Классикалық ат спорты түрлері


Пән: Спорт
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Классикалық ат спорты түрлері

Классикалық ат спорты түрлері олимпиадалық ойындарға кіретін ойындар түріне жатады. Оларға атпен салт жүру жоғарғы мектебі, үшсайыс және кедергіден секіру кіреді.

Салт жүру жоғарғы мектебі

Салт жүру жоғары мектебі - ол шабандоздің жылқының әрбір жүріс түрімен әдемі жүргізу, басқара білу өнері болып саналады. Тек осындай жүріспен жүре алған кезінде ғана жылқы мен адамның нағыз бір-бірінің толық түсініп, сезінетінін білуге болады.

Жылқыны дұрыс басқара білу үшін оған арнайы жасалған мундштукті (ауыздық) жүген кигізіледі. Ол темірден жасалады, жылқының аузының тісі жоқ жерінде, жай ауыздықтан төмен орналасады. Жеке мундштук шынжырына бекітілген белбеу оның жылқы езуіне әсерін арттырады. Мундштукті жүгенмен жүрген кезде шабандоз төрт бірдей тізгінді ұстайды: екеуі жүгендікі, ал келесі екеуі мундштуктінікі және оларды өз ретімен жеке-жеке пайдаланады. Бұндай жүген түрімен тек тәжірибесі мол спортшы ғана жүре алады.

Салт жүру жоғары мектеп әдісін жабық манеж жағдайында, құм, не болмаса шөп егілген тегіс алаңда жүргізуге болады. Алаңның көлемі - 20 x 60 м. Алаңның ұзын жақ қабырғасына және қысқа жақ қабырғасының ортасынан арнайы жазылған әріптері бар тақтайшалар қойылады. Шабандоз әрбір белгіленген жүріс әдісін рет-ретімен орындай отырып, көрсетілген уақыт мерзімінде өте білуі керек. Көрсетілген әріп арқылы спортшы әрбір жүретін әдісті қай жерден бастап, оны қашан бітіру керек екенін қөніліне толкиды.

Әрбір спортшының жарысқа қатысуы жылқының өз (табиғи) және арнайы үйретілген мәнерлі жүрістері арқылы басталады. Жылқының табиғи жүрістерін көрсеткен кезде, шабандоз аттың ең жақсы үйренген жүріс түрлерін: аяңды, желуді, шабуды көрсете алады.

Аттың жүру жоспарына: тоқтау (жылқының қалт етпей қозғалмай төрт аяғымен нық тұруы) ; шегіну (жылқы тіп-тік бойында тұп-тура кейін шегінуі) ; бұрылу (жылқының артқы екі аяғын орнында ұстап алты метрлік шеңбер жасауы) және т. б. түрлері жатады.

Жарыстың бірінші жартысында негізінен жылқының табиғи жүріс түрлері көрсетіледі.

Ал екінші жартысында - қиын, арнайы үйретілген түрлері көрсетіледі, оларды көрсету өте қиынға түседі. Жылқыға шоқырақтау кезінде бір аяқтан, екінші аяққа, сол аяқтан, оң аяққа, тіпті, аяғын әуеде «асылып» тұрған сәтте басқа екі аяқты ауыстырып үлгеруі керек. Не болмаса, бүйірімен жылжу (принимание), ол кезде жылқы бір бүйірімен денесін манеждің қабырғасына тепе-тең ұстаған күйі, желуі, шоқырақтап оның бір бұрышынан екіншісіне жүруі керек. Аяңмен, не болмаса, желу арқылы жылқы бір орында тұрып шеңбер (пируэт) жасауы, не болмаса, жартылай (полупируэт) шеңбер жасауы қажет.

Ең қиын әдістердің бірі - пассаж бен пиаффе.

Пассаж - қысқартылған, тезірек қимылдайтын желу түрі. Алдыңғы және артқы көлденең аяқтардың ақырын көтеріліп, түсірілуі жылқы билеп тұрған сияқты әсер қалдырады. Егер пассаж жасаған кезде, жылқының алдыңғы тұяғы алдыңғы жіліншіктің орта шеніне дейін, ал артқы тұяғы бақайшыққа дейін көтерілсе, онда пассаж дұрыс жасалған болып есептеледі. Жылқы алға жүргенде, ақырын және өте әсем жүруі керек.

Пиаффе - бір жағынан пассажға ұқсас жүру әдісі, бірақ бұл ретте жылқы бір орында тұрып «билейді».

Әрбір жасалған әдісті алқа мүшелері 10-баллдық ретпен баға береді, соңынан барлық алқа мүшелерінің баллдарын қосып, ең көп балл алған атты спортшыны анықтайды. Әсіресе, әрбір әдістің жеп-жеңіл, қысылмай жасалуы, бір әдістен екіншісіне ауысқандағы сәні мен мәнері өте жоғары бағаланады. Дегенмен, көрушілерге шабандоз бен жылқының төккен терлері көбіне-көп көзге көрінбейді, олар жылқы өз көңілімен оп-оңай, ойнап жасалғандай көрінеді.

Берілген талаптарды орындамаса, уақытын артық пайдаланса, әдістерді дұрыс жасамаса алқа мүшелері айып беріп, оны барлық берілген балдан шегеріп, алып тастайды.

Ең көп балл жинаған шабандоз жеңіс тұғырына көтеріледі. Ұжымның жеңімпазын білу үшін олардың барлығының баллдарын қосу керек, кім көп жинаса, жеңіс соныкі.

Ең соңғы деректер бойынша салт жүру жоғары мектебінің тәртібі бойынша жүргізуші өз өнерін он минут ішінде көрсетіп үлгеруі керек. Егер уақыты бұдан асып кетсе, шабандоз әрбір артық секунд сайын жарты (0, 5) айып беріледі.

Үшсайыс

Үшсайыс үш тәулік бойы жүреді. Бірінші күні - манежде, екінші күні - дала тексерісі, үшінші күні - кедергілерден секіру.

Манежде жүру. Жоғары салт жүру мектебінің бірінші күнгі сайысы манеждік алаңда өткізіледі. Манежде жүру жоспарына жылқының табиғатта өзі жүретін әдістері кіргізілген - шоқырақтау, шегіну, қабырғалап жүру, т. б., әрбір жүріс түрін 10 балл әдісімен бағалайды. Жалпы шабандоздың алған бағаларын былай қорытындылайды. Шабандоздың ең көп алуы мүмкін балл қорытындысынан оның жарыстағы алған баллдарының қорытындысын алып тастайды. Соңынан оған алған айыптарын (штраф) қосады. Осының бәрі барлық айып мөлшерін көрсетеді. Ол неғұрлым аз болса, шабандоздың соғұрлым жеңу мүмкіндігі артады.

Даладағы тексеріс - жарыстың қиын әрі жауапты бөліктері. Жылқылар жүріп өтетін жол 4-ке бөлінеді - А, Б, В, Г. Әрбір бөліктің өз жеңімпазы аталады. А және В - бөліктері жай жолдар; Б - кедергілерден секіру (стипль - чез) ; Г - әртүрлі жолдар.

Әрбір бөлікті әрбір спортшы өзіне ертерек айтылған уақытымен өзі ғана жүріп өтеді.

Даладағы жүретін бөлікті шабандоз өзіне көрсетілген жолмен (маршрут) ғана өтуі тиіс. Ол үшін спортшыға жарысқа дейін бір күн бұрын жол жүру сызбасы беріледі, одан өзі де сол жерлермен бірнеше рет жүріп көреді.

А бөлігінен шыққан спортшы дала жолдарының бәрін желіп отырып, көрсетілген уақыттан озбай өтуі керек. Егер ол уақыттан ерте келсе, айып балл беріледі. Жүргізуші өз жағдайын есептеп, белгіленген мерзімнен көп ерте келмеуі керек. Өйткені соңғы шабыс кезінде жылқының күші өте көп қажет болады.

Одан соң көрсетілген уақытпен кедергіден секіру (стипль- чез) бөлігі басталады. Тегіс жерде жылқы секіргенде, сынып қалмайтын арнайы кедергілер жасайды. Әрбір (бір) шақырым сайын 3 кедергіден келеді. Кедергінің биіктігі - 120 см-ге жетеді; жер бетіндегі ені - 300 см, ал үстіңгі ені - 200 см; төменгі көлденеңі -300 см, жоғары көлденеңі- 200 см және жоғары; суы бар шұңқырдың көлденеңі - 4 м, сусыз- 3, 5 м.

Бұл жағдайда да көрсетілген уақытта үлгеру керек, болмаса, айып балл беріледі.

Кедергілерден аман есен өткен соң, жүргізуші В бөлігіне өтеді, одан соң ең қиын бөлік - кроссқа дайындалады.

Кросс әдісімен жүру үшін бірнеше қиын жолдардан өтуі керек. Әрбір (бір) шақырым сайын 4 бұзылмайтын кедергілер орнатылады.

Барлық кросстың ұзындығы кейде 8 шақырымға жетеді. Әрбір қойылған кедергі жер бедеріне сәйкестеліп жасалғаны дұрыс. Кедергілер тік түсетін, не болмаса, тік көтерілетін жерлерге, күрт бұрылатын, шұңқырларда, шалшық суларда, т. б-да қойылады. Шабандоз уақытында үлгермесе, құлап қалса және жылқысы иесіне көнбесе, айып балл төлейді.

Әрбір стипль-чез және кросс бөліктерінде арнайы жасалған айып алаңы бар. Егер осы айып алаңында жылқы иесіне көнбесе, бірінші ретте 20, ал екінші ретте 40 балл айып тағайындалады. Үшінші рет шабандоз жылқыны көндіре алмаса ол жарыстан шығарылады. Шабандоз аттан құлағаны үшін 60 айып балл беріледі.

Жарыс аяқталған соң шабандоз арнайы таразыға түсіп, өлшенеді. Шабандоз ер-тоқыммен қосқандағы барлық салмағы жарыс тәртібінің реті бойынша 70-75 кг аспауы керек.

. Ат спортшылары дайындығы

Ат спортынан үшінші разрядшы нормасын тапсырар бұрын спортшы атты басқару әдістерін білуі керек. Оның ішіндегі ең қиыны - оны дайындау.

Спортшы үшін жылқының орнынан қозғалмас бұрын оның алға, артқа, жан-жағына бұрылуына дайын екенін білу, сезуі өте қажет. Мүмкіндігіне қарай, бұларды әрі тез әрі жылдам және мүлтіксіз істегені дұрыс.

Атты дайындау

Жылқының жарысқа дайындығын оның дене мүшелерінің қимылы: толарсақтарын қысып, аяғын жинап тұрса: мойыны сәл көтеріліп, иіліп тұру, басын тік көтеру (желкесі ең биік болуы керек) білдіреді. Жылқыны тек тақыммен және жүген арқылы көндіруге болады. Шабандоз екі тақымын қыса отыра жүргізуші жылқыға жүру керектігін, білдіреді. Ат денесінің қабырғасына аяқпен әсер етсе, оның артқы аяқтарын алға қозғау керектігін білдіреді.

Егер тақыммен жылқының бүйірін қатты тепсе, не керісінше, бос ұстаса, екі тақым екі мезгілде әсер етсе, тізгінді күрт тартса, жылқының бірден бұрылып кетіп, оның басқаруға көнбей кетуіне әкелуі мүмкін.

Егер тізгінді дұрыс ұстай білмесе, жылқы бірде мойнын созып, бірде басын төмен төмен түсіріп шабандозға көнбей қояды.

Тізгінді тым бос ұстаса, жылқы мойнын созып, ауыздықпен алыса, езуін жырады, қанатады. Басын тым тік көтеріп, аузын ашып, астыңғы жағын шайнап, ауыздығын олай-бұлай қозғайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ат спорты
Дизайн қызметінің жалпы типологиясы
Жылқы спорты мен ат ойындары
Тракенен жылқы тұқымының сипаттамасы
Қазақ халқы қашаннан ұлттық спорт түрлеріне бай халық
Жылқы малы қазақ халқының ежелден келе жатқан, тарихи қалыптасқан түлігі
ҚР дене тәрбиесі мен спорттың дамуын жоспарлау
Қазақстандағы отбасылық дәстүрлер
Қазіргі заманғы ұлттық спорт түрлері
Ұлттық спорт түрлері сипаттама беру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz