Киім туралы жалпы түсінік



1 Киімнің атқаратын қызметтері.
2 КИІМ ҚҰРАСТЫРУ ӘДІСТЕРІНЕ СИПАТТАМА
3 Киімді құрастыру әдістерінің түрлері және сипаттамасы.
Киім - дәуірдің, адамның жеке индивидуалдылығын көрсететін және қоршаған ортаның әсерлерінен қорғайтын адам денесінің жасанды жабындысы, материалды қабаттар жүйесі.
Киімнің құрастырылуы – киім моделін құрастыруды дайындау, яғни бір бұйымның конфигурация бөліктерінін (бөлшектерінін) келісімді орналастырып тұрғызу. Құрастырудың нәтижесі ретінде сызбалар, суреттер, есептерді жатқызуға болады.
Адам қоғамының дамуымен бірге киімнің түрлері және формасының өзгеруі болды. Ерлер мен әйелдердің, қыздардың және тұрмыстағы қыздардың киімдері пайда болды; күнделікті, салтанатты, үйлену тойына жерлеу рәсіміне арналған және тағайындалуына байланысты оның басқа да түрлері шықты. Еңбектің бөлінуң әр түрлі кәсіби киімдерді шығаруға әкелді.

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Киім туралы жалпы түсінік. Киімнің атқаратын қызметтері.
Киім - дәуірдің, адамның жеке индивидуалдылығын көрсететін және қоршаған ортаның әсерлерінен қорғайтын адам денесінің жасанды жабындысы, материалды қабаттар жүйесі.
Киімнің құрастырылуы - киім моделін құрастыруды дайындау, яғни бір бұйымның конфигурация бөліктерінін (бөлшектерінін) келісімді орналастырып тұрғызу. Құрастырудың нәтижесі ретінде сызбалар, суреттер, есептерді жатқызуға болады.
Адам қоғамының дамуымен бірге киімнің түрлері және формасының өзгеруі болды. Ерлер мен әйелдердің, қыздардың және тұрмыстағы қыздардың киімдері пайда болды; күнделікті, салтанатты, үйлену тойына жерлеу рәсіміне арналған және тағайындалуына байланысты оның басқа да түрлері шықты. Еңбектің бөлінуң әр түрлі кәсіби киімдерді шығаруға әкелді.
Өнеркәсіп өндірісінің, ғылымның және техниканың дамуы ең алдымен атқаратын функциясына байланысты ажыратылатын жаңа киім түрлерінің шығуына әсер етті. Киімнің алғашқы кезде денені жағымсыз климаттық және атмосфералық әсерден қорғау ретінде шыққан, бірақ түрлі тарихи және экономикалық жағдайлардың, ұлттық ерекшеіктердің ықпалынан көптеген өзгерістерге ұшырады, түрлерінің және формаларының ауан түріне жетті. Қазіргі таңда ол көркемөнердің сабағына айналды және оның кейінгі дамуы әр түрлі көркем стильдердің дамуымен бірге жүретін болды.
КИІМ ҚҰРАСТЫРУ ӘДІСТЕРІНЕ СИПАТТАМА

Бүгінгі таңда, сапа мәселесіне ешкім немқұрайлы қарамайды. Әртүрлі киіне отырып барлығымыз киімге бірдей талап қоямыз: ол жаңа әрі сәнді, ыңғайлы және қолжетімді болуы керек. Сатып алушы ретінде біз қажетті немесе қазіргі таңда киіліп жүрген киімді таңдаймыз. Киім өндіруші ретінде - нарық талаптарына сай, қажетті киімді ойлап табуға, ұсынуға және де сатуға тырысамыз. Стандартты денелі сатып алушылар дайын киімді ала алады, ал дене бітімі стандартты емес тұтынушылар киім тігетін ательелерге жүгінуі мүмкін.
Әуесқой-тігіншілер пішім жүйелері жайлы түсінбейді, алайда олар киімді дайын сызбаүлгілерді пайдалану арқылы тігеді. Киім пішуші жеке тігу жағдайда сызбаны матаға бірден түсіреді, алдымен кең етіп пішіп және бірнеше өлшемдер жүргізеді немесе сол өлшемге сай дайын сызба үлгілерді пайдаланады. Немесе көкірекше әдісін(жилетный метод) пайдалануға болады, ол өлшемдерді алуды, өлшеуді алып тастайды. Жалпы киім өндірісінде сызбаларды жобалау ұқсас болып келеді, айырмашылығы қиын тәсілдерді пайдалану болып табылады. Барлық өндірушілер өндірістің ассортименті мен көлеміне тәуелсіз сапа мәселесі бірінші орында тұрады. Киім сапасы құрамындағы қосындылармен сипатталады, киім тұтынушының талаптарына сай болуы керек, атап айтар болсақ функционалдық, эргономикалық, эстетикалық талаптар, сенімділік пен экономикалық талаптары. Бүгін біз киім құрастырудағы мәселелерді сапаға әсер ететін қырынан қарастырамыз, бар киім құрастырудағы талаптарды олардың даму тарихынан бастап қарастырамыз.
Құрастыру алғашқы пішілген киімнің пайда болуымен тікелей байланысты. Пішу (франц. tailler - өлшем мен бой бойынша жасау деген мағынаны береді. Пішіннің дамуы мен құрастырудың пайда болуын екі бағытқа бөлуге болады: біріншісі - адам мен қоғаммен бірге дамыған эволюциялық өсу, екінші бағыт - сәннің әсер етуі арқылы пішін мен киім құрастырудың дамуы. Киімнің дамуы барысында тәжірибе жиналады, пішіндерді типтендіру, материалдық-техникалық базамен жалпы мәдениетке байланысты өзгереді.
Киім құрастырудағы негізгі тапсырмалардың бірі болып ерекше немесе типтік мүсіндерге арналған бөлшек сызбаларын дайындау болып табылады. Құрастырудың әрбір әдісінің құрамына адамның мүсіні туралы ақпарат, алынған ақпараттардың техникалық есептеулер мен формулалар түріндегі өңдеу әдістері, сонымен қатар геометриялық құрастырудың әдістері мен киім конструкциясының бөлшектенуі кіреді. Құрастыру барысында дененің ерекшеліктері, пішім және технологиялық өңдеудің әдістері есепке алынады, соныңда осының барлығы әрбір әдіске сай ішкі ақпараттар жүйесін құрастырады. Құрастыру әдістерін дәлдігі мен алынған шешімдердің негізділігіне байланысты шамалық және инженерлік деп бөлуге болады. Шамалық құрастыру әдістеріне: нақпішін, есепті-графикалық және геометриялық әдістер кіреді.
Осы әдістердің бір-екуіне толық ақпарат беріп кетейік.
Нақпішін әдісі көптеген ғасырлар бұрын пайда болған, соған қарамастан осы күнге дейін қолданысқа ие. Киімнің үлгісін жасау және оның бөлшектерінің көрінісін көркемсуреттік оймен алу өнімді адам денесінде немесе манекенде макеттеу арқылы жүзеге асырылады.

1 сурет. Нақпішін әдісі
Нақпішін әдісін ұзақ уақыт және табысты пайдалану үлгілеу облысында әмбебап шығармашылық әдіс қана емес, сонымен қатар дербес және жалпылама киім өндірісіндегі тәжірибелік тапсырмаларды шешуге арналған әдіс екендігін дәлелдейді.
Есептік-графикалық әдіс. Есептік-графикалық әдіс киім құрастыру тарихында 18-19ғғ.аяғында пайда бола бастады. Бұл әдістің ондаған түрлері бар. 1800 жылы лондондық үлгіші Мишель дриттель атауына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Киімнің негізгі міндеттері
Маркетинг пен брендтің байланысы
Кәсіптік оқытудың әдістемесі
Жасанды былғары өндірісі
Киімнің адам тіршілігіндегі маңызы
Қоршаған ортамен таныстыру
Киім үлгілерін модельдеу
Киім матасының жылу беру қасиетіне дизайнның әсері
Оқушылардың шығармашылық жұмыстарын зерттеушiлiк әрекеттер арқылы қалыптастырудың дидактикалык негiздерi
Дизайн және дизайнер ұғымдарына түсінік
Пәндер