру білінеді. Кейбіреулерде ғана осы ауруға тән белгілер - тамақ ішсе/ішпесе де қайта-қайта құсу, бел ауыру, әсіресе эпигастраль тұста-байқалады. тұрақты белгісі қызба болады, сосын теріде ұсақ-ұсақ қан құйылу сияқты бөртпелер пайда болады, ине салған жер көгеріп кетеді, мұрыннан, асқазаннан, ішектен қан кетуі де мүмкін, қан түкіру, иек, тіл қанайды, коньюктивит шығады. Іші ауырып, құсып, іші өтеді. Асқыну ретінде - сепсис, өкпе ісу, ошақты пневмония, бүйректегі жетіспеушілік, отит, тромбофлебитті байқауға болады.

Микробиологиялық диагностикалық принциптері

Диагнозды серологиялық және вирусологиялық зерттеу әдістері дәлелдейді. Серодиагностика үшін антидене анализінің келесі әдістерін қолданады: РН (нейтрализациялау реакциясы) РТГА (гемагглютинацияны тежеу реакциясы) РСК (комплемент байланыстырушы реакциясы ) РИА (радиоиммунды анализ) жұпты сарысулар Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы: (синонимі: Конго-Қырым-Хазер геморрагиялық қызбасы, крымск-конголезски қызбасы, ортаазиялық геморрагиялық қызбасы, карахалак; Crimean-Congo hemorrhagic fever, Crimean hemorrhagic fever - англ. ) - жедел вирусты ауру, табиғи ошақты зооноздыға қатысты. Екі толқынды қызбаны мінездейді, жалпы интоксикациямен және тромбогеморрагиялық синдроммен жүреді. Конго-Қырым ауруын алғаш рет рессей дәрігерлері 1944 жылы тапқан, кейін бұл ауру Конгода, Нигерияда, Сенегада, Кенияда смпатталған. Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы вирусының ең жиі кездесетін аумақтары. Көріп тұрғанымыздай Қазақстан Республикасы аумағы қауып қатерлі аумақ ішіне кіреді.

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының эпидемиологиясы: Вирустың резервуары болып майда жабайы құрт құмырсқалар жатады: орман тышқаны, кішкентай сарышұнақ, русак-қояны, құлақты кірпі. Кене тасмалдаушы және сақтаушы болып табылады, Hyalomma туыстастығынан шыққан. Ауру көбінесе маусымдық мезілдерге байланысты, әсіресе мамыр және тамыз айларында көп кездеседі (биздің елде көбінесе) . Ауру көбінес Крымда байқалады, Астраханскта, Ростовск ауданында, Краснодарда және Ставропольскте және Орталық Азияда, Қытайда, Болгарияда, Югославияда, көбінесе Африка елінің Сахараның оңтүстігінде байқалады (Конго, Кения, Уганда, Нигерия және т. б. ) . Көбінесе ауру адамдардың 80%нің жастары 20 пен 60 жас аралығында шалдығады. Патогенезі. Инфекция көзі болып көбінесе кененің шаққан жері яғни тері немесе майда жарақаттар кезінде ауру адаммен қарым қатынас кезінде қан арқылы беріледі (аурухана ішілік жұқтыру ) . Инфекциямен зақымдлған жерде ешқандай өзгерістер байқалмайды. Вирус қанға өтеді және ретикулоэндотелиальды жүйенің клеткаларында жинақталады. Екіншілк зақымдалу кезінде айқын массивті вирустармен жалпылама интокцикация белгілері байқалады, қантамырлардың эндотелилері зақымдалады және айқын әртүрлі дәрежедегі тромбогеморрагиялық синдром байқалады. науқас адамның көзіндегі өзгерістер Конго -Қырым геморрагиялық қызбасының асқынулары - сепсис, өкпенің ісінуі, ошақты пневмония, созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі, отит, тромбофлебит пайда болуы мумкін.

Диагноз және дифференциальды диагнозы. Эпидемиологиялық жағдайларды ескере отырып (эндемиялық аймақтарға баруы, мерзім, әртүрлі жердегі аурушаңдықтың көрсеткіштері және т. б. ) және клиникалық симптомдарға енгізделеді: жедел басталуы, тез арада пайда болатын және айқын өте тез арада тромбогеморрагиялық синдром байқалуы мүмкін, толқын тәрізді дене температурасы, лейкопения, анемизация және т. б. Конго -Қырым геморрагиялық қызбасының белгілері және ағымы Инкубационды кезеңнің ұзақтығы 1 және 14 күн аралығында (жиі 2-7 күн) . Продромальды көріністер болмайды. Ауру байқаусызда басталуы мумкін, ауру деп аурудың басталған бастапқы алғашқы сағаттарынан басталаған айтуға болады. Дене температурасы тез көтеріледі және кей кезде аурудың жеңіл түріндеде дене температурасы 39-40°С барады. Бастапқы кезеңдерінің өзіндеде жалпылама интоксикация белгілерін көруге болады, көптеген инфекциялық ауруларда болуы мумкін. Бастапқы кезінің өзі 3-4 күнге созылуы мумкін ( 1 мен 7 күн) . Бұл кезде өте жоғарғы қызбамен жіне қатты әлсіздікпен көрінеді, қақсаушылық дененің, бастың ауруымен, бүкіл дененің қақсап ауруы, қатты бастың ауруы, бұлшық еттердің және суставтардың ауруы байқалады.

Алдын алу шаралары: Ол үшін ауру таратқыштармен күрес жүргізу керек. Ауру ошағы бар-ау деген мал ұстайтын жерде, жайылымдарда дезинсекция жүргізу керек. Табиғат аясына шығарда адамдарға қорғаныс киімдер кию керек. Киімдерді, жатар жерлерін қорғаныс құралдарымен, арнайы кремдермен тазалау керек. Кене шаққан жағдайда бірден медицина мекемесіне жүгіну керек. Табиғи ошақ көзіне бара жатқан адамдар алдын алу екпесін ектірулері қажет.

Зоонозды табиғи - ошақты жұқпалы ауру. Аурудың негізгі табиғаттағы резервуары мен оның көзі, вирусты ұрық арқылы немесе метаморфоз барысында беретін иксоидты кенелердің (көбіне Гиаломма тектес) 27-ге жуық сан алуан түрлері мен шағын түрлері болып табылады. Вирустың уақытша резервуары - жануарлар.

Аурудың жұғу механизмі - трансмиссивті. Кененің шағуы арқылы жүреді. Сонымен бірге науқастың қанын жалаң қолмен ұстағанда, науқасқа күтім жасағанда (аэрогенді), лабораториялық жағдайда және ауруханада науқасқа ем жүргізу кезінде медицина мамандарына жұғу қауіптілігі жоғары болады. Аурудың ошақтары көбіне жылы климатты және шөл, далалы ландшафттары болып табылады. Ауру тек көктемгі-жазғы айларда пайда болады, ол кезеңде тасымалдаушылардың белсенділігі кейде кеш қайталанады.

Клиникалық белгілері: инкубациялық кезеңдері 2-14 күн, орташа 3-5 күн. Ауру кезеңді түрде өтеді. Алғашқы кезең 3-4 күнге созылады. Ауру жедел басталады. Дене қызуы тез арада жоғарғы деңгейге жетеді. Кейде қатты қалтырау болады. Қызба орташа 7-8 күнге жетеді. Қызбамен бірге миалгия, артралгия, басының қатты ауырсынуы, кейде ішінің, бел аймағының ауырсынуы болады. Кейбір жағдайларды Пастернацкий симптомдарының оң мәнді болуы мүмкін. Қан қысымы төмендейді, тамыр соғысы дене температурасына жиі сәйкес келеді. Жалпы қан талдауында солға нейтрофилді ығысумен лейкопения, тромбоцитопения, эритроциттердің шөгу жылдамдығының артуы болады. Аурудың шарықтау кезеңінде - геморрагиялық белгілер пайда болады. Бұл кезең 2-6 күнге созылады. Дене қызуы қысқа уақытқа төмендеп, «екі өркешті» температура сызығы болады. 1-2 күннен кейін дене қызуы қайтадан көтеріліп, тромбогеморрагиялық белгілер дамиды. Бұл аурудың ауырлығын және болжамын анықтайды.

Науқастың денесінде геморрагиялық бөртпелер, қан құйылулар, иньекция жасаған жерде гематомалар пайда болады. Сонымен бірге мұрыннан, құлақтан, қызыл иектен, жатырдан, асқазаннан, ішектен қан кету байқалады. Бұл кезде науқастың жағдайы нашарлайды, интоксикация белгілері күшейеді. Обьективті қарағанда науқастың терісі бозғылт, акроцианоз байқалады. Қан қысымы төмендеп, тамыр соғысы жиілейді. Сандырақтаудың болуы мүмкін. Науқастардың 10-25%-де менингеалды симптомдар дамиды. Құрыспалар пайда болып науқаста кома қалыптасады. Бауыры үлкейген, олигурия. Зәр талдауында микрогематурия, гипоизостенурия, азотемия байқалады. Кейбір науқастарда асқыну, яғни пневмония, өкпе ісігі, тромбофлебит, жедел бүйрек жетіспеушілігі, шок дамиды. Қанда лейкопения, гипохромды, анемия, тромбоцитопения болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
КОНГО-ҚЫРЫМ ҚАНДЫ ҚЫЗБАСЫ
Қызба немесе лихорадка
Трансмиссивті инфекция қоздырғыштар
Қызба ауруы
Дезинфекцияның химиялық заттары
Жұқпалы аурулардың түрлері
Геморрагиялық қызбалар
Туберкулез ауруының сипаттамасы
Балаларда кездесетін жұқпалы аурулардың алдын алу
«Аса қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz