Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі және оны жетілдіру жолдары
ЖОСПАР:
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
I САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1 Салық жүйесінің түсінігі, құрылымы, принциптері, функциялары ... ... ... ... .5
1.2 Салық жүйесінің міндет . талаптары және салық салу әдістері ... ... ... ... ... .12
II ҚАЗАҚСТАН САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ ДАМУЫНА ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
2.1 Қазақстан Республикасындағы салықтардың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
2.2 Қазақстандағы салық саясатының басты бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
III ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
3.1 Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі және оны жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31

КІРІСПЕ
Осы жазған курстық жұмысымның басты мақсаты - салықтық жүйе жөнінде неғұрлым толық мәліметтер жинап, танысу, оның құрылымына толығырақ тоқталып, міндеттері мен функцияларын білу мағынасын барынша ашып беру және жетілдіру жолдарын қарастыру, салықтық жүйенің қоғамда, ел экономикасында орны мен ролін қандай екендігіне жауап беру.
Нарықтық қатынастардың даму жағдайында реформалардың басты бір міндеттері болып нәтижелі салықтың механизімін нарықтық экономиканың инстументтерінің бірі болып құрылатын және әр түрлі деңгейдегі бюджеттердің табысының көбею мәселесін шешуді рұқсат етеді, сондай-ақ бөлек шаруашылық субъектілер мен барлық эканомиканың тұтасымен түсімдік дамуына қызмет етеді.
Тәуелсіз Қазақстанның салық жүйесіне 18 жыл болды. Дамыған елдер өздерінің салық жүйесін құруда жіберген қателіктерін қайталауға тарих бізге аз уақыт қалдырды, сондықтан қазіргі кезде бұл құнды тәжірибені өзіміздің істе қолданып жүрміз.
Жұмыстың негізгі мақсаты - қалыптасудың барлық кезеңдеріндегі елдің экономикасы үшін салықтық жүйенің маңызын, оның нарықтық өзгерістерге, экономикалық өсімге, инвестицияларды тарту, кәсіпкерлікті дамытуға әсерін және дүниежүзілік салықтық жүйелерге әсерін анықтаумен сипатталады.
Ол үшін келесідей міндеттер қойылады:
1) салық жүйесінің нарықтық экономикадағы маңыздылық ашу;
2) шет мемлекеттер салық жүйесінің ерекшеліктерін қарастыру;
3) Қазақстан Республикасының салық жүйесіне сипаттама беру.
Жұмыстың әдістемелік негізі болып, Қазақстан мемлекетінің салық туралы заңдары белгілеген ғылымдар мен экономист қызметкерлердің монографиялары, мақалалары негіз болды. Бюджет өзінің қызметін атқару үшін салық жүйесін ұйымдастыру қажет. Себебі, салық бюджеттің кіріс бөлігін толтыратын негізгі көзі болып табылады.
Салық органдары да, салық төлеушілер де бюджеттің кіріс бөлігін қалыптастыру үшін ел экономикасындағы өзінің ролінтүсінуі керек. Қаржы министрлігі кәсіпорындардың проблемасына жаңаша қарап, оларды шешуге дайын. Сондай-ақ елдің аса ірі кәсіпорындарының және ірі аумақтық салық төлеушілердің қызметіне сапалы бақылау жасау және оны әкімшіліктендіру үшін өз қолына жаңа құралдар алады.Дамыған елдер әрқашанда өздерінің салықтарын төмендетуге тырысады. Кез-келген мемлекетте мемлекеттік реттеу, мемлекеттік тапсырыс, кәсіпкерлік, ақша-несиелік реттеу мен бюджеттік-салықтық реттеу сияқты құралдарға негізделеді. Мемлекеттік реттеудің экономикалық құралдардың ішінде маңыздысы салық жүйесі болып табылады. Салық жүйесі мемлекеттің маңызды экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешуі үшін қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз етуге құрылған. Салық жүйесінің бөлінбес бөлігі болып табылатын салықтар, салықтық жеңілдіктер мен қаржылық санкциялар арқылы мемлекет қоғамдық өндірістің барлық қатысушыларына қолайлы жағдай жасай отыра, кәсіпорынның экономикалық әрекетіне әсер етеді, инфляциямен күреседі. Экономикалық дамудағы циклдық тербелістерді бәсендетеді, өндірістік және әлеуметтік құрылымды дамытады. Салықтарды алудың әдістері мен формаларының дамуында үш ірі кезеңді бөліп көрсетуге болады:
Бірінші кезең - бұл көне әлемнен орта ғасырға дейінгі даму, мемлекеттің салықтарды жинау және анықтау бойынша қаржылық аппараты жоқ. Мемлекет тек қана алғысы келетін қаражаттардың жалпы сомасын ғана анықтайды, ал салық жинауды тайпаға немесе қалаға жүктейді.
Екінші кезең (XVI – XIX ғасырдың басы) - бұл елде мемлекеттік мекемелер жүйесі, оның ішінде қаржылық пайда болып, мемлекет қызметтердің бір бөлігін өз мойнына алады: салық салу квотасын белгілейді, салық жинау процесін бақылайды.
Үшінші кезең - қазіргі мемлекет салықты белгілеу және жинау бойынша барлық қызметтерді және салық салудың өңделген.
Осыған орай курстық жұмысымның мақсаты – Республикамыздағы салық жүйесімен танысу, оның құрылымына толығырақ тоқталып, міндеттері мен функцияларын білу және жетілдіру жолдарын қарастыру болса, ал міндеті - осы мақсатқа жету үшін салық жүйесі, оның құрылымы, принциптері, әдіс-тәсілдері, жанама және тікелей салықтар, салық жүйесін жетілдіру жолдары деген сұрақтарды талқылап, Қазақстан Республикасының Салық жүйесінің маңызын, көрінісін көрсету болып табылады.
Салықтар дегеніміз - мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде және мерзімде түсетін міндетті ақшалай төлемдері болып табылады.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1.Қазақстан Республикасының «Салық жүйесі туралы» Заң. Алматы «Жеті жарғы » 1991ж, 256 б.
2.«Салық және салық салу» Кейкова М.Н. 2008ж.266 б.
3.Өмірбаев.С.М. Салық және салық салу. Қарағанды. – 1998.
4.Саясат – «Налоговая политика РК и социальная защита населения»А.Сейсенова, №1, 2003
5.“Қаржы-қаражат” / журнал, №5/6 - 2004ж.
6.“Қаржы-қаражат” / журнал, №9-10 - 2005ж.
7. «Бухгалтерлік бюллетені» журналы. №1 қаңтар 2006.
8.Ілиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. «Қаржы»: - Алматы: 2005ж -552 б.
9.Қарағанды облысының салық комитеті
10.Ермекбаева Б.Ж. «Салықтар және салық салу» - Алматы, 2003, 131 б.
11.Қаржы - Қаражат 2004,№1, «Мағрамов Ж.Ш., Бөкенов А.Ж. «Салық және салық салу» - Қарағанды, 2006ж, 216 б.
12.Финансовые инструменты регулирования местных финансов».
13.Бөкенов А.Ж. «Корпоративтік қаржы» - Қарағанды: КРУ, 2005, 400 б
14.Үмбетәлиев.А.Д, Керімбек.Ғ.Е. «Салық және Салық салу» -Алматы Экономика 2006,205 б.
15. Ілиясов К.К., Мельников В.Д. “Қаржы”-Алматы, 2001ж, 48 б.
16.Нурхалиева Д.М. «ҚР салық және салық салу» - Астана: «Сарыарқа», 2007ж.
17.Қазақстан Республикасының «Салық жүйесі туралы» Заң. Алматы «Жеті жарғы » 1991ж, 256 б.
18.Қазақстан Республикасының бюджет кодексі. Алматы 2007ж
19.Мелсенов К.Ж. «Қаржы жүйесі»

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
I САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... . 5
1.1 Салық жүйесінің түсінігі, құрылымы, принциптері,
функциялары ... ... ... ... .5
1.2 Салық жүйесінің міндет - талаптары және салық салу
әдістері ... ... ... ... ... .12
II ҚАЗАҚСТАН САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ ДАМУЫНА ТАЛДАУ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
2.1 Қазақстан Республикасындағы салықтардың
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
2.2 Қазақстандағы салық саясатының басты
бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .24
III ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ
ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .27
3.1 Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі және оны жетілдіру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... 31
КІРІСПЕ
Осы жазған курстық жұмысымның басты мақсаты - салықтық жүйе жөнінде
неғұрлым толық мәліметтер жинап, танысу, оның құрылымына толығырақ
тоқталып, міндеттері мен функцияларын білу мағынасын барынша ашып беру және
жетілдіру жолдарын қарастыру, салықтық жүйенің қоғамда, ел экономикасында
орны мен ролін қандай екендігіне жауап беру.
Нарықтық қатынастардың даму жағдайында реформалардың басты бір міндеттері
болып нәтижелі салықтың механизімін нарықтық экономиканың инстументтерінің
бірі болып құрылатын және әр түрлі деңгейдегі бюджеттердің табысының көбею
мәселесін шешуді рұқсат етеді, сондай-ақ бөлек шаруашылық субъектілер мен
барлық эканомиканың тұтасымен түсімдік дамуына қызмет етеді.
Тәуелсіз Қазақстанның салық жүйесіне 18 жыл болды. Дамыған елдер
өздерінің салық жүйесін құруда жіберген қателіктерін қайталауға тарих бізге
аз уақыт қалдырды, сондықтан қазіргі кезде бұл құнды тәжірибені өзіміздің
істе қолданып жүрміз.
Жұмыстың негізгі мақсаты - қалыптасудың барлық кезеңдеріндегі елдің
экономикасы үшін салықтық жүйенің маңызын, оның нарықтық өзгерістерге,
экономикалық өсімге, инвестицияларды тарту, кәсіпкерлікті дамытуға әсерін
және дүниежүзілік салықтық жүйелерге әсерін анықтаумен сипатталады.
Ол үшін келесідей міндеттер қойылады:
1) салық жүйесінің нарықтық экономикадағы маңыздылық ашу;
2) шет мемлекеттер салық жүйесінің ерекшеліктерін қарастыру;
3) Қазақстан Республикасының салық жүйесіне сипаттама беру.
Жұмыстың әдістемелік негізі болып, Қазақстан мемлекетінің салық туралы
заңдары белгілеген ғылымдар мен экономист қызметкерлердің монографиялары,
мақалалары негіз болды. Бюджет өзінің қызметін атқару үшін салық жүйесін
ұйымдастыру қажет. Себебі, салық бюджеттің кіріс бөлігін толтыратын негізгі
көзі болып табылады.
Салық органдары да, салық төлеушілер де бюджеттің кіріс бөлігін
қалыптастыру үшін ел экономикасындағы өзінің ролінтүсінуі керек. Қаржы
министрлігі кәсіпорындардың проблемасына жаңаша қарап, оларды шешуге дайын.
Сондай-ақ елдің аса ірі кәсіпорындарының және ірі аумақтық салық
төлеушілердің қызметіне сапалы бақылау жасау және оны әкімшіліктендіру үшін
өз қолына жаңа құралдар алады.Дамыған елдер әрқашанда өздерінің салықтарын
төмендетуге тырысады. Кез-келген мемлекетте мемлекеттік реттеу, мемлекеттік
тапсырыс, кәсіпкерлік, ақша-несиелік реттеу мен бюджеттік-салықтық реттеу
сияқты құралдарға негізделеді. Мемлекеттік реттеудің экономикалық
құралдардың ішінде маңыздысы салық жүйесі болып табылады. Салық жүйесі
мемлекеттің маңызды экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешуі үшін
қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз етуге құрылған. Салық жүйесінің
бөлінбес бөлігі болып табылатын салықтар, салықтық жеңілдіктер мен қаржылық
санкциялар арқылы мемлекет қоғамдық өндірістің барлық қатысушыларына
қолайлы жағдай жасай отыра, кәсіпорынның экономикалық әрекетіне әсер етеді,
инфляциямен күреседі. Экономикалық дамудағы циклдық тербелістерді
бәсендетеді, өндірістік және әлеуметтік құрылымды дамытады. Салықтарды
алудың әдістері мен формаларының дамуында үш ірі кезеңді бөліп көрсетуге
болады:
Бірінші кезең - бұл көне әлемнен орта ғасырға дейінгі даму, мемлекеттің
салықтарды жинау және анықтау бойынша қаржылық аппараты жоқ. Мемлекет тек
қана алғысы келетін қаражаттардың жалпы сомасын ғана анықтайды, ал салық
жинауды тайпаға немесе қалаға жүктейді.
Екінші кезең (XVI – XIX ғасырдың басы) - бұл елде мемлекеттік мекемелер
жүйесі, оның ішінде қаржылық пайда болып, мемлекет қызметтердің бір бөлігін
өз мойнына алады: салық салу квотасын белгілейді, салық жинау процесін
бақылайды.
Үшінші кезең - қазіргі мемлекет салықты белгілеу және жинау бойынша
барлық қызметтерді және салық салудың өңделген.
Осыған орай курстық жұмысымның мақсаты – Республикамыздағы салық
жүйесімен танысу, оның құрылымына толығырақ тоқталып, міндеттері мен
функцияларын білу және жетілдіру жолдарын қарастыру болса, ал міндеті - осы
мақсатқа жету үшін салық жүйесі, оның құрылымы, принциптері, әдіс-
тәсілдері, жанама және тікелей салықтар, салық жүйесін жетілдіру жолдары
деген сұрақтарды талқылап, Қазақстан Республикасының Салық жүйесінің
маңызын, көрінісін көрсету болып табылады.
Салықтар дегеніміз - мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан
белгілі бір мөлшерде және мерзімде түсетін міндетті ақшалай төлемдері болып
табылады.
I САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
1.1.Салық жүйесінің түсінігі, құрылымы, принциптері, функциялары
Салық жүйесі дегеніміз - мемлекеттік, заңды және жеке тұлғалардың
қаржылық қатынастардың жиынтығын, салықтар мен алымдар, салық салу әдістері
мен формаларын, заңды актілермен сонымен қатар басқару органдармен салықтық
қызметтердің жиынтығы. Салық жүйесі көптеген компоненттерден тұратын
күрделі модель. Осы кезде қаржылық қатынастардың формасын және осы
қатынастарды көрсететін салық мөлшерін дұрыс анықтау маңызды болып келеді.
Салықтарды әртүрлі белгілер бойынша топтастыруға болады:
1. Салық салу объектісі және төлеуші мен мелекеттің қарым-қатынасы;
2. Пайдаланылуына байланысты;
3. Салық жинайтын органдарына орай;
4. Объектінің экономикалық белгісі бойынша;
5. Салық салу объектісінің бағалау деңгейі бойынша.
Бірінші белгі бойынша салықтар тікелей және жанама болып бөлінеді.
Тікелей салыққа табыс пен мүлікке салынатындар кіреді. Жанама салықтар тек
тауарлар мен қызметтердің бағалары арқылы алынады.
Пайдалану салығы бойынша салықтар жалпы және арнайы болып бөлінеді. Жалпы
салықтар мемлекетке түседі және пайдаланған кезде мәнсізденеді. Арнайы
салықтарда қатал бекітілген бағыт бар.
Салық төлеушілер мен салық органдарының құқықтары және міндеттері салық
заңдылығымен және жергілікті басқару органдарымен реттеледі.
Бұл үшін салық органдарымен белгілі бір басқару қызметтері жүргізіледі:
- салық төлеушілердің есебі;
- салықтардың бюджетке түсудің есебі,
- салық төлеушілердің декларацияларын, есеп берулерін қабылдау және
тексеру;
- салық және басқа да жинақтардың дұрыс алынғандығын бақылау;
- санкцияларды, айыппұлдарды, бюджетке төлемдерді кешіктіргені үшін
өсімдерді қолдану.
Қазақстан Республикасының Салық жүйесі алымдар мен төлемдердің,
салықтардың жиынтығынан, құқықтық нормалардан, салық қызметінің
органдарынан тұрады. Оны келесі сызба түрінде көруге болады ( 1 сызба)
Экономика ғылымы салық механизмін 2 тұрғыдан қарастырады – методологиялық
және методикалық. Салық механизмінің тұрғысы салықтың жалпытеоретикалық
мазмұнын, яғни салық элементтерін, міндеттерін, құқықтарын, сонымен бірге
салықтық қарым-қатынас қатысушыларының жауапкершілігін ашуға негізделген.
Сол себепті, салықтық методологиялық тұрғысы салық механизмін анықтауда
салық механизмінің элементтері сипаттайды (1 - сурет).
Салық механизмін қалыптастыру процесінде салық жүйесіндегі барлық
элементтерге байланысты міндеттер жүзеге асырылады:
- салық субъектісі, объектісі және қайнар көзінің бекітілуі;
- салық ставкасын анықтау;
- салықтық төлемдерді төлеу процесін жүзеге асыру;
- салықтық жеңілдіктер мен салықты мерзімінен асырып төлеу;
- салықтық төлемдердің түсуіне бақылау ұйымдастыру.
С
1* сызба - Қазақстан Республикасының салық жүйесінің құрылымы
*Ескерту - Худяков А.И. “Налоговая система Казахстана” – оқулық негізінде
құрастырылған
Салық механизмінің мәні салықтық функциялардың орындалуы арқылы ғана
анықталса, онда оның экономикалық көрінісін салық функцияларын талдау
арқасында қарастырған жөн.
1991 жылғы желтоқсанның 25-інен бастап біздің елімізде тұңғыш салық
жүйесі жұмыс істей бастады. Ол Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі
туралы заңға негізделді. Бұл заң салық жүйесін құрудың қағидаттарын,
салықтар мен алымдардың түрлерін, олардың бюджетке түсу тәртібін белгілеген
алғашқы құжат еді. Осы заңға сәйкес Қазақстанда 1992 жылғы қаңтардың 1-інең
бастап 13 жалпы мемлекеттік салық, 18 жергілікті салықтар мең алымдар
енгізілді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі 1995 жылдың басында салық реформасының
ұзақ мерзімді тұжырымдамасын қабылдап онда еліміздің салық жүйесі мен салық
заңнамасын бірте-бірте халықаралық салық салу қағидаттарына сәйкестендіру
көзделді. Осыған байланысты Салық және бюджетке төленетін басқа жүйесі мен
салық заңнамасын бірте-бірте халықаралық салық салу қағидаттарына
сәйкестендіру көзделді. Осыған байланысты Салық және бюджетке төленетін
басқа да міндетті төлемдер туралы 1995 жылғы сәуірдің 24-інде Қазақстан
Республикасы Президентінің заң күші бар жарлығы шықты. Енді бұрынғы 42
салықтар мен алымдар едәуір қысқартылып, олардың саны небәрі 11 болып
қалды. Қазақстан Республикасы Президентінің бұл жарлығы Қазақстан
Республикасының 1999 жылғы шілденің 440-1 заңына сәйкес заң мәртебесін
алды. Осы уақыт аралықтарында Президент жарлықтарымен және Қазақстан
Республикасының заңдарымен бұл заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
1-сурет. Салық механизмінің элементтері

Сөйтіп, Қазақстанның салық жүйесі салықтардың және басқа міндетті
төлемдердің түрлері бойынша тым сараланған. Салық қатынастарын реттеуші
құқықтық нормалар Қазақстан Республикасының Салық кодексінде сараланған
және тиісті нұсқаулықтарда келтірілген. Салық қызметі оргаңдары уәкілетті
мемлекеттік орган мен салық органдарынан тұрады. Салық органдарына
облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша аймақаралық салық
комитеттері, ауданаралық салық комитеттері, аудандар, қалалар және
қалалардағы аудандар бойынша салық комитеттері, сонымен бірге қаржы
полициясының бөлімшелері жатады.
Дамыған салықтық жүйе салық салудың келесі принциптерін есепке ала отырып
құрылуы тиіс:
1)салықтық ставка деңгейі салық төлеушілердің мүмкіндігін яғни табысын
есепке ала отырып белгіленуі тиіс. Мүмкіндіктер бірдей болмағандықтан, олар
үшін дифференциалды ставкалар қарастырылуы қажет. Бірақ одан басқа да ойлар
бар. Прогрессивті салықты көп және тиімді жұмыс істейтіндерге салуға
болмайды, яғи салықтық жүйе экономиканың дамуына және капиталдық салымдар
өсіміне кедергі келтірмеуі тиіс. Сондықтан, бұл нәтижені шешу кезінде
өндіріске прогрессивті салық салу тиімділігін ескеру қажет;
2)салық салу бір реттік сипатта болуы тиіс. Бұл мүмкіндікті іске асыру
мысалы ретінде кейбір елдерде салық ҚҚС-на ауыстырылып, жаңа құрылған құқық
оны өткізуге дейін бір рет қана салық салынады. Соған қарамастан
Қазақстанда принцип бұзылуда, себебі ҚҚС салым объектісіне жаңа құн
құрамайтын акциздер, кедендік баж элементтері кіргізіледі;
3)салықтарды төлеу міндеттілігі. Салықтық жүйе салық төлеушіде жүктемелік
күдігін туғызбауы тиіс. Сондықтан салық салу формаларын белгілеу кезінде
қарапайым фермаларды таңдаған дұрыс. Сонымен қатар, айыппұлдар жүйесіне
байланысты елде салықтарды уақытылы төлемеу тиімсіздігі ойлары қалыптасуы
қажет;
4)салықтарды төлеу жүйесі және процедурасы салық төлеуші үшін қарапайым,
түсінікті және ыңғайлы, ал салық қызметкерлері үшін тиімді болуы тиіс;
5)салық жүйесі өзгермелі экономикалық жағдайға тез және икемді
бейімделетін болуы тиіс;
6)салық жүйесі құрылатын ЖІӨ-ді қайта болуды қамтамасыз етуді және
мемлекеттік экономикалық саясаттың тиімді құралы болуы тиіс;
7)салық жүйесі жан-жақты болуы қажет;
8)салық жүйесі салықтың негізгі түрлері бойынша салық ставкаларын басқа
елдермен салыстырмалдылығын қамтамасыз етуі тиіс;
Экономикалық қатынастарда артықшылықтарды қамтамасыз етуі қажет, себебі
жоғарғы ставкалар кезінде инвестицияларды тартуға кедергі жасалынады, ал
төмен ставкалар кезінде табыстар капиталды экспортер – елдердің бюджетіне
ауысады.
Нарықтық экономиканың қалыптасу кезеңінде салық салу саясатының негізгі
бағыты - салық жүйесін құру және оның тиімді қызмет етуіне мүмкіншілік
беретін салық механизмін іске асыру.
Салық салудың әдістері мен жолдары, салық салудың негізгі қағидалары,
салық салуды ұйымдастыру салық механизміне жатады.
Салық салу элементтері мыналар: субъект, объект, салық көзі, салық
ставкасы, салық өлшем бірлігі, салық оклады, салық жеңілдіктері, салық
төлеу мерзімі мен тәртібі, салық төлеушінің және салық қызметі органдарының
құқықтары мен міндеттері, салық төлеуін бақылау, салықтық жазалау шаралары.
Осы элементтерге жеке-жеке тоқталатын болсақ:
Салық төлеуші (субъект) – салықты және бюджетке төленетін басқа да
міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі заңды міндеті бар тұлға.
Қазақстанда салық төлеушілер:
- резидент және резидент емес заңды тұлғалар;
- Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары жоқ адамдар
болып жіктеледі.
Салық объектісі - заң жүзінде негізделген салық салуға негіз болатын
табыс, мүлік, қызмет көрсету, ақшалай операциялар және т.б. көптеген
тауарлық-материалдық игіліктер.
Салық көзі- салық салынатын табыс. Салық салынатын табыс жылдық жиынтық
табыс пен шегерімдердің айырмасы ретінде анықталады.
Салық ставкасы- бір өлшем бірлігінен алынатын салық мөлшері. Ставкалар
тұрақты немесе пайыз нысанында белгіленеді.
Пайыздық салық ставкасы прогрессивтік, регрессивтік және пропорционалдық
болып бөлінеді.
Салық өлшем бірлігі - есептеу үшін берілген салық объектісінің өлшем
бірлігі. Салық оклады- салық төлеушінің белгілі бір объектісінен төлейтін
салық сомасы. Салық жеңілдіктері- заңға сәйкес салық төлеушіні біртіндеп
немесе салық төлеуден толық босату. Салық жеңілдіктеріне салықтан толық
босатылатын, салық салынбайтын минимум, шегерістер, салық ставкасын
төмендету, салық төлеу мерзімін ұзарту т.б. жатады.
Салықты төлеу мерзімі - салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің
бюджетке төлену уақыты.
Салық төлеушілердің құқығы;
- қолданылып жүрген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдер туралы, салық заңдарындағы өзгерістер туралы салық қызметі
органдарынан ақпарат алу;
- салық қатынастары мәселелері бойынша өз мүдделерін қорғау және оны өзі,
не өз өкілі арқылы білдіру;
- салық бақылауы нәтижелерін алу;
- салық бақылау нәтижелері бойынша салық және бюджетке төленетін басқа да
міндетті төлемдерді есептеу мен төлеу жөнінде салық қызметі органдарына
түсіндірме табыс ету;
- жеке шотынан салық міндеттемелерінің орындалуы бойынша бюджетпен есеп
айырысудың жай-күйі туралы көшірме алу;
- салық кодексінде және ҚР-ның басқа да заң актілерінде белгіленген
тәртіппен салықтық тексеру актілері бойынша хабарламаға және салық қызметі
органдары лауазымды адамдарының әрекетіне шағым жасау;
- салық құпиясының сақталуын талап ету;
- салық салуға қатысы жоқ ақпарат пен құжаттарды табыс етпеу.
Салық төлеушінің міндеттері:
- салық міндеттемелерін дер кезінде және толық көлемінде орындау;
- салық қызметі органдарының анықталған салық заңдарын бұзушылықтарды жою
туралы заңды қызметіне кедергі жасамау;
- нұсқама негізінде салық қызметі органдары лауазымды адамдарының салық
салу объектісі және салық салумен байланысты объект болып табылатын мүлікті
тексеруіне жол беру;
- салық есептілігі мен құжаттарды заңға сәйкес тәртіппен табыс ету;
- сауда операцияларын жасаған немесе қызметтер көрсеткен кезде
тұтынушылармен ақшалай есеп айырысуды фискалдық жады бар бақылау-касса
машиналарын міндетті түрде пайдалана және тұтынушының қолына бақылау чегін
бере отырып жүргізу.
Салықты төлеуді бақылау - салық заңдарының орындалуын, мемлекетке түсетін
салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді есептеу дұрыстығын және олардың
уақытылы төлену мәселелері бойынша заңды және жеке тұлғаларды тексеру.
Салықты төлеуді басқаруды тек қана салқы қызметі органдары жүзеге асырады.
Салық салудың классикалық принциптерін А.Смит Халықтар байлығының
табиғаты мен баю себебі туралы зерттеу (1776ж) атты кітабында
қалыптастырған. Қазақстан Республикасының салық заңдары салық және бюджетке
төленетін басқа міндетті төлемдерді төлеудің міндеттілігі, салық салудың
айқындығы, әділдігі, салық жүйесінің біртұтастығы және салық заңдарының
жариялылығы принциптеріне негізделеді.
1. Салық салудың міндеттілігі принципі.
Салық төлеуші салық заңдарына сәйкес салық міндеттемелерінің толық
көлемінде және белгіленген мерзімдерде орындауға міндетті.
2. Салық салудың айқындығы принципі.
Қазақстан Республикасының салықтары және бюджетке төленетін басқа да
міндетті төлемдері айқын болуға тиіс. Салық салу айқындығы салық төлеушінің
салық міндеттемелері туындауының, орындалуының және тоқтатылуының барлық
негіздері мен тәртібін салық заңдарында белгілеу мүмкіндігін білдіреді.
3. Салық салудың әділдігі принципі.
Қазақстан Республикасында салық салу жалпыға бірдей және міндетті болып
табылады. Жеке сипаттағы салық жеңілдіктерін беруге тыйым салынады.
4. Салық жүйесінің біртұтастығы принципі.
Қазақстан Республикасының салық жүйесі Қазақстан Республикасының бүкіл
аумағында барлық салық төлеушілерге қатысты біртұтас болып табылады.
5. Салық заңдарының жариялылығы принципі.
Салық салу мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілер ресми
басылымдарда міндетті түрде жариялануға тиіс.
Бұл принциптер қазіргі уақытқа дейін күшін жоймай, көптеген
мемлекеттердің салық жүйесін құрғанда ескеріледі.
Салық салудың классикалық принциптерінің жеке қағидалары қазіргі заманғы
отандық салық жүйесінде көрініс тапқан. Қазақстан Республикасының Салық
кодексіне сәйкес еліміздегі салық салу міндеттілік, анықталғандық,
әділеттілік, салық жүйесінің бірлілігі принциптері мен салық заңдылығының
жариялылығына негізделген.
Қазақстан Республикасының Салық кодексінің міндеттілік принципі салық
төлеушінің салық заңдылығына сәйкес өзінің салықтық міндеттерін толық
көлемде және қабылданған (белгіленген) уақытта орындауға міндеттілігін
білдіреді.
Әділеттілік принципі Қазақстанда салық салу жалпы және міндетті болып
табылатынын білдіреді. Салықтық жеңілдіктер жеке сипатты болмауы қажет.
Салық жүйесінің бірлігі принципіне сәйкес салық жүйесі Қазақстанның
барлық территориясындағы барлық салық төлеушілерге бірдей болып табылады.
Салық заңдылығының жариялылығы принципіне сәйкес салық салу бойынша
сұрақтарды белгілейтін нормативті құқықтық актілер ресми баспада міндетті
жариялануға жатады.
Сонымен бірге, Салық жүйесіне қойылатын міндетті талаптар болып келесі
қағидалар табылады:
- салық төлеушінің салық салудан қашуы оған тиімсіз болуына жүйе
мүмкіндік жасауы керек.
- салық жүйесінің қарапайымдылығы. Бұл, әсіресе, салық төлеудің
дұрыстылығын бақылауды жүзеге асыру үшін маңызды.
- салық жүйесі салық төлеушіні ақша құралдарын өндіріске салуын
ынталандыруы керек.
- салық салудың бір еселілігі, яғни бір объект заңмен белгіленген белгілі
бір уақыт кезеңінде салықтың бір түрі бойынша бір-ақ рет салық төлейді.
Бұл қағидаларға қосымша басқа да қағидалар туралы айтуға болады.
Дегенмен, жоғарыда көрсетілгендердің негізгісі болып табылады.
Қазіргі кезде салықтар фискалдық, реттеуші және қайта бөлу сияқты негізгі
үш функция орындайды. Бұлардың әрқайсысы осы қаржы категориясының ішкі
белгілері мен өзіндік ерекшеліктерін білдіреді.
1)мемлекеттік шығындарды қаржыландыру (фискалдық функциясы);
2)әлеуметтік топтар арасындағы тепе-теңдік жағдайды тұрақтандыру үшін
олардың табыс көздерінің арасына әлеуметтік теңдік жағдайын қолдау
(әлеуметтік функциясы);
3)экономиканы мемлекеттік реттеу (реттеуші функциясы);
4) ынталандырушы функциясы.
Реттеуші функциясы мемлекеттің экономикалық қызметінің ұлғаюымен
байланысты пайда болады. Ол ұлттық шаруашылықтың дамуына кабылданатын
бағдарламаларға сәйкес ықпал етеді. Бұл орайда салықтардың нысандарын
таңдау, олардың мөлшерлемелерінің, алу әдістерінің өзгеруі, жеңілдіктер мен
шегерімдер пайдаланылады. Бұл реттеуіштер қоғамдық ұдайы өндірістің
құрылымы мен үйлесіміне, корлану мен тұтыну көлеміне ықпал етеді. Сонымен
бірге екі негізгі бағытта жүзеге асырылады: тауарлы-ақшалай, нарықтық
қатынастарды реттеу мен халық шаруашылығын дамыту. Бұнда орталық орынды
салық кешені алады. Қайта бөлу функциясы арқылы түрлі субъектілер табысының
бір бөлігі мемлекеттің қарамағына өтеді. Бұл функцияның іс-әрекетінің
ауқымы жалпы ұлттық өнімде салықтардың алатын үлесі арқылы анықталады
Әлеуметтік функциясы – бұл функцияның көмегімен мемлекет кәсіпорын мен
кәсіпкерлер, азаматтар пайдасын таратып, реттейді. Одан түскен салық
өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым, инвестиция мен капитал және
қорсыйымдылығының дамуына бағыттайды. Бюджеттің көп бөлігі әлеуметтік
қорғауға мұқтаж болып отырған азаматтарды жартылай немесе толық түрде
салықтан босатуға әсерін тигізеді.
Фискалдық функция – барлық мемлекеттерге тән негізгі функция. Оның
көмегімен бюджеттік қор қалыптасады, мұнын өзі салықтардың қоғамдық
міндеттерін арттыра түседі. Өйткені салықтар мемлекеттік бюджеттің
кірістерін толыстыра отырып, экономиканы, әлеуметтік-мәдени шараларды
жүзеге асыруды камтамасыз етеді.
Кез келген мемлекетте салықтар фискалдық функциясын атқарды және де
атқарады. Яғни, мемлекеттік қоғамдық шығындарды қамтамасыз етеді.
Сондықтан, салық салу мемлекеттің экономикалық дамуына ешқандай кедергі
жасамауы тиісті.
1.2 Салық жүйесінің міндет - талаптары және салық салу әдістері
Салық қызметінің міндеттері келесілерден тұрады:
1) Салық қызметінің ұйымдарына салықтарды және бюджетке басқа міндетті
төлемдердің түсімінің толықтығын қамтамасыз ету, міндетті
зейнетақылық төлемдерді уақытылы және толық аудару, сонымен қатар
салық төлеушілердің салық міндеттмелерін орындауда салықтық бақылау
жүргізу бойынша міндеттер қойылады.
2) Салық қызметінің ұйымдары өкілетті мемлекеттік ұйымнан және салық
ұйымдарынан құралады.
3) Салық ұйымдарына аймақтық салық комитеттері, облыстар, Алматы және
Астана қалалары бойынша салық комитеттері, аудан аралық салық
комитеттері аудан бойынша салық комитеттері жатады. Арнайы
экономикалық аймақ құрылған жағдайда осы аймақ территорияларында
салық комитеттері құрылуы мүмкін.
4) Салық органдары тікелей сәйкес жоғары тұрған салық қызметі органына
бағынады және жергілікті ұйымдарға жатқызылмайды.
5) Өкілетті мемлекеттік ұйым салық ұйымдарына басшылық жасайды.
6) Салық ұйымдарының басшылары өкілетті мемлекеттік ұйымның бірінші
басшысымен тағайындалады .
Салық заңнамасы Салық кодексінен және Қазақстан Республикасының Үкіметі
мен Мемлекеттік кіріс министрлігінің нормативтік құқықтық актілерінен
тұрады. Бұл ретте, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен мемлекеттік кіріс
министрлігінің нормативтік құқықтік актілері қабылданатын мәселелер щеңбері
де Салық кодексімен анық айқындалған.
Салық жүйесін мемлекет пен заңды және жеке тұлғалар арасындағы қаржы
қатынастары және осы қатынасты анықтайтын салықтар, салық механизмі яғни,
салық салу әдістері мен тәсілдері, жолдары, салық заңдары мен салыққа
қатысты кесімдердің, салық қызметі органдарының жиынтығы құрайды.
Салық жүйесі мемлекет қаржы көздерін жасаудың ең негізгі құралы болуымен
қатар, ел экономикасын қайта құруға, өндірістің ұлғайып дамуына және саяси
әлеуметтік шаралардың толығымен іске асуына мүмкіндік туғызады. Еліміздің
салық жүйесінің дамуын төрт кезеңге бөліп қарастыруға болады.
1 кезең. (1992-1995ж.ж.)- жаңа салық жүйесі базисінің, салық кезеңінің
өңделуі және іске қосылуы;
2 кезең. (1996-1998ж.ж.)- нарықтық экономика талаптарына сай келетін
салық жүйесін құруды аяқтау;
3 кезең. (1998-2000ж.ж.)- барлық қағидалардың ескерілуі арқылы салық
жүйесіне өзгерістер мен толықтыруларды енгізу, салық жүйесін одан әрі
жетілдіру.
4 кезең. (2001-2002ж.ж.)- жаңа салық кодексі қабылданып, іске қосылды.
Қазақстан Республикасының 1991 жылдың 25 желтоқсанда қабылданған
Қазақстан Республикасындағы Салық жүйесі құрудың ең алғашқы бастамасы болып
табылады. Бұл еліміздің экономикасын реформалаудағы күрделі жұмыстардың
бірі болып саналады. Осы кезеңдерде елде көптеген түрлерінің дамуы,
шаруашылық жүргізуші субъектілер мен мемлекет арасындағы қатынастардың
құқықтық негізде жүргізілуі және т.б. құбылыстар іске аса бастады.
Осы заң бойынша алғаш рет Қазақстан Республикасында 42 салық түрі қызмет
етті және 3 топқа бөлінді:
- жалпы мемлекеттік салықтар-10;
- міндетті түрде төленетін жергілікті салықтар мен алымдар-11;
- жергілікті салықтар алымдардың-18 түрі.
Жаңа Салық Кодексінде 2002 жылдың 1 қаңтарында Қазақстан Республикасының
мына салықтары енгізілді: корпорациялық табыс салығы, акциздер, жер
қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнайы төлемдері, әлеуметтік
салық, жер салығы, көлік құралдары салығы, мүлік салығы; алымдар: заңды
тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін алым, жылжымайтын мүлікке құқықтарды
және олармен жасалған мәмілелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым;
радиоэлектрондық құралдары және жиілігі жоғары құрылғыларды мемлекеттік
тіркегені үшін алым, теңіз, өзен кемелері мен шағын көлемді кемелерді
мемлекеттік тіркегені үшін алым, азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік
тіркегені үшін алым, дәрі-дәрмек құралдарын мемлекеттік тіркегені үшін
алым, автокөлік құралдарының ҚР-ның аумағы арқылы жүру алымы, аукциондардан
алынатын алым, елтаңбалық алым, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы
үшін лицензиялық алымы, телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына
радиожілік спектрін пайдалануға рұқсат беру үшін алым, жер учаскілерін
пайдаланғаны үшін төлемақылар, жер бетіндегі көздердің су ресурстарын
пайдаланғаны үшін төлемақы, қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы, ерекше
қорғалатын табиғи аймақтарды пайдаланғаны үшін, кеме жүретін су жолдарын
пайдаланғаны үшін, сыртқы жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы;
мемлекеттік баж; кеден төлемдері; кеден бажы, кеден алымдары, төлемақы,
алымдар.
Қазақстан Республикасы Салық жүйесін басқару Қазақстан Республикасы
Конституциясы бойынша Президентке, Парламентке, Үкіметке, Қаржы
Министрлігіне жүктеледі. Салық қызметі органы ҚР-сы Қаржы Министрлігі Салық
Комитетіне және облыс, Астана, Алматы қалалары, аудандар мен қалалар
бойынша Салық Комитеттерінен тұрады.
II ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ ДАМУЫНА ТАЛДАУ.
2.1 Қазақстан Республикасындағы салықтардың түрлері
Қазақстан Республикасының салық жүйесі салықтардың, алымдардың және
баждардың түрлерін, салық қатынастарын реттейтін құқықтық нормаларды және
салық қызметінің органдарын біріктіреді.
Қазақстан Республикасындағы салықтардың, салық сипатындағы алымдардың
тізбесі мыналарды біріктіреді:
1. Салықтар:
Корпорациялық табыс салығы.
Жеке табыс салығы.
Қосылған құнға салынатын салық.
Акциздер.
Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері.
Экспортқа шығарылатын шикі мұнайға салынатын рента салығы.
Әлеуметтік салық.
Жер салығы.
Көлік құралдарына салынатын салық.
Мүлікке салынатын салық.
Қазақстан Республикасының жасалған келісім шарттары бойынша өнімді бөлу
жөніндсгі үлесі.
2. Алымдар:
1. Заңи тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым.
2. Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым.
Жылжымайтын мүлікке құқықтырды және олармен жасалған мәмілелерді
мемлекеттік тіркегені үшін алым.
Радиоэлектрондық құралдарды және жиілігі жоғары құрылғыларды мемлекеттік
тіркегені үшін алым.
Механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді мемлекеттік тіркегені үшін
алым.
6. Теңіз, өзен кемелері мен шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркегені
үшін алым.
Азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркегені үшін алым.
Дәрілік заттарды мемлекеттік тіркегені үшін алым.
Автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумақ арқылы жүру алымы.
Аукциондардан алынатын алым.
Консулдық алым.
Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым.
Телевизиялық және радиохабар ұйымдарына радиожиілік
спектрін пайдалануға рұқсат бергені үшін алым.
3. Төлемақылар:
1. Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы.
Жер бетіндегі көздердің су ресурстарын пайдаланғаны үшін
төлемақы.
Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы.
Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы.
Орманды пайдаланғаны үшін төлемақы.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін
төлемақы.
Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақы.
Кеме жүретін су жолдарын пайдаланғаны үшін төлемақы.
Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру үшін төлемақы.
Мемлекеттік баж.
Кеден төлемдері:
Кеден бажы.
Кеден алымдары.
Алдын ала шешім қабылдағаны үшін төлемақы.
Алымдар.
Корпорациялық табыс салығы бюджет түсімдерінде едәуір орын алады (27,2%).
Бұл салықты Ұлттық банк пен мемлекеттік мекемелерді қоспағанда Қазақстан
Республикасы резидент-заңи тұлғалары, сондай-ақ Қазақстанда қызметін
тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын немесе Республикадағы көздерден табыс
алатын бейрезидент-заңи тұлғалар төлейді. Арнаулы салық режімін Колданушы
заңи тұлғалар - шағын бизнестің субъектілері, шаруа (фермерлік)
қожалықтары, заңи тұлға - ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер, кәсіпкерлік
қызметтің жекелеген түрлері корпорациялық табыс салығын төлейді.
Корпорациялық табыс салығын салу механизмі заңды тұлғалар есептеу, төлеу
тәртібін, алу шарттарып, жеңілдіктер санкцияларды, төлеу уақытын
айқындайды.
Салық салынатын табыс жылдық жиынтық табыс пен Салық кодексіне сәйкес
жасалған түзетулерді ескере отырып, заңнамалы түрде белгіленген шегерімдер
арасындағы айырма ретінде айқындалады. Жылдық жиынтық табыс салық
заңнамасына сәйкес түзетулерге тиіс.
Салық кодексіне сәйкес жылдық жиынтық табысқа мына төмендегілерді қоса,
салық төлеушінің табыстарының барлық түрлері біріктіріледі:
тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетуді) өткізуден түсетін табыс;
үйлерді, ғимараттарды, құрылыстарды, сондай-ақ амортизациялауға
жатпайтын активтерді өткізу кезіндегі құн өсімінен түсетін табыс;
міндеттемелерді есептеп шығарудан түсетін табыстар;
4) күмәнді міндеттемелер бойынша түсетін табыстар;
5) мүлікті жалға беруден түсетін табыстар;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасымен провизиялар жасауға рұқсат
етілген банктер мен операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын
ұйымдар жасаған провизиялардың мөлшерін азайтудан түсетін табыстар;
7) борышты талап етуді басқаға беруден түсетін табыстар;
8) кәсіпкерлік қызметті шектеуге немесе тоқтатуға келісім үшін алынған
табыстар;
9) шығып қалған тіркелген активтер құнының ішкі топтың құн балансынан
асып түсуінен алынатын табыстар;
Корпорациялық табыс салығын салу үлкейтілген (ірілендірілген) түрде 2-
сызбада келтірілген.
2*-сызба - Корпорациялық табыс салығын есептеу және өндіріп алу
*Ескерту - “Қаржы-қаражат” оқулық негізінде құрастырылған
кен орындарын игеру зардаптарын жою жөніндегі нақты
шығыстар сомасын кен орындарын игеру зардаптарын жою қорына аударылған
соманың асып түсуінен алынатын табыстар;
ортақ үлестік меншіктен түсетін табысты бөлу кезінде алынатын табыстар;
бұрын негізсіз ұсталып, бюджеттен қайтарылған айьшпұлдардан басқа,
борышкерге салынған немесе ол мойындаған айыппұлдар, өсімпұлдар және
санкциялардың басқа да түрлері, егер сомалар бұрын шегеріп тасталмаған
болса;
бұрын жүргізілген шегерімдер бойынша алынған өтемақылар;
өтеусіз алынған мүлік, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер;
15) дивидендтер;
16) сыйақылар;
оң бағамдық айырма сомасының тері бағамдық айырма сомасынан асып кетуі;
ұтыстар;
роялти;
әлеуметтік сала объектілерін пайдалану кезінде алынған табыстардың
шығыстардан артығы.
Алынған жиынтық жылдық табыс түзетілуі, яғни салық төлеушінің бұл
табысынан мыналар алынып тастауы тиіс:
Қазақстан Республикасындағы төлем көзінен бұрын салық
салынған, Қазақстан Республикасының резидент-заңи тұлғасынан алынған
дивидендтер;
эмитент өз акцияларын орналастыру кезінде алған олардың құнының номиналдық
құнынан асып кетуі және эмитенттің өз акцияларын өткізуі кезіндегі күн
өсімі;
қор биржасының А және В ресми тізімдерінде тұрған акциялар мен
облигацияларды өткізу кезіндегі қүн өсімінен алынған табыс;
мемлекеттік бағалы қағаздармен жасалған олерациялардан
түскен табыстар;
табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған ретте
ізгілік көмек түрінде алынған және мақсатты түрде пайдаланылған мүліктің
кұны;
6) мемлекеттік кәсіпорынның Үкімет шешімі негізінде мемлекеттік органнан
немесе мемлекеттік кәсіпорыннан өтеусіз негізде алған негізгі құрал-
жабдықтардың құны;
7) зейнетақымен камсыздандыру туралы заңнамаға сәйкес алынған және жеке
зейнетақы шоттарына жіберілген инвестициялық табыстар..
Салық шегерімдері деп салық төлеушінің заңнамамен реттелмеген шекте
жиынтық жылдық табыс алумен байланысты шығындарын айтады. Оларға өткізілген
тауарлар, қызметтер көрсету бойынша шығындар мен басқа шығыстар, соның
ішінде мына шегерімдер жатады:
▪ қызмет бабындағы іс-сапарлар кезіндегі және өкілдік шығыстар
бойынша өтем сомалары;
▪ сыйақы бойынша;
▪ төленген күмәнді міндеттемелер мен күмәнді талаптар бойынша;
▪ резервтік қорларға аударымдар бойынша;
▪ ғылыми-зерттеу, жобалау, іздестіру және тәжірибе-конструкторлық
жұмыстарға жұмсалатын шығыстар бойынша;
▪ сақтық сыйлықақылары жөніндегі шығыстар бойынша;
▪ әлеуметтік төлемдерге жұмсалған шығыстар;
▪ табиғи ресурстарды геологиялык зерттеуге және оларды өңдіруге
әзірлік жұмыстарына жұмсалған шығыстар бойынша және жер қойнауын
пайдаланушылардын басқа шегерімдері;
▪ теріс бағамдық айырма сомасының оң бағамдық айырма сомасынан асып
кетуінен шегерім;
▪ есептелген шекте мемлекеттік бюджетке төленген салықтар бойынша
(оларға: жылдық жиынтық табыс анықталғанға дейін есептеп
шығарылатын салықтар; Қазақстан аумағы мен басқа мемлекеттерде
төленген корпораяиялық табыс салығы мен жеке табыс салығы; үстеме
пайдаға салынатын салык қосылмайды);
▪ тіркелген активтер бойынша және басқа шегерімдер.
Бейрезиденттердің Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемеге байланысты
емес көздерден алатын табыстарының төлем көзіне мынадай мөлшерлемелер
бойынша салық салынуга тиіс:
дивидендтер, қатысу үлесінен түскен табыстар және сыйақылар — 15%;
тәуекелдерді сақтандыру шарттары бойынша төленетін сақтық сыйлықақылары —
10%;
тәуекелдерді қайта сақтандыру шарттары бойынша төленетін сақтық
сыйлықақылары — ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz