Тәуелсіз Қазақстан Республикасының құрылуы мен қалыптасуындағы Тұнғыш Президент Н.Ә. Назарбаевтың рөлі мен қызметі



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президентінің қызмет жолы ... ... ... ... 5

2. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік жолында ... ... ... ... ... .6
2.1. Тәуелсіз мемлекет құрудағы Елбасының рөлі ... ... ... ... ... ... ... ...6
2.2. Президентке бүкіл халық атынан өкілдік берілді. Нұрсұлтан Назарбаевтың берген анты ... ... ... ... ... ... .7
2.3. Н. Ә. Назарбаевтың бетбұрысты кезеңдерде басшылық ету тактикасы ... ... ... 8
2.4. Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы ... ...9
3. Нұрсұлтан Назарбаевтың кемел кезеңдері ... ... ... ... .11
3.2. Реформалары ... ... ... ..13
3.3. Президенттің басқа лауазымдары мен мансаптары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Тәуелсіздігімізді алып, егемендігімізді бекіткеннен кейінгі еліміздің дамуы,оның әлем алдындағы беделінің өсуі Елбасы бастаған қазақ халқының қажырлы еңбегі екені баршамызға аян. Ғасырларға созылған мемлекеттіліктің даму эволюциясында ең ерекше заңды факт, ол Елбасының Қазақстанды халықаралық құқықтың субъектісі ретінде дүние жүзіне танытуы. Әрине тәуелсіздігін қайта жаңғыртқан қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуының алғышарттары да тереңде жатыр.
Қазақ хандығының құрылуына дейінгі ұзақ тарихи кезеңде ұлан-байтақ Орталық Азия өңірін мекендеген түркі тілдес ру-тайпалардың ортақ аумақта өмір сүріп, бірте-бірте бірігуі мен дамуы арқылы өз алдына қазақ халқы болып қалыптасу процесінің алғышарттары қалыптасты. Ежелгі заманның тарихи деректері бүгінгі қазақ ұлтының арғы тегі сақ, үйсін, ғұн және қаңлы тайпалары екенін көрсетеді. Жүргізілген ғылыми зерттеулер Қазақстандағы номадизм тарихы біздің дәуірімізге дейінгі VІІІ ғасырдан бастау алатынын дәлелдейді, осы кезеңде алғашқы этномәдени қауымдастықтар қалыптасып, олардың күн көрісі шаруашылық жүргізудің жаңа тәсілі – көшпелі мал шаруашылығымен байланысты болды.
1. Маргулан А., Акишев К., Кадырбаев М., Оразбаев А. Древняя культура Центрального Казахстана. -Алма-Ата, 1966. -288 с.
2. Назарбаев Н.А. Бауырларымызға құшағымыз ашық (Дүние жүзі қазақтары құрылтайының 1992 ж. 1 қазандағы салтанатты мәжілісіндегі сөзі) // Тәуелсіздігіміздің бес жылы. -Алматы: Қазақстан, 1996. -179б.
3. Райымжан Мәрсеков. Патшалық. «Қазақ». 1913, 31 желтоқсан. № 44.
4. Нәбижан Мұхаметханұлы. Ежелгі көшпелілердің этнотерриториялық ұғымы және Қазақстан аумағының қалыптасуы. ІІІ Халықаралық Түркология конгресі. 497б.
5. Уикипедия сайтындағы Елбасы туралы ақпарат
6. e-history.kz сайты
7. Назарбаев айтқан сөздері. Қазақстан Республикасының Президенті ресми сайтындағы Н.Назарбаевтың жеке парақшасы.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

РЕФЕРАТ
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының құрылуы мен қалыптасуындағы Тұнғыш Президент Н.Ә. Назарбаевтың рөлі мен қызметі.
Орындаған: Тексерген:
ПД-613 тобының студенті Жетекші
Муратбекова Аяулым Жанқадамова Гүлмира

Семей 2016
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президентінің қызмет жолы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5

2. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік жолында ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
2.1. Тәуелсіз мемлекет құрудағы Елбасының рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
2.2. Президентке бүкіл халық атынан өкілдік берілді. Нұрсұлтан Назарбаевтың берген анты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
2.3. Н. Ә. Назарбаевтың бетбұрысты кезеңдерде басшылық ету тактикасы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
2.4. Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9

3. Нұрсұлтан Назарбаевтың кемел кезеңдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
3.2. Реформалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
3.3. Президенттің басқа лауазымдары мен мансаптары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 14

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Тәуелсіздігімізді алып, егемендігімізді бекіткеннен кейінгі еліміздің дамуы,оның әлем алдындағы беделінің өсуі Елбасы бастаған қазақ халқының қажырлы еңбегі екені баршамызға аян. Ғасырларға созылған мемлекеттіліктің даму эволюциясында ең ерекше заңды факт, ол Елбасының Қазақстанды халықаралық құқықтың субъектісі ретінде дүние жүзіне танытуы. Әрине тәуелсіздігін қайта жаңғыртқан қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуының алғышарттары да тереңде жатыр.
Қазақ хандығының құрылуына дейінгі ұзақ тарихи кезеңде ұлан-байтақ Орталық Азия өңірін мекендеген түркі тілдес ру-тайпалардың ортақ аумақта өмір сүріп, бірте-бірте бірігуі мен дамуы арқылы өз алдына қазақ халқы болып қалыптасу процесінің алғышарттары қалыптасты. Ежелгі заманның тарихи деректері бүгінгі қазақ ұлтының арғы тегі сақ, үйсін, ғұн және қаңлы тайпалары екенін көрсетеді. Жүргізілген ғылыми зерттеулер Қазақстандағы номадизм тарихы біздің дәуірімізге дейінгі VІІІ ғасырдан бастау алатынын дәлелдейді, осы кезеңде алғашқы этномәдени қауымдастықтар қалыптасып, олардың күн көрісі шаруашылық жүргізудің жаңа тәсілі - көшпелі мал шаруашылығымен байланысты болды.
Осы орайда Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев: "Қазақ халқының тарихы, кейбіреулер айтып жүргендей, кешегі қазақ хандығы шаңырақ көтерген ХV ғасырдан басталмайды. Хандықтың құрылуы бір басқа, бүгінгі қазақ халқы - сонау есте жоқ ескі замандардан-ақ тұлпарларының тұяғымен дүниені дүр сілкіндірген көне сақтардың, ежелгі ғұндардың, байырғы түріктердің ұрпағы, үлкен үйдің қара шаңырағын ата жұртта сақтаған халық" - деуі орынды.
Тұң - ғыш Президентіміз бүкіл қазақстандықтарды өзінің айналасына топтастыра алатын сая - саткер және дара тұлға екендігін танытты. Н. Назарбаевтың Ұлт Көшбасшысы екендігін Парламент қабылдаған Конституциялық Заңнан көп бұрын-ақ халықтың өзі мойындаған еді.
Жаңа тәуелсіз мемлекет - Қазақстан Республикасының (16.12.1991) - дамуы, барлық атрибуттары - ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік басқару және биліктің бүкіл тармақтарының өзара әрекет ету жүйесі - бар ұлттық мемлекеттіліктің қалыптасуы Назарбаев есімімен тығыз байланысты.

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері.
Әлемдік сарапшылардың мойындауынша, Қазақстандағы Назарбаев пен оның пікірлестері жүргізіп келе жатқан өзгерістер ХХ ғ. соңында пайда болған жаңа тәуелсіз мемлекеттер тарихындағы ең табыстылардың бірі болып есептеледі. Сондықтан зерттеу жұмысының алдына қойған негізгі мақсатына сәйкес мынадай міндеттер қойылады:
- Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттікке жасаған қадамдарын айту;
- Қызмет жолын датамен байланыстырып, атқатқарған міндеттерін айқындау;
- Елбасының рөлін айқындау;
- Қиын-қыстау кезеңнен шығу үшін қолданылған тактикалар туралы айту;
- Реформасын айқындау;
- Басқа да лауазымдары мен міндеттеріне тоқталу.

1. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президентінің қызмет жолы
1960 жылы Днепродзержинск техникалық училищесін, 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орынын, 1976 жылы Кеңес Одағы коммунистік партиясы Орталық комитетіне қарасты Жоғары партия мектебін бітірген.
Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті.
1960 -- 69 жж. -- Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.
1969 -- 73 жж. -- Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.
1973 -- 77 жж. -- Қарметкомбинаттың партком хатшысы.
1977 -- 79 жж. -- Қарағанды облыстық партия комитетiнiң хатшысы, 2-ші хатшысы. 1979 -- 84 жж. -- Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы.
1984 -- 89 жж. -- Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң төрағасы.
1989 -- 91 жж. -- Қазақстан КП ОК бiрiншi хатшысы,
1990 ж. ақпан -- сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң төрағасы болды.
1990 ж. сәуірінен -- Қазақ КСР президенті.
1991 ж. желтоқсанның 1-інде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7 %) жеңіске жетті.
1995 ж. сәуірдің 29-ында жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігі 2000 ж. дейін ұзартылды.
1999 ж. қаңтардың 10-ында өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесiнде Н. Назарбаев 79,78 % дауыс алып, Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды.
2005 ж. желтоқсанның 4-інде сайлаушылардың 91,5 % дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.

2. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік жолында
2.1. Тәуелсіз мемлекет құрудағы Елбасының рөлі

Қазақ елі өз тәуелсіздік ғасырының бестен бірін толтырды. Бұл мерзім адам өмірімен есептегенде де, тарихи тұрғыдан алып қарағанда да көп уақыт емес. Бірақ осы бір қысқа мерзімге қарамастан тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы экономикалық-әлеуметтік және саяси қиыншылықтарды еңсере білген қазақ елі әлем мойындаған мемлекеттер қатарына қосылды. Еліміздің саяси өмірі жаңартылып, түбегейлі өзгерістер жасалды. Мемлекеттіліктің барлық институттары құрылып, экономикамыз нарықтық жолға түсті. Халықтың әл-ауқаты жаңа деңгейге көтерілді, әлеуметтік салада жаңа асулар бағындырылды. Мемлекеттік шекарамыз айқындалып, елдің тұтастығы, жердің бүтіндігі қамтамасыз етілді. Елбасының көрегендігі мен ерік-жігерінің нәтижесінде Қазақстан әлемде тұңғыш рет ядролық қарудан бас тартып, Семей сынақ полигонын жабуы бүкіл дүниежүзінің назарын өзіне еріксіз аударған болатын. Осы бір батыл қадамның нәтижесінде мемлекетіміздің тәуелсіздігінің қауіпсіздігіне әлемнің іргелі мемлекеттері кепілдік берді. Әлем елдерімен терезесі тең тәуелсіз мемлекет құрып, ата-бабаларымыздың ғасырлар бойғы ұлы арманы мен мақсаты орындалды.
Қазақ елі тәуелсіздігінің көк байрағын өз қолымен тұңғыш көтеріп, тәуелсіз Қазақстан мемлекетін құрған - Елбасымыздың аз жылдың аясында туған елін әлемдік қауымдастыққа танытқандығына, өзгелермен бірге өз халқымыз да куә.
1991 жылы 1 желтоқсанда қазақстандықтар өздерінің Тұңғыш Президентін сайлап, сенім артты, ел тәуелсіздігін аманат етті, жауапкершілік жүгін арқалатты, халық өздері таңдаған Көшбасшысының не істеу керектігін білетіндігіне, елді адастырмайтынына, тура жолға бастайтынына сенді. Еліміз бен халқымыздың сол сенімін Елбасының толық ақтап отырғандығына да осы күндері көзіміз анық жетіп отыр.

2.2. Президентке бүкіл халық атынан өкілдік берілді. Нұрсұлтан Назарбаевтың берген анты.
Қазақстан Республикасы Президентінің қызметіне кірісуге арналған салтанат сол жылдың, яғни 1991 жылдың 10 желтоқсанында болған еді. Президенттің қызметіне кірісу және ант беру салтанаты ежелгі халықтық дәстүр мен қазіргі өркениет үлгілерінің айшықталған жағдайында өтті. Президент ежелгі дәстүр бойынша ақ киіздің үстіне көтеріліп, қолын Конституцияға қойып, ант берді.
Ант беру рәсімінен кейін тебірене сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: - Бүгінгі күн - қазақ елінің шежіресіне мәңгі енетін күн. Тарихтың талай бұралаң белесінен өтіп, бұл күнге де жетіп отырмыз. Бәрін де көрген халықпыз, бәріне көнген халықпыз. Ежелден еркіндікті аңсап, азаттықты көксеп келе жатқан еліміздің басына талай рет бақ та орнап, бағы да тайып, сағы да сынған, қилы кезең, зар заманға да талай ұшыраған. Айқайлап жүріп, ашаршылыққа ұрынып, ұрандап жүріп ұлт мүддесін ұмыт - қанымыз да ақиқат. Шүкір, кештеу болса да ес жиып, еңсе көтеріп, егеменді елдің туын да тіге бастадық. Қазақ Республикасының Президентін бүкіл халық сайлағаны - осы жолдағы ең биік бе - лестің бірі. Елдің қамын ойлайды, намысын жібермейді деп бір ауыздан сенім артқандарыңыз үшін шын жүректен алғысымды айтамын. Елім үшін, халқым үшін, Қазақстаным үшін тарихтың қай сынағына да тәуекел деп бас тігуге дайынмын. Бұл жолда ең алдымен дана халқыма, дарқан еліме, ата-бабамның аруағына сүйенемін, - деп тебірене ағынан жарылды.
Президентке бүкіл халық атынан өкілдік берілгеннен кейін 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заң қабылданды. Тарих бізге 1991 жылдың 16-желтоқсанынан бас - тап Тәуелсіз мемлекет құрудың сыбағасын ұсынды. Сөйтіп, еліміздің тар жол, тайғақ кешулі қасиетті сапары, азаттықтың арпалысқа толы ақ жолы басталып еді. Елбасы өзінің туған халқына деген сеніммен тәуекел деп тәуелсіз елдің іргетасын қалауды, оны нығайтуды қолға алған болатын.
Елбасы Назарбаев өзіне сенім артқан өз халқына ең бір қиын жылдардың өзінде орындалуы мүмкін болмайтын мәселеге байланысты ешқандай уәде бермеді. Халқының алдындағы беделі сонысымен де арта түсті. Егер уәде бере қалса, бәрін де орындады. Бойындағы туа біткен қасиеті және өмірлік тәжірибемен бекіген төзім - шіл - дігі, сабырлығы, ұстамдылығы бар Тұң - ғыш Президентіміз бүкіл қазақстандықтарды өзінің айналасына топтастыра алатын сая - саткер және дара тұлға екендігін танытты. Н. Назарбаевтың Ұлт Көшбасшысы екендігін Парламент қабылдаған Конституциялық Заңнан көп бұрын-ақ халықтың өзі мойындаған еді.
Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет басшылығына келген алғашқы сәттен бастап айрықша ерекшелігі бар өзгеше бір халықаралық және ұлтаралық мәселелер шиеленісінің шешуін асығыстыққа салмай, уақыттың талабына, қазақстандық жолдың ерекшелігіне үйлес - тіре, жан-жақты мүдделердің түйісу нүктесін таба біліп шешудегі даралығымен бірден әлем назарын аударды.
2.3. Н. Ә. Назарбаевтың бетбұрысты кезеңдерде басшылық ету тактикасы
Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздіктің бетбұрысты кезеңдерінде Мемлекет басшысы ретінде әсіресе экономикалық және саяси дамудың үлгілерін талдау мәселесіндегі біліксіздікке қатаң қарсы тұра білді. Ешкімнің ойына келмеген және де бәріне бірдей жаға бермейтін, бірақ өміршең маңызы бар шешімдерді батыл қабылдап жатты. Елбасының өз кезінде: - Кейде адамдарды еркінен тыс қазір барғысы келмейтін, бірақ объективті түрде баруға тиіс жаққа жетелеуге тура келді, - деп айтқанын осы күндері еске ала отырып, яғни, билік үшін күрес - тегі батылдық пен билік басындағы батылдықтың екеуі екі басқа екендігін өз ісімен дәлелдей білгендігі еріксіз сүйсіндіреді.
Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа астананы тұрғызу бастамасы мен оны ақиқатқа айналдыруы Елбасының модернизациялық жобасының басты табысының символына айналды. Қазақстанның жаңа астанасы шын мәніндегі жаңа дәуірдің қаласы бола алды. 1994 жылы Н. Назарбаев астананы көшіру ойын алғаш рет алға тартқан кезде бұл жағдай қоғамда екі ұдай пікір туғызған болатын. Дүние тарихында өз тәуелсіз мемлекеттіліктерін қалыптастыру кезе - ңінде бір де бір мемлекет басшысы мұндай түбе - гейлі батыл қадамға барған да емес.
Жаңа астананың салынуы және көшірілуі рекорд - тық аса қысқа мерзімде өтті. Бұл қадам дағдарыс кезеңінде қазақстандықтардың әлеуметтік опти - мизміне қолдау жасау үшін өте маңызды еді. Астана елдің өткенінен болашаққа, жаңа дәуірге ауысуының нышандық оқиғасына айналды. Жас елдің мүмкіндіктері әлемге паш етілді. Астана саяси және экономикалық қана емес, сонымен бірге Назарбаевтың жеке, адами жобасына да, ұлттық тарихтың жаңа келбетіне де айналды.
Мемлекеттің, оның басшылығының қандай саясат жүргізуіне, қандай бағыт және жол таңдағанына сәйкес саяси құрылым, саяси жүйе, саяси билік түрі орнайды. Аталған саяси жүйе мен билік түрі және елдің саяси бағыты жаңадан тәуелсіздік ал - ған елдердің таңдаған даму үрдісіне және сол елдің басшылығының жүргізген саясатына байланысты да қалыптасады. Сол сияқты тәуелсіздік алғанына жиырма бір жыл толған Қазақстанның да жаңа мемлекеттілікті қалыптастырудан бастап өзіндік мемлекеттік құрылыстағы, әлеуметтік-экономикалық дамудағы, елдің қоғамдық өмірінің кезең-кезеңімен демократияландыру бағытындағы қазақстандық жолы қалыптасты.
Назарбаевтың нұсқасы деп аталған бұл стратегия шетелдік саясаттанушылар мен қайраткер - лердің оң бағасына ие болуымен қатар қазақстандықтардың да басым көпшілігінің қолдауына ие болды. Бұл қолдаудың дәйектілігі мен шынайылығы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың елдің Тұң - ғыш Президенті ретінде де, тәуелсіз елімізді өт - - пе - лі кезеңнің ауыр қиыншылығынан алып шығуда және оның бұл бағыттағы жүргізіп отырған саясатымен байланысты болған Парламент және Президент сайлауларында айқын жеңіске жетуінен де көрініс тауып келеді.

2.4. Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы
Елбасы Н. Назарбаевтың Қазақстанның өзіндік даму жолын таңдауы туралы бастамасы алғаш рет 1992 жылы мамыр айында Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясында жария етілді.
Тәуелсіз еліміздің бағытын айқындауда, оқиғаны болжап білуде, түпкі мақсатқа қол жеткізуге сенімді болуға мүмкіндік беретін Қазақстан қоғамы дамуының айқын және нақты стратегиясының қажеттігін баса көрсеткен Елбасы Н. Назарбаев аталған еңбегінде мемлекет алдында қойылып отырған нақты стратегиялық мақсаттарды белгілеп берді. Мемлекет басшысы еліміздің саясат саласындағы басым бағыты жас егеменді мемлекеттің күшті президенттік республика құру бағытына тікелей байланысты болу қажеттілігіне назар аудартты.
Ел тәуелсіздігінің баянды болуы мен болашақтың кемелділігін қамтамасыз ету жолындағы Тұңғыш Президентке артылар жүк те ауыр болды. Артылған жүкті абыроймен көтеру, халық сенімін ақтау, тәуелсіздікті тұғырлы ету, әлемдік қауымдастыққа терезесі тең елдер қатарында болуды жү - зеге асыру одан да қиынырақ істерді атқаруды, батыл шешімдер қабылдауды қажет етті. Осы атал - ған аса маңызды мақсат, міндеттерді шешу тұрғысында Елбасы Н. Назарбаев бірден-бір дұрыс қадам жасай алды. Бұл қадам - тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен қалана бастаған Қазақстанның өзіндік даму жолы еді.
Бұл жол тек экономикалық үлгіні таңдауға, жалпы конституциялық ережелерді қабылдауға, пре - зиденттік күшті билікті орнықтыруды ғана емес, со - нымен бірге саяси режимді, инфрақұрылымды және конфессионалдық қатынастарды қамтудың да саяси үлгісі болатын. Қазіргі уақытта бұл үлгі дү - ниежүзінде, беделді халықаралық ұйымдарда және республикамыздың өзінде де аса жоғары бағаланып отыр. Қазақстанда жиырма жылға таяу уақыт бойы этникалық және діни өзара түсіністіктің сақталуы көп жағдайда қазақстандық жолдың мәр - тебесін арттыра түседі. Бұл жолдың оңтайлы шешілуінің және тиімділігінің Қазақстан Прези - дентінің атымен байланыстырылуы да қазақстандық қоғамның Ұлт Көшбасшысының төңіре - гіне одан әрі топтаса түсу қажеттілігін айқындайды.
Қазіргі тәуелсіз Қазақстанның даму тарихын бізге өткеннен іздеудің қажеті жоқ. Өйткені, біздің өзіміз тәуелсіз елімізбен бірге өмір сүріп келеміз. Тәуелсіздіктің қиыншылығын да, жемісі мен жеңісін де, тіпті әрбір қадамын өзіміз де бірге көріп, бірге ілгері жылжудамыз. Содан да болар елдің бүгінгі жетістігі мен табысы құдай берген несібе сияқты болып көрінуі де мүмкін. Бірақ, оның олай емес - тігін, тәуелсіз елдің бүгінгі әлем сүйсініп отырған жетістігін біз өзіміздің өткенімізбен және бүгініміз - бен салыстыра отырып, тәуелсіздіктің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Студенттердің өзіндік жұмыстарының (СӨЖ) жоспары. Жаңа дәуірдегі ұлттық мемлекет пен ұлттық идея эволюциясы
Қазақ қайраткерлерінің көзқарасына әсер еткен қоғамдағы саяси процестер мен саяси қақтығыстарды заман тұрғысынан сараптамадан өткізу
Саяси жүйе теориясының авторы
Заң алдындағы жауапкершілік
Құқықтық мемлекетті нығайтудағы президент жолдауларының маңызы және тиімділігі
Қазақстан Республикасын дамытудың 2010 жылға дейінгі стратег
Мемлекеттің күрделі тарихи кезеңіндегі көшбасшының рөлі
Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы туралы
Әлемдік саясатта мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары
Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның халықаралық саясатта алатын орны
Пәндер